Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 1
1 Тарау. Дүние жүзінің отын-энергетикалық кешені . . .
2 Тарау. Отын-энергетика кешенінің табиғи-ресурстық потенциалы . . .
3 Тарау Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің құрлымдық бөліктері . . .
3. 1 Көмір өнеркәсібі . . .
3. 2 Мұнай және газ өнеркәсібі . . .
3. 3 Электрэнергетика . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Отын-энергетикалық кешен отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді. Оның негізгі міндеті халықты, шаруашылықтың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару. Отын-энергетикалық кешені отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.
Отын-энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылық жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Қазақстанның Отын-энергетикалық кешен жоғары өсу қарқыны, күрделі жұмсалымға тартымдылығы, басқа салааралық кешендермен тығыз байланысы ерекшелендіреді. Оның үлесіне барлық өнеркәсіп жұмыс-шыларының 20%-ы және күрделі жұмсалымның 2/3 бөлігі тиеді. Отын-энергетика кешені - металлургия өнімдерінің ірі тұтынушысы. Оның тапсырыстарын ірі машина жасау зауыттары орындайды. Отын темір жолмен тасымалданатын жүктің жартысынан көбін және су көлігі жүктерінің 9/10 бөлігін құрайды.
Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор: энергетикалық көздер өндірісті «тартып», қалалар мен кенттердің өсуіне серпін береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ел экономикасының маңызды бөлігі - отын-энергетикалық кешенінде жүзеге асқан және болып жатқан құрлымдық өзгерістерді анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Бірінші Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін қалыптастырушы факторы болып табылатын - еліміздің табиғи-ресурстық потенциалын қарастыру.
Екінші еліміздің отын-энергетика кешенінің құрастырушы өнеркәсіп салаларындағы өзгерістерді анықтау және отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайын көрсету.
1-Тарау. Дүние жүзінің отын-энергетикалық кешені
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі - отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.
Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл - қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т. б. ) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
Мұнай және газ өнеркәсібі
Мұнай өнеркәсібі - дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады. Мұнай өнеркәсібі - күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты - осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3, 5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі.
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы - 54, 6 т) . Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70, 7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4, 36 т болды.
Мұнай - аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған.
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.
Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3, 5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен) : Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95) . Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді.
Кесте 1
Сурет 1
Дүние жүзіндегі басты мұнай өндіретін елдер, 2008 ж(млн т)
Кесте 2
Сурет 2
Мұнай экспорттаушы алғашқы он ел(млрд баррелей 2006 ж)
Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3) : Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50) . Қазақстан газ қорының көлемі (1, 4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 - 45 орындарда.
Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайтқыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд м 3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі (40-сызбанұскаға қараңдар) . Қазақстанда 2008 жылы 32, 9 млрд м 3 табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м 3 -ден келеді.
Сурет 3
Дүние жүзіндегі жетекші газ өндіруші елдер, пайызбен
Сурет 4
Ірі газ өндіретін елдер (млрд /м³)
Сурет 5
Десятка стран - лидеров по добыче природного газа в 2009 г., млрд куб. м
Көмір өнеркәсібі
Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50-60-жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарына енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.
Кесте 3
Кесте 4
Сурет 6
Дүние жүзі бойынша көмір өндіру көлемі (мың тонна)
Энергетика
Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын өндіру үшін алуан түрлі минералды шикізат, су және атом энергиясы пайдаланылады. Минералды отынмен жұмыс істейтін жылу электрстансылары (ЖЭС) шикізат көздерінде және ірі тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы электр энергиясының өндірісіндегі үлесі - 63%.
Су электрстансылары (СЭС) дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 1/5-ін береді. Су энергиясы ресурстары, негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық игерілмей келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорынын 10%-ы, Африкада 5%-ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда AҚШ пен Ресей алдыңғы орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Норвегия басымдылық көрсетеді.
Атом электрстансыларының (АЭС) да маңызы артып келеді. Олар дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ын, Францияда 80%-ын береді. Соңғы кездері электр энергиясын сарқылмайтын балама энергия көздерінен (жел, гелио-, геотермалдық, толысу энергиясы) де алатын болды.
Электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді; соңғы 50 жылда оның көрсеткіші 14 есе артты. Оның басым бөлігі әлемдегі жетекші елдер үлесіне тиесілі болды.
Қазақстанда 2008 жылы 80, 3 млрд кВт/сағ, яғни жан басына шаққанда 4959 кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Елімізді бұл көрсеткіш бойынша басқа елдермен салыстырып көріңдер.
Сурет 7
Әлемдік электроэнергия өндірісінің құрылысы, 2003 жыл(%)
Кесте 5
Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру, 2006 жыл (кВт/сағ)
Сурет 8
Әлем энергетикалық балансының құрылысы (%) 2008 жыл
2-тарау. Отын-энергетика кешенінің табиғи-ресурстық потенциалы.
Белгілі бір территорияның табиғат жағдайы мен ресурстар жиынтығы оның табиғи-ресурстық потенциалын құрайды. Оның құрлымы сол аймақтың, ауданның, мемлекеттің әр түрлі табиғат жағдайлары мен ресурстарының арақатынасынан тұрады. Табиғи-ресурстық потенциал деп территорияның (ауданның, мемлекеттің, экономикалық зонаның) табиғи-ресурстық байлығының тұтас көлемінің құндық мөлшерін айтамыз.
Табиғи ортаның адамның өмір сүруі мен шаруашылықтың дамуына және орналасуына әсер етуін зерттеу экономикалык және элеуметтік географияның басты тақырыптарының бірі болып саналады.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сфераларының тарихи даму кезеңдерінде табиғи факторлардың әсерін ескермеу мүмкін емес. Көптеген елдердің әеуметтік-экономикалық дамуында, әсіресе алғашқы кезеңдерде пайдалы қазбалар, тиімді экономикалық-географиялык орын, табиғат жағдайлары зор роль аткарды. Қазақстанның табиғат ресурстары (әсіресе пайдалы қазбалары) өндіргіш күштердің дамуына, құрылымына, орналасуына және территориялық ұйымдастырылуына басты әсер етті. Өндірістің көптеген салаларының экономикалық тиімді дамуы мен орналасуы: отын-энергетикалық, минералдык-шикізат, агро-климаттық, биологиялық, рекреациялық жер және су т. б. ресурстарға сандық пен сапалық түрғыда баға беру, олардың техникалық, гидрогеологиялық, технологиялық ерекшеліктері, қорларының территориялық шоғырлануы мен орайлас орналасуы, өндіру мен өңдеу жағдайлары, тасымалдау мен экономикалық тұтыну ерекшеліктері және т. б. себептерге байланысты. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде табиғат факторы экономиканың дамуын тұрақтандыру мен потенциалын ұлғайтуда басты роль атқарады. Бұл үшін Қазакстан үкіметі минералдык шикізат ресурстарын тиімді және кешенді пайдалану бағдарламасын жасады. Мұнда елімізді экономикалық дағдарыстан алып шығу үшін тау-кен өнеркәсібінің базалық сала бола беретіні арнайы көрсетілген. Яғни бұл саланың дамуы тек қана шикізат өндірмей, құрылымдык өзгеріс аркылы, жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді өндіруді көздейді.
Табиғат ресурстары деп өндіріс күштерінің белгілі бір даму сатысында қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін материалдық өнімдерді өндіруге пайдаланатын табиғат денелері мен күштерін, нақты айтқанда, табиғат ресурстарының өндіріс құрал-жабдықтары мен тулынатын өнімдерге айналуын айтамыз. Қазақстан Республикасы жер койнауындағы пайдалы қазбалар байлығы бойынша дүние жүзі елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы орынды алады. Кеңес үкіметі кезеңінде Қазакстанның аграрлық-индустриалдық елге айналуы, одақтық территориялық еңбек бөлінісіндегі жетекші орын алуы, КСРО-ның маманданған ірі экономикалық ауданына айналуы көбінесе табиғат ресурстарына байланысты. Минералдық-шикізат ресурстарын өндіру мен өңдеу өнеркәсіп салаларының Қазақстан және оның экономикалық аудандары бойынша жалпы өнеркәсіптегі үлесі (XX ғасырдың 70-ші жж. (% есебімен) біршама екенін мына кестеден көруге болады.
Кесте 7. Қазақстан экономикалық аудандары бойынша тау-кен өнеркәсібінің үлесі, % есебімен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz