Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Туран-Астана Университеті

МӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі заманғы қазақстандық білім берудегі сыбайлас жемқорлық проблемалары

Магистрант: Рахимжанова Гульнур МН-ИС-21-1

Оқытушы: профессор Батыров М. Е.

Нур-Султан 2022

Жоспар:

Кіріспе

  1. Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемтепте оқыту жолдары
  3. Жастар арасында жемқорлықты жою шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлыққа анықтама берудің қажеті жоқ шығар. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келемін. Өмірлік тәжірибемде көзім жеткені бұл - үлкен індет. Әрбір саналы азамат болашақ ұрпағының қамын ойласа, қатерлі дертпен батыл күресуі керек. Осы ретте «Бұл індетті жоюға не кедергі?» деген сауал туындайды. Қоғам өзгерді, нарық өмірімізге дендей енді. Ақша, дүние-мүлік бас­ты құндылыққа айналды. Бұл жерде ұлы Абайға жүгінбесек болмайтын секілді. Данышпан өзінің жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем деп, екіншісі көрсем, білсем деп туады» дейді. Мемлекеттік қызметте де әуелі адамның табиғи мінезіне, қарым-қабілетіне назар аударуға көңіл бөлінуі керек деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметші қанағатшыл болуы керек. Ал егер де «мен бай болғым келеді» деген дүдәмал ойы болса, бизнес саласына бет бұрып немесе өзінің кәсібін ашқаны дұрыс.

Ауылдағы жұрттың негіз­гі күн­көрісі, тіршілігі жерге ті­келей қатысты екені бар­шаға белгілі. Сыбайлас жем­қорлық­тың ушығып тұр­ған үлкен бір саласы осы жер­мен­ байланысты. Лауа­зым­ды қызметкер жермен ай­на­­лыс­қандардың алған өні­мі­нен, субсидиядан табыс келіп жатқанын жақсы біле­ді. Өзінің бір туысы арқылы жерді сол кісінің атына ресім­дейді. Со­дан ке­йін ол жерге егін салу үшін бір ша­руа қо­­жа­лығымен келіседі, оған қар­жы төлемейді, лауазымын пай­даланады. Яғни қосымша жер алып беру, субсидия құ­жат­тарын әзірлеу сияқ­ты мем­лекет мүддесіне қар­сы жұмыс жүргізіледі.

Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Мемлекетімізде Қазіргі таңда көп мүм­­кіндіктер бар, жердің мемлекеттік актісі болса несие алу үшін кепілдікке қоюға болады. Шаруа қожалығының бас­шысы жаңағы қызметі үшін лауазымды қызметкерді де өз қажетіне пай­даланады. Ал жер­мен айналысқысы кел­ген шаруалар жерге қол жеткізе алмай, халықтың наразылығы туады. Мен бұл арада жерге қатысты агро­техникалық жұмыс­тарды, минералды ты­ңайтқыштар шығару туралы айтып отырған жоқпын. Ол көп шығынды қажет етеді. Лауа­зымды қызметкерге бұл қажет емес. Жылда көп жерлерде күн­бағыс егілетіні - соның дәлелі.

Бұл түйткілді шешу жол­дары­ның бірі ретінде лауазымды мем­ле­кеттік қызметшінің табыс көзі толық тексерілуі керек деп ойлаймын. Өйткені 80-дегі апаның атында да, мектеп мұғалімінің атында да шаруа қожалықтары тіркел­ген, бірақ ол жердің нақты қожайыны кім екенін халық жақсы біледі. Екінші, сыбайлас жемқорлық тудыратын са­ла мемлекеттік сатып алудағы тендер мәселесі. Қазір тендерді үйде оты­рып-­ақ ұтып алады. Содан кейін суб­­мердігерлерге береді. Ұтып алу үшін ең төменгі баға қояды. Нақ­ты жұ­мыс істейтіндер ұтып ала алмайды. Техни­касы жоқ адамдар тендерді жеңіп алады. Жұмыстың сапасының болмауы, оның уақтылы аяқталмауы - соның салдары.

Осы ретте мемлекеттік тендер жа­сал­ғанда құзыр­лы органдар тендерге қатысқан­дарды қатаң тексерсе, жауап­кер­ші­лікті арттыратын заңның тетік­тері күшейтілсе дұрыс болатын секілді.

Білім саласындағы сыбай­лас жем­қорлық - біздің бола­ша­ғымызға жасал­ған зұлымдық. ҰБТ тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық белең алатыны анық аңғарылады. 11 жыл білім алған түлектерге мектеп әкімшілігі және аудандық оқу бөлімі «таныс таптыңдар ма, тиісті адамдармен сөйлесіңдер, ата-аналарың жұмыс істесін» деген секілді тапсырмалар бе­реді. Басқа оқу сабақтары оқы­тыл­май, тек қана ҰБТ-ға­ тиісті пәндер оқы­тылып, әр апта сайын ақылы тестілер тапсырылады. Бұл қаржыны есептеп, тексеріп жатқан ешкім жоқ, өткен жылғы тестілерді қайта тексеріп, оқушылардан ақша жинау науқаны бас­талады. ҰБТ-ға смартфон алып кіру, оны шығару барлығы келісілген. Ал біліміне сенетін, өз күші­мен түскісі келетін оқушы осы «психологиялық» үрдіске төтеп бере алмай жатады. Оны шешудің жолдары қандай? Бірінші кезеңде мектепте орташа оқыған баланың ҰБТ кезінде жоғары балл алуы жан-жақты тексерілуі керек секілді. Грантпен оқуға түскен, яғни жоғары балл жинаған түлектің студент кезіндегі 1-2­-семестрдегі оқу үлгерімі де назарға алынып, сараптама жа­салуы қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемтепте оқыту жолдары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін оқыту мектеп қабырғасынан, балабақшадан басталуы керек деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын көп себептің бірі - мем­лекет­тік қызметшілердің ең­бек­ақысының аздығы. Мемле­кеттік қызметші ешкімге жал­тақтамай, өзіне берілген міндеттерді адал орындау үшін еңбекақысы оның тұр­мыстық қажеттілігін өтеуі ке­рек. Біз сонда ғана жас­тар­ды осы салаға тартып, қы­­­зықтыра аламыз. Бірақ осы қиын­шылық­тарға қарамастан ма­гниттей тартып тұратын бір күш бар. Ол - ұлт­тық патриотизм, халыққа қызмет ету. Үлкендер айту­шы еді «Бұдан да жаман кезі­мізде тойға барғанбыз», деп. Біз­дің әкелеріміз бен аналарымыз соғысты да, аштықты да көрген. Солардан біз үлгі алуымыз керек. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында «Біз сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоймасақ, алда қойған міндет­терді орындау мүмкін емес», деген болатын. Қорыта келе айта­рым, тәуелсіздігімізді сырт­­қы жаудан, терроризмнен қа­лай қорғау керек болса, сыбай­лас жемқорлықтан да солай қорғануымыз керек.

Жастар арасында жемқорлықты жою шаралары

Білім беру саласы бойынша бүгінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында ақпараттық, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ғабдушев басқарма тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады.

- Жыл сайын күнтізбелік оқу жылының басында колледж және мектеп басшыларының және мемлекеттік органдардың қатысуымен білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық заңнамаларға қатысты бірнеше күндік құқықтық жалпы білім беру өткізіледі. Биылғы жылдың бірінші жартысында облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың және қала, аудан әкімдері орынбасарларының, білім беру бөлімдері басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселесі талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Онда білім беру саласында орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы бейнероликтар көрсетілді. Ғылыми практикалық білім беру қызметі аясында мектеп директорлары мен мектепке дейінгі ұйым басшыларының қатысуымен екі семинар ұйымдастырылды. 2012 жылдан бастап мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған лекциялар, оқу-тәрбиелеу үдерісі барысында сынып сағаттары, кездесулер, байқаулар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіп негіздеріне қатысты 193 дискуссиялық практикум, «Қазақстан - құқықтық мемлекет» тақырыбында 199 айлық, оқушылар арасында 201 сурет байқауы, мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты 82 іскерлік ойын, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының картасы» тақырыбында 63 жобалық байқау, «Мемлекеттік қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек» атты 212 эссе байқауы, «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында 40 бейнеролик байқауы оздырылды. Облыс мектептерінде 403 «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. Оған 5 мыңдай оқушы мүше. 9-11 сыныптар арасындағы «Құқық негіздері» курсында шәкірттер «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңымен танысады. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен колледждер арасында түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы БҚО департаменті, азаматтық қоғам өкілдерінен құралған арнайы мониторингтік топ талапкерлердің колледждерге түсу емтихандарына қатысты. Сондай-ақ олар гранттарды бөлу үдерісін де қадағалады. Қазақстандық патриотизм үлгісін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Ғасыр» қоғамдық ұйымы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментімен бірге ағымдағы жылдың қаңтарында колледж студенттері арасында «Таза сессия» акциясын жүргізді. Сәуір айында мыңдаған студент «Өзіңнен баста!» республикалық акциясына атсалысты, - деді Нұрлан Ғабдушев.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы
Әділет органдарының актілері
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесі
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz