МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Отбасылық тәрбиедегі этникалық мәдениет құндылықтарға тәрбиелеу
Рухани-мәдени құндылықтар
Отбасы құндылықтарын насихаттау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Отбасы мемлекеттің іргетасы. Отбасы - адам баласының өсіп өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-анаңның алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау өз болашағыңда сақтау деген сөз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Зерттеу өзектілігі. Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көпбалалылық болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтардағасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының саныменөлшенген - деп ғасырларбойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақсанасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санаймын.
Зерттеу мақсаты. Отбасында мәдени құндылықтарды дамытудың негіздерін зерттеу
Міндеттері:
Отбасылық тәрбиедегі этникалық мәдениет құндылықтарға тәрбиелеу жолдарын сипаттау;
Рухани-мәдени құндылықтарға сипаттама беру;
Отбасы құндылықтарын насихаттау жолдарын сипаттау.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеуде ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектер, оқулықтар, оқу құралдары, бағалау технологиясы туралы еңбектер негізге алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу әдістері қолданылады.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектер, алдыңғы қатарлыпедагогтардың іс-тәжірибесі, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
1.1 Отбасылық тәрбиедегі этникалық мәдениет құндылықтарға тәрбиелеу

Отбасы тәрбиесі ұғымының өзі Отбасы мен Тәрбие категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады.
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын,обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап,оларды жинақтаған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек екені айтылған [1].
Баланы азамат етіп тәрбиелеу қоғамның барлық азаматтарының міндеті. Ж.Баласағұнның бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарға берген кеңестері қазіргі таңда да үлгі боларлықтай. Ата-ананың басты парызы:
баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;
балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;
баланы аруақтарды ардақтауға, ата-баба дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан-ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу;
балаға өзінің мінез-құлық этикасымен үлгі болу;
балаға әділетті, қайырымды болу;
өзінен туған балаға тәрбиені өзі беру (Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, үйде өсір, бөтен жерде қалдырма);
баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;
баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу;
баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;
балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттілігін ескерту (Кешіккен тірлік өте зая берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, елімді ибадат қып бекін де).
Осындай тәрбиені жастайынан көрген баланың мінезінде ұлттық салттарының негізінде құралған төмендегідей адамгершілік қасиеттері орын алады:
Ата-ананы құрметтеу;
Ата-ананың алғысын алу;
Анасының сүтін ақтау;
Қазақ халқының бала тәрбиесінде баса назар аударған адамдық қасиеті - үлкендерді құрметтеу. Әр шаңырақтың ең құрметті, сыйлы адамы - ата,әже болды. Үлкен адамға сендеп сызданбай, сіз деп сөйле.Сіз деп сөйлеу - кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.
Әйел адамнан талап етілген адами қасиеттер; зейінділік, іскер, жан жарын күту,аналық борышы - өмірге перзент әкелу, тәрбиелеу, қонақ қабылдау, шай құю, қайнату, киіз басу, кілем тоқу. Қазақ әйелдері бесік жырын айтып, балаларын тәрбиелейді. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі. Елдің бірлігі отбасының берекесінен басталады. Азаматқа адал жар, балаға аяулы ана бола білсе, қыз баланың бағы артады, елдің мерейін өсіреді.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты қызметі:
өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;
тәрбиелік қызметі - білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;
отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;
отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.
Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:
ерлі-зайыптылық. Олар біріне -бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;
ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;
тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері:
Ауыл мен қала отбасыларының ерекшеліктері. Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.
Ата-ананың білімі неғұрлым жоғары болған сайын оның балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналардың көпшілігінің орта білімдері бар. Олар өндірістік-шаруашылық орындарда жұмыс атқаруына байланысты бала тәрбиесімен көбіне ата мен әжелері айналысады. Сондықтан тәрбиеші отбасындағы тәрбие мәселесінің қыр-сырын білуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеге екі түрлі көзқарас орын алады [2].
Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттырумен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірибесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.
Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оның түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеу қажет.
Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, бірінші жылы өмірге дайын болмауы салдарынан болады.
Бір балалы отбасылардың көбеюі. Мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірибесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.
Отбасылық білімнің негіздерінің бірі - балаға туыстық қатынастардың жүйесін, ұлт ішіндегі әлеуметтік рөлдердің мәнін түсіндіріп, ұлт арасындағы қатынастарды реттеу, шежіресін таныту.Ол үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің негізінде алынатын нормалар жүйесі қолданылып, туыстық қатынастар реттеліп тәрбие беріледі. Туыстық байланыстардың беріктігі: ата-ананы сыйлау парызы, қартайған ата-аналардың балаларымен бірге тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершілігі, балаларды туысқандарының асырап алуы, туыс отбасыларының өзара көмегі және жесірлердің балаларын туыстардың өз қамқорлығына алуы сияқты әдет-ғұрыптар қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал жасағаны даусыз. Парасатты әке-шеше балаларына өздерінің шыққан тегі, руы, ел-жұрты туралы әңгімелеп, ағайын-туыстар арасындағы қатынасты, жекжат-жұрағатты сыйлау салты бойынша аталас ағайындар бір-біріне қамқорлық жасап, қарайласып отыру міндеттілігін түсіндіріп, олардың үлгілі істерін мадақтап отырған. Әдет-ғұрып, рәсімдер, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу көбіне отбасында жүреді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей, үлкендердің, ата-аналардың жеке басының үлгі-өнегесі балалар тәрбиесіндегі ұтымды әдістердің бірі болып саналады [3].
Бала тәрбиесіне мектеппен бірге отбасының да әсері өте зор. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Отбасы таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады.
Отбасы тәрбиесінің алтын діңгегі - ұлттық педагогика, ұлттық салт-дәстүр.Ұлтымызда бала тәрбиесіне қатысты сөз болғанда баланы-бастан деп айтып жатады.Бұл ұғымның астарында жатқан ой өте терең.Ұлт боламын десең, ұрпағыңды ойла. Халық боламын десең - қалпыңды сақта. Ел боламын десең - елдігіңді сақта, халқың ел болып алдыңа келсе - алдымен бесігіңді сақта - деген заңғар жазушы М.Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды. Қазақ зиялысы М.Жұмабаев Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару деп айтуы ата-ана алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын дәлелдейді [5].
Баршаға өмір сыйлайтын, ұрпақ жалғастығын өрбіткен анасын ардақ түту - түркі жұртының менталитеті мен тіршілік болмысының түп тамыры. Әйел кіндігінде әлем айналады, Әрбір ұлы адамның артында әйел тұрады, Бақа жарығы суменен, әйел жарығы ерменен, Алып анадан туылады, Әйел жынысына қарап, ұлттың келешегін көруге болады дейді халық тәсілімі. Баршаға инабатты тәлім-тәрбие анадан. Домалақ-ана, Қарашаш-ана, Мұрын-ана, Қарақат-ана, Даулетбике-ана, Білге қатын-ана секілді айнала төңірегіне мейір-шапағатын төгіп, бірлікке тұғыр болған абзал азаматтар тәрбиелеп, өнегелі істерімен аттары аңызға айналып Ел анасы атанғандар тарихтан белгілі.
Бір білімпаз айтқан екен ерлер ұлды тәрбиелейді, әйел ұлтты тәрбиелейді деп. Әйел тәрбиесі нашар болған жерде ұрпақ тәрбиесі де ойдағыдай болмайды. Ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ. Ол аналық ұяның, яғни үйдің иесі, ошақтың құты, отбасының ұйтқысы, болашақтың бағдары, ел ырысы деп жүрміз. Адам бойындағы ең ізгі қасиеттер ана сүтімен, әкенің маңдай терімен дариды. Ана болу - бір бақыт болса, көп балалы ана болу - шексіз бақыт екенін есте ұсталық. Бұрынғы ғұламалардың атап өткеніндей, қай заманда, қай кезеңде де түркі әйелдері еріне серік, уәдесіне берік болып елдің бірлігін, ошақтың бүтіндігін ойлаған, ел мен жерді, жар мен арды ойлаған.
Бала тәрбиесі - ана құрсағында болатынын қазір әрбір ата-ана біледі.
Бала ана құрсағында бір жылға жуық уақыт өткізеді. Дана халық ауыраяқ әйелді жын-шайтанан сақтауға, құстар мен табиғат даусын, ән мен жыр, күй тыңдатуға тырысқан. Халық жүкті ананы тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген.
Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық:
Тәрбиелік;
Сауықтыру;
Рухани-адамгершілік;
Танымдық-білімдік;
Тұрмыстық;
Еңбек;
Мәдени-ағаратушылық;
Демалыс-шығармашылық;
Тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы;
Басты міндеттері:
Баланы үйлесімді дамыту;
Бала денсаулығына қамқорлық жасау;
Оқуына көмек көрсету;
Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық та4дауға көмектесу;
Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
Ізгі, эмоцианалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;
Жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзін дамытуға дайындау;
Жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Сонымен қатар отбасының тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар.
Олар:
Отбасы тәрбиесінің ахуалы(дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);
Отбасы өмірінің күн тәртібі;
Әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың).
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Ж.Б. Қоянбаев Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажеттік- шаруашылық функциясын , отбасының тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.
Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бір қалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі- ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді.
Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы:бір балалы, көпбалалы отбасы бірұлттық , көпұлттық отбасы;
тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы матириалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
Отбасының мәдени потенциалы:күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.
Ішкі отбасылық қатынастар,отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие инстуттатарына қатыса;
Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және басқа мүшелердін педагогикалық мәдени дәрежесі.
Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де өзгешеліктер болады.
Белгілі ғалым Я.И.Ханбиков: Халықтық эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданылатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары , іскерліктері мен дағдылары көрініс табады,- деп бекер айтпаса керек.
Ал, Г.Н.Филоновтың: Белгілі бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесіне ие болған белгілі бір дағды мен білім ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген",- деген пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі [6].
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Мәдени құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстырдаңы бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілдердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсету, түсіндіру үшін қолданылады. Сондай-ақ, мәдени құндылықты қоғамдық сана түрінде сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді, немесе кемшілікті жоюдың есебі деп санайды. Мәдени құндылықтардың арасында философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығы және оған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез-келген халықтың өмірінде мәдени құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа мәдени құндылықтар сияқты мыңдаған жылдар бойы жинақталады және жаңа үлгінің негізі адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді. Мамандар дәлелдегендей, оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игеруге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте жазылып қойған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді [7].
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.
Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, Еңбегі қаттының ембегі тәтті, Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі, Еңбек - түбі береке, Үнемшілдік-сараңдық емес, Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның, Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығыҚмен оның да пайдасы көп екендігін: Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи деп нақты ұғымды кеңестер береді.
Тіпті, қазақ отбасы балаға ертегі арқылы да экономикалық тәрбие бере білген. Оған: Мақта қыз бен мысық", Ақылды қыз бен тазша, т.с.с. ертегілер мен халық арасында кең тараған Қожанасыр туралы әзіл әңгімелерден де экономикалық құбылыстар мен оларды шешудің тиімді жолдарын аңғарамыз.
Жеті Жарғы заңының бір бабы құн төлеуге арналуы және судың да сұрауы бар деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен.
Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді.
Қазақ халқы экономиканың жана - табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, Артық олжа- басқа еңбек, Оңай олжа - тұрмас қолға, Шығын шықпай , кіріс кірмейді, -дейді халық.
Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты, ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар [8].
Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.
Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен суға дәрет сындырма, көк шөпті жұлма, отқа түкірме және т.с.с.
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.
Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз.
Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайрымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, құлықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реңіш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу.Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді - сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды .
Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген.
Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.
Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз [10].
Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
Сол сияқты, жас келіннің үлкен - кішіге ат қоюының өзінде үлкен философиялық мән бар. Одан жас келіннің отбасы тәрбиесінің деңгейі, ақыл- ой дәрежесі, тапқырлығын аңғаруға болады. Халқымыздың мінез - құлқының елеулі ерекшелігі болып саналатын, адамдардың бір-біріне көмектесу, әсіресе қуаныш пен қайғыда сүйеу болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де өнегелі дәстүрге айналған. Және қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі-ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ , ағайын туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын , ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген."Жеті атасын білу заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихан білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қанақоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен [14].
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.
Халықтық педагогиканың негізгі міндеті- тәрбиелеу. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени құндылықтар
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Пәндер