Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Білім беру коды және бейіні: 0100000 Білім беру Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру Біліктілік: 0105104 - Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр

пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Орал -2018

1

2

Құрастырғандар:

Ахметова З.Е. - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің Ағылшын тілі кафедрасының жоғары санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы

Амандыкова Г.Н. - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің Ағылшын тілі кафедрасының жоғары санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы

Сарапшылар: 1 Доукариева Ұ.К - профессор, филология ғылымының кандидаты, ҚР Ағылшын тілі оқытушыларының ұлттық Ассоциациясының вице-президенті (NATEK) , Батыс Қазақстан Инновациялық Технологиялық Университетінің Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының жетекшісі

2. Мұхтарова Ш.Е. - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты ағылшын тілі пәні оқытушысы;

Бұл кешен 0100000 Білім беру 0105000 Бастауыш білім беру мамандығы 0105104 Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр біліктілігі бойынша оқитын студенттер мен ағылшын тілі пәні оқытушыларына арналған.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жанындағы Білім бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік отырысында қаралды және мақұлданды. 2018 жылғы 10 желтоқсандағы No7 хаттама.

ОӘБ төрағасы: С.М.Бахишева

УДК811.111 ББК81.2 Англ922

ISBN 978-601-292-253-0

3

Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

Нұсқау блогы Кіріспе 4 Үлгілік оқу бағдарламасы 5-15 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 16-21 Теориялық блок Дәрістер жинағы 22-90 Практикалық блок Көрнекі-иллюстративті материалдар 91-94 Бағалау-диагностикалық құралдары және бақылау- өлшеуіш материалдарының блогы Ағымдық бақылауға арналған сұрақтар тізімі 95 Сынаққа арналған сұрақтар тест тапсырмалары 97-98 Білімді тәуелсіз бақылауға арналған тест сұрақтары 99-152 Тест тапсырмаларының жауаптары 151 Әдістемелік блок Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар 154-177 Студентке арналған әдістемелік нұсқаулар 178-180

4

НҰСҚАУ БЛОГЫ

Кіріспе Бұл оқу-әдістемелік кешен 0100000 Білім беру 0105000 Бастауыш білім беру мамандығы 0105104 Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр біліктілігінің Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері пәнінен оқу бағдарламасы бойынша жоспарланған. Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері пәнінен жасақталған бұл оқу-әдістемелік кешен педагогикалық колледждің студенттеріне арналып жасалған. Пән бойынша барлығы оқу сағаты - жалпы орта білім базасында -60, соның ішінде теориялық - 36 сағат, практикалық -24 сағат

Курстың мақсаты: оқытудың заңдылықтарын, мазмұнын, мақсатын, әдіс- тәсілдерін зерттеп, соның нәтижесінде студенттерге ағылшын тіліндегі фонетика, лексика, грамматика салаларын оқыту әдістемесімен қаруландыру және логикалық ойлау, дербестіктің және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту, білімді тиімді қолдану арқылы қәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

Курстың міндеті: білімді тиімді қолдану арқылы қәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру,ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабылетін дамыту, заман талабына сай құзыретті шетел тілінің маманын даярлау.

Оқыту әдістемесі: бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін шет тілі сабағының құрылымы туралы білімді меңгерту, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану . Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне сай проблемалық, деңгейлеп- саралай оқыту, оза оқыту, ойын, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану ұсынылады.

Берілген пән Шетел тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері, Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру., Шетел тілінде тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу арқылы қарым - қатынас жасауға үйрету, Негізгі мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру бөлімдерінен тұрады.

Білім алушылардың Ағылшын тілі практикумы, Ағылшын тілі тарихы, Стилистика, Пратикалық грамматика, Практикалық фонетика, Елтану пәндері бойынша алған білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.

Пәнді педагогика, этнопедагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, педагогикалық зерттеу әдістері, тарих, мәдениеттану, пәндерімен байланыстырып оқытуға болады. Оқу-әдістемелік кешен нормативтік блоктан: кіріспе, үлгілік оқу бағдарламасы, теориялық блоктан: дәрістер жинағы, практикалық блоктан: практикалық сабақтар, көрнекі-иллюстративті материалдар, глоссарий, бағалау-диагностикалық құралдары және бақылау-өлшеуіш материалдары-ның блогынан: ағымдық бақылауға арналған тест тапсырмалары, сұрақтар тізімі, сынаққа арналған сұрақтар тізімі, тест тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар тізімі, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар, білім сапасын тәуелсіз бағалауға берілген тест тапсырмалары мен жауаптары, әдістемелік блоктан: оқытушыға арналған әдістемелік нұсқаулар, студентке арналған әдістемелік нұсқаулардан тұрады.Оқу-әдістемелік кешен теориялық және практикалық жұмыс материалдары Интернет қорларынан алынып аударылды.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері пәнінен оқу- әдістемелік кешен жасақтауда 0100000 Білім беру 0105000 Бастауыш білім беру мамандығы 0105104 Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр біліктілігі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім стандарты, білім беру

5

бағдарламасы, " Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері " пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы пайдаланылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері

(мамандық бойынша пәннің атауы)

0100000 " БІЛІМ БЕРУ"

0105000 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың коды және бейіні)

Орал 2016

6

1 Түсіндірме жазба Оқу жоспары мен білім бағдарламасын құрастыруда ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы No484 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі No152 бұйрығымен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы No553 бұйрығымен бекітілген 0105000 Бастауыш білім беру мамандығы бойынша өзектендірілген типтік оқу жоспары мен бағдарламасы және 5В010200 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы қолданылды.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері пәні бойынша осы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖМБС 04.05.158-2010ж) сәйкес 0100000 Білім беру 0105000 Бастауыш білім беру мамандығы 0105104 Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр біліктілігі бойынша әзірленген.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздерінің мақсаты - оқытудың заңдылықтарын, мазмұнын, мақсатын, әдіс- тәсілдерін зерттеп, соның нәтижесінде студенттерге ағылшын тіліндегі фонетика, лексика, грамматика салаларын оқыту әдістемесімен қаруландыру.

Пәннің міндеті: логикалық ойлау, дербестіктің және творчестволық қабілеттіліктерді дамыту; білімді тиімді қолдану арқылы қәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәріс, семинар, практикалық сабақтар және басқалар.

Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты жаңа педагогикалық модульдік, несие, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, деңгейлеп- саралап оқыту, түсіндірмелі-оза оқыту және сөздік, пікірсайыс, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, оқу материалын модульдеу, топтық, жұптық жұмыстар және проблемалық, т.б. оқыту әдістерін пайдалану.

Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады. Үлгілік оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: ағылшын тілі практикумы, практикалық грамматика, практикалық фонетика, үйден оқу.

Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика; жаңа педагогикалық технологиялар; ағылшын тілінің практикумы; практикалық граматика.

Осы үлгілік бағдарлама Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері пәнінен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

- кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;

7

- бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);

- бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;

- жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған құзыреттер

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет. Кәсіби: КҚ 4. Топ жетекшісінің қызметін, жұмыс мазмұнын, оқушылар ұжымын диагностикалау әдісін білу.

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар біледі: - топ жетекшісінің қызметін; - оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін; - тәрбие жұмысының мазмұның;

істей алады: - тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін қалыптастыруды; - оқушылар әрекетін жобалауды; - ұйымдастырушылық қабілетін дамытуды; дағдысын қалыптастырады - тәрбие жұмысын жүргізуден;

құзыретті: - оқушы ұжымын диагностикалау әдісін меңгеруден. КҚ 7. Оқу-бағдармалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, шет тілі оқулықтары мен оқу- әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.

біледі: - оқу-бағдармалық құжаттарын жасақтауды; - оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын; - шет тілі пәнінің оқулығының мазмұнын; - жаттығулар жинағының құрылымын; меңгереді: - шет тілі оқулықтарына сәйкес сабақ жоспарын құрастыруды; - оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жүргізуді; - берілу ретін сақтай отырып, оқу-бағдарламалық құжаттарды өңдеуді; дағдысын қалыптастырады -шет тілі оқулығымен жұмыс істеу; құзыретті: - шет тілінен оқу-бағдармалық құжаттар жасақтауға; - оқу-әдістемелік құралдарын жоспарлауға. Арнайы АҚ 1. Арнайы-кәсіптік білімді, шетел тілі оқыту формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу -әдістемелік кешенді

біледі: - грамматиканы оқытуды және әдістері мен тәсілдерін; - оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалауды; - шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін; - мектепте шет тілін оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін;

8

қолдана білу. - мектептегі шет тілі сабағының ойын әрекетін

ұйымдастыру әдістерін; меңгереді: - факультатив сабақтарын және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды; - шет тілі сабағын өткізуді; - оқытудың негізгі принциптерін анықтауды; - сабақты ұйымдастыруды; - ойын әрекетін ұйымдастыруды; дағдысын қалыптастырады -оқу-әдістемелік кешенді қолдана білу:

құзыретті: -ағылшын тілін негізгі мектепте оқытуын ұйымдастырудан. АҚ 3. Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру.

біледі: - лексиканы оқытуды: - грамматиканы оқытудың әдістері мен тәсілдерін; - шет тілі сабағының құрылымын; - дыбыстар құрамының мемлекеттік тілден айырмашылығын; меңгереді: - шет тілінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды; - әңгіме құрастыруды; - шығарма жазуды; - мақала жазуды; - реферат жазуды; дағдысы қалыптастырады: -шет тілінің әдістемесін меңгеру; құзыретті: - шетел тілін оқыту әдістемесінің жаңа педагогикалық технологияларын қолдануға. АҚ 4. Мұғалім мен оқушының портфолиосының мазмұнын жинақтау (жинау) әдістерін меңгеру.

біледі: - оқушы портфолиосының құрылымын; - сабақты талдау үлгісін; - оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау нормаларын; - факультатив сабақтарын ұйымдастыру кестесін; - сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлерін; меңгереді: - шет тілі сабағының жоспарын құруды; - күнтізбелік және тық жоспар құруды; - ойын әрекетін ұйымдастыруды, негізгі мектепте шет тілі сабағында АҚТ-ны қолдануды; дағдысын қалыптастырады: -оқушы портфолиосын жинақтауға;

құзыретті: - негізгі мектепте ағылшын тілінен оқыту жоспарын құрудан; - шығармашылық жұмыстар дайындаудан; АҚ 5. Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру.

біледі: -оқыту процесінің психологиялық түйінін;

9

-шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқушылардың пәнге қызығушылық формасын; -оқыту ақпаратын логикалық құрастыру тәсілдерін; - қазіргі ақпараттық ресурстарды ; істей алады: - ақпарат жинақтау, талдау және жүйелеу; - оқу ақпаратын іздеу ; - қазіргі АКТ негіздерін шет тілі сабағына енгізу; дағдысын қалыптастырады - Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін пайдалануға; құзыреті бар: -оқыту әдісінің мазмұнын білуге - оқытудың инновациялық технологияларын меңгеруге; - қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға. АҚ 7. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.

біледі: - оқытудың оқу-танымдық іс-әрекетінің педагогикалық диагностикасының теориясын; - білім сапасын бағалаудың көрсеткіші мен критерийлерін; - АКТ қолдану арқылы білім сапасын анықтау; меңгереді: - оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нәтижесін анықтауды; - оқушының жеке тұлғасын зерттеуді; - АКТ арқылы оқушылардың үлгерімін талдауды; - білім сапасының диагностикасын анықтауды; дағдысын қалыптастырады: - оқу сапасының мониторингін жүргізе білуге; құзыретті: -шығармашылық өзара қатынастардың жаңа нысандарын іздестіруге; - тестілеуші және бақылаушы бағдарламаларды құрастыруға.

10

ТЕОРИЯЛЫҚ БЛОК

Дәрістер жинағы

Лекция No1 Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің теориялық негіздері Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы Мектепте оқытылатын барлық пәндердің әдістемесі сияқты шетел тілін оқытудың да өз әдістемесі бар. Шетел тілін оқыту әдістемесі - шетел тілінің оқыту заңдылықтарын, жолдарын, үйретудің тиімді әдіс - тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым. Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі - шетел тілін бастауыш сыныпта оқытудың заңдылықтарын, мазмұнын, мақсатын, принциптерін, әдіс-тәсілдерін, сөйлеу әрекетінің түрлерін, бастауыш сыныптағы шетел тілі сабағы, оқытудың құралдары сияқты мәселелерді оқытады.

Шетел тіліне үлкен көңіл бөлініп жатырған қазіргі кезеңде оқушыларға шетел тілін жоғарғы дәрежеде үйрету арқылы, оқушылардың үйретілген грамматикалық материалдар мен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін орынды пайдаланып шетел тілінде қарым - қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру - шетел тіліне оқыту әдістемесінің басты мақсаты болып табылады. Шетел тілін оқыту әдістемесінде мектепте шетел тілін оқытудың мақсат - міндеттерін анықтай отырып, осы мақсат - міндеттерге жету жолында оқыту процесінде пайдаланылатын тиімді әдіс - тәсілдер, жаңа технология мен стратегиялардың түрлері қаралады. Сонымен қатар, шетелтілін оқыту принциптерінің түрлері, олардың әрқайсысының зерттеу объектілері, оқыту құралдары, оның негізгі және қосымша түрлеріне жеке - жеке анықтама беріледі. Шетел тілін оқыту әдістемесінің мақсаттары барлық басқа пәндермен тығыз байланыста орындалып отырады, әр сыныпта оқытудың мазмұны анықталады.

Шетел тілі сабағының құрылымы, кезеңдері, әр кезеңге берілетін уақыт т. б мәселелер шетел тілін оқытудың негізгі объектілері болып табылады.

Методика (әдістеме) - сөзі грек тілінің (metodid ) жол деген ұғымды білдіретін сөзінен шыққан термин. Методика белгілі бір пәннің оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Шетел тілі методикасы бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін баяндайтын ғылым болып табылады. тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі - шетел тілін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсат - міндеттерін, принциптері мен әдіс-тәсілдерін, сабақ түрлерін, сабақта әдістер мен технологияларды қолдану жолдарын практикалық тұрғыдан студенттерге саналы түсіндіретін ғылым. Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін теориялық және практикалық даярлауды қамтамасыз етеді. Ол әзірлік лекция, семинар, практикалық сабақтарда, педагогикалық машық кезінде, курстық және дипломдық жұмыс жазу кезінде іске асырылады.

Бағдарлама балаға нені оқыту керек екендігін көрсететін болса, әдістеме соны қалай оқытқанда тиімді болатынын анықтайды. Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады? Қандай мақсаттар қойғанда қандай нәтижеге қол жеткізуге болады? деген мәселелерді шеше отырып болашақ шетел тілі мұғалімінің бойында кәсіптік құзыреттілікті (оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныса отырып тілді үйрету қабілетінің болуы), коммуникативтік құзыреттілікті (үйренген тілді сөйлеуде қолдану қабылеті) қалыптастырады.

Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің алдында үлкен міндеттер қойылды. Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің заңдылықтарын білу үшін көптеген теориялық және практикалық ғылымдармен таныс болуымыз керек. Шетел

11

тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі педагогика, лингвистика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Педагогика - жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөнiндегi ғылым. Әдiстеме ғылымында да оқыту және оның әдiстерi негiзгi қағидалар болып табылады. Шетел тiлiн оқытуды үйрену үшiн педагогиканы бiлу шарт. Педагогиканың бiр саласы дидактика деп аталады. Дидактика - мектепте оқытудың негiзгi жолдарын зерттейдi.

Әдiстер - белгiлi бiр тақырыпты оқытудың жолдары. Шетел тiлiн оқыту әдiстемесi, математиканы, тарихты оқыту әдiстемелерi сияқты дидактиканың негiзгi қағидаларын қолданады және оны байытады.

Мыс: "көрсету" принципi тұңғыш рет шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнде қолданылды. Қазiр ол дидактиканың негiзгi принциптерiнiң бiрiне айналды және басқа да пәндердi оқытуда да қолданылады.

Шетел тiлiн оқыту дегенiмiз - оқушыда тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысы мен бiлiктiлiк қалыптастыру. Шетел тiлiн оқытуда психологияның негiзгi қағидаларын сөйлеу әрекетiне байланыстыра отырып пайдалану қажет.

Көрнектi психолог Н. И. Жинкин сөйлеу әрекетiн зерттей келiп, сөздер мен оларды пайдалану мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатынын айтты.

Егер мұғалiм оқушыға тiлдi үйреткiсi келсе, оқушыға оны тыңдау мен сөйлеудiң бар мүмкiндiктерiн жасау керек. Екiншi тiлдi сөйлеу дегенiмiз жаңа таңбалы бiлiм алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тiлдi үйренуде маңызды орын алады. Шетел тiлiн үйренуде оқушының есте сақтау қабiлетiнiң орны зор. Сондықтан мұғалiм жаңа тақырыпты қалай есте сақтау керектiгiн, есте ұзақ сақтау жолдарын бiлуi керек. Есте сақтау қабiлетiнде ерiктi, ерiксiз есте сақтау болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П. К. Зинченко ерiксiз есте сақтау қабiлетi бiр нәрсенi қайталап жаттағанда емес, керiсiнше осы нәрсе туралы белгiлi бiр қиындықтарды, мәселелердi талдағанда ғана iске қосылатынын айтады. Ол үшiн мынадай эксперимент өткiзiлген. А тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тiзiмi берiлген. Ал Б тобындағы студенттерге сөздер берiлмей, оларға шетел тiлiнде мәтiн берiлген және сөздермен жұмыстың түрлерi және сұрақтар берiлген. Келесi сабақта екi топ студенттерi бақылау жұмысын жазған, эксперимент В тобы студенттерiнiң сөздердi есте жақсы сақтағанын көрсеттi.

Психология ғылымы әдiстемеге көп көмек көрсетедi. Шетел тiлiн үйренуде ана тiлiнiң орны мен оның шетел тiлiн үйрену кезеңдерiндегi қызметi, әр түрлi дағды мен бiлiктiлiк түрлерiнiң сәйкес келуi, жаңа тақырыпқа арналған әдiстер мен тәсiлдердi таңдай бiлу т. б. психология ғылымының негiздерiн бiлмей мүмкiн емес.

Әдiстеме ғылымы нерв жүйесi физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары нерв жүйесiнiң қызметi - сөйлеу және ойлау, нерв жүйесiнiң ерекше қызметi. Бұл қызмет түрi тек адамда ғана дамыған. Павловтың теориясы бойынша сигналдар адамның сезiну органдары арқылы келiп түседi. Адамның әрекетiнiң бiр түрi - сөйлеу әрекетi.

Әдiстеме ғылымы лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебi лингвистиканың негiзгi проблемалары тiл мен ойлау, грамматика мен сөздiк т. б. әдiстемеге де қатысы бар.

Әдiстемеде лингвистика ғылымының оқу материалын iрiктеудегi зерттеулерi негiзге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қоймай, оларды тiлдi оқытуда қалай пайдалану керек екендiгiн де зерттеген.

Шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнiң басқа ғылымдар сияқты зерттеу проблемалары бар: 1. шетел тiлiн өз елiмiзде, шет елдерде оқыту жолдары; 2. әр түрлi мектептерде алдыңғы қатарлы мұғалiмдердiң тәжiрибесiн зерттеу және қолдану;

3. тәжiрибелер арқылы жаңа әдiстемелiк тақырыптар енгiзу.

12

Соңғы кезде эксперимент жасау әдiскерлер арасында кең тараған. Шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнде зерттеу қажет ететiн проблемалар көп. Жаңа оқыту материалдары және технологиясы жаңа идеяларды, шешiмдердi, әдiс-тәсiлдердi қажет етедi. Оқу шет тiлiнде оқытылатын мектептерде ағылшын тілі пәнiнiң бiлiмдiк, тәрбиелiк мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргiзiледi. Пәнаралық байланыс 2 бағытта iске асырылады. 1. Шетел тiлiнiң орыс тiлi және қазақ тiлi грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсiндiрiледi.

2. Оқушыларға мәтiндер тарихқа, географияға, әдебиетке, еңбекке қатысты мағлұматтар шетел тiлiнде берiлiп оқытылады.

Осының нәтижесiнде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тiлiнде сапалы түрде ұғып, сөздердi қатесiз айтуға, сауатты жазуға үйренедi.

Ағылшын тілі пәнi өзге пәндермен тығыз байланысты өтетiндiктен мұғалiм өзара байланыстыра өткiзуге қолайлы тақырыптарды алдан-ала iрiктеп, анықтап алады. Өйткенi 2-шi тiлдi үйретуде жүргiзiлетiн сөйлеу әрекетi тiл пәнiн басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.

Пәндердiң бiр-бiрiмен байланысы төмендегiдей ағылшын тiлi, ағылшын әдебиетi пәнiмен мәтiндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткiзiлетiн көркем тiлмен жазылған оқу материалдары (әңгiме, ертегi, мақал-мәтел т. б. ) оқушының лексикалық сөздiк қорларын молайтып, тiлдiң грамматикалық құрылымын жетiлдiредi, байланыстырып сөйлесуге дағдыландырады. Әсiресе, көп көңiл бөлетiн нәрсе ағылшын тiлiнде айтылатын сөздерге екпiндi дұрыс түсiрiп айту, адамдардын көңiл-күйiн, қуанышын, ренiшiн бiлдiретiн сөздердi дұрыс дауыс ырғағымен айта бiлу .

Көркем шығармалар мазмұнындағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлiм-тәрбиенi сипаттайтын материалдарды ағылшын тiлi сабақтарында дидактикалық материал ретiнде пайдаланылады. Ағылшын тiлi, қазақ тiлi және орыс тiлi пәндерi тығыз байланыста, бiрлiкте өткiзiледi.

Шетел тiлiнiң дыбыстық жүйесi мен орыс тiлiнiң дыбыстық жүйесi септiк жалғауларының кейбiр ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ оқушы өзiнiң үйренген сөздерiн ағылшынша айтып, сөздiк қорын байытып, тiл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тiлi дамиды, тiлдiк бiлiмi жетiлдiрiледi, оқығанын, түсiнгенiн ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.

Шетел тiлi мен дүниетану арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсiмдiктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектерi, мамандық, халықтар достығы туралы әңгiме, ертегi, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тiлiнде оқылып, түсiнгендерiн ағылшынша айтатын болады.

Шетел тiлi мен математика пәнi бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сiздердi үйрету арқылы оқушының сөздiк қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша бiлу, қосу, көбейту, алу сан есiмнiң түрлерiне байланысты, сөз тiркестерi сөйлемдердi ағылшын тілінде айтып дағдыланады.

Шетел тiлi мен бейнелеу өнерi арасындағы байланыс арқылы табиғат бояулары ұлттық өнер бояулар, өрнек, сәндiк бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тiркестерi оқушының сөздiк қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Шетел тiлi мен еңбек пәнi арасындағы байланыстар жасалып, бұйымдардың көркемдiгiн, қажеттiлiгiн, пайдасын, тиiмдiлiгiн ағылшынша жеткiзе бiлу, ұлттық еңбек түрлерiне: ыдыс-аяқ, тағам дайындау, киiм түрлерi т. б. байланысты сөздер де оқушының сөйлеу дағдысын дамытады

13

Лекция No2

Шетел тiлiн бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары 1. Ағылшын тiлiне оқытудың мақсаттары қандай? Оқытудың мақсаты дегенiмiз - жоспарланған нәтижелерге жету деген сөз. Оқытудың мақсаты - оқыту бағдарламасымен анықталады.

Оқыту бағдарламасы мемлекеттік құжат, мұнда әр курстың, әр сыныптың ненi оқитыны және қандай мөлшерде оқитыны көрсетiледi.

Бағдарламада оқулықпен салыстырғанда болған өзгерiстер, толықтырулар жылдам көрiнiс табады. Сондықтан мұғалiм өзiнiң оқыту - тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруға тиiс. Бағдарламаның түпкi және қосалқы мақсаттарын бөлiп ала бiлу керек. Әр сабақтың негiзгi және қосалқы мақсаты болады.

Негiзгi және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектерi, байланысы мұғалiм үшiн түсiнiктi болуы керек.

Оқыту арқылы жұмыстың негiзгi үш түрi бар:

1) тәрбиелеу; 2) ағарту; 3) дамыту. Оқыту мақсатының үш түрi бар:

1) тәрбиелiк мақсат; 2) дамытушылық мақсат; 3) білімділік мақсат. Оқытудың білімділік мақсаты. Оқытудың білімділік мақсатын түсiну үшiн, шетел тiлi пәнiнiң ерекшелiгiмен танысуымыз қажет. Тiл, ол ана тiлi болсын не шетел тiлi болсын - қатынас құралы, сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы бiлiм алу көзi. Мiне, тiлдi оқытуда осы ерекшелiктi есте сақтаған дұрыс.

Екiншiден, бұл пәндi оқытуда оқушылар химия, физика пәндерiндегi сияқты жаңа заңдармен таныспайды, тек қана бұрыннан белгiлi нәрсенiң шетел тiлiндегi атауларымен, құбылыстарымен танысады.

Танысу екi түрде - ауызша және жазбаша жүредi. Тілді ауызша және жазбаша меңгеру шетел тiлiн игерудiң білімділік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шетел тiлiн ауызша және жазбаша түрде пайдалана бiлуi тиiс. Ауызша сөйлеуге шетел тiлiн тыңдап түсiне бiлу және сөйлей бiлу жатады.

Жазбаша сөйлеуге тiлдiң жазбаша түрiн пайдалана бiлу немесе жазу және шетел тiлiнде жазылған мәтiндi оқи бiлу жатады.

Тыңдау, жазу, сөйлеу және оқу - бұл оқушыда қалыптасуға тиiстi дағдылар, осыны қалыптастыру арқылы - ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерiне қол жеткiзуге болады.

Бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының берiк негiзiн қалыптастыру қажет. Бұл әрi қарай тiлдi үйретуге көмектеседi. Бастауыш кезеңде не оқып үйренуге болады?

Жоспарланған нәтижелер бағдарламаға талаптар туралы құжатта көрсетiлген. Оқыту - әдiстемесiн кешенді дұрыс пайдалану, дұрыс жоспарланған жақсы оқыту белгiлi бiр нәтижеге жетуге болатынын көрсеттi. Мысалы: ІІІ сыныпта 1 минут ұзақтықтағы мәтінді түсiнуге мүмкiндiк бар. Мысалы: [On a Sunday In Spring] текстiнде 1000 баспалық белгiсi бар мәтiнде Кiм? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап беретiн ақпарат бар және тәрбиелiк мәнi бар. Бастауыш кезеңнiң аяғында оқушы мыналарды бiлуі тиiс:

- Амандасу - Good morning! - Халiн сұрау - Hello! How are you? - Қоштасу - Good bye! - Таныстыру - This is Mike. - Жауап беру - Hello! Glad to meet you.

14

- Туған күнiмен құттықтау - Happy! Biгthday! - Жаңа жыл мен құттықтау - Happy New Year! - Рұқсат сұрау - May I. . . . . . - Кешiрiм сұрау - I am sorry. - Рахмет айту - Thank you! - өзiнiң кiм екенiн, мекенiн, жанұясы, қызметi туралы, айтып беру, өзiнiң, туғандарының, достарын суреттеу, мектебi, үйi, көшесi, қаласы туралы айтып беру. - Сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою.

Оқытудың бастапқы кезеңінде оқу мен жазу негiздерi қаланады. Оқушылар ағылшын тiлiнде оқуды үйренедi. Оқу техникасы мен интонациясын қалыптастыру үшiн арнайы жаттығулар жасалады. Дауыстап оқу, жазу бiрiншi оқу кезеңiнде қалыптастырады. Оқытудың тәрбиелiк мақсаттары.

Оқушылардың көпшiлiгi ағылшын тiлiн оқуға үлкен қызығушылықпен кiрiседi. Олар ағылшын тiлiнде қалай сөйлейтiнiн естiгiсi және сөйлегiсi келедi. Олар амандасып, қоштасып үйренедi, заттардың атауларын бiлгiсi келедi. Мұғалiм осы кезде олардың тiлiн тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екiжақты, ол тыңдай бiлуге, сұрай бiлуге үйретедi. Мәдениеттi сөйлей бiлуге шетел тiлi арқылы үйренедi.

Оқушылар білім алуға үйренедi, кiтап оқи бiлудiң тәрбиелiк маңызы зор. Ағылшын тiлiнде оқуды үйрету оқу мәдениетiн үйретуге көмектеседi. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттiлiгiн көрсетедi. Оқыту әрекетінде ақыл - ой еңбегін де дамытуға болады. Балаларды оқи бiлуге, ақыл-ой еңбегiнiң тәсiлдерiне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшiн қажет. Оқушылар оқулықты пайдалана бiлуi керек, сөздiктi және анықтамалықтарды пайдалана бiлуі керек, оқулықтың белгiлерiн түсiне бiлуі керек. Оқыту эстетикалық талғамды да қалыптастырады.

Ағылшын тiлiнде бiлiм алу мен тәрбие бiр сөзбен [education] сөзiмен берiлген. Бұл бiлiм алу мен тәрбиенің бiр-бiрiмен тығыз байланыста екендiгiн көрсетедi.

Оқытудың дамытушылық мақсаттары. Тiлдiң дамытушылық қызметi өте зор. Дамытушылық мақсаттарға оқушылардың сезiмдiк, қозғалыс, ақыл-ой, ерiк-жiгерiн дамыту жатады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.

Оқу-ұйымдастыру бiлiгi мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттың бiрi. Ана тiлiн оқып үйренгенде тiлдiң негiзгi құралдары - сөздер мен грамматикалық формалар туралы түсiнiк қалыптасады. Ал шетел тiлiнiң терминдерiмен салыстыру арқылы туған тiлдiң сөздерi мен грамматикасының категориясын толық түсiнедi.

Сондықтан мұғалiм бiрiншi сабақтардан бастап туған тiлi мен шет тiлiн салыстыра отырып оқытады.

Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тiлiн таныстыруда өлең арқылы таныстыруды ұсынады "What is your name?" Мысалы: дауысты дыбыстың ұзақ- қысқалығы т. б. Шетел тiлiнде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Мыс: Listen, read and compare. Тiлдi үйрету тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсендi пайдалануға үйретедi, ол естi, зейiндi, қиялды, ұғымды дамытады.

Шетел тiлiн үйрену қоршаған орта туралы бiлiмдi қалыптастырады. Тiлдi үйрену арқылы сол елдiң мәдениетiн де үйренедi, өнерi мен әдебиетi, әдет-ғұрпымен танысады.

Оқытудың барлық мақсаттары бiр-бiрiмен тығыз байланысты, олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейiнгi жастағы балалардың елiктегiш қасиетi жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тiлiнiң дыбыс жүйесiн үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерiн, сөйлемдерiн қайталағанды ұнатады. Бастауыш мектеп балалары да елiктеу арқылы үйренедi, бiрақ бұл

15

балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшiн сөйлеу мүшелерiнiң жұмыстарын түсiндiруге болады.

5-6 жастағы балалардың негiзгi iс- әрекетi ойнау iс-әрекетi болып табылады, сондықтан ағылшын тiлiн үйрету үшiн мұғалiм осы факторды ескере отырып әртүрлi ойындарды пайдалануы керек. Ойындар арқылы мұғалiм балаларға жаңа сөздердi, сөз тiркестерiн үйрете алады.

7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бiрақ оларды ағылшын тiлiне оқыту үшiн тек ойындарды ғана емес, әртүрлi тапсырмалар, жаттығуларды да орындату керек.

Балабақшадағы балаларды ағылшын тiлiне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шетел тiлiне оқытудың мынадай мақсаттары берілген: белгiлi бiр шетел тiлi бойынша оңай бiлiктiлiктерге үйрету, яғни қарапайым әңгiменi түсiнуге үйрету және шетел тiлiнде сөйлеуге үйрету . Шетел тiлiн үйрету балалардың ой-өрiсiнiң дамуына себепшi болады. Балабақшада шетел тiлiн үйретудiң нәтижесiнде балалар бағдарлама бойынша құрылған тiл материалын қолданып қысқа әңгiмелердi, шетел тiлiнде айтылған өтiнiштердi, бұйрықтарды түсiну, ойын барысында сұрақтарға жауап беру және сөйлемдер қолдану, қысқа тақпақтарды, өлеңдердi айтуы қажет.

Ағылшын тiлiн оқытудың сапасын көтеру үшiн ағылшын тiлiн оқытуды бастауыш сыныптардан бастаған дұрыс. Бастауыш сыныптардан бастап оқытудың нәтижесi осы кезеңдегi балалардың жас ерекшелiктерiн пайдалану болып табылады. Ағылшын тiлiн оқыту арқылы мұғалiм баланы жан - жақты дамытуға тырысуы керек керек.

Мұғалiмнiң мақсаты - қоғамдық жұмысқа белсендiлiгi мол, өз бетiмен жұмыс жасай алатын, iскерлiгi мол жанды тәрбиелеу. Сондықтан ағылшын тiлiн бастауыш сыныптардан оқыту белсендiлiк, жетiлдiру, тәрбиелеу, практикалық мақсаттарын көздейдi. Оқыту мақсаттарының ең бастысы - практикалық мақсат болып есептеледі.

Тәрбиелiк мақсаттар балалардың ағылшын тiлiн оқуға деген қызығушылығын арттыруды, оқу дағдыларын дамытуды көздейдi.

Дамыту мақсаттары ағылшын тiлiн оқыту барысында балалардың ой- өрiсiн, сезiмдерiн, зейiнiн, фантазиясын, ерiк- жiгерiн, есте сақтау қабiлетiн, тiл қабiлеттерiн дамытуды көздейді. Балалар бiр- бiрiмен қарым- қатынас жасауға, өз бетiмен жұмыс жасауға, басқа оқушылардың жұмысын қадағалауға үйренедi.

Практикалық мақсаттар оқушыларға ағылшын тiлiнде қарым - қатынас жасауды үйретуді көздейдi. Қарым-қатынас жасау үшін тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу әрекеттерін жүзеге асыру қажет.

Лекция No3 Шетел тіліне оқытудың мазмұны Оқытудың мазмұны әдiстеменiң негiзгi проблемаларының бiрi. Мазмұн сөзi ағылшын тiлiн пән ретiнде қалай және ненi оқытуды анықтайды.

Оқытудың мазмұны негiзгi 3 компоненттен тұрады: 1. методологиялық; 2. лингвистикалық; 3. психологиялық. Мұғалiм осы 3 компонентке байланысты ненi оқытуды, неге оқыту керек екенiн бiлуi керек.

Методологиялық компонент. Қазiргi дидактика ғылымы - оқу процесiнде оқушының белсендiлiгiн арттыруға, әдiстердi жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп

16

көңiл бөледi. Бұл жағдайда мұғалiм оқу процесiн ұйымдастырушы болады, оқушының белсендiлiгiне басты назар аударылады.

Тiлдi үйренудiң нәтижелiлiгi оқушыға тiкелей байланысты, олар мүмкiндiгiнше шетел тiлiнде көп сөйлеп, тыңдап, оқып, жазулары керек. М. Вест сөзiмен айтқанда A language is not a subject which can be taught: it is a subject which must be learnt.

Тiлдiк ортаның болмауы - тiлдi оқыту iсiнде керi әсер етедi. Сондықтан мұғалiм сабаққа шығармашылықпен әзiрленуi керек, тiлдi үйренудi оқушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да ұмытпауы керек.

Тiл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыныптарда 1 рет болады, сондықтан жоғары сыныпта өзiндiк оқу ерекше маңызды. Ол үшiн оқушыны оқу әдiстерiне, тәсiлдерiне үйрету керек.

Мысалы: Оқушы тiлдiк фактiнi бақылап үйренедi. Белгiлi бiр сөздi айтып үйренуде сөздiң айтылуының айырмашылығын үйренедi, сол арқылы оқылу ережесiн үйренедi, пайдаланады.

Оқыту процесiнде екi тiлдiң ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсiлдерiне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.

Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-шi компонентiн - методологиялық компоненттi анықтайды.

Методологиялық компонент - оқудың тәсiлдерiн үйрену, қарым- қатынас жасау үшiн тiлдiк дағдыны және бiлiктiлiктi қалыптастыру.

Шынында да белгiлi бiр дағдысыз, бiлiмсiз шетел тiлiн оқып- үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкiн емес. Ол үшiн күнде аз - аздан болса да оқып тұру қажет, сөздердi жаттау қажет. Бұдан басқа тiлдi үйрену жолы жоқ.

Лингвистикалық компонент Оқытудың мазмұнын анықтау лингвистика ғылымынсыз мүмкiн емес. Лингвистика ғылымы - тiлдi белгiлi бiр таңбалар жүйесi ретiнде зерттейдi. Адамдар бұл таңбалар жүйесiн өзара түсiнiсу үшiн қолданады. Ал әдiстеме осы белгiлердi қалай оқытуды зерттейдi. Лингвистика тiлдiң нормаларын зерттейдi, оның дыбыстық морфологиялық- синтаксистiк, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерiн зерттейдi.

Қазiргi лингвистика тiлдiң белгiлi бiр белгiлер жүйесi мен қызметiн зерттейдi. Ал сөйлеу дегенiмiз осы белгiлер жүйесiн қарым-қатынаста қолдану. Тiл мен сөйлеу бiр құбылыстың екi құрамдас бөлiгi, олар бiр-бiрiн толықтырады.

Тiлдiң және сөйлеудiң өзiне тән бiрлiктерi бар. Тiлдiң бiрлiктерiне фонема, морфема, сөз, фразеологиялық бiрлiк, микро, макромәтіндер жатады.

Оқытудың мазмұнын анықтауда тiлге немесе сөйлеуге үйрету керек пе деген сұрақ туады? Тiлдi жүйе түрiнде оқыту керек пе, әлде сөйлеудi үйрету керек пе?

Тiлдi лингвистикалық феномен ретiнде оқытса, ол практикалық қарым-қатынас құралы ретiнде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, қарым-қатынас құралы ретiнде қолданып фонетиканы олардан бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтiк мiндеттердi шеше алмайды.

Әзiр фразаларды оқыту да тiлдi толық қамтымайды. Шетел тiлiн оқытуда сөйлеуден тiлге қарай жүру жүйесiн сақтау қажет, яғни тiлдi ұйымдастырылған мақсатты сөйлеу процесi арқылы үйрету керек. Осыдан келiп мазмұнның лингвистикалық компонентi шығады, оған мынадай тiлдiк материалдар жатады: нақты iрiктелген фонетикалық, грамматикалық, лексикалық минимумдер және тiлдiк материалдар, сөздiк үлгiлер. Iрiктеу, жүйелеу және мөлшерлеу қарым-қатынастың талабына байланысты. Тiлдiк бірлік сөйлем, диалог, монолог түрiнде берiледi және сөйлеу үлгілерi ретiнде берiледi. Осындай тiлдiк үлгiлер тiлдiң жүйесiн құрайды және ол үйренушiнiң есiнде қалады.

Ал оқыту бiрлiктерi жағдаятқа байланысты сөйлемдер арқылы берiледi. Олар белгiлi-бiр ырғақпен айтылады.

17

Оқыту мазмұнына тiл бiлiмiнiң әлеуметтiк лингвистика бөлiмi де әсер етедi. Бұл бөлiмде тiлдiң мәдениетпен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледi.

Тiл - ұлттың негiзгi белгiлерiнiң бiрi. Сондықтан шетел тiлiн үйрету тiлге- белгiлi бiр жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тiлде сөйлейтiн халықтың мәдениетiн үйрену. Қазiргi әдiстемеде елтану туралы мәлiметтер көп қолданылады, ол сол елдiң географиясын, тарихын, өмiрiн зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған текстер арқылы берiледi.

Лингвистика әдiстемеге оқытудың лингвистикалық компонентiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Шетел тілін оқыту мазмұнының лингвистикалық компонентіне тiлдiк және сөйлеу материалдары кiредi.

Психологиялық компонент. Оқытудың мазмұнын анықтау психология ғылымынсыз мүмкiн емес. Психология адамның iс - әрекетi мен оның қалыптасуын зерттейдi. Шетел тiлiнде сөйлеу де адамның iс - әрекетiнiң түрiне жатады. Сөйлеу әрекетiнiң құрылысын зерттейтiн ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Психолингвистика адамның сөйлеу әрекетiн зерттейді. Ол тыңдағанда және сөйлегенде пайда болатын iс- қимылды, ойлау әрекетi моделдерін зерттейдi. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесiнде қандай тiлдiк бiрлiктер қандай тәртiппен қатысады, тiлдiк жүйе қандай тәртiппен оқылады деген сұрақтарға жауап береді.

Сөйлеу процесiнде сөйлеу механизмi қалыптасады, тыңдау мен оқуда тiлдiк материал қабылданады: сөйлеу мен жазуда пайдаланылады.

Диалог, әңгiме, текстер тек сөйлеу әрекетi арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекетi - тiлдiк және сөйлеу материалын меңгеру оқу үрдісінің әр кезеңінде дағды мен бiлiктiлiк деңгейіне жеткізіліп отырғанда ғана жүзеге асырылады.

Дағды дегенiмiз- жаттығу мен қайталау арқылы автоматтандырылған iс- әрекеттiң бөлiгi. Мыс: Леонтьев А. А. сөйлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетiн айтады.

Қарым - қатынас жасау үшiн тiлдiк дағды аздық етедi, ол үшiн тiлдiк бiлiктiлiк те қажет. Тiлдiк бiлiктiлiк шығармашылық iс-әрекетпен тығыз байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е. И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады.

Сонымен қатар психологиялық компонентке- коммуникативтiк мақсат үшiн тiлдiк дағдысын және бiлiктiлікті пайдалана бiлу де жатады.

1. Лингвистикалық компонент: тiлдiк және сөйлеу материалы. 2. Психологиялық компонент: дағды мен бiлiктiлiктi қалыптастыру. 3. Методологиялық компонент: оқыту тәсiлдерiн игеру әдiстерi.

18

Лекция No4 Шетел тіліне оқыту принциптері Оқыту принциптерi - оқу - тәрбие iсiнiң ең маңызды негiзiн салушы қағидасы болып есептеледi, принциптер негiзiнде оқытудың мақсаты, мазмұны, әдiстерi арасындағы қарым - қатынас анықталады. Шетел тiлiне оқыту принциптерi екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Оқытудың арнайы (жеке пәндік) принциптерi. 2. Оқытудың жалпы дидактикалық принциптерi

1. Қарым - қатынас жасауға бағытталған принцип. Қазiргi заманғы шетел тілін оқыту әдiстемесінің негiзгi арнайы (жеке пәндік) принципі болып есептеледi. Бұл принцип бойынша оқушыларға ағылшын тiлiн үйрету, тыңдап түсiну, сөйлеу iс - әрекеттерi арқылы ауызша сөйлеудi арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым - қатынас жасау жүзеге асады. Тілді игеру - сол тілде сөйлеудің дағды мен біліктілігін игеру, тілді қарым - қатынас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz