Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   


Тақырып :Ағылшын тілін оқыту әдістемесі

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
I.Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
1.1 Қазіргі кезеңде тұлғалық - бағдарлық бағыт шет тілін оқытудың жетекші ұстанымдары ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-11
1.2 Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-15
II. Шет тілін оқытудың дидактикалык, психологиялык және лингвистикалық қағидалары
2.1.Шет тілін оқытудың дидиактикалық принциптер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... . 16-22
2.2.Шет тілінің оқытуда психологиялық қағидалардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-26
2.3.Бастауыш сыныптарда шет тілін оқытудың лингвистикалық, қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады . Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз . Ағылшын тілін тереңдетіп, жан- жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәденитаралық қарым- қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады . Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалык және зияткерлік іс - әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр .
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие.Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне үйретеді.
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардын қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар коғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті .
Курстық жұмыстың мақсаты: Шет тілін оқытудың дидактикалық, психологиялық және лингвистикалык қағидаларының мәнін ашу
Зерттеу міндеттері :
-Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық қағидалардың маңыздылығын зерттеу
-Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда психологиялық және лингвистикалық қағидалардың маңыздылығын анықтау
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптарда шет тілін оқытудың дидактикалық , психологиялық және лингвистикалық қағидалары
Зерттеу пәні : Шет тілін оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау, сұрыптап, озық тәжірибелерді жинақтау, саралау мен қортындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
1.1 . Қазіргі кезеңде тұлғалық - бағдарлық бағыт пен қызметтік негіз шет тілін оқытудың жетекші ұстанымдары ретінде.
Нақты оқу үрдісінің маңызды функциясы мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір - бірімен қарым- қатынасын орнықтыратын ерекше түрде кұрастырылған қатынас немесе қатынастың ерекше түрі ретінде қарастыру қажет .Оқу үрдісі субъектілерінің бірлесіп келісілген қызметінің үрдісі ретінде көрінеді. Оқушылардың басқа тілде сөйлеу тәжірибесін меңгеруі мен жаңа мәдениет пен ұлттық құндылықтарды тануы осындай қарым - қатынастың нәтижесі болып табылады .Оқытумен тәрбиелеу мақсатында оқытушының оқушыға нысаналы ықпалы туралы 60-70 жылдарда педагогика ғылымының орнына білім берудің жаңа тұлғалық - бағдарлық тұжырымдамасы келді . Білім берудің тұлғалық - бағдарлық бағыты оның мазмұнын түбегейлі өзгертті,онда:
оқушылардың әлеуметтік тәжірибені, яғни қоғамда, нақты социумда қалыпты өмір сүруге қажетті білімдер мен шеберліктерді меңгеруге ықпал етуге;
мектеп оқушысының еркін ойлау қабілетін ынталандыруға;
мектеп оқушысының бойында дүниетанымды қалыптастыруға, тұтас әлем көрінісін жасауға, өз дамуын саналы жоспарлай білуін, соңғысының динамикасын түсінуге және өз бетінше оқуға үйренуін дамытуға;
оқушының бойында өзіндік дамуына ықпал ететін жеке басының әлем суретінің жасақталуын бақылау құралы ретінде ынта, әдет, жүйелеу білім алу қасиеттерімен қабілеттерінің жүйесін дамытуға тиіс. Шет тілді оқыту жүйесі жалпы білім беру жүйесінің бір элементі болғандықтан жоғарыда айтылғандар оған да қатысты . Тұлғалық - бағдарлық бағыт, оқушының тілдік тұлғасына бағыт ұстау шет тілді оқытудың негізгі ұстанымы болып табылады.
Оқыту ұстанымдары - оқыту үрдісінің сипатын анықтайтын негізгі қағидалар, олар таңдап алынған бағыт пен сол бағытка сәйкес жолдардың негізінде жасақталады .Оқытудың айқын жасалған ұстанымдары оқытудың қандай мазмұнын қалай іріктеп алу, қандай тәсілдер мен материалдарды пайдалану туралы мәселені шешуге көмектеседі.
Шет тілді оқытуды окушының бойында екінші тілдік қасиеттерін қалыптастыруға бағдарлау ұстанымы оның үйреніп жүрген мәтіндік қызметті жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын , өзге мәдениет пен социум өкілдерімен тең тұрғыда араласу қабілетін дамыту міндетін өзекті етеді .
Пәнді оқыту жүйесі оқушының тұлғасына, оның нақты сұрақтары мен ынтасына, дамудың социомәдени және жеке бағдарламаларына бағдар ұстанғанда ғана бұл қағиданы өткеру мүмкін болмақ.
Осылайша шет тілді тұлғалық бағдарлық оқыту мұғалімнің білім беру қызметін, сондай-ақ оқушының тіл үйрену қызметін қайтадан ой елегінен өткізуді қажет етеді.Оқушы оқу үрдісінің басты субьектісіне айналады.Мұғалім оқушыны мазмұнды меңгеруге қызықтыратын ынталандырушы модератор ролінде қалып қалмайды, әрі жәрдемші болып табылады .
Оқу үрдісі оқу материалының басымдылығы тұрғысына құрылмайды, оқу тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде оқушының қайнар көзі болып табылады . Осы қағиданы өткеру үшін тәжірибеге мақсатты білім мен шеберлікті жинақтау емес, әр оқушының тұлғасын өзі ұйымдастыртын және өткеретін механизмдерді қалыптастыру болып табылатын технологияны енгізу қажет.Әңгіме шет тілін оқытудың тілдік аспектілерінің тар шеңберімен мүдделері саласына шығу туралы болып отыр .
Тілді оқыту дегеніміз оқушының өзара байланысты коммуникативтік және мәдени дамуын ескертіп, мәдениетікке оқыту .
Тілді дамыту дегеніміз концептуальды жүйелер әлемінде тиісті айырмашылықтарды меңгеру .Тілдің көмегімен көрсетілетін әлем суретінің түп нұсқалылығын проблемасы ерекше мәнге ие болады . Шет тілді оқыту үрдісі баска ( өзге тілді ) тілдік қауымдастықтың нышандары көрінген коммуникация ( мәтіндік қызмет өнім ) бірлігі ретінде түпнұскалық инофондқоры мәтінге арқа сүйеуге тиіс . Мұндайда әңгіме әлеуметтік мәнді, арнайы мәдениет танымдық ақпарат жайлы болды, соны меңгергенде оқушы белгілі бір деңгейде өзге этномәдени қауымдастық өкілдерінің лингвокогнитивтік сипаттарына назар аудара алады, оның мәтіндік қызметін түсініп, өзінің төл мәдениетін жақсырақ сезінеді.Оқыту үрдісі сөйлесу деңгейінде оқушылардың енжарлығын болдырмауға тиіс, демек коммуникативтік қызметті өз бетінше жүзеге асыру қабілетін дамытуға тиіс.
Соңғысы оқыту үрдісіне тежеусіз меңгеру мүмкіндігін береді, сөйтіп оны барлық жағынан екінші тілді табиғи тілдік жағдайда меңгеру үрдісіне жақындатады.Сөйтіп құр еліктеуден гөрі оқытудың мазмұнды аспектілеріне екпін түсіретін және ойлау жүктемесін мәнді ететін оқытудың шығармашылық, әлеуметтік түрлерімен тәсілдері басым түседі.
Оқушылар мен сол тілде белсенді қарым - қатынас орнағанда ғана шығармашылықпен айналысуға үйренуге болады .Сондықтан бірінші кезекте тіл жүйесін меңгеруге бағытталған қатынас амалдар оқу үрдісінің субъектісі - оқушы мен оқыту үрдісіне іскерлік сипат берушілерді біріктіретін оқытудың жаңа, интерактивті түрлерімен алмастыруға тиіс.
Шет тілді оқытумен үйренудің тағы бір ұстанымы пәнді оқытудың қызметтік негізі оқушының сыртқы және ішкі ( ойлау ) белсенділігімен байқалады. Сөйлеу белсенділігін тек мұғалім танытып, ал оқушы сұрағанда ғана белсенділік көрсететін дәстүрлі жаппай жұмыс оқытудың дербес, топтық және ұжымдық түрлерінің пайдасына қысқарды . Нақты тілдік қатынас жағдайын ынталандыратын тәсілдерді пайдалануға тиімді болып табылады.
Оқушы саналы (ойлайтын) және жеке (дербес ) қызмет істейтін индивидум ретінде оның сөйлеу қызметі ( тілді меңгеруде ) тілді меңгеру мен сол тілде араласуды жалпы, үнемі өзгеріп отыратын сөйлеу тәжірибесінің ықпалында болды.Олай болса оқу үрдісі әр оқушының бойындағы іскерлік қабілетін, білімі мен сөйлеу тәжірибесін, әсері мен көңіл - күйін белсендіруге және осы тұлғалық қасиеттерін дамытуға тиіс.
Сондықтан оқу үрдісін оқушы белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешетіндей, қажеттілікті сезінетінде және өз ойын жүзеге асыратындай мүмкіншілікке ие болатындай, яғни өз ойынан жұмыс істей алатындай етіп құру керек .Айтылымды мәтіндік қызмет деңгейінде түпнұсқалық жағдай шегінде тудыру және түсіну қабілетіне оқыту басты назарда болуға тиіс .
Шет тілін меңгеру үрдісі көбіне шет тілдер жүйелерінің арасындағы айырмашылықтан гөрі оқытудың жеке алғы шарттарына қатысты. Тілдің екі жүйесін салыстыруға әдістемелік сілтемені оқушының еркін сезінуіне ықпал ететін оқытудың мазмұны мен технологияның пайдасына қысқартқан жөн.Оқушылыр тілді үйрену мен сол тілде сөйлесудің, оқи алудан бастап өз тілдік құралдарды пайдаланумен қиын жағдайдан шыға білуге түрлі стратегиялар мен технологиялар мен меңгеруге тиіс, яғни ол :
- оқушының жеке басына, оның нақты сұраныстары мен уәжіне, социомәдени дамуына, жеке бағдармаларына бағытталса;
- оқушы ең алдымен өзіне қатысты жеке үрдісті сезінсе;
- мұғалім әр оқушының оқуға құлшынысын дәл тауып, оны тілді ойдағыдай меңгеруге бағыттай білсе ;
- іскерлік, шығармашылық сипатқа ие болса;
- пәнді меңгерудің қисындылығын мен жүйелілігіне емес, оқушының жеке басын дамыту қисынына , ішкі жан - дүниесіне бағытталса
- оқушылардың өз белсенділігін танытуына, бір - бірімен орналасқанда қуаныш, қанағаттанғандық сезінуге, сабақ оқуға қажеттілігінің бәріне ынталандырса,
- ана тілі мен шет тілі жүйелерінің арасындағы айырмашылыққа емес, оқыту мен оқыту жағдайларының жеке алғы шарттарын ескерсе, оқушылардың оқу кезінде шет тілді меңгеру үрдісі табысты болмақ.
Оқыту мазмұнына келер болсак, оқытушы ( мұғалім қызметі ) мен оқу материалын қолға алғандардың ( оқушы қызметі ) өзара байланысты қызметі сиякты категориялармен арақатынаста болмақ.
Шет тілді оқыту мазмұны көп компонентті, оған мыналар енеді:
- коммуникативті қызмет салалары, тақырыптар, жағдайлар, коммуникативті және әлеуметтік рольдер, сөйлеу қызметі мен сөз материалы ( мәтіндер, сөйлеу үлгілері және т.б.);
- тіл материалы, оны рәсімдеу ережелерімен қолдану дағдылары ;
- қатынас құралы ретінде, ішінде интермәдени жағдайларда шет тілді тәжeрибелік меңгеру деңгейін сипаттайтын арнайы ( сөйлеу ) шеберлік кешені ;
- оқып жүрген тіл ұлттық - мәдени ерекшеліктерімен ақиқаттарын білу жүйесі;
- оқу кезінде тілді меңгеру мәдениетімен сол тілде сөйлейтіндермен қарым-қатынас мәдениетін қамтамасыз ететін ой еңбегінің ұтымды тәсілдері, оқу және орнын толтыру шеберліктері.
Шет тілі мазмұнының негізгі компонентерінің сипаттамасына қысқаша тоқталайық .Сөздің тиісті типтері өткізілетін қатынас саласы , яғни тілді практикалық қолдану саласы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тиісті салаларында талқыланатын пәнді құрастыратын тақырыптардың жиынтығын көрсетеді. Бұл аталған шеңберінде сабақта қарастыру нысаны бола алатын тақырыптар мен тақырыпшалардың шеңберін анықтауға негіз болды. Бұл жерде әңгіме тақырыптарды шоғырландырап қарау , мәтін оқу үрдісінде бір тақырыпты оқытудың әрбір келесі кезеңінде оқушының жасына қарай өзекті проблемаларды қосу нәтижесінде тереңдетіп , кеңейту мүмкіншілігіне жайлы болып отыр .
Тілдік қатынас құралдарын ( солдер , грамматикалық құбылыстар және т.б. ) және сол кұралдарды меңгеру дағдыларын білмейінше коммуникативтік шеберлікті дамыту мүмкін емес . Сондыктан шет тілді оқыту мазмұнына , тілдік білім ( тіл бірліктерін ойлы айтылымға айналдыратын жүйелер , ережелер ретінде үйренетін тілдің негізін , мәні түрлі тілдерде түрліше айтылатын ұғымдарды білу ) мен тілдік дағдылар енгізілді . Олар тілдік материалдың барлық түрлерін фонетикалық , лексикалық , грамматикалық оқытудың әрбір сатысы үшін алынған шағын көлемде оқытудың ойдағыдай пайдалану , сол сияқты белгілі бір коммуникативтік пиғылды ( тандануды , наразылыкты , ортақ іске шақыруды және т.б. ) білдіретін әдетті сөйлеу формулалары мен сөз формуларын қолдану қажет.
Шет тілін оқыту мазмұны оқушыларды сөз қатынасының жаңа тәсілін ғана емес , сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін , оқылатын тіл елінде сөйлеу дағдысының ұлттық -мәдени ерекшелігін білуге бағыттап отыруы керек . Ол оқушының бойында басқа қоғамның қазіргі өмірінің , тарихы мен мәдениетінің түрлі салалары туралы түсінік қалыптастыруға тиіс . Мұндайда оқушыларға тілді сол қолданыстағы елді мекендеген халықтардың мәдениеті арқылы пәнді оқытудың алғашқы қадамынан бастап үнемі жүзеге асыруға тиіс . Осыған байланысты социомәдени білім , эквивалентсіз лексиканы , оқылатын тіл елінде қабылданған мінез - құлық этикетін , георграфиялық , табиғат - ауа райы , саяси ерекшеліктерін , сол елдің тарихынан негізгі мәліметтерді , шетелдік құрдастарының өмірін , ұлттық дәстүрлерін , мерекелерін білу , оларды өз тәжірибесімен салыстыра білу өзекті болмақ . Шет тілді оқыту мазмұнының социомәдени компонентінің мәні бөтен өмір салтын жарнамалау емес,оқушылардың жалпы , әлеуметтік , мәдени дүниетанымын кеңейту , оларды саналы және зияткерлік қызметке , өз социумы мен басқа мәдениет өкілдерінің мінез - құлық ерекшеліктеріне төзе білуге ынталандыру.
1.2 . Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері .
Оқу үрдісінің сапасы мұғалімнің кәсіби шеберлігінен де , оқушының оқу пәнінің міндеті мен мазмұнын түсініп қабылдауына да тең дәрежеде катысты.Оқушы сөйлеу дағдысы мен әдеттері меңгеру қызметін тиімді де нәтижелі кұруға , оқушылармен , мұғаліммен дұрыс қатынас орнатуға , кітаппен жұмыс істеуге үйренуге тиіс.Сондықтан оқушының тіл үйрену стратегиясын құрайтын оқу шеберлігі шет тілді оқыту мазмұнының маңызды компоненті ретінде айрықшаланып тұрады . Оған жататындар :
Зияткерлік үрдістермен байланысты шеберліктері :
- шет тілдегі тілдік құбылыстарды қадағалау, шет тілімен ана тіліндегі тілдік құбылысты салыстырып, салғастыру .
- белгілі оқу міндетіне сәйкес қажетті ( елеулі ) негізгі ақпаратты іздеп, табуды жүзеге асыру .
- ақпаратты алдын ала білу, естігенді, оқығанды бағалау .
- хабардың негізгі мазмұнын тіркеу.
- хабардың негізгі идеясын тұжырымдау ( ауызша , жазбаша )
- жоспар жасау , тезисті тұжырымдау .
Оқу қызметін ұйымдастырумен және корреляциясымен байланысты шеберліктер :
- түрлі режимдерде ( жеке, қос- қостан , топпен) жұмыс істеу;
- анықтама материалдарын пайдалану;
- өз іс - әрекетіңді бақылау, оны объективті бағалау ;
- мұғалімнен , жолдастарынан қосымша түсінік беруді өтіну .
Орнын толтыру шеберліктері
- лингвистикалық және контексуалды болжамды, сөздіктерді , мәтінде әр түрлі тіректерді пайдалану ;
- сұхбаттасушының сөзін қайталап немесе өзгертіп айтып , оның айтқанын түсінгені дəлəлдеу .
- әңгімені басқа тақырыпқа бұру .
Шет тілді оқыту мазмұнына сондай - ақ пәннен және оны меңгеру үрдісінен туынданған эмоциялық қызметте енеді.Өзара қатыстылығынан оқыту мазмұнын кұралатын оқыту жүйесінің үш маңызды элементі : оқу материалы мұғалім - оқушы . Оқу материалы мұғалім қызметінің ынта - қажеттілік саласына ықпал етіп оның тұлғасы, шығармашылық тәжірибесі, эмоциональды саласы арқылы оқушыға , оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.
Ауызша және жазбаша қарым - қатынасқа үйрету
Ауызша және жазбаша қарым - қатынас төрт түрлі сөйлеу қызметі аркылы іске асырылады . Олар: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу. Бұларды оқыту, бір - бірімен байланыстырумен іске асырылады, бірақ әрқайсысына жеке - жеке көңіл бөлу қажет.Олардың кез - келген түрін іске асыруда бірдей психикалық процесстер мен психолингвистикалық заңдылықтар негізін табады . Шынайы қарым - қатынас кезінде адам кез - келген мәтінді оқып, оны таңдайды, және осында әр түрлі керекті ақпаратты еске сақтау және қайта жаңғырту үшін қандай да бір тірек конспект жазу керек . Яғни, бұл қарым - қатынас түрлерінің арасында байланыс жатыр және үлкен олардың арасына шекара қою мүмкін емес.Сондықтан оқу процессінде сөйлеу мен жазбаша және ауызша мәтіндерді түсінуге үйрету тығыз байланыста үйрету керек, және керісінше мәтінді оқып, тыңдағаннан кейін окушылар бұл мәтіннің мазмұнын айтып бере немесе жазып бере алады . Оқу, сөйлеу, тындау және жазуды дифференциалды үйрету кезінде продуктивті және рецептивті материалын таңдау үлкен көңiл қажет етеді. Рецептивтік және продуктиттік ауызша іс- әрекеттің ерекшілігін ала отырып ауызша және жазбаша қарым - қатынас кезінде де дұрыс жаттығулар таңдау керек . Қазіргі кезде қарым - қатынас келесі түрде түсіндіріледі . Қатысушы адамдардың белсенділігі кезінде қандай да бір белгілер ( сонымен қатар тіл белгілері ) көмегімен өзінің серіктестік қоғамын кұрайды. Осыған байланысты қарым - қатынастың маңызды мінездемесін табуға болады:
1 ) кез - келген қатынас қандайда бір мотив пен мақсаттан басталады , яғни кез келген нәрсені айтуда, тыңдауда, жазуда қандай да бір мақсат бар. Негізінен қарым - қатынас- бұл себебі бар мақсатты процесстер жиынтығы және бұл жиынтық адамның басқа адамдар мен қарым - қатынас жасауында көмек болады . Оқу процессінде негізінен окушының ауызша емес іс - әрекеттерінің қарым - қатынастың құралын және қызметін үйрететін себептер тудыру керек . Оқушы өзінің ауызша және жазбаша емес іс - әрекеттерінің себебін жақсы түсіне білу керек . Ол сөйлеген кезде және сөйлем құрағанда, мәтін оқу кезінде қандай нәтиже күтіп тұрғанын алдын ала сезе білуі керек ;
2 ) Қарым - қатынас дегеніміз- кез - келген мақсатты игеруге көмектесетін жай ақпараттар алмасуы емес, бұл – оқушылардың мақсатында тілдік емес мазмұны бар, бір - бірімен тығыз байланысу процессі . Және бұл жерде тіл бұл байланысты жүзеге асыруға көмектесетін құрал. Сондықтанда шетел тілін оқытуда оқушылар арасында тек қана коммуникативтік қызмет емес,сонымен қатар заттың коммуникативтік процессті қарым - қатынасы болу керек .
3 ) Адамдар арасындағы белсенді қарым - қатынас өзінің арасындағы бір бірімен түсіну мен бір - бірінің әсерімен ерекшелінуі мүмкін . Бірақ ауызша қарым-қатынас процессі әр кезде де түсінушілікті бола бермейді . Бір – бірін түсінуге оқушылар арасында әлеуметтік және психологиялық кедергілер бөгет жасауы мүмкін .Ал мәдениеті әр түрлі оқушылар арасында мәдениетті кедергілер бөгет жасайды.Әлеуметтік бөгеттер дегеніміз мәдениеттің әр мәдени бөгеттерге оқушылар арасындағы әр түрлі мәдени дәстүрлер, әдете , түрлілігі . Психологиялық факторлар - оқушылар арасындағы келіспеушілік сонымен қатар шаруашылықтың өзгешілігі жатады . Сондықтанда оқу процессі кезінде оқушыларды шетел тілінде тек қана дұрыс сөйлемдерді құру емес,тілді тасушылармен жасай білу керек.Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсаттарын игеру, мәдениет аралық қарым - қатынасты дамыту, тек қана осы шарттармен жүзеге асырылады , бұл дегеніміз оқыту, мақсатқа жету құралы болып қарым - қатынас саналады .

II. Шет тілін оқытудың дидактикалык , психологиялық және лингвистикалык қағидалары
2.1.Шет тілін оқытудың дидактикалык принциптері
Ағылшын тілін оқытудың негізгі дидактикалык принциптерінің бірі оқу - тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылыгы .
Сонғы кезде білім беру үдерісінде жеке тұлғаға бағытталған тәлім тәрбие мәселесіне үлкен ден қойылуда.Себебі қоғамның бүгінгі қарқынды дамуы әр істе белсенді әрекет жасай алатын жаңа ұрпақ адамын қалыптасуына тәуелді болып отыр.Яғни жаңа дамып келе жатқан қоғамға жаңа білім алған , жаңа тұрмысқа, жаңа еңбек түрлеріне, жаңа қатынастарға бейімделген, өз бетінше шығармашылық қабілет - қасиеттерін дамыта алатын,өзінің мүмкіндіктерін бағалай білетін және оларды қалыптасқан қатынастар жүйесінде іске асыра алатын тұлға қажет.
Ендеше оқу - тәрбие үдерісінде жеке тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың және жетілдірудің теориялық негіздері мен технологиясына ғылыми тұрғыдан талдау жасалынып,оны шешудің жолдары көрсетіліп,жаңа міндеттері айқындалып жатыр деуге толық негіз бар . Оған тағы бір дәлел көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде тәлім - тәрбие берудің мақсаты ретінде тұлғаның дамуын ерекше атап көрсеткенін де атап өтуге болады . Бұл еңбектерде жеке тұлғалық бағыттылықты жасау және қалыптастыру туралы жалпы зерттелген пікірлер біріктіріліп бірқатар принциптердің жүзеге асуына яғни тұлғаны қалыптастыру, дамыту идеясын ,гуманизмнің жалпы адамдық принципін педагогикалық қатынастардың демократизациялау принципін , тұлғаны дамытудағы ішкі өзін - өзі жөнге салу механизмін қолдану және күшейту аңсарын қалыптастыруға байланыстылығы негізделген .
Тұлғаны қалыптастыруда әрбір пәннің жеке алатын орны бөлек . Әсіресе гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері зор. Себебі гуманитарлық пәндер адамзаттың білім байлығының және оның өмірлік тәжірибесінің сақтаушысы осылый табылады. Соның ішінде шет тілі де осы гуманитарлық пәндер циклындағы маңызды пәннің бірі болып саналады . Шет тілін оқытуда тұлғалық бағыттылықты қалыптастыру тәсілінде оқушының тікелей іс- әрекеті, оның көзқарасы , сабақтағы және сабақтан тыс қызығушылығы және бейімділігі,сабақ кезіндегі қарым - қатынасты ұйымдастыруда ескеріледі.Шет тілін оқыту ерекшелігі оқу тақырыптарын өту мақсатында ғана құрылмайды,ол өмірдегі белгілі бір проблемаларды талқылауға арналады.Яғни оқушылар шет тілін оқу үдерісінде өздерінің жеке істерін, қылықтарын, күнделікті сыныптағы, мектептегі,туған ауылындағы,қаласындағы,еліндегі және әлемде болып жатқан жағдайларға өз ойын , пікірін білдіріп және өз ойын дәлелдеуі керек . Ол үшін мұғалім сабаққа қолайлы психологиялық климат жане жағымды көңіл күй калыптастыруға жағдай жасауы тиіс.Релаксация , тілектестік қарым - қатынас атмосферасында жүргізілген оқытудың тұлғаның жан - жақты ашылуына көмектесетіндігін,оқушыға түсетін психологиялык кедергіні,яғни ұялшақтықты,ынжықтықты өзіне деген сенімсіздікті жеңуіне мүмкіндік беретіндігін белгілі Ресей ғалымдары В.П.Кузовлев, В.С.Коростелев, Е.И.Пассовтар атап өткен [ 14 ] . Олай болса оқушы шет тілін тек қарым - қатынас құралы ретінде ғана қабылдап қоймауы керек, ол шет тілі пәнінің адамда әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізетін үлкен мүмкіндігін де білуі тиіс . Бұл орайда біз И.Л.Бимнің шет тілін үйрену арқылы оқушылар қарым - қатынас жасауда жаңа құралдарды меңгереді , әлем терезесіне еркін үңіліп әлемдік мәдениетке , өзі тілін үйреніп жатқан елдің мәдени құндылықтарына , оның тарихын, ел тану, ғылым, әдебиет, өнерін білуге еркін қол жеткізе алады деген пікіріне толық қосыламыз .
Шет тілін оқыту арқылы тұлға дамуын жетілдіру мәселесі көптеген ғалымдар В.А.Артемов , Б.В.Беляев , И.Л.Бим , И.Н.Верещагина , Н.И.Гез , А.А.Леонтьев , А.А.Миролюбов, Е.И.Пассов, Г.В.Роговалардың еңбектерінде жан - жақты қарастырылып, оның тұтас концепциясы жасалған. Яғни, оқу процесінде оқушылардың әртүрлі деңгейін ескере отырып өзара әрекеті жүзеге асыратын, тұлғаның дамуына бағытталған концепция жасалған. Бұл концепцияда ғалымдар шет тілін оқыту жаңа мағлұмат беруге ғана емес, оқытудағы ойланудың жаңа формасын,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын менгеруге, қойылған мақсаттың ең тиімді жолдарын талдауды , іс - әрекет процесінде өзін - өзі бақылауды және өзін - өзі түзетуді жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп берген . Осы тұрғыдағы көзқараста И.С.Якиманскаяның да пікірі қызығушылық туғызады . Ғалым Ілім тек мағлұмат емес, бұл оқушы үшін жеке мағынаға , құндылыққа , қатынасқа толық субъектілік әлемді мағыналык жағынан аңдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Мәдениаралық құзыр
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Бақылау функциялары
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Шетел тілінің лексикалық дағдыларын оқыту технологиялары
Шет тілін оқытудың принциптері
Пәндер