Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал - мәтелдерді оқыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

«Педагогика және Психология» ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында мақал-мәтел, жұмбақтарды қолданудың тиімді жолдары

0105000 - Бастауыш білім беру

(мамандығы)

0105013 - Бастауыш білім беру мұғалімі

(біліктілігі)

ББ-Б-18 оқу тобының студенті: . . . Ә. Абайқызы

(қолы)

Пән оқытушысы: . . . З. Орманова

(қолы) жоғары санатты

оқытушы

Қызылорда, 2021-2022жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I тарау

Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту

  1. Мақал-мәтелдердің зерттелуі

1. 2Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде

I I Тарау

Оқушылардың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемелері

2. 1 Оқушылардың тілін дамытудағы мақал-мәтелдер жанры

2. 2 Оқушылардың ақыл-ойын дамытудың оқыту үрдісі

2. 3 Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі :

Менің курстық жұмысмның тақырыбы «Қазақ тілі сабағында жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді тиімді қолдану жолдары» Менің жобамның қысқаша негіздемесі ауызекі поэтикалық шығармашылық материалдарды, яғни біздің көзқарасымызша, халықтың бала тәрбиеснде пайдаланған құралдары (тәрбие құралдары) . Оған жұмбақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жаңылтпаштар, қанатты сөздер, аңыздар т. б жатады.

Ұлтымыз өз ұрпағын «Балаларға оқу, білім берілсін

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін»-деп Ж. Баласағұн айтқандай еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуде ғасыр бойы пайдаланып келген жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің асыл иректерін - бүгінгі күнге дейін құнын жоймай келген мұраны оқу- тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану көкейтестігі мәселе. Халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырлық тәжірибесінде мектеп практикасында пайдалануға болатын материалдар баршылық. Бұл материалдар бастауыш мектепте оқытудың құралы бола алады, себебі, олар біріншіден, оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастырады; екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытып, ақыл-ой ұшқырлығына, шапшаңдыққа баулиды; үшіншіден, халқымыздың тұрмыс - тіршілігінен мағлұмат беріп, ата-салт-дәстүріне аялы көзқарасты қалыптастырады; төртіншіден, әрбір оқушы осы ата дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алуға мүмкіндік алады; бесіншіден, оқушыда ұлттық сананы, адамгершілік ізгі қасиеттерді, отан сүйгіштікті дамытуға жәрдемдеседі. Бұл материалдарды бастауыш сыныптарда, үйірмелерде, кештерде, т. б пайдаланудың мәні зор.

Зерттеу базасы: мектеп

Зерттеу нысаны : қазақ тілі сабағы

Зерттеу пәні :

Курстық жұмыстың мақсаты: Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер айту арқылы қалай оқушыларды көркем, ұтымыды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйретудің жолдары мен мысалдарын көрсету.

Болжам :Егер, қазақ тілі сабағында ауыз әдебиеті түрлерін тиімді қолдансақ, онда оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу жұмыстарын жүйелі пайдаланар едік

Курстық жұмыстың міндеттері:

1 Бастауыш мектептің оқыту процесінде жұмбақтармен мақал-мәтелдерді пайдалану мәселелерін көтеріп, жүрген зерттеулерді зерделеу.

2 Қазақ тілі пәнінің «фонетика» бөлімі бойынша жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту материалдарын пайдаланудың жоспар-бағдарламасын жасау.

Зерттеу әдістері :сипаттау, саралау, талдау, жинақтау

Курстық жұмыстың құрылымы:

Күтілетін нәтиже :

I тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҰМБАҚТАР МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДІ ОҚЫТУ

1. 1 Мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Щ. Ибрагимов, М. Терентьев, т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды. [1]
Мақал-мәтелдер - қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер - ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры.

Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.
Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. . [2]

1. 2 Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде

Халық ауыз әдебиетінің бір түрі- жұмбақтар. Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлғын жетілдіреді. . Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Зерттеуші Ш. Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген: «Жұмбақ дегеніміз- адамның қай затқа болса да поэтикалық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі». Жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, балалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәйкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл - ойын, логикасын, тілін дамытуға мән бердік. Баланың ақыл-ойын дамытуда танымдық қабілеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады. [3]

Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез-келген айтушы өз ойынан құрастұрып та айта береді.

Тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс. Жұмбақ айту мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Бастауыш сынып оқушылары мен «білгіштер жарысын», «жұмбақ жарысын» немесе «білгіштер сайысын» белгілі бір тақырыпта немесе мерекеге қарсы ұйымдастыруға болады. Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл ұжымның еңбек, кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесінен туған қай кезде болса да жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде қолданған. Жұмбақтың алғашқы үлгілері- ертедегі адамдардң тұрмыс-тіршілігіне, еңбек, кәсіп ету жайларына байланысты туып, кейіннен халық өмірімен біте қайнасқан талай ғасырмен бірге жасасқан, өзінің қалыптасу және даму процесінде жаңа мазмұн, жаңа бағыт алып отырған. Осы ойды толықтыра келе, белгілі ғалым М. Ғабдуллин «Ойға алған нәрсенің өзін айтпай оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз», -деп анқтама берген. [4]

Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Академик М. Әуезов: «Жұмбақ - өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің тамаша құралы. Ол бүгінгі біздің дәуірімізде де өзінің керектілік қасиетін жойған жоқ», - деген болатын. Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде әр алуан құбылыстарды түсініп, білуге жетектеу, талпындыру, баланың ой-өрісін, қиялын кеңейтуді көздеу мақсатынан туған. Ол қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады. Мысалы: «Жұмбақ астында жарты күлеш», «Отқа жанбас, суға батпас»(Мұз) т. б. Жұмбақтар шешендік сөздермен де, мақал-мәтелдрмен де жанасымды. Қазақ жұмбақтарындағы суреттеулер бейнелеу тәсілінің молдығымен көрсетеді. Жұмбақтардың әсемдік дүниесі көзге бірден шалынады. Олардың сыртқы құбылысы ойнақы, тілге жеңіл, оңтайлы, оқушылардың рухани қабілеттерін, бәрінен бұрын эстетикалық сезімін дамытады. Сөйтіп, адамдардың эстетикалық қажеттілік, яғни шындыққа, жақсылыққа, жақсылыққа және әділеттілікке ұмтылу сияқты ең биік рухани қажеттілік пайда болады. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал - сөз анасы
Ертегі оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Балаларға әңгіме айтып беру
Ана тілі сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Көркем шығарманың кейбір түрлерін бастауыш сыныпта оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz