Шаруашылықтағы малдардың нефросклероз ауруымен ауруы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
ВЕТЕРИНАРИЯ және АГРОМЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: Жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын клиникалық балаумен III
Тақырыбы: Нефросклероз ауруы
Орындаған: Альмухамедқызы Н. Тексерген: Билялов Е.Е.
ВМ-801 тобының студенті ________ ___________
(қолы)________ (бағасы) (күні)
(қолы)_________
Комиссия_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
Семей, 2022
Жоспар
Kipicпe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2
1
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1
Зәр бөлу мүшесі - бүйректің морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2
Бүйректің қызметі мен қанмен жабдықталу ерекшеліктері ... ... ... ... ...
11
1.3
Нефросклероз ауруының дамуы, клиникалық белгілері, емі ... ... ... ... .
14
ІІ
Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
2.1
Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
2.2
Шаруашылықтағы малдардың нефросклероз ауруымен ауруы ... ... ...
24
2.3
Ауру тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
2.4
Жалпы зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
2.5
Курация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
Kipicne
Тақырыптың өзектілігі. Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау, ренттегологиясы пәні" бойынша мал организімінде ең көп кездесетін, малдың өнімді түсіретін, кейін барып малдарды өсіп өндіруге жарамсыз ететін аурулардың бірі - бүйрек ауруының нефросклерозы болып табылады. Ветеринария ғылымдарының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, сатыларын анықтау әдістерін. әрекеттерін және сақтандыру шараларын жетілдіре катидалайды. Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология мен патфизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және экономика пәндері құрайды.
Болашақ мамандыққа маңызы бар қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игерген, шаруашылықтарда ауруды емдеу әрекеттерін және о лардан сақтандыру шараларын ұйымдастыруды тиянақты түрде алатын білімді малдәрігері мамандарын дайындауда бұл пәннің алатын орны ерекше.
Мал дәрігерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алады. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты - организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт балмасын патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.
Ішкі жұқпалы емес ауруларды соның бірі несеп-зәр жүйесі ауруларын анықтауда бұл пәннің маңызы зор. Бүйрек ауруларына шалдыққан малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болады:
1. белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу,
2. Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу,
3. Ауруды тудырған себептерді анықтау ( этиология);
4. Аурудың даму процесіне көңіл аудару ( патогенез);
5. Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптоматология, синдроматика) талдау;
6. Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
7. Аурудың өту барысына сүйене отырып оған болжам жасау (прогноз);
8. Ауруға ем тағайындау (терапия);
9. сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).
Бұл жоспардың ішінде ауруды анықтау мен оның себептерін дәл табудың ауруды емдеу және сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы зор өте зор.
1 Негізгі бөлім
1.1 Зәр бөлу мүшесі - бүйректің морфологиясы
Бүйрек-пішіні бұршақ тәріздес, қызыл-қоңыр түсті, қомақты жұп мүше. Ол негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі қан және су-тұз алмасуын реттеугеде қатысады. Бүйрек құрсақ қуысының бел аумағында, бел омыртқалардың вентральді бұлшық еттерінің төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан бүйрек майы қапшығымен қапталған. Оның төменгі беті құрсақ қуысы сірлі қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі және екі бүйір беттері ғана қапталған. Бүйректің ішкі медиальді ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен жүйкелері енетін жерін бүйрек қақпасы -деп атайды.
Бүйректі кақ жарып кесіп қарағанда, оның кескінінде бір-бірінен айқын ажырайтын үш аймақ көрінеді. Олар: бүйректің сыртқы несеп түзгіш қыртысты аймақ, ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін шекаралық аймақ,
Бүйректің қыртысты аймағында қаннан зәрдің түзілуін іс жүзіне асыратын қоңыр-қызыл түсті көптеген ұсақ бүйрек денешіктері мүшенің сыртынан ішіне қарай қатарласып орналасады. Оларды бір-бірінен сәуле тәрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратып тұрады. Бүйрек денешіктерінің құрылысын микроскоп арқылы ғана көруге болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан құралған. Пирамидалардың табандары бүйректің шетіне қарай орналасы, олардан бүйректің қыртысты аймағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал бүйректің ішкі жағына қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек емізікшелері -деп аталады. Шекаралық аймақтағы доғалық артериялардан бүйректің қыртысты айматына сәулелі (радиальды) артериялар тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар болып бүйрек шенешіктері орналасады.
Бүйректің түрлері. Бүйректерді жіктеудің негізі етіп, бүйректің бастапқы құрылымдық бірлігі бүйрекшелер алынған. Бүйрекшелерде де, бүйрекке тән үш аймақ пен пирамидалар емізікшелері және оларға жанаса жалғасып жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Бүйректің бүйрекшелері бір-бірімен өзара зәр шығару өзектері және дәнекер ұлпасы арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы және ішкі морфологиялық құрылымына байланысты бүйрекөптеген түрлері ажыратылады, Олардың құрылысын салыстырып сараптай келе, бүйректің жануарларда жиі кездесетін негізгі төрт түрінің құрылысымен төменде танысамыз. Оларға: көптік, тілімді, көпемізікшелі, тегіс көпемізікшелі және тегіс біремізікшелі бүйректер жатады.
1. Көптік бүйрек бір-бірімен зәр шығару өзектері - бүйрек
сабақшалары арқылы байланысып жатқан көптеген майда жеке бүйрекшелерден тұрады. Әрбір бүйрекше сыртынан дәнекер ұлпалақ қапталған. Бүйрекшенің кесіндісінде бір-бірнен ажырайтын аймақты байқауға болады. Қапшықтың астындағы қыртысты аймақ зәр бөлу аймағы. Бұл аймақты бүйрек түтікшелері нефрондардың денешіктері мен проксимальды және бөлімдерінің ирек түтікшелері құрайды. Олардың аралықтарында қан мен лимфа тамырларына бай, тым жұқа борпылдақ дәнекер аналық аралықтар (строма) орналасады. Бүйрекшелердің орталығында нефрондардың түзу түтікшелерінен (просимальді және дистальды бөлімдердің түзу түтікшелері, жіңішке бөлімдер мен жинағыш түтікшелер) құралған, бөлінген зәрді өткізетін бозғылт аймак орналасады. Стромасы борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Қыртысты және бозғылт аймақтар аралығында ірі қан тамырлары (доғалық артериялар мен веналар) өтетін шекаралық аймақ болады. Бүйрекшелер сабақшалары бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, бұлар аз кезегінде бір-бірімен қосылып несепағарды түзеді. Бүйректің бұндай түрі теңіз сүтторектілерінде (китте, түленде, дельфинде, ақ аю, моржда т. б.) болады.
2. Тілімді көпемізікшелі бүйрек бүйректің сыртқы жағы бір
бірінен тілімденіп білініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақтары толық қосылып бірігіп бүйрекшелерден құралған, Сондықтан, бүйректің сыртқы беті тілімделіп тұрады. Ал кесіп қарағанда, бүйрек көп емізікшелерден (бірігіп кеткен бұрынғы жеке бүйрекшелердің бозғылт аймағы) тұрады. Емізікшелер түтікшелері іші қуыс тостағаншаларға ашылады. Тостағаншалардан шығатын іші қуыс сабақшалар бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын олар өз кезегінде өзара қосылып, несепарғарды құрайды. Бұндай бүйрек сиырда болады.
3. Тегіс көпемізікшелі бүйрек шошқада, маймылдарда және адамда болады. Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанымен, ішкі кескінінде көптеген емізікшелерлен тұрады Бұларда да, емізікшелер түтіктері тостағаншаларға ашылып, шығатын қысқа сабақшалар бірігіп, бүйрек қақпасы маңындағы күміс мүше -бүйрек түбегіне ашылады. Бүйрек түбегінен несепағар шығады.
4. Тегіс біремізікшелі бүйрек барлық жыртқыш жануарларда,
қойда, ешкіде, жылқыда, түйеде т. б. көптеген жануарларда болады.
Бүйрекшелерлің барлық аймақтары бірігіп кетеді де, бірыңғай орналасқан қыртысты, шекаралық және бозғылт аймақтарды түзеді. Бүйректің сырты тегіс, кескіндісінде бір емізікше көрінеді. Емізікше түтікшелері бүйрек түбегіне ашылады. Тостағаншалар мен сабақшалар болмайды.
Бүйрек құрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның паренхимасын жануарлардың түрлеріне байланысты 1-8 миллиондай бүйрек түтікшелері - нефрондар құрайды. Нефронның қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптайтын, іші қуыс екі қабат бір қабатты жалпақ эпителийден құралған бастама бөлігін бүйрек денешігінің қапшығы деп атайды. Қан капиллярлар шумағын артерия қаны әкелгіш артериола арқылы ағып келеді. Бұл шумақтан артерия қаны әкеткіш артериоламен ағып шығады. Әкелкіш артериоламен арнасы әкеткіш артериола арнасына қарағанда 5-6 еседей кең. Демек, капиллярлар шумағынан ағып шығатын қанның мөлшері ағып келетін қан молшеріне караганда бірнеше есе аз болады. Осыған байланысты капиллярларындағы қанның қыысымы көтеріліп, нәтижесінде қанның қабырғасы және бүйрек денешігінің ішкі қабаты оның қапшығы қуысына сүзіліп шығады да, алғашқы зәрге айналады. Нефрон денешігі тығыз жанасқан екі бөліктен: қан капиллярлары шумағынан және оны сыртынан қаптаған бүйрек денешігінің қапшыгынан құралған. Нефрондар бүйрек денешігінен басқа, проксимальды, жіңішке және дистальды бөлімдерден құралған. Бұлардың қабырғалары бөлімдердің атқаратын қызметтеріне байланысты бірқабатты тегіс немесе бірқабатты жалпақ эпителийден тұрады. Алғашқы несептен аталған бөлімдерден ағып өту барысында организмге керекті заттар кері қанға сорылып, керек емес заттар қосымша қаннан несепке шығарылады да, нефронның соңына қарай несепке айналады.
Бүйректің стромасы (борпылдақ дәнекер ұлпасы) арқылы қан, лимфа тамырлары мен бүйректің қызметін атқаратын жүйкелер өтеді. гистологиялық құрылысы. бүйректі тығыз дәнекер ұлпалық (капсула) қаптап жатады. Бүйрек құрылысы жағынан мүше, Бүйректің паренхимасын нефрондар, ал оның стромасын нефрондардың араларындағы қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды.
Жоғарыда баяндалғандай, бүйрек сыртқы қыртысты, ішкі бозғылт аймақтардан құралған. Бүйректің қыртысты аймағын бүйрек денешіктері, нефрондардың проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек өзекшелері, ол оның бозғылт аймағын проксимальды және дистальды бөлімдердің түзу өзекшелері, жіңішке бөлім және жинағыш түтікшелер құрайды.
Нефрон (бүйрек өзекшесі) бүйрек парнехимасының құрылымдық және қызметтік бірлігі. Жануарлардың түрлеріне байланысты бүйректе 2-8 бүйрек өзекшелері болады. Нефронның орташа ұзындығы 2-5 см мен қызметі әр түрлі бірнеше бөлімдерден құралған. Оларға денешігі, жоғарғы (прокинішке және төменгі (дистальды) бөлімдер жатады.
Бүйрек денешігі екі: тамырлы және несептік бөліктерден тұрады. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қан капиллярларының шумағы артериола түзеді. Несептік бөлікті төменгі жағы прокенмальды бөлімімен жалғасатын нефронның жоғарғы тұйықталған қос қабатты қапшығы құрайды. Нефрон қапшығы қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптап жатады. Нефронның проксимальды бөлімі ирек және түзу бөліктерден тұрады. Оның ирек бөлігі бүйректің қыртысты затында бүйрек денешігі мағында ирелеңдеп, бүйректің бозғылт затына қарай төмен бағытталып, түзу бөлікке айналады. Проксимальды түзу өзекше төмендеп, жіңішке бөлім өзекшесіне ауысады. Нефрондардың 80%-ының жіңішке бөлімдері қысқа болып келеді және олар бүйректің қыртысты аймағында жатады. Жіңішке бөлім ілгек жасап, қайтадан жоғары қарай бұрылып көтеріледі де, дистальды бөлімнің түзу бөлігіне ауысады. Дистальды бөлімнің түзу бөлігі өзінің бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне қарай жоғары көтеріліп иректеліп, дистальды ирек бөлікке ауысады. Олар доғалық жинағыш түтікшклермен жалғасып, бір-бірімен қосылып, түзу жинағыш түтікшелерге айналады. Нефрондардың 20%-ы бозғылт аймақтың маңында орналасып, олардың жіңішке бөлімі терең еніп, кері көтеріледі. Оларды бозғылтмаңы (юкстамелульны) нефрондары -деп атайды. Түзу жинағыш түтікшелер қыртысты аймақтағы бозғылт сәулелердітүзеді. Бірнеше жинағыш түтікшелер бір-бірімен қосылып, емізікше өзекшелерін жасайды. Емізікше өзеншелері бүйрек тостағаншаларына ашылады. Несеп бүйрек тостағаншаларынан, бүйрек сабақшалары арқылы бүйрек түбегіне, одан несепағармен қуыққа барады. Қуықтан несепшығар өзегімен еркек жануарларда несеп-жыныс өзегімен, ұрғашы жануарларда несепжыныс қойнауы арқылы сыртқа шығарылады.
Қан плазмасы жоғарғы қан қысымының әсерінен қан капиллярларының қабырғалары мен бүйрек денешігінің ішкі қабаты арқылы сүзіліп, бүйрек қабатты қапшығы қуысына өтеді. Алғашқы несеп қан плазмасынан сүзілу арқылы түзіледі. Бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне артерия әкелгіш артериоламен қан капиллярлары шумағына ағып келеді. Капиллярлар шумағынан артерия қаны әкеткіш артериола арқылы ағып шығады. Әкелгіш артериоланың диаметрі әкеткіш артериоланың диаметріне қарағанда бірнеше есе кең. Демек, қан капиллярлар шумағына көп мөлшерде ағып келіп, аз мөлшерде ағып кетеді. Осыған байланысты, қан капиллярларының арасында жоғары қан қысымы пайда болып, қан сұйығының қан капиллярларының қабырғалары арқылы сүзіліп шығуына ықпалын тигізеді. Оның үстіне, қан капиллярларының қабырғаларында диаметрі 70-90 нм тесіктер бар. Капиллярлардың аралықтарында перициттер жұлдызша тамырлараралық (мезангиальды) торшалар болады. Олар өсінділерімен дотелиоциттеріне жанасып жатады. Бүйрек денешігінің ішкі кабатын тым жұқа (бірқабатты жалпақ эпителий) эпителий торша пры подоциттер де, капиллярлар эндотелиоциттеріне сыртқы жағынан тығыз жанасып жатады. Олардың аралықтарында тек негіздік жарғақ қана калады.
Проксимаальды бөлімнің жоғары ирек бөлігі бүйрек денешігі қапшығының сыртқы қабатынан басталады. Ал бүйрек денешігі маңында иректеліп, бүйректің қыртысты аймағы затынан бозғылт аймаққа қарай төмендеп, түзу бөлікке ауысыды. Проксимальды өзекшенің қабырғасын бірқабатты текше тәрізді эпителий құрайды. Оның орташа диаметрі 60 мкм. Эпителиоциттердің апикальды бетінде плазмолеммадан түзілген микробүрлер және олардың астындағы цитоплазмада лизосома тәрізді көпіршіктер болады. Торшалардың базальды бөлігінде тігінен тізбектеле орналасқан митәхондриялар мен олардың аралықтарындағы қатпарларынан базальды жолақ түзіледі. Эпителиоциттердің апикальды бетіндегі микробүрлер мен көпіршіктер эпителий торшаларының алғашқы несеп құрамындағы организмге керек заттарды белсенді түрде кері сорып, қосымша қорытып жатқандыгының, ал торшалардағы базальлы жолақ, керісінше, эпителиоциттердің зат алмасу процесі есінде түзілген соңғы ыдырау өнімдерін қосымша несеп құрамына шығаратындығының белгісі. Демек, проксимальды өзскшеде алғашқы несептің құрамындағы керекті заттар кері организмге сорылып (реабсороция), керек емес ыдырау өнімдері қосымша несеп құрамына шығарылады. Реабсорбция арқылы проксимальды өзекше қабырғасымен алғашқы несептен судың 85%-ы, глюкоза, керекті электролиттер, амин қышқылдары, витаминдер кері сорылады.
Жіңішке бөлімді проксимальды бөлімнің төмендеген түзу бөлігі түзеді. Оның диаметрі 13-15 мкм, қабырғасын біржабатты жалпақ эпителий құрайды. Бұл бөлімде негізінен су кері сорылалы.
Дистальды білімнің түзу билігінің диаметрі 20-50 мкм, қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителий құрайды. Ол жіңішке бөлімнің өрлеме жалғаным дистальды түзу өзекше өзінің бүйрек денешігіне қарай көтерліп оның маңында ирек дистальды бөлікке айналып, жинағыш түтікшемен калғасып кетеді. Дистальды бөлім өзекшелерінде натрий және калий тұздарының электролиттері сорылады.
Нефрон ілгегін төмендеген түзу проксимальды өзекше, жіңішке бөлімнің төмендеген және өрлеме өзекшелері, дистальды бөлімнің өрлеме өзекшесі құрайды.
Жинағыш түтікшелер басталар бөлігінің қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителийдің, төменгі бөліктерінің қабырғасы бір қабатты призма тәрізді эпителийден тұрады. Жинағыш түтікшелерге құрамында тұзы аз гипотониялық несеп ағып келеді. Себебі: электролиттер жинағыш түтікшелер қабырғасының сыртында жиналады. Осының нәтижесінде жинағыш түтікшелер қуысындағы сұйық несептен, су кері қанға сорылып, нағыз несеп түзіледі.
1.2 Бүйректің қызметі мен қанмен жабдықталу ерекшеліктері
Бүйректің қанмен жабдықталуында да айтарлықтай ерекшеліктер бар. Қыртыстық қабатта жіңішке артерия тамырлары Шумлянакий-Боумен капсуласына кіріп, онда ұзындығы 0,5 мм шамасында 30-50 капиллярларға тарамданады да, мальпигий шумағын құрайды Бұл тамырды қанды әкелуші тамыр деп атайды. Аталған капиллярлар жинала келіп қанды әкелетін артериялар құрайды. Осы тамырдың диаметрі қан әкелуші тамырлардан 2 есе тар келеді. Шумақтан шыққын тамыр ирек түтікшелер мен Генле ілгегі тұсында кайтадан тарамданып, екінші рет капиллярлар торын құрайды. Осыдан кейін ғана капилляр тамырларындағы қан вена торына жиналып, одан бүйрек венасына барып құяды. Шумақ капиллярында қан қысымы басқа орган капилярларындағы қысымнан әлдеқайда жоғары , Оның себебі әкетуші тамырлардың диаметрінің тарлығында және оның қайтадан капиллярларға таралуында. Сонымен қатар бүйрек артериясы тікелей құрсақ қолқасынан басталады да, ол қысқа келеді.
Бүйрек қанмен жақсы жабдықталады, басқа органдарға қарағанда оған қан 20 есе көп келеді. Мысалы: салмағы 90-100 кг шошқа бүйректерінен тәулігіне 1,5 мың л қан сүзіледі.
Ірі қарада -8 млн, шошқада -1,5, қойда -1 млн нефрон болады. Нефрондардың ішкі бетінің жалпы ауданы ірі қарада-39,5, шошқада -7,2, қойда -3,5м2. Әрбір нефронның ұзындығы 30-50 мм.
Бүйректің негізгі қызметі -зәр (несеп) түзу. Зәр түзу екі кезеңнен - сүзу және қайта сору, тұратын күрделі физиологияялық процесс.
Зәр түзу процесі Шумлянский-Баумен капсуласына қанның сұйық бөлігінің сүзіліп өтуінен басталады. Осының нәтижесінде капсула қуысында коллоид затардан тазартылған құрама жағынан қан плазмасына ұқсас сұйық алғашқы зәр пайда болады. Капсула қабырғасынан қанның сүзілуіне шумақ тамырларының жоғары қысым тудыратын (70-90мм) құрылыс ерекшеліктері мен ондағы ерекше ұсақ саңылаулар ықпал жасайды. Бұл тесіктер арқылы мальпигий шумағынан молекулалық салмағы 70 мыңнан артық заттар өтпейді, сондықтан алғашқы зәр құрамында белок болмайды, оны белоксыз ультрафильтрат деп те атайды (соңғы кезде ультрафильтрат құрамында аз мөлшерде белоктарда болады деген ұғым қалыптаса бастады). Плазма құрамындағы коллоидтар (негізінен белоктудыратын онкостық қысым (с. б. 30 мм) алғашқы зәрдің түзілуін қиындатқанмен, мальпигий шумағындағы қан қысымы (70-90мм) плазма коллоидтарының суды ұстау қабілетінің жоғары болады. Осы скі қысымның айырыасын (40-60мм) сүзілу қысымы деп атайды. Шумлянский-Боумен капсуласына сұйық шумақ капилляры мен капсула ішіндегі қысым теңескенге дейін сүзіледі.
Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі, мысалы, сиырда 540 1800 л. Бұл бүйректің қанмен өте мол жабдықталғанында ғана мүмкін болатын жағдай. Сиыр тәулігіне 15 л зәр бөлсе онда бүйрегінен 18000л қан өту керек. Демек, әрбір 6-10 литр қаннан 1 литр алғашқы зәр түзіледі .
Капсуладағы алғашқы зәр ирек түтіктер жүйесіне түскеннен кейін зәр түзудің екінші кезеңі - қайта сору басталалы да, судың көп мөлшері, кейбір еріген тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т. б. кері сіңіп қанға өтеді. Қайта сору процесі бүйректің несеп жүретін түтікшелерін құрайтын эпителий клеткаларының спецификалық активті жұмысы арқылы іске асады. Электронды микроскоптық зерттеулерге қарағанда нефрон түтікшелерінің ішкі бетінде ліцы ішектегі сияқты микротүктер болатын көрінеді, әрбір клетка бетінде 6500 микротүк орналасады. Олар түтікшелердің ішкі беттік ауданын 40 есе өсіреді де, оның жалпы ауданы малда 40-50 м' ауданға жетеді. Ондай морфологиялық ерешеліктер қайта сору процесінің қарқынды жүруіне мүмкіндік береді. Арнаулы зерттеулер 100 л алғашқы зәрдің 48,5 литрі кері сорылатынын көрсеткен.
Қазіргі кезде натрий глюкоза, амин қышқылдары және кейбір заттардың активті механизм әрекетімен сорылатыны дәлелденді. Хлоридтер мен су пассивті түрде осмос және диффузия заңдылықтарына сәйкес сорылады. Активті тасымалдау механизмі нефрон түтікшелері проксимальдық бөлігінде шоғырланатын ал түтіктелердің дистальдық бөлігінде заттар жәй диффузия түрінде тасымалданады. Активті тасымалдау механизмінің әсерімен түтікшелердін қуысына концентрация градиентіне қарсы түрлі иондық қосылыстар холин, гистамин, гуадинин, тиамин, серотинин т. б. өтеді. Аталған ионды қосылыстарды тасымалдауда бүйрек түтікшелері мен мембранасындағы өте белсенді Na+ жәнеK+ тәуелді аденозинүшфосфатаза ферменті маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар бұл мембранада басқада органикалық заттардың тасымалдауын қамтамасыз ететін активті тасымалдау жүйесі орналасады.
Алғашқы зәрден глюкозаның, натрийдің, калийдің, кальцийдің және басқа заттардың бүйрек тканьі мен қанға кері сорылу нәтижесінде ұлпалық сұйықтықтағы осмостық қысым жоғарылап, алғашқы зәрдің осмостық қысымы төмендейді. Осының салдарынан су алғашқы зәр құрамынан ткань сұйығымен қанға өте бастайды. Нефрон түтікшелерінен өту үстінде алғашқы зәрдің құрамы өте қатты өзгереді. Мысалы, мочевинаның концентрациясы 60 есе, аммиак - 40, фосфаттар - 30, несеп қышқылы - 25 есе өседі. Бұл бүйрек түтікшелері клеткаларының алғашқы зәр түзуде белсенді рөл атқаратынының дәлелі.
Бүйрек түтікшелерінің белсенді әрекетін қан плазмасы мен зәр құрамындағы сульфаттардың мөлшерін салыстыра отырып анықтауға болады.
Алғашқы зәрдің құрамындағы затарды екі топқа бөлуге болады: шығару табалдырығы жоғары және шығару табалдырығы төмен, Бірінші топтағы заттарга алғашқы зәрден қанға кері сорылатын қосылыстар (қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, натрий, несеп қышқылы) жатады. Бұл заттар соңғы зәрде тек қана олардың қандағы концентрациясы шамадан тыс жоғарылағанда ғана байқалады. Мысалы, алиментарлық ғитергликемия, диабет ауру салдарынан зәрде қант пайда болады. Бүйрек түтікшелерінен қанға қайта сатылмайтын заттар шығару табалдырығы төмен заттар деп аталады. Оларға сульфаттар, креатинин, мочевина жатады. Бұл заттар организмнен толығымен ақырғы (нағыз) зәр құрамында шығарылады.
Зат алмасу өнімдерін (мочевина, несеп қышқылы, индикан, уробилин т.б.) бөлумен қатар бүйрекке синтетикалық процестер де жүреді. Мысалы, гиппур кышкылы канда жоқ, ал бүйрек ұлпасында түзіліп, зәр құрамына кіреді. Зәр аммиактың, креатининнің де көп мөлшері бүйректің өзінде түзіледі. Демек, зәр түзілу процесі тек қана сүзу және қайта сору негізінде жүрмейді, ол бүйрек клеткаларының белсенді әрекетінің нәтижесінде атқарылатын процесс. Секреторлык қызметтің арқасында бүйрек арқылы организмге енген дәрі-дәрмектер шығады. Белсенді секреция нәтижесінде түтікше маңындағы капиллярлардағы қаннанашар немесе сүзілмейтін заттар шығарылады.
Бүйректің экскрециялық қызметін клиренс (тазалау) деген түсінікпен сипаттайды. Бүйрек клиренсін бір минут ішінде белгілі бір заттар тазарған плазма мөлшерімен (мл) анықтайды. Клиренсті анықтау үшін белгіленген затты зәр мен плазма құрамындағы мөлшерін және минуттық диурезді (түзілген зәр) біліп, мына формуламен есептейді: C=Vv:P, мұнда, С - клиренс (мшмин); V -заттың зәрдегі мөлшері; -минуттық диурез (мл); Р -заттың плазмадағы мөлшері.
Бүйректе көптеген биологиялық белсенді заттар да түзіледі, олар мыналар:
1. Ренин гормоны, оның секрециясы бүйрек артериясынлағы қан қысымы төмендесе, қандағы натрий иондарының мөлшері азайса күшейеді. Бұл зат қан тамырлары арнасын тарылтып, қан қысымын жоғартатады,
2. Эритрогенин, ол плазмадағы эритропоэтиногенді эритроэтинге айалдырады.
3. Кининогенин, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бөлігіндегі қалың дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге айналады.
4. Медуллин (простагландин А2), бүйректің бозғылт қабатында түзіліп, бүйректегі қан айналуды жақсартады, қанның бүйректегі қыртыстық және бозғылт заттардың арасында таралуын реттейді, натрий иондарының бөлінуін арттырып, ангиотонзин II-нің тамыр тарылтар әсерін төмендетеді, тамырларды кеңейтеді (антигипертинзивтік әсер етеді).
Урокиназа - плазминоген әрекетін жандандырады (фибринолиздік фактор).
Д3 дәрумен дәрісі - бүйрек түтікшелерінде кальций мен анорганикалық фосфордың реабсорбциясын реттейді. Оның бүйректе түзілетін туындылары кальцийдің ішектен сорылуын жақсартып, сүйектің қатаюына ықпал етеді.
1. 3 Нефросклероз ауруының дамуы, клиникалық белгілері, емі
Нефросклероз -Nephrosclerosis. Бүйректердің жарақаттанып, дәнекер тінмен өсіп, паренхимасының өліеттену інің салдарынан олардың несеп түзу және шығару процестерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Ірі қарада жиі кездеседі.
Себептері. Ауру асқынған нефриттер мен нефроздын соңғы стадиясы деп қарау керек. Көп (жағдайларда дәрігерлер зәр шығару ағзаларының ауруларын уакытында анықтамағанда, ол аурулар нефросклерозға айналғанда ғана біледі. Құрамында қышқылы көп азық, көп мөлшерде жем, ұзақ уақыт улану қышыма, экзема, қотырлар аурудың себептеріне жатады .
Дамуы. Бүйрек шумақтарындағы, өзектеріндегі эпителийлердің бүлінуі нефрондардың өлінуін туғызады. Бүйректердегі қан айналысының нашарлауы оның паренхимасындағы зат алмасуын бұзады, Осының салдарынан өлген нефрондардың орнына дәнекер тіндердің өсуі үдейді. Шумақтар мен өзектер қысылады, өлі сттенеді. Олардағы сүзілу, реабсорбция процестері бұзылады, не тоқтайды. Бүлінбеген бөліктерде қан айналысы күшейе түседі де, жалпы қан айналысы бұзылады. Ренин, ангиотензин 2 көп түзіліп, қанға сіңеді. Ол барып қанның қысымын жоғарлатады жүрек еттері қалыңдайды (гипертрофия). Екінші жағдайда рениндағы гемоглобинмен қосылып гипертензин түзеді. Олда жоғарыдағыдай әсер етеді. Бұл өзгерістер жүрек пен қан тамырларының қызметтерін нашарлатады, сұйықтардың жиналуынан ісіктер пайда болады. Бүйректердегі бөлу процесі бұзылғандықтан организмде қышқылдар шоғырланып ацидоз дамыды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz