Қаржылық жағдайды талдаудың негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 224 бет
Таңдаулыға:   
Джаншанло Р.Е.
Байдаулетов М.
Ақтөреева Э.Ә.

ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

Оқу құралы

Алматы
2017
Джаншанло Р.Е., Байдаулетов М., Ақтөреева Э.Ә.
Қаржылық талдау: Оқу құралы.-

Оқу құралында қаржылық талдаудың әртүрлі аспектілері ашып көрсетілген. Қаржылық талдау, ақша ағындары,іскерлік белсенділік, ұйымның қаржылық нәтижелері және инвестициялық қызметтеріне қатысты сұрақтары егжей-тегжейлі қаралған. Қаржылық талдау әдістері қазіргі заманның ақпараттар базасының ерекшеліктерін ескере отырып нақты мысалдарда көрсетілген. Тарауларының соңында бақылау сұрақтары және тестері келтірілген.
Оқу құралы бақалаврларға, магистрларға, PhD доктаранттарына және экономикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларына, ұйымның қаржы - аналитикалық қызметінің жұмыскерлеріне арналған.

Сынпікір берушілері:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің Ғылыми кеңесінде ұсынылған
( __ ______ 2017 ж. №___)

МАЗМҰНЫ
АЛҒЫСӨЗ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.1.Қаржылық талдаудың мәні және мағнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Қаржылық талдаудың мақсаты, міндеті және түрлері ... ... ... ...
1.3. Қаржылық талдаудың әдістері жәнетәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1.Қаржылық жағдайды талдаудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Қаржылық жағдайды жалпы бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Өтімлілікті және төлем қбылкттілікті талдау ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.қаржылық тұрақтылықты және несе қаблеттілікті талдау ... ...
2.5.Күйреуді және ұйымның құнын бағалауды талдау ... ... ... ... ... .
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.ҰЙЫМНЫҢ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ
3.1. Іскерлік белсенділікті талдаудың мәні және міндеті ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Іскерлік белсенділікті бағалау көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің динамикасын талдау ... ... ...
3.4. Іскерлік белсенділік көрсеткіштерін факторлық талдау ... ... ... ...
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.ҰЙЫМНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
4.1 Инвестициялар және инвестициялық қызмет ... ... ... ... ... ... ... .
4.2. Инвестициялық талдаудың мақсаты, міндеті және рөлі ... ... .
4.3.Инвестицияның тиімділігін бағалаудың статикалық әдістері..
4.4. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың динамикалық әдістері
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.ҰЙЫМНЫҢ АҚША АҒЫНЫН ТАЛДАУ
5.1.Ақша ағындарын талдаудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.2. Ақша ағындарын бағалаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.3. Ақша ағындарының абсолюттік көрсеткіштерін талдау ... ...
5.4. Ақша ағындарын бағалаудың динамикалық әдістері ... ... ...
5.5. Ақша ағындарын интегралдық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
6.1Ұйымның қаржылық нәтижесін талдаудың мақсаты және міндеті
6.2. Қаржылық нәтижесінің динамикасын және құрамын талдау ..
6.3. Пайданың көрсеткіштерін факторлық талдау ... ... ... ... ... ... ...
6.4. Рентабелділіктің көрсеткіштерін факторлық талдау ... ... ... ... ... ...
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Тестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
ГЛАССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Алғы сөз
Кез-келген объектіні басқару,оның қазіргі жағдайы туралы, осы күнге алып келген кезеңдерде қалай дамығандығы және тұрақталуы туралы білімді қажет етеді. Объектінің өткен кезеңдегі қызметі туралы, оның қызметі мен дамуының қалыптасқан үрдісі туралы шынайы және толық ақпарат алғаннан кейін ғана объектінің болашақтағы кезеңге даму бағдарламаларын және бизнес-жоспарларды, сенімді басқару шешімдерін әзірлеуге болады. Айтылған жағдайлар ұйымның рөліне, масштабына, қызмет түріне, меншік нысанына қарамастан барлығына байланысты.
Нарықтық экономика қаржылық талдаудың ең бірінші микродеңгейде дамуын талап етеді, яғни жеке ұйымдар деңгейінде, себебі ұйымдар (меншіктің кез-келген нысанында) нарықтық экономиканың негізін құрайды.
Заманауи қаржылық талдау қаржы-шаруашылық қызметті дәстүрлі талдаудан белгілі айырмашылықтары бар. Біріншіден, бұл сыртқы ортаның ұйым қызметіне әсерінің өсуімен байланысты. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайының инфляциялық үрдіске, контрагент (жабдықтаушылар мен сатып алушылар) сенімділігіне, функционалдандырудың ұйымдық-құқықтық нысанының қиындауына тәуелділігі артқан. Нәтижесінде заманауи қаржылық талдаудың құралдары бұл әсерлерді есептеуге мүмкіндік беретін жаңа әдістер мен тәсілдер есебінен кеңеюде.
Ағымдағы уақытта қаржылық талдаудың өзектілігінің арқасында ұйымның қаржылық қызметінің талдауын жүргізудің көптеген әртүрлі әдістері бар,сонымен қатар бұндай әдістердің дамуы тоқтатылмады, жалпылай алсақ бұл әдістер жиі жетілдіріліп отырады, бұл бұндай талдаудың қорытынды нәтижесіне оң септігін тигізеді.
Көп жағдайда қаржылық талдаудың әдістері менеджмент ұйымның ағымдағы жағдайын бағалауға, дұрыс басқару шешімдерін қабылдауға, ұйымның қаржылық жағдайын басқару үшін қажетті стратегиялық шешімдерді жетілдіру үшін мүмкіндік туғызуға бағытталған. Сонымен қатар, ұйымның қаржылық қызметін талдау әдістерін таза күйінде аналитиктермен қолданылмайтындығын атап айту керек, ұйымның қаржылық жағдайының талдауын жүргізудің нақты қорытынды нәтижені алу бағытында толық кешенді әдістер қолданылады. Бұл барлық қаржылық талдау әдістерінің оң және теріс жақтарының бар болуымен байланысты, нәтижесінде аналитик ұйымның қаржылық қызметінің кешенді талдауын қолдануға тура келеді, себебі бұл жағдайда бір әдістің кемшіліктері келесі әдістің артықшылығымен бейтараптандырылады, нәтижесінде бұндай біріктірілген тәсіл жақсы нәтижелерді береді.
Қаржылық талдау ұйымның ағымдағы талдауға мүмкіндіктер берумен қатар қажетті ұйымның дамуының перспективасын анықтайтын стратегиялық шешімді қолданудың алғышарты болып табылады. Қаржылық талдаудың қорытындысы болып ұйымның жағдайын, мүлігін, баланс активтері мен пассивтерін, капитал айналымдылығының жылдамдығын, қолданылатын құралдардың табыстылығын бағалау болып табылады.
Жалпылай айтқанда, қаржылық талдау қаржылық менеджменттің негізгі элементі болып табылады және ұйымның ағымдағы қаржылық жағдайын бағалайды.
Ұйымның қаржылық есептілігінің көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын зерттеуге негізделген. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың соңғы мақсаты болып соңғы бірнеше жыл ішіндегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нақты көрінісін алу болып табылады, сонымен қатар оған әсер еткен негізгі факторларды анықтау. Бұндай ұйымның дамуының нақты көрінісі ұйымның менеджменті ұйымның болашақтағы қызметіне қатысты кешенді басқару шешімдерін қабылдай алады (ұйымдастыру, санкция, бейінінін өзгерту және т.б.)

1. Қаржылық талдаудың негіздері
1.1 Қаржылық талдаудың мәні мен мағнасы

Қаржылық талдау объективті және субъективті факторлардың әсерінен пайда болатын ұйымның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық нәтижелерін зерттеумен байланысты белгілі бір білім жүйесі болып табылады. Қаржылық талдау сыртқы және ішкі болып жіктеледі.
Сыртқы қаржылық талдауды салық органдары, банктер, статистикалық органдар, жоғары тұрған ұйымдар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, инвесторлар, акционерлер, аудиторлық фирмалар және т.б. жүргізеді. Сыртқы қаржылық талдаудың негізгі міндеті ұйымның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігін және өтімділігін бағалау болып табылады. Ұйымның ішінде бухгалтерия, қаржылық бөлім, жоспарлау бөлімі, басқа функционалды бөлімдер арқылы жүргізіледі.
Ішкі қаржылық талдау сыртқы қаржылық талдауға қарағанда көбірек міндеттер спектрын атқарады. Ішкі талдау жарғылық және қарыз капиталының қолдану тиімділігін, табыс рентабельділігі көрсеткіштерін зерттейді, ұйымның қаржылық жағдайының тұрақталуының соңғы өсу резервін анықтайды. Ішкі қаржылық талдау ұйымның қызметінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға әсер ететін тиімді басқару шешімдерін анықтауға және енгізуге бағытталған.
Қаржылық талдау қаржылық менеджменттің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау әдістерін білмей, капиталды басқару, қаржылық тәуекелділіктерді төмендету бойынша шешім қабылдау мүмкін емес. Көбінесе ұйымның қаржылық есептілігін пайдаланушылардың барлығы қаржылық талдау нәтижелерін өздерінің қызығушылығын оңтайландыру үшін шешім қабылдауға қолданылады (сурет 1).

Баланс

Ұзақ мерзімді активтер
Меншікті капитал
Ұзақ мерзімді
қаржылық
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
шешімдерИнвестициялық капитал қайтарымдылығының
Қысқа мерзімді активтер

таладау және
Қысқа мерзімді міндеттемелер

тәуекелділікті бағалау
Қысқа мерзімді
қаржылық
шешімдер
Активтерді Пассивтерді
басқару басқару

Сурет 1. Қаржылық талдау логикасы және оның басқару шешімдерін жүзеге асырумен және қабылдаумен өзара байланысы

Қаржылық талдаудың негізгі міндеттері болып табылады:
* Ұйымның қаржылық жағдайын объективті бағалау;
* Қол жеткізілген қаржылық жағдайдың себептері мен факторларын анықтау;
* Қаржы саласында қабалданатын басқару шешімдерінің негізделуі және дайындалуы;
* Барлық қаржы-шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру және қаржылық жағдайды жақсарту резервтерін жұмылдыру(мобилизациялау ) және анықтау.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде баламалы шешім қабылдау мүмкіндігі анықталады және олардың жүзеге асыру пәнін бағалау жасалынады.
Қаржылық талдау келесідей пайдаланушылар топтарына қажет:
* Ұйым менеджерлеріне. Ұйымның қаржылық жағдайын білмейшаруашылық шешімдерді қабылдау және ұйымды басқару мүмкін емес. Менеджерлер үшін келесілер маңызды болып табылады: шаруашылық қызметінде қолданылатын ресурстар және алынған қаржылық нәтижесі бойынша өздері қабылдаған шешімдердің тиімділігін бағалау.
* Жеке меншіктер, сонымен бірге акционерлер. Оларға өздерінің ұйымға салған қаржыларының қайтарымдылығы қандай болатындығы, ұйымның табыстылығы мен рентабельділігі, сонымен қатар экономикалық тәуекелдіктері мен өздерінің капиталын жоғалтып алу мүмкіндігінің деңгейін білу маңызды.
* Кредиторлар мен инвесторлар. Оларды берілген қарыздарды қайтару мүмкіндігі, сонымен қатар ұйымның инвестицтялық бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігі қызықтырады.
* Жабдықтаушылар. Олар үшін жеткізілген тауар үшін төлемді бағалау маңызды.
* Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер. Олар қалыптасқан іскерлік байланыстардың сенімділігін дәлелдейтін және олардың болашақтағы даму перспективасын анықтайтын ақпараттарға қызығады.
* Салық органдары. Олар қаржылық есептілік мәліметтерін дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңында қарастырылатын барлық деңгейдегі бюджет алдындағы ақшалай міндеттемелердің орындалмағандығымен байланысты қарыз алушыны банкрот деп қабылдау бойынша арбитраждық сотта өтінішпен жүгіну кезінде өздерінің құқықтарын жүзеге асыру үшін қолданылады.
Бұлардың барлығы қаржылық талдауды жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығын, басқару процесінде және экономикалық өзара қарым-қатынаста оның рөлін анықтайды. Қаржылық талдау дамушы бәсекелестік жағдайында, салық заңдарындағы жиі өзгерістерде, ұлттық ақша курсының өзгерісітерінде және созылмалы инфляция кезінде ерекше маңызды.
Қаржылық талдаудың негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:
1) Ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайының жалпы сипаттамасын қамтамасыз етеді.
2) Бағалау артықшылығы: төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық және рентабельділік.
3) Жалпыға қол жетімді ақпаратты незіздеу.
4) Тактикалық және стратегиялық мағынадағы шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету.
5) Кез-келген қолданушылар үшін талдау нәтижелерінің қол жетімділігі.
6) Шот-аналитикалық процедуралардың мазмұны мен құрамын бірегейлендіру мүмкіндігі.
7) Белгілер жүйесінде ақшалай өлшемдегі доминантты сипаттау мүмкіндігі.
8) Шынайлық деңгейінің жоғарлығы және талдау қорытындысының түрленуі (шынайлық шегіндегі жарияланатын есептілік мәліметтері)

8.1 Қаржылық талдаудың мақсаты, міндеті және түрлері

Қаржылық талдаудың мақсаты - қаржылық қызметтегі уақытысында жетіспеушіліктерді анықтау мен жою және ұйымның қаржылық жағдайын және оның төлем қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.
Қаржылық талдаудың міндеттер болып келесілер табылады:
oo Ұйым қызметінің рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын, өтімділігін анықтау.
oo Ұйымның мүліктік жағдайын бағалау;
oo Нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектінің жағдайын анықтау және оның бәсекеге қабілеттілігін сандық өлшеу.
oo Жоспарлы қаржылық шаралардың, бағдарламалардың, жоспарлардың және т.б. орындалу деңгейін бағалау.
oo Анықталған жетіспеушіліктерді жою үшін және қаржылық ресурстардың қайтарымдылығын жоғарылату үшін құрастырылған шараларды бағалау.
Қаржылық талдаудың мазмұндық жағы келесідей элементтерден (процедуралардан) тұрады:
1) Талдаудың нақты міндеттерін қою және айқындау;
2) Себеп-салдарлы байланысты қалыптастыру;
3) Оларды бағалау әдістері мен көрсеткіштерін анықтау;
4) Қызметтің нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтау және бағалау, мәнді факторларды іріктеу;
5) Теріс факторлардың әсерін жою жолдарын қалыптастыру және оң әсер ететін факторларды ынталандыру.
Қаржылық талдаудың пәні қаржыны басқару саласында ұйымның жеке бөлімшелерінің арасындағы қарым-қатынас болып табылады, сондай-ақ ұйымның сыртқы ұйымдармен қаржылық қатынастары.
Қаржылық талдаудың объектісі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі болып табылады, сонымен қатар, келесідей өзгерумен байланысты процестер:
oo Ұйымның ресурстық базасы (жарғылық және қарыз капиталы);
oo Ұйым активтері (қысқа және ұзақ мерзімді);
oo Ұйым табыстары мен шығыстары;
oo Ұйымның ақша ағымдары және т.б.
Тәжірибелік жұмыста сыртқы және ішкі қаржылық талдау қолданылады.
Сыртқы қаржылық талдау ұйым үшін бөтен тұлға болып табылатын аналитик жүргізеді және сол үшін ішкі ақпараттық базаға қол жеткізе алмайды. Сыртқы талдау азырақ егжей-тегжейлі және көбірек нысандандырылған.
Талдау жүргізу кезінде негізгі акцент салыстыру әдістеріне жасалады, себебі қаржылық талдаудың сыртқы пайдаланушылары жиі таңдау жағдайында болады - қай зерттеліп жатқан ұйыммен қарым-қатынас орнату немесе қарым-қатынасты жалғастыру және қандай нысанда оны неғұрлым мақсаттырақ жасау.
Сыртқы қаржылық талдаудың сипатты ерекшеліктері келесідей:
1) Талдау субъектісінің жан-жақтылығы - ұйымның қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылар;
2) Талдау субъектілерінің қызығушылығы мен мақсаттарының әртүрлілігі;
3) Типтік әдістердің, есеп және есептілік стандарттарының қолданылуы;
4) Ұйымның сыртқы, жарияланатын есептілігін ғана талдауға бейімделу;
5) Ұйымның жұмысы туралы ақпаратты қолданушылар үшін талдау нәтижелерінің максималды ашықтығы.
Ұйым серіктестері сыртқы қаржылық талдауды келесідей бағыттар бойынша жүргізеді:
* Ұйымның қаржылық жағдайын жалпы бағалау;
* Қаржылық тұрақтылықты, балан өтімділігін және төлем қабілеттілікті талдау;
* Активтерді, меншік және қарыз капиталын тиімді пайдалануды талдау;
* Абсолютті табыс көрсеткіштерін зерттеу;
* Салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау және т.б.
Ішкі қаржылық талдау ұйым қызметкерімен жүргізіледі. Бұндай талдаудың ақпараттық базасы анағұрлым кеңірек және ұйым ішінде айналатын және басқару шешімін қабылдау үшін маңызды ақпаратты енгізеді. Ішкі қаржылық талдау, сыртқы талдауды толықтыра отырып, ұйымның қалыптасқан қаржылық жағдайының себептерін, қысқа және ұзақ мерзімді активтердің қолдану тиімділігін, ұйым қызметінің көрсеткіштерінің өзара байланысын тереңірек зерттейді.
Талдау барысында ұйымның қаржылық жағдайында болып жатқан өзгерістер себептеріне және бұл жағдайды жақсарту бағытындағы шешімдерді іздестіруге көбірек көңіл бөлінеді. Бұл ретте, алдыға қойылған мақсатқа стандартты әдістер немесе басқа әдістерді қолдану арқылы жету маңызды емес.
Сыртқы талдауға қарағанда, ішкі қаржылық талдау ұйымды толық талдаумен ғана шектемейді, көп жағдайда ұйымның жеке бөлімшелері және бағыттары, сондай-ақ өнім түрлері бойынша талдаудан тұрады.
1 - кестеде қаржылық талдаудың екі тәсілі салыстырылып көрсетілген.
Кесте 1 - Сыртқы және ішкі қаржылық талдаудың сипаттамасы

Көрсеткіштер
Сыртқы талдау
Ішкі талдау
Мақсаты
Қаржылық жағдайды талдау (іріктеу мәселесі)
Қаржылық жағдайды жақсарту
Бастапқы деректер
Жарияланатын (стандартты) қаржылық есептілік
Қойылған міндетті шешуге қажетті кез-келген ақпарат
Әдістер
Стандартты
Қойылған міндетті шешуге сәйкес келетін кез-келген ақпарат
Акцент
Басқа ұйымдармен салыстыру
Себеп-салдарлы байланыстарды анықтау
Зерттеу объектісі
Толық ұйым
Ұйым, оның құрамдас бөлімдері, қызмет бағыты, өнім түрлері

5.1 Қаржылық талдаудың әдістері мен әдістемелері

Ұйымның қаржылық талдауын жүргізу үшін экономикалық талдаудың барлық түрлері мен бағыттарына тән белгілі бір әдістер мен құралдар қолданылады.
Экономикалық талдау әдісінің астарында даму барысындағы шаруашылық процестерді және олардың өзара байланысын зерттеудің жүйелі кешенді тәсілі түсіндіріледі.
Жүйелі тәсіл талдау кезінде талдау объектісін өзара байланысты элементер (құрауыштар) жүйесі ретінде қарастырады, олардың объект жағдайына және оның қызметінің нәтижесіне әсерін зерттейді.
Жүйелі тәсілдің негізгі құрамдас бөлігі кешенділік болып табылады, ол алынған объект қызметінің талдауының нәтижесін оның барлық аспектілерінің (жақтарының) өзара байланысының салдары және оған әсер ететін факторлардың жиынтығы ретінде қарастырылатындығын білдіреді.
Қаржылық талдау әдістерінің өзіндік ерекшеліктері болып келесілер табылады:
oo Ұйымның қаржылық қызметін жан-жақты сипаттайтын аналитикалық көрсеткіштер жүйесін қолдану;
oo Бұл көрсеткіштердің өзгеру себептерін зерттеу;
oo Олардың арасындағы себеп-салдарлы байланысты өлшеу және анықтау.
Қаржылық талдаудың негізгі және жиі қолданылатын әдістеріне келесілер жатады: абсолютті, қатысты және орташа шама әдісі; салыстыру әдісі; топтастыпу әдісі; тізбекті қойылым әдісі.
Абсолютті көрсеткіштер зерттелетін процестің көлемін (мөлшерін), санын сипаттайды. Оларда әрқашан белгілі-бір өлшеу бірлігі болады: натуралды, шартты-натуралды, ақшалай.
Қатысты көрсеткіштер абсолютті (немесе басқа қатысты) көрсеткіштердің қатынасын көрсетеді, яғни бір көрсеткіштің сандық бірлігінің басқа көрсеткіштің бір бірлігіне қанша келетіндігін көрсетеді.
Орташа шама арнайы статистикалық көрсеткіш болып табылады, мәліметтерді жинақтау үшін қолданылады.
Салыстыру әдісі - талдаудың логикалық әдісі. Бұл ұйымның, бағыныңқы ұйымдардың, бөлімшелердің, цехтардың жеке көрсеткіштері бойынша ішкі шаруашылық салыстыру және сонымен қатар берілген ұйым көрсеткіштерін орта саладағы және орташа жалпы эконмикалық мәліметтермен бәсекелес ұйым көрсеткіштерімен шаруашылықаралық салыстыру.
Топтастыру әдісі, көрсеткіштер топтастырылып және кестеде жинақтаған кезде. Бұл аналитикалық есептеулерді жүргізу үшін, жеке құбылыстардың даму тенденциясын және олардың өзара байланысын, көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тізбекті қойылым әдісі факторлардың жалпы кешенде олардың жиынтық қаржылық нәтиже деңгейіне әсерінің мөлшерін есептеу үшін қолданылады. Тізбекті қойылым әдісінің маңыздылығы дәйекті түрде әр есепті көрсеткішті базисті деп өзгертіліп, ал қалған көрсеткіштер тұрақты болып қарастырылады. Бұндай өзгертулер жиынтық қаржылық көрсеткішке әсер ететін әр фактордың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау тәжірибесі қаржылық есептілікті талдаудың негізгі әдістерін жасап шығарып қойды. Олардың ішінде негізгі 5 әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) Тігінен талдау - қаржылық есептілікті қатысты көрсеткіштер ретінде көрсету. Бұндай көрініс әр есептілік бабының жалпы қорытындыдағы үлес салмағын көруге мүмкіндік береді.
Тігінен талдаудың екі негізгі сипатын бөліп көрсетеді:
* Қатысты көрсеткіштерге ауысу ұйымның салалық ерекшелігін және басқа сипаттарды есепке ала отырып салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді;
* Қатысты көрсеткіштер қаржылық есептіліктің абсолютті көрсеткіштерін бұрмалайтын және сол арқылы динамикада оларды салыстыруды қиындататын теріс әсер ететін инфляциялық процестерді тегістейді;
2) Көлденең талдау - есепті кезең ішінде қаржылық есептілік көрсеткіштерінің өсу (төмендеу) темпін бағалайды. Ол қарастырылатын кезең ішінде ұйымның әр топ құралы және олардың қалыптасу көзі бойынша өсу (немесе төмендеу) темпін бағалауға көмектеседі;
3) Трендтік талдау - перспективті талдаудың бөлімі, қаржылық болжамды басқару үшін қажет. Тренд - бұл даму жолы. Тренд уақыттық қатарды талдау негізінде келесідей анықталады: ұйымның негізгі көрсеткіштерінің мүмкін болатын даму графигі салынады, өсудің орташажылдық қарқыны анықталып және көрсеткіштің болжамдық мағынасы есептеледі. Бұл қаржылық болжаудың ең қарапайым әдісі болып табылады. Уақыттық қатарды талдау келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
oo Уақыттық қатардың құрылымын анықтау, трендті қосқанда - параметрлардың орташа деңгейінің қалыпты өзгеруі, сонымен қатар кездейсоқ ауытқуы;
oo Процестер арасында өзара байланысты себеп-салдарларды зерттеу;
oo Уақыттық қатардың математикалық моделін құрастыру.
oo Трендтік талдау трендтің математикалық моделі құрастырылған уақытша қатардың орташа мағынасының өзгерісін зерттеу үшін және осыған негізделе отырып қатардың болашақтағы мағынасын болжауға арналған.
4) Қаржылық коэффициенттерді талдау олардың мағынасын базистік шамамен салыстырудан тұрады, сонымен қатар олардың динамикасын есепті кезеңде және бірнеше жыл ішінде зерттеуден тұрады. Базистік шама ретінде берілген ұйымның өткен қаржылық жағдайдың қолайлы кезеңіне жататын уақыт қатары бойынша орташаландырылған көрсеткіштері қолданылады. Сонымен қатар, салыстыру үшін база ретінде теориялық негізделген немесе эксперт жолы арқылы алынған білім қолданылады;
5) Факторлық талдау - факторлардың нәтижелі көрсеткіштер мәніне әсер етуінің өлшемі және кешенді және жүйелі зерттеу әдісі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:
oo Тікелей (дедуктивті) және кері (индуктивті);
oo Бір сатылы және көп сатылы;
oo Статикалық және динамикалық;
oo Кеңістіктік және уақыттық;
oo Ретроспективті және перспективті.
Факторлық талдаудың негізгі кезеңдері болып келесілер табылады:
1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткіштерді анықтайтын факторларды іріктеу.
2. Жүйелі тәсіл мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жүйелендіру және жіктеу.
3. Нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы тәуекелдік нысанын анықтау.
4. Нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланысты модельдеу.
5. Факторлардың нәтижелі көрсеткіш мәнінің өзгеруіне әсерін есептеу және олардың әрқайсысының рөлін анықтау.
6. Факторлы модельмен жұмыс.
Факторлы жүйені құрастыру дегеніміз зерттелетін құбылысты алгебралық сома түрінде көрсету, бұл құбылыс мәніне әсер ететін және олармен функционалды тәуекелдікте болатын жеке немесе бірнеше факторлардың әсері.
Қаржылық талдау негізгі көрсеткіштер арасындағы байланысты құрылымдауға және теңестіруге мүмкіндік беретін бірнеше модельдеу типтері арқылы жүргізіледі. Модельдеудің негізгі үш типін бөліп көрсетуге болады: дескриптивті, предикативті және нормативті.
Дескриптивті модель ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда негіз болып табылады. Оларға жатады: есепті баланс жүйесін құрастыру, әртүрлі аналитикалық бөлімдерде қаржылық есептілікті ұсыну, есептілікті тігінен және көлденең талдау, аналитикалық коэффициенттер жүйесі, есептілікке аналитикалық ескертпелер.
Предикативті модельдер - бұл модель болжамдық және алдын ала айту сипатында, ұйымның табысын және болашақтағы қаржылық жағдайын болжауға арналған. Олардың ішінде көбірек тарағандары: сатудың сыни көлеміндегі есептеу нүктесі, болжамдық қаржылық есептіліктерді құрастыру, динамикалық талдау модельдері (қиын анықталатын факторлық модельдер және кемімелдік модельдері), жағдайлық талдау модельдері.
Нормативті модель ұйым қызметінің нақты нәтижелерін күтілетін, бюджет бойынша есептелінген көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл модельдер негізінен ішкі қаржылық талдауда қолданылады. Олардың маңыздылығы технологиялық процестер, өнім түрі, жауапкершілік орталығы және т.б. бойынша шығынның әр бабы бойынша нормативті қалыптастыруға және бұл нормативтердің нақты мәлімметтердің ауытқуын талдауды түйістіреді. Талдау едәуір деңгейде қиын анықталатын факторлық модельдерді қолдануға негізделеді.
Қаржылық есептілікті аналитикалық оқудың негізгі қағидасы - бұл дедуктивті әдіс, яғни жалпыдан жекеге, бірақ ол бірнеше рет қолданылуы керек. Бұндай талдау кезінде шаруашылық фактілер мен оқиғалардың тарихи және логикалық бірізділігі, олардың қызмет нәтижесіне әсер ету күші және бағыты жүргізіледі.
Дәстүрлі қаржылық талдаудың алгоритмі келесі кезеңдерден тұрады:
1. Қажетті ақпаратты жинау (көлемі қаржылық талдаудың түрі мен міндетіне байланысты)
2. Ақпараттың шынайлығын бағалау (көп жағдайда тәуелсіз аудиторлар нәтижелерін қолданады)
3. Ақпаратты өңдеу (аналитикалық кестелерді және біріккен есептілік нысанын құрастыру)
4. Қаржылық есептіліктің құрылымдық көрсеткіштерін есептеу (тігінен талдау)
5. Қаржылық есептілік баптарының өзгеру көрсеткіштерін есептеу (көлденең талдау)
6. Қаржылық есептіліктің негізгі аспектілері немес аралық қаржылық агрегаттар бойынша қаржылық коэффициенттерді есептеу (қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілік, іскерлік белсенділік, рентабельділік)
7. Қаржылық коэффициенттер мәнін нормативтермен салыстыруды талдау (жалпы және орташа салалық)
8. Қаржылық коэффициенттердің өзгеруін талдау (өсу немес төмендеу тенденциясын анықтау)
9. Интегралды қаржылық коэффициенттерді есептеу және бағалау (ұйымның қаржылық жағдайын бағаудың көп факторлы моделі, олардың ішінде ең танымалы болып Альтманның Z- шоты болып табылады).
10. Өңделген мәліметтерді түсіндңру негізінде ұйымның қаржылық жағдайы туралы қорытындыны дайындау.

10.1 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы

Ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін басқару бойынша шешім қабылдау және қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету ішкі және сыртқы ақпарат көздері арқылы қалыптасады.
Сыртқы ақпарат көздеріне жатады:
1) Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштерінің ақпараттық жүйесі ұйымның функционалдандыру ортасындағы сыртқы шарттарды болжауға талдауға негіз болады. Бұл жеткен ортасаладағы көрсеткіштер деңгейіне бағыттала отырып табыстың өсу резервін анықтау, инвестициялық қызметті іске асыру, табысты басқарудың кешенді саясатын өңдеу кезінде қажет. Берілен топқа ұлттық табыс, таза табыс, ортасалалық табыс нормасы, банк пайыздарының орташа нормалары, табыс салығы ставкасы, инфляция буралы мәліметтер, Қазақстанның Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы сияқты көрсеткіштер жатады.
2) Нарық конъюктурасын сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі баға саясаты және операциялық қызмет бойынша табыс аумағында шешім қабылдау және талдау, бағалау, қосымша капиталмен жұмыс істейтін шығынды анықтау, ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция портфелін құрастыру, қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды іске асыру үшін қажет. Бұл көрсеткіштер құрамына сату көлемі, бос нарықтық текше, баға және табыс бойынша икемділік, ұсыну уақыты мен сомасына тәуелді кредиттік пайыз жатады.
3) Бәсекелестер мен серіктестіктердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштер жүйесі табысты қолдану және қалыптастырудың жеке аспектілерін жедел талдауға және басқару үшін қолданылады. Оларға шикізат, құрамдас материалдар, бәсекелестер өмінінің, ауыстырылатын өнімдер бағалары және бәсекелестер мен серіктестердің шаруашылық қызметінің рентабельділігі жатады.
Ішкі ақпарат көздеріне жатады:
1) Ұйымның қаржылық есептілік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштердің ішінде келесілерді атап өтуге болады: жылдық жадпы табыстың массасы, сатудан табыс, салық салынғанға дейінгі табыс, таза табыс. Бұл көрсеткіштер негізінде табысты ағымдық жоспарлау және болжау, жалпы талдау жүргізіледі. Бұндай ақпараттың қайнар көзі қаржылық есептіліктің мәсілметтері болып табылады. Қаржылық есептілік көрсеткіштерінің артықшылығы олардың бірегейленуі болып табылады., бұл табысты қолдану және қаржылық есептің жеке сұрақтары бойынша алгоритм құрастыру және типтік талдау әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат жоғары деңгейдегі сенімділікті және оқиғаларды басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа ұйым көрсеткіштерімен салыстырмалылығы. Қаржылық есептіліктің кемшілігі ұйым бойынша жалпы ақпараттың жалпылығы, ақшалай өлшем бірлікте ғана көрсетілуіболып табылады;
2) Басқару есебінің көрсеткіштері. Бұл есеп түрі жалпы қабылданған халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына өтумен байланысты дамыды. Ол оперативті басқару шешімінің ақпараттық базасын құрайтын қажетті барлық көрсеткіштерін есептеу жүйесін білдіреді. Басқару есебі ол тек ақшалай өлшем бірлікте ғана емес, натуралды өлшем бірліктегі көрсеткіштерден де тұрады. Басқару есебі кез-келген құрылымдық тұрғыда болуы мүмкін:
а) жауапкершілік орталығы бойынша (шығыс, табыс, пайда, инвестиция орталықтары)
б) қызмет түрлері бойынша (операциялық, инвестициялық, қаржылық)
в) өнім түрі бойынша (топтық номенклатура немесе жеке түрлері бойынша)
г) ресурс түрлері бойынша (материалды, материалды емес, қаржылық, еңбекті)
д) қызмет аймағы бойынша (егер ұйым үшін қызметтің аймақтық диверсификациясы тән болса) және т.б.
Қаржылық талдауды және басқару есебіндегі табысты басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құрастыру процесінде қызмет көлемін, шығын сомасы мен құрамын, алынатын табыстардың сомасы мен құрамын сипаттайтын көрсеткіштер қалыптастырылады;
3) Нормативті - анықтамалық көрсеткіштер. Бұл көрсеткіштер жүйесінің негізін ұйым шегінде жасалған әртүрлі нормалар мен нормативтер құрайды - сан нормативтері, уақыт шығыны нормативтері, қызмет көрсету нормативі, шикізат мен материалдардың салыстырмалы шығындарының нормативі және т.б. Бұл көрсеткіштер жүйесі сол мемлекетте немесе сол салада қолданыстағы әртүрлі анықтамалық-нормативті көрсеткіштермен толықтырылады: амортизациялық аударымдар нормасы, резервтік қорға табысты аудару формасы, салық ставкалары, салықты төлеу уақыты, кредит үшін пайыздар және т.б.
Сыртқы және ішкі ақпарат көздерінен құралатын барлық қызығушылығын көрсететін көрсеткіштерді қолдану әр ұйымда мақсатқа бағытталған тек стратегиялық шешімді қабылдауға бағытталып қана қоймай, табыстың көлеміне әсер ететін барлық факторларын есепке ала отырып табысты құрудың тиімді ағымдағы және оперативті басқаруға да бағытталатын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құрастыруға мүмкнідік береді.
Қаржылық талдаудың ақпарат көзі болып қаржылық есептілік табылады. Қаржылық есептілікті қолдану созылмалы кезең ағымында жиі және қол жетімді жинақталатын ұйымның қызметі бойынша жалғыз ақпарат түрі болып табылатындығымен ақталады.
Қаржылық есептілік - ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметтер жүйесінің бірыңғайлығы,ол сыртқы және ішкі пайдаланушыларға жалпы ақпаратты ұсыну мақсатында қаржылық есеп мәліметтері негізінде құрастырылады. Қаржылық есептіліктің ұйымның есепті кезеңдегі жұмысының нәтижесі мен шартын сипаттайтын барлық элементтері экономикалық көрсеткіштер жүйесі ретінде біртұтас өзара тығыз байланысты.
Қаржылық есептілікті қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде қолданудың бірнеше артықшылығы бар. Оларға әртүрлі ұйымдар үшін есептілік нысанының бірдейлігі (бұл көрсеткіштерді есептеуде бір әдісті қолдануға мүмкіндік береді), ашықтығы (бұл ішкі пайдаланушыларға да, сыртқы пайдаланушыларға да ұйымды бағалау үшін есептілікті қолдануға мүмкіндік береді) жатады. Қаржылық есептілікті құрастыру міндетті және талдау жүргізу үшін қосымша шығындарды есептемейді.
Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы келесілерден тұрады:
1) Бухгалтерлік баланс (1 нысан);
2) Табыс және зиян туралы есептілік (2 нысан);
3) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік (3 нысан);
4) Капиталдағы өзгеріс туралы есептілі (4 нысан);
5) Түсіндірме хат (5 нысан).
Қаржылық талдау ең бірінші бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша жүзеге асады. Баланс белгілі уақытқа ұйымның мүлігінің, меншікті капиталының және міндеттерінің жағдайын көрсетеді. Барлық қаржылық есептілік нысандарының ішінде бухгалтерлік баланс ұйымың қаржылық жағдайын бағалау үшін, қор жағдайын сипаттау үшін, ақша қаражаттарының, инвестицияның бар болуы мен оларды есептеу үшін қажетті ұйым қызметі туралы мәліметтердің басым бөлігінен тұрады. Баланс капиталды бөлу тиімділігін, оның ағымдығы және күтілетін қаржылық қызмет үшін жеткіліктілігін бағалауға, қарыз көздерінің құрылымы мен көлемін және олардың тиімді қолдануын бағалауға мүмкіндік береді. Баланс мәліметтері меншік иесіне салынған капитал салымдарын басқару үшін, ұйым басқармасына талдау және жоспарлау кезінде, банк және басқа кредиторларға - қаржылық тұрақтылықты бағалау үшін қажет.
Қаржылық нәтижені талдау үшін ақпарат көзі болып табыс және зиян туралы есептілік табылады.
Қаржылық талдау үшін бұл нысандардың ыңгайлығы ең бірінші талдау үшін дайындалмаған мәліметтер негізінде ұйымның алдыңғы кезеңдер үшін есептілік көрсеткіштеріне салыстырмалы экспресс-талдау жасауға болады. Екіншіден, ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін арнайы автоматтандырылған бухгалтерлік бағдарламасының пайда болуы, есептілік нысанын құрастырғаннан кейін бағдарламадан шықпай дайын қаржылық есептілік негізінде қаржылық талдаудың орнатылған блогы арқылы ұйымға қарапайым қаржылық экспресс талдау жүргізеді.
Қаржылық есептілік мәліметтеріне ғана негізделетін қаржылық талдау сыртқы талдау сыпатында болады, яғни ұймның шегінен тыс оған қызығушылығы бар контрагенттер, жеке меншік иесі немесе мемлекеттік органдар жүргізетән талдаулар. Бұл талдау есептілік мәліметтері негізінде ғана болады, ұйым қызметі бойынша ақпараттың шектелген көлемінен ғана турады, ұйымның табыстылығы мен күйреуі туралы құпияларды ашуға мүмкіндік бермейді, бірақ есептіліктің сыртқы пайдаланушыларына ұйымның қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділігі мен рентабельділігін коммерциялық құпия болып саналатын ақпаратты қолданбай-ақ объективті бағалауға мүмкін болады.
Қаржылық талдаудың толығырақ ақпарат көзі болып ішкі (жұмыс) бухгалтерлік құжаттар - айналым ведомосі және бас кітап, есетің бастапқы мәліметтері табылады. Бұл ақпарат көздері есептілік көрсеткіштерінің ішкі тенднециясын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы ұйымның шаруашылық қызметі бойынша серіктестерімен дебиторлық және кредиторлық берешектерін тереңірек зерттеу үшін әр шаруашылық келіссөз есептілігінің жағдайы туралы мәліметтер.
Ішкі пайдаланушылардың қаржылық талдауы кезінде ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін ішкі өндірістегі факторларды анықтау мақсатында өзіндік құнды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді құрастыру бойынша басқару есебінің аумағындағы жауапкершілік орталықтарының мәліметтері қолданылады. Қосымша салық құрылымын, бар және потенциалды ұйымның іскерлік байланыстарын зерттеу үшін хат алысуы, салық және есеп саясатының мәліметтері тартылады.
Бұл құжаттардағы ақпараттар қаржылық есептілік ақпараттарына қарағанда егжей-тегжейлі болып келеді, бұл қосымша аналитикалық мәліметтерін алуға және зерттеу тереңдігін ұлғайта отырып, негізделген қорытынды дайындауға мүмкіндік береді, сол сияқты әр ай сайын, бухгалтерлік есепті автоматтандыру кезінде оданда жиі оперативті талдау жүргізу мүмкіндігін ұлғайтады.
Қаржылық есепте ұсынылатын ақпараттардың негізгі талапы ол пайдаланушылар үшін пайдалы болуы керек, яғни бұл ақпаратты негізделген іскерлік шешімдерді қабылдау үшін қолдана алу мүмкіндігі.
Есептілік ақпараттарын құрастыру кезінде есептілікке қосылатын ақпараттарға белгілі бір шектеулер қолданылуы керек:
* Табыстар мен шығындардың оптималды ара қатынасы, есепті құрастыру кезінде шығындар табыстармен өзара қатынаста болуын білдіреді, бұл мәліметтерді қызығушылығы бар пайдаланушылардан ұйым өндіреді.
* Қауіпсіздік қағидасы есептілік құжаттары активтер мен табыстардың көтеріңкі бағалауын және міндеттемені төмендетіп бағалауға жол берілмеуі керек.
* Құпиялылық, есептілік ақпараттары ұйымның бәсекелестік позициясына зиян келтірмеуі керек.

Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық талдауға анықтама беріңіз, оның пәнін, объектісін атаңыз және оның ұйымдастырылуының ерекшеліктерін атап өтіңіз.
2. Ұйымды басқару жүйесінде қаржылық талдау қайдай орынды алады?
3. Ұйым қызметіне қаржылық талдау жүргізудің міндеттері қандай?
4. Ішкі және сыртқы қаржылық талдаудың ерекшелігін, басқару және қаржылық талдаудың өзара байланысын анықтаңыз.
5. Жалпы ұйым қызметін басқару жүйесіндегі қаржылық талдауды қандай қағида бойынша бөліп көрсетуге болады?
6. Қаржылық және басқаруушылық талдаудың айырмашылығы қандай?
7. Қаржылық талдаудың негізгі көрсеткіштерін атаңыз және аналитикалық ақпаратта олардың қажеттілігі мен мақсатын анықтаңыз.
8. Ұйым қызметінің қаржылық талдауы қандай қағидаларға негізделеді?
9. Қаржылық талдау түрлері.
10. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері неде?
11. Ішкі қаржылық талдаудың мақсаты қандай?
12. Қаржылық талдау әдістерінің жіктелуі.
13. Қаржылық талдаудың негізгі тәсілдері.
14. Қаржылық талдау процесінде қандай негізгі ақпарат көздері қолданылады?
15. Қаржылық талдау үшін қажет ақпараттарға қандай талаптар қойылады?

Тест сұрақтары:
1. Дәстүрлі түсінікте қаржылық талдау - бұл:
а) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен нәтижелігін бағалайтын тәсілдер, шаралар және әдістер жиынтығы
б) ұйымды банкрот болды деп тану бойынша шешім қабылдау үшін төлем қабілеттілігі мен өтімділікті бағалау әдісі
в) ұйымның қаржылық жағдайын оның қаржылық есептілігі негізінде бағалау және болжау әдісі;
г) ұйымның болашақ уақытта функционалдандыру мүмкіндігі туралы нақты және шынайы көрініс беретін көрсеткіштер жүйесі.
2. Қаржылық талдау - бұл құрылымдық бөлім:
а) ұйымның шаруашылық қызметін талдау;
б) ұйымның қаржылық қызметін талдау;
в) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
г) өндірістік есептілікті талдау.
3. Ұйымды басқару жүйесінде қаржылық талдау қандай орынға ие?
а) тиімді басқару жүйесін қалыптастырады;
б) алдыңғы кезеңдегі қызмет тиімділігін бағалауға және болашақта шешім қабылдау үшін ақпаратмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
в) ұйымды басқару жүйесінің тиімділігін қалыптастырады;
г) барлық жауап дұрыс.
4. Сыртқы қаржылық талдау кезінде негізгі ақпарат көзі болып табылады:
а) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәліметтері;
б) өндірістік есептің оперативті мәліметтері, нормативтері;
в) арнайы зерттеулердің мәліметтері;
г) сметалар (бюджеттер).
5. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшелігі болып табылады:
а) зерттеу объектісі - ұйымның сыртқы контрагенттерімен қатынасы;
б) заңдық реттеу;
в) тәуелсіз аналитиктермен талдау жүргізу;
г) дұрыс жауап жоқ.
6. Зерттеу көлеміне байланысты қаржылық талдау бөлінеді:
а) салалық және ішкі;
б) жалпы және тақырыптық;
в) жалпы, тақырыптық және егжей-тегжейлі;
г) сыртқы және ішкі.
7. Қаржылық талдау пәні болып табылады:
а) қаржылық ресурстар және олардың ағымдары;
б) ақша қаражаттарының ағымдары;
в) тауар ағымдары;
г) инвестиция ағымдары.
8. Қаржылық талдау әдістері - бұл:
а) көрсеткіштер жүйесін және аналитикалық кестелерді құрастыру;
б) мемлекеттегі саяси жағдайдың әсерін бағалауға мүмкіндік беретін аналитикалық құралдар;
в) қаржылық ресурстар және олардың ағымдары;
г) теоретико-танымдық категориялар, қаржылық қызметті зерттеудің жиілік қағидаларының және зерттеу құралдарының жүйесі.
9. Қаржылық талдау кезінде зерттеледі:
а) материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды тиімді қолдану;
б) ұйымның бағалық саясатын;
в) ұйымның қаржылық жағдайын және оның қызметінің қаржылық нәтижесін;
г) жоғарыда айтылғандардың барлығы.
10. Қаржылық есептеліктің негізгі формалары:
а) капиталдың өзгеруі туралы есептілік;
б) пайда және шығын туралы есептілік;
в) қаржы құралдарының қозғалысы туралы есептілік;
г) бухгалтерлік баланс;
д) барлық жоғарыда айтылғандар.
11. Қаржылық талдаудың қандай түрі қаржылық құралдарға айналуға байланысты активтер топтамасын, ал пассивтердің өтеуге байланыстысын көрсетеді?
а) өтімділік талдауы;
б) іскерлік белсенділік талдауы;
в) рентабельділік талдауы;
г) қаржылық тұрақтылық талдауы.
12. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен пайдалылығын бағалауға мүмкіндік беретін қандай көрсеткіштер талдауы бар?
а) өтімділік;
б) рентабельділік;
в) іскерлік белсенділік;
г) қаржылық тұрақтылық.
13. Қаржылық талдаудың қандай түрі нәтижелі көрсеткішке жеке өлшемдердің әсерін табуға және бағалауға мүмкіндік береді?
а) тік;
б) көлденең;
в) факторлы;
г) коэффицентті.
14. Қаржылық талдаудың нормативті моделі дегеніміз не?
а) бұл, бюджет бойынша есептелген, кәсіпорын қызметінің нақты нәтижесін күтілетін нәтижемен салыстыруға мүмкіндік беретін модельдер ;
б) бұл, кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалауда негізгі болып табылатын бейнелеуші сипаттағы модельдер;
в) болжамалы сипаттағы модельдер;
г) факторлары алгебралық сома түрде кіретін модельдер.
15. Қаржылық талдаудың әдістемелік негізі болып келесі қағидалар табылады:
а) ақпараттық базаның кешенділігі,бірыңғайлығы;
б) аналитикалық рәсімдердің жүйелілігі, маңыздылығы, бірыңғайлығы және келістілігі;
в) нәтижелердің салыстырымдылығы;
г) барлық жауаптар дұрыс.

2.ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1.Қаржылық жағдайды талдау негіздері

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыра алу қабілеті түсіндіріледі. Кәсіпорынның дұрыс қызмет етуі үшін, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, олардың тиімді қолданылуы үшіндұрыс қозғалысымен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қарым-қатынаспен, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен түсіндіріледі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз (дағдарыс алдыңдағы) және дағдарысты болуы мүмкін.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төлемдерді өз мерзімінде жүзеге асыру, кеңейтілген деңгейде өз қызметін қаржыландыру, кенеттен болатын жағдайларды оңай бастан кешіру және төлем қабілеттілікті қамтамасыз етумен түсіндіріледі. Ал келтірілген сипаттардың жоқтығы кәсіпорының қаржылық тұрақсыздығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығының шегі банкроттық, яғни өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы оның қызмет етуінің келесідей параметрлерімен сипатталады:
- пайдалылықпен (рентабельділік);
- өтімділікпен (төлем қабілеттілік);
- кәсіпорынның өндіріс пен өнімді сату үдерісіне жеткілікті қаржылық ресурстардың бар болуымен;
- негізгі қор мен айналым құралдарының тиімді орналастыру мен қолданумен;
- қаржылық тұрақтылық пен несиеге қабілеттілікпен.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметіне тікелей тәуелді. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті орындалып жатса, ол қаржылық жағдайда қолайлы әсер етеді, және керісінше, өндіріс пен өнімді сату бойынша жоспардың орындалмауы оның өзіндік құнының жоғарылауына, кәсіпорынның қаржылық жағдайының және төлем қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты пайданың және түсімнің кемуіне алып келеді. Демек, кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын, барлық сауатты және озат факторлардың кешені. Тұрақты қаржылық жағдай өз кезегінде өндірістік жоспарды орындау мен өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Осылайша, тұрақты қаржылық жағдай дегеніміз кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын, барлық сауатты және тиімді факторлардың кешені.
Түрлі түсінік қаржылық жағдайдың құрылымында да көрінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Экономикалық қаржыны басқару
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Қаржылық жағдайды басқару
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты
Қаржылық менеджмент
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Компанияның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның жұмысын болжамдау және жоспарын талдаукәсіпорынның жұмысын болжамдау және жоспарын талдау
Пәндер