Күш сапасын бақылау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ

СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КОМИТЕТІ

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ» РМҚК

«Курстық жұмыс»

« Әртүрлі жастағы спортшылардың жылдамдығы, күш сапаларын дамыту деңгейін бақылау »

Орындаған: Хумарбек Еламан

Қабылдаған: Азимшаров Абзал

Алматы-2022ж

Жоспар:

Кіріспе:

  1. Әртүрлі жастағы спортшы көрсететін жылдамдық, күш сапасын бақылау туралы жалпы ақпарат
  2. Күш сапасын бақылау
  3. Жылдамдық, төзімділіктің даму деңгейін бақылау
  4. Әртүрлі жастағы спортшылардың физикалық қасиеттерін дамыту және бақылау

Қортынды:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

Кіріспе:

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының келешекте даму стратегиясының басымды бағыттарының қатарына қазақстандағы барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуы мен азаматтардың әл - ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселелері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан - 2030 дамуы (1997) жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамындағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағымен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек. Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi. Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектептер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.

Зерттеудің мақсаты . Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты -күш - қуаты мықты, жан - тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Мектепке дейінгі ұйымдарда қимыл - қозғалыс ойындарымен жүйелі түрдеайналысудың маңыздылығын түсіндіру. Қимыл - қозғалыс ойындарының тигізетін әсерін білдіре отырып, еркін ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйрену жолдарымен таныстыру. Зерттеу міндеттері: 1. Қимыл-қозғалыс ойындары туралы түсінік беру; 2. Дене шынықтыруда қимыл қозғалысқа арналған жаттығулар түрлерін ұйымдастыру; 3. Қимыл - қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесін жасау. Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедерде дене тәрбиесі пәніноқыту. Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми - әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдаужасау; мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің тәжірибесі; балабақшақұжаттарымен танысу, балабақша жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама жәнеәңгімелесу, педагогикалық бақылау, балабақша топтарында жүргізілген іс -тәжірибелерді сараптау, т. б. Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Шаңғы спорты , дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан шаңғы спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә. ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.

В) дәліздің нөмірлері жазылған жол сілтегіштер болады (бұл нөмірлер команда қатысушыларының нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс. Жарысқа қатысушы сәйкес нөмірлердің сол жағындағы шаңғы жолына түседі; Кезеңде сөреден шығатын жарысқа қатысушылар сөре сызығында тұрады. Қатысушылар ортаңғы жолмен N2 - оң жақтағы, N3 - одан сол жақтағы және осындай ретпен қалған қатысушылар сөреден шығады (жұп нөмірлер оң жақтан . . . Ортаңғы сызықтың сол жағынан) .

Әртүрлі жастағы спортшы көрсететін жылдамдық, күш сапасын бақылау- олардың жылдамдық сапасы қозғалыстарды минималды уақыт аралығында орындауда байқалады. Жылдамдық пен күшті көрсетудің әртүрлі факторларында күш пен жылдамдық сапаларын мақсатты және тиімді жақсарту мұғалім мен жаттықтырушының белгілі бір міндеттері мен талаптары, сондай-ақ олардың спорт түрлерінің қозғалыс ерекшеліктері мен шектеуші буындары болған жағдайда ғана максимумға жетеді. Тиісті жаттығулар мен арнайы жаттығуларды таңдау кезінде әрқашан оларға назар аудару керек. Одан кейін спортшының көрінетін қасиеттеріндегі ерекшеліктерге қажетті әдістер мен құралдарды жеке таңдауға мүмкіндік туады, ал жарыс жаттығулары негізгі болып табылады. Жылдамдық пен күш жаттығуларының белгілі бір міндеттерін шешу үшін жаттығулардың әртүрлі түрлері қолданылады:

- дене салмағын жеңе отырып: секіру, жылдам жүгіру, жүгіруден немесе бір жерден 2 аяқпен секіру, қашықтыққа секіру және оның әртүрлі комбинациялары мен күш-қуат жаттығулары, сонымен қатар снарядтардағы жаттығулар;

- сыртқы ортаның әсерін пайдалана отырып: жоғары көтерілу, таудан жүгіру, төбеден секіру (адамдар, тау), әр түрлі беткейлермен секіру және жүгіру (құм, үгінділер, орман жолдары, таяздар), табиғи күштерді қолдану (жүгіру) .

- мүмкіндігінше жылдам қозғалыстарда, салмақпен, серікпен жаттығуларда және снарядтарды лақтыру процесінде (тас, оқ, толтырылған доптар) қарсылық соққысын жеңу арқылы.

13-14 жастағы спринттік секірушінің жылдамдығы мен күші үшін жаттығулар комбинациялардың максималды диапазонында күш пен жылдамдықты жақсартуды қамтуы мүмкін. В. Б. Поповтың айтуынша, ол үш негізгі саладан тұрады, бөлу шартты болып табылады және жаттығулардың қарапайымдылығы, баяндалуының анықтығы мен дәлдігі үшін қолданылады.

1) жаттығуларды қайталап қолдану (динамикалық күш салу әдісі) ;

2) спортшы үшін негізгі болып табылатын жаттығуларды барынша жылдам қарқынмен қайталап орындау;

3) жылдамдық жаттығуларын орындау процесінде жағдайды жеңілдету.

Кез келген ауыртпалықтың немесе қарсылықтың (серіктестің) салмағы 80% -100% құрайды, алайда табиғаты, орындалу қарқыны шегіне дейін 60% диапазонында болуы мүмкін. Спортшының бұлшық еттерінің жиырылу күші мен одан туындайтын ерік-жігердің көрінісі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол жақсарады. Жаттығулардың бұл түрінде абсолютті бұлшықет күшінің максималды көрсеткіштері атап өтіледі. Спортшыларда жылдамдықты дамыту процесінде негізгі орын - жылдам қозғалыстарда күшті көрсету дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығуларды қайталау. Бұл әдіс салмақпен және салмақсыз секірудің әртүрлі түрлерін, секіру жаттығуларын белсенді түрде қолданады (гантельдер, толтырылған шарлар, штангалар, әртүрлі импровизацияланған құралдар: құм дорбалар, тастар) . Айта кету керек, салмақпен жаттығуларды қолдану кезінде олар негізгі спорттық дағдыға тән қозғалыстарға сәйкес келуі керек.

Жаттығуларды тек жылдамдық пен күш үшін жүйелі түрде қолдану бұлшықет күшін дамытуға мүмкіндік бермейтінін айту керек, өйткені олардың жүйке-бұлшықет аппаратына әсері қысқа мерзімді. Нәтижесінде жаттығуда күшті сипаттағы, салмағы үлкен жаттығуларды қолданып, орындау жылдамдығын төмен ету керек. Сонда максималды күш әлдеқайда ұзағырақ болады және бұл бұлшықет күшінің ең үлкен өсуін береді. Жылдамдық сапасының байқалуының элементарлы және комплексті түрлері бар.

Элементарлы түрлерге келесілер жатады:

а) реакция уақыты;

б) бірлік қозғалыстың уақыты;

в) локальді қозғалыстардың темпі.

Комплексті түрлері спорттық қозғалыстарды орындау жылдамдығымен сипатталады (спринтерлік жүгіру уақыты, футболшы немесе хоккеисттің оқыс алға ұмтылу, боксшы ұрулары және т. б. ) . Реакция уақытын бақылау-кез келген жаттығуды орындау уақыты әдетте 2 ауыспалы уақытпан тұрады: реакция уақыты (РУ) және қозғалыс уақыты (ҚУ) . Мысалы, 10, 5 секундқа сәйкес келетін 100 метрге жүгіру нәтижесі жүгірушінің мәрелік реакция уақыты (0, 15 с) мен арақашықтықты жүгіріп өту уақыттарының (10, 35 с) қосындысына тең болады. Циклді характерлі спорт түрлерінің нәтижесінде реакция уақытының «салымы» жоғары емес. Мысалы, 100 м-ге жүгіруде 2-3%, 1000 м-ге жүгіруде - 0, 02%. Реакцияның жай және күрделі түрлері болады. Күрделі реакция түрлері таңдау реакциясы және жылжымалы объект реакциясы болып екіге бөлінеді. Жай реакция уақытын сигнал түрі мен жауап әдісі алдын-ала белгілі болған кезде анықтауға болады (мысалы, лампа күйіп кеткенде кнопканы жібере салу, стартер атысында жүгіруді бастау) . Жай реакцияның уақыты 0, 3 секундтен аспайды. Лабораториялық жағдайда реакция уақытын өлшеу реакциомерлер (хронорефлексометрлер) көмегімен жүргізіледі. Сигнал (дыбыстық, жарықтық және тактильдік) стандартты болуы керек. Өлшеу комплексінің кемшілігі миллисекунд бірлігінен аспауы керек. Күрделі реакцияда сигнал түрі мен жауап әдісі белгісіз болады (бұл ойындар мен жекпе-жек күресте кездеседі, себебі мұнда спортшының жауабы қарсыластың іс-әрекетіне тәуелді болады) . Жарыс кезінде осындай реакцияның уақытын анықтап тіркеу өте қиын. Қимылдардың шапшаңдылығын бақылауда максималды жылдам қимылдардың (жылдамдық) уақытын өлшеу екі әдіспен жүзеге асады: қолмен (серіппелі секундомермен) және автоматтық (электромеханикалық спидограф, Допплердің әсеріне негізделген фотоэлектронды құрылыс, приборлар, лазерлер және т. б. ) . Серіппелі секундомермен уақытты өлшеп тіркеу әдісі ең қарапайым, бірақ бірқатар кемшіліктері бар: біріншіден, осы кемшіліктің уақыт өлшеу құрылғысы (УӨҚ) аса маңызды; екіншіден, қорытынды нәтижесі секундометристтің реакция уақытына тәуелді, бұл аса вариативті; үшіншіден, өлшеу нәтижесі - реакция уақыты мен қозғалыс уақытының қосындысы болғандықтан, қозғалыс уақытының «тазасын» анықтауға болмайды; төртіншіден, қозғалыстың кез келген нүктесінде жылдамдықты өлшеу мүмкін емес.

1. 2 Күш сапасын бақылау

Ішкі қарсылықты кешіп өте алу қабілеттілігі немесе бұлшық етті кернеу арқылы қарсылық көрсету күш сапасы деп аталады. Олардың даму деңгейі спорттың барлық түрінде жетістіктерге жетуін ескертеді. Сондықтан күш сапасын бақылау мен жетілдіру әдістемелеріне көп көңіл бөлінеді.

Күш сапасын бақылау кезінде үш көрсеткіш топтары есепке алынады .

Ι. Негізгі:

а) қозғалыс кезіндегі күштің шапшаң маңызы, әсіресе миаксималды күштің;

б) орташа күштің.

ΙΙ. Интегралды - күш импульсі.

ΙΙΙ. Дифференциалды - күш градиенті және т. б.

Спортшыларда дене сапаларын арттырудың физиологиялық механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар бар болып келеді Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді: бұлар - күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік. Олар кез-келген қимыл қызметінде бір-бірімен байланыста болады. Бірақ нақтылы қызметтің жағдайына қарай әр түрлі дәрежеде байқалады. Штангистерде ең алдымен күш, ал марафоншыларда төзімділік пайда болады. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылу нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиореспираторлары жүйенің дамуымен артады. Күштің даму физиологиясының механизмдері. Күш-бұл бұлшық етті қозу күйінде дамытатын кернеу немесе адамның сыртқы кедергілерге қарсы әрекеті. Түрлері: 1) статикалық күш; 2) динамикалық күш; 3) жарылыс күш. Статистикалық максималды бұлшық ет күші, максималды ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші. Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор қуатты күші лабораториялық жағдайға жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талдшықтарын қоздыратын тоқпен әсер еткендей ерекше күшпен анықталады. Күштің өсу кезеңі 14-15 жаста басталып, барынша даму шегіне 20 жаста жетеді де, әрі қарай машықтануына байланысты дамиды. Барынша еркін дамуы факторларының әр түрлілігі.

Қимыл бірліктерінің көп санын рекрутироват етуі.

  1. Серпіліс жиілігінің 10-12 имл\с-тан 40-60 имп\с-ке өсуі бұлшық ет қызметін оқшауланып жиырылудан тетаникалы жиырылу тәртібіне өткізеді.
  2. Қимыл бірліктерінің синхронизация қызметі
  3. Бұлшық ет аралығы үйлестігі дамиды
  4. Ретикулярлы формация тонусын көтеретін катехоламин, ол болса қимыл орталықтарының қызметін белсендіретін әсершең күйге байланысты дамиды.
  5. Бұлшық ет құрамына кіретін бұлшық ет талдшықтардың генетикалық құрылысы мен қалыңдығына байланысты дамиды. Ал бұлшық ет талшықтары күштің сапасына ықпал етеді.
  6. Бұлшық еттердің жекелей ерекшеліктеріне байланысты \бір бұлшық ет салмағы 100-120 мг\.

Спортшыларда бұлшық еттің динамикалық күші қызметтің изотониялық немесе ксотоникалық режимдері жағдайында дамиды. Динамикалық күш оның шапшаңдық көлеміне немесе бұлшық ет қысқарып, яки ұзарған кездегі салмақ қозғалысының баяулауына байланысты анықталады. Бұлшық еттердің динамикалық күш концентрикалық жиырылу экцинтрикалық жиырылу кезіндегі сол бір бұлшық еттің статикалық күшінен аз болады. Спортшылпрда жиырылыс күші бұлшық ет күшінің тез пайда болу қабілетілігін сипаттайды. Жарылыс күшінің көрсеткіші граддиент болып табылады, күштің барынша пайда болуы мен жоғары нәтижеге жету қатынасын анықтайды. Градиент күші спорттың жылдамдық күш түрлері өкілдерінде басым болады. Жарылыс күші шеткі факторларға: бұлшық еттің физиологиялық енінің көлеміне: оның алғашқы ұзындығы, бұлшық ет күшін иық рычагының әсеріне; бұлшық еттегі жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасына байланысты. Қуатты күш пайда болуының орталық жүйкенің факторларына, жылдам бұлшық ет талшықтарының қозуына, оның тегіс тетанусты тәртіпте жұмыс істеуіне жағдай туғызатын мотонейрон серпілістерінің жоғарғы жиілігі жатады. Спортшыларда физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді.

Максималды күшті өлшеу

«Максималды күш» ұғымы, біріншіден, уақытты есептемейтін кезде көрсетілетін абсолюттік күшті, екіншіден, қозғалыс шарттарымен шектелген қимыл іс-әрекеттің уақыты мен күшін сипаттау үшін қолданылады. Мысалы, жүгіру адымын модельдейтін қозғалыстағы итерілудің максималды күші - 4000 Н; жүгіру кезіндегі итерілудің нақты күші - 2000 Н. Максималды күш ерекше және ерекше емес тесттермен өлшенеді. Бірінші жағдайда жарыс жаттығуларындағы немесе қозғалыс сапаларының көрсетілуінің құрылымына жаттығулардағы күш көрсеткіштерін өлшейді; ал екінші жағдайда стандартты тапсырмалардағы барлық бұлшық ет топтарының күшін өлшейтін күш өлшемінің стендін қолданады. Максималды күшті статикалық және динамикалық тәсілдермен өлшеуге болады. Бұл жағдайда екі нақты көрсеткіштерді өлшейді: 1) максималды статикалық күшті және 2) максималды динамикалық күшті. Күштің интегралды көрсеткіші (импульс) орташа күштің көрсетілу уақытына орташа күштің шығарылуымен немесе динамограммасымен және абсцисс осімен шектелген аймақпен (по площади) анықталады. Бұл көрсеткіш ұру әрекеттерінің күш сапасын сипаттайды (бокстағы ұру, футболдағы допты тебу және т. б. ) .

1. 2 Жылдамдық, төзімділіктің даму деңгейін бақылау

Төзімділік дегеніміз - жаттығуларды олардың тиімділігін төмендетпей ұзақ уақытта орындау қабілеттелігі. Спорт тәжірибесінде қолданылатын жаттығулар өте көп және олар алуан түрлі (құрылымы, орындау ұзақтығы мен қиындығы жағынан және т. б. ) . Төзімділік екі тесттер тобының көмегімен өлшенеді: ерекше емес (мұның нәтижелерімен тиімді жарысу немесе қажуды арттыру кезіндегі тиімді машықтану үшін спортшының потенциалды мүмкіндіктерін бағалайды) және ерекше (мұның нәтижелері осы потенциалды мүмкіндіктерді іске асыру дәрежесін көрсетеді) . Осы қозғалыс сапасын өлшеу үшін негізгі эрометриялық көрсеткіштер қолданылады: 1) уақыт, 2) көлем, 3) жаттығуды орындау қарқындылығы. Негізінде осы көрсеткіштердің кейбіреулері параметр ретінде өлшенеді (мысалы, спортшыға 12 минут аралығында жүгіру тапсырмасы беріледі) ; қалған біреуі міндетті түрде өлшенеді (осы 12 минут ішінде спортшының жүгіріп өткен аралығы анықталады, мысалы, 3200 м), ал екіншісі есептелінеді (берілген жағдайда жүгірудің орташа есептелген жылдамдық 4, 44 м/с -ке сәйкес келеді) (1-кесте) .

1-кесте

Қозғалыс тапсырмасының параметрі ретінде беріледі
Өлшенеді
Есептелінеді
Қозғалыс тапсырмаларының мысалдары
Қозғалыс тапсырмасының параметрі ретінде беріледі:

1. Тапсырма көлемі

а) арақашықтық, м

б) жұмыс, Дж

в) күштің импульсі, Нс

Өлшенеді:

Уақыт, с

Уақыт, с

Уақыт, с

Есептелінеді:

Орташа жылдамдық, м/с

Орташа күштілігі, Вт

Орташа күш, Н

Қозғалыс тапсырмаларының мысалдары:

а) 1500 м арақашықтыққа жүзу

б) велоэргометрде жұмыс істеу

в) жүгірудегі итерілу

Қозғалыс тапсырмасының параметрі ретінде беріледі:

2. Орындау уақыты, с

а)

б)

в)

Өлшенеді:

Өтілген

арақашықтық, м

Орындалған жұмыс, Дж

Күш импульсі, Нс

Есептелінеді:

Орташа

жылдамдық, м/с

Орташа күштілік, Вт

Орташа күш, Н

Қозғалыс тапсырмаларының мысалдары:

а) 12 минуттық

жүгіру

б) 12 минут эргометрдің тепкішін айналдыру

в) 1 минут динамометрде статикалық күш салуын ұстап қалу

Қозғалыс тапсырмасының параметрі ретінде беріледі:

3. Тапсырма қарқындылығы

а) жылдамдық, м/с

б) күштілік, Вт

в) күш, Н

Өлшенеді:

Өтілген арақашықтық, м немесе уақыт, с

Уақыт, с

Уақыт, с

Есептелінеді:

-

Орындалған жұмыс, Дж

Күш импульсі, Нс

Қозғалыс тапсырмаларының мысалдары:

а) берілген жылдамдықпен жүгіру, жүзу, ескек және т. б.

б) 150 Вт күштілікпен велоэргометрдің тепкішін айналдыру

в) 10 кг жүктемені (~98 Н) түзу қолмен көлденең күйінде ұстап тұру

Шапшаңдық қоры

1) . Шапшаңдық төзімділігін бақылау өте маңызды көрсеткіш болып табылады.

2) . Шапшаңдық төзімділігін, басқа дене сапаларының өзгерістерін көрсете біледі.

3) . Көрсеткіштердің бағалау жолдары. Мысалы: 2 спортшы 400 метрлік дистанцияны 55 секундта жүріп өтті. Бірақ бірінші спортшы әрбір километрлік шамамен 11, 2 секундта, екінші спортшы 12 секундта өтті. Осы екеуінің төзімділігі қандай дәрежеге деген сұраққа жауап беру керек. Ол үшін спорттық метрологияда шапшаңдық қоры, төзімділік коэффициенті деген мөлшерлер белгіленген.

Әртүрлі жастағы спортшылардың физикалық қасиеттерін дамыту және бақылау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене сапасының дамуын бақылау
«Алматы экстертиза» ЖШС жағдайында өнім сапасын талдау
Жасөспірім дзюдошыларының дайындық үлгісін жасау және оны эксперимент барысында тексеру
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Прикаспийский Центр Сертификаций ЖШС-нің сынау орталығында кабельді сынау және оған сертификат беру процедуралары
ТҚК станциясының жұмысының жылдық көлемін есептеу
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Экологиялық мониторинг жасаудың техникалық құралдары
Кабель өнімін электротехникалық зертханасында сапасын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz