Қазақ тілінің маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Қазақ тіліндегі дін негізді паремиология

Орындаған:Қанай Н. Е

Тексерген:Жакупов Ж. А

Жоспары

КІРІСПЕ

I Қазақ тілі тарихы

1. 1 Қазақ тілінің маңызы

1. 2 Паремиология

1. 3 Қазақ паремиологиясының қалыптасуы

II Паремиологияның шығу тарихы

2. 1 Қазақ паремиологиясының бағыты

2. 2 Дін негізді паремиологияның дербес түрде қалыптасуы

2. 3 Паремиологияның ғылым ретінде дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тіл халықтың қоғамдық, әлеуметтік өмірімен, саяси - экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденеді. Сондықтан да қоғам өмірінің даму қарқыны әр түрлі тарихи дәуірде түрліше деңгейде көрінетіні сияқты, әдеби тілдің де даму шеңбері бірде кеңейіп, бірде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерістер тілдің барлық категорияларын өз ішіне алады. Бірақ қандай өзгеріс болмасын, тіл қалай дамымасын, ол өзінің адамдар арасындағы қатынас құралы ретіндегі қызметін өз дәрежесінде атқара береді. Әсіресе, егемендік алған көптеген халықтардың әдеби тілдерінің бүгінгі кемелденген кезінде тілдің атқаратын қызметі орасан зор, себебі тіл неғұрлым кемелденген болса, тіл мәдениеті, сол тілді дүниеге келтірген халық менталитеті де соғұрлым жоғары болмақшы.

Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң - мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Себебі, мақал - мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал - мәтелсіз тілдегі ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес.

Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани - мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтуында. Басқаша айтқанда, әр тіл - өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т. б. ғылым салаларының зерттеу нысанасына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең бойлап, жан - жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын айқын тануға жол ашты. Тілдегі мақал - мәтелдер - мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді.

Қазақтың белгілі паремиолог - ғалымы Ә. Қайдар мақал - мәтел туралы былай дейді: «Қазақ мақал - мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал - мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан - ақ қалыптасқан табиға реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді»

Мақал - мәтелдердің табиғатына тән ерекшеліктердің қатарына, ең алдымен, олардың жанр түрінде іштей жіктелуін, өмір - тіршілігіміздің сан - саласын қамтитын көп тақырыптылығын жатқызуға болады. Сондай - ақ, мақал - мәтелдер өзінің өте көнелігімен де, ғасырлар асып, бізге жеткен өзіндік дәстүрімен де ерекшеленетін, ой мен тілдің өзара түйісуі негізінде дүниеге келіп, жанр ретінде қалыптасқан құбылыс ретінде де назар аударады. Осы ерекшеліктеріне байланысты мақал - мәтелдер ауыз әдебиетінің әрі көркем сөз өрнегі, үлгісі, көркем мәтіннің тілі ретінде лингвистиканың зерттеу обьектісі бола алады. Сонымен қатар, мақал - мәтелдер этнолингвистиканың да ең бір құнарлы обьектісі болып саналады. Өйткені, мақал - мәтел табиғаты халқымыздың барша болмысымен қат - қабат астарласып жатыр, мақал - мәтел жасаудың принциптері мен мотивтік негіздері ұлттық менталитетке, ежелден қалыптасқан салт - дәстүрге, дүниетанымға, болмыстағы заттар мен құбылыстарды абстракция, салыстыру, ұқсату, теңеу, қарама - қарсы қою т. б. тәсілдер арқылы танып - білуге ыңғайлы обьект болып саналады.

Қазіргі кезеңде «Тіл мен мәдениет» мәселесіне қатысты тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты, ұлттық танымды, ұлттық рухты тануға, танытуға негізделген. Дегенмен, мәдениеттің дерегі ретінде тілдегі мақал - мәтелдер әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. Мақал - мәтелдер шығармашылықтың нәтижесінде ғана дүниеге келіп, ұлттық болмыстың барлық саласына қатысты ұлттық дүниетанымның тілдегі бір көрінісі болып келеді. Осылардың бәрін мақал - мәтел фактілеріне талдау жасай отыра белгілі бір жүйемен қарастыру тақырыптың тың және өзекті екендігін көрсетеді. Зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсетін тағы бір фактор - қазақ мақалдарының жасалуындағы бейнелілік пен тілдік ерекшеліктерінің зерттелуі, мақал - мәтелдердің көркем мәтіндегі орны туралы пайымдап, мақал - мәтелдегі этномәдени белгілердің символдық мәнін ашуға талпыныс жасалғандығы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Қазіргі қазақ тіліндегі мақал - мәтелдерді топтастыру принциптерін анықтау арқылы олардың тіл жүйесіндегі алатын орнын белгілеу, мақал - мәтелдердің қоғамда қалыптасуына негіз болған о бастағы факторлар мен әр алуан уәждерді анықтау, сонымен бірге мақал - мәтелдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде сан, сапа жағынан ғана емес, мазмұн - мағынасына байланысты әр түрлі деңгей дәрежесін анықтау.

Бұл мақсаттарды орындау үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:

- қазақ паремиологиясының дербес пән ретінде қалыптасуындағы антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің маңызын көрсету;

- дүниенің паремиологиялық бейнесінің қазақ этносының мәдени бейнесімен сабақтастығын зерделеу;

- заттық - тақырыптық топтастыруды этнолингвистикалық («Адам» - «Қоғам» - «Табиғат») принциптерімен тоғыстыра қарастыру;

- паремиология практикасында мақал - мәтелдерді заттық - тақырыптық белгілер бойынша топтастыру;

- мақал - мәтел құрамындағы киелі сандар мен дәстүрлі сандардың этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалуын зерделеу ;

- мақал - мәтелдердің ұлттық мәдениет пен этникалық танымды, ділдік тұғырды бейнелеудегі рөлін анықтау.

Дипломдық жұмыстың нысаны. Қазақ мақал - мәтелдерінің бейнелілігін айқындап, мақал - мәтелдердің көркем мәтіндегі қолданысын, олардың автор бейнесі мен кейіпкер тіліндегі тілдік - стильдік, ұлттық танымдық қызметін көрсетіп, олардың құрамындағы этномәдени атауларды анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Зерттеудің нысаны бойынша мынадай мәселелер ғылыми шешімін тапты:

- қазақ тіл білімінде жасалған мақал - мәтелдер алғаш рет паремиологиялық зерттеудің арнайы нысанына айналып, олардың мазмұндық құрылымының астарына жинақталған ұлттық - мәдени ақпарат сандық кодқа түсірілген, тілдік тұрғыдан алғаш рет зерделенді;

- тілдің паремиологиялық қоры - «тіл және мәдениет» тұтастығына негізделетін этномәдени ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі екені анықталды;

- мақал - мәтелдер этнолингвистикалық жағынан сараланды;

- мақал - мәтелдер тілдік - прагматикалық тұрғыдан зерттеуге түсіп, жан-жақты талданды.

Дипломдық жұмыстың әдіс-тәсілдері . Зерттеу барысында нақты міндеттерге байланысты салыстыру, жүйелеу әдістері, сондай - ақ тіл дамуының танымдық және ұлттық - мәдени үдерісін айқындайтын сөз мағынасына компоненттік, мәтіндік талдау тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Қазақ тілі тарихы

1. 1 Қазақ тілінің маңызы

Қазақ тілі тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің граммат. құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н. И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860-61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл - қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М. А. Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897) ‚ В. В. Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897) ‚ т. б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.

Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912-29) ; ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930-88) болып екіге бөлінеді. Қ. т. б-нің ғыл. ретінде қалыптасып, дамуы А. Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қ. т. б-нің салалары: Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ы. Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қ. т. б-нің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов, Ж. Аймауытов, Қ. Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп», т. б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды.

Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қ. т. б-нің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т. б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де қарастырылды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды. Лексикология және лексикография. Оқулық жазу ісімен бірге осы ғыл. салалары бойынша атауларды қалыптастыру қатар жүрді. Мәселен, Байтұрсынов тілге қатысты зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, есімше, көсемше, т. б. атауларды қазақ тілінің өз байлығын пайдалана отырып ойластырды. Сол сияқты жаратылыстану және гуманит. сала бойынша оқулықтар жазған ғалымдар салалық атауларды қалыптастырып, бір атаудың бірнеше баламасы болуына байланысты оларды бір жүйеге түсіруге, тұрақтандыруға ерекше мән берді. Бұл кезеңдегі сөздіктердің дені уақыт талабына сәйкес атаулық сөздіктер болғанымен, түсіндірме сөздіктің де, фразеол. сөздіктің де, диалектологиялық сөздіктің де жүгін арқалады. Тіл тарихы және диалектология жеке ғыл. ретінде қалыптаса қоймаса да, жекелеген мақалаларда тіл тарихы, диалектология мәселелері сөз болды. Мыс., Аймауытовтың «Тіл туралы» («Еңбекші қазақ», 1926, 9 наурыз), «Әдебиет тілі мен емле» («Еңбекші қазақ», 1929, 12 мамыр), Кемеңгеровтің «Қазақша-орысша тілмаш туралы түсінік» («Еңбекші қазақ», 1926, 24 қараша), «Дұрыс па? Бұрыс па?» («Еңбекші қазақ» 1926‚ 10 қараша), т. б. мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері, кейбір сөздердің этимологиясы сөз болды. Сонымен қатар Қ. т. б-нің өзекті мәселелеріне қатысты съезд, конференциялар ұйымдастырылды. Мыс., 1924 ж. 12-18 маусымда Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары мәселелері сөз болса, 1927 ж. 28-29 сәуірде Ташкент қаласында өткен бас қосуда жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 ж. 2-4 маусымда Қызылорда қаласында өткен ғыл. -орфографиялық конференцияда емле, атау мәселесі қаралды. 1934 ж. Қазақтың ұлт мәдениеті ғыл. -зерт. ин-тының құрылуына байланысты қазақ тілін зерттеу мәселесі жүйелі жүргізіле бастады. 1936 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесі құрылып, шағын сөздіктер, лингвист. жинақтар шығарылып, ғыл. -әдістемелік мақалалар жарық көрді, орфография‚ терминология мәселелері сөз болды. Осы жылдары орта мектеп пен пед. уч-щелерге арналған граммат. ғыл. еңбектер, сөздіктер басылып шықты. 1946 ж. Қазақстан ғылым академиясының құрылуы, оның құрамында Тіл және әдебиет ин-тының ұйымдастырылуы, 1961 жылдан Тіл білімі ин-тының бөлініп шығуы - Қ. т. б-нің көптеген мәселелерін шешуге, ғыл. -зерт. жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне, мамандардың көптеп даярлануына жағдай туғызды. 1960-70 жылдар аралығында. Қ. т. б-нің кенжелеп қалған салалары бойынша көптеген монографиялар жазылды. Фонетика мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеу, ғыл., көркем әдебиет, мерзімді баспасөз тілдерінің, әдеби тіл тарихының, тіл мәдениеті, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра қарастыру мәселелері, т. б. қолға алынды.

1930 жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты «Еңбекші қазақ» газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау, қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу, әсіресе басқа тілдерден енген сөздерді жазуда баспасөз бетінде көптеген пікірталастар болды. Дұрыс айтылу ережелеріне ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфографиялық сөздігі бірнеше рет жарық көрді. Грамматика. 1930-40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер көптеп жарық көрді. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 30-жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды. 1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері моногр. тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы едәуір мәлімет берілді. Қазақ тілінің ғыл. курсы 1954 ж. «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен жарық көрді. 1962 ж. фонетика мен морфология тарауларынан құралған «Қазіргі қазақ тілі»‚ 1967 ж. морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты екі томдық басылып шықты. Ал 1980 ж. сөзжасамның нысаны‚ өзіндік ерекшелігі анықталып‚ морфологиядан бөлек‚ дербес сала ретінде бөлініп шықты. Сонымен қатар синтаксис саласы да едәуір дамыды. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді.

1950 жылдарға дейін лексикология жеке пән ретінде оқытылмай‚ негізінен, мақала көлемінде ғана сөз болып келсе‚ Ғ. Мұсабаев тұңғыш рет лексиканың ғыл. курсын жазды. 1950-60 жылдардан бастап лексиканың түрлі топтарының (синоним, омоним, архаизм, историзм, кірме, біріккен сөздер, т. б. ) ерекшеліктерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізіліп келеді. І. Кеңесбаев идиома мен фразеология мәселелерін зерттеп‚ «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін» жасап шықты (1977) . «Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі»‚ «Абай тілі сөздігі»‚ синонимдер сөздігі‚ лингвист. ‚ орфографиялық‚ диалектологиялық‚ орфоэпиялық‚ кері алфавиттік, т. б. сөздіктер жарық көрді. Сонымен қатар орыс‚ араб-иран‚ моңғол және Батыс Еуропа тілдерінің қазақ тілімен қарым-қатынасын зерттеуге мол материал беретін бірнеше екі тілді сөздіктер басылып шықты.

Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста ономастика мәселелері ішінара сөз болғанымен‚ көлемді еңбектер 1950-60 жылдардан бастап жазылды. 1960 ж. Тіл білімі ин-ты жанынан ономастика бөлімі құрылып, топонимика, антропономика бойынша монографиялар жарық көрді.

Бұл сала заман талабына сай түрлі кезеңдерді бастан кешті. Ұлт зиялылары қудаланғаннан кейін қазақ тілінде баламасы бола тұрса да, шет тілден енген сөздерді орыс тіліндегі қалпында қазақ тіліне қабылдай беру үрдіске айналды. Атауларды орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес жазу қазақ әліпбиіне е, ю, я, ъ, ь, ц, ч тәрізді әріптердің енуіне жол ашты. 1981 ж. Тіл білімі ин-тында Терминология және аударма теориясы бөлімінің ашылуына байланысты атаулардың жасалу жолдары‚ тәсілдері‚ принциптері‚ тарихы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Аударма теориясы бойынша бірқатар моногр. еңбектер жарық көрді. Тіл тари хы және диалектология. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста әдеби тілдің кейбір белгілері мақала көлемінде сөз болса, ендігі жерде монография түрінде көптеген еңбектер жарық көрді. Мерзімді баспасөз тілі, қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар арнайы зерттеліп, олардың әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі анықталды. 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің жай-күйі, өзіндік ерекшеліктері, жартастағы жазулар, эпиграфиялық ескерткіштер қарастырылды. Қазақ диалектологиясы бойынша «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы» атты 7 жинақ шықты. Диалектологиялық атластар жасалды. Жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге қосар үлесі, Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі өзіндік ерекшеліктер арнайы зерттелді. Тіл мәдениеті және стилистика. Бұл саладағы іргелі зерттеулер 1960 жылдан басталады. 1969 ж. Тіл білімі ин-тының жанынан Тіл мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене түсті. Фольклор тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдан бастап зерттелді. Қ. т. б-нде кейінгі кездері тіл статистикасы, әлеум. лингвистика, психолингвистика‚ этнолингвистика, т. б. жаңа салалар дамып келеді, жалпы тіл білімі, алтаистика, жалпы түркі тілдерінің қарым-қатынасы мәселелеріне байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілді. 1991 жылдан кейінгі Қ. т. б-нің негізгі бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің тарихын жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің өзара әсерін, қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу, диалектологиялық атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік тұрғыда зерттеу, шет ел сөздерінің сөздігін жасау, әр түрлі ғыл. салаларына байланысты толық атаулық сөздіктер шығару, лексикография теориясындағы мәселелерді шешу, көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен стилистика мәселелерін дамыту, қазақ тілінің дыбыс жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан құрылымдық, матем., лингвист. әдістер арқылы жан-жақты зерттеу, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану үдерісінің ықпалы
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Мектепте фонетиканы оқыту
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz