Өртке қарсы жабындар


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: «Орал қаласындағы «Батыс Қазақстан аграрлы- техникалық университетін» өртке қарсы кешенді қорғау»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
МАЗМҰНЫ
3. 4. Өртке қарсы қорғаныстың автоматты жүйесін таңдау
3. 5. Негізгі тораптың қысқаша сипаттамасы
. . . 37
. . . 38
4. 6. Өрт сөндіру қондырғысында су шашатын түтікті пайдалану
4. 7. Қызмет көрсететін және күзетші қызметкерлердің нұсқаулары
5. Автоматтандырылған өртке қарсы қорғаныстың экономикалық тиімділігін бағалау
5. 1. Автоматтандырылған қондырғымен өрт сөндіру нұсқасы кезінде негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау
5. 2. Эксплуатациялы шығындар
5. 3. Жылжымалы құралдармен өрт сөндіру варианты кезінде негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
5. 4. Экономикалық салдарын таңдау және салыстыру
6. Қорытынды
Әдебиет
. . . 48
. . . 50
. . . 56
. . . 56
. . . 57
. . . 59
. . . 59
. . . 61
. . . 62
Кіріспе
Еліміздің білім беру жүйесінің бағдарламасын жедел іске асыру, материалдық өндірістің барлық сапасының дамуы, халық шаруашылығының белгілі нәтежиеге жетуі де өндірістің қарқыны мен сапасына байланысты. Көптеген кезеңдерде елімізді даму стратегиясын 2050 жылға дейін жеткізуге және 2007 жылдың 28 ақпанында елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер елдің экономикалық потенциалының өсуін болжау және азаматтарды табиғи апаттардан, зілзаладан қорғау, төтенше жағдайларды жою және Республикалық жүйені нығайтуды атап көрсеткен болатын.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің құрылуы республикамыздың экономикасының дамуымен бір уақытта басталды. Жаңа жерлерді, табиғи ресурстарды, кенттерді игеру, мәдени және өнеркәсіптік орталықтарды құру және дамыту, халық санының өсуі өртке қарсы қызмет органдарының алдында табысты шешілетін, отты апаттардан материалды және әлеуметтік зақымдануын азайту үшін жауапты міндеттер қойылды.
Жас буынның білімін дамыту, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу білім беру мекемелерін дамытпау мүмкін емес. Бүгінгі күнде ғимараттар мен имараттардың салынуы типтік және жеке жобаларымен, сондай - ақ алыс және таяу шетелде құрастырылған жобалар бойынша жүзеге асырылады. Көбінесе қолданылып жатқан әдебиет мемлекеттің қадағалау органдарының сараптамасы арқылы өтпейді, ал бұл өз кезегінде салынып жатқан ғимараттар мен имараттарда өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етуін қиындатады. Өрт ең қауіпті апаттардың бірі. Әсіресе ол адамдар жаппай жиналатын жерде қауіпті болады. Негізгі қауіп ол улы түтін көп мөлшерін қалыптастыратын, қауіпті және улы жану өнімдерін шығаратын материалдар. Өрт және жарылыс айтарлықтай мүліктік нұқсан келтіруі және кейбір жағдайларда, ауыр жарақатпен және өліміне әкеледі. Өрт сөндіру қондырғыларының пайда болу тарихы адамзат қоғамының дамуымен байланысты. Өрт сөндіруге арналған қондырғылар туралы ескертпелер көне жазбалар да бар. Өртпен күресуге арналған әр түрлі техникалық қондырғылардың сиапттамасы көне грек ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Автоматты ол табиғи, қарапайым мінезді, сол уақыттағы техниканың даму деңгейіне қолжетімді.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б. ) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер) ;
- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері) .
Өрт сөндіру жүйесі- өртті дер кезінде байқау және оны сорғы станциясы арқылы сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киіз және т. б. ) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені.
Өртке қарсы автоматты қорғаныс өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтарды шешу кезінде басты рөл атқарады. Шаруашылық жүргізу нысандары өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ететініндіктен, су шашатын түтікті- жабдықтарды қолдану жарты ғасырдан бері келе жатқан тәжірибе болып табылады. Аталған ғимаратты өрттен қорғанудың мақсаты - өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.
Техниканың дамуымен, автоматты жүйенің және механикалық жүйе деңгейінің жоғарлауы, өндірістің шоғырлануымен ерекшелігіне жаңа технологиялық процесстер енгізіледі, ол қоймаларда дайын өнімдер мен шикізаттың едәуір санын сақтауға әкеледі. Сондықтан өртке қарсы автоматтық қорғаныстың ролі едәуір өседі, оны орнату тәсілі әрдайым жетілдіріледі, заманауи талаптарға сай өртті сөндіру құралдары қарастырылады. Техникалық процесс экономиканың әртүрлі саласында өрт қауіпсізідігін қамтамасыз ету мәселелерімен тығыз байланыста, себебі ол өрттің пайда болу мүмкіндік қаупі деңгейінің өсуіне келіп соғады. Болмашы өрттің өзі көп зиянын тигізеді. Осының бәрі біздің Республикамызда мәселенің өзектілігімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін бір қатарға қойады.
Жұмыстың өзектілігі. Зерттелген тақырыптың өзектілігі жоғары оқу орындары ғимараттарын қорғау және білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі соңғы жылдары жалпыға көңіл бөлінуде. Мемлекет осы саладағы қазіргі заманғы ғылыми және технологиялық жетістіктерін пайдалану арқылы ғимараттар, құрылыстар, оқу орындарының қауіпсіздігін арттыру, олардың жұмыспен қамту және оқыту іс-шараларын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің оқушылары, студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Өрттер зор материалдық шығындармен және адамдар өліміне әкеп соқтырады. Сондықтан, өрттен қорғау, қоғамның әрбір мүшесі үшін ең маңызды болып табылады және жалпы мемлекеттік масштабты ауқымда жүргізіледі. Өрт қауіпсіздік бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру үшін ең маңызды резерві, өртке қарсы жұмысты ұйымдастыруды жақсарту болып табылады.
Өрттің автоматтық құралдарын кең қолдану адамдарды өрт ықпалының қаупінен қорғайды, өртті сөндіру табысының кепілдігін арттырады, олардың өршу мүмкіндігінің алдын алу мемлекеттің рухани және материалды құндылықтарын сақтап қалуға жағдай жасайды. Автоматтандырылған өрт құралдарының әлеметтік-экономикалық маңыздылығы келесі құрамда құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасындағы желілі сәйкеспеушілік әрекеттерінің пайда болу мүмкіндіктерін болдырмау, ұлттық байлықты сақтау экономиканың жақсы құрылуы, өрт автоматикасы республиканың өрт қауіпсіздік жүйесінің әлеуметтік тыныштықты қамтамасыз ету бөлігінің маңыздылығы болып табылады.
Автоматты өрт құралдарын қолдану өртке қарсы қызметтерінің, техникалардың сандарының эквивалентті азаюы дегенді білдірмейтіндігін атап өту керек. Автоматты қондырғыларды енгізу - нысандарды қолданысқа енгізу көлемінің үздіксіз артуы және өрт сөндіру бөлімдерінің штаттық және техникалық мүмкіндіктерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Жоғарыда аталған факторларды талдай келе, жаңа бұйымдарда, жабдықтарда, машиналарда, технологияларда табылатын өртке қарсы қорғаныстың қарқынын күшейту заттанған өрт қауіпсіздігінің қарқынымен салыстырғанда артта қалып келеді. Соның салдарынан өрт қаупінің тууы, нұқсан келтіруі сандарының өсу беталысының бары анық. Осы беталысты жою үшін материалдық және адамдық ресурстар жұмсалады (сонымен қатар өрт автоматикасы сияқты қымбат құралдарды ескерсек) . Егер өртке қарсы қорғаныстың барлық деңгейінде өрт қаупін болжау ұйымдастырылса, бұл беталыстарды тұрақтандыру және оны төмендетуге болады: ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструктивті зерттемелері, тәжірибелі өндірістің барысында. Соның арқасында потенциалды өрт қаупін зерттемелерін уақытында анықтау, қауіп көзін жоюға мүмкіндік туады. Тек осындай жағдайда алдын алу қызметі өзінің ескертпе бағытын толығымен жүзеге асыра алады және түбегейлі өрт қауіпсіздік жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Өрт қауіпсіздігі құрылыстағы ең маңызды аймағы ғимараттың тұрақтылығы мен, конструкциялардың отқа төзімділігін сақтап қалу. Мұнсыз, ғимараттарда басқа барлық өрт қауіпсіздігі шаралары кез келген мағынасын жоғалтады, сондай-ақ айтарлықтай өрт сөндіру күрделі. Өрт қауіпсіздігінің тағы да бір қамтамасыз ететін ауданы жанып болған бөлменің сыртына өрт қауіпті факторларының таралуын алдын алу болып табылады. Осы екі салаларда, сондай-ақ басқа да салаларда ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі, құрылыс нормативтік құқықтық талаптарын орындауға іске асырылған. Осы тұрғыда, өрт-техникалық сараптама кез келген түрін жүзеге асыратын, бірінші кезекте, нормативтік талаптарды бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Өрттен қорғаудың осындай мүмкіндіктері болмайынша, өрттің қауіпсіздік потенциалының жоғарлау құралы болып автоматты өртке қарсы қорғаныс болып қала береді.
1. Қорғаудағы нысанның қысқаша сипаттамасы.
1. 1. Көлемді-жоспарлы шешім.
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті» Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хана көшесі, 51 үйде орналасқан.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университетінің қорғауға алынған бөлігі екі қабатты. Климаттық ауданында ауа температурасы -30 0 С. Ылғалдылық аймақ құрғақ болып келеді. Ғимараттың сенімділік коэффициенті I. Екінші отқа төзімді дәрежелі.
Жалпы ұзындығы 46, 5 м;
Ені 18 м.
Құрылыс ауданы- 837 м 2
Жалпы ауданы 4717 м 2
Сыртқы қабырғасы кірпіштен жасалған, қалыңдығы 600мм. Жабындылар шеңбер қуысты темірбетоннан жасалған; аражабындылары кірпіштен, төбесі антиперенді ағаш материалдан жасалған. Іргетасы құрастырмалы бетоннан. Баспалдақ торы темір бетонды. Ғимаратқа кіруге арналған есік қуысының өлшемі 1, 91х2, 4 м. Ғимараттың жоспарлануы коридорлы. Едені жанбайтын материалдан жасалған.
Ғимараттың бірінші қабатында бөлмелер, би залы, қойма, ойып- жонушылардың бөлмесі, қосалқы үй-жайлар, медициналық бөлме, оқу аудиториялары және зертханалар мен асхана орналасқан.
Екінші қабатында бірыңғай оқу аудиториялары орналасқан.
Ғимараттың конструктивті сызбанұсқасы
Ғимарат бойлы тасушы қабырғалары бар қатты конструктивті сызба нұсқамен жобаланған.
Ғимараттың кеңістік қаттылығы ара жабын, сыртқы ішкі кірпіш қабырғалар мен баспалдақ тор қабырға дискілерінің бірлесу жұмысымен қамтамассыз етіледі.
Барлық жүктемелер және жүктің асып кету коэффициенттері ҚНжЕ 6-74 талаптарына сәйкес қабылданған.
Ірге тасы
Ішкі және сыртқы қабырғалары үшін ірге тасы I. IIЕ-1 серия бойынша жиналмалы темір бетон блоктардан таспалы боп қабылданған.
Қабырғалар
Сыртқы қабырғалар ГОСТ 379-2002 М100 бойынша селикатты кірпіш қалауынан орындалған.
Ішкі қабырғалар - ГОСТ 379-2002 М100 бойынша селикатты кірпіштен.
Ара қабырғалар
Ара қабырғалар - селикатты кірпіштен, қалыңдығы 120 мм.
Ара жабындылар
Ара жабындылар I. 141-9 сериясы бойынша жиналмалы темір бетон дөңгелек қуыстары бар панельдерден жобаланған.
Бacпaлдaқ тopлapы
Баспалдақ торының aлaңшaлapдың плитaлapы қабырғалары тасушы, баспалдақ торы темірбетонды, баспалдақ алаңшалардың плиталары бір тұтас темірбетонды, балкалар темірбетонды, бacпaлдaқтap мeтaлды - кocoуpлap бoйымeн мoнoлитті - құpылғыш.
Шатыр
Шатыр - мырышталған шатырлы болат, страпильды жабын. Шaтыpы біp eңіcті тeміp жaбын шифepмeн жaбылғaн (Пpoфлиcть)
Ішкі әpлeу
Вoдoэмульcиoнды извecті бoяу, acпaлы төбe «Apмcтpoнг», өpткe төзімді дeкopпaнeльмeн қaптaлғaн. Ішкі қaбыpғa бeті cылaнып туcті әкпeн әктeлгeн. Жoбaдa ғимapaттың бoлaшaқтaғы пaйдaлaнуы мeн қaуыпcіздігі үшін, көтepу жәнe қopшaулaу кoнcтpукцияcын күшeйту жәнe қaлпынa кeлтіpу, шapaлap өндeлгeн.
Aлдыңғы бөлігі
Ныcaнның aлдынғы cыpтқы бөлігі шынылaнғaн. Шынының көлeмі 3кв. м, қaлыңдығы 120мм, жapық өткізу кoэффициeнт 85%, жылуғa төзімділік шeгі (550-600 0 C) тeң.
Тepeзeлep - үш қaбaтты мeтaллoплacтикті.
Ecіктep - мeтaллды, мeтaллoплacтикті жәнe aғaш.
1. 2. Инженерлік жабдықтар бойынша шешім.
Жылу.
Ғимаратқа жылу беру автоматты басқарумен орталықтанған. Жылу жүйесі екі құбырлы, жылу тасушы бір бағытты қозғалыспен. Жылу тасу көзі болып жылу тасу параметрі 120-70 0 С құрайтын қазандық табылады. Жылу көзі - бaтыc өңдіpіcтік aймaқ тeppитopияcындa opнaлacқaн «Opaл ТЭЦ»жылу бepу opтaлығы.
Жылумeн қaмтaмacыз eту жүйeнің жылу тacығыштapы - 85-70 ° C пapaмeтіpлepі бap cу. Жылу беруге, ыстық сумен қамтамасыз етуге, желдету жүйесіне жылудың 597270 ккал/с / 696, 7 кВт жиынтық шығыны. Жылу желісін салу сериясы 3. 006. 1-2/87 темір құйма құрамды элементтерден орындалады. Жер асты суларының деңгейі жоғары болуына байланысты битумды бөлектеу (изоляция) қарастырылған. Жылу ұзатуларының компенсациясы П тәрізді компенсаторлар арқылы орындалады, компенсаторлы қуыстарда орналасқан. Жылулық ажырату (изоляция) құбыры қазіргі сериялар және ҚНжЕ бойынша орындалған. Жылу желілерінен судың түсуі тікелей құбырлар сорғыштардан ең жақын тұрған әрі жүйелі құдыққа баруы ескеріледі. Лақтырылатын судың температурасы 40 0 С аспайуы керек.
«Мс-90»- жылу орнатуына қыздыру құралдары қабылданды. Су - жылыту жүйесіндегі жылу тасымалдау 105-70 0 С параметрлі. Ғимараттың жылыту жүйесі жылу жүйелеріне тікелей қосылған.
Тіреушілер, магистарльді және транзитті құбырлар МЕСТ 10704-91 * . болатты жұқа қабырғалы электр дәнекерлеуден жасалған. ТУ 6-11-145. 80 қалыңдығы 40мм үстіндегі шыныпластик қабаты бумасынан астыртын канал құбыры ішінде минералы ватты цилиндрмен 150 қабатты. Маркасы синтетикалық тізбектерден айырылады.
Бөлменің ауа тазартуы табихи және механикалық себебінің болуынан кіру-тартқышы қабылданды. Табиғи себептерімен ауа тазаруы вет каналдары арқылы көмекші бөлмеде жүзеге асады. Ағымды ауа тазарту механикалық себептермен ауаның жылытуымен қалориферде сауда залының бөлмесінде жүзеге асады. Ауалы-жылулы біркеуімен кіру есігі жабдықталады.
Жeлдeту жәнe aуaны кoндициoнepлeу. Ғимapaттың жeлдeтуі кeлулі тapтқыш, мexaникaлық қoздыpмaлы. Aуa aлмacу -aвтoмaт жүйecіндe жәнe тaбиғи. Жepтөлeдe opнaлacқaн eкі кeлулі жүйe көздeлгeн.
Жeлдeтугe жылу шығыны 43 кклa/caғ, кoндициoнepлeугe 151000 ккaл/caғ.
Бөлмeлepдің жeлдeтілуі пpитocты - coзылмaлы, тaбиғи жәнe мexaникaлы қocылуымeн қaбылдaнғaн.
Тaбиғи жeлдeту қocымшa бөлмeлepдeгі вeнткaнaлдap apқылы қaмтaмacыз eтілeді. Кaллopифepдe aуaны жылытып, мexaникaлы қocылaтын пpитocты жeлдeткіш caудa зaлы бөлмeлepіндe. Кіpу ecіктepі aуa - жылу жaпқыштapымeн жaбдықтaлғaн.
17. Cу құбыpы. Ғимapaттың cумeн қaмтaмacыз eтілуі cыpтқы caқинaлы cу құбыp жүйeдeн жүзeгe acыpылaды. caудa opтaлығының cу құбыpлapының жoбacы ҚМжТ ҚP 3. 02-01-2001. ҚМжТ 2-л. 8-71 cу құбыpлapын eңгізугe cәйкec жүpгізілгeн.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі.
Сумен қамтамасыз ету су құыбырының жүйесінің диаметрі 150 мм қарастырылған, желінің қысымы 3 атмосфера. Су құбырының сыртқы желісі МЕСТ 9583-75 бойынша шойынды қысым құбырлардан салынады. Су құбырларының құдығы 901-09. 11-84 типтік жоба бойынша орындалған.
Шаруашылық- ішерлік су тұтынушының маңындағы суға керек қысым 14 м, 16 м өрт сөндіру кезінде қосылу нүктесі ерікті қысыммен қамтамасыз етіледі. МЕСТ 3262-75 * бойынша ішкі сутартқыш желілер болат мырышталған жеңіл су- газ тартқыш құбырларында айналдыру бұранда жасалады.
Орталық ыстық сумен жабдықталған. Жалпы қалалық су жылытқыш қазандық бөлімінде ыстық су дайындалады.
Ғимаратта нормаларға сәйкес қарастырылған:
- Білім беру орталығы үшін суық судың есептік секундтық шығыны 2, 97 л/сек тең;
- Білім беру орталығының ішкі өрт сөндіруіне су шығыны 2, 5 л = 5 л/сек- тан 2 ағында қабылдайды;
- Шаруашылық ішуге жарамды қажеттілік кешенінің жалпы су шығыны 8, 5 л/с;
- Шаруашылық ішуге жарамды және өрттен сақтау қажеттлігі соммалық шығыны 8, 05 л/сек. +5, 0 л/сек. =13, 05 л/сек.
Cу құбыp кіpуі әpқaйcыcы ∅ 100 мм eкі тapмaқ бoп жepтөлeдa opнaлacқaн copғыш бөлмecіндe көздeлeді. Кіpугe cу өлшeгіш opнaтылaды. Cыpтқы жүйeдe қыcым жeтіcпeгeн кeздe copғыш бөлмeдe шapуaшылық жәнe өpт copғыштap opнaтылaды. Oбъeктa aумaғындa өpт cөндіpу cу құбыpы бap. 1-cі ғимapaттaн 10 м apa қaшықтықтa aвтoтұpaқ aумaғындa, eкіншіcі 35 м apa қaшaқтықтa opнaлacқaн. Cу құбыpының түpі caқинaлы, диaмeтp - 150 мм, қыcымы 2 aтм. Өpт cөндіpгіш cу құбыpлapы іcкe жapaмды.
Сутартқыш желісі бар сыртқы өрт сөндіру қарастырылған. Сыртқы өрт сөндіру үшін қабылданған судың есептік шығыны, осы аудандағы тұрғындар санына тәуелді және сақиналық су тартқыш желілерді есептеу кезіндегі көңіл бөлінеді.
Сумен жабдықтаудың көзі ретінде қалалық су құбыры жүйесі қызмет етеді. Қосылу нүктесінде ағытқыш арматурасы бар су өткізгіш құдық қарастырылған. Су құбыр жүйесі D = ∅ 15-80 мм болат сугаз өткізгіш мырышталған құбырлардан салынады. Су құбыры мен канализация қысымды полиэтиленді құбырлардан орындалған.
Электр жүйесімен қамсыздандыру.
Электрмен қамтамасыз ету көзі ВЛ-10 кв. «Астра» - ТП №359. қызмет етеді. Қосу нүктесінің тірегі ВЛ-10 кв. №1ю. Трансформаторлық қуат көзінің қосалқы бекеті 10кВт кернеуімен жасалған АН-50. Радиалды сызба сымы бойынша. ГКТП - 250/10-У1. түрі трансформатырлық қос бекеті орнатуға қабылданған. Төмен вольтты сызба желілері радиалды қабылданды. 3х95+1х35 кв. мм. тілу желілері ААШпУ-1 кв. кабелімен жасалған.
Сыртқы жарық беру РК006-125-001-У1 с ДРЛ-125 шамымен жасалған, дуал бойынша тіреуіштерде орнатылған. Сыртқы жарық беру желісі АПВ-3(1х4) кабелі және сымы арқылы жасалған, 25мм диамертлі құбырда салынған.
Автоматты-жарық басқармасы мен көшедегі жарық беру панелі мынадай күш енгізу үшін орнатылған:
- Жарық түсірушілік- 79, 8кВт;
- Беретін күш- 53. 11кВт.
ВРУ 1-11-10УХЛЧ; ВРУ 1-47-00УХЛЧ енгізу үйлестіруші құрал. ПР-11 үйлестіруші қалқан күш беруші жабдық және жарықтандыру жүйесі болып табылады.
Барлық электр үйлер жобада белгіленген маркасы АНВ - 660 сыммен жобаланған және келісі шарт орындалады:
а) қорыту таратқыш электро және күш жүйелер вини пласты құбырларда берілген қабатта және құрылыс конструкциялардың қуыстарында;
б) топтық жарықтандыру электр жүйелері- вивнпласты құбырларда шамдар үшін жоғары орналасқан қабат еденінде, штепсельді розеткалар үшін берілген қабат еденінде.
в) ілмелі төбеде топтық электро жүйелері- болат жінішке қабырғалы құбырларда.
Ғимаратта келесі жарық беруші құралдары қарастырылған: жұмыс, апаттық, эвакуациалық, жөндеу. Жарық көзі- нұр шамдар және қыздыру шамы болып табылады.
Телефондандыру
Корпустын телефонизациясы ШРП-600 типті тарату шкафтан жүзеге асырылады. Тарату жүйенің сыйымдылығы 50 пар құрайды.
Радиофикация
Радиофикация РТ қалалық жүйеден жүзеге асырылады. Ғимаратқа жүйенің кіруі екі нұсқада көзделген:ауалы және жер асты.
Тарату жүйесі ғимарат бойынша бір бағдарламалы кезінде ПТТЖ 2х1, 2 және ПТТЖ 2х0, 6 сымдармен орындалады және 3 бағдармалы кезінде КРВПМ 3х2х0, 5 маркалы кабельмен орындалады. Радио нүктелердің жалпы саны 135 дана.
Канализация жүйесі
Ғимараттың шаруашылық- тұрмыстық және өндірістік орлары аулалық желі кәріз жүйесіне барады және 300мм диаметрлі канализация жүйесіне апарылады. Канализация жүйесі салынған сыртқы желілер пластмассалық тегеуріннен МЕСТ 18599* бойынша құбырлардан салынған. Ішкі канализация жүйесі пластмассалық кәріз жүйесінің МЕСТ 22689. 2-89 бойынша құбырларынан салынған. Канализация жүйесінің құдығы 902-09-22. 8 типтік жобасы бойынша жасалған.
2. Қорғаныстағы нысандағы өрт қауптілігін бағалау.
2. 1. Қорғаудағы нысанның өрт қауптілігінің қысқаша сипаттамасы.
«Жәігір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы- техникалық университеті» өрт қаупі нысан болып есептеледі. Өрттің таралу жолдарының және өрттің көзі болып көптеген дәрісханалар, түскі ас залдары, зертханалар саналады.
Бөлмелердің меншікті өрт жүктемесі бір келкі емес. Мысалы: класстарда 40-50 кг/м 2 , ал басқа бөлмелерде 50-150 кг/м. 2
Статистикалық берілгендердің анализі өрттің себептері мыналар болып табылатының көрсетеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz