Тілдің дамуының заңдылықтары
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тілдің даму заңдылықтары, тілдердің өзара әсерлері
(жоба)
Әзірлегендер: Қасымова Мөлдір,
Қамбарбек Сымбат, Мейрамбекқызы Каусар
Қабылдаған: Сейталиева Қарлығаш
Алматы 2021 жыл
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Тілдің дамуының заңдылықтары.
1.2. Тілдің дамуының ішкі және сыртқы мәнбірлері.
1.3. Тілдің сатылық даму теориясы.
II.Тәжірибе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыда дамуы.
2.2. Тілдің құрылымдық және қызметтік, функциялық дамуы.
2.3. Тілдердің өзара әсерлері.
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жобаның қысқаша сипаттамасы: Ұсынылып отырған жобада жалпы тілдің даму заңдылығы мен оның өзара әсерлесуі туралы ақпарат көздері қамтылады. Басты мақсаты тілдің қазіргі қоғамдағы жан-жаққа шашылған қалдықтарын жинап, бір қысқаша тұжырымдалар беру. Жоба барысында тілдің қандай даму процесстерінен өткендігін аңғара аламыз. Оның қолданылу аясында, бірнеше өзгерістерге ұшырағандығы жайында көптеген тұшымды зерттеу нәтижелері қамтылады.
Жобалық жұмыстың кезеңдері: Жоба жұмысы негізінен 4 бөлімнен (Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен) тұрады.Таңдалған жоба тақырыбының өзектілігі, қойылған міндеттердің мақсаты мен мазмұны қысқаша негізделеді; алынған нәтижелердің маңыздылығы және (немесе) қолданбалы мәні қандай т.б. сұрақтарды қамтитын сипаттама беріледі; осы тақырыптағы әдебиетке қысқаша шолу жасалған. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады: теориялық және практикалық. Теорияда ақпаратқа анықтама берілсе, практикалық бөлімде сол ақпаратқа қарай бірнеше тәжірибелік дәлелдер келтіріледі. Жоба соңында пайдаланылған әдебиеттер бойынша тізім құрастырылады.
Жобаның материалдық-техникалық құрастырылуы: Жоба жұмысында бірнеше материалдар (сызбанұсқалар, глосарийлер, термин сөздер, класстерлер, дәлелмен келтірілген фотосуреттер, сөз - сүлбелер, формальды - қисынды модельдер, т.б) қолданылады.
Жобаның мақсаты: Оқырманды тілдің тарихына қызығушылық танытуға үндеу. Тілдің осы уақытқа дейін күннен-күнге өзгеріп отыратындығын даму заңдылықтарын ұсыну арқылы дәлелдеу.
Кіріспе.
Жобаның өзектілігі: Тілдің дамуы жөніндегі мәселе - жалпы тілтану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Осы проблеманы бірнеше шешу жолдарымен қарастыру. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын тілдік құбылыстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән-мағынасын түсіну мүмкін емес екендігін айқындау. Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің тіл ғылымындық проблемаларының бірі ретінде қарастыру.
Әлемдегі тілдердің бәрі дамиды, өзгереді. Өзгеріске ұшырамай бірқалыпта тұратын тіл болмайды. Тіл атаулының барлығы да кейде сөздік құрамы жағынан, кейде грамматикалық және фонетикалық құрылымдылық жағынан уақыт көшімен бірге өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Тілде болатын өзгеріс-құбылыстар алуан түрлі, бірақ солардың барлығы бірдей тілдің дамуы деген ұғымға жата бермейді. Тілдің дамуы деп оның лексикалық құрылымының жаңа атаулармен, жаңа ұғым көрсеткіштерімен толығып, жетілуін, сөйтіп, тілдің икемділік, орамдылық қасиетінің артуын айтады. Бірақ, бұл айтылғандардан тілде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де тұрақсыз, көшпелі деген ұғым тумауы керек. Тіл атаулының бәрінде де және оның барлық салаларында да тұрақты элементтер мен тәсілдер өзгерімпаз, тұрақсыз элементтермен, амал-тәсілдермен жарыса қатар жүріп отырады. Жоба барысында тілдің ішкі және сыртқы факторлар бойынша даму процесстеріне ғылыми тұрғыда тоқтала кеттік. Тілдің дамуы тек оның қазіргі кезге дейін сақталып қалуында емес, қоғамның оны тереңінен пайымдауында деген тұжырымды ұсындық. Тіл дамуына себепші болатын сыртқы факторлардың тағы бір елеулі түріне тоқталдық. Ол -- тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Басқа тілдермен байланыссыз, томаға тұйық өмір сүретін тіл болмайды. Қандай халық болса да, өзімен көршілес басқа бір халықтармен экономикалық немесе мәдени байланыссыз тұра алмайды. Мұндай байланыс, яғни әр түрлі тілде сөйлейтін қауымдардың байланысы, тілдердің де қарым-қатынасын күшейтеді. Осы қауымдардың байланысы арқылы тіл дамып, өзгеріске ұшырап отырады. Тілдің дамуын биологиялық тұрғыдан зерттеген Ресей ғалымы Август Шлейхердің де бірнеше тұшымды ойларын қарастыра кеттік. Ол тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, соңдықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыс тану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы, деген ой-пікір қалдырады. Сонымен қатар, біз Николай Яковлевич Маррдың тілдің дамуы туралы "сатылық даму теориясын" ұсынды. Біз бұл теорияға да жобада біршама түсінік бере алдық.
I.Негізгі бөлім
1.1. Тілдің дамуының заңдылықтары.
Тiлдiң дамуы жөніндегі мәселе - жалпы тілтану ғылымының күрделі проблемалардың бiрi. Сондықтан тiлдiң даму заңдылықтарына токталмас бұрын алдымен онын зерттелу тарихына қысқаша тоқталып етелік. Тiлдiң дамып отыратын тарихи құбылыс екенiң зерттеушiлердiң бәрі мойындайды. Бiрақ сол "даму қалай болады?" дегенге келгенде елдің бәрі бірауызды болмады. Мәселен, салыстырмалы-тарихи тіл білімін негіздеушілердің бірі - Франц Бопп: "Тілдегі даму оны бүлдiруге әкеп соқтырады",- деп бiлдi. Ф.Гегель (философ): "Дамудың екi кезеңі - тарихқа дейiнгi және тарихтан кейінгі кезеңi болады. Тарихқа дейiнгi дәуiрде тiл қалыптасады, дамып жетіледі. Екінші, яғни тарих басталғаннан кейiнгi кезеңде тіл дамуды тоқтатады; кері кетіп, заман өткен сайын бардан айырылып кедейленедi",- дейдi. Неміс ғалымдары Фридрих және Август Шлегельдер мен Август Шлейхер тiлдердi морфологиялық (типологиялық) белгілеріне қарай жiктеп, оларды түбiр тiл, жалғамалы тiл, қопарылмалы тiл деп үшке бөліп алды да (кейінгі кезде бұлар төртке бөлiнiп жүр - Б.К), бұл үш түрлi типтi дамудың үш дәуiрi, үш кезеңi деп атады. А.Шлейхердiң пiкiрiнше, "бұл кезеңдердің ең төменгi басқышы - түбiр тiл де, ал ең жоғарғы сатысы қопарылмалы, яғни флективті тіл. Дамуга, прогреске бейiмi, жетiлгенi - Флективтi тiлдер" - дейдi. Бұл көзқарас кейініректе тiлдердiң тең еместiгi жөнiндегi шовинистік, нәсілшілдiк теориясымақтарға негiз болды.
Сондай-ак, А.Шлейхер: "Тiлдiк өзгерістер жалпы организмдерде болатын өзгерістермен бiрдей, бәрi де бір ғана заңға бағынады. Жалпы организмдер сияқты тiл де туады, өседi, өледi",-дейдi. Бұл да қате пікір еді. Өйткенi тiлде туу, өсiп қартаю, өлу дейтіндер болмайды. Онда тарихи даму ғана болады. Тілдік өзгеріс биологиялық өзгерістерден мейлінше басқа. Биологиялық организмдер туып, өсiп, қартайып, өлiп жатса, тілдегі даму бірте-бірте және үздiксiз жүрiп жататын құбылыс. Тілдегi өзгерістер тiлдi дамытып, жетiлдiруге, оны шыңдап, сұрыптап, қабілеттілігін, орамдылығын, икемділігін арттыруға бағытталады. Қозғалыс, яғни даму - тiлдiң барлық жағдайындағы (синхрондық жағдайындағы, диахрондық жағдайындағы) күйіне тән қасиет. Бiрақ бұдан тiлдiң екi жағдайындағы даму бiрдей деген қорытынды шықпауға тиiс. Шартты түрде мұнын алғашқысын түрленіс (варирование), соңғысын - өзгеріс (изменение) деп атауға болады. Даму дегенiмiз - мiне, осы екеуiнiң жиынтығы. Түрленiс тiлдiн синхрондық жағдайдағы күйіне тән. Мұнда тiлдiң жүйесi, құрылымы өзгермейдi. Құрылымның барлық қабаттарында да тек сандық қозғалыстар, түрленiстер болады. Сөйтіп, олар бірте-бірте болатын сапалық өзгерiске (эволюцияға) әзiрлiк жасайды. Ал өзгерiс - тiлдiң диахрониялық жағдайдағы күйiне тән қасиет. Ол - тiлдiң синхрондық күйiндегi түрленiстерден келiп туады; соның жоғарғы сатысы, яғни аяқталуы болып табылады. Мұндағы өзгерiс тiлдiң құрылымына, жүйесiне әсерiн тигiзедi. "Өзгеру, даму дегенiмiз, - деп жазды "Жалпы тіл бiлiмi" атты еңбектiң төл иелері (авторлары). - бір элементтiң екiншi бiр элементтi ығыстырып шығаруынан, соның орнын басуынан бастап, белгiлi бiр тұлганың бірте-бірте формалық, функциялық немесе семантикалық өзгеріске ұшырауына дейінгі процесс. Ал түрленіс дегенiмiз бұрынғы мен жаңа тұлғаның қатар өмір сүруi"Ф. де Соссюр: Бір дәуірде өмір сүрген екi тiлдiң бiреуi күштi өзгеруі, дамуы, екiншiсi өзгерiссiз қалуы мүмкiн. Бұлардың бiрiншiсiне диахрондық, екiншiсiне синхрондық зерттеулер қажет, - деп көрсетеді. Мұнысы дұрыс. Өйткені синхрондық зерттеу тiлдiң бiр ғана дәуiр iшiндегi жүйесiн, кұрылымын сипаттайды. Ал диахрондық зерттеу тiлдiң белгілі бір дәуірдегі жүйе элементтерiн екiншi бiр кезеңдегi жүйе элементтерімен салыстырады.
Қысқасы, өзгеріске ұшырамайтын, бiр қалыпта қалып қоятын тiл болмайды. Тiл атаулының барлығы сөздiк құрамы, фонетикалық және грамматикалык құрылымы жағынан заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Өйткені, даму, өзгеру - тiл атаулының табиғатына тән қасиет. Бұл тiлдiң қогам өмiрiндегi атқаратын қызметіне байланысты. Тiлде болатын өзгерiстер алуан түрлі болады. Бiрақ, солардың барлығы бірдей тілдің дамуы деген ұғымға жата бермейді. Мысалы, қазақ тiлiне Казан төңкерісінен кейiн орыс және орыс тiлi арқылы Еуропа тiлдерiнiң сан мындаған сөздері ерiксiз өндiрiлдi. Олардың айтылуы да, жазылуы да орыс тiлiнде қалай болса, қазақ тiлiнде де солай болу үшiн, қазақ тiлiне орыс тілінің 12 дыбысы зорлықпен енгiзiлдi. Қазiр қазақ тiлiнде 28 дыбыстың орнына 42 дыбыс (әріп) бар. Бұл не? Даму ма?
Әрине, жоқ!
Тiлдiң дамуы деп - оның бөтен дыбыстармен, бөтен сөздермен молаюы емес, морфологиялық, синтаксистік құрылымдарының шындалып, жетiлуiн, лексикалық құрамының жаңа төл атаулармен толығуын, сөйтіп, тiлдiң өз ерекшелігін жоғалтпай, икемдiлiк, орамдылық қасиеттерінің артуын айтады. Сондықтан да, тiлдiң дыбыстық жүйесi мен грамматикалық құрылысында, лексикасында болатын дамулар - құрылымдық дамулар деп аталады. Тіл дамуы деген ұғымға, сонымен бірге, оның қоғамда атқаратын қызметінің молаюы мен кеңеюi де жатады. Дамудың бұл түрін функциялдық даму деп атайды. Ол негізінен экстралингвистикалық жағдайларға тәуелді. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары болады. Ол кандай заңдылықтар? Санап көрелік:
1) Даму бірте-бірте ілгері жылжу жолымен болады, яғни ол революциялык жолмен емес, эволюциялык жолмен дамиды.
2) Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Бірақ бұл екеуінің дамуы бірдей емес. Олардың әрқайсысының өзіндік даму заңдылықтары, ерекшеліктері бар. Тiлде қоғам өміріндегі сияқты революциялық ырғулар, секірулер, ескіні күшпен жою деген сияқты өрескелдіктер болмайды. Тілге енетін жаңалық мысқылдап, біртіндеп сіңіседі.
3) Тілдік қабаттардың (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) барлығы бірдей, біркелкі, бір деңгейде дамымайды. Олар әр түрлi қарқында, әр түрлі мөлшерде дамиды. Мұндай өзгерістерге (дамуға) екі түрлі мәнбiр (фактор) себепші болады. Оның бірі -- ішкі мәнбір, екіншісі - сырткы мәнбір. Егер тiлдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына себеп тілдің өзі, оның ішкі даму заңдылығы болса, ол iшкi мәнбiр болады, ал себеп тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, яғни әлгі тілді қоршаған ортадан (қоғамнан) болса, ол сыртқы мәнбiр болады.
1.2. Тіл дамуының ішкі және сыртқы мәнбiрлерi.
Сыртқы мәнбірлердің ішіндегі бастысы қоғам, қоғамдық құрылыс. Қоғамның дамуы тілдің дамуына әсер етеді. Өйткені тілдің тағдыры сол тiлне сойлейтін халықтың тағдырымен тығыз байланысты. Ал халықтың тағдыры қоғамның дамуына тәуелді. Тiлдiн даму жолында екi түрлi процесс болады. Оның бiрiншiсi біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі. Бұл - тіл білімінде бөліну (дифференциялану) процесі деп аталады. Екіншісі - жеке диалектілердің, тілдердің бір бiрiмен жақындасу, бiрiгу процесі. Бұл бірігу (интеграциялану) деп - аталады. Тілдердің дамуында болатын, мұндай бөлiну (ажырасу) процесі де, бірігу (косылу) процесі де коғамға тікелей байланысты. Қоғамның бөлшектенуі тілдің де бөлшектенуiне әкеп соғады. Болмаса керісінше: әр түрлі тілде сөйлейтін қауымдардың бірігуі олардың тілдерінің бірігуін туғызады. Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы мәнбiрлердің ең күштісі - қоғамдық прогресс. Егер қоғам экономикасы, техникасы, ғылымы жағынан күшті дамыса, мәдени өзгерістер мен жаңалықтар көп болса, ондай қоғамдағы халыктың тiлi де жақсы дамиды. Оған дәлел ретінде көпшілік халықтардың тілінде соңғы ғасырларда пайда болған телефон, телеграф, ради, теледидар, компьютер, пойыз, ұшақ, тік ұшақ деген сияқты сөздерді келтірсек те болады. Тіл дамуына себепші болатын сыртқы мәнбiрлердiң тағы бір елеулі түрі тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Бір бiрiмен дұрыс қарым-қатынаста, байланыста болған тiлдер, сөз жоқ, бiрiнде жоқты бiрiнен алып, байып отырады. Бiрақ бұл - екi халыктың арасындағы қарым-қатынастың сипатына байланысты. Егер олардың арасындағы қарым-қатынас достық ниетте емес, қараниеттік, арамдық пиғылда болса, яғни бiрiн екiншiсi ассимиляциялау (бір халықты екінші халыққа зорлықпен сіңіріп жіберу, қосып алу) максатында болса, онда тілдік даму деген болмайды. Ал егер тiлдер арасындағы қатынас достық, теңдiк ниетте болса, онда олар, сөзсіз, бірінің дамуына бірі себепші, жәрдемші болады.
Тілдің өзгеруіне, дамуына ішкі мәнбірлердің де тигізетін әсері аз болмайды. Оның сыртқы мәнбiрлерден негiзi айырмашылығы - егер сыртқы мәнбірлер қоғамға, белгілі бір тарихи дәуірге тәуелді болса, ішкі мәнбірлер барлық дәуірде бiрдей және үздіксіз әсер етеді. Тiлде болатын өзгерістердің (дамудың) көпшілігі ішкі мәнбiрлерден болады. Яғни өзгеріс тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша iске асады. Ол заңдар мыналар:
1) Айтуды жеңілдету заны (талабы). Бұл заң бойынша, сөйлеуші әрқашан тілдік элементтердің айтуға жеңіл болуын, сөйлеу мүшелеріне күш түсірмеуін көздейді. Мұны көбінесе тілдердің дыбыстық құрылымындағы кұбылыстардан, орфография мен орфоэпия арасындағы өзгешеліктерден байқауға болады. Мысалы, қазақ тілінде екі дауысты дыбысты қатар айту қиын. Соны жеңілдету үшін сөйлеу процесінде қатар тұрған екі дауысты дыбыстың біреуі түсіріліп айтылады: Сарыарқа Сарарқа, келе алмады келалмады, т.б. Сол сияқты, қазақ тілі үшін сөз басында екi не үш дауыссыз дыбыстарды шоғырландырып айту да қиын. Мұндай жағдайда олардың басына не араларына қысаң дауыстыларының бірін қосып айтушылық бар. Станция ысмансия ысманса, трактор мыракмыр - тірәктір, т.б. Тіл-тілде кездесетін алуан түрлі үндесулер (сингармонизм) де осындай киындықтарды жеңілдетуден туған құбылыстар.
2) Кез келген тілде өзінің тілдік элементтерін жалпылап алғанда абстракциялап қолдану заңы бар. Бұл заң бойынша, бір кездердегi толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сөздерге айналып кетеді. Мысалы, бара тұрған барамын, келе тұрган келетін, т.б. бөлiну түрлері бар.
3) Тіл дамуына тән тағы бір заңдылық бөліну (дифференциялану) заңы деп аталады. Бұл заң бойынша, бiр сөз бiрнеше сөзге сараланады. Мысалы, архукумат: өкімет "власть", үкімет "правительство"; арғилм: ғылым, ілім, білім т.б. Аталған заңды кейде әр түрлі мағыналарды әр түрлі формалар арқылы беру заңы деп те атайды. Оған бәйге (бәйгеге қатысты, ат жарысына қатысты) - бәйгі (бәйгі алды - жүлде, сыйлық алды), ғұмыр - өмір, ауа - әуе, мамыру батыру, дөңгелек болады. доңғалак т.б. дегендерді мысалға келтіруге болады.
4) Тілдік элементтерді үнемдеп немесе ықшамдап колдану заңы. Бұл заң бойынша, тілдегі күрделі элементтер ықшамдалып, колдануға ыңғайлы, пайдалануға жеңіл болады. Мысалы, аюдың ақ дәрісі (рапонтикум) аюдың дәрісі аю дәрісі аюдәрi немесе алдәрі; тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД; бара+мын барам т.б.
5) Басы артык элементтерді қолданбау заңы. Мысалы, тіліміздегі "жомарт адам жоқтығын білдірмес, жүйрік ат тоқтығын білдірмес" деген мақал қолдануда "жомарт жоқтығын, жүйрік токтығын бiлдiрмес" деп, қысқартылып алынады. Болмаса "мен бардым" дегендi "бардым", "сен келдiн" дегенді "келдiн" дей саламыз. - - Бұлар олсыз да түсінікті басы артық элементтерді қолданбау мақсатынан туған құбылыстар.
6) Тілдердің дамуына ұқсастық (аналогия) заңынын да әсері елеулі. Бұл бойынша, тілде бұрыннан бар құбылысқа заң ұксастырылып, екінші бір тілдік элементтер туады. Мысалы, тілімізде бар жатақ, тұрақ сөздеріне ұқсастырылып, кейiнгi кездерде ұшақ сөзiнiн, сәлемдеме сөзіне ұқсастырылып 79 - аялдама сөзiнiн, оларман өзіне ұксастырылып нәтижесі. көрермен сөздерінін тууы, міне, осы заңның әсер. Қысқасы, тіл - дамып отыратын құбылыс. Заман өткен сайын оның фонетика, лексика, грамматика деп аталатын қабаттарының бәрі де өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Ескертетін нәрсе: тілдің әр қабаты (деңгейi) әр түрлі сипатта өзгередi, дамиды. Бұл әр кабаттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
Енді осы мәселелерге аздап тоқталалық.
1.3. Тілдің сатылық даму теориясы.
Тілдің дамуын биологиялық тұрғыдан түсіндірген тіл біліміндегі натурализм бағытының көрнекті өкілі неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер (1821 -- 1869) болды. А. Шлейхер тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, соңдықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыс тану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы, -- дейді. Тілдік өзгерістерді А. Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі. Тілдің тарихқа дейінгі өзгерісі оның дамуы, тарихы болады да, тарих басталғаннан кейінгі өзгеріс оның дамуы емес, тек өсуі ғана дейді.
Николай Яковлевич Марр тілдің дамуы туралы "сатылық даму теориясын" ұсынды. Тілді қондырмалық құбылыстың қатарына жатқызған Н.Я. Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді. Ол тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін мүлдем қате көзқараста болды. Н.Я.Марр лингвистикалық заңдарды қоғамның даму заңдарымен ауыстырған болатын. Бұл мәселе жайында Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып , тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет жарылу жолымен болады деп есептеді. Бұл теорияның қате екендігі тіл білімі жайындағы 1950 жылғы дискуссияда көрсетіліп , тілдің дамуы бар тілді жойып , жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементтерін өрістету , жетілдіру жолымен болатындығы, ал тілдің бір сападан екінші сапаға көшуі жарылу жолымен де , бірденг ескіні жойып, жаңаны орнату жолымен де емес, тілдің жаңа сапасы мен құрылымының элементтерін бірте-бірте қорландыру жолымен болатындығы айтылып, бүтіндей тілдің эволюция жолымен дамитындығы дәлелденді.
II.Тәжірибе бөлімі

Тілдің фонетикалық жағынан дамуы.
Әдетте тілдің дыбыстық құрылымы өте баяу өзгереді. Солай дей тұрсақ та, тіліміздің артикуляциялық базасында біраз өзгерістердің болғандығын байқау қиын емес. Айталық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz