Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7-10
1 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 11
1. 1 Компанияның қаржылық тәуекелін басқарудың экономикалық негізі, мәні мен түрлері . . . 11-19
1. 2 Қаржылық тәуекелді басқарудың классификациясы . . . 19-27
1. 3 Компанияның тәуекелдерін бағалау мен басқарудың негізгі тәсілдемелері мен әдістері . . . 28-37
2 КОМПАНИЯДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ (ЖШС «THS GROUP» мысалында) . . . 38
2. 1 ЖШС «THS GROUP» ұйымдық - экономикалық және қаржылық қызметіне сипаттама . . . 38-49
2. 2 Компанияның қаржылық тәуекелдерін басқару жүйесін талдау . . . 49-62
3 КОМПАНИЯДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 63
3. 1 Компанияның қаржылық тәуекелін төмендету тәсілдері және басқару механизмін жетілдіру . . . 63-73
3. 2 Кәсіпорында қаржылық тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі . . . 73-82
3. 3 ҚР компаниялардағы тұрақсыздандырушы факторлардың қаржылық тәуекелдерге әсері және оларды шешу жолдары . . . 82-90
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 91-93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 94-97
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
- «ҚР жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124 Заңы;
АНЫҚТАМАЛАР
Валюталық тәуекел - бір валюта курсының екінші бір валюта курсына қатынасы бойынша өзгеруіне байланысты валюталық жоғалтулар қаупін тудыратын тәуекел.
Девирсификация - бұл өзара байланысты емес әртүрлі объектілер арасында инвестицияланатын қаражаттарды бөлу процесі.
Дефляциялық тәуекел - дефляцияның өсуі кезінде баға деңгейінің құлдырауымен, табыстың төмендеуімен, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайының нашарлауынан болатын тәуекел.
Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел.
Тәуекелдердің классификациясы - тәуекелдердің ішкі жиындарын жалпы түсініктерге біріктіруге мүмкіндік беретін белгілі бір белгі мен қағидаттардың негізінде көптеген тәуекелдерді жүйелендіруді білдіреді.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio - таңдау, сұрыптау) -инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Өтімділік тәуекелі - бағалы қағаздарды немесе басқа да тауарларды сатуда, олардың сапасын бағалаудың өзгеруінен туындайтын мүмкіндігін жоғалтуына байланысты тәуекел.
Хеджирлеу - бұл валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
- ТБЖ - тәуекелдерді басқару жүйесі;
- ЕБҰ - еншілес бағынысты ұйымдар;
- ҚР- Қазақстан Республикасы;
- ҚҚА- Қаржылық қадағалау агенттігі;
- ЕДБ- екінші деңгейлі банктер;
- ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы;
- АҚШ- Америка Құрама Штаттары;
- ЖШС- жауапкершілігі шектеулі ссеріктестік;
- АҚ- Акционерлік қоғам;
- ХСҚҚ -Халықаралық сақтандыру қадағалау қауымдастығы;
- ІАҚ - Ішкі аудит қызметі.
КІРІСПЕ
Зерттеуді таңдау уәжі мен бүгінгі күнге өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына байланысты. Мемлекетімізде кәсіпкерлік қызмет өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені кәсіпорын қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан - жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай - ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Кез - келген компанияда өз жұмысын жүзеге асыру барысында қандайда бір болмасын табыс табу және қаржы жұмсау сияқты мақсаттарды ұстанып, өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ, дамудың басқа да стратегияларын таңдай отырып, компания өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол шешімдердің табысты іске асырылу ықтималдылығы (яғни, толық көлемде табыс алуы) компанияға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай жағдайда «тәуекел» ұғымы пайда болады.Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады.
Компаниялық қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады, яғни қажетті құрал - жабдықтарды сатып алудан, тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс - әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына, әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық, материалды, еңбек және т. б. ) әкелуі мүмкін.
Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады, ал тәуекелді күшейту - кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады. Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс - әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту. Тәуекел - бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері.
Сонымен, компанияның қаржылық тәуекелдігі кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс- әрекеттер деп түсінуге болады. Компанияның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет. Нарықтық қатыныстар жағдайында тәуекелдің кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.
Қаржылық тәуекел - бұл жеке және қарыз ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде пайда болатын жағымсыз жағдайлардан шығындардың пайда болуымен байланысты тәуекел. Әрине, көптеген тәуекелдер өзара байланысқан және бір тәуекелмен сәтсіз жұмыс тез арада басқа тәуекелдің пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде ол қаржылық жоғалтулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Компанияның қаржылық тәуекелі компания қызметін реттеуде маңызды рөлі атқаратындығы диссертациялық жұмыстың өзектілігіне арқау болды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Күні кешегіге дейін кәсіпорындағы қаржылық тәуекелдерді басқару ілімі қаржы менеджменті саласына енетін және оған өзіне лайық болатындай мән берілмей келді. Тәуекелдерді басқару, дәлірек айтсақ, тәуекелді ұйымдастыру проблемаларына отандық, сондай -ақ шетелдік экономист - ғалымдардың және практик - мамандардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері П. С. Роуздың, О. И. Лаврушинның, М. Е. Озиустің, Б. Х. Путнамның, Д. Ф. Синкидің, Е. П. Жаровскийдің, И. М. Балабановтың, В. В. Ковалевтің, Б. И. Лисактың, А. Д. Шелекбайдың, Р. Г. Ольховойдың, В. С. Пашковскийдің және т. б. еңбектерін жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында тәуекел - менеджменті туралы ілімнің дамуының қайнар көзін жетекші ғалымдар А. Д. Шелекбай, Л. Н. Корнилова,
Ғ. С. Сейітқасымов, Р. У. Смағұлова, Н. Н. Хамитов, С. Т. Міржақыпова, Б. И. Лисак және басқалар ашты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері тәуекелді басқару мәселелерін баяндайды, тәуекелдердің түрлері, олардың алдын алу және басқару тәсілдері кеңінен әрі жан - жақты қаралады, алайда олардың қатарында кәсіпкерлік қызметінде қаржылық тәуекелді ұйымдастыруды зерттеу мен қарастыру жөніндегі еңбектердің саны мардымсыз. Жарияланымдардың айтарлықтай санына қарамастан, қаржылық тәуекелді кәсіпорын қызметіндегі қазіргі жай - күйі тым жеткіліксіз зерттелген. Еліміздегі кәсіпкерлік саласында қаржылық тәуекел жеткіліксіз жетілдірілген және тиімділігін жоғарылату жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорындағы тәуекелдерді басқарудың теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында қаржылық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- қаржылық тәуекелді басқарудың классификациясын анықтау;
- компанияның қаржылық тәуекелдерін бағалау мен басқарудың негізгі
тәсілдемелері мен әдістерін зерттеу;
- «THS GROUP» ЖШС-нің қаржылық тәуекелдерін басқару жүйесін
талдау;
- қаржылық тәуекелдің төмендету тәсілдері және басқару механизмін
жетілдіру;
- дамыған шетелдердегі қаржылық тәуекелдің жай - күйін талдау және
кәсіпорындағы тәуекел құрылымын анализдеу жөнінде ұсыныс әзірлеу;
Зерттеу пәні - кәсіпорындардағы қолданылатын тәуекелдерді басқару және қаржылық тәуекел бағалау жүйесі.
Зерттеу объектісі - «THS GROUP» ЖШС-нің қаржылық қызметіндегі тәуекелдері болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі материалдар, заңнамалық актілер, үкімет қаулылары, кәсіпорынның қызмет етуінің тиімділігін арттыру және айналым капиталын басқару саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми - практикалық конференциялардың материалдары, кәсіпорынның қаржылық есеп берулері, кәсіпорынның ішкі ақпараты болып табылады.
Диссертациялық жұмыста талдаудың экономикалық - математикалық және статистикалық әдістері, жүйелі тәсілді, сыни талдау мен синтез әдістері, сапалық және сандық талдаулардың бірлігі, зерттеудің арнайы экономикалық, сараптамалық әдістерін қолдануды қарастыратын ұстанымдар қолданылды.
Диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кәсіпкерлік қызметте қаржылық тәуекел жүйесін басқару, сонымен бірге:
- кәсіпорындағы тәуекелдерді бағалау мен салалық ерекшеліктерін
ескере отырып, компаниядағы қаржылық тәуекелге авторлық анықтама беру;
- қаржылық тәуекелді ұйымдастыру сызбасы және оның принциптері;
- компанияның қаржылық тәуекелінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар айқындалды;
- қаржы инновациялары ұғымының анықтамасы және кәсіпорынның
тәуекелдерін барынша азайту құралы ретіндегі пайдалану әдістері;
- тәуекел түрлерін алдын - ала анықтау, оларды басқарудағы проблемаларын шешу жолдары.
Диссертациялық зерттеу жұмысының қорғауға шығарылған ұсыныстары. Кәсіпорындағы қаржылық тәуекелді шешу жолдары анықталып ұсынылған. Оның негізгі ережелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын іске асыру компанияның ішкі бақылау жүйесіне тәуекелдердің алдын алу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай - ақ жалпы фирманың тұрақтылығын нығайтуға және сенімділігін қолдауға ықпал етеді. Диссертацияның теориялық және практикалық бөлімдері экономика оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы диссертацияда қарастырылған теориялық ережелер мен тәжірибелік кеңес берулер кәсіпорын қызметінде бизнес құнының өсуіне бағытталған тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін кеңінен қолдану болып табылады. Зерттеу шеңберінде жасалған имитациялық модельді іскерлік практикада да, теориялық материалды пысықтау үшін қолданылатын білім беру үдерісінде де, яғни «Корпорациялық қаржы», «Компанияның құнын бағалау», «Қаржылық басқару» оқу курстарындағы тақырыптар бойынша қолданбалы есептерді жасау және теориялық материалды пысықтауда да қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және жүзеге асыру . Диссертациялық зерттеудің негізгі жағдайлары мен ғылыми нәтижелері келесі халықаралық ғылыми - практикалық конференцияларда талқыланып, мақұлданды: «Жастар және ғылым» атты XV халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы, «Қаржы тәуекелін басқарудың негізгі бағыттары» және «Методика оценки и анализа финансовых рисков компании» атты мақалалар, Алматы экономика және статистика академиясы, (Алматы, 1 том, 22 - сәуір, 2015 ж., 2 том, 21 - сәуір, 2016 ж. ) .
Жарияланған еңбектер. Автордың диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша 0, 6 б. т. көлемінде екі мақала жарияланды.
Диссертация құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКомпанияның қаржылық тәуекелін басқарудың экономикалық негізі, мәні мен түрлері
Экономикалық нарық жағдайындағы кәсіпкерліктің негізгі қызметі пайданы табу болып табылады, бірақ оның нәтижесін толық түрде алдын ала көруге болмайды, себебі шаруашылық субъектілер олардың қызметін қиындататын түрлі тәуекелдер түрлерімен кездеседі.
Кәсіпорын қызметінің тәуекелін эконимист - ғалымдар белсенді түрде 19 ғасырдың аяғында зерттей бастады. Неміс экономистер мектебінің өкілдері Иоган фон Тюнен және Ханс Карл Эмиль фон Мангольдттың жұмыстарында («Кәсіпкердің шындық тағайындалымы мен кәсіпкерлік бірге пайда болды және коммерциялық құрылымның қаржылық қызметі барысында бірге жүреді. Адам Смит кәсіпкерліктің табысын зерттеуі кезінде, алғашқы рет кәсіпкерлік қызметпен байланысты ықтимал тәуекелдің өтемі түріндегі табыстың ақиқат табиғаты») кәсіпкерлік табыс пен кәсіпкердің даралығының кәсіпкерлік тәуекелдің арасындағы байланысы зерттелді. Ханс фон Мангольдт кәсіпкердің басты функциясы деп өндірістік түзуде қарастырған тәуекелді жүргізуді санады. Мангольдт «заказға арналған өндіріс» және «нарыққа арналған өндіріс» түсініктерін бөлді. Сонымен бірге ол тәуекелді бағалау мен басқару үшін уақыттық факторын қолдануы қажет, яғни тәуекелді динамикада зерттеу қажет деп ойлады [1] .
Ғалым экономист Джон Мейнард Кейнс қаржылық тәуекелді қаражаттарды салудан күтілетін табыстың белгісіздігі ретінде анықтады. Кейнс белгісіздіктің себебі экономикалық процестің өзінің болашаққа бағытталған мінезінде деп санады, экономикадағы белгісіздік дәрежесін азайту мақсатында мемлекеттің рөлін үлкейтуін (активизациялауға) ұсынды [2] .
Қаржылық тәуекелдің ең жиі кездесетін анықтамаларын біріктіре отырып, келесі жалпы кезеңдерді бөлуге болады:
- сәтті нәтижеге үміттеніп жүзеге асырылатын қызмет [3] ;
- мүмкін қауіп пен сәтсіздік [4] ;
- бірнеше альтернативасы бар жағадайда кез келген шешімнің қате
немесе сәтті болуының ықтималдығы [5] ;
- субъектпен және белгісіздік жағдайында жүзеге асырылатын
қызметтің ерекше нысаны [6] ;
- кейбір оқиғалар қорытындысының анықсыздығы [7] ;
- жоспарланған табыстың, пайданың толық түспеу, зардаптарды,
жоғалтулардың пайда болуының ықтималдығы [8] ;
Осылай, қаржылық тәуекелдің түрлі анықтамаларын қарастыра отырып, біз келесілерді шығарамыз:
- тәуекел іс - әрекетпен байланысты, яғни ол кәсіпкерлік қызмет бар
жерде ғана пайда болады;
- тәуекел нәтижесін толықтай алдын ала білу күрделі болатын, ал оның
қортындысы ықтималдық сипаттамада болатын қызметпен байланысты, осылай тәуекел таңдаумен байланысты болады;
- тәуекелдің зардабы тек нәтижесінде көрінеді, тәуекел - бұл қойылған
мақсаттан ауытқу.
Демек, қаржылық тәуекелдің ажырамас факторлары белгісіздік, ықтималдылық және іс - әрекет болып табылады.
Қызмет еткізу кезеңімен қатар қаржылық - экономикалық және әлеуметтік тәуекелдің ықтималдылығы (білікті кадрларды алумен күрделі әлеуметтік инфрақұрылым әлсіздігі, ереуіл қаупі) техникалық тәуекел (жаңа технологиялар, шикізат пен материалдар сапасының тұрақсызлдығы, технологиялар беріктігі), экологиялық тәуекел (өндіріс зияндылық, дүркін шығарып тастаулар, қоныс тебуші орынның жақындығы) .
Экономиакада тәуекел түсінігінің нұсқаларының бірі Дж. М. Кейс есімімен байланысты, ол өнім құндылығы және қызмет көрсету нарықтық бағаның ойламаған жерден өзгеріске ұшырайды, жабдықтардың шарасыздық тозығы мен апаттар нәтжесінде бұзылуларға әкелуде ықтимал шығынға кіруі керек. Осымен байланысты Кейнс «тәуекел» туралы күтілген түсім анықтығын кейінгіге қалдыру ықтималдылығын жабу үшін негізгі түрін ескеру керек деп есептеген.
Біріншіден, кәсіпкер немесе заемщик тәуекелі онымен ол есептеген перспективалық пайданы шын ала алама» деген күдік пайда болады.
Екіншіден, несие беруші тәуекелі шығынға ұшырау ойымен қауіптілігімен байланысты болуы мүмкін немесе міндетті орындаудағы борышкердің басқа әркеттерінің шетіне шығуы, сонымен қатар қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліксіздігі ықтималдылығымен байланысты, яғни, заемщиктің кірісті алу есебі ақталмағаны үшін еріксіз шығынға ұшыраудың қауіптілігі.
Үшіншіден, бұл тәуекел - ақша бірлігінің құндылығының азаю ықтималдылығымен байланысты.
Экономикалық ғылымда тәуекелдің классикалық және жаңа классикалық теориясы бар. Классикалық тәуекел теориясының өнімдері (Милль, Сепиор) пайызды кәсіпкерлік кіріс құрылымында салынған капитал еншісі ретінде ) және тәуекел үшін төлемді (ықтимал тәуекелдің өтемі ретінде кәсіпкерлік әрекетпен байланысын) айыра алды. Классикалық теориядағы экономикалық тәуекел таңдаған шешімді өткізу нәтижесінде математикалық күткен шығынмен теңдестіреді. Аталған шешімнің іске асуына алып келетін тәуекел - мұнда. Мұндай біржақты термелеу сезілгеннен кейін тәуекедің басқа түсінігіндей өнімін ертті.
ХХ жүзжылдығындағы 20 - 30 жылдары А. Маршал және А. Пигу тәуекел Q-ді экономиканың жаңа классикалық теориясының негізін жасады. Кәсіпкер іс- әрекеті тәуекелдің жаңа классикалық теориясына сәйкес шектелген пайданың тұжырымымен шартталған. Бұл егер бірдей ұсынылған кірісті беретін күрделі қаржы нұсқаларының екеуінің бірін, таңдап алу керек болса, онда кіріс ауытқуы аз нұсқасы таңдалады [9] .
Белгісіздік экономикалық қызметтің бар болуының объективті нысаны болып табылады. Оның мағынасы экономикалық қызмет нақты әлеуметтік - экономикалық процесстер ағымдарының көп мағыналылық, экономикалық жүйенің дамуының әдістері мен нұсқаулардың әртүрлілік, шешімнің іске асырылуының мүмкін күй мен ахуалдың көптүрлілігі жағдайларында жүзеге асырылуында көрінеді.
Фрэнк Найт қазіргі заманғы экономикалық теория шеңберінде белгісіздік проблемасына назар аударған ғалымдардың бірі болды. Ол 1921 жылы «Тәуекел түсінігі және белгісіздік» және «Тәуекел, белгісіздік және табыс» атты еңбектерінде келесі ережені ұсынды: «Барлық шынайы табыс белгісіздікпен байланысты». Осымен Ф. Найт сол кездердегі экономикалық теориядағы басты ұғымына өз ойын қарама - қайшы қойды [10] . Бұл теорияның басты назарында шешімдерді абсолютты анықтылық жағдайында немесе ықтималдылықтың белгіленген заңдылықтарды қолдану арқылы қабылдау болды.
Тәуекелдің екінші жағын - ықтималдылықты зерттеу маңызды рөл атқарады. Оның негізі болып 17 ғасырдағы француз математиктері Блез Паскаль мен Пьер де Фермамен ашылған ықтималдық теориясы табылады. Адам ықтималдық теорияны қолдану арқылы алғаш рет нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін жағдайында шешімді қабылдай ала алатын болды және болашақты сандар арқылы болжай алатын болды. Якоб Бернуллидің ашқан үлкен сандар заңы мен статисткалық таңдай әдісін шығаруы, сонымен бірге Абрахам де Муаврмен ашылған бөлуді және орташадан орта квадраттық ауытқудың нормалы нысандары тәуекелдерді басқаруына үлкен әсерін тигізді. Қазіргі кезде бұл ұғымдар тәуекелді басқаруда ең маңызды құралдары болып табылады [11] .
Тәуекелдің үшінші жағы тәуекелдің белгілі бір қызметтің нәтижесі ретінде көрінуі болып табылады. Компания құрылым даму стратегиясы мен мақсатқа жету жолдарын таңдау барысында компания қызметін жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелдерді есепке алу мен басқару әдістеріне негізделген жобалау және жоспарлау процесіне сүйенеді. Бірақ, өзінің қаражаттарын жоғалту мүмкін жағдайын да ескеру қажет, яғни бұл компанияның өз қызметін атқаратын белгісіздік жағдайының нәтижесі болып табылатын соманы жоспарланғанынан кем алуы мүмкін.
Компания қызметіндегі қаржылық тәуекелдеріне өтетін болсақ, компания қызметіне оның қызмет ететін ерекшелігіне тәуелді болатын өзіне қаржылық тәуекелдердің түрлі түрлерін енгізетін белгілі бір тәуекелдер кешені сәйкес болатынын ескеру қажет. Алайда кез келген коммерциялық ұйымға тән тәуекелдің ажырамас факторлары өзгеріссіз қала береді, сонымен бірге шаруашылықтың кейбір нысандарының ерекшеліктері тәуекелдің қызмет етуіне әсерін тигізеді.
Қаржылық тәуекелдер дегеніміз - елге және оның заңды тұлғаларына ссудалық капитал беру көзқарасы жағынан елдің төлем қабілеттілігін анықтайтын тәуекел. Компанияның қаржылық қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық функцияларымен, жоспарлауымен, оперативті басқарумен, экономикалық бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес болып келеді. Бұл функциялардың әрқайсысы тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни қаржылық тәуекелдің ерекше менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, компанияның қаржылық қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген басқарудың ерекше жүйесі қажет. Әдетте қаржы тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады.
Егер қаржылық тәуекел тек теріс нәтижелермен байланысты болса, онда кәсіпкердің оған дайындығын түсіндіру мүлдем мүмкін емес. Негізінде кәсіпкер мүмкін шығындарға қарамастан тәуекелге береды, себебі мұнда күшті ынталандырғыш бар - жоғары табыс, өзіндік кәсіпкерлік табыс. Әдетте инновациялық кәсіпкерлік формадағы табыс қарапайым табыстан жоғары болады.
Компаниялар қаржылық жүйенің басты функциясы ұдайы өндірістік процесті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылатын ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар, жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік икемді болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы балса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.
Компанияның қаржылық тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz