Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуы
М.Мәметова атындағы атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті - ойын
Орындаған: Жамалбек Нұрзат
Қабылдаған: Арыстанбекова Гүлзира
Тобы: И-И-20
2021-2022 оқу жылы
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық дамуы
Мектепке дейінгі жастағы балалар организмінің өсуі
Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуы
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті-ойын
2.2 Ойын және оның түрлері
2.3 Балалар өмірін ұйымдастыруда ойынның рөлі
III.Тәжірибелік бөлім
3.1 Мектеп жасына дейінгі балдырғандарды зерттеуге арналған әдістемелер
IV. Қорытынды
V.Қосымшалар
VI.Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі
I.Кіріспе
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды.бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлуметтік қарым- қатынасты да нақтылап көрсетеді.Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны үлкендер өміріне аралаудың айрықша түрі болып саналатын ролдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра правалар беретінін біледі.Егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасмен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны бағалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.Баланың өсіп-өнуінде ойынның мәні зор. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде ойынның атқаратын орны айрықша. Қай заманда қай халықтың өмірінде болсын мектеп дейінгі жастағы балалар мүмкіндігінше, шамасына қарай ойын ойнайды. Осы бір шақты ескергендіктен мектепке дейінгі шақты ойын баласы деп халық тегін айтпаған.Бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың оқу процесі.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны-мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық өзгешеліктері.
Зерттеу мақсатының міндеттері:
Ойынның мектеп жасына дейінгі бала өміріндегі ролін көрсету.
Психологиялық зерттеу әдістеріне толық талдау жасау арқылы насихаттау.
В.А.Сухомлинский Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген.
Ойын бала өмірінің қажеттілігінен туады. Мектепке дейінгі баланың қажетін өтейді. Бала үшін ойын іс-әрекет, қимыл құралы болумен қатар олардың танымын, түсінігін және білімін жетілдірудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял-елестері дамиды, яғни, баланың шығармашылық таланты кеңейеді.
Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үрдісінде тәрбиешілер баланы психологиялық тұрғыдан зерттеп, оның нәтижелерін ескеріп, қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын функционалды жүйелі қолданса, онда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде, қоғам талаптарына сай бәсекеге қабілетті азаматтар жетіледі.
Зерттеу әдістері: әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, анализ-синтез, мектеп педагогика-психологиялық, құжаттарын зерттеу, алынған мәліметтерді талдау.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімнен тұрады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жылдам дамитындығы байқалады. Баланың бойы өседі, салмағы, денесі өзгереді. Баланың жоғарғы жүйке жүйесінде улкен өзгерістер болады. 5 жастағы баланың миы, ересек адамның миына ұқсайды.
Физиологиялық даму, баланың оқу үлгеріміне бірден-бір әсер етуші болып табылады. Баланың физиологиялық жағынан мектепке дайындығын, ағзаның негізгі функционалдық даму деңгейі мен оның жалпы денсаулығымен анықталады. Мектепке барайын деп жатқан балалардың медициналық карталарында баланың толық дамуы мен соматикалық дамуы туралы мәліметтер ішінде баланың жүйке жүйесінің жағдайы туралы жазылмаған.
Денелік:
Оқуға деген жақсы, визуалды умтылысы болады;
Көптеген жағдайда саусақтарын құрал ретінде қолданады;
Олақ, асығыс сияқты көрінеді, асығыстық 6 жастағылардың негізгі ерекшелігі;
Сыныпта өте шулы, отырғыштардан құлайды;
Оң мен солын айырып үйренеді;
Шайнау белсенділігінің жоғарылауы
Қарындашты, тырнақтарын тістелейді;
Тез шаршайды, жиі ауырады;
Таза ауаны, спорт алаңда болғанды ұнатады;
3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.
3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.
3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.
4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді.
5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру,жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі дәне әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.

Әлеуметтік:
Бірінші болғанды ұнатады;
Жарысқанды ұнатды,интузиазмға толы;
Кейде женіліп қалғанда әдепсіз көрінеді немесе әділетсіз ережелерді ойлап табады;
Қандайда бір нәрселерді жасауға тырысады, шектеулерді тексереді;
Мақтауды жақсы көреді;
Жолы болмағанға қиналады;
Қанағат алуға деген үлкен қабілеттілік, сыйлықтарды жақсы көреді;
Дөрекі моторлық қабілет;
Бұйрық бергенді, сынағанды жақсы көреді;
Оны біреу ренжіткенде тез ашуланады;
Дос улкен маңызға ие (жақсы дос болу мүмкін);
Мектеп өте маңызды қоршаған орта болғандықтан үйін алмастырады.
Тілдік:
Жұмыс жасағанды жақсы көреді;
Түсіндіргенді жақсы көреді. Айту және көрсету пайдалы;
Жұмбақтан тұратын әзілдерді жақсы көреді;
Жиі арызданады.
Танымдық:
Сұрақ қойғанды жақсы көреді;
Жаңа ойындар мен идеяларды жақсы көреді;
Бояғанды, сурет салғанды жақсы көреді;
Бәрін де дауыстап оқығанды жақсы көреді;
Нәтижесіне қарағанда өту үрдісін жақсы көреді;
Орындау қабілетіне қарамастан көбірек жасауға тырысады;
Драмалық ролді орындауға икемді келеді;
Сипат белгілері ерекше маңызды;
Арнаулы және қызметтік байланыстарды жақсы түсінеді;
Қазіргімен тығыз байланысты болған жағдайда өткен туралы бастапқы білімі бар;
Қызық үшін дағдылармен тәсілдерге қызығушылық көріне бастайды.
Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшкліктері бүркемеленеді.
Темперамент баланың жеке басының реакциясынң негізгі түрі болып келетін қасиет. Балалық шақта сол таза күйінде де кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі сайып келгенде тұрмыс-салтына әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені өмір жағдайлары темпераментке материалдық негіз болып табылатын жүйке жүйкесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мысалы бір жағдай психикалық үрдістердің әсерлілігі мен эмоциялық қозуына ағысы мен күшінің дамуына жағдай туғызуы, ал басқа жағдайлыр керісінше психикалық даму қарқынын баяулатып, оның белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.
И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу және тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт тип те жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үрдістері бір-бірімен сәйкес келмейді. Қозу типі басым келіп отыратын ерекше қозғалыстағы тип күшті типтің екіншісі ширақ тип. Мұның қозу мен тежелу үрдістері бір-біріне тең келіп тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі қозу мен тежелу үрдістері баяу көрініп отырады. Ұстамсыз тип -холерик, сангвениктерде ширақ тип, қозу мен тежелуі тең, қозғалысы баяу - флегматик, жүйке жүйесі әлсіз тип - меланхолик деп анықталған. Бір топтағы немесе сыныптағы балалардың ішінде әртүрлі темперамент типтерінің өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры Вольф Соломонович Мерлин темпераменттің көрінуі түралы сапалы психологиялық қорытынды таблица жасады.
Сангвеник Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы қимыл қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысып, бейімделіп кетеді. Оның бет бейнесінен көңіл-күйі, адамға деген ықылас-сезіміанық көрініп тұрады. Өзінің зейіні тез шоғырланады.Ұшқыр ойлы, өткір тілді, бірақ әлі де түйсінуі өте сезгіш. Жоғарғы табалдырығы төмен жарық тітіркендіргіштер мен дыбысты жақсы ажырата алмайды. Белсенді, күшті, қайратты, батыл, үнемі мен айтамын деп қолын жиі көтеріп отырады. Ол тірбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортада жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді, айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік ортада да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.
Холерик Бұл күшті тип. Кез келген ісе барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвенник сияқты тез икемделгіш емес.
Флегматик Күшті, тепе-теңдігі бір қалыпты, тыныш тип. Эмоциялық қозу бір қалыпты, жайбарақат, оның жарқырып қуануы да, қайғыруы да қиын. Бүкіл тотағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалмайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты, қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін - өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп күтуі қиын жүзеге асады. Тез тіл табысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.
Мелонхолик Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай алады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегнде дауысы естілмейді, жай жылайжы, сирек күледі. Белсенділігі төмен сабақта қолын ирек көтереді. Оның өзінде бір көтеріп, бір түсіріп, өзін-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз жұмсақ қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді, психологиялық шапшаңдығы баяу.Мектепке дейінгі кезеңде темперамент типтерін ажыратуда жас ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Сол сияқты жүйке жүйес қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығын да ескеріп, басшылыққа алу керек. Мысалы жүйке жүйесі қызметінің типі адамда іштен туа қалыптасады және оны түгелдей өзгеріске ұшырату неғайбыл. Дегенмен Н.Н.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы қозу процесі тежелуінен басым, күшті, ұстамсыз типі анықталады. Жаттығу арқылы өзінің тежелу үдерісі күшін біршама арттырып, оны қозу үдерісімен теңестіруге болатындығы дәлелденген. И.П.Павлов күшті қозғалғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу үдерісінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады деген қорытындыға келеді.Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек. Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қозуы шамадан тыс келетін тип те ұшырасады. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттаықтыру арқылы нерв жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибенің нәтижесінде кез келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуя мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.

Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың езінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz