Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

«География» кафедрасы

Дипломдық жұмыс тақырыбы :

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына салыстырмалы кешенді географиялық сипаттама

Дайындаған: Шыңғысқызы Е

Тексерген : Құлманиева С. С.

Орал-2009

Жоспар :

Кіріспе

І. Бөлім Әкімшілік аймақтарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері

І-1. Әдебиеттерге шолу

І-2. Зерттеу әдістері

Негізгі бөлім

ІІ -Бөлім. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді

географиялық сипаттама

ІІ-1. Екі облысқа физткалық-географиялық сипаттама

1-А) Екі облыстың географиялық жағдайына сипаттама

1-Б) Екі облыстың геологиялық құрылымы мен тектоникалық

құрылымы

1-В) Екі облыстың жер бедері

1-Г) Екі облыстың пайдалы қазба байлықтары

1-Д) Екі облыстың климаты, жер беті, жер асты сулары

1-Е) Екі облыстың топырақ жамылғысы, жануарлар мен өсімдіктер

әлемі

1-Ж) Екі облыстың табиғат байлықтары оны тиімді пайдалану және

қорғау.

ІІ-2. Екі облысқа эконом-географиялық сипаттама.

2-А) Екі облыстың экономикалық- географиялық жағдайы

2-Б) Екі облыстың халқы

2-В) Екі облыстың өнеркәсіп кешендері

2-Г) Екі облыстың агроөнеркәсіп кешендері

2-Д) Екі облыстың көлік географиясы

2-Е) Екі облыстың сыртқы экономикалық байланыстары

2-Ж) Екі облыстың қоршаған ортасының экологиялық

проблемалары

ІІІ-Бөлім. Кешенді сипаттамадан анықталған ұқсастықтары мен

Айырмашылықтары.

Қорытынды.

І-Бөлім.

І-1. Дипломдық жұмысты орындау барысында мен 30-шақты арнаулы әдебиеттер мен көптеген көпшілік ақпараттар мәліметтерін қарастырдым. Сонда байқағаным бұл екі облыстың территориясын көптеген ғалымдар өте ертеден бері зерттеген:1-ден Батыс Қазақстан облысының географиялық зерттелу тарихының кезеңдеріне тоқталып өтетін болсақ, осы өлке туралы алғашқы географиялық мәліметтерді б. э. д. Ү-ғасырдың 40-30жылдарында жазылған ұлы грек ғалымы, әрі саяхатшы Геродоттың Геродоттың «Тарих» деген еңбегінен табамыз. Онда Каспий теңізі және оның солтүстігінде жатқан территориялар жөнінде біршама маағлұматтар берген. Мысалға:Геродоттың « . . . Каспийден солтүстік бағытқа қарай көз жеткісіз кең дала созылған, ол одан әрі таулы өлкелерге айналады, »-деген сипаттамасынан қазіргі Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт пен Орал таулары жайында айтылғанын көруге болады.

Ал біздің эрамыздың 90-168 жылдары өмір сүрген атақты грек ғалымы Клавдий Птоломейдің картасында қазіргі Жайық өзені «Даиск» деген атпен берілгені және оның Каспий теңізіне құйып жатқаны түсірілген. Бұл-Жайық өзенінің және Каспий маңы ойпатының территориясын картада кескіндеген тұнғыш географиялық еңбек болып табылады.

Батыс Қазақстан өңірінің алғашқы зерттеушілерінің қатарына Ресей Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі П. И. Рычковтың(1712-1777), «Орынбор губерниясының топографиясы»(1726ж) деген еңбегінде осы өлкеге толық географиялық сипаттама берген, сонымен қатар сол кезде Ресей Ғылым Академиясының «Географиялық департаментін»басқарып тұрған атақты орыс ғалымы М. В. Ломоносовтың жасаған жоспары бойынша Қазақстан территориясын арнайы зерттейтін академиялық экспедициялар ұйымдастырылып, осы өлкені зерттеуге бірнеше академиктер қатысқан:соның ішіндеС. Г. Гмелин, И. И. Лепехин және П. С. Палластардың еңбектері күні бүгінге дейін мәнін жойған жоқ. Осы өңірдің табиғаты жөнінде П. С. Палластың«Ресей империясының провинцияларына саяхат»(1773-1783) деген еңбегінен көптеген мәліметтер алуға болады, соның ішінде ол Жайық өзінің алабы туралы 400-беттік толық ландшафтық сипаттама жазған. И. И. Лепехин Жайық өзенінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне толық сипаттама берген.

Орыстың табиғаттану ғылымының үлкен қайраткері Н. А. Северцев Қазақстанға 7рет ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды. Соның ішінде осы өлкені зерттеген арнайы экспедициясында(1860-1862ж. ж) Жайық өзенінің су режиміне, оның ихтиофаунасына, «қызыл балықтың» өніп-өсу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Н. А. Северцев:«Жайық өзенін зоологиялық, географиялық және топографиялық жағынан қазақ даласынан бөліп алып қарауға болмайды», -деген тұжырымға келді.

1928-1929 жылдары көрнекті ғалымдар И. В. Ларин мен Е. А. Дрогоневская осы облыстың территориясына арнайы топографиялық, геологиялық және геоботаникалық зерттеулер жүргізді.

1928жылы атақты географ Л. С. Берг Шалқар көлінде балық аулау мәселесін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген болатын.

Облыстың топырақ жамылғысын және микрожер бедерін зерттеуге 1933-1941жылдары бірнеше ғалымдар қатысты. Сонымен бірге 1937жылы И. И. Худяков 1951-1955жылдары Т. Ф. Якубов және А. Г. Гаел өлкенің құмды аудандарында арнайы географиялық зерттеу жүргізді.

1941-1951 жылдары Жайық өзенінің орталық алқабының ландшафтасын Ф. Н. Мильков арнайы зерттеді. 1960-1962 жылдары облыстың топырақ жамылғысын зерттеу үшін Н. Н. Котин бастаған экспедиция жұмыс істеген, осы зерттеулердің нәтижесінде Н. Н. Котиннің «Орал облысының топырағы» деген еңбегі жарық көрді.

Жайық өзенінің табиғаты және экономикалық әлеуметтік проблемаларын зерттеуде өзімнің оқу ордам Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Жаратылыстану-география факультетінің оқытушы-ғалымдарымыздың еңбектері айтарлықтай. Облыстың территориясында 1933-1982 жылдар арасында үзбей геоботаникалық зерттеулер жүргізген бұрынғы КСРО географиялық қоғамның құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, биология ғылымының докторы, профессор В. В. Ивановтың еңбегі ерекше. Осы өлкені зерттеу нәтижесінде ол 300-ден астам ғылыми еңбек жазды.

Облыс территориясының терең қабаты мұнай мен газға бай екенін геологиялық зерттеулер дәлелдеп берген болатын. Осы зерттеулер нәтижесінде 1970-1990 жылдар арасында Қарашығанақ мұнай-газ конденсатының кеніші ашылды, қазір Қазақстанның экономикасында алатын орны өте зор.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан табиғаты, халқы, шаруашылығын зерттеулер біздің география кафедрасының ғалымдарының еңбектерінде жарық көруде.

Енді Маңғыстау облысының зерттелу тарихына тоқталып өтсек. Біздің заманымызға дейінгі 129 жылы ашылған шығыстан батыс елдеріне бет түзейтін Ұлы Жібек жолының бір тармағы ретінде сол кезден бастап, Маңғыстау түбегі мен Үстірт арқылы өтетін (Хазардан Хорезмге дейінгі) керуен жолы пайдаланыпты.

Бұл жолдардың өзі батыста да, шығыста да белгілі бола бастауына жағдай жасады, ал Маңғышылақ деген атау ІХ ғасырдан бастап кеңінен қолданылған. Осы кезеңдердегі өлке туралы тек саудагерлердің қалдырған шамалы мәліметтері болмаса, Маңғыстау шын мәнінде зерттелген жоқ.

Маңғыстау ХҮШ ғасырдың басынан бастап, Ресей империясының өмірлік мүддесі бір аймаққа айнала бастады. Орта Азия рыногын алу және Үндістанға шығу арманы- Ресейге аралық өлкелерді (Қазақстанды) барлауына және зерттеуіне жол ашты. «Қақпаның» теңіз жағалауларындағы ыңғайлы қойнаулары, жолдар мен су көздері жөнінде әскери-географиялық мәлімет жинақталды.

ХҮШғасыр- Маңғыстаудың жан-жақты зерттеле бастаған уақыты. Осы кезең ішінде орыс үкіметі көптеген әскери экспедицияларды жабдықтап, түбекке аттандырды. 1834жылы Г. С. Карелин басқарған отряд Каспий теңізінің шығыс бөлігіндегі Өлі - Қолтық, Қайдақ шығанақтарын картаға түсіріп, сол жылы Қызылтас маңында Новопетровск бекінісін салды. Мұндағы мақсат- сол кездегі генерал-губернатор С. Перовскийдің ойынша- «теңіздегі қарақшылықты жою, Адай руына «жүген»салу, Хиуа мен сауданы күшейту» болды. Дегенмен, бұл жай жаратылыстанушы Григорий Сильч Карелиннің (1801-1872) Маңғыстауды зерттеудегі сіңірген еңбегін жоққа шығара алмайды.

ХІХ ғасырда Маңғыстауды бірнеше орыс экспедициясы аралап, мәлімет жинақтады. 1834 жылы Карелин, одан кейін М. И. Иванин экспедициясы қазіргі Форт-Шевченко қаласын салса (1845жылы), А. И. Антипов (1851), М. И. Доронин мен Э. Эйхвальд (1871), Н. Ломакин (1873-1874ж. ж. ) басқарған экспедициялары Маңғыстауда болды. Осы кезде өлкені әскери зерттеушілер аралап, оны картаға түсіріп, байлықтары жөнінде алғашқы мәліметтерді жинақтай бастады.

Аталған отрядтардың барлығы әскери болды, олардың кейбірі жергілікті халыққа қысым көрсетті, әсіресе М. Ломокин мен Скобелов отряды 1864-1874 ж. ж. көтерілісті басып- жаншуға ат салысты.

Маңғыстаудың ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауы ХІХ ғасырдың соңғы кезеңінен күшейе түсті. Осы кезеңде Н. П. Барботде Марни (1889), В. П. Семенов (1896), Н. И. Андрусов (1888-1889), М. М. Василевский (1908) Маңғыстаудың геологиясын зерттеудің пионері болды, осы салада әсіресе Николай Андрусовтың еңбегі өте зор.

ХХ ғасыр Маңғыстаудың кең ауқымды игерілу кезеңі болды. Маңғыстау мұнайын ашуға ықпал еткен - М. Баярунастың, С. Н. Алексейчиктің еңбектері.

М. Баярунас 1911, 1926-1928ж. ж. маңғыстауда геологиялық іздеулер жүргізіп, фосфорит, тас көмір кендерін ашқан. Оған жергілікті білімдар азамат, жоғары білімді, іс жүзінде өлкеден шыққан тұңғыш географ- Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы (1882-1942) елеулі көмек көрсеткен.

Оразмағанбет Маңғыстауда Қызылсу деген жерде дүниеге келген. Әкесі Тұрмағанбет орта дәулетті кісі болған. Оразмағанбет Бұхардағы Шерғазы медресесінде оқып, араб-парсы тілдерін жетік меңгерген. Ол Маңғыстаудың жер құрылысы, ауа райы, өсімдігі жөнінде көп ізденді. Кейін Стамбұлда екі жыл оқып, Еуропада болады. 1916жылы Маңғыстауға қайтып келіп, мектеп ашып, өлкені зерттей бастайды. 1920жылдары Михаил Викентьевич Баярунаспен дос, әрі істес болып, оның кен көздерін іздеуіне, табуына, Маңғыстау геологиясы жөнінде материалды толықтыруына көмектеседі. Өзі де өлке туралы жазбалар қалдырады. 1930жылдардың аяғында сталиндік жазалаудың құрбаны болды, жазбалары жойылып кетті.

ХХғасыр - Маңғыстауды географиялық тұрғыдан жан-жақты, кемелді зерттеу заманы болды. Оның геология мен тектоникасын Алексеев Л. В., Луппов Н. П., Савельев А. А., Жукова Б. А., геоморфологиясын - Геплер С. Ю., Клейнер Ю. М., Федорович Б. А., жерасты суларын -Сыдықов Ж. С., топырағын - Герасимов И. П., Жамалбеков Е., Боровский В. М., т. б. зерттеді. Жалпы географияның аталған салалары болсын, басқа (геоботоника, ландшафттану, климатология) салалары болсын, Маңғыстау мен Үстіртті зерттеген адамдар саны өте көп, ал жазылған еңбектер бірнеше жүздеп саналады.

1960 жылдары мұнай кен орындарының ашылып, өлкенің шаруашылық жағынан игеріле бастауына байланысты, географиялық зерттеулер жүйелі арнаға түсті. Оның геоморфологиясы, жерасты сулары, топырағы мен өсімдігі, климаты жөнінде елеулі ізденістер болып, еңбектер жазылды. Өлкенің тарихы мен қатар, географиясы, жер-су атаулары, табиғаты жөнінде құнды материалдар жинаған «бірінші өлкетанушы» Есбол Өмірбайұлының сіңірген еңбегі- Маңғыстауды зерттеу ісіне қосылған үлкен үлес.

Маңғыстауды ХХ ғасырда Маңғыстау еткен осы геологтар мен географтар десек, артық айтпаған болар едік. Бұл өлке географиялық тұрғыдан толық зерттеліп болды, енді географқа істейтін іс қалған жоқ деген сөз емес. Бұрын «қазыналы түбек» саналып келген Маңғыстауды тек «байлықтың қоймасы» ғана емес, өзіне тән әсем де, көрікті табиғаты сезімтал да жараланғыш Маңғыстау екендігін зерттей алатын, оны түсіне, сезіне және қорғай алатын - біздерміз.

Әр заман өз талабын қояды. Тәуелсіз Қазақстан азаматына Маңғыстау туралы құпия сырлар жеткілікті, оларды ашу, зерттеу, жұртшылыққа ұсыну- саналы ұрпақ, біздің абыройлы міндетіміз, парызымыз.

Сондықтан алдағы уақытта мен география маманығын алып шығатын болғандықтан осы киелі Маңғыстауымды одан әрі зерттеп, өркендеп көркейтуге үлесімді қосамын деген мақсат бар. Алла қосса.

І-2. Жұмысымның бұл тарауы Зерттеу әдістері . Біріншіден зерттеу әдістің түрлеріне тоқталып өтейін. Зерттеу әдіс түрлері:

1. Салыстырмалы сипаттама.

2. Картографиялық әдіс.

3. Экспидициялық әдіс.

4. Аэрокосмостық әдіс.

5. Математикалық әдіс.

6. Модельдеу әдісі.

Салыстырмалы сипаттаманы жұмысымның соңында жазамын. Экспедициялық әдістерді жоғарыда айтып кеттім. Аэрокосмостық әдісті Батыс Қазақстан облысының әкімі Қ. Көшербаев мырза болғанда Орал қаласына арнайы сапармен келген ғарышкер Т. Мұсабаевпен кездесу өткізіп БҚО-ның аэрокосмостық картасын түсіріп әкелуді сұрады. Осы БҚО-ның аэрокосмостық картасы облыстың ауыл шаруашылығына сондай-ақ басқа да салаларына көп жақсы жағдай жасады. Қазір Маңғыстау облысының әкімі Қ:Көшербаев мырза Маңғыстау облысының да аэрокосмостық картасын түсірірту жоспарда оны іске асыру жолында

Қ. Көшербаевтың БҚО-на да, қазір Маңғыстау облысына да істеп жатқан істері мен еңбегі өте зор.

Модельдеу әдістері де қазір кең түрде қолданылуда. БҚО-ның бірнеше физикалық, экономикалық карталары бар. Соңғы карта «Западно-Казахстанская Область» кешенді картасы, масштабы 1:1. Маңғыстау облысының физиаклық, экономикалық карталарының көбі

Менің дипломдық жұмысымның зерттеуінде жоғарыда келтірілген әдістердің элементтері пайдаланылды. Бірақ соның ішінде негізгі жұмысымның бағдарламасы Максаковскийдің ұсынылған жоспарымен құрылды.

1-А) Жұмысымның жоспары бойынша екі облыстың географиялық орнына сипаттама беремін. Бірінші Батыс Қазақстан облысының географиялық орнына тоқталып өтейін: Батыс Қазақстан облысы - Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің екі бетіндегі кең жазықтықты, қыратты аймақта орналасқан.

Қазіргі алып жатқан территориясының көлемі 151, 2 мың шаршы шақырымға жетеді немесе Қазақстан территориясының 5, 9%-ін құрайды. Обылыс территориясы солтүстіктен 425 шақырымға, шығыстан батыс бағытта 585 шақырымға созылып жатыр. Өзінің көлемі жөнінен кейбір Еуропа елдерінен әлдеқайда үлкен. Ал Қазақстан Республикасының 14 облысының ішінде жер көлемі жөнінен 8 орын алады.

Оның физикалық-географиялық жағдайы жөнінен мына ерекшелерін атап өтуге болады:

1-ден Облыстың территориясы 48-51 °35 ` солтүстік ендік және 45°30`-54 °35` шығыс бойлықтардың арасын қамтиды.

2-ден Еуразия континетінің ішкі ауданында жатыр, яғни Атлант мұхитының және оның теңізерінен 2, 5 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Солтүстік мұзды мұхит ауданымен екі ортадағы қашықтық керісінше анағұрлым жақын, сондықтан оның климатының қатаң континентті болуына, сонымен бірге топырақ жамылғысымен, өсімдіктер дүниесіне, табиғатына үлкен әсер етеді.

3-ден Облыстың территориясы жазықты-қыратты жер бедерінен тұрады. Ең биік нүктесі 235 м. Ембі үстірт. Каспий маңы ойпатының 0 м. Депрессиясы Калмыково елді мекенінің ендігінен басталады.

Жалпы территориясының дала және шөлейт зонасында орналасуы адам өміріне онша қолайсыздық жасамайды. Жайық өзені және оның су жинау алабы облыс табиғатына өзіндік әсерін тигізеді.

Облыстың территориясының табиғи шекарасы Ресейдің Астархань, Волгоград облыстарымен Каспий маңы ойпатының алабымен өтеді, Саратов, Самара облыстарымен Жалпы Сырт сілімдерімен, Қазақстанның Ақтөбе облысымен Ембі үстіртінің бөктерімен, ал Атырау облысымен Каспий маңы ойпатының Нарын, Тайсойған құмдарының етектерін қамтып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы наурыздың 10-шы жұлдызында құрылған болатын. Осы кезден бері оның территориясының, шекаралық аймағында өзгерістер болған жоқ.

Облыстың территориясы жер шарының 24 сағаттық белдеуінің Лондон қаласынан өтетін Гринвичи 0-дік меридианнан есептегенде 4-ші сағаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласынан 2 сағаттық, Ресей мемлекетінің астанасы Москва қаласынан 1 сағаттық айырмашылығы бар.

Батыс Қазақстан облысының территориясын 5 физикалық-географиялық ауданға бөлуге болады:

  1. Қоңыржай-құрғақ дала ауданы.
  2. Өте құрғақ дала ауданы.
  3. Батыс шөлейтті Аралсор-өзен аралық ауданы.
  4. Шығыс шөлейтті Көшім-Жайық ауданы.
  5. Шөлді Нарын құм ауданы.

1. Қоңыржай-құрғақ дала ауданы- облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр. Тектоникалвқ тарихында платформалы кристалды негіздің үстінде қалыптасқан палеозой, мезозой, кайназой эрасының шөгінді жыныстары жер бетіне жақын немесе шығып жатады. Жалпы территориясының үстіңгі қабаты төртік дәуірдің шөгінді жыныстары тұрады. Бұл ауданның жер бедерін биік жоталы болып келетін Жалпы Сырт Орал алды үстіртінің оңтүстік сілемдері көмкеріп тұрады. Климаты құрғақ, жылы агроклиматтық ауданға жатады. Қыстың орташа ұзақтығы 125-130 күн аралығында. Жылына орташа жауын-шашын мөлшері 300 мм. Топырағы негізінен қою қызғылт карбонатты механикалық құрамы сазды және ауыр құмдауыт сазды болып келеді, қарашірік қабаты 45-50 см, құнарлы органикалық бөлімі 3-4%-тей болады. Осы қою қызғылт топырақта өсетін табиғи өсімдіктер негізінен ақ селеулі-юозды болып келеді. Гүлді шөптесінді өсімдіктермен қатар бұталар кездеседі. Жануарлар дүниесінен далада кездесетін саршұнақ, қосяқ, дала тышқандары, дала алақоржындары, жыртқыштардан:қасқыр, түлкі, күзен, қарсақ мекендейді. Бұл зонада құстардың ондаған түрлері, бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері кездеседі.

2. Өте құрғақ дала аудандары- негізінен облыс территориясының ортаңғы бөлігін алып жатырОның құрамына Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі енеді. Жер бедері биіктеу келеді. Ал батыс бөлігі кең жазықты және көп жерін Шежін-Дөренгі суы мол жайылмасының кеңістігі алып жатыр, Бұл аудан негізінен құрғақ, өте жылы агроклиматтық аймаққа кіреді. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 220-230 мм. Қыс кезінде тұрақты қар жамылғысы 110-120 тәулік шамасында, ал оның қалыңдығы 20-25 см. Жалпы осы өте құрғақ дала ауданында қызғылт топырақ басым. Бұл қоңыр топыраққа қарағанда қарашірік қабаты жұқалау 40-45см, құнарлығы 2-5% шамасында. Осы топырақ жамылғысының негізінде жусанды, ақселеуді өсімдіктер алқабы қалыптасқан.

3. Батыс шөлейтті Аралсор өзен аралық ауданы- Облыстың батыс бөлігін алып жатыр, шығысында Көшім өзенінің аңғарымен, Жаңақала ауданының көлтабандарымен шектеседі. Каспий маңы ойпатының ең төмен майысқан бөлігі осы ауданның территориясына кіреді. Климаты шөлейт зонасына тән қатаң континентті құрғақ болып келеді. Жаз айларында аңызақ 20-50 тәулікке дейін созылады. Тұрақты қар жамылғысы 80-100 тәуліктей, оның қалыңдығы 15-20 см. Бұл ауданның жалпы территориясын көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдарға кең түрде пайдаланады. Жануарлар дүниесі шөлейт зонасына тән түрлерден және дала зонасының өкілдерінен тұрады. Бұл ауданда жаз кезінде ақбөкендер топ-тобымен жиі кездеседі.

4. Шығыс шөлейтті Көшім-Жайық ауданы- Каспий маңы ойпатының Көшім және Жайық өзендерінің аралығы мен Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөліктерін алып жатыр. Климаты- өзіне ендік бойынша көршілес жатқан физикалық-географиялық ауданға ұқсас, бірақ шығысқа қарай құрғақ орташа ыссы агроклиматты алқапта жатыр. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жатқанымен ауаның қыс айларындағы температурасы төмен (-14, 4*) -қа дейін жетеді. Жаз кезінде абсолютті максимум +44*-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 214-215 мм. Шығыс шөлейтті Көшім-Жайық ауданының топырақ жамылғысы ашық қызғылт, шалғынды қызғылт, шалғынды-ашық және сортаң топырақты түрлерінен қалыптасқан. Өсімдік дүниесі жусанды-боз және аралас әртүрлі шөптесін өсімдіктерден, изен, қоңырбас тұрады. Орманда қайың, көктерек, қарағаш сияқты ағаш түрлері өседі. Сор мен сортаңды жерлерде қара жусанды өсімдік алқабы басым болады. Өзен аңғарында, жайылмасында шалғынды қызғылт топырақта өсетін шөптесін өсімдіктер, бұталар, қамысты-қоғалы және тоғайлы ормандар алқабы басым келеді. Шөлейт зонасының жануарлар дүниесі саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары мекендейді. Құстардың және бауырымен жорғалаушылардың осы зонаға тән түрлері кездеседі.

5. Шөлді Нарын құмы ауданы -облыстың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Шөлді Нарын құмының физикалық-географиялық ауданы өте құрғақ, ыстық агроклиматтық алқапқа кіреді. Жазы ыстық болғанымен, қыс айларының орташа температурасы 12, 5-13*. Құмды шағылды алқаптардың аралығындағы ашық жерлер шалғынды топырақтың негізінде әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктерге бай болып келеді. Құмды алқаптардың солтүстік бөлігінде сортаң-сұрғылт топырақтар қалыптасқан жерлерде ақ жусанды және ақ жусанды-еркек шөптесін өсімдіктер топтары өседі. Жануарлар дүниесінде шөл зонасына тән түрлері кездеседі. Әсіресе бауырымен жорғалаушылардың түрі көп.

Екіншіден Маңғыстау облысының географиялық орнына тоқталып өтсем :

Маңғыстау - Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінен орын алған. Бүкіл жер шары көлемінде алып қарағанда, Еуразия құрлығының ортасында, Еуропа мен Азияның түйіскен өңірінде орналасқан. Қазіргі алып жатқан аумағы 165, 6 мың шаршы шақырым. Қазақстан Республикасының 14 облысының ішінде жер көлемі жөнінен 7-орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелер
Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру
Қазақстан халқының сандық құрамы
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz