Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.КІРІСПЕ

Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ.Негізгі бөлім

1тарау Ш.Б.ҚҰЛМАНОВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЛҒАН МУЗЫКА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ... ... 6

1.1.Музыка пәнінің мазмұны және оқу процесін ұйымдастыру ... ..11
1.2.Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама ... 13
1.3.Музыка пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту - бүгінгі күнің талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4.Жаңартылған білім мазмұны жағдайында музыка пәнін оқытудың
заманауи аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8

ІІ.Тәжірибе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 27

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Тәрбиенің аса маңызды құрамы -- өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамтитын-музыкалық өнер.
Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруға, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәжірибе бар, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды мол пайдаланудың жолдары аз қамтылған. Міне, музыка тәрбиесі әдістемесі жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарының мазмұнын, даму заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін игеруге арналған. Музыка тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы.Сондықтан да, музыка сабағына жан-жақты талдау жасап, сабақ түрлерінің әртүрлі жобасын жасап, оларды өткізудің әдіс-тәсілдерін қолданған жөн.
Зерттеудің мақсаты:
Егеменді,бостандық алған Қазақстан республикасының білім беру саласында,педагогикалық тәжірибенің мазмұнын жаңарту кезінде,қоғам өмірін жаңартуда, адамның жаңа қоғамға деген көзқарасы, болашақ ұрпақты жан - жақты білімді,мәдениетті,өз мәдениетін, өз тілін, өз халқының тарихын музыка пәнінің бағдарламасы - оқушылардың музыка өнерінің негізі мен оның өмірімен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру,бағдарламаның тақырыптық құрылымында көрсетілген басты мәселелерді, музыкалық, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, музыканы түсініп шығармаларды мәнерлі орындап, орындағанда әуенінiң таза болуы, ырғақты сезіне білу, вокалды - ән айту дағдыларын қалыптастыру мақсатымен халық және композиторлардың ән - күйлер, қазіргі уақытқа сай профессионалды музыкалық шығармалар, жергілікті сазгерлердің ән - күйлері келтіріліп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде музыка сабағының негізгі мақсаты:оқушылардың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды әрі ажырамас бөлігі - музыкалық мәдениетті қалыптастыру. Балалардың Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілігін, әр түрлі ұлт өкілдерінің бір - біріне деген достық сезімдерін оятады және оны жетілдіреді.

Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы

Музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының бір бөлігіне жатады. Білім процесінде музыкалық өнерге деген арнайы зейін түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық білім беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекеттері өте маңызды. Музыкалық білім беру бір елде дамуына, әр дәуір, әр уақытта болған музыкалық тәрбие мен білімнің қалыптасуы, даму тарихы, белгілі ғалым-педагогтардың, музыканттардың осы бағыттардағы ізденістеріне байланысты.
Әр түрлі мемлекеттерде музыкалық білімнің пайдалану өрісі, өсуі, дамуы, тарихы, әдісі, әдіснамасы өзара байланыста қаралады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру дамуына ғалымдар тарапынан зерттеген: М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Б.Ғизатов, С.А.Ұзақпаева, Ө.Байділдаев, П.М.Момынов, Р.Р.Жәрдемәлиева,
А.Райымбергенов, М.Х.Балтабаев, Ш.Құлманова т.б.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегідей мәселелерді қарастырады:
музыканы оқыту теориясы мен музыка тарихын пән ретінде оқыту;
білім процесіндегі музыкалық өнердің орны;
музыкалық білім беру жүйесіндегі баланың тұлға ретінде қалыптасуы;
музыкалық білім берудің мақсаттары, талабы, принциптері;
музыкалық білім берудің негізгі мазмұнының элементтері;
музыкалық іс-әрекеттердің түрлері, музыкалық білім беру әдістері;
музыкалық білім беру формасы;
музыка мұғалімінің музыка-педагогикалық іс-әрекеттері; - музыка мұғалімінің тұлғалылығы, кәсіби сапасы мен сипаты.
Осы мәселелермен бірге баланың жас ерекшелігі, музыкалық икемділігі мен дағдылары, іс-әрекеттерінің түрлері, музыка сабағы, сыныптанмектептен тыс жұмыстары, тарихы, вокалды, аспапты іс- әрекеттері, музыка бағдарламаларына шолу, репертуар, тыңдау, орындаушылық шеберлігі, ізденіс ретінде іс-әрекеттері т.б.
Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады.Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды. Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын,Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып,жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда.
Ұсынылып отырған бұл оқу-әдістемелік құрал да осы мақсатміндеттерді жүзеге асыру бағытына сай музыканы оқытудың жаңа бағдарламасындағы тақырыптарға негізделіп жазылды.Құрал екі бөлімнен тұрады: Музыка бөлімінде педагогикалық колледждердің музыкалық білім беру бөлімдерінде арнайы музыкалық дайындықсыз оқитын оқушыларға Қарапайым музыка сауаты мен Вокалдық хор дағдыларын меңгеру және Музыка әдебиеті туралы мағлұматтар берілген. Музыкалық оқыту әдістемесі бөлімінде музыкалық білім берудің әдістәсілдеріне, музыка бағдарламаларына шолу жасалған, сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері, музыка пәнінің басқа пәндермен байланысы, музыкаға қойылатын талаптар, музыка сабағының ерекшеліктері туралы нұсқаулармен қатар, бастауыш сыныптағы музыка сабағының іс-әрекеттерін оқыту тәсілдеріне жеке-жеке тоқталған. Сонымен қатар музыкадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар түрлері ұсынылады. Музыка сабағын жоспарлау барысында 1-2 сыныпта күнтізбелік тақырыптық жоспар үлгісі, шағын комплектілі мектептердегі музыка сабағының үлгісі және музыка әдістемесі бойынша өткізілетін тест сұрақтары берілді. Сонымен қатар, оқу әдістемелік құралының соңында автордың талай жылғы тәжірибесі мен талантының жемісі- әндер топтамасы ұсынылып отыр. Қазіргі қоғамда дамытудың ғаламдық факторы білім мен ғылым болып табылады.Ал, сол ғылым мен білімнің ішіндегі музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді,мәдениетімізді,біліміміз ді жаңғыртып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды. Әсіресе мектеп оқушыларының өз елінің халкының соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мадениетіне, салт дәстүрлеріне деген сезімдік эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырудағы музыка өнерінің маңызын айқын көруге болады.

1тарау Ш.Б.ҚҰЛМАНОВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЛҒАН МУЗЫКА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Ш.Б. Құлманова - жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні бағдарламаларының көрнекті авторларының бірі. Ол XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарламаларына және қазақ халық музыкасына негізделген типтік бағдарламаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымының қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық ғалым-педагогтардың (М. Оразалиева, Б. Сүлейменова) қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген, түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді.
XX ғасырдың 90-шы жылдарында қазақстандық ғалымдар музыкалық білім саласында біршама еңбек етті. Солардың қатарында болашақ музыка пәні мұғалімінен даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық ғалым Р.Р. Джердемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интеллектуалдық тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық ісәрекеттегі шығармашылықты, музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемаларын шешудегі жеке тұлғалық құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс ретінде қарастырады. Методическая подготовка учителя музыки атты еңбегінде музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының алғышартын, функцияларын, әдіснамалық принциптерін, педагогикалық шарттарын атап көрсетеді. Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының танымдық, мазмұндық, операционалды компоненттеріне сипаттама береді. Автордың Основы методологической подготовки учителя музыки бағдарламасының және Организация самостоятельной работы студентов по педагогике музвоспитания оқу құралының болашақ маман даярлау үшін де, музыка пәні мұғалімінің күнделікті іс-әрекетін ұйымдастыруда да маңызы зор.
Болашақта өз ісінің білікті маманы болғысы келетін музыка пәнінің мұғалімі музыкалық білім беру теориясын жете меңгеруі тиіс, онсыз кәсіби шеберлікке жету мүмкін емес.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегі мәселелерді қарастырады: оқушыларды оқытып, дамытуда музыкалық тәрбие берудегі өнер мен педагогиканың қағида, заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік жасайды;
балаға музыкалық білім берудің субьектісі ретінде қарайды;
маман ретіндегі музыка пәні мұғалімінің өзіндік сапалық тұлғасын қалыптастырады;
музыкалық білім берудің біртұтас жүйелі үлгісін көрсетеді;
музыка пәні мұғалімі кәсіби қызметінің мәнін, түрлері мен ерекшеліктерін айқындайды.
Музыкалық білім беру теориясын меңгеру үшін музыка пәні мұғалімі мына тезаурус яғни пәнге қатысты терминдерді білуі тиіс.
Музыкалық білім беру - музыкалық тәрбие, музыкалық бейімдеу, ынтасы сияқты т.б. ұғымдардың бірлігі,тұтастығы.
Музыкалық тәрбие беру термині екі мағынада қолданылады: тар мағынада психологиялық ұғымды - оқушының белгілі бір жекелеген сапалық қасиетін, тұлғалық ерекшелігін арттыру; кең мағынада - адамгершілікке, әсемдікке баулу.
Музыкалық оқыту термині де екі мағынада көрінеді: тар мағынада - оқушыларды музыкалық білімге, икемділікке, бейімділікке үйрету; кең мағынада - музыкалық бейімділігі, икемділігімен қатар оқушылардың шығармашылық әрекетіндегі сезімдік - құндылық қасиеттерін дамыту.
Оқушылардың музыкалық біліммен дамуы - музыкалық
қызығушылығын, сезімін, қажеттілігін дамыту; музыкалық зейінін, жадым музыкалық шығармашылық ерекшелігін, орындаушылық, тыңдаушылық, тіпті компазоторлық қабілет әрекетін жан-жақты дамыту болып табылады. Музыкалық білім беру педагогикасы, соның ішіндегі музыкалық білім беру теориясы оқушыларды тек музыка мәдениетіне баулып қана қоймайды, сонымен қатар музыка өнерін тұтастай меңгеретін, соның әсерін, қызметін зерттейді.
Сол себептен де жалпы мектептерге арналған оқулықтар талқылауға түскен кезде Д.Б.Кабалевский Музыка атауына жіті көңіл қойып тоқталғанда, ол негізінен музыка өнерін емес, жалпы музыкалық мәдениетті айтқан болатын.
Музыка пәні мұғалімін кәсіптік ғылыми-әдістемелік негізде дайындауға музыкалық білім беру теориясының орны
Жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларында музыка мұғалімін даярлауда мынадай пәндерге көңіл қояды:
музыкалық білім беру теориясы;
музыкалық білім беру әдістемесі;
музыкалық білім беру тарихы;
музыкалық психология және музыкалық іс-әркетінің психологиясы;
музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамасы; - музыкалық - педагогикалық жаттықтыру; - тәжірибешілік.
Музыкалық білім беру әдісі - музыка мұғаліміне теориялық заңдылықтарды меңгерту барысында, танымдық және шығармашылық қаблетін дамыту үшін, әртүрлі музыкалық мектептердің бағдарламарын зерттей отырып, музыкалық білім берудің ұйымдастырушылық әдіс- тәсілдерін тәжірибешілікпен дамыту.
Музыка - педагогикалық тәжірибешілік - мұғалімнің музыканың барлық түрімен айналысатын оқушыларға білім берудегі педагогикалық ұйымдастырушылық әрекеттерінің тәжірибешілікпен ұштасатын бірлігі. Музыкалық білім беру тарихы - музыкалық білім берудің әр түрлі жақтарын бүгінгі күн тұрғысынан әлемнің тарихы негізде жүйелеп қарастырады.
Музыкалық психология және музыкалық іс-әрекетінің психологиясы - музыкалық білімді жоғарғы кәсіби деңгейге көтеру мақсатында психологиялық аспектіні білім берудің негізгі ірге тасы негізінде пайдалану. Музыкалық білім берудің педагогикалық әдіснамасы - болашақ мамандығын музыкант - педагог ретіндегі мұғалімнің ары қарайғы ізденіс ісәрекетін ретке келтіріп, таныстыруды мақсат етеді.
Тәжірибешілік - мектепте өтетін музыка пәндерін, әсіресе Музыкалық білім беру теориясын меңгертудің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыға жеткізу, болашақ музыка мұғалімінің тәжірибесіне негізделеді.
Музыкалық білім беру - музыкалық қызметіне, іс-әрекетіне қажетті білімді жинақтаудағы дағды, машық, сондай-ақ, оқы барысында меңгерген білімнің жиынтық нәтижесі.
Музыкалық тәрбие - музыкалық мәдениетінің жүйелілігі, адамның музыкаға қаблеттілігі, көңіл-күйінің музыкаға деген сезімі, жан-дүниесінің музыкаға берілуі т.б. музыкалық тәрбие арқылы жатады.
Музыкалық тәрбие - болашақ ұрпаққа музыкалық іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланысып бірлікте жеткізе білу.
Музыкалық тәрбиенің басты теориясы - музыкалық қабылдау, түйсін мен музыкалық қаблеттіліктің өзектілігі болып табылады.
Музыкалық қабылдау (тыңдай білу, түсіне білу, бағалай білу, әсерлену іс-әрекеттері) - музыканы тыңдаушының санасына музыкалық образ туғызатын адам психологиясының (сана-сезімінің) сезімдігі және рациональды-логикалық әрекеттерінің күрделі бірлігі.
Музыкалық тәрбие арқылы жеке тұлға музыкалық мәдени ортаға бейімделеді.
Музыкалық тәрбие беру теориясында музыкалық қаблеттілілігінің қалыптасуын жалпы психикалық (сана-сезімдік) заңдылықтардың әрекетін дамыту негізінде қарастырылады.
Музыка - өнердің ішіндегі ең ерекше орын алатын өнер. Өнердің ең сезімтал түрі де осы өнер. Адам музыканы тек жан дүниесімен қабылдап сезінеді, оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да балаға музыканы сезіндіру арқылы қабылдатып, музыка өнерінің құдыретін жеткізе аламыз. Өйткені, музыкалық шығарманың басқа өнерден айырмашылығы оның мәнерлілігінде. Сол себептен музыканы балаға жай сөзбен емес, өнер тілімен ғана ұғындарып бере аламыз (А.А.Мелик- Пашиев).
Музыкалық білім берудің қоғамдағы педагогика философиясында әр түрлі пікірлер бар: алғашқылары, музыканы жеке тұлғаның көркемдік, әсемдік, құндылықтың дамуына әсер ететін құрал ретінде қараса, енді біреулері, музыкалық білім беруде жеке тұлғаны ең алдымен музыкалық өз құндылықтарын түсіндіру негізінде тәрбиелеу керек дейді. Сондықтан да, бүгінгі таңда музыкалық білім процесінде музыканы жалпы қоғамдағы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншілік туғызатын ерекшелік ретінде қарастырады.
Музыкалық педагогикалық білім беру жүйесіндегі әдістемелік даярлықтың ролі мен ерекшеліктері, Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні мен мазмұны, Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының негізгі дидактикалық және әдіснамалы принциптері тақырыптары пән мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні мен тұтас құрылымы жөнінде саналы түсінік беру, әдістемелік міндеттерді шешуге қажетті әлеуметтік маңызды кәсіптік сапа қасиеттерін дамыту, болашақ мамандардың музыкалық білім беру педагогикасының теориясы мен практикасында әдістемелік проблемаларды шығармашылықпен іштей мақсат етіп қоя білуге төселдіруге бағытталған.
Р.Р. Джердемалиева болашақ музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы проблемаларын құрастырумен қатар, жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні оқу бағдарламаларының жасалуына да үлкен үлес қосты. Ол 1977 жылы академик Д.Б. Кабалевскийдің жетекшілігіндегі авторлық ұжымның Музыка пәні бағдарламасын Қазақстан мектептеріне ендіруге байланысты қазақ мектептеріне лайықталған бағдарлама жасауға қатысты. Бұл бағдарлама Б. Ғизатовтың жетекшілігіндегі авторлық ұжымның (Г. Қарамолдаева, Л. Мамизерова, А. Байментаева, Ө. Байділдаев) бірлестікте орындалған еңбегі болатын. Болашақ музыка пәні мұғалімінің даярлығын жетілдіру мақсатында республика көлемінде түрлі жарыс, конкурстар ұйымдастырылып, даярлық курстарын өткізді.
Музыкалық білім беру саласында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәні оқу бағдарламаларын, әдістемелерін жасауға елеулі үлес қосқан - ғалым педагог Ш.Б. Құлманова. Ғалымның еңбегінде бастауыш сынып оқушыларын халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерді олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік, сезім, дауысқа қатысты мүшелер: есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері) және музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, музыкалық ес) ескерумен айқындалады. Автор оқушыларға қолайлы халық музыкасын белгілі бір өлшемдердің негізінде сұрыптауды ұсынады. Еңбекте қазақ халық музыкасы арқылы тәрбиелеу негізінде екі жақты процесс орын алатыны, ол, бір жағынан, оқушыларға өтілетін музыканы бейнелі түсіну мен меңгеруді, екіншіден оның мазмұнын әр түрлі дербес іс-әрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыруды бірлестіретіні жайлы мазмұндалады. Автордың қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі мәні мен ерекшеліктерін анықтауының музыка педагогикасы үшін маңызы зор. Олар: қазақ халық музыкасында болмыстың көркемдік образдық және нақты тарихи бейнеленуі, бейнелілігі, мәнерлілігі, интеллектуалды, көпварианттылығы, ұжымдық сипаты. Ш.Б. Құлманованың тағы бір жетістігі қазақ халық музыкасының жанрлық ерекшеліктеріне және оларды педагогикалық маңыздылығына қарай жүйеге келтіріп, мазмұндық сипаттама беруі; тұрмыс-салт музыкасы (тұрмыс әндері, салт күйлері, тұрмыстық күйлер, тарихи әндер мен күйлер, лирикалық әндер мен күйлер, этникалық шығармалар, қобыз күй аңыздары, домбыра күй аңыздары), әлеуметтік теңсіздік ән, күйлері.

1.1. Музыка пәнінің мазмұны және оқу процесін ұйымдастыру

Музыка сабағының мазмұны мен оны ұйымдастыру осы пәннің бағдарламасымен анықталады. Кез келген бағдарлама оқу пәнінің жалпы сипаттамасын беретін және мақсаты мен міндеттерін айқындайтын түсіндірме бөлімінен, жылдық оқыту тақырыптарын ашып көрсететін, музыкалық репертуарды, оқушылардың музыкалық дамуын талап ететін бағдарламаның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімнен тұрады.
Музыка пәні бойынша қазіргі кезде бірнеше бағдарлама бар (Қазіргі қолданып жүрген Ш.Құлманованың бағдарламасы, Мұрагер -
А.Райымбергеновтің, Елім-ай - М.Х.Балтабаевтің бағдарламары т.б.). Олар педагогикалық тәжірибешіліктен өтіп, жалпы білім беру мекемелерге арнап Білім және ғылым министрлігі бекіткен.
Осылардың ішінде музыкалық білім берудің барлық бағытын қамтитын, және музыка саласының бір бөлігі ғана тереңдетіп оқытатын (мәселен, халықтық музыка) бағдарламалар бар. (Д.Б.Кабалевскийдің тақырыптық принципінде қолдануы мүмкін).
Бұл бағдарламардың ішінен халықтық музыкаға жақындары қазіргі таңда көптеген республикаларда, соның ішінде Қазақстан Республикасында жиі қолданылады.
Көптген жылдар бойы музыка теориясын оқытуда музыка сабағының біртұтастығы мәселесі пікірталас туғызып жүр.
Д.Б.Кабалевскийдің пікірінше: музыка сабағы әруақытта біртұтас болу керек, музыка, музыкалық өнер деген ұғым бір ғана түсінікте болғаны жөн....
Сабақтың біртұтастығы көбіне мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі, білімділігі бір-бірімен байланыста болып, тәжірибеде іске асып жатады.
Сабақтың мақсаты жалпы оқу бағдарламасының тақырыбымен және жеке сабақтың тақырыбымен анықталады.
Түйіндейтін болсақ, сабақтың біртұтастылығы - музыкалық білім мазмұнын, мақсатын, әдіс-тәсілдерін, тәрбиелілігін т.б. жинақтығын ұжымды пайдалана білу.
Музыканы оқыту теориясында әлі де өзінің шешімін таппай келе жатқан мәселе - музыка сабағының типологиясы. Музыкалық білім беру педагогикасында сабақ типтерінің әр түрлі тұжырымдары кездеседі. Мәселен, нақты бір монографиялық тақырыпқа арналған сабақ (П.И.Чайковский музыкасы); музыка өнерінің қандай-да бір заңдылықтарын зетртеу (Интонация, Марш, Күй, Халықтың дәстүрлі музыкасы т.б.); музыканың басқа да өнермен байланысы (Музыканы біз көзбен қалай көреміз т.б.); музыканың адамға әсері (Музыканың өзгертішулік күші); музыканың қоршаған ортамен байланыстық танымы (Музыкадағы табиғат т.б.).
Музыка сабағаның мазмұнында және оны ұйымдастыруда кететін әдеттегі кемшіліктерге жататындар:
тірі орындауда оқушыларды музыканың өзімен байластырғанның орнына көп сөзділікпен музыка туралы түсіндіруге әрекеттену;
әртүрлі орындаушылық репертуарға бағытталған жұмыстардың болмауы;
мұғалімде хормейстрлік икемділік пен дағдының әлсіздігі;
оқушыларды вокалды-хорлы мәдениетіне үнемі дайындап, дамытпаудың жетімсіздігі;
музыкалық-пластикалық әрекетке және музыкалық аспаптарда ойнауға икемдік, дағдыларды әлсіздігі, жетпейушілігі.
Оқушылармен сыныптан және мектптен тыс музыкалық жұмыстар Музыкалық білім бері жүйесінде музыкадан міндетті білім беру мен қатар ерікті принципке негізделген сыныптан және мектептен тыс оқушылар мен жұмыстар жүргізіледі. Негізгі мақсат - мектеп, мектептен тыс мекемелер әр баланың музыкалық қызығушулуғын жоғары деңгейге жеткізу.
Барлық мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда хор, оркестрлік ұжым, ансамбль, музыка сыныптары, студия, оқушылардың түрлі музыкалық клубтары, музыкалық театрлар сияқты т.б. тұрақты формалары бар. Көптеген осындай музыкалық сабақ формалары кәсіби дәрежеге жеткен. Оларда сабақтар жүйелі түрде жүргізіледі. Бірнеше жылға бағытталған арнайы оқу бағдарламалыры да бар.
Сыныптан тыс және сыныптағы музыкалық жұмыстардың тағы бір формасы - жалпыға бірдей музыкалық-ағартушылық формалар. Бұл - әр алуан музыкалық мейрамдар, дәрістік-концерттер, музыкалық ойындар т.б. Олардың мектептен тыс өтетін жұмыстардан басты айырмашылығы - балалардың барлығына бірлей арналған жұмыстар. Онда балалардың музыкаға қаблеті, қаблетсіздігі туралы сөз мұлде жоқ десе де болады. Негізігі мақсат - барлық балаға бірдей музыка өнерін таныту, қалай да бол са музыканың сырлы да сиқырлы күшін бала жүрегіне жеткізу. Мектептен және сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде негізгі орын алатын - балалардың музыкалық мектептері. Балалардың музыкалық мектептері екі бағытта жұмыс істейді: ең алдымен балаларға жалпы музыкалық білім беруді көздесе, екіншіден ең талапты, дарынды балаларды кәсіби музыкант деңгейінде дайындайды.Қорыта айтқанда - жалпы сыныптан, мектептен тыс музыкалық жұмыстар музыка сабағымен байланысты болады.

1.2.Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама.
(құрастырған: Ш.Б. Құлманова).

Музыканы қабылдайтын, басқа халықтардың өнеріне аса құрметпен
қарайтын жəне классикалық музыканы түсінетін рухани бай, творчестволық белсенді жетік жеке тұлғаны тəрбиелеу.
Музыка өнер құралы ретінде эстетикалық тəрбие берудің маызды
жолдарының бірі болып табылады. Ол көркем бейне арқылы оқушыларды
қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін
ашуда жаңа ой-өрісін байытып, өмірлік тəжірибесін кеңейтеді.
Ғылыми еңбектерге талдау жасау: өнертану, қазақ музыкасының тарихы, музыкалық-педагогикалық жұмыстар жəне бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық, психологиялық даму жөнінде əдебиеттер,
шет елдің алдыңғы қатарлы мзыкалық практикалық ойлары, сол сияқты
бағдарлама авторларының көп жылдар бойы əн-күй пəн мұғалімі жұмысы
барысында жинақтаған мол тəжірибелері бастауыш буыны баласының білім дəрежесін анықтауға, қазақ халық музыкасына жəне дүние жүзілік музыка өнеріне оларды баулып, бейімдеуге ең сəтті де дұрыс жол табуға
мүмкіндік береді.
Бағдарлама мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, творчествалық белсенді, музыкалық дамыған, халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп жəне оны сүйетін,халқымыздың əдет - ғұрыптары мен салтдəстүрлерін, қастерлеп класикалық музыканы жəне басқа халықтардыңөнерін сыйлайтын жеке түлғаны тəрбиелеу.
Бағдарламаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Музыкалық білім берудегі сатылай кешенді кешенді дамудың ерекшелігі
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ - ТАИХИ МҰРАЛАРЫН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСҚНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГҚЗДЕРҚ
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Пәндер