Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PhD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ
ӘӨЖ
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6М010500 - «Дефектология»
Дефектология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы
Ғылыми жетекші:
Алматы, 2012
МАЗМҰНЫКіріспе.
1 Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым-қатынас мәселесін талдау. .
- Психология және педагогика ғылымында қарым-қатынастың тұжырымдамасы.
- Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым-қатынасының зерттелуінің жағдайы
- Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері. .
- Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бойынша түзету-педагогикалық жұмыстың бағыттары. .
- Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын қалыптасуын эксперименттік тұрғыда зерттеуЗерттеудің мақсаты, міндеттері, эксперименттің нәтижелері. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын қалыптастырудың бағдарламасы. . Қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
БҰЛ ДИССЕРТАЦИЯДА КЕЛЕСІ СТАНДАРТТАРДЫҢ СІЛТЕМЕЛЕРІ ҚОЛДАНЫЛҒАН
1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 2007ж.
2. Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңы. 11. 07. 2002. №343
3. Международные нормативные правовые документы «Декларация о правах инвалидов»
4. Методические рекомендации деятельности специальных (коррекционных) организаций образования для детей с ограниченными возможностями. - Астана, 2005. - Приказ МОН РК №730.
Атаулар мен қысқартулар
ЖСТД - жалпы сөйлеу тілі дамымаған;
ПМПК - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес;
ДДҰ - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
БҰЛ ДИССЕРТАЦИЯДА АНЫҚТАМАҒА СӘЙКЕС ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ
- Мүмкіндігі шектеулі тұлға- белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі балалар.
- Психикалық кемістік- адам психикасы дамуының және жұмыс жасауының уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық, сөйлеу тілі, эмоциялық еркі, ми, ақыл-ой бұзылыстарының салдарынан психикалық дамуының тежелуі немесе осыған байланысты оқып, үйренудегі өзіндік қиындықтар.
- Кемтар балаларды әлеуметтік және педагогикалық-медициналық түзеу арқылы қолдау- кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулықты сақтау ұйымдарының қызметі.
- Дене кемістігі- ағзасы (ағзалары) дамуының және жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылыстар.
- Ауыр кемістік- мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қол жетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерін немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық немесе дене кемістігі.
- Медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика- әр-түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің сайма-сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық дене дамуын кешенді салааралық бағалау.
- Арнайы білім беру- кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып, білім беру.
- Арнайы білім беру бағдарламалары- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар.
- Арнайы білім беру жағдайлары- техникалық және өзге де көмекші құралдары, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де қызметтерді қоса алғанда, арнайы білім алу үшін жасалатын жағдайлар.
- Арнайы білім беру ұйымдары- кемтар балалардың диагностикасы және кеңес алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, оңалту орталықтары, балабақшалар, логопедиялық пунктер және тағы басқа ұйымдар.
- Арнайы түзету ұйымдары- дамуында кемтар болып қалған балаларға арналған ұйымдар.
- Психологиялық тексеру- кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
- Әлеуметтік тексеру- тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтау.
- Медициналық тексеру- балалардың тіршілік әрекетінің шектелуіне себеп болатын жекелеген ағза қызметінің бұзылу түрін, ауырлығын анықтау.
- Педагогикалық тексеру- тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
- Кәсіби диагностика- бойындағы психикалық және дене кемістігін ескере отырып, балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
- Уәкілетті мемлекеттік орган(бұдан әрі уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау
саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде біздің елімізде және шет елдерде қарым-қатынас мәселесіне үлкен назар аударылып отыр. Қарым-қатынас мәселесін қарастыру медицина, арнайы психология, педагогика ғылымдарында өзекті болып келеді. Себебі, қарым-қатынас тұлға дамуына жағдай жасайтын негізгі фактор болып табылады, ол деңгей бойынша қалыптасады және басқа да көптеген факторлармен негізделеді.
О. К. Агавелян [1], Д. И. Альраххаль [2], Д. И. Аугене [3], Л. С. Выготский [4], И. И. Мамайчук [5], Л. М. Шипицына [6] және т. б. зерттеулерінің нәтижесі бойынша, зиятты зақымдалған балалардың танымдық үрдістері, тұлғалық қасиеттері, атап айтқанда қабылдау, тұлғааралық қарым-қатынас, эмоциялық аймағының ауытқуына алып келеді. Қабылдау мен басқа адамның жай-күйін түсіне алмау зияты зақымдалған балаларға тән қасиет, бұл ерекшелік қарым-қатынастың динамикасы мен қызметін өзгертуі мүмкін.
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңында дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты мәселелерді шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған [7] .
Бастауыш мектеп жасы - бала өмірінің негізгі кезеңі. Осы уақытта өмір талаптары кеңейе түседі. Бала өзі адами қатынас әлемін, түрлі әрекеттерді және адамдардың қоғамдық қызметтерін түсіне бастайды. Ол осы ересектер өміріне қосылуға және ол жерде белсенділік танытуға талаптанады. Сонымен бірге, өзбетінше әрекет етуге де тырысады. Осыдан құрдастарымен өзара қатынас жасау - балалардың өзбетінше қарым-қатынас аймағы туындайды.
Балалар әр уақытта өзгеріп отырады. Қоршаған ортаға, ересектерге, құрдастарына көзқарастары өзгереді. Компьютер пайда болганнан бастап, балалар құрдастарымен қарым-қатынас жасауға аз назар аудара бастады.
Осы берілген тақырыптың өзектілігі, яғни осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы жүреді. Мұны анықтаған Л. С. Выготский [4], Д. И. Аугене [3], А. А. Леонтьев [8], В. Г. Петрова [9] . Бала қаншалықты қоршаған ортадағы адамдармен оңай қарым-қатынас жасаса, соншалықты келешектегі өмірдегі орны, тағдыры, оқу, жұмыс әрекеті осыған байланысты болады. Осы кезеңде қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін өзінің сөйлеген сөзіне жауап беру және оны дұрыс ұйымдастыру дағдысы қалыптаса бастайды. Сонымен қатар, өзін талаптандыра алу, жеке және топтық әрекеттерді ұйымдастыру, әріптестік құндылықты түсіну, қарым-қатынас және біріккен әрекеттегі қатынас ерекшелігін меңгеру құрыла бастайды.
Арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулер В. А. Вяренен [10], Л. И. Даргевичене [11], Н. Л. Коломинский [12], Ж. И. Намазбаева [13], О. К. Агавелян [1] көрсеткендей, балалардағы зият кемістігі тікелей тұлғааралық қарым-қатынасқа, қоршаған ортадағы адамдар туралы елестерін қалыптастыру мен олармен толыққанды қарым-қатынас орнату кемшіліктеріне алып келеді.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жасауын қиындатады. Дамуында ауытқуы бар балалар қалыпты дамудағы балаларға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметтік көзқарасты қажет етеді. И. Лангмейер., З. Матейчек [14], И. В. Дубровина [15], М. И. Лисина [16], Е. О. Смирнова [17], А. М. Прихожан., Н. Н. Толстых [18], Л. М. Шипицына [6], және т. б. зерттеулерінде психикалық бұзылыс балалардың анасының депривациялық жағдайынан туындайды деп сипаттаған. Олардың көпшілігі ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуде қиындық танытады деп көрсетіледі. Осыдан, қарым-қатынасқа түсу қиындығы белсенділікте, өз беттілікте, оқу бағдарламасына үлгере алмаушылықта, әрекеттің өнімділігінде көрініс табады және тұлғаның жағымсыз қасиеттері мен психофизиологиялық теріс күй қалыптастырады. Қарым-қатынастың жетіспеушілігінен балаларда психикалық депривация жай-күйін тудырады. Зияты зақымдалған балалардың қарым-қатынас аймағында модельдеудің артта қалуы байқалады. Бұл қарым-қатынас құралдар қорының кедейлігі, коммуникативтік қарым-қатынастың төмендігі, балалардың байланысты орнату және сақтау бастамасының шектеулігі. Қазіргі кезде жоғарыда айтылған мәселені шешуге ықпал жасау бала дамуындағы екіншілік ауытқуды түзету және орнын басу зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас қызметінің көрінісін зерттеу қажеттілігіне негізделеді және тәрбиелеудің әр-түрлі жағдайында оны қалыптастырудың салыстырмалы талдауын жасау. Өкінішке орай, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зияты зақымдалған балалардың қарым-қатынас қызметінің ерекшелігі жайлы сұрақтар аз қамтылған.
Зерттеудің мақсаты: көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым-қатынасын эксперименттік тұрғыда зерттеу.
Зерттеу міндеттері :
- Зерттеу өзектілігі бойынша ғылыми-әдістемелік, арнайы психологиялық және арнайы педагогикалық, әдебиеттерді талдау;
- Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру;
- Зияты зақымдалған балалардың қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша әдістемелерді жинақтау;
- Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша түзете-дамыту жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері: эксперимент, әңгіме, бақылау.
Зерттеудің нысаны: зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің пәні: зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын анықтау ерекшеліктері.
Зерттеудің болжамы, егер: зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылардың қарым-қатынас барысын белсендіру үшін түрлі әдістер мен формалар, арнайы іріктелген түзетушілік сабақтар, ойындар және жаттығулар және баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында мамандар өзара біріге отырып жұмыс жасаса, онда бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы тиімді болар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
- Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылар қарым-қатынасының ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер алынды;
- Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылар қарым-қатынасының түрлі әдістері мен формалар мазмұны ашылып, құрылымы анықталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
Бұл жұмыста зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша теориялық материал жалпыланып, талданданды. Түзету-педагогикалық жұмыстың түрлі бағыттары талданып, қарым-қатынастың тұлғалық және танымдық мотивтерін қалыптастыруға түрлі жаттығулар, ойындар, сабақтардың тиімді әсерлері анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысында мұғалімдер мен ата-аналарға ұсыныстар берілді. Осы тақырып бойынша жинақталған материалдарды арнайы ұйымдарда тәрбиешілер, педагог-дефектологтар, ата-аналар пайдалана алады.
Зерттеу базасы: Арнаулы «Жанұя» кешені.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым-қатынас мәселесін талдау
- Психология және педагогика ғылымында қарым-қатынастың тұжырымдамасы
Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі айқындала түсуде.
Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім-тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психология ғылымына алғаш рет А. Ф. Лазурский [19] енгізген. Қарым-қатынас - тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Психологтар мен педагогтар А. Н. Леонтьев [20], И. Ф. Харламов [21] қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В. Н. Мясищев [22] оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірді. Б. Г. Ананьев [23], А. К. Маркова [24] сияқты ғалымдардың пікірінше, қарым-қатынастың бағыттылықпен, позициямен, әлеуметтік белсенділікпен байланыстылығы туралы пікірлер бар.
Басқа да авторлардың айтуынша, қарым-қатынас әрекеттің бір жағы, ол кез келген әрекетке біріктірілген, оның элементтері бар, осы жерде әрекеттің өзін қарым-қатынас жағдайы ретінде қарастыруға болады.
Қарым-қатынас пен әрекеттің сәйкестенуі осы уақытқа дейін бәсекеге түсіп келе жатқан мәселе. Қарым-қатынас пен әрекеттің байланысын отандық және шет елдік зерттеушілер психологиядағы әрекет теориясын ұстана келе мойындаған болатын.
Г. М. Андреева [25] мен М. И. Лисинаның [16] ұсыныстары бойынша, олар қарым-қатынасты біріккен іс-әрекет ретінде қарастырған және әрекеттен ажыратылатын феномен ретінде де көрсете білді. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарамастан, бұл мәселе толық шешімін таба алған жоқ, яғни психологиялық-педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынасқа түсе алмау себебінен болатын кәсіби әрекеттегі қиындықтар белгіленген. Сондықтан да, қарым-қатынастың белгілі бір нақты анықтамасы, сипаттама феномені, оның құрылымдық компоненттері, қалыптасу үрдісі, қарым-қатынастың сәйкес түсінігінің («тіл», «сөйлеу», «сөйлеу әрекеті») болмауынан бұл мәселе болашақта ары қарай зерттеуді қажет етеді.
Қазіргі психология ғылымында қарым-қатынас әрекетінің маңызды және қарастырылған сипаттамасы қарым-қатынас функциясы болып табылады. Функция түсінігі алуан түрлі анықталады. Философиялық тұрғыдан анықтама берсек, функция «жүріс-тұрыс әдісі, объект саны мен және осы объектіні сақтаумен сәйкестенетін немесе бір жүйеге кіретін объект элемент түрінде» түсіндіріледі.
Қол жетімді әдебиеттерде қарым-қатынас функциясына анықтама беруде келесідей ықпалды тапқан болатынбыз. Авторлар төмендегідей қарым-қатынас функциясын бөліп көрсетеді:
-ақпараттық-коммуникативтік - ақпаратпен алмасу;
-реттік-коммуникативтік - жүріс-тұрысты реттеуге жатады. Бұл адамдар арасындағы кең мағынадағы қатынаспен қамтамасыз етіледі.
-аффектілі-коммуникативтік - адамдардың ерік жігер сферасының детерминациясына жатады (Методологические проблемы… 1975, 10-бет)
Б. Ф. Ломовтың [26] көзқарасынша, «шынайы әрекетте қарым-қатынас қызметі біріккен түрде болады».
А. А. Бодалев [27] пен оның шәкірттерінің зерттеулерінде төмендегідей қарым-қатынас қызметтерін ажыратады:
-біріккен әрекетті ұйымдастыру;
-адамдардың бірін-бірі тануы;
-тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және дамыту.
Қарым-қатынас - педагогикалық үрдістегі өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Қазіргі кезде ащы да болса кездесетін шындық - кейбір ұстаздардың бойынан жат қылықтарды жиі ұштастырып қаламыз. Ондай олқылықтар мінез-құлыққа еніп, ұстаздардың кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынасты меңгере алмауына жағдай туғызады. Кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынастың ұйымдастырылуы - мұғалімдердің білім дәрежесінің сапасы мен шеберлігіне байланысты. Бұл айтылған тұжырымдама педагогикалық қарым-қатынастың жай қатынас еместігін, кәсіптік іскерлікпен орындалатын қарым-қатынас екендігін білдіреді. Қазіргі кезде жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау арқылды адамға ғана тән қасиет. Сондықтан мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру - психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады. Бұл салаларда жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жайттың бірі - мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиындықтардың үнемі кездесіп отыратындығы. Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жүзеге асыруда қарым-қатынасқа түсетін екі тұлға бар. Олар: мұғалім мен оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қарым-қатынасты оқу үрдісінде ұйымдастыру үшін төмендегідей кезеңдерді дұрыс меңгеруіміз қажет.
- қарым-қатынастың бірінші кезеңі - қарым-қатынасты модельдеу деп аталады. Бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және әдістемелік компоненттерімен тығыз байланыста болады. Әрбір топта қарым-қатынас үрдісінің өзгешелігі болады, демек, сол топтағы сабақтың да өтілуіне қарым-қатынас әсер етеді. Сабаққа әзірленудің белгілі үлгісі мынадай: бағдарламамен таныу, материалдарды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, бұған қоса алдағы уақыттағы қарым-қатынасты ұйымдастыруды болжау.
- топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі - тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру деп аталады. Тәжірибеде және жүргізілген зерттеулерде қарым-қатынастың бұл кезеңінің ерекше маңызды екендігі аңғарылады. Қарым-қатынас инициативасы табысты болған жағдайда мұны шартты түрде «коммуникативтік шабуыл» деп атауға болады. Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін және оны тәрбиелеуді меңгеру ең алдымен қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. (мәселен, оқыту тәсілдерін жүзеге асыру үрдісінде нақты психологиялық қарым-қатынастық сыр жатыр) . Мұғалімнің қарым-қатынасты ұйымдастыруды меңгеруіне мыналарды ұсынуға болады:
- топпен бастапқы байланысты жедел ұйымдастыру;
- ұйымдық шаралардан (амандасу, отырғызу т. б. ) нақты іс пен жекелей
қарым-қатынасқа дереу ауысу;
- топтағы әлеуметтік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, «біз»
деген ортақ сезімді қалыптастыру;
- жеке оқушылардағы жаттанды және келеңсіз құбылыстарды жою;
- топпен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;
- өзара қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде ұжымды жұмылдыруға
ықпал ететін міндеттер мен мәселелерді қою;
- сыртқы коммуникативтік түрлерді: ұқыптылықты, жинақылықты,
белсенділікті, тілектестікті, жарқын жүзділікті т. б. барынша енгізу;
-айқын, тартымды әс-әрекет мақсаттарын қою және оған жету жолдарын
көрсету;
-үшінші кезең - қарым-қатынасты меңгеру. Мұнда мұғалім шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативті міндеттерді шешеді. Мәселен, қарым-қатынас арқылы зейінділікті меңгереді. Ал педагогикалық қарым-қатынас үрдісінде мұндай міндеттер көптеп туындайды. Қарым-қатынас барысында оқу-тәрбие ақпаратын нақтылаудың оны педагогикалық үрдістің өзгермелі жағдайына ыңғайлай білудің, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескерудің айрықша маңызы бар. Оқушылармен қарым-қатынас орнатқан уақытта оның темпераментімен де санаса отырып, соған лайық қарым-қатынас орнатудың мәні ерекше. Мысалы, топтағы оқушылардың оқу сапасы әр-түрлі болып келеді. Айталық, топқа холерик оқытушы, яғни жүйке жүйесі мықты, бірақ біркелкі емес адам келді делік. Оған темперамент типі флегматик оқушының жауап беруі тым баяу болды. Ал оқытушы холерик. Міне, сондықтан да ол бірнеше секундтан кейін-ақ күйгелектеніп, шыдамы кете бастайды, өйткені, ол қарым-қатынас жасап отырған оқушының жүйке жүйесін ескермейді. Соған байланысты мұғалімдер қарым-қатынасқа түсіп отырған оқушылардың әрқайсысымен психологиялық байланыс жасап және олардың жан-дүниесіне дұрыс ене білудің тәсілін қарастыра білулері керек. Сонымен бірге оқушы мұғалімнің тілектестік ниетін үнемі сезініп отыруы керек.
-педагогикалық қарым-қатынастың төртінші кезеңі - жүзеге асырылған
қарым-қатынасты талдау. Мұғалім қарым-қатынастың осал жақтарын да айқындай білуге, оқушылармен өзара әрекет жасаудағы байланысына қаншалықты қанағаттанғандығын талдап, ұжыммен алдағы болатын қарым-қатынас жүйесін жоспарлауы тиіс.
Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz