Бруцеллезді балаудың жедел әдісі


Ф. 7. 34- 01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Аграрлық факультеті
«Ветеринарлық медицина» кафедрасы
СӘРСЕНБАЙ Ж. Д.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қой бруцеллезін салыстырмалы балау әдістерін ПТР тестімен сараптау.
Шымкент, 2022 жыл
Ф. 7. 34 - 02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Аграрлық факультеті
«Ветеринарлық медицина» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Философия докторы (PhD)
А. Т. Кузербаева
(ғыл. дәрежесі, атағы Т. А. Ә. )
«___»2022 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қой бруцеллезін салыстырмалы балау әдістерін ПТР тестімен сараптау.
5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығы
Орындаған Ж. Д. Сәрсенбай
Ғылыми жетекшісі:в. ғ. д., профессор Б. К. Ильясов
Нормабақылау С. Е. Тулеметова
Шымкент, 2022
Ф. 7. 34- 03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринарлық медицина» кафедрасы
5В120100- Ветеринарлық медицина мамандығы
« БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
С. Е. Тулеметова
(каф. меңгерушісі А. Т. Ә. )
«»2021ж.
дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Студент Сәрсенбай Жұлдыз Дінмұханбетқызы АП-17-8дк1тобы
Жұмыстың тақырыбы: Қой бруцеллезін салыстырмалы балау әдістерін ПТР тестімен сараптау.
Университет бойынша 26. 10. 2021ж. № 259 с бұйрығымен бекітілген
Жұмыстың бастапқы мәліметтері Қой бруцеллезін полимеразды тізбекті реакциясымен зерттеу.
Жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізбесі Бруцеллез қалай жұғады
Дипломдық жұмыстың мазмұны
Ұсынылған әдебиеттер
1. 3 ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. 1-параграф. Жануарлар бруцеллезінің диагностикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі, 155б.
Тапсырма берілген күн «03»092021ж.
Жұмысты тапсыру мерзімі«13»052021ж.
Ғылыми жетекшісі
(қолы) (А. Ж. Т. )
Тапсырманы орындауға қабылдаған студент
(қолы) (А. Ж. Т. )
МАЗМҰНЫ
Аннотация . . . 7
Кіріспе . . . 9
1Негізгі бөлім . . . 11
1. 1 Жануарлар бруцеллезі және оның таралуы . . . 11
1. 2 Бруцеллезді балау әдістері . . . 16
1. 3 Бруцеллез ауруы кезіндегі иммунитет . . . 19
1. 4 Бруцеллезді дауалау және онымен күрес шаралары . . . 24
1. 5 Бруцеллезге қарсы қолданылатын вакциналар сипаттамалары . . . 31
2 Өзіндік зерттеу бөлімі . . . 32
2. 1 Зерттеу мaтериалдары мен әдістері . . . 32
2. 2 Мал дәрігерлік зертханаға сипаттама . . . 33
3 Зерттеулердің нәтижелері . . . 34
3. 1 Агглютинация реакциясын қою . . . 34
3. 2 Гемолитикaлық қaн сaрысуын титрінанықтау . . . 36
3. 3 Комплементтің титрін индикаторлық жүйеде анықтау . . . 38
3. 4 Иммундыферментті талдауды қою . . . 40
3. 5 Полимеразды тізбек реaкциясын қою . . . 42
3. 6 Бруцеллезге серологиялық реакцияларда оң нәтиже берген сынамаларда ауру қоздырушысын полимеразды тізбек реакциясымен анықтау . . . 46
Қорытынды . . . 54
Практикалық ұсыныстар . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57
АННОТАЦИЯ
ANNOTATION
1 КІРІСПЕ
Ғылыми мәселені шешуді заманауи бағалау. Бруцеллез (Brucellosis) - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру [1] . Бруцеллездің қоздырушысы анықталған уақыттан ветеринария мен медицина ғылымдары осы инфекцияның індеттанулық ерекшеліктерін, клиникалық белгілерін және ауруды балауды зерттеу саласында үлкен жетістіктерге жетіп, осы аурудың әр түрлі жағдайларға байланысты байқалуы мен өтуінің ерекшеліктерін зерттеді. Дегенмен, осы жетістіктерге қарамастан бруцеллезді жануарлар арасында жою мәселесі түпкілікті шешімін таппай отыр. Әсіресе қойдың бруцеллезі айтарлықтай кең тараған, үлкен экономикалық шығын келтіріп, адамға жұғу қауіпін туғызады [2] .
Соңғы уақытқа дейін бруцеллалардың алты түрін ажыратып келді: В. melitensis, B. abortus, B. suis, B. neotomае, B. ovis және B. canis. В. melitensis қой мен ешкі үшін зардапты және адам бруцеллезінің негізгі қоздырушысы. Оның 3 биотипі бар. Қазіргі уақытта B. abortus, B. ovis, B. suis, B. canis қозды- рушылары B. melitensis хaлықaрaлық токсономиялық комитеттің шешімі бойыншa бруцеллaлaр бір ғaнa түрге біріктіріліп, Brucella melitensis деген ортақ атпен топтастырылған [3] .
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Бруцеллезді анықтау мақсатында серологиялық реакциялар көптеп ұсынылды. Бұл инфекция кезінде барлық реакциялар түгелдей дерлік сынақтан өткен. Тіпті олардың кейбіреуі осы ауруды балау үшін бейімдендірілген. Бірқатар әдістер одан әрі жетілдіріліп, бруцеллезді балауға қолданылатын негізгі әдіске айналды. Ақырында бруцеллезді балау үшін серологиялық реакциялар негізгі диагностикалық тәсіл болып қалды. Бірақ жануарларды жаппай зерттеу үшін, әсіресе табындарды жүйелі түрде серологиялық тексеру арқылы сауықтыруда барлық ауру жануарды түгел анықтау үшін реакциялар кешенін яғни бірнеше әдістерді қатар қолдану, міндетті болып отыр. Сол себепті міндетті түрде қолданылатын серологиялық реакциялар жиынтығын алмастыратын бір ғана тиімділігі жоғары тесті іздестіру қажеттілігі пайда болды. Жануарлар бруцеллезін балау үшін жинақталған мол тәжірибе, жаңа әдістерді іздеуге жол ашты. Балау әдістерінің кемшіліктерінен ауруға шалдыққан малды аз уақыт ішінде бөліп алу қиындыққа соғып отыр. Осы кемшіліктерге байланысты балау әдісі кешенді түрде жүргізіледі. Қолданыстағы бірнеше серологиялық реакцияларды қатар қолданып, ауруға шалдыққан табынды (отарды) бірнеше мәрте тексеруге тура келеді, сондықтан қойдың бруцеллезін балау әдісін жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Осы мақсатта ИФТ, ПТР әдістері тәжірибеде қолданыла бастады. ПТР шетелде және елімізде қарқынды дамып келе жатыр. Бірақ бұл әдісті қолдану біршама қымбатқа түсіп, қиындық туғызуда. СР-ның ерекшелігі қан сарысуындағы антиген немесе антиденені ғана емес, иммундік кешендерді де анықтауында. Бұл әдіс кейінгі жылдары зертханалық тәжірибеде кең түрде сыналды. Сиыр бруцеллезін балауға қолайлы және тиімді әдіс екені дәлелденді. СР-сы КБР, АР әдістерінің бірлескен көрсеткішін толық растап, және де оларға қосымша едеуір мөлшерде оң нәтиже берді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қой бруцеллезінің серологиялық балау әдістерін (агглютинация реакциясы, комплиментті байланыстыру реакциясы, иммуноферменттік талдау) полимеразды тізбек реакциясымен салыстыра отырып талдау. Бұл мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Агглютинация риякциясы, иммуноферменттік талдау, комплиментті талдау реакциясы және полимеразды тізбекті реакция әдістерін меңгеру.
2. Қой бруцеллезін қолданыстағы (Агглютинация реакциясы және комплиментті байланыстыру реакциясы) және заманауи ( иммуноферменттік талдау) серологиялық әдістермен балау.
3. Бірыңғай бруцеллез антигенін полимеразды тізбекті реакциясында титрлеу.
4. Бруцеллезге серологиялық реакцияларда оң нәтиже берген сынамаларда ауру қоздырушысын полимеразды тізбек реакциясымен анықтау.
Дипломдық жұмыстың нысаны мен әдістері . Шымкент қаласы, РВЗ зертханасы. Жалпы және арнайы клиникалық, терапиялық және зертханалық зерттеулердің әдістері қолданылып эксперименталдық зерттеу жұмыстары орындaлды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Алғашқы рет қой бруцеллезін балау кезінде қолданыстағы серологиялық реакциялар заманауи тесттермен (иммунды ферментті талдау) салыстырмалы түрде зертеліп, нәтижесінде оң нәтиже берген қан сарысуларынан полимеразды тізбек реакциясында бруцеллалардың бар жоғы анықталды. Иммунды ферментті талдауда бруцеллездік антидененің шекті титрін анықтау әдісі ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы мен практикалық маңыздылығы.
Қой бруцеллезін ерте балау ауру қоздырушысының кең етек алып таралуын тежейді. Классикалық ИФТ әдістері антибруцеллездік антиденені қолданыстағы серологиялық АР, КБР-мен салыстырғанда ерте анықтайды, балаулық тиімділігі жоғары, қой бруцеллезіне оң нәтиже берген қан сарысуларынан полимеразды тізбек реакциясында бруцеллалардың бар жоғы анықталады. Иммунды ферментті талдауда бруцеллездік антидененің шекті титрін анықтау әдісі ұсынылады.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс компьютерлік мәтінде терілген, 73 беттен тұрады. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, өзіндік зерттеулер, зерттеу нәтижелері, қорытынды, практикалық ұсыныстар және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Жануарлар бруцеллезі және оның таралуы
Қазіргі кезде бруцеллез деп аталып жүрген жануарлар ауруы Англияда белгілі болған. Бұл ауру онда кеңінен таралып жануарларға тән белгі бойынша "жаппай іш тастау" деп аталған. Оның этиологиясы көп уақыт бойына белгісіз болып келген.
Франк іш тастаған сиырлардан патологиялық жадығаттар алып, сау аналықтардың жыныс жолдарына енгізу арқылы іш тастау шақырып осындай жолмен аурудыц жұқпалылығын анықтады.
Аздаған уақыттан соң Ленерт және Броурер бұл аурудың жұқпалылығын растады.
Ауру жұқпалы іш тастау атына ие болды. Бірақ аурудың қоздырғышы тек дат зерттеушісі Банг Стрибольт ауру сиырлардан, соңынан Банг бацилласы деп аталып кеткен, микроб тауып алған кезден бастап белгілі болды[4] . .
Жерорта теңізінің жағалауларында және аралдарында, соның ішінде, Мальта аралында қызба ауруына адамдардың көп шалдыққаны байқалды, оны «мальталық, гибралтарлық, криттік неаполитандық» немесе жай «жерорта теңіздік» деп атаған. Мальта аралы ағылшындарға қараған, бұл аралда үлкен горнизон болған. Ауру жергілікті тұрғындар арасында көптеп таралған соң, одан ағылшын горнизонының әскер де аман қалған жоқ.
Ағылшын дәрігерлері аурудың себебін анықтау бағытында ұзақ және көп жұмыстар істеді және Брюс мальта қызбасынан өлген солдат өлігін зерттеу кезінде, талақтан алынған жадығаттарды микроскоп арқылы қараған кезде микробты анықтады. Зерттеуді жалғастыра отырып, Брюс осындай микробты патологиялық жадығаттарды қоректік ортаға себу кезінде анықтады. Алынған микробты Брюс микрококк-деп атады.
Брюстың ашқан жаңалығы көптеген жаппай зерттеулерге жол ашты және бірқатар микробиологтар оны қостады.
Брюстың жаңалығынан соң, осы жерде жұмыс істеген Заммит бұл аурудың қоздырғыштарын тасымалдаушылар ешкілер екендігін анықтады. Ары қарай зерттеулер арқылы адамдар мальта қызбасымен ауру ешкінің сүтін ішкен кезде залалданатындығы байқады. Осындай жолмен, адамдардың және ешкілердің мальта қызбасымен ауруының арасында байланысы анықталды. Сонымен катар, Банг бацилласы мен Брюс микрококктары бірдей екендігі дәлелденді. Ауру қоздырғышын Брюс атымен бруцелла деп, ал ауруды бруцеллез деп атай бастады.
Брюс және Бангтың ашқан жаңалығынан соң, қазіргі кезге дейін түрлі елдерде өте көп зерттеулер жүргізілді және жануарлар бруцеллезі мен оның адамдар ауруына қатынасы туралы көптеген мәселелер зерттелді[5] .
Аурудың қоздырғышы табылып, оның адамдар мен жануарларға тигізетін зияны туралы білген кезден бастап, бруцеллезді зерттеу жолындағы
мәліметтер үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар жаңалықтармен тол ықтыры лды.
Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін латентті (жасырын) түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізгі белгісі - іш тастау (аборт) . Буаз аналықтардың іш тастауы 3-4 айлық немесе 6-8 айлық кезінде болады. 1ш тастау мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Жаппай іш тастау көп жағдайда алғаш туатын құнажындарда байқалады. Оның мөлшері 30-50 пайызға дейін жетеді.
Ауру сиырда іш тастау бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2-3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс органдары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті төмендейді немесе жойылады.
Ауырған ірі қараның негізгі белгісінің бірі - буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, Тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен күнге ұлғая береді. Бара-бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісіп қатты қызып, мал мүлде жүре алмай қалады. 1сік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес ұлпалар өсіп, ол әк тұздарымен қапталып, буын қозғалысы бұзылады[6] .
Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артритте және синовиттер болады.
Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер лимфа бездерінде, паренхиматозды ұлпаларда және жыныс мүшелерінде болады. Жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр-қызыл түсті кілегей ағады. Хорион мен жатырдың кілегей қабығының арасында іріңді-фибринді эксудат пайда болады, хорион ворсинкасы мен жатыр карункулында көп нүктелі қанталаулар, кей жағдайда өлі плацент қалдықтарымен жабылады.
Ұрықтың қабығы қалыңдап, ісіп қызарады, үсті іріңді-фибринге қиыршыққа толы, көп жері қанталаған. Хорионды гистологиялық тексеруден өткізгенде көптеген некроз бен эпителийдің қалыңдағаны көрінеді. Хорион ворсинкаларынан іріңді және некрозды қабынғаны немесе жаппай грануляциялық ұлпалардың өскені байқалады.
Кей жағдайда ұрық мумификацияга ұшырайды. Мүшелердің және құрсақ қуысының кілегейлі және сыртқы қабықтарында ұсақ тары тәріздес қанталаған тері асты көк етте серозды және геморрагиялық қабынған талақ пен сөл түйіндерінің ісінгені байқалады. Бауырда күңгірт сары түсті некроз кездесіп, өкпе іріңді-қатаральді пневмонияга ұшырайды. Буаз сиырлардың желіні мен оның үстіндегі лимфа бездері қабынады, олар іріңді және фибриозды желінсау түрінде өтеді. Бүйректе интерстициальді нефрит кездесед1. Бұқалардың ені мен қосалқы ендерінің көлемі үлкейіп, ұстап қарағанда өте қатты болады, ал кесіп көрсе онда некрозды ірің қалдықтары кездеседі, сперматогенез функциясы
мүлдем жойылады не болмаса азаяды. Ен паренхимасы атрофияға ұшырай ен
каналдарында өзіне тән емес тканьдер өсіп, тесіктері бітеледі.
Бруцеллез ауруының белгілі дәрежеде кеңінен таралуына себеп жануарлар ағзасында қоздырушылардың әртүрлі тірі затпен қоректенуге икемделіп, жануарлардың ауруға бейім келуі үлкен бір шеңбер құрайтындығымен сипатталады.
Қазіргі таңда бруцеллез індеті барлық әлемде тіркелген десек те болады.
Біріккен сараптама комитетінің АБФ/БДҰ-ң бруцеллез мәліметтеріне сүйенсек, ауылшаруашылық малдарының бруцеллезі дамыған капиталистік АҚШ, Франция, Канада, Австралия, Италия, Испания, Нидерланды елдерінде де таралған.
Қазіргі уақытта жануарлар бруцеллезі Жерорта теңіз кауызында, Азия, Азияныц Оңтүстік-Шығысында әсіресе Үндістанда Лаоста, Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада Мексика, Бразилия Чили, Парагвай, Гватемала, Колумбия кеңінен етек алған.
ТМД бойынша эпизоотологиялық және экономикалық жағынан ірі қара малының бруцеллезі ең маңыздысы, содан кейін ұсақ мүйізді мал, солтүстік бұғылар және шошқалар болып табылады. Эпидемиологиялық тұрғыдан адамдарға 91, 2-100 пайыз бір-бірімен тығыз байланысты болғаннан кейін ең қауіптісі қой-ешкі бруцеллезі болып саналады. Басқа жануарлардан қара мал, шошқалар, бұғылар, түйелер) бруцеллездің адамдарға жұғу қаупі эпидемиологиялық сараптама бойынша өте төменгі дәрежеде. B. ovis қоздырушысынан зарарланған адамдар еш жағдайда тіркелмеген.
ТМД елдеріндегі бруцеллездің эпизоотикалық және эпидемиология, жағдайына Қырғыстан мен Қазақстан аса кауіп төндіріп тұр. Бруцеллезді жою Закавказье, Орта Азия, РФ-ң - Солтүстік Кавказ, Поволжья елдерінде де : мәселе болып отыр.
Осы айтылған елді-мекендерде адамдардың бруцеллез ауруымен ауруы өте жоғары көрсеткіштер көрсетіп отыр, себеб1 олардың басым көпшілігі шаруашылығымен айналысуымен байланыстырылады[7] . Эпидемиология, керсеткіштер мәліметіне сүйенсек негізінен адамдардың бруцеллезбен ауруы қайта өңдеу кешендерінде, қойларды күтіп-бағу, қолдан ұрықтандыру, қырқын кезі, қораны тазалау уақыттарында тіркелген.
Қазақстанда алғаш рет ірі қара малының бруцеллезбен ауруы Петропавл және Щучинск аудандарына қарасты жеке шаруашылықтан Петропавл мал дәрігерлік зертханасында анықталған. Осы жылы Семей облысының «Тас-бұлақ» совхозының мал дәрігері Тавель қойдың бруцеллезін аңғарған.
Қазақстанда бруцеллез жөнінде іс жүзінде ғылыми- зерттеу жұмысы жүргізілген жоқ десе де болады. Тек кейбір ғылыми қызметкерлер ғана өздерінің ықыласымен бруцеллезді анықтау тәсілдерін білу мақсатында азды-көпті зерттеулер жүргізді. Академик С. Н. Вышелесскийдің басшылығымен Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты мал дәрігерлігінің бруцеллезді анықтау кезіндегі жұмысы ұйымдастырылды. Онан кейінгі жерде осы институт жанынан бруцеллезді, сондай-ақ тағы басқа да жұқпалы ауруларды анықтау тәсілдерін игеру жөніндегі мал дәрігерлік мамандар даярланды[8] .
Бруцеллездің жалпы алғанда жеткілікті зерттелмеуі, оның республикада барған сайын тарап, экономикалық үлкен зиян келтіруі, аурудың малдан адамға жұғұының жиілей түсуі, Қазақстанда барлығы істі үйлестіріп отыратын және кеңес беретін орталық болып табылатын ғылыми мекеме құруды талап етті. Міне, осыған орай Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты жанындағы ірі қара ауруларын зерттейтін зертхананы қайта құру негізінде бруцеллезді зерттейтін арнайы зертхана құрылды, бұл зертхана індет жаппай тарап кеткен шаруашылықтар мен аудандарда, облыстарда осы індет бойынша эпизотиялық, эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, індетті анықтау тәсілдері іздестіруге және оны жетілдіре беруге, шет аймақтардағы зертханалардың қызметкерлерін даярлап шығаруға, олардың мамандығын арттыра беруге, бруцеллезге қарсы шараларды жүзеге асыру ісіне ғылыми- әдістемелік басшылық етіп отыруға, малды індеттен алдын-ала сақтандырып, ауырғандарын емдеу, ауру малды іріктеп бөлек шығару, вакцина егу тәсілдерін әзірлеп, сыннан өткізуге, облыстық мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу станциялары мен мал дәрігерлік зертханалық жұмысына басшылық етуге міндетті болды.
Бруцеллездің жаппай таралуы және адамдардың бұл ауруға шалдығуының жиілеп кетуі медицина мамандарының да назарын аудара бастады. Сондықтан біраз кейінірек Қазақ санитарлық-бактериологиялық институты жанынан бруцеллез бөлімі ашылды.
Бруцеллез жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бірте-бірте қанат жайды. Бұл жұмысқа зоотехникалық-мал дәрігерлік институттың эпизоотология және микробиология кафедралары қатыса бастады. Өлкелік патология институтында бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды, Қазақ ССР Ғылым академиясының Зоология институтында академик И. Г. Галузо, Көз аурулары институтында - профессор В. П. Рощин және доцент В. М. Киселева, Медицина институтында патология кафедрасында профессор П. П. Очкур, эпидемиология кафедрасында профессор Г. Н. Удинцев жұмысты кең көлемде жүргізді. Орта Азияның обаға қарсы күрес жүргізетін институтында бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды. Мал дәрігерлігі және медицина мамандары жұмысты кешенді түрде және тығыз байланыс жасай отырып жүргізді.
Республикамыздың жекелеген облыстарында бруцеллезге қарсы күрес жөніндегі шараларды жузеге асыру ісіне ықпал жасап отыру үшін және бұл аурудан өту барысыныц ерекшеліктерін зерттеу үшін облыстың мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу станцияларында тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстарға Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының бруцеллезді зерттеу жөніндегі лабораториясы басшылық етті. Мұндай жұмыстар Орал, Гурьев Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Целиноград облыстық станцияларында жүргізіліп келді.
Республикада қазіргі кезде осы ауруды зерттеу женіндегі еліміздегі жетекші орталықтардың бірі болып отыр, бұған институт ғалымдардың еңбектерінде, отандық және шет елде арнаулы журналдарда жарияланған бруцеллездің әр алуан мәселелері жөніндегі монографиялар, ютаптар, нұсқау- лар, жүздеген ғылыми еңбектер дәлел бола алады.
Республика аумағында таралған бруцеллез індеті әр жылы, әртүрлі дәрежеде, біркелкі күйде емес және бруцеллезге қарсы шаралардың орында- луына да байланысты болып келді.
Бруцеллез індетінің таралуына әсер ету және жүргізілетін шаралар нәтижесіне қол жеткізу үшін ең негізгі көзі болып шаруашылықтың техноло- гиясы мен мәдениетіне, тұратын орнының ұзақтығына (табиғат жағдайына байланысты), ветеринариялык-санитариялық шаралардың жоғарғы дәрежеде орындалуына, сондай-ақ мамандармен материалды-техникалық заттар мен мал туратын орын, техникалық және ветеринарлық жабдықтармен қамтылуына аса көңіл бөлу керек.
Қазіргі кезде бруцеллез адамдар мен жануарлардың күрделі ауру екендігі анықталынды, ал оны жою үлкен экономикалық және әлеуметтік мәселеге айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz