Дарындылық дамуының психологиялық механизмдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілік және тұлғаны қалыптастыру. ҚР «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет - әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту - сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі [1] . Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал сол мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Дарындылықтың ерте көрінуі мәселелері өткір мәселелердің бірі, әлі де көптеген материалдардың жинақталғанын қажет етеді. Өйткені “дарынды балалар” сөзінің астарында жатқан психологиялық проблемаларға терең үңілу қажет.

Оқушының шығармашылық әрекетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан - жақты зерттеулер көбеюде. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, педагогика - психологиялық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті. Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруы қажет.

Бұрын соңды анықталған дарынды және талантты балаларды оқыту мен тәрбиелеу халыққа білім беру жүйесі жетілуінің жаңа міндеттерін құрайды. Дарынды балаларды дамыту мен тәрбиелеу әлеуметтік қоғамның шығармашылық потенциалы қалыптасуының мүмкіндігін шешеді, қарқынды ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің, өндіріс пен әлеуметтік өмірдің барлық салаларының, ғылым мен мәдениеттің әрі қарай даму мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу адамның шығармашылық дамуының тамаша моделдерін құрайды. Зерттеулер мен тәжірибелер таланттың дамуы қандай да болмасын дамудың бір кезеңінде тоқталып қалуы, ал кейде тереңдетілетінін көрсетеді. Сондықтан да, талантты тұлғаны дамытуда арнайы психологиялық көмек және қолдау қажет.

Дарындылық феноменін зерттеуде қазір «төңкеріс» немесе «жарылыс» кезеңі байқалуда. Бұл проблеманы зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Х. Мелхорн [2], Гилфорд Дж. [3], Т. Мейснер [4], және Ресей психологтары А. М Матюшкин [5], В. С. Юркевич [6], В. М. Теплов [7], В. Э. Чудновский [8], Ю. Д. Бабаева [9], қазақстандық зерттеушілер У. Б. Жексенбаева [10], Л. М. Нарикбаева [11] т. б елеулі еңбек сіңірді.

Оқушылардың игерген білім деңгейіне байланысты шығармашылық қабілеттің дамуы нәтижелі болу үшін оларды дидактикалық бірліктерді ірлендіру әдісі негізінде оқытып шығармашылық әрекеттегі тәжірибелерін байытудың қажеттілігі айтылды.

Шығармашылық тапсырмаларды пайдаланып оқыту оқушылардың білім сапасын арттырып, ойлау қабілетін дамытудың тәсілі болып табылатыны, мәселені терең түсініп, есте ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін дәлелденді.

Жүргізілетін эксперименттік зерттеулер бізге шығармашылық тапсырмалардың әдістемелік сипатын көрсетіп берді. Яғни оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімнің жетекшілігі мен ұйымдастыруы арқылы шығармашылық тапсырмаларды қолданудың тиімділігі жоғары болатыны іс жүзінде дәлелденді.

Дарынды да талапты жастар-бүгінгі мемлекеттің болашағы. Осы ресурсты тиімді пайдалану үшін дарынды балаларды өз мүмкіндігін толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру үшін қажетті жұмыстарды, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру қажет. Аталмыш міндеттерге мұғалімнің педагогикалық іс әрекетін ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі. Қазіргі ұландар еліміздің болашақ өкілдері, тіректері болып табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттерін бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде білу, өмірде өз орындарын табуға жағдай жасау - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сондықтан да тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұндық ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыда қарастыру мен оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қажеттігі арасындағы қарама-қайшылық туындады. Сондықтан да дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері» деп алдық.

Зерттеу мақсаты : бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтаудың, дамытудың теориялық негіздері мен әдістерін ашып көрсету, оларды сабақта қолданудың жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

- дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориялық негіздерін ашып көрсету;

- дарынды оқушылардың ерекшеліктеріне педагогикалық- психологиялық негіздеме беру;

- дарынды оқушыларды іс-тәжірибе барысында анықтау;

-дарынды балалармен ойлау қабілетін дамыту жұмыстарының әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: дарынды бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: дарынды балалармен жұмыс жасаудың оқу-тәрбие процесі. Зерттеу болжамы : Егер, дарынды балалармен жұмыс жасау барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін танып білу арқылы қоғам талабына сай тәрбие берсе, талантты тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік жасалынады.

Зерттеу көздері: дарынды балалармен жұмыс туралы мерзімді басылымдар және одан кейінгі қазақстандық, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғалымдардың тәлімдік ғылыми-зерттеу еңбектері, арнайы және нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы, Қазакстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халықка Жолдаулары, педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектер, мектеп мұғалімдерінің ғылыми іздену бағытындағы тәжірибелері мен мақалалары.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, ағымдық ақпараттар көзінен және арнайы тұлғаландырылған журналдар мен интернеттен зерттеу тақырыбына сай алынған материалдарға теориялық талдау жасау; алынған ақпаратты талдау, салыстыру, ұқсастық көмегімен өңдеу, жүйелеу әдісі, эксперимент нәтижесін сараптау.

Зерттеудің теориялық мәнділігі:

- дарындылық ұғымына берілген анықтамалар қарастырылды;

-дарынды балалармен жұмыс туралы педагогикалық теориялық тұрғыда сипаттама берілді;

- бастауыш сыныпта дарындылықты анықтаудың әдістері қарастырылды;

- дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Бастауыш сыныпта дарынды оқушыларды анықтап, олармен дамыту жұмыстары жүргізілді, дарынды балаға мінездеме беріліп, дарынды бала моделі жасалынды, мұғалімдерге дарынды балаларды анықтауға диагностикалық әдістемелер берілді.

Зерттеу базасы: Талдықорған қаласындағы №21 орта мектеп

Зерттеу құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дарындылық ұғымы

Дарындылықты ең алғаш проблема ретінде қарастырып зерттеген Испанияның дәрігері Ч Уарте. Оның зерттеулері дифференциалды психология ғылымындағы алғашқы толық бағыт десе болады. Уарте осы проблеманы шешу барысында алдына мынандай мәселелер қойды:

- адам табиғатынан бір ғылым саласынан қабілетті бола тұрып, басқа салалардан қабілетсіз;

-адамзатта дарындылықтың тағы қандай түрлері болуы мүмкін?

-қандай да бір дарындылыққа қандай ғылым мен өнер сәйкес келеді.

-дарындылықтың бейнелерін, нышандарын қалай білуге болады?

Орыс философы В. Тредиаковский «Поэзия-аспаннан түседі» десе, М. Ломоносов «Әр адам ақын бола алады» дейді.

Осындай көп талас-тартыстар дарындылықты зерттеуге әкеледі. Бұл 3 кезең XVII ғасырдағы ғылымның түрленуіне сәйкес келеді.

Сонымен, кемеңгерлікті «құдай мен адамның бірлігі» түсініскен, уақыт өте келе биологиялық ықпалы ( тұқым қуалаушылық) пен әлеуметтік (орта) ретінде қарастырады.

Бұл өз негізінде XVIII-XIXғ. ортасында Ағарту кезеңінде көрініс табады. Дарындылық термині «дар» -сөзінен яғни орысша сый, құдайдың берген сыйы» десе, ағылшынша да «giftedness» сөзіндегі «gift»- сый» деген мағынаны білдіреді.

Көрнекті Чех педагогы, педагогиканың негізін салушылардың бірі-Я. А. Каменский өзінің атақты «Ұлы Дидактика» еңбегінде : Егер адам өзінің табиғаттан берілген тума қасиеттері, қабілеттіктерілне орай кәсіппен шұғылданғанда, академиялық оқу істері алға жетіп, ұтымды жүрер еді»-дейді. Себебі, әр адам табиғатынан музыкант, бірі ақын, шешен, физик сонымен қатар дәрігер, заңгер болып туады деген.

Сонымен, дарындылық, қабілет түсініктерін қарастыратын болсақ, дарындылық- қабілеттің көрінісі, оны анықтағанда мына белгілерге сүйенген жөн:

  • көп жағдайларда қабілеттің дамуы туа біткен ерекшеліктерге, нышандарға байланысты;
  • қабілеттер тек қозғалыс, даму үстінде жүріп отырады, яғни белгілі бір іс әрекет түрін орындауға мүмкіндік береді;
  • қабілет адамның бойында қалыптасқан дағдыларға бірікпейді (Б. Ф. Теплов, 1957) .

Дарындылық - бұл қабілеттердің шоғырлана көрінуі, адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде басқа адамдармен салыстырғанда жоғары жетістіктерге жету мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмір сүру барысында дамитын психика қасиеті.

1869 жылы Гэлтон интеллект деп атаған ерекше тапқырлық көрсеткен, ойы ұшқыр, кретивті адамдар туралы жазған алғашқылардың бірі болып саналады.

Терман (1925) интеллект терминнің түсінігін ары қарай тарылып, дарындылықты интеллект коэффициенті негізінде сипаттап, сол арқылы интеллекті тест арқылы анықтады. Интеллектінің жоғары коэффициенті баланың есейгендігі жетістіктерін болжауға мүмкіндік берерді деген қағидсы қалыптасады.

ХХ ғасырдың 50 жылдарында интеллектіні анықтау тестіне деген таластар туды. Ол тек шектелген академиялық көрсеткішті қана береді деді, ал индуктивті ойлау, шешендік өнер, кең ауқымды қабылдау мен математикалық қабілеттер назарға алынбайды деп сынады. Сыншылар тесттің басқа қабілеттерді қамти алмайды бөлек фактілердің арасындағы байланысты аша алмай тынық өзіндік ойлау мен басқа да таланттарды ойлау мен басқа да таланттарды көрсете алмайтындығын атап көрсетті.

Гильфорд (1950-1967) интеллектіге қарағанда өзгеше бірегейлік көретін «кретивтілік» терминге қолданды. Ол ақыл-ой әрекетінің үш өлшемді моделімен жұмыс жасады. Бұндағы факторлар интеллектіні анықтау тестімен өлшенбейтін еді (3)

Пассау (1955) дарындылықты қандай да бір саладан, ғылым, өнер, әлеуметтік көзқарастардан үлкен нәтижелерге жету деп анықтады.

Сол уақытта (1955) дарындылыққа 51 анықтама берілді. 1971 жылы АҚШ-тың Білім министрлігі марландардың (1972) анықтамасын қабылдады. Онда дарынды балалар деп ерекше талантты және қандай да бір немесе бірнеше саладан жақсы жоғары нәтижелер көрсете алуын айтты. Оның интеллектуалдық мүмкіндіктері академиялық жетік білімі, креативтік ойлану, лидерлік қасиеті, көркем-өнерпаздық қабілеттері психологтардың мүмкіндіктері жатады.

1983 жылы Танненбаум дарындылықты анықтаушы 5 факторды атады. Жалпы интеллектуалдық мүмкіндіктер; бір мамандыққа деген мүмкіндіктері, интеллектуалдық емес факторлар, қоршаған орта жағдайы мен кездейсоқтық.

Ересектердің дарындылығын зерттеу негізінде «Ренцулли (1986) » үштік моделін «ұсынады» бұнда орташа жоғары, қабілеттілік, бір пәнге тақырыпқа шоғырлануы, креактивтілігі, креативті тұлғаның ерекші белгісін қарастырған зерттеулер дарындылық елеулі үлес қосты.

Пассау (1988) мен Тонненбоуль (1983) дарындыларды, мәдениетті таратушы, жасап шығарушылар деп ашады. Ал оған қарсы қойылған түстік жаттығулар деп атады.

Дарындылыққа абстрактілік қабілет, дивергенттік тәсілмен проблеманы креактивті түрді шешу мүмкіндігі жатады.

Гетцельс креативті деп-проблеманың шешімі мен қатар оны іздеуде қызықтыратын адамды санайды.

Гилфорд креативті тұлғаны зерттеу кезеңінде айналамалы жолмен өзі проблеманы тауып алатын адам деп сипатталады [12] .

Штернберг пен Дэвидсон 1986 жылы өз жұмыстарында «біз дарындылықты ойлап таппаймыз және ашпаймыз да» деген қағиданы ұсынады.

Өзінің қажеттігіне орай әр қоғам дарындылықты өзінше анықтайды және оны түсіну уақыт пен орналасқан мекеніне орай өзгеріп отырады.

Пассау мен Танненбаум (1988) дарындылықты анықтау тек оны ашумен шектелмейді, сонымен қатар даму жолына, қолдау, мадақтауға әкеледі.

Фельдман (1986) дарындылықты қоршаған орта факторларына тәуелді интеллектуалды, эмоционалды елеулі кездейсоқ шоғырлану дейді.

«Философиялық және энциклопедиялық сөздіктерде талант» ұғымының 2 түрлі мағынасы берілген.

  1. талант-дарындылықтың қандай да бір саладан жоғары дәрежеде көрініс беруі, ерекше қабілеттік түрі.
  2. талант -(салмақ-таразы) -ең ірі (үлкен) өлшемді және ақша санау. Ерлігі Ежелгі Греция, Египет, Вавилон, Персте және Кіші Азия жерлерінде қолданыс тапқан.

Ежелгі дәуірде данышпан яғни гений латын тілінен «genus»-рухани, жан»- қолданушы ұстаз, пайғамбар, әулие деген мағынаны білдірген.

Жын-пері (әзәзіл) ежелгі грек мифологиясы мен наным-сенімінде -адамның алдына қойған мақсаты мен ниетінің орындауына немесе (кедергі болатын қорғаушы) себін тигізетін немесе кедергі жасайтын рухани иесі. Яғни данышпан мен жын-пері терминдері барібір десек болады.

Кейінірек «гении»-ді жақсы немесе жаман мейірімді немесе мейірімсіз рух ретінде қарастырып, оны адам мен құдай арасында қойып, адамдар тағдырына әсер ететіні ерекше күш иесі деген.

Шынында да адамзат тарихында көптеген мейірімді және мейірімсіз «генийлер» бар. Мысалы миллиондаған адам өмірін өініңіз саясатқа қатысты шешімін орындау үшін қиған мейірімсіз генилер, Нерон, И. Грозный, Гитлер, В. И. Сталин және т. б.

Ежелгі заман философтары Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Пифагор, Платон, Сократ кейіннен А, Баумгартен, И. Кант және т. б. адамдардың жеке даралық өзгешеліктерін жақсы түсіне білген. Мәселен, Платон: Ақын өз білімі немесе өнерімен емес, құдайдан берген қасиет деген. Демокритте осы көзқараста болған. Ертеректе философтардың пікірінше, данышпандық тек өнер саласынан ғана көрнек табады деп білген. И. Канттың ойынша, гений-тек өнер саласында ғана болатын дарындылықтың жоғары көрнектілігі деп есептелген. Бірақ бұл пікірді теріске шыығарғандар да табылды. Аристотсель көркемдік шығармашылық пен интелекттік ойлау әрекеттің арасындағы байланысты көрсете отырып ақыл-ой пайымдаушылығының әрекеті деген термин енгізді. Неміс психологы Фреберстің ойынша, ең белсенді ерік-жігер де, тіпті сезімталдық та дарындылықты (тудырмайды) құрамайды; гений үшін ақыл-ой сана маңызды. И. Канттың пікірінше, гений (кемеңгер оқуды талап етпейтін адамдар олар өз бетінше билігіне шындыққа, жақсылыққа жол табады, ал талалнт-бұл үлкен жұмыс деген. Әлі күнге дейін педагогикалық тәжірибеде мынандай кері түсінік бар. «талант-өзі көрініс тауып, шыңға жетеді» деген [13] .

Келесі кезеңде XIV-XVI ғ. ғ. дарындылықты, талант, кемеңгерлікті зерттеудегі қайта өрлеу кезеңі деп аталады. Мұнда идеалистік көзқарастардың материалистік көзқарасқа өзгеруі талантты адамды-құдай адамы» ретінде қарамай, шығармашылық белсенді субьект деп таныды.

Атақты философ Д. Дидро: «кемеңгер адамдардың біреуіне ғана аспаннан сарайдың есігі ашылады». Мұнда негізгі ой дарындылық табиғаттан берілсе де, оның көрініс табуы, шарықтауы оның қоршаған ортасына, алған біліміне байланысты.

Джон Локк өзінің философиялық «Опыт о человеческом труде» еңбегінде:

-туа берілетін идеялар жоқ, таным әрекеті тәжірибе мен тәжірибе негізінде қалыптасады.

-адам миы ең алғаш «таза тақта» сияқты

-адам сезімінде бұрын болмаған нәрсе, сезінбеген нәрсе адам миында болмақ емес» дейді.

Джон Локкк балалардың тума қасиеттерін қабылдамасада жеке дара қабілетті балаларды оқыту керектігін мойындаған. Жан-Жак Руссо керісінше, дарындылықты табиғаттан дей келе, дарынды балалар дамуында тәрбие кедергі келтірмеуі керектігін айтты. Балаларға олардың қызығушылығы мен бейімділіктеріне толық еркіндік беру керек деді. Бұл жерде «қызығушылық» пен «бейімділік» деген терминдерді түсіндіре кетсек, қызығушылық қандай да бір пәнге, зейінді болуы.

Ал «бейімділік» болса -қандай да бір салада әрекет жасай алуы. Ал Ж. Руссоның пікірінше білімді сіз арқылы емес, өзі танып, тиісті ғылымды оқып емес, өзі оймен тауып, өзі шығарсын»

Адольф Дистервег те өзінің педагогикалық теорияларында Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоций, И. Гербарт және т. б. сияқты мәдени сәйкестілік принципін ұстанады. Бала тәрбиесі тек табиғаттан емес, сонымен қатар сол уақыт пен елдің мәдениетінің деңгейіне байланысты деген яғни Дистервег қабілет пен дарындылықты қоршаған ортаға байланысты қалыптасады дейді.

Гельвеций «Ақыл-ой туралы» трактатында «талант пен оның жоғары көрсеткіші-данышпандық тұқым қуалаушы еш қатысы жоқ, адам өзінің қоғамда өмір бойы алған білімі мен тәрбиесі арқасында ие болады. » [14] .

Қазіргі кезде дарындылықтың 100-ден аса анықтамасы бар. Бүгінгі таңда психологтар дарындылықтың дамуының сипаты, сапалы өзгешелігі, деңгейі-бұл әрқашанда тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік ортаның күрделі өзара қатынасының нәтижесі екендігін мойындайды. Дарындылық белгілері - бұл баланың шынайы іс-әрекетінде көрініп, бақылау арқылы бағаланатын ерекшеліктер.

Сонымен бірге, бала дарындылығы туралы оның мінезінің екі аспектісі ретінде-инструменталды және мативациялы-«қалаймын» және «шамам жетеді» деген категориялар негізінде, бірлігінде қарастырған дұрыс. Біріншісін, әрекет тәсілдерін, екіншісі, шындықтың қандай да бір жағына қатынасын сипаттайды.

Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині кең қолданылған. Шетел психологиясында шығармашылықтың қалыптасуына ықпал ететін тұлғалық және ойлау қасиеттеріның жиынтығы «креативтілік» терминімен белгілі.

Шығармашылық психологиясында креативтілік атауымен белгілі болған бағытты Э. Г. Юдин, С. М. Бернштейн, А. Н. Лук, Дж. Гилфорд, С. Медник, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, Н. В. Кипиани, А. М. Матюшкин және тағы басқа ғалымдар зерттеді.

Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ол креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекетте жүзеге асады деген пікірде. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді. Мектеп білім беру әдістерін қолданып, ойлау процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін дамытуды ынталандырады. Креативтілік туралы айтқанда шығармашылық ойлау ғана емес, тұлғаның қасиеті мен дамуы да ескерілуі керек [15] .

Қазіргі білім беру тұжырымдамасының бағытының өзгергеніне қарамастан, мектептерде оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі күнге дейін кездеседі. Оқытуда білім беруді меңгеруге, баланың интеллектісін ғана дамытуға бағыттайды. Оқушының тұлғалық және психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар тең дәрежеде өткізілуі тиіс.

Білім беру жүйесінің тиімді көрсеткіші баланың дамуы болуы керек. Зерттеушілердің пікірі бойынша, білім беруде дамытудың тиімді және маңыздысы тұлғаға бағытталған оқыту. Мұндай оқыту тек біліммен ғана қаруландырып қана қоймай, ең алдымен оқушылардың ойлау шығармашылық күштерін қалыптастырады. Зерттеушілердің бұл пікірімен келіспеу мүмкін емес. Өйткені, креативтілікті дамыту тұлғалық дамудың басты көрсеткіштерінің бірі, тек қана креативтілік адамның өзінің даралығы мен бірегейлігін көрсетеді.

Философия мен психологияда «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда негізгі төрт бағыт айқындалды:

  1. Креативтілік - шығармашылық процесс;
  2. Креативтілік - жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім;
  3. Креативтілік - интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет;
  4. Креативтілік - тұлғалық категория, мінез - құлық ерекшелігі.

Осы төрт бағыт өзара байланысты: креативті тұлға креативті процеспен айналыса отырып, креативті нәтиже береді.

Оқу мен тәрбие процесін басқару тек қана оқушыларға белгілі бір білім жүйесін меңгертіп қана қоймайды, сонымен қатар ол тұлға шығармашылық әрекет дағдысын меңгеретін процестің әрекет формасын ұйымдастыруды да көздейді. Әрекетті басқару объектісі креативті білім беру мен тәрбиелеу процесі. Шығармашылық процесті тікелей қадағалау үнемі көздеген мақсатқа жеткізе бермейтінін тәжірибелер көрсетті. Когнитивті және эмоционалды қызығушылықты тудыратын инновациялық технологияларды қолдана отырып, шығармашылық ахуал құру үшін жағдай жасау керек.

В. С. Шубинский шығармашылық процесті 3 сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілет - қасиеттерді көрсеткен: [16]

  1. Жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой-талғауға бейімділік, жан дүнисінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, ойлау қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл-күйдің туу кезеңі.
  2. Интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі.
  3. Өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни, сын дәлелдеме сатысы.

Педагогика, психология саласындағы ғалымдардың зерттеулерін басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамытуда бір-бірімен тығыз байланыста болатын төмендегідей қағидаларды айқындауға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары
Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz