Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Биология кафедрасы
ББК
ЕСКАЛИЕВА АЛИЯ СОЛТАНКЫЗЫ
Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында биология сабақтарында белсенді оқыту әдісі
7 М01505 - БИОЛОГИЯ
білім магистірі академиялық дәрежесін алуға арналған магистірлік жоба
Ғылыми жетекші: Шарипханова А.С. б.ғ.к.
Биология кафедрасының меңгерушісі:
Китапбаева А.А.
Нормоконтролер:
Өскемен қаласы 2020ж.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ..8
1 Белсенді оқыту әдістерін қолданудың теориялық негіздері ... ... ... ... ...
2 Оқытудың белсенді әдістерінің мәні мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Техникалық және кәсіптік білім беруде биология сабақтарында белсенді әдістерді қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1 ТжКБ жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдануға негізделген сабақ мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Эксперимент және оның нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл магистірлік жобада келесі стандарттарға сілтеме жасалынды:
ҚР білім заңы. № 319, 27 шілде 2007жыл.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған типтік ережелері
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл магистірлік жобада келесі терминдер төмендегідей анықтамаларымен қолданылады:
Кәсіптік білім - білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
Оқыту -- білім беру, шеберлікке, іс- әрекет дағдыларына үйрету және олар ды меңгеру үдерісі мен адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың басты тәсілі.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Оқытуды ұйымдастыру формалары - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіппен, белгілі режимде өтілетін іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
Студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
Техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру.
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР- Қазақстан Республикасы
БҒМ- Білім және Ғылым министірлігі
ТКББ- Техникалық және кәсіптік білім беру
ЖББ-Жалпы білім беру
КМҚК - Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
ШҚАК- Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі
БОӘ-Белсенді оқыту әдісі
СТО- сын тұрғысынан ойлау технологиясы
АКТ- ақпараттық- коммуникативтік технология
КІРІСПЕ
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі- білмді ұрпақ. Қазырғы таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Мемлекет болашағының кепілі жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел, талантты ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы елді түзету бала оқыту ісін түзетуден басталу керек деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда Елбасы Н. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ал дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да әлемдегі дамыған елдер сияқты тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы Қазақстан-2050 стратегиясында Біздің жастарымыз оқуға, ғылым білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек. Біздің басты мақсат-2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру ұстанымы үшін нақты мақсаттар жүктеді.Алдымен жастарға тегін кәсіптік- техникалық білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдындағы міндет- оқу- тәрбие үрдісін жаңғырту арқылы жастардың таңдаған мамандығымен қызыға айналысуына, еңбек өнімділігін сапалық және сандық тұрғыда арттыру, сол арқылы материалдық жағдайын жақсартуға болатынына көзін жеткізіп, ұлттық экономиканы үздік кадырлармен қамтамасыз ету, қазақстандық қоғамның үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосу. Елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше басымдық беріліп отырған қазіргі кезеңде осы саланың кәсіби мамандарын даярлау бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқытушылары мен өндірістік шеберлері алдында жаңа талаптар қойылып отыр. Оқытудың теориялық және практикалық үрдісін жандандыру, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, мамандықты игертудің озық технологияларын тиімді пайдалану- студенттердің біліктілігін арттырудың бірден- бір жолы.
Студенттердің қабілетіне қарай білім беруді, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, кәсіби маман болып тәрбиеленуді жүзеге асыратын жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге бетбұрыс жасау керек.
Зерттеудің өзектілігі. Биология сабағында белсенді оқыту әдіcтерін тиімді пайдалану арқылы студенттердің білім- біліктілік деңгейлерін, интеллектуалдық дәрежелерін, іскерлік шеберліктерін арттыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында арнайы пәндерді игеру мен студенттердің кәсіби шеберліктерін арттыруда, бәсекеге қабілетті маман қалыптасуына алғы шарттарды қалыптастыратын бірден бір оқытудың тәсілі. Соның ішінде ауылшаруашылық мамандарын даярлауда профильдік пән ретінде биологияны оқытудың маңызы жоғары. Биология сабақтарында белсенді оқыту әдіс- тәсілдерін кіріктіру студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сапалы білім қалыптасуына, іс-әрекеттерін белсендендіруде, мақсатқа жетуге жағдай тудыратын ортаға айналады.
Биология сабағында белсенді оқыту әдістерін қолдану оқу үрдісінің сапасының негізгі әдісі ретінде кәсіптік білім беретін оқу ордасы Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде ветеринар, агроном, зоотехник мамандарын даярлау барысында жүйелі бағытта жүзеге асуы, оқыту тәжірибесінде пайдаланылуы.
Зерттеудің мақсаты. Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында биология сабағында белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің танымдық белсенділіктерін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті маман қалыптасуына алғы шарттарды қалыптастыру.
міндеттері:
оқуға оң мотивация қалыптастыру;
пәнег деген қызығушылықтары мен танымдық белсенділіктерін арттыру;
коммуникативті дағды мен білім біліктілік деңгейлерін жоғарлату;
ақпараттық- комуникативтік міндеттерді шешу;
білім алушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту,
уақытты тиімді пайдалану арқылы кері байланысты қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында биология сабағында оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері ретінде - Quizizz, Tarsia, ProProfs, Test Teach Test, Kahoot әдістерін пайдалану арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мен тиімді кері байланысты орнату.
Зерттеу нысаны: биология сабағы
Зерттеу жүргізген орын- Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі
Негізгі қорғауға шығатын мәселелер:
Техникалық және кәсіптік білім беруде жағдайына биология сабақтарында белсенді әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану.
ТжКБ жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдануға негізделген сабақ мазмұны.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Заманауй техника мен технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы білім алушыларды бұрын білмеген басқа қырларынан танып, шығармашылық іскерліктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады
Жұмыстың апробациясы.
Диссертациялық жұмыстың негізгі сұрақтары кафедраның ғылыми отырысында талқыланды.
Магистірлік жоба бойынша 3 басылымдық жұмыс жарық көрді:
Ескалиева А.С., Шарипханова А.С. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы. ХХІ ғасырдағы Ғылым және білім атты VІ Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының жинағы. - Нұр-Султан 2020. -155-158б.
Ескалиева Алия Солтанкызы - магистрант, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Сабақ жоспары Онтогенез - организмнің жеке дамуы. ШҚО, Педагогика жаршысы ғылыми- әдістемелік журналы. №2 (88) 2020ж. -36-38б.
Ескалиева А.С., Шарипханова А.С. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы. Кәсіптік білім беру жүйесінде биология сабағында белсенді оқыту әдістерін пайдалану. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Рухани жаңғыру мақаласының 3 жылдығына арналған Ұлы дала - ұстазы тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы. - Өскемен: С.Аманжолов ат. ШҚМУ 2020ж. - 315-319б.
Жұмыстың құрылымы және көлемі.
Магистірлік жоба кіріспеден, 2 бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Жұмыс компьютермен терілген 64 беттен тұрады, онын ішінде мәліметтер 7 кестеде және 8 суретте көрсетілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Белсенді оқыту әдістерін қолданудың теориялық негіздері.
Білім беруді белсендендіру идеяларын педагогиканың қалыптасу және даму кезеңінің өн бойында оны дербес ғылыми пән ретінде рәсімдегенге дейін ғалымдар еңбектер жариялаған болатын.
Белсендендіру идеясының негізін салушыларға Я.А. Коменский, Ж.-Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, Г. Гегель, А. Дистервег, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский және басқалары жатады.
Алайда, осы авторлардың жұмыстарындағы дәйекті мазмұндалған идеялар антикалық әлемнің ғалымдары мен ойшылдарының пікірлерінен өз бастауын алады. Педагогиканың бүкіл тарихын оқушы позициясына екі көзқараспен күрес ретінде қарастыруға болады. Бірінші ұстанымды жақтаушылар оқушының бастапқы селқостығын талап етті, оны педагогикалық ықпал ету объектісі ретінде қарады, ал белсенділікті тек мұғалім ғана көрсетуі тиіс деді. Екінші ұстанымның жақтаушылары оқушыны оқыту процесінің тең құқылы қатысушысы деп санады және оның белсенділігіне оқытуда басты рөль берді. Міне, оқушының белсенділігін жақтаушылардың кейбір көзқарастары. Пифагор (б.э.д. VI ғ.) дұрыс жүзеге асырылатын оқыту мұғалім мен оқушының екі жақты қалауы бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеді. Демокрит (б.э.д. 460-370) зияткерлік тәрбиеге үлкен мән берді, оқушылардың бойында беймәлімділікті сезінуге ұмтылысты, борыш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды ұсынды. Сократ (470469 - 399 б.э.д.) адамның қабілеттерін көрсетудің ең дұрыс жолы өзін-өзі тануда деп білді. Оның басты жетістігі -- "майевтика" ("повивалды өнер") - тәлімгер ойлап тапқан сұрақтар арқылы ақиқатқа әкелетін диалектикалық дау болып саналады (Сократ әдісі деп аталады). Оқытудың мақсаты-оқушыға білім беру емес, оны қажет болған жағдайда сол білімді алуға үйрету деп білді. И. Г. Песталоцци (1746-1828) адам табиғатының ерекшеліктеріне, оның даму заңдарына сәйкес құрылған оқытуға аса маңызды мән берді. Оқыту ойлауға үйретуі керек деп талап етті, оқушыны ұйықтатып, шатастырмай, қабілетіне әсер ете білу керек деп санады. А. Дистервег (1790 -1866) мұғалімнен оқушыны тек қана "әуестендіріп" қана қоймай, оның күшін әрдайым қолдануды, оның іс-әрекетін қоздыруды талап етті. Дж. Дьюи (1859-1952), "прогрессивистік" тұжырымдамасының авторы, оқу үрдісінің негізгі міндеті жастардың белсенділігін дамытуда деп білді. Ақпарат беруді ойлауды дамыту құралы ретінде қарастырды, демек, оны оқушыларға тек қана қажет болған жағдайда ғана беруді ұсынды. Отандық ғалымдар арасынан белсенді оқыту мәселесіне әр уақытта Б. Г. Ананьев, Н. А. Бердяев, Л. С. Выготский, Н. А. Добролюбов, А. Н. Леонтьев, Л. М. Лопатин, А. С. Макаренко, С.Л. Рубинштейн, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский, Н.Г. Чернышевский және басқалар жүгініп отырды. Атап айтқанда, Н. Г. Чернышевский (1828-1889) және Н. А. Добролюбов (1836-1870) оқытудың ұғынымдылығы мен саналылығын, оқушылардың белсенділігі мен өздігінен әрекет етуін қорғады, олардың шығармашылық түрде ойлауды дамытқанын қалады. В. А. Сухомлинский (1918-1970) арнайы шаралар мен тәсілдер арқылы оқушылардың тұңғыш ашушы болу ниетін қолдауға шақырды.
Проблемалық және дамытушылық оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруда белсенді әдістер жатыр. Ғылыми әдебиетте белсенді оқыту әдістерінің мәселесіне психология мен педагогика саласында жүргізілген зерттеулер аз емес. Белсенді оқытудың заманауи қалыптасуында іскерлік ойындар пайда болғаннан кейін туындаған ойын-техникалық қозғалыстың стихиялық дамуы ерекше рөл атқарды. Тарихтағы алғашқы іскерлік ойынды 1932 жылы КСРО-да М. М. Бирштейн құрастырды және өткізді. Бұл әдіс бірден қолдау тауып, мойындалып, қарқынды түрде дами бастады. Алайда 1938 жылы КСРО-да іскерлік ойындарға тыйым салынды. АҚШ-та алғашқы іскерлік ойындар пайда болғаннан кейін ғана (1956 ж., Ч. Абт, К. Гринблат, Ф. Грей, Грэм қ., Дюпюи қ., Р. Дьюк, Р. Прюдом және т. б.) 60-шы жылдары олардың екінші қайта туылуы жүзеге асты. Әдістердің дидактикалық қолданылуын кеңейтуге И. Г. Абрамов, Ю. С. Арутюнов, М. М. Бирштейн, Н. В. Борисова, А. А. Вербицкий, С. Р. Гидрович, С. С. Егоров, В. М. Ефимов, Р. Ф. Жуков, С. Г. Колесниченко, В. Ф. Комаров, В. II. Крутиков, В. Я. Платов, В. В. Подиновский, В. Н. Рыбальский, А. М. Смолкин, И. М. Сыроежин, Т. П. Тимофеевский, Г.П. Щедровицкий және т.б. сияқты белсенді оқыту саласынының мамандарының іскерлік және имитациялық ойындарын зерттеуі және әзірлеуі елеулі түрткі болды. Әдістерді таратуда белсенді оқытудың негізі ретінде ойын әдістерін насихаттау бойынша олардың практикалық қызметі және ойын техникалық қозғалысты құру мен дамытуға жеке қатысуы үлкен рөл атқарды. Осы қозғалыс аясында өткізілетін БОӘ (белсенді оқыту әдістері) мектептері көптеген мұғалімдерді белсенді оқытудың ойын технологияларымен таныстыруға, оларға алғашқы білім мен дағды беруге, алғашқы құрал-жабдықтармен қаруландыруға мүмкіндік берді. XX ғасырдың 80-ші жылдарында белсенді оқытудың ойын әдістерінің таралуының арқасында белсенді оқыту танымалдылықтың ең жоғары деңгейін бастан кешірді.
Жалпы білім беретін мекемелер жағдайында оқу процесі оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып, оқытудың жалпы белсенді принциптерінің жиынтығына сүйенеді және А. А. Бадаев ұсынғандай өзінің айырықша принциптерін ұстанады , атап айтқанда:
Оқушылардың дайындығы мен сабақ тақырыбының есебінен оқытудың мазмұны мен әдісі арасындағы тепе-теңдік қағидаты.
Модельдеу қағидаты. Оқу процесінің үлгісі оқу жоспары болып табылады. Онда оқытудың мақсаттары мен міндеттері, құралдары мен әдістері, сабақтың тәртібі мен рәсімі көрсетіледі, оқушылар оқу барысында шешетін сұрақтар мен тапсырмалар қалыптасады. Сонымен қатар, мұғалімге соңғы нәтижені модельдеу керек, яғни оқуды аяқтаған оқушы моделін сипаттау керек. Атап айтқанда: қандай білімі (олардың тереңдігі, ендігі және бағыты) және дағдысы болуы тиіс, қандай қызметке дайындалуы тиіс, нақты қандай формада білімділігі көрінуі керек. Оқушы оқитын және тұратын "орта моделін" көз алдына келтіру де пайдалы болады. Ол нақты шындықтан және оның проблемаларынан қалыс қалуға жол бермейді.
Кіріс бақылау қағидаты . Бұл қағидат оқушылардың нақты дайындық деңгейіне сәйкес оқу процесін дайындауды, олардың мүдделерін анықтауды, білімнің қолда барын немесе оны арттыру қажеттілігін анықтауды көздейді. Кіріс бақылауы оқу курсының мазмұнын барынша тиімді анықтауға мүмкіндік береді, таңдап алынған оқыту әдістерін қайта қарайды, оқушылардың жеке жұмысының сипаты мен көлемін анықтайды, оқытудың өзектілігін дәлелдей отырып, оқуға деген оқушының ниетін тудыруы керек.
Оқытудың мазмұны мен әдістерінің оқыту мақсаттарына сәйкестік қағидаты. Оқу мақсатына тиімді түрде қол жеткізу үшін мұғалім нақты тақырыпты зерделеу немесе міндеттерді шешу үшін оқушылардың оқу іс-әрекетінің ең қолайлы түрлерін таңдауы қажет. Бір жағдайда диалог жүргізіп, мәселені талқылау жеткілікті. Басқа жағдайда қосымша ақпарат көздерін журналдар, газеттер және т.б. пайдалану қажет, немесе кеңес алу үшін мамандарға, іргелес білім салаларына жүгіну қажет. Мысалы, мұғалім алдына оқушыларды сабақ тақырыбы бойынша ақпаратпен таныстыру мақсатын қоя отырып, дәріс материалын қолдана алады және оны беру әдісін меңгере алады.
Мәселелік қағидаты. Бұл жағдайда оқушылар жаңа білім, проблемалар қою арқылы туындайтын кедергілерді жеңу арқылы біліктілік пен дағды алатын сабақты ұйымдастыру талап етіледі. Мәселен, А. М. Матюшкин, проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылардың бірі, сабақтың дәл осы проблемалық құрылымы оқу мақсатына жетуге кепілдік беретіндігін айтады.
Сабақ барысында жоғары сынып оқушыларының ойлау қызметін белсендіретін ізденуді талап ететін сұрақтар қойылады, ал бұл оқыту тиімділігінің маңызды шарты болып табылады. М. И. Махмутов оқушы нақты материалды талдап, одан өзі ақпаратты алатындай әрекет еткен жағдайда оқудағы белсенділікке қол жеткізетінін атап көрсетеді.
Келеңсіздік тәжірибесі қағидаты. Практикалық қызметте жетістіктермен бірге қателерге де жол беріледі, сондықтан адамды қатеден аулақ болуға үйрету қажет. Бұл міндет өте өзекті мәселе. Осы қағидатқа сәйкес оқытудың белсенді әдістерінде құрылған оқу процесіне екі жаңа оқыту элементі енгізіледі:
нақты жағдайларда жіберілген қателерді зерттеу,талдау және бағалау. Мұндай сабақтарға арналған материал мерзімді басылымдағы сыни жарияланымдар және өз тобының өмірінен алынған нақты фактілер болуы мүмкін;
білім, іскерлік және дағдыны меңгеру барысында оқушы тарапынан қателерді қамтамасыз ету. Жоғары сынып оқушыларына талдау жасау үшін әдейі қалыптастырылған жағдай ұсынылады немесе проблемалы міндет қойылады, оны шешу кезінде әдетте тәжірибесінің жоқтығынан оқушы міндетті түрде қате жіберетін болады. Оқушының іс-әрекетінің реттілігін одан әрі талдау қателіктің заңдылықтарын анықтауға және есепті шешу тактикасын әзірлеуге көмектеседі. Бір мезетте оқушы осы мәселе бойынша білімнің қажеттігіне көз жеткізеді, бұл оның оқу курсын тереңірек меңгеруге итермелейді.
Қарапайымнан күрделіге қағидаты. Оқу сабақтары берілетін оқу материалының және қолданылатын әдістердің күрделене түсуін есепке ала отырып жоспарланады және ұйымдастырылады: түпдеректермен жекелей жұмыстар, қорытындылар мен нәтижелерді ұжымдық өңдеу және т.б.
Үздіксіз жаңарту қағидаты. Оқушылардың танымдық белсенділігінің негіздерінің бірі оқу материалының жаңалығы, сабақты өткізудің нақты тақырыбы мен әдісі болып табылады. Оқу үдерісінің ақпараттылығы, яғни жаңалыққа, белгісіздікке қанықтығы оқушылардың назарын тартады және шиеленістіреді, тақырыпты зерттеуге, оқу іс-әрекетінің жаңа тәсілдері мен әдістерін меңгеруге итермелейді. Бірақ білімді меңгеру барысында оларды қабылдаудың шиеленісуі біртіндеп төмендейді. Жоғары сынып оқушылары қандай да бір әдістерге бой үйретіп, оларға деген қызығушылығын жоғалтады. Осындай жағдай туындамас үшін, мұғалім сабақты құруды жаңа элементтермен, оқыту әдістерімен үнемі жаңартып отыруы қажет. Мысалы, бір сабақ ішінде нақты жағдайға екі талдау жасамау, бір ғана техникалық оқыту құралын қатарынан екі сабақта қолданбау, көрнекі құралдар - стендтерді, сызбаларды, плакаттар мен диаграммаларды аудиторияда қажет болған кезде ғана ілу және т. б. Осылайша басқарылатын оқу процесі оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін төмендетпейді.
Ұжымдық қызметті ұйымдастыру қағидаты. Жоғары сынып оқушылары қандай да бір міндеттерді шешу немесе топтарда, ұжымда шешім қабылдау қажеттілігімен жиі кездеседі. Оқушыларда ұжымдық іс-әрекетке қабілеттілікті дамыту мәселесі туындайды. Сабақ барысында бұл міндетті шешу кезеңдер бойынша жүзеге асырылуы керек. Бірінші кезеңде мұғалім топтық міндеттің көмегімен оқушылардың өз міндетіне және оны шешуге деген көзқарастарында алшақтық пен ұқсастықтың болуын анықтайды. Нақты жағдайға топтық жұмысты ұйымдастырудың екінші жолында оқушыларда бірлескен қызметке қажеттілік қалыптасады, ол нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Үшінші кезеңде іскерлік ойын жағдайында бірлескен іс-әрекет, міндеттерді талдау және шешу, жобаларды әзірлеу және т. б. дағдылары қалыптасады. Бұл ретте, сабақта ұжымдық жұмысты ұйымдастыра отырып, мұғалім әрбір жоғарғы сынып оқушысы үшін ынтымақтастық пен өзара іс-қимылсыз орындау мүмкін емес екені анық болатындай тапсырмаларды қалыптастыруы тиіс.
Озық оқыту қағидаты. Бұл қағидат оқыту жағдайында практикалық білімді меңгеруді және оларды практикаға енгізе білуді, оқушының өз күшіне деген сенімін қалыптастыруды, болашақ қызметтегі нәтижелердің жоғары деңгейін қамтамасыз ете білуді білдіреді.
Диагностикалау қағидаты. Бұл қағидат сабақтың тиімділігін тексеруді көздейді. Мысалы, жоғары сынып оқушыларының оқу жағдайларындағы өзіндік жұмыстарын талдау тақырыптың курс контекстіне сәйкес келе ме, сабақты жүргізу әдісі дұрыс таңдалған ба, оқушылар оқытылып жатқан мәселелерді дұрыс бағдарлай ала ма, келесі сабақта бірнәрсе өзгертуге бола ма және т.б. сұрақтардың жауабын көрсетеді.
Оқу уақытын үнемдеу қағидаты. Оқытудың белсенді әдістері білімді игеруге және шеберлікті, дағдыларды қалыптастыруға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Білімді меңгеру, жұмыстың практикалық тәсілдерін меңгеру және дағдыларды қалыптастыру бір уақытта, міндеттерді шешу, жағдайларды талдау немесе іскерлік ойын процесінде жүзеге асырылады. Әдетте бұл екі міндет жүйелі түрде шешіледі, алдымен жоғары сынып оқушылары білімді игереді, содан кейін практикалық сабақтарда шеберлік пен дағдыларды қалыптастырады.
Шығыстық бақылау қағидаты. Әдетте, білімді шығыстық тексеру оқуды аяқтағаннан кейін емтихандар, сынақтар, әңгімелесулер, бақылау жұмыстарын немесе рефераттарды орындау және де кейіннен оларды қорғау түрінде жүргізіледі. Алайда білімді тексерудің бұл нысандары әр жағдайда игерілген білім мен дағдылардың саны мен сапасын анықтай алмайды. Шығыстық бақылау үшін оқытудың белсенді әдістері пайдаланылады: бақылау практикалық тапсырмалар, проблемалық есептер мен жағдайлардың сериясы.Олар жекелей немесе топтық болуы мүмкін. [3]
Оқытудың белсенді әдістерін іскерлікпен қолдану кезінде бір уақытта үш оқу-ұйымдастыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:
оқыту процесін мұғалімнің басқарушы ықпалына бағындыру;
дайындалған және дайындалмаған оқушылардың оқу жұмысына белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
оқу материалын меңгеру процесіне үздіксіз бақылау жасау.
Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ХХ ғасырдың басында көптеген ғалымдар мен психологтардың оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру үшін оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу қажеттігі туралы айтқан көрегендігін атап өту керек. Бұл мәселе қазіргі уақытта да өзекті болып отыр. Проблемалық және дамытушылық оқытудың мақсаттарын іске асыруда оқушыларды жинақтауға, олардың ой-өрісінің дербестігін дамытуға, оқу материалында бастысын бөліп көрсетуді үйретуге, тілді дамытуға және т.б. жетелейтін белсенді әдістер жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, мектепте оқытуда белсенді әдістерді қолдану жоғары білікті мамандарды дайындау үшін қажетті шарт болып табылады және оң нәтижелерге әкеледі: олар оқушыларды белсенді оқу-танымдық қызметке тарту арқылы олардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқу ақпараты оқушылардың жеке біліміне ауысады.
Оқытудың белсенді әдістерінің мәні мен жіктелуі.
Белсенді оқыту әдісі - бұл әдіс оқытушы мен білім алушының тығыз қарым- қатынасының көрінісі. Оқытушы тек түсіндіріп қана өтпей, білім алушылардан жауап алады, тақырыпқа деген өзіндік ойын, пікірін алмасып отырады. Білім алушы тек тыңдап отырып қана қоймай, белсенді қатысушы әрекетін атқарады. Бұл мұғалім мен білім алушының тең дәрежеде, тең құқықта әрекет ете алатындығын көрсетеді. Пассивті оқыту әдістерінде мұғалім ғана рөл ойнап, қарым-қатынастың авторитарлық стильі көрсетілсе, ал белсенді оқыту әдістерінде демократиялық стиль басымдық танытады. Бұл әдістің мәні - педагог пен студенттердің өзара іс-қимылының сипаты өзгереді. Оқытушы әлі де басты, жалғыз ақпарат көзі және сарапшы болып қала береді, бірақ студенттер пассивті тыңдаушылар болып табылмайды. Олар сұрақтар қойып, қажетті ережелерді түсіндіре алады, өз шешімдерін ұсына алады. Бұл жағдайда оқу-тәрбие процесін оқытушы толық алдын ала дайындамайды, себебі сабақтың қатаң құрылымы жоқ, талқылау үшін қосымша тақырыптар болуы мүмкін. Тақырыптар мен проблемаларды қалыптастыру бірлескен талқылау барысында де орын алады. Сонымен қатар, белсенді әдістердегі педагогтың рөлі маңызды болып табылады, онсыз сабақты одан әрі өткізу мүмкін емес. Оқу үрдісіндегі іске асыру түрлері: қатар, нұсқалар және топтар арасындағы жарыс, пікірталастардың кез келген түрлері, әр түрлі әңгімелер, баламалы шешімдерді талқылау және т. б.
Белсенді және интербелсенді әдістерді ұйымдастыруында, қолданылуында өзіндік ерекшелік бар. Белсенді әдіс алғашында пайда болды, оған әдістің қарапайым түрлері кірді. Ол белгілі оқу құралымен, яғни оқулықпен іске, жүзеге асырылады. Бұл жерде оқу құралдары тар және кең мағынада қолданылуы мүмкін. Оқу құралдары, бұл оқулықтар, көрнекі құралдар, көрсетпе жабдық және тағы басқа техникалық саймандар болуы мүмкін, ал кең мағынада оқу материалын игеру барысындағы кез келген көмектесетін кез-келген көмекші жағдаятты айта аламыз.
А.М.Смолкин ұсынған белсенді оқыту әдістерінің жіктелуін қарастырайық. Ол белсенді оқытудың имитациялық әдістерін, яғни оқу-танымдық қызметі кәсіби қызметтің имитациясына құрылған сабақтарды өткізу түрлерін ажыратады. Барлық қалғандары имитациялық емес тәсілдер, яғни бұлардың барлығы дәріс сабақтарындағы танымдық іс-әрекетті белсендірудің тәсілдеріне жатады. (Қосымша 1)
Имитациялық тәсілдер ойынды және ойынды емес болып бөлінеді. Ойындық тәсілге іскерлік ойындар, ойындық жобалау және т. б. өткізу жатады, ал ойын емес түріне - нақты жағдайларды талдау, ситуациялық есептерді шешу және т. б. жатады. [12]
Оқытудың белсенді әдістері
Имитациялық емес
Имитациялық
ойынды
Ойынды емес
Іскер ойын;
педагогикалық
Ұжымдық
Ойшыл
Іс-әрекет;
Іздеу зертханалық дента; оқу пікірталасы, әдебиеттермен өз бетінше жұмыс;
жағдайлар;
педагогикалық тапсырмалар;
әр түрлі қызметті инициациялау жағдайы
ТРИЗ жұмыс;
1 кесте - оқытудың белсенді әдстерінің жіктемесі.
Берілген жіктемені нобаймен төмендегідей көрсетуге болады:
1 кезең - білімді бастапқы меңгеру. Бұл проблемалық дәріс, эвристикалық әңгімелесу, оқу пікірталасы және т.б. болуы мүмкін.
2 кезең - білім бақылауы (бекіту), ұжымдық ойшылдық іс-әрекет, тестілеу және т.б. әдістер қолданылуы мүмкін,
3 кезең - білім негізінде кәсіби шеберлікті, дағдыларды қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту, модельденген оқыту, ойын және ойын емес әдістер қолданылуы мүмкін.
Белгілі болғандай, дидактикада оқыту әдістерінің жіктелуіне әртүрлі көзқарастар орын алады. Ерекше белгі ретінде тыңдаушылардың белсенділігін арттыру дәрежесі немесе оқу-танымдық қызметінің сипаты қолданылады. Келесі белгілер негізіне қаланған жіктемелер ажыратылады:
танымдылық көздері (вербалдық, көрнекілік, практикалық оқыту әдістері);
логика әдісі (аналитико-синтетикалық,индуктивтік , дидуктивтік оқыту әдістері);
оқыту түрі (түсіндірушілік-иллюстрациялық,проб лемалық-дамытушылық оқыту әдістері);
жоғарғы сынып оқушыларының дербес танымдық деңгейі (репродуктивтік, өнімділік, эвристикалық оқыту әдістері);
проблемалық деңгей (оқытудың көрнекілік, монологиялық, диалогтік, эвристикалық, зерттеушілік, алгоритмдік, бағдарламалық әдістері);
дидактикалық мақсаттар мен функциялар (ынталандыру, ұйымдастыру және бақылау әдістері);
мұғалімнің қызметінің түрі (дербес оқу қызметін мазмұндау және ұйымдастыру әдісі) және т.б.
Оқыту әдістерін жіктеудің әр түрлілігіне қарамастан, олардың әрқайсысы оқыту процесін ұйымдастырудың белгілі бір жағдайларында, белгілі дидактикалық функцияларды орындау кезінде неғұрлым тиімді болады. [3]
Оқытудың белсенді әдістерінің жіктемесін құрастыруға Ю.С.Арутюнов, М.М.Бирштейн, Н.В.Бурков, А.А.Вербицкий, С.Р.Гидрович, Р.Ф.Жуков, В.М.Ефимов, Л.Н.Иваненко, В.Ф. Комаров, А.Л.Лившиц, В.И.Маршев, Ю.М.Порховник, В.И.Рыбальский, Т.П.Тимофеевский және басқалары айтарлықтай үлес қосты.
Қандай да бір әдістерді қолдану өзіндік мақсат емес. Сондықтан мұғалім үшін кез келген жіктеме оған тиісті оқыту әдісін мақсатты түрде таңдауға немесе нақты дидактикалық міндеттерді шешу үшін олардың үйлесімін жүзеге асыруға көмектесетін шамада практикалық мәні бар. Сондықтан аталған жіктеме оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қарастыруды ұсынады.
Сонымен қатар, оқытудың белсенді әдістерінің көпшілігінің оқу процесінде көпфункционалды маңызы бар екенін атап өткен жөн. Мысалы, нақты жағдайды талдауды үш дидактикалық міндеттерді шешу үшін қолдануға болады: жаңа білімді бекіту (дәріс кезінде алынған); алған кәсіби біліктерді жетілдіру; білім мен тәжірибе алмасуды жандандыру.
Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқытудың белсенді әдістерінің мәні оқушылардың міндеттерді шешу процесінде іскерліктер мен дағдыларды өз бетінше игеруін орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Оқытудың белсенді әдістерін көрсету және дамыту оқу алдында оқушылардың білім мен дағдыларды меңгеруін ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту, туындаған мәселеге жеке көзқарасты қалыптастыруды қамтамасыз ету міндетін де қою болып табылады.
Енді әдіс, оқыту түрі, оқыту, оқушылардың белсенділігі және оқытудың белсенді әдістері сияқты негізгі ұғымдарды қарастырайық.
П. В. Басова әдіс ұғымының 200-ден астам анықтамалары бар екенін атап көрсетеді.[4] Грек тілінен аударғанда әдіс сөзінің өзі зерттеу, әдіс, мақсатқа жету жолы ұғымын білдіреді. Мысалы, философиялық сөздікте: әдіс - жалпы мағынада - мақсатқа жету тәсілі, белгілі бір түрде реттелген қызмет деп көрсетіледі. [8]
Герберт Нойнер және Ю. К. Бабанский оқыту әдісі ретінде мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету тәсілдерінің кезектесуі, оқу материалдарын өңдеу арқылы мақсаттар деп түсінеді.
А.М.Смолкин төмендегідей анықтама береді:
Оқытудың белсенді әдістері - бұл тек мұғалім ғана емес, жоғары сынып оқушылары да белсенді болған кезде материалды меңгеру үдерісінде белсенді ойлау және практикалық қызметке итермелейтін оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсендіру тәсілдері. [30]
Оқытудың белсенді әдістері мұғалімнің дайын білімді баяндауына емес, жоғары сынып оқушыларының белсенді танымдық іс-әрекет процесінде өз бетінше білім алуына бағытталған әдістердің жүйесін қолдануды көздейді.
Осылайша, оқытудың белсенді әдістері-бұл іс-әрекетке оқыту. Мысалға, Л.С.Выготский мынадай заң қалыптастырды, оқу - дамуға әкеледі, себебі тұлға іс-әрекет процесінде дамиды. Мұғалім бағыттаған белсенді қызметте оқушылар қажетті білімді, іскерлікті, оның құралдарын меңгереді. Нәтижесінде оқушының мақсаты және оның іс- әрекеті қолда бар құралдармен пайда болады. [7]
Жоғарыда айтылғандардан әдіс - оқытудың белгілі бір мақсатына жетуге бағытталған оқыту әдістері мен формаларының үйлесімі деп қорытынды жасауға болады. Осылайша, әдіс оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың тәсілі мен сипатын қамтиды.
Оқыту - тарихи өзгермелі процесс. Ол ең алдымен өндіріс деңгейіне және өндірістік қатынастарға байланысты, қоғамның қажеттіліктеріне, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларға, қоғамның рухани байлығына, оның мәдени дәстүрлеріне және білім деңгейіне байланысты өзгереді.
Оқыту - бұл мақсатты, алдын ала жобаланған қарым-қатынас , оның барысында адамзат тәжірибесінің, іс- әрекет пен танымның жеке тараптары жүзеге асырылады. Оқыту жеке тұлғаны қалыптастырудың және бірінші кезекте ақыл-ой дамуы мен жалпы білім берудің маңызды құралы болып табылады. Оқыту үдерісі білім, білік, дағды, шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. [3]
Танымдық белсенділік - бұл өз бетінше ойлауға, тапсырманы (проблеманы) шешуге өз көзқарасын табуға, өз бетінше білім алуға, басқаларды пайымдауға сыни көзқарасты қалыптастыруға және өз пікірлерінің тәуелсіздігін қалыптастыруға ұмтылу. Егер осыған қажетті жағдай болмаса, оқушылардың белсенділігі жоғалады. Осылайша, оқушыларды оқу процесі барысында белсенді оқу-танымдық қызметке тікелей тарту, оқытудың белсенді әдістері деген жалпылама атауды алған әдістер мен тәсілдерді қолданумен байланысты.
Білім алушылардың белсенділігі - бұл олардың қарқынды қызметі және оқыту процесінде практикалық дайындығы және білімді, қалыптасқан дағдылар мен іскерлікті қолдануы. Оқытудағы белсенділік білімді, шеберлікті және дағдыларды саналы меңгерудің шарты болып табылады. [3]
Белсенді әдістердің негізінде мұғалім мен оқушылар арасында , сондай-ақ оқушылардың өздері арасында диалогтық қарым-қатынас жатыр. Ал диалог барысында коммуникативтік қабілеттер, мәселелерді ұжымдық түрде шеше білу дамиды, ең бастысы оқушылардың сөйлей білуі, тілі дамиды. Оқытудың белсенді әдістері оқушыларды өз бетінше танымдық іс-әрекетке тартуға, қандай да бір танымдық міндеттерді шешуге жеке қызығушылығын тудыруға, оқушылардың алған білімдерін қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Белсенді әдістердің мақсаты білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгеруде барлық психикалық үдерістердің (сөйлеу, есте сақтау , қиялдау және т.б .) қатысуы болып табылады.
Мұғалім өзінің кәсіби қызметінде сабақ алдында қойған дидактикалық міндеттерді жүзеге асыруға барынша толық көмектесетін әдістердің жіктелуі мен тобын пайдаланады. Оқытудың белсенді әдістері оқушыларды оқу-танымдық қызметке тартудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Белсенді әдістер: проблемалық дәріс, проблемалық семинарлар, дисскусия, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, конференциялар және тағы басқа түрлері бар. Белсенді оқыту әдістері өз жіктемесінде жартылай кәсіби іс-әрекетті жоспарлайтын, іскерлік, білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Белсенді әдістің ерекшеліктері: білімді меңгерудегі саналы ойлау іс- әрекеті, дәлелділік дәреженің көрсетілуі, таным процесінің нәтижесі 7 сезім мен ақыл-ойды береді, таным процесі нәтижесінде жетекшілік етуде іскерлікті дамыту, шығармашылықтың жоғары деңгейде дамуына әрекет ету. Белсенді және интербелсенді әдістердің өзара ұқсастығы мен теңдігіне қарамастан олардың айырмашылығы бар. Интербелсенді әдістерді оқытудың заманауи оқыту әдісі деп қарастырсақ болады. Интербелсенді әдіс. Интербелсенді (inter- бұл бірігу, бірге, aсt- әрекет ету)- яғни бірлесе жұмыс жасауды, тығыз қарым- қатынаста болуды білдіреді, яғни бұл жерде тек оқытушы мен білім алушы ғана емес, білім алушылардың бір-бірімен жұмыс жасауы көзделген. Сонымен интербелсенді оқыту әдісі- үйренушілер мен үйретушілердің арасындағы оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі [3]. Интербелсенді әдісті қолданған кезде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол реттейді және оқу - тәрбие процесімен айналысады, жалпы бағытты анықтайды (алдын ала қажетті тапсырмаларды дайындайды және топтарда талқылау үшін сұрақтар мен тақырыптарды құрастырады), белгіленген жұмыс жоспарын орындау уақыты мен тәртібін бақылайды, кеңес береді, күрделі терминдерді түсіндіреді және күрделі қиындықтар болған жағдайда көмектеседі. Бұл ретте білім алушыларда қосымша ақпарат көздері: кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар, заң жинақтары, компьютерлік іздестіру бағдарламалары пайда болады. Олар сондай - ақ әлеуметтік тәжірибеге- жеке және өз серіктестеріне жүгінеді, бұл ретте бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу, қойылған міндеттерді бірлесіп шешу, жанжалдарды еңсеру, жанасудың ортақ нүктелерін табу, қажет болған жағдайда ымыраға келу қажет. Бұл ретте топтың жұмысына оның барлық мүшелерінің қатысуы, бастаманы басу немесе бір немесе бірнеше көшбасшыларға жауапкершілік жүктеу болмауы маңызды. Сондай- ақ интербелсенді әдістер үшін топтардың тапсырмалары арасында өзара байланыс болуы, ал олардың жұмыстарының нәтижелері бірбірін толықтыруы маңызды. "Интербелсенді оқыту" - қолданысқа енгізілген жаңа ұғымдардың бірі болып келеді. Термин алғашында 1990 жылы педагогика әлемінде пайда бола бастаған. Бұған байланысты әртүрлі нұсқалар бар. Интернеттің дамуымен бұл терминді көп ғалымдар өз зерттеулерінде байланыстрып жүр. Интербелсенді оқыту әдісі басқада жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен тығыз байланысты, неге десек, онлайн сабақтар, қашықтықтан білім алу әдістері бұл жаңа әдістің пайда болуына негіз жасады дейді, кей ғалымдар. XX ғасыр екінші жарты жылдығында интербелсенді оқыту терминінің негізі бастау алған. 1950-1960 жылдары интербелсенді әдіс гуманистік психология концепциясында өз нұсқасы көрсетілген. Бірақ ғалымдардың айтуынша 1930 жылы француз ғалымы Рег Реванс "белсенді оқыту" терминін енгізді делінген [2]. 1975 жылы ағылшын ғалымы Ганс Фриц "Интерактивті педагогика" ұғымын енгізіп, оның педагогикалық процесстердің ішіндегі іс-қимылдың негізі екенін көрсетті. 8 Кеңестік дәуір оқытушылары 1980 жылдан бастап топтық диалог нысанын тәжірибе жүзінде игеріп, интербелсенді оқыту әдісіне қолдана бастаған. 1980 жылдардың соңында бірқатар авторлар, оның ішінде В.А Гузеев, М.В. Кларин, Е.С Полат, В.А Сластенин оқытудың әдістерін "Пассивті әдіс"(дәстүрлі әдіс) және "Активті әдіс", сондай-ақ "Интербелсенді оқыту" деп бөлді. Жаһандық Word Wide Web (1991) және бірінші веб-шолғыш (1994) құрылды. Осы сәттенбастап білім беру саласында "Интербелсенді оқыту" әдісі қарқынды даму барысында болды. Ал қазіргі кезде интербелсенді оқыту әдісінің қолданылуы аясы өте ауқымды. Кез-келген білім бер саласында оң нәтижеге жету үшін түрлі тәжрибелік жұмыстар атқарылып келеді[4]. Интербелсенді әдістер топтық және жеке болып бөлінеді. Топ арасында дискуссия, ойын, тренинг- әдіс бойынша бөлінеді. Ал, енді интербелсенді оқыту әдістерінің жалпы түрлерін айтар болсам, олар: "ақылдың алты қалпағы", "сұрақтар шеңбері", "жұдырық- алақан", "Блум таксономиясы", "айналмалы бекеттер", "стикердегі диалог", "еркін әңгіме", "алтын балыққа арналған аквариум", "Джигсо", "елшілер", "балалар философиясы", "шеңберге жиналу уақыты", "Екі жұлдыз, бір тілек", "Бинго", "Басқа адамдардың пікірлер", "Құпия", "Пазл", "Ыстық орындық" және тағы басқа түрлері бар.
Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:
-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға
бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, миға шабуыл, оқу пікірталасы, кейс-стади, өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсыдаярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды.
Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі. Екіншіден, студенттердің аяқастынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аударуы сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды.Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.
Жұптасқан дәріс әдісі - бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диaлогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық:
-бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қай шылықтары бар тақырыпты таңдап алу;
-дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.);
-оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.
Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу. Әдістің өз артықшылығы мен кемшілігі бар, соларды қарастырайық.
Әдістің артықшылығы:
-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;
-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;
-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.
Әдістің кемшілігі:
-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді [2].
Пікірталас әдісі - оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі-танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz