Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНДЕГІ
«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ» АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТАНШЫЛДЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ1-кітапСтуденттік топтар кураторларына көмек ретінде
2-ші басылым, өңдел. және толық.
ӘОЖ 323 (574) =512. 122
КБЖ 66. 3 (5 Каз) =632. 4
Қ 18
ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтің редакциясымен.
Құрастырушы aвторлар: Байжабагинова Г. А., Матвеенкова Л. Г., Волкова А. В., Сламбекова А. К., Смағұлов Н. Қ., Шаймұханова С. Д., Колесникова Л. И., Сиводедова А. В., Нығметова Н. Т., Нөкербекова А. Х., Баймұханова Ә. М., Марченко К. С., Жұмақанова Ұ. С., Колесникова Л. И., Ивлева Е. Н., Қарасартова М. М., Шорманбаева Д. Г., Сүлейменова М. Ж.
Қ 18 Қазақстан Республикасы Президентінің тұлғасының қазақстандық отаншылдықты қалыптастырудағы ролі . Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 1-кітап / ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтің редакциясымен. - 2-ші басылым, өңдел. және толық. - Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2011. - 135 б.
Жинақта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көп қырлы қызметінің әр түрлі жақтарын ашатын мақалалар берілген. Жинақ материалдары кураторларға Қазақстан Республикасы Президентінің тұлғасы өнегесінде қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру бойынша куратор сағаттарын және басқа іс-шараларды дайындау үшін ұсынылады.
КіріспеӘОЖ 323 (574) =512. 122
КБЖ 66. 3 (5 Каз) =632. 4
© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2011
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың білім ордасы. Университет ректораты, профессорлық-оқытушылар құрамы қазіргі заманғы қоғамның талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетті, білікті, бәсекеге қабілетті инженер кадрларын даярлауды өздерінің басты міндеті деп санайды. Оны жүзеге асыру үшін біздің университетте жоғары кәсіпті оқытушылар, қазіргі заманға сай жабдықталған оқу-әдістемелік және зертхана- лық база бар. 2008 жылы университетте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев атындағы Электрондық оқыту технологиялары орталығы (ЭОТО) ашылды, ол қазіргі заманғы ең жаңа технологиялар мен әдістемелерді, соның ішінде бейнедәрістерді, мультимедиалық тұсаукесерлерді және т. б. пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, біз әлеуметтік бағытта жол бастаған экономикасы бар, демократиялық қоғамды құру үшін жастардың өнегелі және рухани дамуы қажет деп ойлаймыз. Қазақстан дамуының қалай және қаншалықты сәтті болуы көбінесе осы жастардың саяси жігеріне, құндылықтарына, мақсат- мұраттарына байланысты болады. Сондықтан біз қазақстандық жас ұрпақтың бойында отаншылдық, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, тәрбие жұмысын жетілдіруді өзіміздің тағы бір маңызды міндетіміз деп білеміз.
Қазіргі Қазақстанның көптеген табыстары тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен, оның саяси ерік-жігерімен, дана көрегендігімен, Қазақстанды экономикалық тұрғыдан мықты, демократиялық мемлекет етуге деген орасан зор ынтасымен тығыз байланысты екенін білеміз.
Қазақстандықтар ел экономикасын тұрақтандыру мен жаңартуды, Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен стандарттарын жоғарылатуды, экономикалық серпін стратегиясын әзірлеуді және Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруін, саяси жүйені демократияландыруды, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам негіздерін құруды, адамның қоғамдағы құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін жағдай тудыруды, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің сақталуы мен нығайтылуын Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың атымен байланыстырады. Оның басшылығымен Қазақстан мемлекетті күшейту және көпшілік мойындаған демократиялық құндылықтарды дамыту арасында үйлесімді баланысты ұстай алып келеді.
Еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей қабілеттерінің арқасында Қазақстан Республикасы посткеңестік елдер үшін дамудың моделі болып табылады. Қазақстанды ауқымы бойынша аймақтық көшбасшыға айналдырудағы, қоғамды тиімді реформалаудағы, аймақтық және жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы, мемлекетті әлемдік қауымдастыққа кіріктірудегі мемлекет басшымыздың табыстары шүбә келтірмейді. Ол Еуразия экономикалық қауымдастығын (ЕурАзЭҚ), Азиядағы өзара іс-қимыл және
сенім шаралары бойынша Кеңесті (АӨСШК), Шанхай ынтымақтастығы ұйымын (ШЫҰ) құрған бастамашылардың бірі болды.
ҚР Тұңғыш Президенті тұлғасының даналық, көрегендік, табандылық және қажымас қайрат сияқты қасиеттері, сондай-ақ Қазақстанды гүлдендіру мен дамытуға шақырған үндеуі үшін бүгінгі күні көптеген Қазақстан азаматтары Н. Ә. Назарбаевқа деген ерекше ілтипатын білдіруде. Қазіргі таңда Н. Ә. Назарбаев - еліміздің Президенті ғана емес. Ол - жаңа типті көшбасшы, мемлекеттік көшбасшы, Қазақстан Республикасын қазақстандықтардың алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдік қауымдастықтың алдында бейнелейтін көшбасшы.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студенттер тәрбиесінің кешенді бағдарламасы әзірленген, оның құрамдас бөлігі - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасының өнегесінде студенттерге отаншылдық тәрбие беру бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарлама теориялық, құқықтық негіздеуден және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстардан тұрады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өнегесінде студенттерге отаншылдық тәрбие беру бағдарламасын іске асыру барысында студенттер Н. Ә. Назарбаевтың өмірлік жолының негізгі кезеңдерімен, оның егеменді Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани негіздерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен, оның әлемдік қауымдастықта еліміздің жағымды бейнесін қалыптастырудағы және Қазақстан Республикасын аймақтық көшбасшыға айналдырудағы рөлімен танысады. Ол үшін тәрбие жұмысының әр түрлі түрлері, соның ішінде куратор сағаттары,
«дөңгелек үстелдер», баяндамалар мен рефераттар конкурстары, пікірталастар, диспут және т. б. пайдаланылады. Студенттердің тәрбиелік шаралар барысында алған ақпаратын өз тұлғаларының дүниетанымдық көзқарасына айналдыру қажет. Сондықтан тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырушылар дайындық кезінде мүмкіндігінше көп студенттерді жұмылдыра отырып, осылайша оларды әрбір қатысушыға максимум жақындата түсіп, нысаншылдық пен алдын-ала ұйымдастырудан аулақ болуға тырысады.
Осы жинақта ұсынылған материалдар Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларымен әзірленген және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өнегесінде студенттерге отаншылдық тәрбие беру бойынша куратор сағаттарын өткізуде кураторларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған. Жинаққа берілген қосымшада куратор сағаттарының үлгі тақырыптамасы, сондай-ақ конференциялар, «дөңгелек үстелдер», диспуттер тақырыптамасы ұсынылған.

(ҚарМТУ тәжірибесінен)
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
ҚР ҰҒА академигі
Ғазалиев А. М.
Құрметті әріптестер!
Отаншылдық тәрбие беру қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Отаншылдық тәрбие беру идеясына негізделген, қуатты мемлекеттің жарқын үлгісі Америка Құрама Штаттары болып табылады. АҚШ- та отаншылдық, осы елдің азаматы болғаны үшін мақтаныш сезімі балалық шақтан бастап бойға сіңіріледі. Мысалы, Вашингтонда Арлингтон зиратында Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза болған, Белгісіз солдат қабірінің жанында әр сағат сайын қарауыл ауысып тұрады. Тарихи жағдайларға байланысты Еуропаның көптеген елдерінде тарих пен отаншылдық өз ара ажырамас байланыста деген ұстанымнан шыққан, отаншылдық тәрбие берудің жалықтырмайтын әдісі пайдаланылады.
Қазіргі қарқынмен өзгеріп келе жатқан қоғамға тән ерекшеліктердің бірі оның дүдәмалдылығы мен тәуекелдігі болып табылады. Тәуекелділік әр түрлі топтардың әлеуметтік мәселелерінің негізінде жатыр. Оның басты себебі қоғамның барлық салалары мен адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлерін қамтитын, кешенді өзгерістер болып табылады. Осындай жағдайларда қоғамның ерекше типі - тәуекелшіл қоғам қалыптасады. ХХ ғасырдың 90- жылдарындағы ұзаққа созылған әлеуметтік дүдамалдылық кезең жас қазақстандықтардың дүниетанымына қатты әсер етті. Орта мектептер мен кәсіптік мектептердің оқушылары арасында, олардың өз айтулары бойынша, әрбір үшінші оқушы, ал ЖОО студенттері арасында әрбір екіншісі оқу үрдісі барысында үнемі тәуекелдік әрекеттер жасауға мәжбүр болады. Тәуекелдік орта жастардың әлеуметтік және рухани-адамгершілік дамуын едәуір баяулатады. Нәтижесінде қоғамда терең идеологиялық вакуум пайда болады.
Сонымен бірге, қазіргі әлемде жас адамдардың ойы мен санасы үшін нағыз соғыс жүріп жатқаны құпия емес. Қазіргі жағдай жаһандық қаржы дағдарысымен асқынып тұр, дағдарыс жағдайында ескі проблемалар шиеленісіп, жаңалары пайда болып жатады.
Осындай қиын жағдайда бұрынғысынша күресуге болмайды және біздің барлығымыздың ортақ міндетіміз күресуге сай келетін әдістерін іздеп табу болып тұр. Біз нақты адам - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың өнегесінде тәрбиелік сипаттағы мәселелерді шешудің тиімді әдістерін ұсынамыз.
Қазіргі Қазақстан тарихындағы қоғамдық өмірдің барлық саласында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі, атқарған маңызды рөлі бірден байқалып тұрады. Н. Ә. Назарбаевтың ел Президенті болуына ғана емес, өз халқының да, шетел халықтарының да алдында Қазақстанның мүддесін қорғайтын, нағыз ұлттық Көшбасшы бола білуіне ерекше мол ішкі қайраты, керемет ерік-жігері, табандылығы және даналығының арқасында қол жеткізді.
Осы айтылғандардың барлығы Н. Ә. Назарбаевтың тұлғасын өз Отанына, өз халқына шексіз беріліп қызмет етудің жарқын мысалы, отаншылдық үлгісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
2008 жылдан бастап ҚарМТУ-да студент жастарда қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өнегесіндегі студенттерге отаншылдық тәрбие беру моделі өңделді және ойдағыдай іске асуда, ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
20 жылдығына Президент Н. Ә. Назарбаевтің маңызды стратегиялық бастамаларын есепке ала қайта өңделген және толықтырылған.
Отаншылдық тәрбие беру Моделінің мазмұнды бөлімі тәрбиелеу процесінің қисынды сабақтас 7 оқу семестрін қамтитын кезеңдерден тұрады:
«Қазақстан Республикасы Президенті тұлғасының қазақстандық отаншылдықты қалыптастырудағы ролі», «Қазақстан Республикасы әлемдік саясат жүйесінде», «Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар», «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы», «ҚарМТУ-дың даму тарихы», «Экология және ұлт денсаулығы», «Құқықтық тәрбие негіздері».
Отаншылдық тәрбие беру Моделін тиімді дамыту үшін ҚарМТУ-да тәрбиелеу процесіне «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру: теория және практика» атты монография шығарылды, қазақстандық отаншылдықты ғылыми-зерттеу ретінде студент жастарда оны қалыптастырудың құбылысы мен процесін ұсынады. Сонымен қатар, «ҚарМТУ-да студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде ендірілген куратор сағаттарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар» DVD дисктермен, онда ашық куратор сағаттары жазылған. Отаншылдық тәрбие беру Моделі Президент Н. Ә. Назарбаевтың қызметіне арналған видеолекциялар топтамасына басты роль аударған.
2008 жылдан ҚарМТУ-да отаншылдық тәрбие берудің даму қарқыны мен әлеуметтік зерттеу жағдайы жыл сайын өткізіледі, ол отаншылдық тәрбие беру Моделінің іске асу тиімділігін айқындауға мүмкіндік береді.
Сондықтан, ҚарМТУ-дағы отаншылдық тәрбие беруді іске асыру тәжірибесі ҚР Парламент Мәжілісінде екі рет талқыланды: 2009 жылы 21 сәуірде ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Әлеуметтік Кеңес фракциясында ұйымдастырылған Парламенттік тыңдаулар барысында және 2009 жылы 10 желтоқсанда Мәжіліс шеңберінде болған «Қазақстан жастарының отаншылдық тәрбие берудегі ролі: мәселе, болашақ, шешу жолдары» атты дөңгелек үстел. Екі талқылау барысында Модель құрылымы
және оның іске асу нәтижесі депутаттардан, білім беру қызметкерлерінен, қоғамдық және жастар ұйымы өкілдерінен қолдау және көмек алды.
2009 жылы 17 қыркүйекте отансүйгіштік тәрбие беру Моделін талқылау мамандар жағынан жоғары баға алған, Болон қаласындағы (Италия) халықаралық конференцияда өтті.
2010 жылы 8 қазанда «Жастардың отансүйгіштік тәрбиесі: жағдайы және болашағы» республикалық семинар-кеңес өтті, онда азаматтылық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жастар ұйымы қызметін белсендіру және оқу орындарында біріктіру туралы қарар қабылданды.
2011 жылы 10 желтоқсанда «Қазіргі жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың мәселелері мен әдістері» I Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды және өткізілді, онда ҚР БҒМ жастар саяси департаментінің өкілдері, республиканың ЖОО бастаушы ғалымдары ат салысты.
Сайып келгенде, ҚарМТУ да өңделіп және енгізілген отаншылдық тәрбие беру Моделі қажетті теориялық және әсерлі негіздерге ие, өзімен жүйелік, әр түрлі тәсіл мен әдістерді есепке ала отырып отансүйгіштік тәрбие беру кешенін игерілген қазіргі педагогикамен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның практикалық тиімділігі әлеуметтік зерттеу қорытындысы ретінде бекітілді, сонымен қоса университетте өткізілетін қоғамдық-саяси және басқа шараларға студенттердің нақты оң өзгерісті қатынасы.
Құрметті достар!
Теодор Рузвельт: «Сен өз елің үшін өлімге дайын болуың қажет, бірақ ол үшін өмір сүруге дайын болуың одан да қажет, - деген.
Біздің ұсынған жұмысымыз бәріміз үшін ортақ іс - мемлекетімізді нығайтуға қосқан елеулі үлес болып, өз елінің шынайы отаншыл азаматын тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдімін!
Отаншылдық әлеуметтік өмір құбылысы ретінде
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, с. ғ. к.
Матвеенкова Л. Г.
Қоғамдық өмірде дүние танымның негізін Отанға арналған идеялар құрайтын, саяси және басқа көзқарастардың патриотизммен байланысы бар болған жағдайда ғана жеке тұлға үшін маңызы болатын кезеңдер бар. Бұл - ұлттық сыналу, ұлттық жандану және жаңа мемлекеттердің қалыптасу дәуірлері, олардың саяси өміріндегі күрт өзгерісті кезеңдер дәуірлері. Осы кезеңдерде құнды бағдарлар ауысып, халықтың барлық топтарының әлеуметтік жағдайы мен мүдделері өзгеріп жатқанда, патриотизм оның маңында қоғамның салауатты күштері топталатын нығайтушы өзек болады. Атап айтқанда, осы отаншылдық адамдардың өмірі мен қызметіне мән-мағына береді, олардың бірігуіне көмектеседі және Н. Ә. Назарбаев сөйлеген сөздерінің бірінде атап өткендей, «елді құрудың іргетасы» болады.
Патриотизм деген не? Егер осы сөздің этимологиялық мағынасына сүйенсек, онда бұл «patris» деген латын сөзінен шыққан, сөзбе-сөз аударғанда
«Отан» деген сөзді білдіреді. Осыған негізделіп, әр текті сөздіктер патриотизмді мазмұны өз Отанына сүйіспеншілік пен жан қиярлық, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, өзінің жеке және топтық мүдделерін елдің ортақ мүдделеріне бағындыруға әзірлік, Отанға қызмет етуге ұмтылу, оны қорғау болып табылатын әлеуметтік сезім ретінде түсіндіреді.
Дәл осы идея әр дәуірдің ұлы адамдарының айтқан ұлағатты сөздерінде де басым болып табылады. Біздің дәуірімізге дейін көптеген ғасырлар бұрын Цицерон былай деп жазған: «Бізге ата-анамыз, балаларымыз, жақын туыстарымыз қымбат. Бірақ бір нәрсеге сүйіспеншілік туралы барлық түсініктер «Отан» деген бір сөзде қосылады». Т. Г. Шевченко өзінің өлеңдерінде патриотизмнің не екенін жарқын, бейнелі көрсеткен: «Кімнің туған еліне сүйіспеншілігі болмаса, онда ол жүрегі жұтаң жарымжан адам». Бауыржан Момышұлы: «Ұлттық намыс - ұлттың бойындағы қасиеті және бұлжымайтын қағидасы. Өз ұлтын құрметтей білмеген, оны мақтан ете алмаған адам - сөз жоқ тексіз, бұралқы адам. Намысты адам намысы барды қадірлейді және намысы жоқты сыйламайтыны заңдылық». Сондай-ақ, ақырында, А. Толстойдың пікірі бойынша: «Патриотизм - бұл өз Отанына деген махаббат қана емес. Бұл анағұрлым үлкен . . . Бұл - өзінің Отаннан ажырамайтынын сезіну және оның бақытты да, бақытсыз күндерін ажырамастан онымен бірге бастан кешіру».
Біз, патриотизмнің қоғамды бірлестіру, үйлестіру, көп дидарлы адамзат қауымдастығындағы оның өзіндік ерекшелігін сақтау негізі болып табылатын,
ерекше маңызды рухани құндылықты білдіретінін көреміз. Оны тар, бір мағыналы ұғымға келтіруге болмайды. Ол көп қырлы және біртекті емес. Бір кездері: «С чего начинается Родина? С картинки в твоем букваре…» - деген сөздермен басталатын өлең өте танымал болған. Шындығында, адам үшін Отанына деген сүйіспеншілік оның туып-өскен, өмірі өткен, оның барлық қуанышы мен қайғысын көрген жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Мұны Г. Бельгер өзінің повестерінің бірінде өте кең білдірген: «Сколько же смысла, оттенков, добра и любви в коротком слове «Эль»! Оно означает мой край, моя родимая сторонушка, близкие мои люди - сородичи, мой аул и его окружение, край моих предков, моя малая родина, край, где капнула первая капля крови от моей пуповины, край - опора, край - защита, край - отрада, земля моей чести, моей совести. Люди, живущие на той земле, где каждый друг перед другом в ответе, где издревле, может, даже с незапамятных времен один за всех и все за одного».
Сонымен, патриотизм - бұл кешенді рухани және әлеуметтік феномен, оған өз еліне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, өзінің күші мен қоғамның күштеріне деген сенім кіреді. Бұл - тарихқа қатыстылықты жоғары сезіну және ел болашағы үшін жауапкершілік. Патриотизм - бұл идеология және психология, саясат пен адамның Отанға деген ерекше, көтеріңкі, шын берілген қатынасын білдіретін қызмет. Патриотизмнің құбылыс ретінде үш негізгі аспектіден немесе деңгейден тұратынын атап кету керек: когнитивті, өз Отанының тарихы мен мәдениетін білуді жорамалдайды, эмоциялық, өзінің еліне деген мәдени, тарихи және рухани тиесілілігін сезінуден, яғни өзін халықтың құндылықтарымен сәйкестендірумен айқындалады және тәртіптік, осы құндылықтар негізінде белсенді әрекет ету қабілеті мен қалауы ретінде түсіндіріледі. Сонымен бірге қазақстандық патриотизмнің ерекше құбылыс екенін ескеру маңызды, өйткені Қазақстанның көп ұлтты халқының бір, оны мекендейтін барлық халықтар үшін ортақ Отанға қатынасы жайында сөз болып отыр.
КСРО ыдырауы және егеменді Қазақстанның қалыптасуы қоғамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында - экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік және рухани салалардағы құрылымдық өзгерістермен жалғасты. Олар адамдар санасында өзгерістер тудырмай қоймады, олар көпшілігінде ескі құндылықтар мен мақсаттарды жоғалтумен, дүние таным дағдарысымен жалғасты. Егемендігін жариялаған Қазақстанның алдында жаңа қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси базасын құру ғана емес, сонымен бірге ел азаматтарының мемлекеттік сәйкестігін, яғни азаматтықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау міндеті тұрды. Берілген факторды есепке алып, Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «В потоке истории» кітабында мемлекеттік сәйкестік проблемасын шешу принциптерін тұжырымдады. Уақыттың өзі дәлелдегендей, осы бағдарламаның басты акцентін Н. Ә. Назарбаев өте көрегендікпен және даналықпен этникалық ортақтықты қалыптастырудан (бұл көптеген посткеңестік республикалардың негізгі идеясы болды және кейіннен этникааралық даулар тудырды) азаматтықты қалыптастыруға ауыстырды: «Еліміздің көп ұлтты құрамы, көп
конфессиялылығы - осының барлығы сәйкестік туралы мәселені шешуге, ал атап айтқанда, біріншіден, біртұтас азаматтық және саяси ортақтық ретінде Қазақстан халқына қатысты, ал екіншіден, басты саяси құндылық - ұлттық тиесілігіне байланыссыз, барлық қазақстандықтардың Отаны - бірыңғай, аумақтық тұтас және тәуелсіз Қазақстанның айналасында құрылатын ұлттық мемлекеттік идеяға қатысты екі деңгейлі амалдың қажеттілігін ұсынады». Бұдан бұрынырақ бұл идея ҚР Конституциясының бастама бөлімінде: « Біз, ортақ тарихи тағдырмен біріктірілген, Қазақстан халқы …», - деп жарияланған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz