Жеңіл бетондар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жеңіл бетондар
Орындаған:Садуахасова А.Ы
Тобы:СМ-20-5к2
Қабылдаған: Нұрымбетова Р
Шымкент 2022
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
Бетон.
ІІ НЕГІЗГІ БЕТ
1. Бетон түрлері.
2. Жеңіл бетонның қасиеттері.
3. Жеңіл бетонның аумақтық салмағы.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бетон (фр. béton, лат. bitumen -- тау шайыры), құйматас -- жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кгм3-ден жоғары), ауыр (1800 -- 2500 кгм3), жеңіл (1800 -- 500 кгм3), өте жеңіл (500 кгм3-ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.
Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А.И. Минас).
Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө.А. Аяпов).
Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ.Қ. Қуатбаев, П.А. Ройзман).
Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т.б.) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө.А. Аяпов, т.б.). Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т.б.) жүргізілуде.
Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:
Тез қататын бетон;
Су өткізбейтін бетон;
Ауа өткізбейтін бетон;
Беріктігі жоғары бетон;
Жеңіл бетон; Ауыр бетон;
Кеуекті бетон.
Жеңіл бетонның орташа тығыздығы, жоғарыда келтірілгендей, толтырғыш тығыздығына байланысты. Неғұрлым толтырғыш жеңіл және шығыны көп, солғұрлым бетонның орташа тығыздығы төмен. Сондықтан жеңіл бетонның құрамын анықтарда оны жеңіл толтырғышпен мүмкіншілігінше көбірек толтыруға тырысады. Мұндай жағдайда толтырғыш түйіршіктерінің тығыздана орналасуының арқасында азғана цемент шығынында берік бетон құрылымын алуға мүмкіндік туады. Онымен қатар бетонның басты қасиеттерін (тығыздығын, жылуөткізгіштігін, беріктігін) тиімді үйлестіру мүмкіндігі пайда болады.
Бетонды кеуекті толтырғышпен мүмкіншілігінше толтыруды ірі және майда толтырғыштар араласын рационалды түйіршіктер құрамынан алу жолымен және де компоненттерді еріксіз араластыру, бетондық араласпаны үдемелі нығыздау (жүк түсіре дірілдету, дірілдепрокат, дірілдебастырма және т. б.) және т. б. технологиялық әдістерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
Жеңіл бетон беріктігі, кәдімгі ауыр бетон беріктігі сияқты, қолданылған материалдар саласына және цемент тасының кеуектілігіне байланысты. Жеңіл бетон құрамын анықтау үшін бетон беріктігі су шығынымен байланыстыратын эксперименталдық тәуелділікті пайдаланған ыңғайлы. Бұл жерде суцемент қатынасын пайдалану қолайсыз, себебі кеуекті толтырғыштың берілген шығынында жеңіл бетон қоспасының суқажеттігі тұрақты болып қалады, ол цемент шығынына ол аз байланысты. Мұны кеуекті толтырғыштың суқажеттілігі цементтікінен әжептеуір жоғарылығымен түсіндіруге болады.
Минималдың шығу коэффициенті - кеуекті толтырғыштармен жеңіл бетон араласпасын даярларда оны ерітуге қажетті оптималдық су шығын белгісін білдіретің маңызды көрсеткіш.
Жеңіл бетондық қоспа оны араластыруға кететің су шығыны жетімсіз болғанда да және артық болғанда да ыңғайлы төселімділігінің нашар болатындығымен сипатталынады. Су шығыны оптималдығынан кем болғанда байланыстырушы илемесінің жұмсақтығы қоспа құрамаларын өзара жақындатып біріктіруге және тұтас структура құруға жетімсіздеу болып қалады. Ал, оптималдығынан артық су бетондық қоспаның бөлектелуіне әкеліп тірейді, демек бетондалынатын конструкцияның әр бір бөлігінде бетон қасиеті әртүрлі болып шығады.
Жеңіл бетонның қасиеттері. Беріктік қасиеті бетонның маркаларымен сипатталынады. Мысалы, жылу өткізбейтін жеңіл бетонның маркалары (кгссм2) М5-М25, конструктивтік-жылу өткізбейтіндерінікі - М35-М100, ал конструктивтік жеңіл бетондардікі - М150-М500. Жеңіл бетонның беріктігі кәдімгі ауыр бетонның беріктігіндей, цементтің активтігіне және цементпен судың қатынасына байланысты.
Жасанды малта мен жарықшақ тастың нұсқалық коэффициенті толтырғыш түрінің ең жоғары өлшемінің ең төмен өлшеміне қатынасы төмен (аз) болған сайын, толтырғыштардың сапасы жақсарады. Жоғары сапалы толтырғыштар үшін бұл коэффициенттің мөлшері 1,5-2 және 2,5 аспауы керек.
Тығыз құрылымды, яғни цемент қамыры толтырғыштар түйірлерінің қуыстарын түгел толтырып және түйірлер арасындағы кеуектілік азайған жағдайда жеңіл бетон, жеңілдігіне қарамастан берік, су өткізбейтін және аязға төзімді болады. Өйткені жеңіл толтырғыштардың көбінде (керамзитте, аглопоритте) аморфты кремний оксиді (SiO2) болады; ол қатайғанда цементтен бөлінетін Са(OH)2 (кальцийдің гидроксидімен) әрекеттесіп кеуек түйір-цемент тас арасындағы қабатты берік өтетін, суда ерімейтін кальцийдің гидросиликатын (CaO SiO2 nН20) түзеді. Осының салдарынан көлемінің 75-80% кеуек толтырғышпен толғанына қарамастан жеңіл бетон, су, т.б. сұйықтарды, тіпті олардың қысымы үлкен (1,2 МПа) болса да, өткізбейді. Мұндай бетон аязға да төзімді келеді.
Жеңіл бетон беріктігінің негізгі көрсеткіші - ол бетонның класы. Жеңіл бетон сығу беріктігі бойынша (МПа) халықаралық 14 класқа бөлінеді: В2; В2,5; В3,5; В5; В7,5; В10; ВІ2,5; В15; В17,5; В20; В22,5; В25; В30; В40, жылу өткізбейтін және бетон үшін бұлардан басқа үш класс: В0,35; В0,75 және В1 белгіленген.
Беріктігімен бірге жеңіл бетонның маңызды көрсеткіштеріне, оның тығыздығы жатады. Құрғақ күйіндегі орташа тығыздығына байланысты жеңіл бетон 19 маркаға бөлінеді: D200, D300, D400, D500, D600, D700, D800, D900, D1100, D1200, D1300, D1400, D1500, D1700, D1800, D1900, D2000. Жеңіл бетонның жылу өткізгіштігі негізінде оның тығыздықтарына байланысты (1-сурет). Кұрғақ жеңіл бетонның жылу өткізгіш коэффициенті әдетте 0,1-0,8 Вт(м °С) аралығында болады.
Жылу өткізгіштігіне сәйкес бұл бетоннан салынған тұрғын үй сыртқы қабырғасының қалыңдығы 20 см-ден 40 см-ге дейін өзгеруі мүмкін. Егер бетонның ылғалдылығы 1 %-ға өссе, ал жылу өткізгіштігі 0,016-0,035 Вт(м °С) өседі.
Жеңіл бетон су өткізбейтін қасиеті бойынша W0,2; W0,4; W0,6; W0,8; W1; W1,2 маркаға, ал аязға төзімділігі бойынша: F25, F35, F50, F75, F100, F150, F200, F200, F300, F400, F500 маркаға бөледі.
Жеңіл бетондардың кейбір түрі, мысалы уақ толтырғышсыз жеңіл бетон қуысты болып келеді де, ондағы болат арматураларды коррозиядан жөнді қорғай алмайды. Сондықтан, мұндай бетоннан жасалған темірбетон конструкцияларының күш көтеретін (жұмыс істейтін) арматураларын, басқа тәсілдер арқылы коррозиядан қорғау керек. Ал тығыз құрылымды жеңіл бетондарда, арматура коррозияға ұшырамайды.
Бетондарға арналған материалдар. Жеңіл бетон жасау үшін тез қататын және кәдімгі портладцементтерді, шлакты портландцементті және жылу оқшаулағыш бірқатар констуркциялық жылу оқшаулағыш бетондар алу үшін органикалық толтырғыштар қолданылатындығына қарамастан, негізінен органикалық емес босқуысты толтырғыштарды қолданады: ағаш жаңқалары, мақта таяқшаларының ұнтағы, зығыр мен кендірдің талшықтары, көбікті полистиролдың кептірілген түйірлері т.б.
Органикалық емес бос қуысты толтырғыштар әр түрлілігімен ерекшеленеді, олар табиғи және қолтума деп аталады.
Табиғи бос қуысты толтырғыштарды бос қуысты тау жыныстарын (пемза, жанартау туфы, әк-шөгіндісінің қабыршағы) ішінара ұсату және елеу арқылы алады.
Қолтума бос қуысты толтырғыштар минерал шикізатын ыстықпен өңдеудің өнімі болып табылады және арнайы жасалған немесе өндірістік қалдық, өнімі (тас көмір шлагы мен күлі, тастанды металлургиялық шлактар т.б.( деп бөлінеді.
Керамзитті шағалды ісінген саздан жасалған түйіршікті күйдіру арқылы алады. Ол жеңіл де берік толтырғыш. Оның аумақтық үйме салмағы 250-ден 800 кгм3-қа дейін ауытқып отырады. Керамзит түйіршігін сындырғанда қатқан көбік құрылымы сияқты болады. Түйіршікті қаптаған балқыған қабық оған өте жоғары беріктік береді.
Керамзитті құмды (түйіршігі 5 мм-ге дейін) керамзитті түйіртпек ендіру кезінде (аздаған көлемде), сондай-ақ шикізатты қайнамалы қабат тәсілі бойынша аспалы күйде күйдіру арқылы алады. Сондай-ақ оны кондициялы емес өнімді және өлшемі 40 мм-ден жоғары шағал түйіршігін және бір-бірімен балқып бірігіп қалған түйіршіктерді ұстау арқылы алады.
Шлакты пемзаны металлургиялық заводтарда металлургиялық шлактардың (әдетте домналық) ісінуге әкеліп соғатын балқымасын шұғыл салқындату арқылы жасайды. Шлакты пемзаның кесектерін уатып, реттейді де бос қуысты қиыршық алады.
Түйірленген бос қуысты металлургиялық шлакты металлургиялық шлактардың балқымасын шұғыл салқындату арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz