Корпоративтік басқарудың жапондық моделі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 121 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 5
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1
МАЗМҰНЫ: КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
: 8
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Корпоративтік басқарудың қалыптасуы мен дамуы . . .
: 8
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Кәсіпорындарындағы корпоративтік басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .
: 22
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Корпоративтік басқарудың классикалық модельдері . . .
: 31
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІ . . .
: 43
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақстандық корпоративтік басқару жүйесінің заңнамалық базасы, және де оның ұлттық корпоративтік басқару моделін қалыптастырудағы рөлі . . .
: 43
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ холдингі құрамына кіретін компанияларының корпоративтік басқару тәжірибесін сараптау . . .
: 51
:
МАЗМҰНЫ:
: 58
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: «Қазпочта» АҚ тәжірибесінде корпоративтік басқарудың менеджмент деңгейінде кәсіпорынның қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне әсерін талдау . . .
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 4
МАЗМҰНЫ: Қазақстандық «Корпоративтік басқару кодесі» - корпоративтік басқару жүйесін Қазақстандық компанияларға тиімді енгізудің құралы ретінде . . .
: 66
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
: 75
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: «Казпочта» АҚ корпоративтік басқару жүйесі және оны үздік дүниежүзілік корпоративтік стандарттар негізінде жетілдіру . . .
: 75
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Қазақстандық корпоративтік басқару жүйесінің дамыту және жетілдіру жолдары . . .
: 85
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 105
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 108
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР . . .
: 113

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біртұтас әлемдік шаруашылықтың ажырамас бір бөлігі болып табылатын Қазақстан экономикасы, еліміздің өз алдына отау құрып, тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, кеңес заманыңда қалыптасқан жоспарлы экономикадан бас тартып, дүниежүзі экономикасының дамуына негіз болған нарықтық экономикаға қарай бет бұрды.

Нарықтық қарым-қатынастар қоғамның экономикалық саласымен қатар, әлеуметтік, мәдени және саяси салаларында түбегейлі бетбұрыстар мен жаңа өзгерістерді алып келді.

Нарықтың еркін дамуына кесе көлденен кедергі болып табылатын жаппай мемлекеттік реттеу, бақылау функциялары әлсіретіліп, еліміз бойынша нарық қарым-қатынастарының дамуына жол ашатын заңнамалық база жасалып, тәжірибеде жүзеге асырыла бастады.

Бірнеше кезеңдер бойынша рет-ретімен жүргізілген жекешелендіру шаралары, мемлекеттік бюджетке салмақ түсіретін, мыңдаған жұмысшылары бар ірі және орта өндіріс орындарын мемлекеттік меншіктен, қолынан іс келетін кәсіпкерлерге, сол өндіріс ошақтарын заман талабына сай әрі қарай дамытып, өркендетуі, жұмыс орындарын қалыптастырып, ел экономикасының дамуына үлес қосулары үшін берілді.

Нәтижесінде, елімізде заманауи талаптар үдесінен шығатын, нарық қағидаларымен жұмыс істейтін, жаңа сапа-қасиеттер мен бет-бейнеге ие өндіріс орындары мен бизнес субъектілері қалыптасты. Аталған өзгерістер елімізде менджемент жүйесің қалыптастырып, нарыққа құқықтық ұйымдастырушылық формасы тұрғысынан жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, корпорация, холдинг тәрізді ірі өндіріс субъектілерінің шығуына түріткі болды. Нарықтық экономиканың келесі даму кезеңі - жоғарыда өзіміз атап өткен ірі өндіріс субъектілеріне корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу, ұйымдастыру, және де әрі қарай дамыту мәселелерін - мемлекеттің алдына, сондай-ақ зерттеушілер мен тәжірибеде осы іспен тікелей айналысушы тұлғалардың алдына қойып отыр.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға Қазақстан халқына арнаған, 2012 жылдың 14 желтоқсаныңдағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Жолдауында, қазақстанның жаңа бағытты экономикалық саясатының мәнің түсіндіре келе, жаңа кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде корпоративтік басқаруға ерекше тоқталады. Жолдауда Президент корпоративтік басқару туралы былай ой қорытады: «Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз, басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар. Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет». [1] .

Нарықтық экономика жағдайында, корпоративтік басқару мәселелерің реттеуші - мемлекет тарапынан да, нарыққа қатысушылардың тарапынан да корпоративтік басқару мәселесіне ерекше назар аударыла бастады, нормативтік негіз дайындалуда, конференциялар өткізілуде және мәселелер талқылануда.

Осыған орай, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарасы аясында, әрі Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарынан орын алу стратегиялық мақсатына орай, корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру қазақстандық кәсіпорындардың күн тәртібіндегі объективті қажеттілік болып табылады.

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуы, сол елде қолайлы инвестициялық климатының қалыптасып, ел аумағына тартылған инвестицияның экономикада дұрыс жұмыс істеуіне теріс әсерін тигізеді, сонымен қатар, жүйелі түрдегі ұлттық әрі аумақтық проблемалық мәселелердің қалыптасуына түріткі болады. Сондықтан да экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, алдына үлкен мақсаттар қойған дамушы елдер үшін корпоративтік басқару нормаларын енгізу басты қажеттілік болып есептеледі.

Сондай-ақ, күнделікті өмірімізде жиі ұшырасып, сөздік қорымызға ене бастаған «корпоративтік құқық» немесе «корпоративтік заңнама» сөздері Қазақстан Республикасы заңнамасы мен заң ғылымында, тәжірибе жүзінде мағыналық тұрғыдан толық түсінігі қалыптасқан терминдер болып табылмайды, әрі отандық құқық жүйесіндегі корпоративтік құқықтың орыны толық айқындалған емес.

Осы себепті де, аталған мәселе бойынша заң жобасын дайындаушы арнайы мемлекеттік органдар, отандық заңгер-цивилистер, қаржыгерлер мен экономистер, және де үздік дүниежүзілік корпоративтік басқару стандарттарын енгізуге мүдделі тараптардың алдында дамыған батыс елдеріндегідей жүздеген жылдар уақытқа созылған, қолайлы корпоративтік климат қалыптастыратын корпоративтік дамудың эвалициялық жолынан өтіп, өзіндік, қандай да бір елге ұқсас емес моделін қалыптастыру қажет пе, әлде өзін-өзі ақтаған дамыған батыс елдерінің дайын тәжірибесін еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық, заңдық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып, апробациялау нәтижесінде енгізу қажет пе деген таңдаулар тұр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстандық корпоративтік басқару моделін сипаттау, әрі қазақстандық кәсіпорындардың корпоративтік басқару жүйесіндегі проблемалық мәселелерді көтере отырып, оларды шешу жолдарын қарастыру.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

- Корпоративтік басқарудың қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздеріне тоқтала отырып, қазақстандық корпоративтік басқару моделін сипаттау;

- Корпоративтік қарым-қатынасты реттеуші Қазақстан Респбуликасының заңнамалық базасына талдау жасау, және де оның ұлттық корпоративтік басқару моделін қалыптастырудағы рөлін айқындау;

6

- Қазақстандық кәсіпорындардың корпоративтік басқару тәжірибелерін сараптау;

- Қазақстандық корпоративтік басқару жүйесінің проблемалық мәселелерін көтере отырып, оларды шешу жолдарын, әрі корпоративтік басқару жүйесін дамыту мен жетілдір жолдарын қарастыру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестер туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңдары, отандық заңгер-цивилистердің ғылыми еңбектері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ холдингі құрамына кіретін компанияларының корпоративтік веб-сайттарында орналастырылған корпоративтік басқаруға қатысты жария ақпараттар, сондай-ақ Қазақстан Қаржыгерлері ассоциациясының «Қазақстандық корпоративтік басқару кодексі», «Директорлар институты» ЖШС компаниясының «Корпоративтік басқару: Қазақстандық мазмұн» еңбегі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «Корпоративтік басқару қағидалары» құжаты, қазақстандық және халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниялардың таңыстырылым материалдары алынды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік базасы ретінде Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ холдингі құрамына кіретін «Қазпочта» АҚ корпоративтік басқару тәжірибесі алынды.

7

  1. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Корпоративтік басқарудың қалыптасуы мен дамуы

Бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің бірі болып таңылған, корпоративтік басқарау тақырыбына алып келетін, адамзат баласының шаруашылық-экономикалық даму тарихына көз жіберер болсақ, шаруашылық - экономикалық даму үрдісін шартты түрде келесідей 3 кезеңге бөлуімізге болады:

1) XIX ғасырдың басты экономикалық қозғаушы күші болған - кәсіпкерлік дәуірі;

2) XX ғасырдың негізгі өзегі болған - менеджемент дәуірі;

3) XXI ғасырдың басты тақырыбы болып табылатын - корпоративтік басқару дәуірі.

Алайда, корпоративтік басқару мәселесінің пайда болып, қалыптасу және даму тарихын XXI ғасырдан бастап тарататын болсақ, қателескен болып есептелеміз. Себебі, корпоративтік басқарудың атрибуттары мен негізгі элементтері өзінің бастауын көне замандардан алады, әрі ол үнемі кәсіпкерлік бірлестіктер түрінде әрекет етуші шаруашылық субъектілерінің қызметімен байланысты болып келеді.

Осы ретте, зерттеушілер арасында да корпоративтік басқару ұғымы мен оның қалыптасу тарихына байланысты әртүрлі ұстанымдар мен көзқарастар қалыптасқандығын да ескеруіміз қажет. Оның басты себебі, көпшілік зерттеушілер корпоративтік басқару мәселесін акционерлік қоғамдардың пайда болып, қалыптасу және даму тарихымен байланыстырады. Әрине, корпоративтік басқару мәселесінің негізгі зерттеу нысаны - акционерлік қоғамдар болып табылатындығына назар аударар болсақ, осы аталған ұстанымның дұрыстығына дау айта алмаймыз. Алайда, адамзат тарихына көз жіберіп, ұйымдастырушылық-құқықтық тұрғыдан түрлі формаларда ұйымдасқан шаруашылық субъектілерінің бастауында кәсіпкерлік бірлестіктер тұратындығын естен шығармауымыз қажет. Сондықтан да, корпоративтік басқару мәселесін акционерлік қоғамдармен ғана байланыстыратын болсақ, аталған мәселенің ауқымдылығы мен зерттеу көлемін шектей түсеміз. Себебі, акционерлік қоғам өзінің құқықтық ұйымдастырушылық формасы тұрғысынан ең алдымен заңды тұлға болып есептеледі. Ал, азаматтық құқық платформасында құқықтық ұйымдастырушылық тұрғыдан шаруашылық серіктестіктер мен кооперативтер формасында құрылған ұйымдар да акционерлік қоғамдармен қатар заңды тұлғалар ретінде таңылады.

Сондай-ақ, заңдық тұрғыдан акционерлік қоғамдармен салыстырғанда шаруашылық серіктестіктер мен кооперативтердің құқықтық ұйымдастырылуы мен шаруашылық қызметін жүргізуінде өзгешеліктер болғанымен де, олардың құрылу қағидаттары, құрылтайшылары, қатысушылары (меншік иелері), мен атқару органдары арасындағы қарым-қатынастарға байланысты ұқсастықтары бар.

8

Жоғарыда атап өткеніміздей, корпоративтік басқарудың қалыптасып, дамуы әлемдік экономиканың эволюциялық заңдылықтарымен тікелей байланысты. Басқарудың әрбір жаңа формалары сол дәуірлердің даму ерекшеліктеріне орай, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың қағидаттары мен талаптарына байланысты қалыптасып отырды.

Корпоративтік басқарудың қалыптасып, оның түрлі элементтерінің пайда болуы кәсіпкерлік бірлестіктерді ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптардың эволюциясымен бірге дамыды. Сондықтан да корпоративтік басқарудың тарихи дамуын зерттеуіміз үшін «кәсіпкерлік бірлестіктер» ұғымының мағынасың түсінуіміз қажет.

Сонымен, кәсіпкерлік бірлестіктер дегеніміз бұл - қоғамға пайдалы шаруашылық қызметті көрсету үшін, белгілі бір адамдардың немесе олардың мүліктерін біріктіре отырып, құрған ұйымдар. Олардың басты мақсаты өзінің жеке мұқтаждығы үшін емес, басқа адамдардың қажеттіліктерін өтеу үшін түрлі қызметтер көрсетіп, тауарлар өндіріп, оларды өткізу арқылы пайда табу болып табылады.

Әлемдік экономиканың даму тарихынан біз, көптеген кәсіпкерлік бірлестік формаларының болғандығын, және де олардың кейбіреулерінің бүгінгі күнге дейін өмір сүріп жатқандығын көреміз.

Осы тақырыптың белгілі зерттеушілері ретінде таңымал - В. В. Хвалей және Я. И. Функа кәсіпкерлік бірлестіктердің ең алғашқы және қарапайым формасы ретінде қарапайым серіктестіктерді санайды. Мұндай серіктестіктердің қатысушыларының ортақ мақсаттары, жеке немесе ортақ мүліктері болды, әрі ортақ тәуекелдерге барды. Алайда, серіктестіктерге қатысушылар өзінің жеке жауапкершілігіне ала отырып, жеке келісімдер жасай алды.

Біздің дәуірімізге дейіңгі (әрі қарай - Б. д. д) VI - V ғ. ғ. Ежелгі Римде, жоғарыда көрсеткеніміздей серіктестіктерді кәсіпкерлік бірлестіктерді құруда қолдана бастады. Мұндай бірлестіктер «societies» (социетис) немесе римдік серіктестіктер деп аталды.

Кәсіпкерлік бірлестіктердің келесі даму кезеңі сенім негізінде құрылған - коммандиттік серіктестіктермен байланысты.

Сонымен, ежелгі замандағы коммандиттік серіктестіктердің пайда болуы кәсіпкерлік бірлестіктердің сол бірлестіктерді құрған меншік иелерінен оқшаулануына, сонымен қатар белгілі бір адамдар тобынан тұратын ұйымнан мүліктік кәсіпкерлік бірлестіктерге өтуге түріткі болған маңызды қадам болып есептеледі.

Зерттеуші А. К. Дживелеговтың пікірінше серіктестіктер түріндегі кәсіпкерлік бірлестіктер тек қана біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастап кеңінен тарала бастаған. Бұлар, Италия аумағында - камнедтар, қала-мемлекет Венециядағы - коллеганциялар деп аталды. Кәсіпкерлік бірлестіктердің бұл формалары, осы бірлестіктерге қатысушыларға түрлі қауіптер мен сапар қиындықтарын басынан өткермей теңіз саудасына қатысуға, одан өзінің табысын алуға мүмкіндік берді. Осы уақыттарда камендтар Франция, Испания, Араб елдерінде де пайда бола бастады.

9

Кәсіпкерлік бірлестіктерді ең алғашқы заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін біз Францияның тарихынан көре аламыз. Мәселен, камендтарды заңдық тұрғыдан реттеу Франция королінің 1673 жылғы «Сауда туралы» Орданансынан (Жарлық) кездестірсек, кейінірек Францияның сауда кодексінде коммандиттік серіктестіктер өз алдына дербес шаруашылық субъектісі ретінде енеді.

Кәсіпкерлік бірлестіктердің әрі қарайғы дамуы сол ұйымдардың кейбір қатысушыларының дара биліктің уақыт өте келе әлсіреуімен, яғни кәсіпкерлік бірлестіктердің жеке бір мүшелерінің, оның қызметіне ықпалының азаюымен сипатталады. Осыған орай, әлемдік экономиканың белгілі бір даму кезеңінде бұрынғыдай адамдар тобынан құралған кәсіпкерлік бірлестіктер емес, мүлдем жаңа сипаттағы, яғни, осы бірлестіктерге қатысушылар мен олардың еркіне бағынышты емес, оқшау, өз алдына дербес, жаңа ұйымдастырушылық құқықтық формадағы - құқық субъектісін құру қажеттілігі туындады. Мұны біз келесідей тарихи заңды себебімен түсіндіреміз. Көп жағдайда кәсіпкерлік бірлестіктерге қатысушылардың бірінің қайтыс болуына, немесе серіктестіктен шығуана орай кәсіпкерлік бірлестіктерінің әрі қарайғы қызмет көрсетіп, өмір сүруі тоқтап қалуына алып келетін еді. Осыған орай, заңнамалық тұрғыдан кәсіпкерлік бірлестіктердегі қандай да болмасын өзгерістерге байланысты, олардың әрі қарайғы өмір сүруін қамтамасыз ететін, және де кәсіпкерлік бірлестіктердің қызметіне кері әсерін тигізетін оның кейбір мүшелерінің жеке дара шешім қабылдау мүмкіндігін шектейтін заңннамалық тетіктер қажеттілігі туындап, ол тәжірибеде жүзеге асырылды. Мұндай ұйымдар әлемдік құқықтық тәжіриебеде «заңды тұлға» деген ұғымды қалыптастырып, ғылыми айналысқа енгізді.

Заңды тұлғалардың қалыптасуындағы ең әуелгі идея уақыт өте келе заңды тұлғаларға қатысушылардың еркіне тәуелді емес, қандай да болмасын маңызды мәселелерді қатысушыларының дауыс беруімен шешуге негізделген, заңды тұлғалардың жетілген формасының бірі - акционерлік қоғамдардың пайда болып, құрылуына алып келді. Яғни, жоғарыдан көріп отырғанымыздай, адамзат баласына белгілі бір адамдар тобынан тұратын, пайда табу мақсатында құрылған қарапайым кәсіпкерлік бірлестіктерден, ұйымдастырылуы тұрғысынан құқықтық жетілдірілген заңды тұлғалардың қалыптасуына дейін тұтас бір мыңжылдыққа созылған уақыт қажет болды.

Ең алғақы акционерлік қоғамдар XVII ғасырдың соңында Англияда пайда болды. Оның жарқын мысалы, 1684 жылы мемлекеттің бастама көтеруімен несиелеу мәселесі бойынша құрған Ағылшындық банкі болып табылады. Банктің бүкіл капиталы (1, 2 млн. фунт стерлинг, банкте әрбір акционердің 20 мың фунт стерлингке дейін акция иеленуіне құқығы болды) 8 % жылдық ставкамен мемлекетке несие түрінде берілді, нәтижесінде Ағылшындық банк Англияның жеке дара эмиссондық орталығына айналды.

10

Акционерлік қоғамдардың пайда болуының келесі ірі орталығы бұл - АҚШ болды. АҚШ-да акционерлік қоғамдардың пайда болып, күрт дамуы елдегі тәуелсіздік үшін соғыстан соң орын алды. Мәселен, XVIII ғасырдың соңғы он жылдығында 259 түрлі корпорациялар құрылып, 1803 жылғы дерек бойынша олардың барлығының жалпы капиталының құны 48, 4 долларға жетті.

XIX ғасырдың басындағы Батыс Еуропадағы машина индустриясы, теміржол көлігі мен кемес жасау кәсіпорындарының дамуы акционерлік қоғам формасында жүзеге асырылды [2] .

Акционерлік қоғам формасындағы корпоративтік дамудың тәжірибесі мен стандарттары көптеген жылдар бойына біртіндеп дамыды. Корпоративтік дамудың кейбір кезеңдеріңде жүйелік дағдарыстар орын алып, ірі корпорациялардың банкротқа ұшырау оқиғалары да кездеседі. Мәселен, Еуропадағы XVIII ғасырдағы ірі компаниялардың бірі болып табылатын Оңтүстік теңіздердегі Сауда компаниясының 1721 жылғы күйреу оқиғасы корпоративтік жүйедегі ең алғашқы құжаттай рәсімделген тарихи оқиға болып табылады. Аталған оқиға Англияның коммерциялық тәжірибесі мен заңнамасына түбегейлі өзгерістер алып келді. Сондай-ақ, 1929 жылғы АҚШ-ғы қор биржасының күйреуінен кейін құнды қағаздар заңнамасыны жетілдіріліп, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жоғарыдағы мәлімттерден көріп отырғанымыздай, корпоративтік басқару стандарттарының қалыптасып, дамуына әлемдік экономикада өзінің ерекше ізін қалдырған, ірі компаниялардың банкроттық оқиғалары мен экономикалық дағдарыстар тікелей ықпалын тигізіп отрыған.

Мәселен, 1970 жылдардағы Англиядағы орын алған екінші банктік дағдарыс, АҚШ-ғы 1980 жылдардағы қаржыны сақтандыру ассоциациясының банкроттығы, Еуропадағы Maxwell Group (Максуил гроуп) компаниясының Mirror Group (Миррор гроуп) баспасының зейнет ақы қоры активтерің иемденіп алу оқиғасы, Barrings (Барринджс) банкісінің күйреуі, XXI ғасырдағы АҚШ-ғы Enron компаниясының банкроттығы, Франциядағы Vivendi Universal (Вивенди юниверсал) компаниясының күйерудің аз - ақ алдында қалу оқиғасы, Италиядағы Parmalat (Пармалат) компаниясынан шыққан корпоративтік жанжал оқиғалары аталған компания менеджерлерінің құзыретсіздігі, лауазымдық өкілеттіліктерің асыра пайдалануы, алаяқтығы, басқару жүйесіндегі мөлдірліктің болмауы сияқты фактілермен байланысты болып келеді [3] .

Осыған орай, жоғарда аталғандай кемшіліктердің алдын алу, оларды болдырмау бағытында дүниежүзі бойынша заңнамалар үнемі жетілдірілу үстінде, әрі корпоративтік басқару мәселесі дүниежүзі елдерінің экономика және шаруашылықты ұйымдастыру сұрақтарымен байланысты күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды.

Сонымен, корпоративтік басқару келесідей эволюциялық даму кезеңдерін басынан өткерді [4] :

11

Кесте 1.

Кәсіпкерлік субъектілерінің қарапайым кәсіпкерліктен корпоративтік басқару субъектісіне дейінгі эволициялық даму хронологиясы

Кезеңдері
Формалары
Кезеңдері: Б. д. д.
Формалары: Қарапайым серіктестіктер
Кезеңдері: Б. д. д. VI - V ғ. ғ.
Формалары: «Societies» (социетис) немесе римдік серіктестіктер
Кезеңдері: Орта ғасырлар
Формалары:

Коммандиттік серіктестіктер:

1) XII-XVII - камнедтар, коллеганциялар, сауда гильдиялары;

2) XVII ғасырдың соңғы ширегінен бастап коммандиттік серіктестіктердің жетілген формаларының қалыптасуы - заңды тұлға ұғымының пайда болуы, теңіз саудасының қауырт дамуы

Кезеңдері: XVII ғасырдың соңы
Формалары: Ең алғашқы акционерлік қоғам формасында ұйымдасқан кәсіпкерлік серіктестіктердің пайда болуы, банктер мен мануфактуралардың дамуы
Кезеңдері: XIX ғасырдың алғашқы ширегі
Формалары: Акционерлік қоғамдардың жетіле түсуі, Еуропада алғашқы холдингтардың пайда болуы
Кезеңдері: XIX ғасырдың 50 жылдары
Формалары: Еуропа мен АҚШ - та трансұлттық компаниялардың пайда болуы
Кезеңдері: XIX ғасырдың 80 жылдары
Формалары: Акционерлік қоғамдардың АҚШ пен Еуропада жаппай бұқаралық жария корпорацияларға айналуы
Кезеңдері: XIX ғасырдың 90 жылдары
Формалары: АҚШ пен Еуропада акциларды биржалар арқылы саудалау
Кезеңдері: 1929 жылғы қор биржасының күйреуінен кейін
Формалары: АҚШ - та меншік пен бақылауды бөлу
Кезеңдері: 1945 жылдан кейін
Формалары: Трансұлттық компаниялардың АҚШ пен Еуропада кеңінен қанат жайуы
Кезеңдері: XX ғасырдың 70-80 жылдары
Формалары: Институттық қорлардың пайда болуы, дамуы, корпоративтік басқару мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттеліп, негізделе бастауы
Кезеңдері: XX ғасырдың 90 жылдары
Формалары: Трансұлттық компаниялардың қосылып, ғаламдық компанияларға айналуы. «Виртуалды» корпоративтік құрылымдардың дамуы.
Кезеңдері: XX ғасырдың 73-95 жылдары
Формалары: Еуропада қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарың жасау
Кезеңдері: 1999 жыл және 21 ғасыр
Формалары: Халықаралық корпоративтік басқару қағидаттарың құру (1999 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамасымен)

Корпоративтік басқарудың эволициялық дамуын қысқаша қорытындылайтын болсақ, корпоративтік басқару идеясы топтық мүдделер аясында кәсіпкерлік бірлестіктер формасында жүзеге асырылып, белгілі бір тарихи дәуірлердің заңдары мен нормативтік актілері аясында дамып отырды. Бүгіндегі кәсіпкерлік бірлестіктердің ең жетілген формасы - акционерлік қоғамдар болып табылады, әрі акционерлік қоғамдарды басқару корпоративтік жүйе ретінде дүниежүзілік және аумақтық масштабтардағы экономикалық, әлеуметтік және де тағы да басқа түрлі өзгерістерге орай үнемі жетілдіріліп отырады.

12

Осы орайда, дүниежүзі бойынша корпоративтік басқару жүйесінің халықаралық ұйымдар аясында, кейбір елдерде орын алған оқиғалар мен әлемдік масштабтағы өзгерістерге орай жетілдірілуіне тоқталып өтсек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Персоналды басқарудың сызықтық ұйымдастырушылық құрылымы
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Жапондық басқарудың тиімді әдістерін анықтап, Қазақстан кәсіпорындары үшін ұсыну
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Корпоративті басқарудың құрылуы мен дамуы
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Корпоративті басқару үдерістерін зерттеу
Еуроодақта сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің мемлекетаралық жүйесінің қалыптастыру кезеңдері
Корпоративтік басқару туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz