Боралдай жотасында кездесетін қоңыздардың түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ерекше табиғи жағдайы бар Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан, оның аумағында өзіндік қаттықанаттылар фаунасы түзілген.
Қаттықанаттылар немесе қоңыздар отряды тек бунақденелілер класының ішінде ғана емес, жалпы барлық жануарлар патшалығы ішіндегі түрлерінің саны бойыша ең ірі отряд. Жер шарындағы (14) жануардардың бөлігі қаттықанаттылар болып табылады. Планетамыздың барлық аймақтарында кең тараған Coleoptera отрядының өкілдері Қазақстанда 20 мыңнан аса түрлерін кездестіруге болады. Біздің диплом жұмысымыздың өзектілігі: Боралдай жотасын мекендейтін қаттықанатылар (Сoleoptera) отрядының түр құрамы жайлы. И.И. Костин, М.С. Байтенов, И.К. Лопатин, Г.В.Николаев ғалымдарының көптеген еңбектері бар болғанымен, мәліметтердің ескіру мен зерттеу ареалының кеңдігі себебінен қосымша түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Сол себепті ғылыми жұмысының тақырыбын Боралдай жотасында кездесетін Coleoptera отрядының негізгі тұқымдастарының фаунасы мен биологиясы деп атауды жөн көрдік.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Боралдай жотасының қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядына жататын өкілдердің түр құрамын, экологиясын анықтау болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына келесідей міндеттер қойылды:
oo Материалдарды жинау және өңдеу әдістерін игеру.
oo Зерттеу аймағындағы қаттықанатылардың (Сoleoptera) түр құрамын, экологиясын анықтау.
oo Түрлердің жүйеде алатын орыны және экологиясының ерекшеліктерін анықтау;
Зерттеу объектісі: Боралдай жотасын мекендейтін қаттықанаттылар (Сoleoptera) отрядының өкілдері болды. Диплом жұмысында негізінен олардың биологиясы, экологиясы мен түр құрамы анықталды.
Материалды жинау энтомологияда қолданылатын жалпы методика арқылы жүзеге асырылды.
Зертханалық жағдайда БМ-51-2 маркалы бинокуляр және келесідей анықтауға арналған оқу құралдары пайдаланылды: Определитель насекомых Европейской части СССР. Мамаев Б.М. М. Просвещение, 1976., Определитель насекомых Европейской части СССР в 5 томах под редакцей Г.Я. Бей-Биенко М-Л. Наука 1965 м.2.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Боралдай жотасының фаунасындағы қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының 15 тұқымдасқа жататын 35 түрі анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бунақденелілер класы басқа кластарға қарағанда өкілдер санына өте бай болып табылады. Осы бунақденелілердің ішіндегі ең үлкен отрядтардың бірі қаттықанаттылар немесе қоңыздар - Coleоptera. Қоңыздардың табиғатта 140-тан астам тұқымдасқа жататын 300 мыңдай түрі кездеседі.
Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерлерде кездеседі. Олардың табиғаттағы рөлі, маңызы өте зор. Қоректену тәсіліне қарай қоңыздардың үш тобын ажыратуға болады. Бірінші тобы, бұл әр түрлі ұсақ жәндіктермен, негізінде бунақденелілермен қоректенетін жыртқыштар, немесе зоофагтар. Екінші тобы, бұл шіріген өсімдік және жануар қалдықтарын тұтынушылар, немесе сапрофагтар. Мысалы, жануарлар өлексесін қорекке пайдаланатын өлексежегіш қоңыздар. Үшінші тобы, өсімдіктердің кез келген бөліктерін, соның ішінде сүректі тұтынатын өсімдік қоректі қоңыздар, немесе фитофагтар. Бұларға мысал, зауза қоңыздары, жапырақжегіш қоңыздар жатады.
Қоңыздар тіршілік әрекеттері процесінде топырақты органикалық және минералды заттармен байытады. Кейбір түрлерінің дернәсілдері топырақты қопсытып, оның қабаттарын араластыруға қатысады.
Қоңыздар гүлді өсімдіктермен қоректене отырып оларды тозаңдаңдырады.
Көптеген жыртқыш қаттықанаттылар адамның шаруашылық саласының әрекетіне зиян келтіретін буынқаяқтыларды жойып, биологиялық күреске қатысады.
Қоңыздардың биосферада алатын орны зор, бірақ кейбір түрлері жойылуда. Сондықтан қоңыздардың сирек кездесетін түрлері Қызыл Кітапқа енгізілген.
Омыртқасыз жануарлардың алуан түрлілігін сақтауда қорғалатын аймақтардың маңызы зор. Пайдалы омыртқасыз жануарларды қорғау және тиімді пайдалану биологиясына, экологиясына, популяцияның саны мен құрылысына, таралуына және т.б. негізделу керек. Өкінішке орай, мұндай мәліметтер омыртқасыз жануарлардың көптеген топтары үшін жоқ немесе үзінді түрінде ғана.

1 Зерттеу ауданының физикалық георафиялық сипаттамасы

0.1 Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған.
Аумағы 117,3 мың км². Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, соның бірі Шардара ауданы.
Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы - 9-11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы - 35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 - 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150-250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 - 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі.
Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, құстардан кекілік, бұлдырық, бүркіт, қырғауыл, дуадақ, шіл, бозторғай, бөдене, т.б. кездеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

2 Материалды жинау және өңдеу әдістері

2.1 Қаттықанаттыларды жинау және өндеу методикасы

Жануарларды кез-келген зерттеулер - фаунистикалық, экологиялық, биоценологиялық, морфологиялық немесе өндірістік негізгі құжат немесе талдаудың нысаны болып табылатын әртүрлі материалды жинаудан басталды.
Зерттеуге негіз болған Боралдай жотасын мекендейтін қаттықанатылар (Сoleoptera) отрядының өкілдерін жинау 2016-2017 жылдары шілде-тамыз айларында зерттеу аумағында энтомологияда қолданылатын жалпы методика арқылы жүзеге асырылды.
Ғылыми жинақтар жануарларды жүйелеуге, биологияның маңызды сұрақтарын шешуге және географиялық таралуын білуге мүмкіндік береді. Материалдарды жинау және ол үшін арнайы әдісті және жинау тәсілдерін таңдау кезінде көпшілік омыртқасыздарға тән кей ерекшеліктерін ескеру жөн болып табылады. Мысалы жыл барысында кез-келген насекомның жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ немесе ересек кезеңіндегі күйін табуға болады. Дамуы баяу өтетін, даму кезеңі - генерациясы бірнеше жылдарға созылатын түрлер өте көп (зауза қоңызы 3-5 жыл, шыртылдақ қоңыз 4-5 жыл) кездеседі. Насекомдарды жинауға және фиксациялауға қажетті құрал-жабдықтар: сүзгі, тұншықтырғыш, қысқыш, түзеткіш, матрасша және т.б.
Омыртқасыз жануарларды ұстау үшін ең керекті құрал - сачок, әсіресе ұшатын насекомдарды ұстау үшін сүзгі аса қажет болады.
Қысқыш шағатын насекомдарды ұстауға және бірнеше шыны ыдыстар мен қораптар қажет. Бұларға ұсталған жануарларды сақтау үшін салынады. Жануарларды тірі сақтау үшін жеке ыдыстарға салған жөн. Егер бірге салынатын болса, бір түр жануарлары болса да бірін-бірі зақымдайды немесе әлсізін күштісі жеп қояды. Сондықтан сіріңке қорабы өте ыңғайлы. Біз бір ыдысқа дернәсілдерді салуға арналған арнайы ертінді дайындадық: 70% этил спирті немесе 4% формалин. Формалин арзан әрі жақсы консервант, бірақ онда жануарлар сынғыш болып келеді. Формалинмен жұмыс жасағанда, өте сақ болуы керек, әсіресе көзді сақ болуы керек. Жануарларды басқаша сақтау қиын. Дернәсілдерді аз уақытта ас тұзының қаныққан ертісінде сақтауға болады.
Сүзгі үш бөлімнен тұрады: жануарды ұстайтын қап, одан кейін қаптың пішінін ұстап тұратын шеңбер және осыларды бекітіп тұратын сабы болады. Сабы қолды ұзартады, себебі үріккіш жәндіктерді қашықтықтан немесе биік жерден ұстауға ыңғайлы болады. Қабы ақшыл матадан тігілген жөн, себебі түскен насекомдарды бірден көруге ыңғайлы болады. Жұмыс жасау ретіне қарай сүзгілер бірнеше түрлі болады. Ұшып жүретін насекомдарды ұстау үшін ауаны оңай өткізетін, мөлдір матаны пайдалану керек. Насекомдарды ору әдісі арқылы ұстауға мықты мата керек, ол үшін бөзді пайдаланған жөн. Шеңбердің жуандығы 3-5 мм болат темірден жасайды. Сабын жуандау, берік таяқтан жасаған дұрыс. Ұшатын насекомдарды ұстауға қысқа әрі жеңіл сап керек,ал ору әдісімен ұстау үшін ауырлау әрі жуан сап керек. Сачок жасау әдісі мен тұншықтырғыш көрінісі 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1 Сачок пен тұншықтырғыш бейнесі

Тұншықтырғыш ауызы темір қақпақпен бұратылып тығыз жабылатын шыны ыдысты пайдалануға болады. Жануардың мөлшеріне сәйкес, морилканың мөлшері әртүрлі болады. Негізінде 200 грамдық шыны ыдыстар жарайды. Егер морилканы ағаш қабығынан жасалған қақпақпен жабатын болсақ, онда оны ерітілген парафин мен стеаринде қайнатып алу керек, сонда оның беріктігі артады. Жиналған жануарлар бірін-бірі зақымдау және олардан бөлінген ас қорыту бездерінің бөлген сұйықтықтары, нәжістерін сіңіру үшін морилканың ішіне сорғыш қағаз жолақтарын бүктеп салынады, газет те жарайды Морилкаға бірнеше тамшы немесе мақтаға сіңірілген у салынады. Қабықтан жасалған қақпаққа у сіңірілген мақтаны инемен бекітсе де болады. У ретінде эфир, хлороформ, бензол, этил ацетат, тіпті болмаған жағдайда бензинді (бірақ насекомдар сынғыш келеді) немесе аэрозоль уды бүркіп алуға болады. Ұсталған қоңыздарды морилкаға салып, ауызын тез жаптық. Себебі осы уақытта у ұшып кетсе, жануарлардың жансыздануыға жеткіліксіз болады. Мұндай жағдайда әрқашан өзімен бірге ауызы тар кішілеу ыдыста уды алып жүру керек, қажет жағдайда морилкаға тамызып қоятындай. Бұл үшін иіс сулардың құтылары өте ыңғайлы, оларға уды медициналық инемен толтыруға болады. Морилка уды қайта-қайта пайдалана бермеу үшін, оның түбіне ұсақ тесіктері бар резеңкені шыны түбімен бірдей етіп қиып салып (пеноуретан емес), қағаз салмай тұрып, резеңкеге уды тамызу керек. Содан бірнеше сағатқа ауызын жауып қалдыру керек. Резеңке ісінеді. Егер артық сұйықтық болса, ауызын ашық қалдыру керек, біраз уақыттан кейінұшып кетеді (ашық ауада немесе тартқыш шкафта). Содан кейін ішіне қағаз жолақтары салынады. Улы зат болмаған жағдайда, жиналған насекомдарды морилкамен күн көзіне тастау керек. Біраз уақыттан соң насекомдар күн қызуы өтіп өледі. Осылай жекелеген насекомдарды да өлттіруге болады. Ол үшін оны пробиркаға салып, от үстінде айналдыра ұстау керек. Сіріңкенің бір шырпысының жанғандағы оты жеткілікті келеді 10, 128б..
Қоңыздарды ұзақ уақыт сақтау үшін - ауызы кең морилканың 23 бөлігін жақсы кептірілген ірілеу ағаш үгінділерімен толтырып (тек қылқанжапырақты ағаштардың үгінділерін пайдалануға болмайды, себебі құрамында шырыштың болуына байланысты, ол насекомдарды ластайды), ауызын ағаш қабығынан жасалған қақпақпен жабады. Бұған этил ацетатының бірнеше тамшысын тамызады, ол - у, әрі консервант. Артық ылғал у қақпағы арқылы ұшып кетеді. Бұлай ұзақ уақыт сақталған материалмен жұмыс жасау үшін, бірнеше тамшы этил ацетатын тамызса, материал жұмсарады. Бірнеше сағат өткеннен кейін осындай насекомдармен еркін жұмыс жасай беруге болады. Қысқыш - таныс емес насекомдарды қорықпай ұстау үшін, кем дегенде бір қысқыш болуы шарт. Тек ішкі жағында тісшелері болмауы керек. 2 суретте материалдарды жинау кезі бейнеленген.

Сурет 2 Материалдарды жинау сәті

Топырақ аулағыштары ретінде кез-келген шеті ыңғайлы ыдысты қолдануға болады. Бұнда ең қолайлысы 0,5-1,0 л көлемді ауызының шеңбері 75мм стандартты шыны банкалар. Банканы жер бетімен бірдей немесе шамалы төмен топыраққа көміп қояды. Жинау мақсаты бойынша аулағышқа фиксациялайтын сұйықтық құйылады (формалиннің 4% ертіндісі, концентрлі тұз ертіндісі, этилен гликоль және т.б.), еліктіргіш зат қояды немесе аздап топырақ салады. Топырақтағы ұсақ буынаяқтыларын ауызының шеңбері 35-40 мм кішкене аулағыштармен ұстау ұсынылады. Экскурсия кезінде құралдарды арнайы дала сөмкесіне салып алып, жүру немесе арнайы белдік-патронташ тігіп алу керек. Ұсақ әрі тез қозғалатын қоңыздарды теру үшін сорғыш немесе эксгаустер қолданылады. Оны кішілеу шыны ыдыстан оңай жасауға болады. Ол қабықтан жасалған қақпақпен жабылып, оған екі түтік орналастырады
Жарықпен ауылағыштың жалпы жұмыс істеудің негізгі шарты - түңгі уақытта көпшілік насекомдардың жарық көзіне белсене жиналуына негізделген. Жарық көзін кварцты және люминесцентті ламплары, қыздыру лампалары, тіпті керосинді лампаларда да қолдануға болады. Жақсы нәтижені күшті ультракүлгін сәуле шашатын, мысалы кварцты лампаларды қолдана аламыз. Бірақ соңғы жағдайда аулағыш көзін арнайы көзілдірікпен қорғау керек. Жарық астына және артына қондырылатын ақ экрандар жинауды жеңілдетеді. Аулау эффктісі жарық аулағыштың дұрыс қондырылуына байланысты болады. Жарық көзі алыстан көрінетіндей жер бетінен 1,5 м биіктікке орналасуы керек.
Қоңыздарды жарық аулағыштары арқылы қарапайым лабораториялық құралдарды қолдануға болады.
Көптеген насекомдар күндіз немесе кешке қарай белсенділігі артады. Оларды жинау үшін шынылы аулағыштар қолданылады. Мұндай аулағыштар рамкаға бекітілген шынылы кесінді, мөлдір пластик немесе мөлдір пленкалы тосқауыл, оның астына сулы астау немесе фиксациялайтын ертінді қолданады. Аулағыш материал ультракүлгін сәулесін жақсы өткізетін болғаны дұрыс. Шынылы аулағышты әдетте орманның шетіне, су қоймасының жағасына орналастырады 11, 42б..
Эклектор- әртүрлі субстраттан ұсақ буынаяқтыларды жинауға арналған. Оның жұмысы омыртқасыз жануарлардың қолайсыз ортадан қашуына негізделген. Борпылдақ субстраттың барлық ұсақ мекендеушілері теріс фото- және термотаксисті және ылғалдың жетіспеуіне сезімтал. Біршама кең тараған эклектор түрлерінде электрлік шам қызуы арқылы барлық үш жағымсыз факторлар жасалынады. Қарапайым эклекторды қолдан жасауға болады. Картонды воронка қылып орайды, оның төменгі тесігінің шеңбері 5-8 мм, ал жоғарғысы - 300 мм шамасында болуы керек 12, 126б..
Қаттықанаттылады анықтау үшін түйреуішпен шаншылған қоңыздарды қолдану тиімді. Біз қоңыздарды анықтау үшін ұлғайтқыш әйнекті оларға жақындата отырып қарадық. Жиналған қоңыздардың материалдарын анықтағыш құралдар арқылы систематикалық орнын белгілеп алдық.
Негізгі қолданылған анықтағыштар:
1. Мамаев Б.М., Медведев Л.Н., Правдин Ф.Н., 1976. КСРО-ның Еуропа бөлігіндегі бунақденеділерді анықтау. М. Арнау;
2. Горнастаев Г.Н., 1975. КСРО Еуропа бөлігіндегі бунақденеділерді анықтау., М., Мысль басылымы.
3. И.А. Костин. 1973.Қазақстанның дендрофаг-қоңыздары. М., Наука басылымы.
Әр қоңыздың астына бинарлы атауы жазылған қағаз салынады. 3 суретте Боралдай жотасы бейнеленген.

Сурет 3 Боралдай жотасы

Зерттеу нәтижелері бойынша Боралдай жотасында кездесетін қаттықанаттылардың тізімі жасалынды.

3 Қаттықанаттылардың систиматикадағы алатын орыны

3.1 Сoleoptera отряды өкілдерінің жүйеде алатын орыны

Буынаяқтылар типі - Arthropoda
Кеңірдектыныстылар тип тармағы - Tracheata
Алтыаяқтылар класс үсті - Hexapoda
Ашық жақты насекомдар класы - Jnsecta-Ectognatha
Қатқылқанаттылар отряды - Coeleoptera
Ескерту: + пайдалылары, ал - белгісімен насекомдар зиянды түрлері белгіленген.
Бырылдақ қоңыздар (жужелицалар) тұқымдасы - Carabidae
Туысы тинник - Elaphrus F.
Түрі өзен тиннигі (тинник речной) - E.riparius L.
Туысы красотел -Calosoma web.
+ Түрі красотел бронзовый -C.inguisitor L.
Туысы лебия (Lebia Latr)
Түрі көкбасты лебия (синеголовая) - L. Cyanocephala L.
Туысы офонус - Ophonus Steph
- Түрі түкті бырылдақ (волосистая жужелица) - O. Pudescens Mull Туысы бырылдақ - Carabus. L.
Түрі жужелица зернистая -C. Granulatus L.
Карапузиктер тұқымдасы - Histeridae.
Туысы карапузик - Hister L.
Түрі бір түсті карапузик - H. unicolor L
+Түрі өлексеқоректі карапузик (падальный) - H.impressus. F.
Өлексеқоректі қоңыздар тұқымдасы - Silphidae
Туысы могильщиктер - Nicrophorus. F.
Түрі могильщик чернобулавый - N.Vespilloides Hbst
Туысы мертвоед - Silpha L.
- Түрі мертвоед темный - S. Obscura. L.
Тақтамұртты қоңыздар тұқымдасы - Scaralasidae
Туысы - Cetonia F.
Түрі қола түсті қоңыз (бронзовка золотистая) - C.aurata L.
Туысы - Oxythyrea Muls.
Түрі Оленька рябая - O.funesta Poda.
Туысы - Coetrupes Latr.
Түрі кәдімгі қи қоңыз (навозник-землерой)
Туысы навозничек - Oniticellus Serv.
Түрі навозничек рыжеватый -O. fulvus GR
Туысы калоед - Onthophagus Latr.
Түрі калоед слабороги - O. fracticornis Prssl
Туысы нехрущ - Amphimallon Berth
- Түрі маусым нехрущі - A. Solstitialis L.
- Түрі мамыр хрущі - M. hippocastari F.
Туысы кузька - Anisoplia Serv.
- Түрі кресті кузька - A. Aqricala Poda
Туысы - Trichius F.
Түрі -T. Fasciatus L алажолақты восковик
Жұмсақ денелі қоңыздар тұқымдасы -Cantharis
Туысы жұмсақ денелі қоңыздар -Cantharis L.
Түрі сұр жұмсақденелі қоңыз- C.fxusoa L
Малашкалар тұқымдасы -Meliridae
Туысы малашка - Malacius F.
Түрі жасыл малашка - M. viridis F.
Шыртылдақ қоңыздар тұқымдасы - Elateridae
Туысы нағыз шыртылдақ - Elater L.
- Түрі қызыл жолақты шыртылдақ- E. Sanquinotentus Schrank
Златкалар тұқымдасы - Buprestidae
Туысы қосқұйрықты златкалар-Dicerca Esch.
- Түрі ақ қайыңның златкасы-D. Acuminate Pall.
Қанқызы тұқымдасы - Coccinellidae
Туысы нағыз қанқызы-Coccinella L.
+Түрі 7 нүктелі қанқызы-C. septempunctata L.
Туысы адония-Adonia Muls.
+Түрі құбылмалы қанқызы-A. varieqata Qr.
Туысы анатис-Anatis Muls.
+Түрі көзшелі қанқызы-A. Ocellata L.
Түкті қоңыздар тұқымдасы - Laqriidae
Туысы лагрия-Laqria.
Түрі кәдімгі мохнатка-L. hista L.
Қара қоңыздар (чернотелки) тұқымдасы - Tenebrionidae
Туысы медляк - Blaps F.
- Түрі дала медлягы-B. Halophila Fisch.
Туысы опатрум-Opatrum.
- Түрі құмның медляк қоңызы-O. Sabulosum L.
Туысы-Oodescelis Motsch.
-Түрі қара медляк-O. Polita Strum.
Нарывниктер тұқымдасы - Meloidae
Туысы шпанская мушка-Lytta F.
- Түрі шпанская мушка - L. vesicatoria L.
Туысы нарывник-Mylabris F.
- Түрі кіші нарывник - M. pusilla ol.
- Түрі төрт нүктелі нарывник-M. Quadripunctata L.
Мұртты қоңыздар тұқымдасы (Усачи)-Cerambycidae
Туысы - Necydalis L.
Түрі қысқақанатты мұртты қоңыз-N. Major L.
Туысы жолақты мұртты қоңыз-Plaqinotus Muls.
- Түрі люцерна мұртты қоңыз-P.floralis Pall.
Туысы лептура-Leptura L.
Түрі теңбіл лептурасы
Туысы странгалия - Stranqalia Serv.
Түрі төрт жолақты странгалия-S.
Туысы монохамус - Monoshamus Guer
- Түрі қарашырша қоңызы - M.urusson Fisch
Туысы - A. canthocirus Steph
- Түрі пихтаның сұр қоңызы - A. griscus F
Жапырақ жеуші қоңыздар тұқымдасы - Chrysomelidae
Туысы - Clytra Laich
Түрі төрт нүктелі клитра - C. Guadripunctata L.
Туысы нағыз жапырақ жегі қоңыз - Chreycomela L.
- Түрі терек жапырақ жегісі - Ch. Populi L.
Туысы шөп жапырақжегі - Chrysolina Motsch
Түрі айқын нүктелі жапырақжегі - Ch. Fastuosa Scop
Туысы жасырын басты - Cryptocephalus Geoffr
Түрі жасырынбасты жасыл қоңыз - C. siriceus L.
Ұзынтұмсықты қоңыздар тұқымдасы - Cureceulionidae
Туысы - Chlorophamus Cerm
Түрі жасыл ұзын тұмсықты қоңыз
Туысы - Hylobius Cerm
- Түрі қарағайдың үлкен ұзынтұмсықты қоңызы - H.alietis. L.
Туысы - Lixus F.
- Түрі кәдімгі франчик - L. Iridis ol

3.2 Қоңыздар отрядының жалпы сипаттамасы

Қоңыздардың басы (Cranium) мойын бунағы арқылы кеудесiнен анық бөлектенген. Басы акроннан (acron) жене бiрігіп кеткен төрт сегменттен құралған. Бiрiншi -- интеркалярлы (латынша inter - аралық) сегментi редукцияга ұшыраган, аяқтары жоқ. Екiнші - мандибулярлы сегменттің жұп аяғы бiр буынды жоғарғы жақ аппаратына немесе мандибулаларга айналған, үшінші -- максиллярлы сегменттің жұп аяғы буынды төменгi жақ немесе максилла-I, ал төртiншi - лабиальды сегменттің жұп аяғы буынды төменгi ерiн (labellum) немесе максилла-II ауыз аппаратына айналған. Басының алдыңғы жағында маңдайында екi мұртшасы (antennae), екi күрделi фасеттiк көздерi, қарапайым майда көзшелерi орналасқан (анимация).
Қоңыздардың екi мұртшасы немесе антеннасы акронның өсiндісі, бiрнеше буыннан құралып, негiзiнде дәм және иіс сезу мүшесiне айналған. Мұртшалардың түрi әр қилы: жiп тәрiздi, қыл, тақта, ара, тарақ, ұршық, түйреуiш, қауырсын, таспиқ тәрiздес. Акронға жалғасқан төрт сегменттерiнiң аяқтары түрi өзгерiп, ауыз аппаратына айналған. Қоректiк заттардың түрлерiне және қоректену тәсiлдерiне байланысты ауыз аппараты кемiргiш болып келеді.
Қоңыздардың ауыз аппараты кемiргiш типтi және көптеген олардың личинкаларына тән. Кемiргiш ауыз аппараты жоғарғы ерiннен және үш жұп жақ: жоғарғы, төменгi жақтан және төменгi еріннен аппаратынан құралады 4 суретке сәйкес.

Сурет 4 Қоңыздардың кемiргiш ауыз аппараты: 1- жоғарғы ерiн, 2 -мандибула (жоғарғы жақ), 3 - 7 төменгi жақ (3- негiзгі буын, 4 - бағанаша, 5-жақ қармалаушы, 6 - сыртқы шайнау қалақша, 7 - iшкi шайнау қалақша), 8-12 -- теменгi ерiн (8 - иек асты, 9 - иек, 10 - ерiн қармалауышы, 11 - сыртқы қалақша, 12- iшкі қалақша)

Жоғарғы ерiн акронның жалғасы, ауыз тесiгiнiң алдыңғы жағын көмкерiп тұрады. Келесi жұп тақта -- жоғарғы жақ немесе мандибула (mandibula). Оның iшкi жиегi тiстi немесе аралы. Мандибула басындағы екiнші сегменттiң түрi өзгерген аяғы. Ал үшiншi және төртiншi сегменттердiң аяқтары -- төменгi жақ пен төменгi ерiндi құрайды. Бұлар буын-буын болып мүшелiкке бөлiнген. Төменгi жақтың (maxilla I) буындары: негізгi буын, бағанаша, сыртқы қалақша, iшкi қалақша төменгi жақ қармалауышы. Төменгi ерiннiң (maxilla II) буындары: астыңғы иек, иек, сыртқы қалақша, iшкi қалақша, төменгi ерiн қармалауышы. Барлық жақ аппараттары бiрiгiп ауызға түскен қатты жемдердi ұсақтайды, сонымен қатар төменгі жақ пен төменгi ерiн қармалауыштары - дәм және иiс сезу мүшелерi.
Кемiргiш ауыз аппараты, насекомдардың ауыз аппараттарының iшiндегi ең байырғысы және алғашқы түрi. Түрлi қорекпен қоректенуге көшуіне байланысты насекомдардың ауыз аппараттары едәуiр өзгерiстерге ұшыраған, бiрақ кемiргiш ауыз аппаратының негiзгi бөлiктерi оларда сақталып қалған.
Қатқылқанаттылар немесе қоңыздар отрядына жататын насекомдардың ортаңғы кеудеге бекінген алдыңғы жұп қанаттары қатты хитиннен тұрады. Ол элитра немесе қанатүсті деп аталады. Элитра басым көпшілік қоңыздар тұқымдасына жұмсақ сегменттелген құрсақты түгел жауып жатады да қорғаныш қызметін атқарады. Ал кейбір тұқымдастарында мысалы тақта мұртты қоңыздарда құрсақ ұшы немесе пигидий жабылмай, ашық қалады. Енді бір тұқымдасы стафилинидтерде немесе қосқанаттыларда элитра құрсақтың тек жартысын ғана жауып тұрады. Мұндай жағдайда артқы кеудеге орналасқан жұқа жүйкеленген жарғақ тәрізді ұзын екінші жұп қанаттар бірнеше рет қатпарланып,қысқарған элитра астына тығылады. Элитра қоңыздардың сыртқы қанқасының да қызметін атқарады. Қоңыздар ауада ұшқанда жұқа жарғақ тәрізді артқы жұп қанаттарының көмегімен ұшады. Сондықтан да оларды артқы моторлы насекомдар деп атайды. Артқы қанаттарының жүйкелері қоңыздарды анықтау кезіндегі систематикалық критерийлер. Қоңыздар ауада тек артқы жұп қанаттары арқылы ұшатын болғандықтан, оларды функциональды қосқанаттылар деп есептеуге болады. Олардың ауыз аппараттары кеміруші, өйткені қатты қорекпен қоректенеді. Көздері тек күрделі немесе фасетті көздер. Қатқылқанаттылар отрядына 250 мыңға жуық түрлер біріктіріледі, олар 100 тұқымдасқа жіктеледі. Олардың көлемі 0,3-1мм ден (қауырсынқанаттылар) 15 см-ге дейін. Ең үлкен қоңыздар тропикалық ендіктерде мекендейді мысалы, голиаф деп аталатын қоңыз.
Аяқтары 3 жұп, кеуде бөлімдерінің төменгі жағына бекінген. Басым көпшілігінің аяқтары жүгіруші, кейбіреулерінде қазушы, жүзуші. Саусақтар саны 3-5 дейін. Бырылдақ қоңыздарда, жүзгіш қоңыздарда, тақтамұртты қоңыздарда саусақтар формуласы 5-5-5 яғни үш жұп аяқтарында да бірдей. Жапырақ жеуші қоңыздар мен ұзын тұмсықты қоңыздар тұқымдастарында саусақтар формуласы 4-4-4 яғни үш жұп аяқтарында да бір мүшеге кеміген, үшінші топ тұқымдастарында саусақ формуласы 5-5-4 яғни алдынғы екі жұп аяқтарында бес-бестен, ал артқы жұп аяқтарында-4 буынды. Бұл топ тұқымдастарына ғана қоңыздар-чернотелкалар және нарывниктер (meloidae) жатады. Саусақтарының формуласы қоңыздар тұқымдасын анықтауда үлкен маңызды критерий болып табалады.
Құрсақтары астынғы жағынан 5-7 стерниттер деп аталатын тығыз хитинделген пластинкалармен жабылған, ал үстінгі жағынан жұқа жарғақтармен. Өйткені құрсақты үстінен қанатүсті немесе элитралар жауып тұрғандықтан.
Қоңыздардың кеуде немесе көкiрек бөлiмi үш сегменттен тұрады; алдыңғы кеуде (protothorax), ортаңғы (mesothorax) және артқы кеуде (metethorax). Сонымен қатар ортаңғы және артқы кеуде сегментiнде бiр-бiр жұп қанаттары орналасқан.
Қоңыздардың көпшiлiгi жақсы ұшатын жәндiктер, олардың ұшуы қанаттарының құрылысы мен қозғалысына байланысты. Қанаттары кеуде бөлiмiндегі хитинделген терi жамылғысының өсiндiсi, дорзо-вентральдi бағытта қабысып жұқа тақтаға айналған, ұзына бойына да, көлденең де бiлеуленіп жатқан жiп тәрiздi жүйкелерi айқын көрiнедi. Жүйкелер -- өте жiңiшке, қанат қуысында таралған трахея мен нерв түтiкшелері олар iшкi миксоцель қуысымен жалғасқан. Қанаттың жүйкелену сипаты насекомдардың систематикасындағы басты белгiлердiң бiрi.
Қанаттың ұзына бойына орналасқан негiзгi жүйкелерi: костальдi жүйке немесе коста (С); субкостальдi немесе субкоста (Sс); радиальдi немесе радиус (R); медиалдi (ортаңғы) немесе медиа (М); кубитальдi немесе кубитус (Cu); анальдi немесе аналис (А) және югальдi жүйке (Ju). Бұлар дихотомиялық түрде бұтақтанады. Ұзына бойы жүйкелермен қоса көлденеңiнен орналасқан жүйкелерi де бар, олар орналасуына байланысты көршi бойлық жүйкелердiң атымен аталады. Мысалы, медиокубиталъдi жүйке -- медиальдi және кубитальдi жүйкелердi қосатын, радиальдi жүйке -- бұтақталған екi радиальдi жүйкелердi қосатын.

3.3 Боралдай жотасында кездесетін барылдауық (Carabidae) қоңыздар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері

Жер жүзінде 25000 түрі белгілі. Денесінің ұзындығы 1-2 мм-ден 70- 80 мм-ге дейін барады. Аяқтары жүруге немесе жүгіруге бейімделген бес буынды. Мұртшалары ине пішіндес біраз түктері болады. Олар екі отряд үстіне бөлінеді: секіргіш - қоңыздар (Cicindelinae) және нағыз барылдауық қоңыздар (Carabinae). Секіргіш қоңыздардың ұзындығы 10-15 мм, ашық бояулы, қанатүстінде ақшыл суреттер болады. Көздері үлкен, аяқтары, мұртшалары жіңішке, әрі ұзын. Ашық жерлерде кездесетін жыртқыштар. Ал, барылдауық қоңыздардың көздері үлкен емес, денесінің түсі қара түсті, сирек метал түстес. Аяқтары жүгіруге икемделген. Күндіз тас астында, түскен жапырақтарда, топырақ астында тығылып жатады. Көпшілік түрлері жыртқыш. Бұл қоңыздарға қауіп төнгенде артқы тесігінен улы сұйықтық шығарады.
Боралдай жотасында кездесетін қоңыздар отрядының бір тұқымдасы бырылдақ қоңыздар. Бұл тұқымдасқа 2000 түрлер жатады. Басым көпшілігі жүгіруші ұзын сирақты, қара-қошқыл түстерге боялған жер беті қоңыздары. Бұлар жыртқыш қоңыздар тобына жатады, зиянды насекомдарды құртып пайда келтіреді.
Ауыз аппараттары алға қарай бағытталған, яғни қорегін қамтып алуға бейімделген. Бырылдақ қоңыздардың алға қарай бағытталған ауыз аппаратын прогнатты деп аталатын типке жатады.
Бұл тұқымдасқа жататын қоңыздарды анықтағанда біз келесідей систематикалық белгілерді пайдаландық: артқы аяғының жамбас бөлімі өте үлкен, сондықтан оның басқа қоңыздардан айырмашылығы құрсақтың бір ғана стернитінде орналаспай, екі стернитін алып жатыр.
Мұрттары жіңішке, көпмүшелі, маңдайының екі бүйіріне де орналасқан. Мұрттарының пішіні қылтан тәрізді немесе жіп тәрізді, бірінші мүшесінен басқалары сирек түктермен жабылған.
Үш жұп аяқтарындағы саусақтары да бес мүшелі, мүшелер көлемдері бірдей, тек қана аталықтарының алдыңғы аяғындағы саусақтары жалпайған. Басым көпшілік түрлері топырақтың үстіңгі қабатын мекендейді. Қорегін аулауға түнде шығады, күндіз тастардың, мүктердің, кепкен қилардың, жерге түскен жапырақтар астына тығылады.
Біздің коллекциямызда су жағасын мекендейтін түрі - тинник. Дене түсі қола түсті, сиякөк дақтармен. Көлемі 5-8мм. Екінші түрі әдемі түске боялған, Красотель деп аталады. Қанатүсті метал түсті - жасыл, кеудесі көк ағаш діңінде кездестірдік, ол көбелектің зиянкес жұлдызқұртын жеп пайда келтіреді. Анықтау кезіндегі айрықша белгісі: элитрасының екі жақ бүйірі параллельді және элитраның артқы кеудеге бекінген жері тік иық сияқты өсінді жасалған [25].
Үшінші түрі лебия туысына жататын көк басты лебия. Қоңыздың көлемі 5-7,5 мм, қанаттары метал түсті көк немесе жасылтқын. Алдыңғы кеудесі қызыл. Бұталы және шөптесін өсімдіктерде кездеседі [26].
Келесі түрі Ophonus Steph туысына жататын түкті бырылдақ қоңыз. Дене көлемі 14-16 мм. Қара түске боялған, үстіндегі түктері сарғыш, мұрттары мен аяқтары қызғылт. Ашық жерлерді мекендеп, ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді.
Келесі түрі бырылдақ қоңыздар туысына жататын (Carabus L) жужилица зернистая (C.qranulatus L). Дене көлемі 14-21 мм. Элитралары жалпайған, оның үстінде үш ұзыннан созылған түйіршіктер қатары орналасып, олардың арасында ұсақ ұяшықтар бар. Ылғалды жерлерде кездеседі, түнде қорегін аулауға шығады [27].
Боралдай жотасында бырылдақ қоңыздар тұқымдасының 5 түрі кездеседі.
Ауыз аппараттары алға қарай бағытталған, яғни қорегін қамтып алуға бейімделген. Бырылдақ қоңыздардың алға қарай бағытталған ауыз аппаратын прогнатты деп аталатын типке жатады.
Бұл тұқымдасқа жататын қоңыздарды анықтағанда біз келесідей систематикалық белгілерді пайдаландық: артқы аяғының жамбас бөлімі өте үлкен, сондықтан оның басқа қоңыздардан айырмашылығы құрсақтың бір ғана стернитінде орналаспай, екі стернитін алып жатыр.
Мұрттары жіңішке, көпмүшелі, маңдайының екі бүйіріне де орналасқан. Мұрттарының пішіні қылтан тәрізді немесе жіп тәрізді, бірінші мүшесінен басқалары сирек түктермен жабылған.
Үш жұп аяқтарындағы саусақтары да бес мүшелі, мүшелер көлемдері бірдей, тек қана аталықтарының алдыңғы аяғындағы саусақтары жалпайған. Басым көпшілік түрлері топырақтың үстіңгі қабатын мекендейді. Қорегін аулауға түнде шығады, күндіз тастардың, мүктердің, кепкен қилардың, жерге түскен жапырақтар астына тығылады.
Әрбір қоңыз түрлерінің жеке этикеткасы болуы керек. Бұл қағаз бөлігі түйреуішпен қоңыздың астына қойылады. Зерттеу нәтижелері бойынша Боралдай жотасында кездесетін қоңыздардың тізімі 1 кестеде берілген.

Кесте 1
Боралдай жотасында кездесетін қоңыздардың түрлері
Тұқымдасы
Туысы
Түрі
Тақтамұрттылар Limellicornia

Афодий Aphadius-
A. Fossor L- Қазғыш афодий

Геотруп - Geotrupes Latr
Geotrupes stercorarius- қарапайым қый қоңызы

Anisoplia Serv-Астық қоңыздары (Кузькалар)
Anisoplia austriaca- - Егістік кузькасы

Anisoplia agricola- Кресті кузька

Cetonia F
Cetonia aurata L- Алтын бронзовка

Melolontha- Зауза
Melolontha hippocastani- Заузасы

Amphimalon Berth- Нехрущ
Amphimallon solstitialis L- Маусым заузасы
Coccinellidae Қаңқыздар
Anatis L-
Anatis osellata L.- Көзді қаңқыз

Coccinella L
Coccinella guatuordecim pustulata - Он төрт нүктелі қанқыз

Coccinella Septempunctata L.- Жеті нүктелі қаңқыз
Chrysomelidae Жапырақжегіштер
Chrysochares Aмor
Chrysochares asiatica - Азиат жапырақ жегіші

Agelastica Rdtb
Agelastica Alni L- Қандыағаш жапырақ жегіші

Entomoscelis Chevr-
Entomoscelis adonidis- Рапс жапырақ жегіші

Melasoma
Melasoma papuli- анық нүктелі жапырақжегіші

Leptinotarsa
Leptinotarso Desemlineata Say- Колорад қоңызы
Tenebrio- nidae Қара денелілер
Blaps F
Blaps halophila Fisch- Дала медлягі

Tentyria Latr
Tentyria nomas Pall- дала қараденелісі

Mylabris F
Mylabris variabilis Pall- Өзгермелі нарывник
Meloidae Нарывник- тар
MylabrisF- Нарывник
Mylabris guadripunctata- төрт нүктелі нарывник

Lytta L
Lytta vesicatoria L- Шпан мушкасы

Cerocoma Gffr
Cerocoma schaefferi L- Шеффер нарывнигі
Curculio - nidae Бізтұмсық- тылар
Bothynaderes
Bothynaderes punctiventris Germ- Қызылша бізтұмсығы

Chlorophanus Germ
Chlorophanus viridis L- Жасыл бізтұмсық
Ceramby- cidae Ұзын мұрттылар
Criocephalus Muls
Criocephalus rusticus L- қоңыр қарағай мұртшысы.

Strangalia Serv- Странгалия
Strangalia guadrifasciata L- Төрт жолақты странгалия

Tetropium Kby
Tetropium castaneum L- Шырша мұртшысы

Leptura L
Leptura livida F- Сары лептура
Carabidae
Барылдауықтар
Corabus L-
Carabus Clutyhratus- Алтын түстес барылдауық
Elateridae Шыртылдақтар
Melanotus Eschx
Melanotus rufes Hbst- Қызыл аяқты шыртылдақ
Кесте 1 бойынша ең көп тараған түрлерге көбінесе зиянкес қоңыздар жатады: Колорад қоңызы (Leptinotarso Desemlineata Say), он төрт нүктелі қанқыз (Coccinella guatuordecim pustulata), Шпан мушкасы (Lytta vesicatoria L.), қазғыш афодий (A. Fossor L).
Керемет барылдауық қоңыз (Carabus imperialis). Қоңыздар жаз бойы кездеседі. Ірі қара немесе металл тәрізді жылтыры болады. Өте пайдалы жыртқыш қоңыздарға жатады, себебі көптеп зиянды насекомдарды, моллюскаларды жеп құртады. Керемет барылдауық қоңыз су маңында кездеседі, ұстауға тыйым салу керек. Аз зерттелеген, сирек кездесетін табиғатты әшекейлейтін түр. Бұл қоңыздардың артқы қанаттары жетілмеген.
Кешкілік барылдауық қоңыз (Cicindela nox.). Қиыршықты өзенінің құмды жағалауларында тіршілік етеді. Саны көп. Қоңыздар күндіз белсенді. Жыртқыштар, ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді. Су ағысын реттеу, тіршілік ету ортасын қысқартады.
Балауса барылдауық қоңыз - Carabus puer A.Morawitz.
Аз зерттелген түр. Биіктікте өсетін шыршалар жанында кездеседі. Қоңыздар жыл бойы белсенді. Ұсақ моллюскалардың бақалшағын кеміріп қоректенеді. Өте әдемі қоңыздардың бірі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген, ерекше қорғауға алынған. Студентерге ұстауға, коллекцияға алуға қатаң тиым салынған. Дене көлемінің мөлшері 4,5-5,5 мм жететін сопақша пішінді, арқа жағы дөңес келген жылтыр қара, ал жиектері қызғылт түске боялған қоңыздар. 10-11 мүшеден тұратын мұрттары ұзын сабақты, жіп тәрізді.
Біздің коллекциямызда су жағасын мекендейтін түрі - тинник. Дене түсі қола түсті, сиякөк дақтармен. Көлемі 5-8мм. Екінші түрі әдемі түске боялған, Красотель деп аталады. қанатүсті метал түсті - жасыл, кеудесі көк ағаш діңінде кезедстірдік, ол көбелектің зиянкес жұлдызқұртын жеп пайда келтіреді. Анықтау кезіндегі айрықша белгісі: элитрасының екі жақ бүйірі параллельді және элитраның артқы кеудеге бекінгіен жері тік иық сияқты өсінді жасалған.
Үшінші түрі лебия туысына жататын көк басты лебия. Қоңыздың көлемі 5-7,5 мм, қанаттары метал түсті көк немесе жасылтғын. Алдыңғы кеудесі қызыл. Бұталы және шөптесін өсімдіктерде кездеседі [26].
Келесі түрі офонус туысына (Ophonus Steph) жататын түкті бырылдақ қоңыз (волосистая жужалица). Дене көлемі 14-16 мм. Қара түске боялған, үстіндегі түктері сарғыш, мұрттары мен аяқтары қызғылт. Ашық жерлерді мекендеп, ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді.
Келесі түрі бырылдақ қоңыздар туысына жататын (Carabus L) жужилица зернистая (C.qranulatus L). Дене көлемі 14-21 мм. Элитралары жалпайған, оның үстінде үш ұзыннан созылған түйіршіктер қатары орналасып, олардың арасында ұсақ ұяшықтар бар. Ылғалды жерлерде кездеседі, түнде қорегін аулауға шығады [27].
Боралдай жотасында бырылдақ қоңыздар тұқымдасының 5 түрі кездеседі.

3.4 Карапузикер тұқымдасының (Hysteridae) өкілдері биологиясы

Дене көлемінің мөлшері 3,5-4,5 мм жететін домалақ пішінді, арқа жағы дөңес келген жылтыр қара түске боялған қоңыздар. 6-7 мүшеден тұратын мұрттары ұзын сабақты, бас ұшында домалақ түйреуіш тәрізді жалпайған. Алдыңғы кеудесі бас бөліміне тығыз жанаса орналасқан. Құрсағының астыңғы жағы 5 стержинмен жабылған. Элитралары құрсақ ұшы пегидияның ақырғы мүшесін жаппайды. Қорыққан кезде ол мұршалары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Оңтүстік Қазақстан боллысының адвентивтік және синантроптық флорасы
Тары дақылын өсіру
Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары
Батыс Тянь-Шань флорасы. Батыс Тянь-Шаньның физико-географиялық жағдайы
Қаратау таулы жотасы
Энтомология
Пәндер