Саяси - экономикалық реформалық бағыттың басталуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
І-тарау. Саяси-экономикалық реформалық бағыттың басталуы
- Қайта құру және жеделдету бағытындағы экономикалық реформалардың алғышарттары . . . 10
- Қазақстандағы жариялылық рухы . . . 19
- Қазақстанның саяси-экономикалық тәуелсіздікке және өзін-өзі басқаруға ұмтылысы . . . 25
ІІ- тарау . Саяси өмірдегі екіжақты өзгерістер
2. 1 Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі және оның ауыр салдарлары . . . 32
2. 2. Қазақстанда ұлттық сананың өзгеруі және бейресми қозғалыстардың жандануы . . . 42
2. 3 Мектепте Қазақстандағы қайта құру кезеңі тарихын оқыту әдістемесі . . . 51
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап қоғамдық өміріндегі білім саласында болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен тарихты объективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталады. Елдің саяси дамуындағы әрбір жаңа бетбұрыс тарихи білім жүйесіне реформа жасаумен қатар жүргізілгендіктен әлеуметтік-саяси дағдарыстар тарихи білімнің де дағдарысына әкелді. Кеңес дәуіріндегі тарихи білім мемлекетке және қоғамға қатынасты бейнелейтін әлеуметтік идея түрінде дамыды. Тарихи білімнің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Кеңес жылдарындағы тарихи білім, мемлекеттің түрлі саяси мүдделерін іске асырудың құралы ретінде көрінсе, тарихты оқытудың мақсаты анық таптық сипат әлпетінде болып, қоғамдық қатынас өзгерістеріне бейімделді.
Қайта құру жылдарында еліміздің тарихты оқыту ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына, аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т. б тарихи білімге қатысты мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа алынды.
ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысы Қазақстанда, тарихи білімнің мазмұны ғылыми жағынан анықталып-жетіле келе, оның даму бағыты белгіленді. Ұлттық тарихи білімді пән ретінде қалыптастыру мен оқытудың жолдары қарастырылумен бірге, оны оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер орнықтырылды. Осыдан барып, біздер тарихи білімнің мағынасына былайша анықтама береміз: «тарихи білім - белгілі бір мемлекеттегі тарихи сананы қалыптастырудың негізгі тетігі» деген ұғымды білдіреді. Тарихи білімді дамыту барысындағы өткен тарихтағы оң тәжірибелерді меңгеруде, оны сын тұрғысындағы терең ғылыми ой-елегінен өткізу арқылы талдап-бағалай отырып, жіберілген кемшіліктерді анықтау - қазіргі білім жүйесіндегі Қазақстан тарихын оқып-үйренуді жетілдірудің қуатты факторының бірі болып табылады. Міне, осы жағын ескергенде, тарихи білімнің «қайта құру жылдарындағы» даму келбетін арнайы тарихи-теориялық тұрғыдағы зерттеу, тақырыптың өзектілігін арттырады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазіргі таңда Қазақстан тарихы жаңа дәуірді басынан кешіруде. Кешегі халқымыздың ақтаңдақ беттерін қайтадан саралап, елдік сананы Ұлт мүддесі аясында қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Дамудың дербес бағытын айқындаған елімізде тарихқа көзқарас әр халықтың өткен тарихы мен оның ұлттық бітім-болмысын нақтылайтын атрибуттарымен қатар жаңғыра бастады. Ұзақ уақыт бойы саяси бостандығынан айрылған халықтың өзін-өзі тануға құштарлығын, ұмтылысын ұлттық иммунитеттің күш жинап оянуына теңеуге болады.
Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Зерттеу еңбектерінде «тоқырау» жылдары айтылмай, жылы жабу астында жасырылып келген мәселелердің көтеріліп, тарих ғылымында «ақтаңдақтар» деген терминнің қолданыла бастауы - қайта құрудың екінші кезеңіне (1987 жылдың ақпаны - 1988 жыл) жатады. Бұл туралы академик М. Қозыбаев «Ақтаңдақ» беттер деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылғы ақпанда қолданылған екен [1, 9-б. ], -деп еске алады.
Оны алғаш рет қолданысқа енгізген КСРО Орталық комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев болды. Ол « . . . тарихты өзінің қаз-қалпында көру керек. Бәрі де болды, қателіктер, тіпті ауыр қателіктер болды. Тарихта да, әдебиетте де ұмытылған есімдер, ақтаңдақ орындар болмауға тиіс. Әйтпесе бұл, тарих та, әдебиет те емес, жасанды құбылғыш конструкциялар болып шығады» [2], - деген болатын.
Қазақстандық тарихнамада аталған мәселеге қатысты зерттеу еңбектері ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, мәселені тарихи-проблематикалық деңгейде зерттей бастады. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезең туралы зерттеулер Н. Ә. Назарбаев[3 Б. Дәрімбетов[4] 6 С. Әбділдиннің[5] Р. Құттыбаеваның[6], Д. Мұқатованың[7] , Б. Жұбанышовтың[8], Б. Жүзтаеваның[9], Е. Исибаеваның[10], Т. Медеуовтың[11] еңбектерінде кездеседі.
Зерттеудің келесі кезеңі 1985-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы қайта құру және жеделдету бағытындағы жүргізілген саясатындағы мәселелерінің әдістемелік және теориялық тұстарына, әсіресе, өтпелі кезеңіне (қорытындылары мен келешегі) жете көңіл бөліп, зерделеу қажеттілігін талап етті.
Бұл кезең өткеннің барлық мұрасын таптық тұрғыдан зерттеу, ұлтшылдықпен күрес, түрі ұлттық, мазмұны кеңестік әдебиет «жасау» науқандары қазақтың тарихи зердесіне, оның ұлттық рухына жасаған шабуылдармен сипатталды.
Белгілі тарихшы И. М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих сабақтары» және «Қазақстанның тарихи ғылымы (ХХ ғасырдың 40-80 жж. ) » [12-13] монографияларында зерттеуші Қазақстанның тарихнамасы мен тарихи ғылымына жаңа көзқараспен қарап, негізі бағыттары мен негізгі үрдістерге кеңінен талдау жасады.
Біздің тақырыбымызға бірден-бір жақын келетін, еңбектерінде республика тарих ғылымының 1985-2000 жылдардағы тарихи білім мен сананы қалыптастырудағы кеңес өкіметінің жүргізген саясаты мен ұстанымдарының астарлары біршама мөлшерде шындыққа жақын қарастырылған, тарихнамалық кезеңнің материалдарына талдау жасаған Берлібаев еңбегі болып табылады [14] .
1985 жылдың соңына қарай, кеңес қоғамындағы демократиялық өзгерістер халықтың рухани мұраларын ғылыми объективті зерттеу ісіне мүмкіндік ашты. Аталмыш кезеңде жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт қайраткерлерін ақтау жұмыстары туралы баспасөз беттеріндегі жарияланымдар дипломдық жұмысында кеңінен пайдаланылды. [15] .
Жоғарыда қарастырылған зерттеу еңбектері тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы дербес ғылыми проблема деңгейінде зерттеп, оның сан қырлы болмысын тереңдей таразылаудың қажеттігін айқын көрсетіп береді. Біз зерттеу тақырыбымызға, теориялық-әдістемелік мәселелері жақын дәйекті, әрі ұтымды ғылыми тұжырымдары бар еңбектерді ғана көрсетуге талпындық. Отан тарихының өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді кешенді түрде талдау - ғылым үшін өте маңызды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Коммунистік партияның Қазақстандағы қайта құру және жеделдету бағытындағы жүргізілген саясатын тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеу (1985-1991)
Зерттеу жұмысын қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. 1985-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы қайта құру және жеделдету бағытындағы жүргізілген саясатын мен тарихи даму үрдісін қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсаты . Қазақстандағы қайта құру және жеделдету бағытындағы жүргізілген саясатының қалыптасуы мен дамуын жүйелеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайта құру жылдарындағы саяси-экономикалық реформалардың жүргізілуін методологиялық негіздеу;
- Қайта құру жылдарындағы қоғамның өзекті мәселелерін зерттеудің теориялық-тұжырымдамалық және методологиялық негіздерін айқындау;
- Қайта құру жылдарындағы саяси-экономикалық реформалардың жүргізілу кезеңдеріне жан-жақты сипаттама беріп, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Қайта құру жылдарындағы саяси-экономикалық реформалардың жүргізілуін теориялық-методологиялық жағынан негізделінді;
- Қайта құру жылдарындағы қоғамның өзекті мәселелерін зерттеудің теориялық-тұжырымдамалық және методологиялық негіздерін айқындалды;
Зерттеу жұмысының деректемелік көзі. 1985-1991 жылдар аралығындағы қоғамының саяси-әлеуметтік өзекті мәселелеріне қатысты жазылып, мерзімді басылым құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалар мен зерттеулер құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана қорындағы «Мерзімді басылымдар» залындағы «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жалын», «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» секілді республикалық ұлттық және қоғамдық-саяси мазмұндағы басылымдарда жарияланған зерттеулер құрайды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: 1985-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы қайта құру және жеделдету бағытындағы жүргізілген реформалар
Зерттеу жұмысының теориялық және методикалық негізі. Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелер, тұжырымдар мен пайымдаулар Қазақстан тарихындағы іргелі еңбектер жазуда қолдануға, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа ұстанымдардың, концепциялардың қалыптасуына ықпал етеді. Жұмыстың өскелең ұрпақты ұлтжандылық және отаншылдық рухта тәрбиелеуге тигізетін пайдасы мол.
Зерттеудің жұмысының практикалық маңызы . Дипломдық жұмысты жазу барысында біздер Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтарды негізге алдық. Тың деректер негізінде жаппай пайымдау мен талдаулардың нәтижелерінде тарихилық пен объективтік сияқты қоғамдық танымда жалпыға мәлім ұстанымдар мен тарихи үрдістер жиынтығының өзара байланысын білуге бастайтын жүйелеп талдау әдісі, сондай-ақ конвенттік-талдау мен инвенттік-талдау әдісі пайдаланылды. Алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін, объективтік, тарихи-салыстырмалы, типологиялық және теориялық, дидактикалық даму принциптері мен анализ-синтез, индукция-дедукция, логикалық пен абстрактылық, нақтылық әдістері мен тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгей, жұмыстың нысаны, пәні, мақсат-міндеттері, хронологиялық шеңбері, әдіснамалық негіздері, практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдары анықталады.
«Саяси-экономикалық реформалық бағыттың басталуы» атты бірінші тарауда қайта құру кезеңінің басталуы, саяси-экономикалық бағыттағы реформалардың жүру барысы және бағыттары қарастырылады.
« Саяси өмірдегі екіжақты өзгерістер » атты екінші тарауда зерттеліп отырған кезеңдегі саяси реформалардың нәтижелері ме қайшылықтары, оның себеп-салдарлары, мектепте оқыту әдістемелері қарастырылады. Қорытындыда негізгі ұстанымдар мен тұжырымдамалар баяндалады.
Кіріспе
1985 жылдың бас кезінде К. У. Черненко қайтыс болды да билік басына М. С. Горбачев келді, келесі күні КОКП ОК Пленумындағы бағдарламалық сөзінде ол партия атынан елді қалыптасқан жағдайдан алып шығудың міндеттерін көрсетіп, жуық уақыттағы артықшылықтарды белгіледі. Бірінші дәрежедегі маңызды мәселе, «ғылыми-техникалық прогремті түпкілікті жеделдету» деп есептелінді. Онан кейін маңыздылық деңгейі бойынша «шаруашылық механизмін қайта құру», шаруашылық есепті енгізу, экономикалық нормативтерді кеңінен қолдану міндеттері қойылды. Саяси салада негізгі мәселе - жариялықты қамтамасыз ету мен пікірлердің әр алуандығы болып белгіленді.
Кеңестік Қазақстан тарихында да қайта құру, жеделдету, жариялық деп аалған жаңа кезең басталды. Бұл сөздің әсері «революциялық» деген теңеуді жиі қосумен күшейе түсті. Қазақ зиялылары қайта құруға үміттерін ұлттық мәдениет пен тіл, ұлттық қайта өркендету саласындағы өзгрістермен байланыстырды. Жаңа басшылық елдің зкономикалық және әлеуметтік жағдайын КСРО-ның қоғамдық саяси құрылысын толықтай қайта құрастыру жолымен емес, қысқа мерзім ішінде жекелеген шаралардың көмегімен түзеуге болады деп есептеді. Сонымен қатар жүргізіле бастаған жаңалықтардың сәтсіздіктеріне Бас хатшылар жекелеген басшыларды, Қазақстанда Компарияның сол кездегі бір хатшысы Д. А. Қонаевты кінәлі деп жариялай бастады да, оны қызметінен босатып, орнына В. Колбин сайланды, пленум бар-жоғы 18 минутқа созылды. Жабық есіктің артында өткізілген пленум 1986 жылғы орын алған күшті әлеуметтік жарылысқа себеп болды.
Сонымен бірге бүкіл қазақ халқы КОКП ОК-нің жеке қаулысы бойынша ұлтшылдықпен айыпталды. 1987 жылы шілдеде КОКП Орталық комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені, қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді. [7, 14-бет]
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ, бірақ, республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14-наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 25 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды.
Желтоқсан оқиғасы, көпшілікте мұны оқиға демей, көтеріліс деп бағалайық деген ұсыныстар да бар, барынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 210 партия мүшесінде әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 1300 адам жұмыстан босатылды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен босатылды.
Бұдан кейінгі қалыптасқан қоғамдық - саяси жағдай халықтың КОКП-ға, оның жүргізген саясатына сенімсіздік туғыза бастады. КОКП-нің XXVII съезінің қарсаңында сұраққа жауап бергендердің тек 18 пайызы ғана КОКП-ның жетекші саяси күш болып табылатынына нық сенімді болса, сұралғандардың басым көпшілігі партия органдарының «қарапайым» адамдардың мүдделерін қорғайтынына шек келтірді. Партия қызметкерлерінің беделі халық арасындағы беделді шаруашылық басшыларымен салытырғанда 4-5 есе төмен болды. Партия қызметкерлеріне деген жағымсыз көзқарас ай сайын өршіп, өсе түсті. Мұндай қоғамдық алаңдаушылықтың қайнар көздеріне азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының тапшылығы, қылмыскерлік, экономикалық жағдайдың нашарлығы, бағаның өсуі, ұлт аралық қақтғыстар жатты. Қалыптаса бастаған өмір шындығы КОКП-нің қоғамды басқаруға қабілетсіз екендігін, оның өзінің ішкі мүмкіндіктерін тауысқанын, сүәтіп апатты шекке дейін жеткенін көрсетті.
Елде іске асып жатқан демократиялық өзгерістер халық арасында ір түрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың кейіннен дамып өркендеуіне жағдай жасады. 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты, адан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», «Әділет», «Қазақ тілі», «Единство» қозғалыстары құрылды. Барлық қозғалыстар мен одақтар өздерінің негізгі мақсаты ретінде бостандық, әділеттілік пен азаматтық келісімді сақтау, тіл мен мәдениетті қайта өркендету иднһеяларын белгіледі. 1989 жылдың қарашасынан 1990 жылдың наурызына дейін Қазақстанда жалпы саны 103 тіркелген және тіркелмеген партиялар, қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер мен ьоптар құрылды. Мұндай процестер барлық республиканы қамтыды. 1990 жылдың көктемі мен жазында алдымен Балтық жағалауындағы үш республика, іле шала Грузия өздерінің тәуелсіздігін, КСРО-дан бөлініп шығатындықтарын жариялады, РКФСР Жоғары Кеңесі Ресейдің егемендігі жөнінде декларация қабылдады. 1990 жылы 25-қазанда КСР Жоғары Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
Осыдан кейін көп ұзамай, 1991 жылы Қазақстан Компартиясы таратылды, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Бұдан кейінгі кезеңде Қазақстанда әр түрлі деңгейде саяси партиялар құрыла бастады, олардың қалыптасуы мен дамуының қарқыны біркелкі болған жоқ. [15]
- Қайта құру және жеделдету бағытындағы саяси-экономикалық реформалардың алғышарттары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz