Лауазымдық нұсқаулық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік тілде іс қағадарын жүргізу
2 дәріс
Топ: МД-20-ЗО
Тақырыбы: Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары.
Күні: 05.02.2021 ж.
Жоспар:
1. Жарғы
2. Қызметкерлер туралы ереже
3. Лауазымдық нұсқаулық
4. Өкімдік құжаттар
5. Шешім (қаулы)
6. Өкім
7. Нұсқау
8. Бұйрық

1 Ұйымдық-құқықтық құжаттар: Жарғы, Қызметкерлер туралы ереже, лауазымдық
нұсқаулық, өкімдік құжаттар, шешім (қаулы), өкім, нұсқау, бұйрық

Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан
басталады. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға: жарғы, ереже, штаттық кесте, жұмыс
тәртібі, лауазымдық нұсқаулық және т.б. жатады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың басты мақсаты – ұйымды құру, құрылымын,
штаттық кестесі мен құрамын белгілеу, құрылымдық бөлімшелерінің өзара қарым-
қатынас жасау тәртібін, кәсіпорын қызметкерлері үшін ішкі еңбек тәртібін
анықтау.
Ұйымдық-құқықтық құжаттарды қолданысқа енгізу құжаттарды тиісті басшы
(жоғары тұрған органның басшысы немесе құжаттың санатына байланысты
құрылымдық бөлімшенің басшысы) бекіткеннен кейін іске асырылады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың қолданылу мерзімі шектеусіз болады және
ресми түрде күшін жойғанға дейін (ескіргенінің орнына жаңасын енгізгенге
дейін) заңдық күшін сақтайды. Тәжірибе көрсеткендей, әдетте кәсіпорын
қалыпты жұмыс істеген жағдайда ұйымдық-құқықтық құжаттар шамамен төрт-бес
жылда бір рет қайта жасалады не өзгеріске ұшырайды. Ұйымдық-құқықтық
құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кәсіпорын басшысының бұйрығы
(өкімі) арқылы жасалады.
Іскерлік қызметтегі ең бір тиімді құрылым – жауапкершілігі шектеулі
серіктестік (мұнан былай – ЖШС) екенін өмір көрсетіп отыр.
Ол жұмыс істей бастағаннан-ақ үлкен көлемдегі ұйымдық-өкімдік,
қаржылық және басқа да іскерлік құжаттардың легін қабылдау, қарау, жөнелту,
бақылау және сақтау қажеттілігі пайда болады. ЖШС жетекшісі осындай
құжаттар легіне әлдебір себептермен жете көңіл бөлмеген жағдайда, ол
қағаздың астында қалады. Нәтижесінде оның іскер әріптестері өздері күткен
құжатты дер кезінде ала алмай, жүйкелерін жұқартса, оның өзі қай құжатты
кімге және қашан орындауға тапсырғанын есіне түсіргісі келіп қиналады.

1 1. Жарғы

Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның
құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін,
басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды
ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар
дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы
жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады.
Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден
өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие
болады.

2 2. Қызметкерлер туралы ереже

Ұйымның Қызметкерлер туралы ережесінде кәсіпорын жұмысын
ұйымдастыру мәселелері, қызметкерлердің еңбекақысы, демалыс беру тәртібі,
қызметкерлер мен басшылықтың құқықтары мен міндеттері, жұмыс режимі
көрсетіледі.
Қызметкерлер туралы ереже ұжымның жалпы жиналысында талқыланады,
оған заң кеңесшісі бұрыштама соғады, басшының орынбасары қол қояды және
кәсіпорын директоры бекітеді. Қызметкерлер туралы ереже ұжымдық еңбек
шарттарын жасауға негіз болады.
Қызметкерлер туралы ереже кейде ішкі еңбек тәртібі ережесінің
орнына да жүреді.
Қызметкерлер туралы ережеде
1. Жалпы ережелер
2. Жұмысқа қабылдау
3. Құқықтары мен мiндеттерi
4. Жұмыс уақыты және демалыс
5. Демалыстар
6. Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына
ауыстыру
7. Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақылар
8. Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар
9. Жұмыстан босату

3 3. Лауазымдық нұсқаулық

Лауазымдық нұсқаулық – кәсіпорын қызметкерінің функциялары,
міндеттері мен құқықтары айқындалатын құжат. Лауазымдық нұсқаулық еңбек
қатынастарында даулар, келіспеушіліктер пайда болған жағдайда қажет.
Лауазымдық нұсқаулық негізінде қызметкермен еңбек шарты жасалады.
Лауазымдық нұсқаулықты кадр қызметі жасайды, кәсіпорынның басшысы
бекітеді. Лауазымдық нұсқаулыққа енгізілетін барлық елеулі өзгерістер
бастықтың бұйрығымен ресімделеді. Қызметкердің жағдайын, еңбекақысын
қалыпқа келтіруде жеке еңбек шарты белгілі бір рөл атқарады. Лауазымдық
нұсқаулық қызметкерлерді аттестациялау, жұмыскерді сынақ мерзімі ішінде
жұмыстан босату, қызметкерлерді немесе штатты қысқарту кездерінде де қажет
болады. Сол үшін де бұл актіні терістеуден гөрі қабылдау пайдалырақ болып
табылады.
Лауазымдық нұсқаулық ережесінің әзірленген жобасы ұйым басшысына
қол қоюға беріледі. Жоба бекітілгеннен кейін өз күшіне енеді. Ендігі жерде
лауазымдық нұсқаулықтың барлық талаптары сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі
Ұйым аралық нормативтiк құжаттар
Басқару қызметінің құжаттары
Коммерциялық құпия мазмұнды құжаттар
Қаржы мамандығы бойынша практика есебі
Еңбек қатынастарын құжаттау. Өтініш, келісім, түйін түрлері. Жеке құжаттар
Ұйымдық құжаттар
Кәсіпорын жұмысы
Лауазымдық міндеттері Дефектолог мұғалімнің міндеттері
Жоба ұғымының анықтамасы
Пәндер