Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу


Ф. 7. 34-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасы
Мамандығы Құқықтану 5В030100
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
Азаматтық құқық және
азаматтық іс жүргізу
з. ғ. к. Рахметова Г. Р. _
« 29 » _12___ _2021__ ж
Т А П С Ы Р М А №
дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
Студент Амантай Бексұлтан Серікбайұлы ЮМ-18-1к3 тобы
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы «Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері»
Университет бойынша __ 29 ___ 12 2021 ж № 497с бұйрығымен бекітілген
Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі _ 22. 04. 2022
Жұмысты орындауға берілген мәліметтер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Экология кодексі 2021 жылғы 2 қаңтар № 400-VI- ҚPЗ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 2014 жылғы 5 шілде № 235-V- ҚPЗ.
Дипломдық жұмысты орындауға қатысты сұрақтар:
1Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздік мәні және жалпы қажеттілік сипаттамасы.
2Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу бойынша заңнаманы жетілдіру мен олардың тиімділігін арттыру мәселелесі.
3Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін туындайтын жауапкершілік мәселелері.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
р/с
25. 01. 2022-
14. 02. 2022
15. 02. 2022-
15. 03. 2022
16. 03. 2022-
08. 04. 2022
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
1 Д. Ж. Жумагажинов., Г. Б. Ахмеджанова., Экологическое право РК//Учебно-методическое пособие. Павлодар 2008г. с103.
2 Культелеев С. Т. Экологическое право Республики Казахстан// Учебник-Алмата 2007. С284.
3Стамкулова Г. А. Правовые основы охраны, воспроизводства и использования нелесного растительного мира в РК. А., 2001.
4Сулейменова С. Ж. Правовая охрана вод от антропогенного воздействия. А., 2001
Тапсырманың берілген күні 04 __ 01 2 022 ж.
Тапсырманың аяқталу күні ___ 22 04 2022 ж.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі Орынтаев Ж. Қ.
Тапсырма орындауға алған студент Амантай Б. С.
АННОТАЦИЯ
«Методы правового регулирования возмещения экологического вреда и вопросы повышения их эффективности»
Амантай Б. С.
Научный руководитель-Орынтаев Ж. Қ.
Год:2022
Объем -51
Объект дипломной работы и методы исследования. Объект исследования выступает система общественных отношений, связанных с правовое регулирования возмещения экологического вреда и вопросы повышения их эффективности.
Целью исследования является является комплексное изучение теоретических и практических проблем правового регулирования и правоприменительной практики по вопросам реализации мер гражданско-правовой ответственности за негативное воздействие на объекты окружающей природной среды, как объекты гражданского права, повлекшее нарушение экологических норм и причинение вреда гражданам и организациям.
ANNOTATION
«Methods of legal regulation of compensation for environmental damage and issues of increasing their effectiveness»
Amantai B. S.
Scientific adviser - Oryntaev Zh. K.
Year:2022
Volume -51
The object of the thesis and research methods. The object of the study is the system of public relations related to the legal regulation of compensation for environmental damage and issues of increasing their effectiveness.
The aim of the study is a comprehensive study of theoretical and practical problems of legal regulation and law enforcement practice on the implementation of measures of civil liability for the negative impact on environmental objects, as objects of civil law, resulting in violation of environmental standards and causing harm to citizens and organizations.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘНІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚАЖЕТТІЛІК СИПАТТАМАСЫ . . . 8
1. 1Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық аспектілері . . . 8
1. 2 Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері . . . 13
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 28
2. 1. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңдарды жетілдіру мәселелері . . . 28
2. 2 Қазақстандағы экологиялық мәселелердің қазіргі жағдайы және шешу жолдары . . . 34
3 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ТУЫНДАЙТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
КІРІСПЕ
Ғылыми мәселені бағалаудың қазіргі жағдайы. Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және калыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдарда елімізде болып жатқан түбегейлі әлеуметтік-саяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік мәселесін, оның ішінде экологиялық қауіпсіздік аспектілерін жаңа ғылыми көзқарастар тұрғысынан қарастыруды уақыт талабынан туындайтын өмірлік маңызды мәселе қатарына шығарып отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңында ұлттық қауіпсіздік, адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi ретінде анықталады [1] .
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады деп берілген [2] .
Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексі бойынша экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай- күйi [3] .
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі болып отыр. Аталмыш мәселенің пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХVІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр
Диплом жұмысының негізгі мақсаты. Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді. Бұл жұмыстың мақсаты бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселелерін талдау және заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ғылыми негізді ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет. Алға қойылған осы мақсаттар келесі міндеттерді жүктейді:
- заңнама базасын жетілдіру;
- қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік басқармасының
- институционалдық негізін құру;
- мемлекеттік, өндірістік, және қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру;
- қоршаған ортаның мониторинг жүйесін дамыту;
- табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету;
- экономикалық тетіктерді жетілдіру;
- әлеуметтік әріптестік тетіктерін дамыту;
- экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру;
- халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстан Республикасының Конституциясының негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы. Бұл жұмыста Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу үшін қолданатын заңдарға талдау жасап, қоршаған ортаны экологиялық ластанудан қорғауға байланысты, құзыретті органдар қабылдаған нормативтік актілерді қарастырады. Сонымен қатар қоршаған орта ұғымы, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген зиян, қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғаудың түсінігі кеңінен ашылып, оның негізгі айырымдылық белгілері көрсетіледі. Сонымен бірге бұл бағыттағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, басқару органдарының қызметі, жүйесі ашылып көрсетіледі. Тәжірибелік маңыздылығы сонда, жұмыстағы идеялар, қорытынды мен ұсыныстар қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың құқықтық негіздерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады, оның теориялық қорын кеңейтеді. Бұл қоршаған ортаны ластанудан қорғауға, одан келген материалдық залалды өтеуге, сауықтыруға байланысты мәселелерді шешу барысында негізгі материалдар бола алады. Алынған нәтижелер ұйымдастырушылық құрылымдар мен нормативтік қорды жетілдіру мәселесін шешу барысында тиісті органдардың пайдалануына болады. Жұмыста қарастырылған ғылыми жұмыстың талдау қорытындысы жоғарғы оқу орындарындағы экологиялық-құқықтық пәндерді оқыту және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың және келтірілген залалды өтеудің құқықтық мәселесін одан әрі зерттеу барысында пайдаланылуы мүмкін.
Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Заңгер-эколог ғалымдар соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелерінің кейбір аспектілерін зерттеді. Ол ғалымдар Әбдірайымов Б. Ж., Бектұрғанов Ә. Е., Байсалов С., Байдельдинов Д. Л., Еренов А. Е., Мұхитдинов Н. Б., Сахипов М. С., Насырова Л. Р., Тукеев А. Ж., Мороз С. П., Стамқұлұлы Ә., Сүлейменов М. К., Әбдірайымов Б. Ж., Хаджиев А. Қ., Қосанов Ж. Х., Еркінбаева Л. Қ,, Қуандықов Қ. Ж. еңбектерінің маңызы зор. Осы теориялық еңбектердің қорытындысының негізінде алғаш рет Қазақстанда нақты қоғамдық қатынастардың көрінісі бейнеленген, әрі сол қатынастарды өркениетті деңгейде реттеуге қабілетті заңдар мен нормативтік -құқықтық актілер қабылданды .
Дипломдық жұмыс объектісі және зерттеу әдістері. Бұл жұмыстың объектісі - қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге байланысты туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады және оларды шешу шаралары жұмыстың пәнін құрайды.Жұмыста танымның жалпы ғылымдық әдістері және салыстырмалы-құқықтық талдау, функционалды-құрылымдық талдау, жүйелі және тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми әдістер және т. б. қолданылған. Aлғa қойылғaн мaқcaттaрғa жету үшін жүйелік әдіcтер қолдaнылумен қaттaр оcы caлaны реттейтін нормaлaрды қиcынды-зaңгерлік тaлдaу жолы қолдaнылды.
Тұжырымдалған нәтижелер: Бұл жұмысты қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің құқықтық негіздерінің теориялық мәселелеріне талдау жасап, оны қалыптастыру, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін арттырудың негіздерін ашу болып табылады. Зерттеу базасын қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің құқықтық негізі болатын Қазақстан Республикасының нормативтік актілері, салыстырмалы түрдегі кейбір шет мемлекеттердің нормативтік актілері, халықаралық шарттар мен келісімдер құрайды. Сонымен бірге зерттеу жұмысын жүргізу барысында заңгер-ғалымдардың, құқық теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар назарға алынды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘНІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚАЖЕТТІЛІК СИПАТТАМАСЫ
1. 1Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық аспектілері
Соңғы жылдарда елімізде болып жатқан түбегейлі әлеуметтік-саяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік мәселесін, оның ішінде экологиялық қауіпсіздік аспектілерін жаңа ғылыми көзқарастар тұрғысынан қарастыруды уақыт талабынан туындайтын өмірлік маңызды мәселе қатарына шығарып отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңында ұлттық қауіпсіздік, адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi ретінде анықталады.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады деп берілген.
Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексі бойынша экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай- күйi [3] .
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі болып отыр. Аталмыш мәселенің пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХVІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр.
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөліктерінің ішінде, экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше орын алады. Ол бірқатар объективті себептерге байланысты:
Біріншіден, экологиялық қауіпсіздік адамзаттың өмірлік маңызды қажеттілігі- қоршаған ортаны қорғаумен тығыз байланысты.
Екіншіден, экология мәселелерін шешу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да мәселелерін шешуінің маңызды шарты.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы экологиялық ахуал, экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар экологиялық қауіпсіздікті мемлекет дамуының маңызды мәселесіне айналдырып отыр.
Экологиялық қауіпсіздікті ғылыми тұрғыдан нақтылау қажеттілігіне байланысты көптеген ғалымдардың назары осы мәселеге аударылып отыр. Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде әлі күнге дейін осы ұғым төңірегінде әр алуан тұжырымдамалар қалыптасқан. Біріншілері экологиялық қауіпсіздікті адамзат, қоғам және қоршаған ортаның антропогенді факторлардың және табиғи апаттардың зиянды ықпалынан қорғану жағдайы деп түсіндірсе, екіншілері экологиялық қауіпсіздікті қоршаған ортаны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады, үшінші топтағы ғалымдар бұл мәселені табиғи қорларды тиімді пайдалану қатарына да жатқызады.
Б. Прохоров экологиялық қауіпсіздік түсінігін халықтың өміріне және қоршаған ортаның сапасына, табиғи және антропогенді факторлардың кері әсерлерін болдырмау бойынша ғылыми негізделген жағдайы деп түсіндіреді.
А. С. Тимошенко «экологиялық қауіпсіздік - бұл қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің эволюциясының нәтижесі» деп қарастырады. Автордың көзқарасынан, бір-бірін толықтырып, әрі анықтайтын «қоршаған ортаны қорғау» және «экологиялық қауіпсіздік» түсініктерін етене жақын қарастыратындығы байқалады.
М. М. Бринчук пікірі бойынша «экологиялық қауіпсіздік - бұл қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаты және осыған сәйкес қоршаған ортаға зиянды ықпалды қарастыратын барлық іс-әрекеттер заңнамада қарастырылып, тәжірибеде іске асырылып отырған құқықтық немесе басқа да табиғатты қорғау шаралары экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан бағалануы қажет. Осы көзқарасқа сәйкес «экологиялық қауіпсіздік» түсінігі «қоршаған ортаны қорғау» түсінігіне кіреді және оның негізгі бөлігі, негізгі қағидаты болып табылады.
А. И. Лагунова бойынша «қоршаған ортаны қорғау» және «экологиялық қауіпсіздік» санаттары тығыз байланыста және кейбір жағдайларда толық сәйкестікте болғанымен, олардың біртектілігі туралы пікір қалыптастыру дұрыс емес, өйткені олардың анықтамасында елеулі айырмашылықтар бар. «Табиғатты қорғау» - табиғи қорларды және объектілерді болашақ ұрпаққа тиісті жағдайда қалдыру үшін қорғау және сақтау болып табылады. Ал экологиялық қауіпсіздікті А. И. Лагунова «табиғи объектілерді қасақана әрекеттерден, қауіптерден қорғауға бағытталған қорғаныс жағдайы, ол табиғатты өрескел әрекеттерден қорғау үшін қорғаныс жүйесін құруды білдіреді», деп түсіндіреді.
Н. Ф. Раймерс экологиялық қауіпсіздікті екі түрлі мағынада қарастырады:
- табиғи ортаға, адамзатқа қауіп қатерлерден қорғайтын іс-әрекеттер, жағдайлар және процестер жиынтығы;
- жер шарының барлық аймақтарындағы экологиялық тепе -теңдікті қамтамасыз етуші жағдайлар, құбылыстар және іс- әрекеттер кешені.
Экологиялық қауiпсiздiк - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытындағы Мемлекеттiк саясаттың мақсаты - табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа залал тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік ішкі және сыртқы болып бөліне отыра, үш негізгі түсініктерге сүйенеді: «экологиялық мүдделер», «экологиялық қауіптер», «экологиялық қорғау».
Экологиялық мүдделер - қоғамның табиғатпен үйлесімде болып, таза ауамен демалып, таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі және еліміздің табиғи қорларын тиімді пайдалану. Жалпы экономиканы, заңдар мен қоғамды жаппай экологиялық мүддеге жұмыс істетудің маңызы зор. Мұның ішінде экологиялық сақтандыру жөніндегі жаңа заң жобасын қарастыру маңызды.
Экологиялық қауіптер - мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне зақым келтіру, сонымен қатар Қазақстанның мүдделеріне қарсы стратегиялық ресурстарды қолдану, инвестициялық белсенділікке кедергі келтіру, Қазақстанның сыртына бақылауға алынбаған капиталдың шығарылымы. Сонымен қатар экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы, табиғи апаттар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, iндеттер мен жануарлар iндеттерi.
Экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй. Ал экологиялық қорғау қоршаған ортаны қорғау бойынша адамзаттың, халықаралық қауымдастықтың және мемлекеттің жүргізетін кешенді іс- шаралары.
Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанда жаңа реформалар, әлеуметтік-қоғамдық өзгерістер болды. Кеңестік тәжірибеге сүйене отырып, жаңа экономикалық жағдайда Қазақстанда әлеуметтік- экологиялық жағдайдың қалыптасу тарихы, еліміздің әлеуметтік жағдайы мен ахуалы, халықаралық ынтымақтастықтың маңызы мен мәні, «Жаңа экологиялық саясаттағы» ақтаңдақтар мен қателіктердің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау
мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz