Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

"Агробиология" факультеті
" Жеміс-жидек , көкөніс және жаңғақ шаруашылығы " кафедрасы

Семестрлік жұмыс
Тақырып : "Алматы облысы ұйғыр ауданында 88 га жерге клонды телітуші жеміс бағын отырғызу жобасын құру"

Орындаған: Владимиров Д.В.
Группа: ЗР-316П
Тексерген: Мажитова Р.С.

Алматы , 2022ж.

Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
2.1.Қазақстандағы жеміс шаруашылығы 4
2.2.Алматы облысы Ұйғыр ауданына топырақтық-климаттық сипаттама 7
2.3.Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама 8
2.4.Жеміс бағын отырғызу жобасын құру 14

Кіріспе

Жеміс-жидектерді өсірудің халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Жеміс-жидектер бағалы тағамдық заттар болып табылады. Олардың құрамында көп мөлшерде органикалық қосылыстар және минералдық заттар болады(қанттар, органикалық қышқылдар, нәруыздар, майлар, калий, кальций, темір, йод, бром, натрий, каротин, В, С,Р, РР дәрумендері).
Жеміс-жидектерді жаңа піскен, кептірген, мұздатылған, өңделген күйінде пайдалануға болады (шырындар,компоттар, тосап, мармеладтар, повидло, джемдер, желе,сироптар және басқалары).
Жеміс-жидектер кондитер және медицина өнеркәсібінде пайдаланылады. Жеміс-жидектерді жүйелі түрде тағамға пайдалану жүрек-қан тамырларының,ішек-қарын ауруларының, суық тигенде жөне басқа аурулардың алдын алуға және тезірек жазылуға әсерін тигізеді.

Адамның тамақтануы жөніндегі ғылыми-зерттеулергеқарағанда, әр адамға жеміс-жидектерді тұтынудың жылдық мөлшері 100 кг, және сонша жеміс-көкөніс өнімін өндіру керек, оның ішінде алма 35 кг, цитрустар (лимон, апельсин, мандарин) - 10, жүзім - 8, 4-5 кг-нан - алмұрт, алхоры, бүлдірген, таңқурай, қарақат, қалғаны өрікпен, шабдалымен, қарлығамен, мүкжидекпен, көкжидекпен, қаражидекпен және басқа жабайы өсетін жидектермен толықтырылады.
Жеміс-жидек дақылдары жоғары өнімділігімен және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының әлемдік даму үдерісі, жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімдерін өндіру жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетуде. Мысалы, соңғы 10-12 жылда көкөністердің өнімдерін өндіру 40 %-ға артып, нәтижесінде жер шарының әрбір тұрғынын көкөніспен қамтамасыздандыру деңгейін, тұрғындардың саны 5,2 млрд-тан 6,2 млрд-қа жеткеніне қарамай 89 кг-нан 110 кг-ға дейін көтеруге мүмкіндік берді.

Жеміс-жидек өсімдіктері ауаны тазартады, адамдардың көңіл-күйін жақсартады жөне денсаулығын нығайтады. Жеміс шаруашылығының қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі зор. Жеміс өсімдіктерінің жапырақтары шаң - тозаңдардың таралуына кедергі жасайды және ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді, ауаны тазалайды. Бұдан басқа, жеміс өсімдіктерін бақ қорғайтын және жеміс қорғайтын екпе ретінде, қалалар маңайында жасыл аймақты құруға, елді мекендерді, оның төңірегін, көлік және темір жол бойын жасылдандыруға пайдаланады. Олар тұрмысты, демалыс орындарын әшекейлейді, айналадағы ауаның құрамын жақсартады және сонымен бірге қосымша өнім береді. Жеміс өсімдіктері адамға әсемдік әсер етеді.

Негізгі бөлім
2.1.Қазақстандағы жеміс шаруашылығы

Жеміс-жидек өсіру - жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорынқұру мәселелері зерттелді.Оларды А.Н.Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю.Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б ғалымдар зерттеген. Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдары- ның 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г.Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л.Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру (Г.П. Адрианова, Е.М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М.М. Исин, Г.Н.Қайырова), егістіктерді суару (В.Х. Арст, А.И.Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді.
Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В.П. Гудковский, Т.Л.Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д.Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.
Отандық жеміс шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың басты шарттарына өндірістік өндірістік бақтарға жоғары бейімді сорт екпелер комбинацияларын таңдап алу,жемістерді өсіру технологияларын жетілдіру және бақ алқаптарын ғылыми негізделген түрде орналастыру жатады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау бөктерінің топырақ - климаттық жағдайы жеміс шаруашылығын дамыту талаптарына сай және бақтар алып жатқан территорияның 70% - ы шоғырланған, Қазақстандағы өндірістік бақ шарушылығының негізгі аймағы болып табылады. Жемістердің тауарлық өндірісін арттыру республиканың осы аймақтарында орын алады. Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік - шығысындағы шаруашылықтарда алма бақтарының интенсивті отырғызу беталысының артуы көрініп отыр: қатарлы - ергежейлі, жоғары тығыздықты бақтар. Мұндай бақтардың экономикалық тиімділігі кең қатарлы бақтарға қарағанда 2 - 3 есе жоғары. Осыған байланысты, бір қатар факторлар бойынша - рельеф, климат, инфрақұрылым, материалды және еңбек ресурстарының болуы, оңтайлы бақ типінің моделдеуіне және талдауына негізделген ғылыми негізделген ұсыныстар өзекті болады. Интенсивті бақтарда инновациялық технологиялар элементтерін қолдану сұрақтары өзекті - клонды екпелерде жоғары өнімді жаңа сорттарды қолдану, технология элементтерін оңтайландыру: отырғызу схемасы, ағаш бөрікінің қалыптасу жүйесі, тамшылап суару режимі. Аймақтағы жеміс шаруашылығының болашағы зор бағыты - жемістерді шикізатты бақтарда өсіру технологиясын құрастыру және жетілдіру болып табылады.

Халықаралық UNEP-GEF Bioversity International Institution farm Орталық Азияда жеміс дақылдарының және олардың жабайы түрлерінің агробиоәртүрлілігін сақтау жобасының көмегімен, Қазақстанда 2009 - 2012 жылдары экспедициялық шығулар, фермерлерден анкета алу, республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік - шығысындағы шаруа қожалықтарының электронды мәліметтер базасын құру жұмыстары жүргізілді. DIVA-GIS 7.5 бағдарламасында - NASA стандартты мәліметтер базасына - рельефтің интерактивті картасы- теңіз деңгейінен биіктігі, сілемдердің экспозициясы, климаттың -температура режимі, 2050ж. дейін орташа жылдық темпера-тураның өзгеру болжамы, жауын -шашын, су ресурстары - өзен, көл, теңіз, мұздықтар, инфрақұрылым - 42 мыңнан астам елдімекендер, теміржол бекеттері, құдықтар, логистиктер - теміржол, автомобильді жолдар Ассеss бағдарламасы арқылы ондық координатта мәліметтер енгізілді және алманың, өріктің, қараөріктің тауарлық бақтары бақтары бар Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы негізгі бақ алқаптарының 500 агроқұрылымдарын орналастыру мәліметтерінің оригиналды базасы құрылды.
Мәліметтер базасын негізгі дескрипторлар құрады: шаруашылық атауы, кеңдік және ұзындықтың ондық координаттары, сортимент,бақ ауданы, отырғызу схемасы, бөрікбастың қалыптасу жүйесі, өнімділік, бақтың тиімділігі. Қазақстанның оңтүстігі, оңтүістік - шығысындағы бақ алқаптарын орналастыру тығыздығын модельдеу және талдау Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс беретін бақтармен 16,1, Алматы облысында - 15,8, Жамбыл облысында - 4,7 мың га жерді алып жатқандығын көрсетті. Бақтар алып жатқан ең үлкен аудандар Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында, Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш ауданында орналасқан. Негізгі алқаптар теңіз деңгейінен 650 - 900 м биіктікте, бақтардың 70% жылдық жауын - шашын мөлшері 400 - 650 мм болатын,ашық қоңыр топырақтарда орналасқан. Өсімдік жамылғысының кескінінде бақтардың ауданы әртүрлішөпті шабындық белдеуде 35%, бұталы өсімдік жамылғысында - 10%, мәдениленген егістік жерлерде - 55% құрайтынын анықталды. 2050 жылға дейінгі орташа жылдық температураның жазықтық бөліктердегі "20, тау етегінде "10С өзгеру болжамын талдау нәтижесі республиканың оңтүстігінде, оңтүстік - шығысында 640 - 700 м биіктікте 15- 18 мың га көлемде жаңа аудандастырылған жоғары бейімділікті потенциалды өнімді сорт екпелерін пайдаланғанда, алманың, қараөріктің тауарлық бақтарын орна-ластыру ареалын арттыруға мүмкіндік береді.Жеміс шаруашылығын дамы-туда болшағы бар аудандарға Алматы облысының Сарқанд, Ескелді, Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай ауданы, Жамбыл ауданының тау баурайы, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында жергілікті, алманың Батыс - Сібір, Алтай сортиментін, Malus Sieversii сорт - клондарын пайдаланғанда, Жамбыл облысының Қордай тау бөктері, Мерке ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Сайрам, Сарыағаш аудандары жатады.
Шаруа қожалықтарының мәліметтер базасын моделдеу және талдау нәтижесі негізінде жеміс беретін бақтардың ауданын 60 мың га дейін жеткізу аймақтарында жеміс шаруашылығына баға берілді және даму потенциалы анықталды. Бақтарды өсіру потенциалының ғылыми негізделген анықталуы нәтижесінде аймақта 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының жеміс шаруашылығын дамыту бағдарламасы арқау болды.
DIVA-GIS бағдарламасына ҚаЗЖжЖШҒЗИ көпжылдық зерттеу нәтижелері енгізілді: Іле-Алатауындағы Апорттың ауданы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік - шығысында жеміс көшеттерінің қыстап шығу жағдайы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар маңындағы экологиялық жағдай, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік - шығысындағы топырақтар құрамындағы негізгі қо-ректік элементтердің мөлшері, аймақтың лицензиясы бар негізгі питомник шаруашылықтары, Жоңғар және іле -Алатауының жабайы жемісті ормандарының жағдайы.
UNEP-GEF Bioversity International Institution farm жобасының жұмыстары нәтижесінде веб - портал ашылды және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттерінің негізгі шекілдеуікті, сүйекті, жаңғақжемісті дақылдары және жабайы түрлері бойынша генетикалық ресурстарына кіруге рұқсат алынды.

Жоғары тиімділікті интенсивті бақтарды өсіру Алматы облысының Айдарбаев Е., Баденко Ю.А., Алдажарова С.М., Мухтаров А., Жамбыл облысының Жасыл - Белес, Оңтүстік Қазақстан облысының Жер сыйы алдыңғы қатарлы шаруашылықтарындағы 30 - 40 және жоғары га жоғары сапалы жемістердің өнімділігін республиканың тауарлық жеміс шаруашылығы аймағына кеңінен ендіру қажет.
2.2.Алматы облысы Ұйғыр ауданына топырақтық-климаттық сипаттама
Ұйғыр ауданы -- Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Оңтүстік-шығыс аймаққа сонымен қатар Шелек, Райымбек, Жаркент аудандарының суармалы жазық жерлері жатады. Жылдық орташа температура - 9-10С. Орташа абсолютті минимум - 290С. Эффективті температуралар қосындысы - 3500-37500. Орташа тəуліктік температура шілдеде 23,1-24,50С, тамызда 22,7-24,00С. Көктемгі соңғы үсіктің орташа күні - 13 сəуір, ал алғашқы күзгі - 9-13 қазанда. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 170-180 күн. Жауын-шашынның бір жылғы қосындысы - 120-300 мм.
Топырағы - сұр топырақ, жиі тұзды, сұр-қоңыр жəне шабындық сұр топырақ. Тұзды жерлердің көп болуы бақтар мен жүзімдіктерді орналастыру үшін орынды мұқият таңдауды талап етеді. Көктемгі жəне күзгі үсіктер жеміс дақылдары мен жүзім түйіндерін сирек зақымдайды. Бұл облыстың жылу ресурстарымен артықша қамтамасыз етілген аймағы. Осының арқасында мұнда өнім жылсайын тұрақты. Аймақ сүйекті дақылдар үшін қолайлы, əсіресе өрікке. 1934 жылы құрылған. Аудан орталығы -- Шонжы аулы.
Жер бедері.Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сөгеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Көтеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар.
Климаты,.Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері -- 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шағын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған.
Шаруашылығы. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық.


2.3.Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Алма дақылының пайдалануға рұқсат етілген сорттары
Жаздық сорттар.
Суйслеппер - Балтық жағалауына тəн сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы өте өскелең, үлкен, теріс пирамидалы, кейде дөңгелек болып келетін, өте тығыз. Суыққа аса төзімді. Бұтақшалары қызыл қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-9 жылда өнім береді, Жемісті жыл сайын салмайды. Əрбір жеміс ағашы орта есепен 80-120 кг өнім береді. Жемісінің өлшемі орташа (60-70 г), жұмсағы ақ, ұсақ түйірлі, өте шырынды, қышқылтым тəтті, қабығы тегіс, жылтыр, түсі ақ, қызыл жəне қызғылт жолақтары, жайылған қызғылт теңбілдері бар. Жемісі көп уақыт сақтауға шыдамайды.

Рисунок 1. Суйслеппер
Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, суыққа
төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта
аумақты, кең болады. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің өлшемі орташа 130 г, түсі көкшіл сары, қызыл, қызыл жайылған шырайлы жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тəтті, өзіне тəн жақсы исі бар.

Рисунок 2. Мельба
Күздік сорттары.
Ренет Казахстанский - Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында, Ренет Бурхардта сортын Суйслеппер сортымен будандастыру жолымен шығарылған. Алматы, Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, бөрікбасы қомақты, дөңгелек, тығыздығы орташа. Суыққа өте төзімді. Жемісті 5-6 жылда салады. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 100-120 кг. Жемісі ірі (140-160г), түсі сары, сəл қызғылт реңді. Жұмсағы тығыз, аздап түйіршікті, дəмі қышқылтым тəтті, жемісі көп уақыт сақталады.

Рисунок 3. Ренет казахстанский
Милтон - Американдық сорт. Қазақстанда Алматы, Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өскелең, бөрікбасы қомақты, дөңгелек, өте қалың. Суыққа төзімді, бұтақшалары қызғылт қоңыр түсті. Жемісті отырғызғаннан кейін 7-8 жылда салады. Өнімді мол, жыл сайын береді, өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 110-240 кг құрайды. Жемісінің өлшемі орташа (140г), сопақша, түсі бүтіндей дерлік қызыл қоңыр. Жұмсағы аппақ, нəзік, шырынды, ұсақ түйіршікті, қышқылтым тəтті, хош иісті.

Рисунок 4. Милтон
Қыстық сорттары.
Апорт - ескі, тегі белгісіз сорт. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында жəне Шығыс-Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген. Бұл таулы, суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, дөңгелек, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта жəне тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда береді, өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 100-150 кг. Алмасы өте ірі (250 г), түсі əдемі болады. Жұмсағы ақшыл жасылдау, орташа түйіршікті, нəзік, шырынды, қышқылтым тəтті, өзіне тəн хош иісі бар. Қазақстанның бақ шаруашылықтарында екі түрі өсіріледі: Апорт Александр жəне Апорт кроваво-красный.

Рисунок 5.Апорт
Голден делишес. Американдық сорт. Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсу күші орташа, бөрікбасы сопақша, онша тығыз емес, суыққа төзімділігі орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, орташа өнімділігі ағаштан 40-150 кг құрайды. Алмасының өлшемі орташа (110-140г), сопақша келген, дұрыс формалы, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ түйіршікті, дəмі тəтті.

Рисунок 6. Голден делишес
Заилийское. Сорт Қазақтың жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында белгісіз сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары аласа, бөрікбасы жинақы, суыққа шыдамды. Жемісті ерте, отырғызылғаннан кейін 3-4 жылы салады. Өнімді жыл сайын береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Алмасының өлшемі орташа жəне ортадан жоғары (110-180г), сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күңгірт сызықтары бар. Жұмсағы жасылдау, нəзік, шырынды, қышқылтым тəтті.

Рисунок 7.Заилийское
Алмұрт дақылының пайдалануға рұқсат етілген сорттары
Жаздық сорты:
Любимица Клаппа - Американдық сорт. Қазақстанда негізінен Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарының бақ өсіруге қолайлы алқаптарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, бөрікбасы кең пирамидалы, ал жас уақытында тік пирамидалды, суыққа едəуір төзімді. Жемісті отырғызғаннан кейін 6-8 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 65-70 кг өнім алынады. Алмұрты ірі (140-220 г), тұрқы қысқа, алмұртқа тəн немесе жұмыртқа тəрізді, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ, нəзік, уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті немесе азғана қышқылтым.

Рисунок 8.Любимица клаппа
Күздік сорты:
Лесная красавица - Бельгиялық сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте өскелең, бөрікбасы кең приамидалды, қалыңдығы орташа, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-7 жылда салады. Өнімді мол жəне жыл сайын береді, əрбір ағаштан орта есеппен 170-200 кг алмұрт алынады. Алмұртының салмағы едəуір ірі (150-180 г), тұрқы алмұртқа тəн, түсі көкшіл сары, қызғылт бөртпелері бар. Жұмсағы уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті, хош иісті.

Рисунок 9. Лесная красавица
Қысқы сорты:
Ароматная - Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында алмұрттың Лесная красавица сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік, бөрікбасы кең пирамидалды, қалың, суыққа шыдамдылығы орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 8-9 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, мол өнімді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-200 кг өнім алынады. Жемісінің өлшемі орташадан жоғары (140г), пішіні алмұртқа тəн, сəл домалақ келген, бояуы сарғылт жасыл, сəл ғана қызғылт шырайлы. Жұмсағы нəзік, шырынды, тəтті, хош иісті.

Рисунок 10. Ароматная
Алхоры дақылының пайдалануға рұқсат етілген сорттары
Эдинбургская - Англияда шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары биік өседі, ескі ағаштарының бөрікбасы аумақты, жас ағаштардың бөрікбасы пирамидалы, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 40-80 кг алхоры алынады. Жемісі ірі (40-50г), домалақ, түсі ақшыл күлгін, қызылдан қоңыр көкке дейін ауытқиды. Жұмсағы жасылдау сары, тығыздығы орташа, шырынды, дəмі қышқылтым тəтті. Сүйегі жұмсағынан оңай айырылады. Жемісі жаздың аяғында піседі. Жас күйінде қолданылады, қайнатпа, тосап дайындалады.

Рисунок 11.Эдинбургская
Анна шпетт - Батыс Европалық сорт (Германия). Қазақстанда Атырау облысында, Оңтүстік жəне Оңтүстік-шығыс облыстарда пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының биіктігі орташа, бөрікбасы дөңгелек, пирамидалы, қалың. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда салады. Өнімді жыл сайын жəне өте көп береді. Əрбір ағаштан орта есеппен 35-40 кг жеміс алынады. Жемісі ірі (32-40г), сопақтау, түсі қара көк, қызғылт шырайлы. Жұмсағы сарғылт, шырынды, тəтті. Сүйегі жұмсағынан нашар ажырайды. Жемісі жас күйінде қолданылады, қайнатпа қайнатылады. Өнімі кеш, қазанның басында піседі.

Рисунок 12. Анна шпет
Шие дақылының пайдалануға рұқсат етілген сорттары
Гриот остгеймский - Испаниялық сорт. Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының биіктігі орташа, бөрікбасы дөңгелек, аумақты. Суыққа төзімділігі орташа. Өнімді 3-4 жылы салады, жемісті жыл сайын береді. Əрбір ағаштан орта есеппен 14-19,2 кг шие алынады. Жемістері орташа жəне ірі (3-5г) болып келеді, домалақ, бояуы - қызыл-қоңыр. Жұмсағы қышқылтым тəтті, тілді үйіретін дəмді.

Рисунок 13.Гриот остгеймский
Бүлдірген пайдалануға рұқсат етілген сорттары
Ташкентская. Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының Орта Азия тəжірибе стансасында шығарылған. Түптері орташа өседі, шамалы жайылған. Гүлдері функционалді аналық. Тозаңдату үшін бір мезгілде гүлдейтін сорттар қажет. Мол өнімді, орташа 150 - 160 цга. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді жидектері ірі (9,3 г) ашық қызыл, жұмсағы шырынды, түсі қызыл дəмі қышқылтым тəтті. Жидегі жасаң кезінде пайдаланылады. Негізінен қайта өңдеуге ұсынылады, жидектері маусымның екінші он күндігінде піседі.

Рисунок 14. Ташкентская
Зенга - Зенгана. Батыс Еуропа сорты (Германия). Түптері биік өседі, жинақы, жапырақтары өте жиі. Гүлдері қосжынысты. Өнімділігі мол. Əр гектардан орташа 140 - 180 ц. Суыққа төзімді. Жидектері ірі (10,5 г), пішіні жалпақ бүйірлі, түсі сарғыш қызыл. Жұмсағы қызыл қошқыл, тəтті, қышқылтым, хош иісті. Жидегі жасаң күйінде пайдаланылады. Жидектері маусымның ортасында піседі.

Рисунок 15. Зенга-зенгана
Таңқурай пайдалануға рұқсат етілген сорттары
Вислуха. Ресейлік сорт. Түптері биік, қуатты, шамалы шашыраңқы, көптеген атпа сабақтар береді. Сабақтарының тікенектері көп. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді. Өнімділігі орташа, əр гектардан 30 - 45 ц береді. Жидектерінің ірілігі орташа (1,7 - 2 г), пішіні сопақша, домалақ, түсі қызыл, қышқылтым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Алма сорттары
Жеміс тұқым ауданы
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Бақты қорғайтын, шаруашылық құрылыстар
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Алманың Суйслеппер сорты
Биік таулар зонасы
Жеміс тұқымдарының ауданы
Пәндер