Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2б.
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. "Талғар ауданының Талғар қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер . . .
1. 2 Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі . . .
1. 3. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі . . .
КІРІСПЕ
Мен, Ахметкали Ерасыл Аманулы 21. 03. 2022-07. 05. 2022ж. ж. аралығында Алматы облысы, Талгар каласында диплом алды тәжірибеден өттім.
Тәжірибе дегеніміз - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден біржол. Сонымен қатар, тәжіребие - білікті мамандарды дайындаудағы негізгі кезең. Ол теориялық білімді өндірісте бекітуге арналған оқу-қосымша үрдіс түрі болып табылады. Тәжірибе маманды өз бетінше өндірістік қызметке дайындаудағы аяқтаушы кезең.
Тәжірибенің міндеттері:
-Оқу үрдісінде алынған теориялық білімді тереңдету және бекіту;
-Заңдық, нормативтік материалдар мен жұмысты өңдеу;
-Кәсіпорынының өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымен танысу, нақты қызмет және бөлімдердің қызметімен мақсаттарымен танысу;
-Болашақ мамандық дағдыларын тәжірибелік меңгеру;
-Кәсіпорынынн қызметін сараптауда компьютерлік үлгілерді меңгеру;
Диплом алды тәжірибенің тапсырмалары:
- мекеме және оның бөлімшелері туралы жалпы мағлұмат жинау;
- мекеменің өндірістік процесстерін анықтау және суреттеу;
- өндіріс орнында берілген жеке тапсырмаларды орындау.
- диплом алды тәжірибенің есебіне материалдар жинау.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне айрықша назар аударды. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан - 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңама шықтаралуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдайменқ амтамасыз етуімізкерек… Біздің басты мақсат - 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеді.
Алдымен жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгіледі.
Бүгінгі күні біздің, білім беру ұйымдарының алдында еңбекнарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде диплом алды тәжірибенің маңызы зор. Студенттерге арналған диплом алды тәжірибені ұйымдастыруҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білімтуралы» № 319-ІІІ Заңына (2016. 09. 04 ) (бұданәрі - БілімтуралыЗаң), 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбеккодексіне (2016. 06. 04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұданәрі - ҚР ЕК), сондай-ақҚазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Диплом алдытәжірибе колледж және университет студенттернің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.
Диплом , әрінығайтуға, .
Диплом алдытәжірибе- .
Заман мен тәжірибеге аса көңілбөлудіталапетеді. , 40 пайызтеорияда, 60 .
Оқуорны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Диплом алды тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.
Диплом алды тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.
Міне, сондықтан тәжірибе есебінде, тәжірибеден өту кезінде орындалған тапсырмалар мен Диплом алды тәжірибеесебін жасақтауға негіз болатын материалдар келтірілетін болады.
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Талғар ауданының Талғар қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 07 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Талғар қаласының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Талғар қаласының әкімі аппаратының Талғар қаласының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Талғар қаласының бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Талғар қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Талғар қаласының әкімін сайлауды өткізуге Талғар аудандық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Талғар қаласының әкімінің қызметіне Талғар ауданының әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
Талғар қаласының әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
4. Жиналысты Талғар қаласының әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Талғар қаласының әкiміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Талғар қаласының әкiмі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
5. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.
Талғар қаласының әкiмі аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және Талғар қаласының әкiміне жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
6. Жиналысты шақыру алдында Талғар қаласының әкiмі аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін Талғар қаласының әкiмі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
7. Жиналысты шақыруды Талғар қаласының әкiмі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
8. Жиналыстың күн тәртібін Талғар қаласының әкімі аппараты жиналыс мүшелері, Талғар қаласының әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
9. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын Талғар аудандық мәслихатының депутаттары, Талғар ауданының әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
11. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ;
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде Талғар қаласының әкіміне беріледі.
12. Жиналыста қабылданған шешімдерді Талғар қаласының әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.
Талғар қаласының әкiмі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Талғар қаласының әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Талғар аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
13. Талғар қаласының әкімі аппараты Талғар қаласының әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz