Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару


«Жоғары инженерлік -технологиялық колледжі» МЕББМ
Экономика және сервис бөлімі
«Экономика, ұйымдастыру және басқару»
пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кәсіпорындардағы менеджмент қызметі
Орындаған: ТПМ-931 тобының оқушысы Халесова А. Қ.
Жетекші: оқытушы Такесова А. К.
Орал, 2021
Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Менеджменттің әлеуметтік-экономикалық мәні
1. 1. Менеджменттің ұғымы мен мәні 5
1. 2. Кәсіпорындарындағы менеджменттің принциптер мен қызметтері 7
ІІ Бөлім. Кәсіпорындағы менеджменттің басқару жүйесі
2. 1. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы . . . 11
2. 2. Тауарларды өңдіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру 16
2. 3. Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару 19
ІІІ Бөлім. Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері және ақпарат жүйесі
3. 1. Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде 26
3. 2. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары 27
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34
Кіріспе
Менеджмент - бұл баскару теориясы және нарыктық экономиканың қажетті элементі болып табылады. Басқару теориясы ғылым ретінде XIX-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше дәурді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқарушылық ойдың алғашқы қарқыны - "тейлоризммен" байланысты екені айтылады. Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж. ) американ инженері басқаруды ғылыми тұрғыдан жүргізуді алғашқы рет айтқан және ол кез үшін бұл жаңалық әрі фонтазия сиякты көрінді. Ф Тейлор "Халыктық менеджменттің принциттері" енбегінде кәсіпорынды басқаруды өнер ретінде карастырып, онда "нені cауды дәл білу және оны арзан әрі ең жақсы тәсілмен қалай жасауға болатынын" қарастырылған. Осы мектептің жақтаушысы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925 жж. ) болған. Ол практикалық тәжірибені жинақтау кезінде төмендегідей қорытындыға келген: "басқару - кәсіпорынның ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу". А. Файлоль басқарушылық міндеттерін кәсіпорынның техникалық, қаржылық және басқа мәселелерімен қарағанда ерекше зерттеу облысы ретінде оқшауланады.
Курстық жұмыстың мақсаты
Курстық жұмыстың міндеттері
Курстық жұмысымның бірінші бөлімде менеджмент, оның мән - мазмұны туралы негізгі түсініктер, менеджмент жүйесінің қағидалары, сондай-ақ бұл ғылымның қалыптасу процестері мен менеджментке дамыған елдердегі қазіргі көзқарастар, онда менеджменттің мақсаты, оны жоспарлаудың, ұйымдастырудың, бақылаудың негізгі қызметтері қарастырылады.
Екінші бөлімде кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдас-тыру, тауарларды өндіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру, кәсіпорынның қызметкерлерін басқару және кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру. қызметкерлерді басқару бөлімде еңбек әрекетіне байланысты мотивация, топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету сипаты, өзара қарым-қатынас пен дау -жанжал проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелер қамтылған.
Ал үшінші бөліміне келетін болсақ онда кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің мәні, оның принциптері және функциялары қарастырылған.
Баскарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделнің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Баскарудың - американдық, жапондық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. Әлемдік шаруашылық дамуы өзінің әсерін қазіргі менеджментті интернациялауға ықпал етуде. Рыноктық қатынасқа көшу, мемлекеттің толық өзіндік еркіндікке тауелділігі өзін - өзі басқару тәсіліне ерекше мән беруді талап етеді. Бесекелестік күресте өмір сүру үшін кәсіпорынды дәстүрлі емес жаңаша баскаруды үйрену керек. Қазіргі заманғы менеджмент ықпал етуі тиіс нарығын дамыту, тауар-ақша қарым-қатынастар көтерме сауда құралдарымен, өндірісті, айырбастауды, ақша тұрақтандыру, нарықтық бағалар. Ерекшелігі қазіргі заманғы менеджменттің дамуын күшейту болып табылады үрдістер технократизма, бұл көрініс жаңа технологияларды енгізу негізінде басқарудың ақпараттық технологиялары.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды . Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады. Қаржыны бақаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.
Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуын, жеке меншік секторды өз экономикасында шетелдік әйгілі фирмалардың қазіргі заманғы қаржылық басқару әдістерін ескере отырып, ішкі экономикалық қатынастарды ұлғайтуға тиімді қолданып отыр.
I Бөлім. Менеджменттің әлеуметтік-экономикалық мәні
1. 1. Менеджменттің ұғымы мен мәні
Менеджмент деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағынаны береді, демек қаржылық менеджмент - бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару . Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтеріне мәлімет беріледі. Кәсіпорын автономды құрылым ретінде талқыланады. Басқарудың жүйелі жолына анықтама беріледі және оның маңызды сипаттамасы анықталынады . Кәсіпорындағы басқару қызметінің функциялары қамтылады. Басқару жүйесін, ұйымдық құрылымды таңдау қарастырылады.
Менеджменттегі басты нәрсе - өзіне кәсіпорынның мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент») . Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджерлердің түбегейлі өзгешілігі де осында
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шағара алуы немесе бәсекелеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда жаңа инвесицияны жүзеге асыратып ақша қаржысы мен капиталы рынок капиталдарынан алуға күрделі іс.
Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қылыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа экономикалық қатынастарды және әлеуметік- экономикалық процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді. Қазіргі кезде кәсіпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не өндіру, қалай және кім үшін - бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді қажет етеді. Сондықтан да, менеджменттің отандық әдістері мен проблемаларын жақсы білген жөн .
Менеджменті нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың бернелерін және әдістерін, әр түрлілік принциптерін қолдану, материалды, қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде шаруашылық өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше түрі ретіндегі экономикалық дербес субьектісі деп түсіндіруге болады.
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі менеджменттің төрт аталымын береді:
1. Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі.
2. Басқарудың өнері және билік.
3. Әкімшілік дағдылары және білудің ерекше түрі.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлігі.
Шет тілдер сөздігінде «Менеджментті» өндірісті басқару және оның тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті басқарудың принциптерінің, әдістерінің және нысандарының жиынтығы деп қарайды. Отандық теория мен практикада менеджментті және қызметкерді, жұмысшы тобы және жалпы мекемені басшылық жасау ( басқару ) деп түсіндіреді. Арнайы басқарушылық әдебиеттерде менеджмент ұғымына әр түрлі түсініктер беріледі. Олардың ішінде қазіргі кезде кең түрде қолданылып жүргендерін мына төменнен көруге болады. Менеджмент қалай анықталады:
1. Бере (қызметінің түрі) .
2. Процесс.
3. Орган немесе басқару аппараты.
4. Адамдардың санаты.
5. Ғылым және өнер.
Мұнда бірінші, менеджмент адам қызметінің түрі есебінде қалады. «Атап айтқанда, барлығында біз тек, өндірістің экономикалық факторына салсақ, әсіресе, капиталды, онда біз дамуға қол жеткізбес едік . Азғантай жағдайда, кашан біз менеджменттің қуатын тудыратын болсақ, онда біз дамуды шапшандатқан болар едік. Даму, басқа сөзбен айтқанда - байлыққа қарағанда адам қуатының іс - қимылы жақын».
Екінші менеджмент процесс ретінде анықталады. Осының көмегімен дайындалған кәсіптік мамандар өздерінің алға қойған мақсаттары мен әзірлеме тәсілдеріне сүйене отырып, кәсіпорындарды қалыптастыруға ықпал етеді . Басқару процесі - бұл ақпараттық процесс, яғни қалыптастыру, алып беру, өндеу және ақпаратты сақтау. Басқару акпаратқа алып бармайды, бірақ та ақпараттан мүмкін емес екендігін ерекше атап өткен жөн.
Менеджменттік қызмет - бұл жұмыс істейтіндердің еңбегінде, ақыл - парасаттарына, адамдардың мінез - құлықтары уәждеріне сүйене отырып, алдына қойған мақсаттарын ic жүзінде асыруды ұйымдастырады.
Үшінші менеджмент сатылы ұйымдастырушылық құрылымы ретінде басқару бернесін іске асырады. Өз кезегінде, сатылы басқару аппараты сол немесе басқа да кәсіпорынның басқару құрылымында нақтылы көрінеді. Сонымен, басқару аппараты кез келген кәсіпорынның құрамды бөлігі болып табылады және менеджмент ұғымымен қауымдастырылады. Мұнсыз кәсіпорын құрылым максатқа сай және тиімді жұмыс істей алмайды.
Төртінші, менеджмент басқарумен айналысқан адамдардың санаты ретінде қаралады. Мақсатты алға қою және оны іске асырудағы менеджмент ғылым мезетінің негізін қалаушы Ф. У. Тейлор алда не істеу керек және қалай оны ең жақсы және арзан тәсілмен жасау қажеттігін өнер ретінде нақты білуді анықтайды . Бұл өнерді нақтылы адамдар санды - менеджерлер игеру қажет. Басқарушылық қызметкерлердің басты міндеті - кәсіпорынның барлық ресурстарын (капиталды, ғимаратты, жабдықтарды, материалдарды, еңбекті, ақпаратты) тиімді пайдалану үлестіру болып табылады.
Бесінші менеджмент ғылым ретінде барлық күшін басқарушылық еңбек тегін, себеп пен нәтижесі арасындағы байланысты белгілеу, факторлар мен жағдайларды анықтау, сөйтіп, адамдардың біріккен еңбегінің әрі пайдалы, әрі тиімді екендігіне бағыттайды . Менеджментті ғылым ретінде анықтағанда басқару жөніндегі білімді тәртіпке келтірудің маңыздылығын ескере білген жөн. Олар ағымдағы істерді өз мерзімінде және саналы баскару ғана емес, сонымен қатар жағдайдың дамуын болжайды, сөйтіп, осыған сәйкес кәсіпорынның операциясы мен тактикасын әзірлейді.
Сонымен, «Менеджмент» ұғымы көптеген мағынада қолданылады: басқару, басқарушылық қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік топтар. Менеджмент - бұл өзіне ұштастырылатын экономикалық, социологиялық, психологиялык, құқықтық, техникалық басқа да пәндердің табысқа жетуіндегі, басқару өнерін пайдаланудағы білімнің пәнаралық саласы болып табылыды. Ол сонымен қатар, басқарудың теориясы мен практикасын қосады, гивті икемді және активті қолданудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуді камтамасыз етеді. Отандық менеджменттің басты негізі - адам ресурстары және кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Сондықтан да, оның басты міндеті - ақпараттың, білімнің, тәжірибе мен өндіргіш күштердің жаңа ережелерін жасау.
Менеджмент жүйесінде көптеген түрлерді бөлуге болады :
- өндірістік менеджмент;
- кадрлық менеджмент;
- инновациялық менеджмент;
- ақпарат менеджменті;
- қаржы менеджменті;
- сауда менежменті;
- маркетинг менеджменті;
- салық менеджменті;
- халықаралық менеджмент.
1. 2. Кәсіпорындарындағы менеджменттің принциптер мен қызметтері
Кәсіпорынның қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізігілері:
- Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.
Кәсіпорынның қандай саласында болмасын басқару шешімі тура немесе жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджменттен, инновациялық менеджменттен, жұмысшылар менеджментімен және басқа да қызметтік менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен қаржылық менеджменттің үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды.
- Басқару шешімдерінің құрылуының кешенді сипаттамасы.
Қаржы ресурстарын құру, бөлу, және қолдану саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша басқару шешімдері оның қаржы қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немесе жанама түрде әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл әсер қарама - қарсы сипатта болады.
Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы инвестицияларын жүзеге асыру өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәйкесінше операциялық пайданы көлемнің азаюына әкеледі. Сондықтан қаржылық менеджмент кешенді басқару жүйесі тұрғысынан қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы қызметінің жалпы нәтижелігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.
- Басқарудың жоғары динамизмі.
Кәсіпорында, өткен кезеңде дайындалып, жүзеге асырылған, қаржы ресурстарын құрып, қолдану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы тиімді басқарушылық шешімдер үнемі кәсіпорынның қаржы қызметінің келешектегі кезектерінде қолданыла бермейді. Бұл нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі сыртқы факторлардың жоғары серпініне және ең алдымен - қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті қаржылық менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурсты мүмкіндіктердің, өндірістік және қаржы қызметінің ұйымдастыру нысандарының, қаржы жағдайының және өзге де кәсіпорнның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін ескеретін жоғары динамизммен сипаттауға болады.
- Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқаулылығы.
Осы принципті жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын құру және қолдану, ақша айналымын ұйымдастыру саласындағы әрбір басқарушылық шешімді әрекеттің балама мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық шешімнің балама жобалары болған жағдайда, кәсіпорынның нақты қаржы саясатын немесе қаржы стратегиясын, қаржы идеологиясын анықтайтын критерийлер жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын таңдау жасау қажет. Мұндай критерийлер жүйесін кәсіпорын өзі бекітеді.
- Кәсіпорынның даму стратегиясынан хабардар болу.
Ағымдағы кезеңде қаржы қызметі саласындағы қандай да болмасын басқарушылық шешімдерінің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер ол кәсіпорынның басты мақсатына, оны дамытудың стратегияның бағыттарына қарама қайшы келсе, алдағы уақытта қаржы ресурстарының ішкі көздері әсерінен меншікті қаржы ресурсын құрудың экономикалық базасын бұзса, ол қабылданбау керек. Жоғарыда аталған принциптерді ескере отырып ұйымдастырылған тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, тауар және қаржы нарығында бәсекелестін позициясын біршама жоғарылатады, стратегиялық болашақта экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады.
Қаржылық менеджменттің 2 негізгі функциясы бар: басқару обьектісінің функциялары және басқару субьектілердің функциялары. Басқару обьектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т. б. Басқару субьектілердің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым - қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы кызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, қабылдаудан тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай функциялар тән: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, қайта өндеу, тарату, бақылау.
Болжау қаржылық менеджментте - белгілі бір құбылыс, обьекті, процестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады. Болжау функциясы деп мүмкін болатын көрсеткіштерге негізделе отырып болашақтың көрінісін айқындауды айтады.
Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау - ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде баскару.
Жоспарлау функциясы - болжауға негізделе отырып болашаққа мақсат анықтау. Жоспарлаудың келесі функциялары бар:
- Стратегиялық;
- Оперативті;
- Ұйымдастыру.
Стратегиялық жоспарлау - қаржы ресурстарын болашаққа ұзақ мерзімге жоспарлау арқылы мақсатты қаржы ресурстар көлемін белгілеуді жоспарлау. Жоспарлау материалдық еңбек және қаржы ресурстарын қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысын қамтамасыз етуі керек.
Оперативтік жоспарлау - қаржылық ресурстарды қайта тарату көмегімен шығындарды минималды тиімділікке жету мақсатында және қалыптасқан қаржы жағдайын жедел жоспарлау. Қаржылық менеджментте ұйымдастыру формасы әр түрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы.
Ұйымдастыру қызметі - ол қаржылық қызметпен айналысатын мамандардың және бөлімдердің бірыңғай әдістеріне, принциптерге және мақсаттарңа бағындыру болып табылады. Ұйымдастыру басқарудың барлық бөлімдерінің нақтылығын, қаржылық ақпараттың жұмысшыларының жауапкершілігін білдіреді. Ұйымдастыру - ұйымның максатыңа жетуді қамтитын фирманың құрылымын құру. Ұйымдастыру процесі 2 аспектіде қарастырылады:
- мақсаттар мен стратегияларға сай ұйымды бөлу;
- өкілеттіліктерлі бөлу.
Ұйымдастыру қызметін барлық деңгейдегі менеджерлер іске асырады. Олардың міндеті ұйым мақсаттары мен тапсырмаларын орындауда ең тиімді құрылымын таңдап алу. Қайта өңдеу функциясы - өндірістік процестердің барлық этаптарын керекті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Тарату қызметі - ол ақшалай қаражаттарды рационалды түрде обьектіге салу және қаржылық ресурстардың оптималды құрылымын қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау қызметі - жоспарды орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жоспарлау кезеңінде, сонымен қатар ақшалай қаржыларды қалыптастыру және пайдалану процесінде шаруашылықты жүргізудегі қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайларының пайда болуынан алдын - ала сақтандыруға да байланысты. Бақылау қызметінің өзі 3 түрге бөлінеді: алдын ала, күнделікті, қорытынды.
II Бөлім. Кәсіпорындағы менеджменттің басқару жүйесі
2. 1. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы
Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.
Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі Әбу- Насыр Әл-Фараби(870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.
Тауке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1982-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғы» - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақстардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс-құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идиеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.
ХVІІІ ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның территориялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781) маңызды роль атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz