Ежелгі Египеттің мәдениеті


Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті
РЕФЕРАТТақырыбы: Ежелгі Египет мәдениеті
Орындаған: Мұратов Мақсот Топ: РЭТ 20. 1к
Тексерген: Нуртазаева Алима Бериккараевна
Алматы 2022.
Жоспары:
- Кіріспе.
- Ежелгі Египет пайда болуы.
- Қоғамдық құрылымы.
- Мемлекеттік құрылымы.
- Ежелгі Египет мәдениеті.
- Қорытынды.
Кіріспе.
Ежелгі Египет мемлекеті - әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б. д. д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Қазіргі уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Ежелгі Египеттің тарихын, құқығы мен мәдениетін оқып үйренуге, танып білуге деген құлшыны күн сайын өсуде. Египетке әлемнің түкпір - түкпірінен осы таңғажайып елдің мәдениеті мен көне ескерткіштері мен танысу үшін миллиондаған туристтер барып тұрады. Мен үшін де бұл елдің мәдениет мен өнері, пайда болу тарихы шынайы қызығушылық пәніне айналған. Ежелгі Египет әлемнің таңғажайып әрі көне елдерінің бірі. Және де осындай сиқыр мен таңғажайыпратға толы елдің мәдениетін, тұрмыс - тіршілігі мен салттарымен танысу - өзекті іс деп білемін.
Ежелгі Египеттің пайда болуы.
Египеттің Ніл өзенінің төменгі жағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасады. Бұл б. д. д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді. Б. д. д IV мыңжылдықтың екінші жартысында Ежелгі Египетте бір-інші мемлекеттік құрылым - нома қалыптаса бастады. Ол суармалы егіншіліктің дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі дербес мемлекетке - Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке бірікті. Б. д. д. ІV мыңжылдықтың соңында Жоғарғы Египет патшалары бүкіл Египетті жаулап алып, өз билігіне қаратты.
Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық одақты білдірді. Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып отырды.
Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану, балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланы сының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу, су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған. Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.
Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б. э. д. 3100-2800жж) . Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б. э. д. 2800-2250жж) -Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б. э. д. 2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды. Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты, ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады. Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді. Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б. э. д. 2050-1700жж) . Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б. э. д. 1700-1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады.
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б. э. д. 1575-1087жж) . Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді. Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.
Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді. Оны парсылар, кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б. э. д. 30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.
Қоғамдық құрылымы.
1. Египеттік қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Əрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған.
2. Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық - тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары əскери жəне азаматтық шенеуніктері жатқан. 3. Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы.
4. Еркін шаруалар - олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды жəне сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе əскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұмыстарды орындаған.
5. Қолөнершілер - мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен.
6. Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар көздерін əскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі құлдық табылған.
Мемлекеттік құрылым.
Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға - патша перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын жəне бір-бірін тақты мұрагерлікпен иемдену тəртібі нəтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы - патша перғауынның діни культы табылатын.
Лауазымды тұлғалар:
1) перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уəзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы өте кең болған: мемлекетті басқарған, сотта басқарушы болған, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, əскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;
2) келесі лауазымды тұлға - мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы - табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;
3) барлық патшалық жұмыстардың басшысы - еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы жəне сəулетшінің лауазымын орындаған. Жергілікті басқару. Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген, олардың басында перғауынға тəуелді лауазымды тұлғалар - номархтар басқарған.
Номарх жоғарғы сот жəне əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған.
Əскер. Алғашқыда тұрақты əскер перғауынның жеке күзетімен жəне мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті топтармен ғана шектелген. Соғыс болған жағдайда рекруттың жүйе бойынша жинақталған əскер жиналатын. Жаңа патшалықта жалданбалы əскер жүйесі кеңінен дамыған. Сот өндірісі. Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде жүзеге асырылатын. Жаңа патшалық кезеңінде 30 судьядан құралған орталық соткенбет құрылған болатын. Жергілікті жерлерде округтер мен жекеленген қалалардың кенбеттері енгізілген. Ежелгі Египеттегі сот əкімшіліктен бөлінбегендіктен, лауазымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар болып табылатын. Жоғарғы сот инстанциясы перғауын болатын.
Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Египеттің құқығы белгілі бір дəрежеде алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарын сақтап қалған болатын, сол себепті де құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын. Алғашқы жазбаша заңдарды жазу б. э. д. 3000 жылы жүзеге аса бастаған. Менес перғауын дін мəселелері бойынша қылмыстық заңнаманы құрастырса, Бокхорис перғауын қаржы мен сауда саласындағы кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар жергілікті əкімшілікті заңнамалық түрде реттеуді жүзеге асырған.
Міндеттемелер:Қарыз, жалдау, сауда-саттық, жерді жалға беру сияқты бірнеше келісім түрлерін ежелгі Египет құқығы білген. Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі, тәртібі жоғары болды. Бұл тәртіп мынадай үш актілі көріністі құрастырды:бірінші, шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі, екінші акт, діни сипатта, яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітті; үшінші акт, сатып алушыны иелігіне еңгізу, бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті, Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты.
Ежелгі Египеттің мәдениеті
Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және әр түрлі деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады:
1. Жазбаша түп-деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер, әр түрлі құжаттар.
2. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, мазар лардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя, табынушылықтың әртүрлері және заттар т. б.
3. Халықтың ауыз әдеби шығармалары бойынша ескерткіштер: өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар т. б. жатады.
4. Тілдік мәліметтерге: басқа тілдердің осы әдебиетте қолданылуы жатады.
5. Этнографиялық материалдарға: әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер.
6. Антропологиялық мәліметтерге: мумиялар, ежелгі адамдардың бейнелері, қаңқалар, фрескалар мен рельефтегі бейнелер т. б.
7. Географиялық ортаның және табиғи ландшафттардың өзгеруіне байланысты: каналдардың қалдықтары, жолдар т. б. жатады.
Египеттегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табыттар мен храм қабырғалары, жерлеу ескерткіштері, тас плиталар, саркофаг, папирустардан Египет тарихынан мәлімет беретін жазулар табылды. Бұл жазулар тарихшылар үшін аса маңызды. Ежелгі кезең тарихы туралы Нармер патшаның теңіз жазбасында айтылады. Онда шенеуліктер титулы, патшаның жеңістері, шайқастар туралы жазылған. Ежелгі патшалық кезеңіне пергама тасына қашалған жылнама жатады. Онда Ү династия перғауындарының аттары, қысқаша оқиғалар аталып өтіледі.
Египеттен тыс жерлерден табылған жазулар да ерекше қызығушылықты тудырады. Олар Нубия, Палестина, Финикия, Сирия, Крит, Грециядан табылған. Бұл жазбаларда Египеттің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары туралы айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz