Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез - құлық мәдениетін тәрбиелеу жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

«Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі

«Педагогика» пәні бойынша:

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жолдары»

Мамандығы: 0101013 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»

Тобы: 4ДО-16-01

Орындаған: Қорабайева Ф. С

Қабылдаған: Касенова Г. М

Күні

Бағасы

2019-2020 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе. … . . . ………3
І тарау. Тәртіптілік және мінез - құлық мәдениеті туралы ұғым . . . 5
1. 1. Оның мектепке дейінгі балалардағы көрініс ерекшелігі…… . . . …. 5
1. 2. Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары . . . 9
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың тәртіптілігі мен мәдениетін жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелеу . . .
2. 1. Тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әдістері . . . . . 13
2. 2. Тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас және тәрбиенің маңы…… . . . 27
Қорытынды . . . ………. . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . ……31

КІРІСПЕ

Тәртіптілік, тәртіпке әдеттену - өз мінез-құлқын қоғамдық тәртіптің белгіленген нормаларына міндетті және саналы түрде бағындыру. Тәртіптің болуы кез келген іс-әрекетті, әсіресе коллектив жағдайында, ұйымдастыру үшін өте қажет. Тәртіптілікті жүзеге асыра отырып, адам қоғамда мінез-құлық ережелеріне, өзімен бірге еңбек етіп, бірге тұратын, бірге дем алатын адамдарға деген өз құрметін де көрсетеді.

Тәртіп адамның қалыптасуында маңызды роль атқарады, оның коллективтің ортақ талаптарына бағыну қабілеті, онда қалыптасқан өмір ережелерін орындау, ортақ мүдделерге немесе оны орындау мүмкіндіктеріне қарсы орынсыз тілектерден өзін тыя білу, мінез-құлық ұйымшылдығы, тіл алғыш болу, өзін бақылай білу сияқты жақтарын тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан да тәртіп бүкіл тәрбие жұмысының нәтижесі ретінде қаралуға тиіс.

Тәрбиелеу жағдайлары дұрыс ұйымдастырылған кезде мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың тәртіптілігі едәуір өседі. Мәселен, сәбилер тобындағы кездің өзінде-ақ олар педагог әдейі жасаған жағдайға мүдделі болу ықпалымен ұстамдылық, ұйымшылдық көрсетеді (қуыршақты оятып алмас үшін серуенге шығар алдында орындықтардан ақырын тұрып, ойыншықтарды жинайды, Петрушканы киіндіруге ұмтылады және т. б. ) . [1]

Балалардың мінез - құлық ережелеріне сай келетін қылық тәжірибелерінің жинақталуына көмектесе отырып, педагог бұл қажетті мінез-құлық әдістерінің нығаюына, неғұрлым саналы түрде, орнықты болып, педагогтың бақылауымен, сондай-ақ өз бетінше көрінуіне қол жеткізеді. Мектепке дейінгі ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде қажетті іс-қимылды іріктеп алуға, мынадай пікірлер туғызуға қабілетті болады: «Қалаймын, бірақ істеуге болмайды, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін», «Қаламаймын, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да тапсырылған істі орындауға тиіспін».

Педагогика жеке адамның адамгершілік сапаларының қалыптасуында, олардың сыртқы көрінісі мәнерінде, қарым-қатыс және мінез-құлық мәдениетінде бірыңғай позицияда тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттарының маңызын ашу.

- Мектепке дейінгі балалардың мінез-құлық нормаларын және әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз жиынтығы, озат тәжірибені қолдану.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. Тәртіптілік және мінез - құлық мәдениеті туралы ұғым

  1. Оның мектепке дейінгі балалардағы көрініс ерекшелігі

Мінез - құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі - тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін - өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез - құлық деп атаймыз. Адамның мінез - құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін кӛптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.

Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу - оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады. Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады. [2] Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара кӛріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата - аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі. Әлеуметтік - педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез - құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады. Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие. Ауытқушы (девианттық) мінез - құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И. Невский) . Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс - әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық, қоғамдық) . Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық кӛріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мінез - құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушыларының бізге қалдырған еңбектерінен қазіргі кезде қоғамымызды толғандырып отырған жалпы азаматтың мұраттар, адамгершілік мәселелеріне жауап табамыз. Мысалы, ұлы Абайдың «Өсемпаз болма әрнеге”, «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ», т. б. адамгершілік сырға толы өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері. К. Шәкәрімнің «Жастарға», «Анық пен танық», «Талаппен ақыл», «Адамшылық», т. б. өлеңдері, А. Байтұрсыновтың «Анама хат», «Адамдық диқаншы», «Тарту», «Қазақ салты» сынды алып ақындарымыздың дана ойлары мен өсиеттері бүгінгі ұрпақ, тәрбиесінің бай қазынасы болмақ. Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күнінен бастап, жасын тартып азамат болганга дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы-мүлтіксіз іске асырып келді. Адам бойына жақсы адамгершілік қасжеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортасына байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының - ұстаны жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қанар» деп тәлім -тәрбие, оқу-білім мәселесіне үлкен көңіл бөлген. Адамға деген құрмет сезімін тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет туралы да ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды жаман ықпалдардан сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын сөйлескенде, арада достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет. Ата - аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс. Жасөспірімдерде мінез - құлық мәдениетін қалыптасттыру мәселесіне аса көңіл қойьш, онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына әсер еткендігі жайында баса айтқан ғалымдар: Л. Керімов, Б. Айтмамбетова, А. Бейсенбаева, Р. Нұргалиева, С. Ұзақбаева, Ж. Қоянбаев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Н. Д. Хмель т. б. болды. [3] Адамгершілік тәрбиесінің ең көп тараған формасы - этикалық әңгіме, пікірталас, дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т. б. этикалық әңгімелерді адамгершіліктің кез - келген қағидасы бойынша жүргізуге болады. Оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі, жақсы әдеттері, қолдай отырып, оған қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Адамдар арасындагы этикалық қарым - қатынас, жақсы мінез - құлық, үздіксіз тәрбиенің, өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп қалыптасатын қасиет. Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктерінің бірі - мінез - құлық мәдениеті болғандықтан, жасөспірімдерден адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, осы мәселеге көңіл бөлінеді. Қазіргі қоғамдары мінез -құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әлеуметтік негіздері өткен ғасырдағы негіздерден принципті түрде өзгеше және олар адамның тілектестік, қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық және ұжымшылдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға сүйенеді. Біздің адамгершілік тұтасымен және оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мінез-құлық мәдениеті түрлі формада жататын қызу күрестің алаңы болып табылады. Бізге жат адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз бояушы елгезектікті жамылады. Сонымен қатар, екінші жағынан, өзімізбен бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, ықылассыз болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз. Мұнда адамның қоғамдық мәні мен оның көріну формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам не көпшілік қабылдаған мәдени мінез-құлық нормаларын менсінбейді, ие оның мұндай мінез-құлық дағдылары әлі де толық қалыптаспаған. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет. Мектеп оқушыларын адамгершілік мінез - құлыққа үйретуді оқта - текте қолға алу тұрақты нәтижелер бермейді. Мінез - құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен. Бұл үнемі сананың бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды. Көптеген мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп қалыс екенін, оларға жүргізілген бақылаулар көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар жүйелі үйретумен қол жеткізеді. Бұл үшін мектеп өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік қатынастардың тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде жаттығуға мүмкіндігі мол болатындай етіп ұйымдастырылған болуға тиіс. Істелген қылықтың мазмұны әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі тиіс. Оқушылармен жұмыс процесінде жоспарлы түрде мәдени мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп, отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және жоғары сыныптарда мұндай жаттығулар біршама сиреу қолданылады. Оқушылардың мәдени мінез - құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст-мұғалімдерді ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды жұмылдыру қажет. Жекелеген энтузиаст - мұғалімдердің бірлі-жарым әрекеттері көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың оқушылары мұндай ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас жасайды, ал олардың арасында сыпайылық, турашылдықтың қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі. Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез - құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс кезіндегі мектеп асханасындары, көшедегі т. б. қоғамдық орындарындарындағы мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс. Балалардың мектегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн.

1. 2. Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары

Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-өнегелі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.

Баланы жан - жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани -өнегелі тәрбие - тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
Қарым-қатынас мәдениеті
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz