Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі

Институт: Математика, физика және информатика институты
Мамандық: 6B01501 - Математика
Группа: МОК - 211

Орындаған : Жаңажол Ерасыл Ардақұлы
Тексерген : Халидуллин Гизатулла Хаймолдаевич

Алматы 2022 ж

ЖОСПАР
І. Кіріспе
Қазақстан - 2030 даму стратегиясы
ІІ. Негізгі бөлім
Даму стратегиясы
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
Қазақстан - даму стратегиясының атаулы төрт кезеңі
Қазақстан-2050 жолдауы
2.1 Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі бағыттары.
2.2 Мақсаттары мен жету жолдары.
ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына жолдаған Қазақстан - 2030 даму стратегиясы жолдауы бұл Қазақстан үшін өте қажет. Жолдаудың мақсаты Қазақстанның дамуы барысында 2030 жылға дейін Азияның барысына айналу. Президентіміздің жолдаудағы айтылған сөздері: бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі күнде сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемге Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр. 2030 жылға қарай Қазақстан Оталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен -- өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік - жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күн нақты іс - қимылдары іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Бұл жұмыста табысқажету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Нақ сондықтан адамдардың әл- ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізуге тиіс. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
ІІ. Негізгі бөлімі:
Қазақстан - 2030 даму стратегиясында жеті ұзақ мерзімдік басымдылықты Қазақстан өз алдына мақсат етіп қойды. Олар, ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; негізгі міндеттермен шектелетін кәсіпқой мемлекет. 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы ҚАЗАҚСТАН 2030 даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
Ұлттық қауіпсіздік;
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
экономикалық өсу;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
Энергетика ресурстары;
Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.
Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.
Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:
-- стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;
-- жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;
-- күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;
Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;
Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.
Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.
-- әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;
-- ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;
-- мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;
-- 1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.
Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын -- бағдарлама құжаты:
І. 1998-2000 ж.ж. -- Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау -- 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау -- 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.
ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек -- қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу, экономикалық өсуді жеделдету, қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.
ІІІ. 2011-2020 ж.ж. Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр:
-- интенсивті экономикалық өсу;
-- қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;
-- демографиялық саясатты белсендіру;
-- инфрақұрылымды жаңарту;
-- экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.
ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатардағы әскери күш қалыптасады.
Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру. Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың экономикалық әу-ауқатын көтеру.
Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты -- еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.
Еліміздің 2030 жылға дейін даму стратегиясы Қазақстан Президентінің қойылған мақсаттарға жеткізетін келесідей жеті ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру қажеттігін атап көрсетті. Ол басымдықтар төмендегідей жіктеледі:
Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген Экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі менмүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
Энергетика ресурстары мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Осы шектеулі секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетін етіп дамыту.
Кәсіби мемлекет. Ісінде адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтық өкілдері болуға қабілетті. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленгеннақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып, осы стратегияны талдау жасауға және оны дәйекті түрде іске асруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Сонымен қатар 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" жолдауы жарияланды.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық апатқа" ұшырайды.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:
Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.
Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.
Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан -- өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.
Экономикалық стратегия.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.
Жекешелендіру процесін аяқтау.
Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.
Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.
Алдағы міндет:
Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.
Инвестицияларды пәрменді тарту.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді:
Ауыл шаруашылығы;
Орман және ағаш өнеркәсібі;
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;
Тұрғын үй құрылысы;
Туризм;
Инфрақұрылым жаса
Әлеуметтік стратегия.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:
1.Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.
2.Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.
3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі - ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.
Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі - миграциялық саясат. Ол - халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.
Ресурстарды пайдалану стратегиясы.
Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:
1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.
2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.
3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.
4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.
5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.
Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.
Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті - отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы жүк тасымалының негізі - темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:
Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.
2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау.
3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.
Автомобиль жолдары бойынша:
Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.
Әуе көлігі бойынша:
Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Экономикалық даму стратегиясы
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау
Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Даму стратегиясы
Стратегиялық жоспарлаудың мәні
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы
Пәндер