Ағылшын тілін оқытудың құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КОПСАЛАЛЫ ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ МКҚБ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері
Мамандығы 0105000 Бастауыш білім беру

Тобы: БШ 18-9-1
Орындаған: ___________ Мұратбаева Ж
Жетекші: ___________ Алимбекова Т

Курстық жұмыс қорғауға жіберілсін
Қазақ, орыс, ағылшын тілі және әдебиеті
пәндік комиссия төрағасы: ____________
Сапарбай А.М.

2021-2022 оқу жылы

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістердің түрлері мен оларды қолданудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-13
1.2.Ағылшын тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы ... 14-18

2.БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ ТИІМДІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
2.1. Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудағы инновациялық технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-26
2.2. Жаңа ақпараттық технологиялар ағылшын тілін оқытуда ... ... ... ... ...27-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31-32

Кіріспе
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттың моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Оқу тәрибесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру;
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру;
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу;
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді пайдалану.
ІҮ. Жаңалықтарды бекіту;
Қазіргі таңда барлық орта мектептер жаңа инновациялық оқыту технологиясы бойынша жұмыс істейді.
Зерттеу пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу объектісі: Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету.
Зерттеу мақсаты: білім беру жүйесіндегі инновациялық әдіс тәсілдерді, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алатын орны, мультимедиялық технологиялардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық ерекшеліктері талданaды; мектепте интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі айқындалaды; интерактивті тақтамен оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері анықталaды.
Зерттеу әдістері: Шетел тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер
Менің курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады

І.АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістердің түрлері мен оларды қолданудың ерекшеліктері
Еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік - экономи- калық өзгерістер мен бүкіл өркениеттік әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды пайдалануды қажет етуде. Өйткені, бүгінде ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа технологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейлінше қажет етеді.
Еліміздің даму бағыты айқындалған қазіргі уақытта білім берудің маңыздылығы мен мәнділігіне шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуге нақты міндеттер қойылуы тиіс.
Бүгінде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңа- руына себепші болуда.
Қазіргі оқыту әдістемесіндегі заманауи бағдар деп инновациялық білім беру жүйесін атауға болады. Ал Инновация (лат. тілі. - жаңа, өзгеру деген мағынасын білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен солардың аясындағы сандық және сапалық өз герістерді білдіреді.
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни, инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Инновация ұғымы алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылар зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды берді. Инновация білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады.
Инновациялық әдіс тәсілдер оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді.
Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі негізгі шетел тілі ретінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды. Олар: әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қызметті атқаратындықтан қазіргі әлемде әмбебап құрал болуымен байланысты;
әлеуметтік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін транс- мәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан;
экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалып- тасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін мең- геруді бағамдайтындықтан;
ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатын- дықтан, ағылшын тілінің бүкіл әлемдік Интернет тілі болып отыратындығынан мектеп- тегі ағылшын тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек.
Мектепте жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінеді. Тілдік жүйенің дамуы дегеніміз - жеке тұлғаның тілді меңгеруі.
Ең маңызды мәселе - ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау, бастапқы, орта сатыдағы оқытуға арналған.
Оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының көлемін анықтау; Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының (бірізді, жүйелі, логикалық) презентациясы;
Қарым-қатынас құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүй- елі жаттығуларды ұйымдастыру;
Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы жүйелі тапсырмаларды өңдеу;
Ағылшын тілін оқытудағы рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын ояту.
Ағылшын тілін оқытудағы 3-4 сыныптардың жаңа бағдарламасының мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілдік дамуын, ауызша және жазбаша сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған. Олар:
Лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.
Берілген білімді ауызша және жазбаша сөйлеу процесінде қолдану.
Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудың үш сатысынан тұрады:
1 саты - бастауыш мектеп;
2 саты - негізгі мектеп;
3 саты - жалпы орта мектеп.
Алғашқы сатысында оны оқып-үйренуге қызығушылығын қалыптастыру үшін педагогикалық - дидактикалық жағдайлар жасалады, ана тіліне сүйене отырып, ағылшын тілінде тұлға аралық бірліктің қарапайым біліктері қалыптасады.
Екінші сатыда оқушыларда тілдік қызметтің барлық тілдерінде: сөйлеу, оқу, жазу және тыңдап - түсінуді жүйелі дамыту жүзеге асады.
Үшінші сатыда ағылшын тілін оқыту өзара қатысымдылық ықпал етуде оқу әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, әкімшілік, кәсіптік салада, ресми қарым-қатынаста ағылшын тілін қолдануды қамтамасыз ететін, шетел тілінің қатысымды бірліктерінің дамуына ықпал етуі тиіс.
Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуалдық, қарым- қатынастық және дүниетанымдық секілді негізгі құзырлықтарды анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:
Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимедиалық кабинет мүмкіндік- терін пайдалана отырып, көп тілділікке оқыту.

Инновациялық жобалар - көптілділікке оқыту жүйесінің парадигмасы
Мұның мақсаты - көптілділік білім арқылы басқа халықтың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік - әрекеттік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа модельдері мен технологияларын іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақсатты іске асыруда инновациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Көптілділікке оқытудың инновациялық технологиялармен жұмыс моделі

Көптілділік
Инновациялық технологиялар
Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі
Ақпараттық технологиялар
Қашықтан (аралықтан) оқыту
Программалар оқыту

Оқыту технологиялары
Модульдік технология
Дамыта оқыту технологиясы
Триз
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағ- дайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетіс- тіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Шетел тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.
Шетел тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:
Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.
Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға мүмкіндік береді.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.
Бейнефильмдер тыңдап - түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап - түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады.
Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: документальды, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер.
Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу.
Бейнефильмдерді сабақта пайдалану жолдары: Фильмді бірнеше кадрға бөліп көрсету керек.
Сабақты ой ашардан бастау.
Фильмді көруге дайындық кезеңі:
а) таяныш, қажетті сөздермен таныстыру;
ә) болжау сұрақтар қою;
б) хабарлама жасау.
Фильмді көрсету барысында мына жайлар ескеріледі: а) негізгі идеяны анықтау;
ә) басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да толық түсіну. Фильмді көріп болғаннан кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі: а) сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсініктерін тексеру;
ә) сюжетті талқылау;
б) рөльдік ойындар ұйымдастыру.
Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырма- сын орындайды.
Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді көрсету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді.
Еліміздің әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында ағылшын тіліне сұраныс күн сайын өсе түсуде. Осыған сай ағылшын тілін меңгеру арқылы ғана беделді қызметке қабылданып, мансабыңыз ілгерілей түсетіні анық.
Ол үшін мектеп қабырғасынан алған білім тілдік дағдының негізін нықтауға әрдайым сай келмейтіні заңдылық.
Шетел тілін үйренгісі келетіндердің басым бөлігінің кейбір қажеттіліктерге қолы жете бермейді. Олардың жеке үйретуші (репетитор) жалдауға да қалтасы көтермейді. Сөйтіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын жоғалту салдары білімнің де таяздануына алып ке- леді. Сол үшін, яғни, тілді ұмытуға жол бермеу үшін ағылшын сөзін үнемі тыңдап жүрген абзал. Осындай тыңдау тәсілінің арқасында көптеген үйренушілер басқа елдің тілін қысқа мерзім ішінде меңгеріп жатады. Егер де кімде-кім үйреніп жатқан тілін сол елге арнайы барып, тілді жетік меңгеруге мүмкіндігіне ие бола алмайтын болса, оған сүйеніш - аудио- кітаптар.
Аудиокітаптар - жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады.
Аудиокітаптар - жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады.
Кәсіби диктордың оқуындағы аудиокітапты тыңдау, олармен бірлесе оқу тіл үйренуді барынша жеңілдетеді. Американдық және британдық ғалымдардың әр алуан зерттеулеріне сүйенсек, осыған ұсақ тәсіл оқу материалында ұсынылған жаңа сөздерді жаттауға бөлінетін уақытты 30% дейін қысқартады. Бұған түрлі факторлар ықпал етеді, олар- дың ең маңыздысынан мидің оң және сол жақ шарының синхронды жұмысы жатады. Бұл қабылданған білім мөлшері мен сөйлеуге дағдыландыруға жарамды қосымша тәсілдерді ұлғайтуға жол ашады.
Сөйтіп, аудиокітаптар тыңдаушының сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның ауызша және жазбаша сөздерді түсінуін жеңілдетеді. Олар сөз дикциясы мен оның айтылуындағы жетістіктерге арналған құрал сипатында пайдаланылады. Аудиокітаптар - бұл ақпаратты игеру мен жылдам түсінуге ықпал ететін құрылым, қуатты да икемді жүйе. Аудиокітаптардың көмегімен ағылшын тілі қарым қатынас құралы болып қалыптасты. Бүгінгі оқы- тушылардың басым бөлігі оқыту процесіне аудиокітаптарды енгізудің маңыздылығын жете сезінуде.
Аудиокітаптарды қолданудан күтілетін нәтижелер:
Аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді. Олар сөздік қорды қалыптастырып, ойда елестетуге ынталандырады, оқу шапшаңдығын арттырады. Аудио-кітаптардың көмегімен айтылу үлгілерімен, сөйлем құрылымдарымен танысуға болады.
Аудиокітаптар оқушылардың оқуға деген ықыласын оятып, уақыт бірлігіне қарай қабылданатын мәліметтер көлемін көтеруге септігін тигізеді.
Аудиокітаптар аудиториядағы тыңдармандарға тең мүмкіндік жасайды. Олар жеке адамның бойындағы қабілетіне қарамастан ұғынуға ынталандырып, осы замандық тіл мәнері мен тіл айналысын жетілдіреді. Нәтижесінде оқушылар бірлесе оқуға қабілетті болып, бірлескен мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға ниеттенеді.
Сондай-ақ аудиокітаптар жете талдап қарауға және негізгісін ажырату шеберлігін арттыруға ықпал етіп, тілдік өзгерістер мен сөйлемдердің жинақылығын, жатықтығын және қалыптылығын құрылымдық безендіру дағдысын әрі қарай жетілдіреді.
Аудиокітаптармен жұмыс әдістемесі кәдімгідей, бірақ, берер жемісі берекелі.
Бастамас бұрын мәтіннің жалпы ұғымын жинақтау керек. Мұндағы негізгі ойды жете түсінуге талпыныңыз. Егер әңгіме не жөнінде жүріп жатқанын ұқпасаңыз, онда сөздіктегі әрбір сөздің мағынасы арқылы нақтылауға болады.
Тыңдаған кезде әрбір сөздің бұлжытпай айтылуына зейін қойыңыз.
Қанша көп болған сайын, ол үстіртін келеді, дұрысы аз, бірақ мұқият принципін ұстаңыз. Сонда ғана, сөздік қорды толықтыру мақсатындағы мәтініңіз түсінікті болады, ал түсініксіз сөздердің мағынасын нақтылайсыз. Ол үшін кез келген шығарманың үзін- дісін таңдап, оны толығымен қазақ тіліне тәржімалаңыз. Сізге көптеген жаңа сөздер: эпитет, синонимдердің барлығы таныс болып қалады.
Жүйелі түрле шұғылданыңыз. Сабаққа арнайы уақыт бөліңіз әрі күн сайын айна- лысыңыз. Көп болып, әр кез оқығанға қарағанда, аз болса да, жиі-жиі болғаны нәтижелі екенін есте сақтау керек.
* Сабаққа дайындалуға қанша көп уақыт жұмсасаңыз, оқуыңыз соншалықты терең әрі тиімді болады.
* Пассив сөздер қатарындағы сөздер мен сөйлемдерді аудару үшін келесілерді істе- ген игілікті: дауыстап оқу, синтаксистік сөйлем құрылысын есте сақтау, диктор тарапы- нан айтылған сөздерді өз сөзіңмен салыстырып көру мақсатында аудио жеткізгішке сөздерді жаздырту.
Аудиокітаптар - ағылшын тілін меңгертуді жетілдірудің берден бір тиімді (эффектілі) құралы. Әрине, оқу процесі әрдайым уақыт пен күшті қажет етеді. Дегенмен, тіл меңгеруде де әркімнің өзі жетер биігі бар!

1.2Ағылшын тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді
қолданудың маңызы

Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тілдерді үйрету мәселесін былай белгілеген болатын: Қазір біз балаларымыздың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеруі үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үш тілдік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуын керек. Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы лингва франкасын меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады деп Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында айтқан болатын.
Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі ол - үш тілде оқыту. Тіл мәдениетін игеру - әр баланың сәби шағынан басталып, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Сондықтан да, балалардың ой өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу іс - әрекетін қызықты оқытудың заманауи әдістері арқылы өткізудің маңызы зор. Сондай жаңа оқыту әдістеріне оқытудың интерактивті әдістері жатады.
Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде оқытудың жаңа әдістерінің маңыздылығын атап айтуға болады. Жаңа әдістердің ең негізгісінің бірі - интерактивті оқыту әдісі. Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:
* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;
* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;
* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;
* жақын эмоциялық жағдайларда оң-сол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.
Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы - бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.
Интерактивті әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.
Оқудың интерактивті әдістерінің маңызы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқыту - бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады. Сондай-ақ ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда осындай жаңа әдістердің алатын орны ерекше екенін атап өтпеске болмас. Мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, мәселелік сауалдарға жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалана білген мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.
Жаңа инновациялық әдістерді ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
- оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
- оқушылардың шығармашылығын арттырады;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
- пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Біз өз сабақтарымызда алдымен топқа бөліп, ой қозғап, жаңа тақырыпқа қызықтырып бағыттаймыз. Тақырыптың ең құнды мәселелерін анықтауға ұсынамыз, салыстыруға, ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жазуды ұсынуға, қорытынды жасай алуға, сабаққа кері байланыс ұсынуға үйретеміз. Ал, мұндай сабақта оқушы топта жұмыс жасауға бейімделеді, мәтінмен өздері танысады, біздің пайдаланатын жаңа әдіс-тәсілдеріміз арқылы жаңа сабақты меңгереді, ой қорытып қағаз бетіне түсіреді, ой толғайды, диалогқа түседі, пікір алмасады, сыни ойланып сұрақтарға жауап береді. Яғни, сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни тұрғыда ойлауы қалыптасқан оқушының функционалды сауаттылығы да дамып, өзіне анық мақсат пен міндет артады және өзіне деген сенімділігі пайда болады. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.
Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабағының түрлері
Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері
Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің құрылымы
Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер