Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

Бахыт Айгуль

"Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану"

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Білім беру бағдарламасы: 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу»

Павлодар 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

Педагогика жоғары мектебі

«Қорғауға жіберіледі»

ББ бағдарламасының басшысы

Б. М. Жапарова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: "Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану"

Мамандығы: 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу»

Орындаған: Бахыт А.

Ғылыми жетекші: п. ғ. к. Кунанбаева М. Ш.

Нормоконтролер:

Павлодар, 2022

:
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 5
: І
МАЗМҰНЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолданудың теориялық негіздері
: 11
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс-әрекетінің аспектілері
: 11
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Жобалау іс-әрекетіне қойылатын талаптар
: 18
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Жоба әдісі бастауыш сынып оқушылар шеберлігі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде
: 30
: ІІ
МАЗМҰНЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолданудың тәжірибелік-экспериментік жұмысын талдау
: 33
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс-әрекетінің әдістері мен формалары
: 33
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалаудың тиімді әдіс-тәсіл түрлерін эксперимент жүзінде тексеру
: 45
: ІІІ
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 51
: ІV
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 54
:
МАЗМҰНЫ: Қосымшалар
:

Кіріспе

Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін қалыптастыру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын жетілдіру болып отыр.

Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.

Жобалау әдісі өзекті және тиімді әдіс. Ол балаға эксперимент жасауға, алған білімдерін жинақтай білуге мүмкіндік береді.

Жобалау әдісі - инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс - әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс - жүзінде пайдалануы.

Жоба технологиясының ерекшелігі - баланың алдағы іс - әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.

Жоба - ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын - ала жоспарланған тәжірибелік іс - әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісі - мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі - барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі - жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс - әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс - әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.

Жобалап оқытудың артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай, келісілген мәмілелерден таймауға тырысады.

Жобаға қатысушылар құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін. Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді - 1, 2 немесе бірнеше сағат, 1-2 апта, орта мерзімді 1-3 ай, ұзақ - бір жылға дейін. Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады. Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы.

Жобалаудың негізгі қызметі - бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау. Жобалық әдіс - айқын іс-әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы.

Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді. 1. Дайындық. 2. Негізгі. 3. Қорытынды.

Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық.

Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.

Негізгі кезең - жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі) .

Оқу дағдыларын қалыптастыру барысында жобалау әдіс қолдану оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр. Бұл жұмыстың нақты оқу материалдары бойынша іске асырылуы төмендегі шаралар арқылы орындалуда:

Педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін сүйене отырып, ана тілі сабағын оқытуда бағдарламада белгіленген сөздік жасау, жоспар құру, мәтінді бөлікке бөлу, оған ат қою, мәтінді қайталап оқыту, балаларды топ серуенге шығару сияқты жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу.

Педагогиканың мән беріп келе жатқан мәселесі - пән аралық байланысты іске асыру.

Зерттеу өзектілігі : Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Бастауыш мектеп оқушыларының өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін» көрсетеді . Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін қолдану өзін-өзі таныту деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді. Оқу орындарының гуманитарлық бөлімдерінде жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақсатын - білімдік, тәрбиелік, дамытушылық - қатар орындаудың шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады . Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмытылады.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш білім беру үдерісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : Білім беру мазмұны жаңартылған жағдайда бастауыш сыныптарында жобалап оқыту тақырыбын негізінде негізгі мектепке статистикалық тақырыптарды жаңа бағдарлама бойынша өткізу мүмкіндігі туралы қорытынды жасау және оны жүзеге асыруға пайдалы нұсқаулар беру. Баланың оқу дағдысын қалыптастырудадағы жобалау әдісін қолдану және оны іс жүзінде қолданып көру. Бастауыш сынып оқушыларына жобалап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету.

Зерттеу міндеттері :

  • оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізілетін жобалау жұмыс түрлерін талдау.
  • оқу дағдыларын қалыптастыруға жобалау әдісін қолданумен бірге мәтінмен үнемі жұмыс жүргізу.
  • оқушының ғылыми - зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру.
  • жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу- тәрбие үрдісінде қолдану;
  • оқушы тұлғасының өзіндік дамуын жүзеге асыру;
  • оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
  • оқушыларға болашақ мамандықтарды жобалауға, оған дайындалуға

жәрдемдесу;

  • оқушының шығармашылығын дамыту;
  • оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Зерттеу құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолданудың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс-әрекетінің аспектілері

Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы тұрде түсііп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушысмен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс - тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет: біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты - оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамассыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:

  • мәтінді толық оқу;
  • мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;
  • мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;
  • мәтін бойынша жоспар құру;
  • абзац бойынша оқу;
  • мәтінді жартылай дауыстап оқу;
  • мәтінді рольге бөліп оқу;
  • мәтінді оқып, мазмұндау;
  • мәтінді қысқартып оқу;
  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу
  • ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.

Оқушының мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны мына белгілерден көрінеді: егер оқушы дұрыс оқу мен оқығанының мазмұнын саналы түрде меңгерген болса, онда оқушыда белгілі бір өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс - әрекеті жөнінде өзінді көзқарас қалыптасады; ол оқығанының мазмұнын жақсы меңгеріп, ондағы суреттелетін адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекетін, сол іс-әрекеттің болу себебін анықтай алады.

Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:

  • мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;
  • мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;
  • мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;
  • мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;
  • мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;
  • мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;
  • мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;

Үшіншіден, оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:

  • мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;
  • мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;
  • мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;
  • мәтіннен мақал - мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;
  • мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу;
  • мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі - оқушыны мәнерлер оқуға үйрету. Мәнерлеп оқу дегеніміз - мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы жағынан анық етіп жатық оқу. Мәтінді саналы түрде түсініп оқу мен дұрыс оқу оқи білудің талаптарын қамтыса, мәнерлеп оқуға үйрету қандай мәтінді болса да саналы түрде түсініп оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады:

  • мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;
  • леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;
  • өлеңді мәнерлеп оқу;
  • өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;
  • өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;
  • өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой - қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Осы жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән «Сауат ашу» пәні болып табылады.

«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру процесінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты - оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстары әліппе кезеңінің негізгі міндеттеріне жатады. Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық - әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсіп, мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.

Оқу - өте күрделі психологиялық процесс. Бастауыш сынып оқу сабағында оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу - жазудың бірінші кезеңінде балаларды жай оқыту керек. Бірақ балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай ақырында мәтінің мазмұнына түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан балалардың оқу шапқандығын арттыра түсуіміз керек. Есте сақтайтын бір нәрсе оқу шапшаңдығымен сөздерді таза қатесіз, әрі түсініп оқу қатар дамуы керек. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі шапшаң оқи бастайды. Оқушы берілген тапсырманы асықпай, орындап ұқыпты үйренуге жөн. Оқу процесінде де солай. Асығыс оқыған бала үнемі қате жібереді. Сауатты оқу - дағдысын қалыптастыру үшін оқушыны оқуға ынталандыру керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға ынталандыратын шығарманың бір түрі - ертегі. Ертегінің мәтіндері өте қолайлы, әрі қайыра оқытуға ынғайлы. Өйткені ертегішілерде бір - біріне ұқсас қайталанып отыратын тұстары кездеседі. Оқушыны түсініп оқуға төселдіріп оқуға олармен шығарманы оқымас бұрын дайындық әңгіме жүргізу. Балар үшін белгісіз, таныс өмірден жазылға әңгімені оқығанда балалар нақты ешнәрсені көзге елестете алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда алдын ала әңгіме жүргізудің орны ерекше деп есептеймін

Сонымен оқушы дұрыс түсініп, әрі мәнерлеп оқыған сайын оқытудың мәні арта түспек. Мәнерлеп оқу бұл оқытудың әсіресе бастауыш сыныптар үшін мәні зор. Мәнерлеп оқыған оқушы оқуды жете меңгергендігін көрсетеді. Оқытудың шыңы оқушылардың мәнерлеп түсініп, сауатты оқуға үйрету деп білемін.

Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру үшін көптеген жаңа амал-тәсілдер, жаңа әдістер қолданылуда. Сондай жаңа инновациялық әдістердің бірі - интерактивті әдістер арқылы оқыту. Интерактивті әдістер, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына сабақ үстінде еркіндік беруімен құнды. Оқыту барысында оқушылар бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-бірін оқытады, үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі (латынша interaction - интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етуді білдіреді. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын интерактивті әдістер арқылы қалыптастыру барысында оқушылар сабақта белсенді іс-әрекеттер жасап, өтілген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бірін-бірі оқытады, бір-біріне үйретеді. Интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсенділігі артады. Ең алдымен, оқушылардың қимыл белсенділігі артады. Ал оны арттыру жолдары мынадай:

  • оқушылар түсінбеген жерін орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы;
  • жақсы оқитын оқушы өзінің микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуі;
  • оқушылар тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп, ақылдасып отыруы;
  • оқушылардың тапсырманы орындап болғаннан кейін бірін-бірі тексеруі.

Екіншіден, оқушылардың әлеуметтік белсендігін арттыру қажет. Оның жолдары:

-оқушылар өзара бір-біріне сұрақтар береді;

-оқушылар сабақта өзара пікірлеседі;

Қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары еркін жауап береді.

Үшіншіден, оқушылардың танымдық белсендігін арттыру қажет. Оның жолдары төмендегідей:

-оқушылар қарсы жақтың пікіріне өзіндік пікір айта білу;

-өзінің микротобындағы жолдастарының сөздеріне қосымша, не пікірге қосылатыны жөнінде өзіндік пікір білдіру.

Интерактивті әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт микротоптарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма, не әр микротопқа бөлек-бөлек тапсырма берілуі мүмкін. Бұл оқу бағдарламасына қарай сабақ мақсатын таңдағанда анықталады.

Біз, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда пікірталасқа негізделген және оқыту процесінде қолданылатын интерактивті әдістерді ғана пайдаландық. Бірінші сынып оқушыларының ауызща сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы пікірталас сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Мысалы, еңбек жайлы мынадай мақал-мәтелдерді еске түсірейікші: «Еңбек бәрін де жеңбек», «Не ексең, соны орасың», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті», т. б. Оқушылар осындай мақалдарды айтып дағдыланғаннан кейін, өздерінің осы мақалдар жайлы ойларын айтуға үнемі үйрету керек. Мұның бала тілін дамытудағы маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушылары
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz