Генетика ғылымының даму кезендері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№9 СӨЖ

Тақырыбы: "Іріктеудің генетикалық негіздері."

Орындаған:Курбаналиева Ж
Тобы: ТППЖ 19-11
Тексерген: Молдатаев Олжас

Алматы 2021

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Тұқым қуалаушылық
Өзгергіштік организмдер
Генетика ғылымының даму кезендері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Генетика -- тірі организмдердің тұкым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін ғылым. Тұкым куалаушылык және өзгергіштік бұл барлық тірі организмдерге тән касиет.
Адам баласы ерте кезден үй жануарлары мен өсімдіктердің түрлерін көбейту мақсатында будандастыру жүргізген. Олар бір түрге жататын мал тұқымдарын, өсімдік сорттарын жөне бір-бірінен ерекше белгілері бар дақылдарды таңдап алып, будандастырып отырған. Алынған ұрпакты ата-анасымен салыстыру нәтижесінде белгілері мен ерекше қасиеттерінің тұқым қуалау ерекшелігін байқаған. Адамдарды тұқым куалаушылықтың үш касиеті қызықтырған:
бірінші -- ата-ана белгілері мен ұрпақ белгілерінің ұқсас болуы;
екінші -- ұрпақ белгілерінің ата-ана белгілерінен өзгеше болуы;
үшінші -- кейбір ұрпақтарда арғы ата-баба қасиеттерінің кайталануы.
Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда Рим философы Лукреций кейде балалар өздерінің ата-әжелеріне ұқсас болатынын байқаған, ал жүз жыл өткен соң, Плиний дені сау ата-анадан кемтар бала дүниеге келе тінін, кемтар ата-анадан сау немесе дәл ата-анасындай кемтар бала туатынын жазған.
Тұқым қуалаушылық
Тұқым қуалаушылық деп организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің ұрпағында қайталанып көрінуін айтады.
Өзгергіштік организмдер
Өзгергіштік организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. Тірі организмдердің бұл екі қасиетін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Оларсыз эволюция жоқ. Өзгергіштік эволюция процесін үздіксіз материалмен қамтамасыз етсе, ал тұқым қуалаушылық оның нәтижесін қалыптастырып отырады. Өзгергіштік бір түр ішіндегі дараның өзара айырмашылықтарын көрсетсе, ал тұқым қуалаушылық сол белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлері және олардың тіршілік ортасына бейімделуі осы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің нәтижесінде қалыптасады. Өзгертиптік -- бұл әртүрлілік. Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 1,5 миллиондай, микроорганизмдердің 3 мыңдай түрлері бар екені белгілі. Қазақстанда өсімдіктердің 6 мыңдай түрі бар. Мөдени өсімдіктердің түрлері 210-нан асады. Әр түрге жататын организмдер өздеріне тән белгілер мен қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп, өз ерекшеліктерін сақтап отырады.

Генетика ғылымының даму кезендері
Ерте заманнан-ақ адам саналы түрде қолдан будандастыру тәсілін қолданып, өсімдіктер мен жануарлардың жабайы түрлерінен қазіргі мәдени түрлерін шығарды. Сол уакыттың өзінде бір егістік алаңға екі түрге жататын дақылдардың тұқымдарын егуге болмайтынын білген. Сондай-ақ асыл тұқымды малдарды шыққан тегі белгісіз малдармен будандастырмаған.

Генетиканың даму тарихын зерттеушілер үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезең -- 1900 -- 1910 жылға дейін.
Екінші кезең -- 1911 -- 1953 жылға дейін.
Үшінші кезең -- 1953 жылдан казірге дейін.
Генетика ғылымы даму тарихының баска биология ғылымдарының дамуымен салыстырғанда өз ерекшелігі бар. Бұл ғылымның негізгі заңдарын ашқан физика пәнінің мұғалімі Брно (Чехословакия) қаласындағы Августин шіркеуінің қызметкері чех Иоганн Грегор Мендель болды. Мендель өзінің 8 жыл бойы жүргізген тәжірибелерінің нәтижелерін, Брно қаласындағы табиғатты зерттеушілер коғамының отырысында баяндады, ол еңбегі осы коғамның ғылыми хаттарында 1865 жылы басылып шықты. Бұл еңбегінде белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайтынын, будан ұрпақта гаметалар өз тазалығын сақтайтынын, бір белгілердің екінші белгілерден басымдылық көрсететінін жөне олардың ажырауын көрсеткен.

Бірінші кезең
1865 -- 1900 жылдар аралығында Мендельдің жұмысына неміс ғалымы Ф. Фокк және Ресей ғалымы Шмальгаузен өз еңбектерінде сілтеме жасағанымен, оның маңызына толық мән бермеді. Ал 1900 жылы үш елдің ғалымдары: Германияда Карл Корренс, Австрияда Эрих Чермак, Голландияда Гуго де Фриз бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз әр түрге жататын өсімдіктерді шағылыстыру барысында Г.Мендельдің бұршақ өсімдігіне жүргізген тәжірибелерінің нәтижесін қайталайды. Г. Мендельдің заңдарының қайтадан ашылуы, тұқым куалаушылық және өзгергіштік бағытындағы зерттеулердің қарқынын күшейтті. Биологияның жаңа саласы генетика ғылымының пайда болуына әсерін тигізді. Сондықтан 1900 жыл генетика ғылымының туған жылы болып саналады.

1901 жылы Голландия ғалымы Гуго де Фриз өсімдіктерде жүргізген тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін мутациялық теория ұсынды. 1903 жылы дат ғалымы В. Иогансен Мендельдің жұмысын негізге ала отырып, популяциялар және таза сорттармақ (линия) туралы теория жасады. Популяцияларда тұқым қуалайтын белгілердің ұрпаққа берілу заңдылықтарын ашып, оның эволюция мен селекция үшін маңызын көрсетті. Генетика ғылымына "ген", "генотип" жөне "фенотип" деген ұғымдарды енгізді.

1903 -- 1904 жылдары америкалық ғалым У.Сэттон және неміс ғалымы Т.Бовери белгілердің ұрпаққа берілуінде хромосоманың рөлін көрсетті. Бұл теория цитология ғылымының дамуына әсерін тигізді. "Генетика" деген терминді алғаш рет 1906 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетика және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны
Оқыту әдістерінің жүйесі
Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы
Биотехнология және генетикалық инженерия
Хромосома типтері
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Хромосомадан тыс тұқым қуалау заңдылықтары
Популяция және оның генетикалық құрылымдары
Пәндер