Құқық бұзуға бейім мінез - құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Туран-Астана Университеті

МӨЖ

Тақырыбы: Мемлекеттік қызметішінің сыбайлас жемқорлық мінез құлқының психологиясы

Магистрант: Рахимжанова Гульнур МН-ИС-21-1
Оқытушы: профессор Батыров М.Е.

Нур-Султан 2022
Жоспар:

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлықтың психология жағынан дұрыс еместігі
Адам психологиясы арқылы жемқорлықпен күресу
Құқық органдар тарапынан қолданылған шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді - адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, - деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) - әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді - даму, ал өнеге, рух өзгерісін - адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында адам дамуындағы және оның дұрыс тәрбиеленуіндегі криминологиялық ғылымның ролі мен орны және онымен байланысы, адамды қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлықтың психология жағынан дұрыс еместігі
Криминологиялық ғылым да адамның өмiр бойы басынан кешiретiн өзгерістерін, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалының нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі - деп санайды. Мысалы, криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс тапты: а) қылмыскердің шыққан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді; ә) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды; б)қылмыс жасап жатқан кезде тұлғаға әсер етеді; в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады. Оған әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы, 1) адам өмірге биологиялық тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді; 2) орта - адамның қалыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ықпалының сипатына түзету енгізуге тиіс; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айқын көрінеді. Бірақ, шыққан тектің жамандығы, физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылықтың дамуында шешуші рөл атқармайды, себебі қоғамда адамды әлеуметтік құбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады.
Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.

Адам психологиясы арқылы жемқорлықпен күресу
Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады: азаматшылық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады; азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады; тату өмір сүруге дағдыланады; өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауға үйренеді; басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады; қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.
Жұмыста агрессияның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді: 1) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен қатар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн; 2) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлық көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар (әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ақ кейбір криминологтардың пікірінше) себеп болады, олардың ең негізгісі - агрессия, ал ол қалыпты шамада ешқандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалық қасиеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздық, мұқтаждық, ешқайда қажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді; 4) агрессивтік (биологиялық) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу - агрессияны азайтудың бірден бір жолы; 5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы қоршаған табиғи ортамен қандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Жемқолық әрекетінің әлеуметтік психологиялық әрекеттері
Қылмыс пен жаза
Девиантты мінез құлықтың түрлері, типтері
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет құқықтық әрекет етуді қамтамасыз ету
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Құқықтық сана
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Пәндер