Ағылшын тілін оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ МКҚК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету арқылы қарым-қатынас
жасау құзыреттілігін қалыптастыру
Мамандығы 0105000 Бастауыш білім беру

Тобы: БШ 18-9-2
Орындаған:___________Әліайдар А.
Жетекші: ___________ Оспанова Р.


Курстық жұмыс қорғауға жіберілсін:
Қазақ, орыс, ағылшын тілі және әдебиеті пәндік
комиссиясының төрағасы:________ Сапарбай А.М.

2021-2022 оқу жылы
МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ ___________________________________ ______________3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І бөлім. Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1Ағылшын тілін оқытудағы мұғалімнің пәндік құзіреттілігін қалыптастыру_______________________ _________________________ 5-7
1.2Коммуникативтік құзыреттіліктің шет тілін оқып үйренудегі рөлі__ 8-12
ІІ бөлім.Ағылшын тілін меңгеруде тиімді әдістерді пайдалану
2.1Ағылшын тілі сабағында оқушылардың құзырлылығын дамыту____13-17
2.2 Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар аркылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту____________________________1 8-24
Қорытынды ___________________________________ ______________ 25-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _________________________________27

КІРІСПЕ
XXI ғасыр - өркениет дамуының постиндустриялық кезеңі. Өркениеттің даму кезені ауыстыру білім жүйесін ауыстыру қажеттілігін білім үлгісін қайта қарауды алға тартады. Мұнда адамның білімі, тәжірибесі және құндылық бағдарлары бастапкы фактор болады. Бұл- акпараттық қоғам дәуірі, технологиялык мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге адамның денсаулығына мұкият қарау дәуірі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі, жаңа білім берудің философиялық, филологиялық және жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім үлгісін мүмкін болатын даму бағыттары жөнінде білім керек. Осыған орай ҚР Білім туралы заңында және 2000ж. 30 қыркүйектегі ҚР экс Президентінің жарлығымен бекітілген Білім мемлекеттік бағдарламасынада Қазақстандағы білім жүйесінің ұлттық моделінің төрт деңгейі қабылданған. Білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі жэне сабақтастығы принципі негізінде білім деңгейлері: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; жалпы орта білім беру; кәсіптік орта, жоғары білім беру; жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім беру болып белгіленеді. Үздіксіз білім жалпыға бірдей орта біліммен органикалық байланыс нәтижесінде туындайды және дамиды. Жалпыға бірдей орта білім-кәсіби орта және жоғары кәсіби білімнің, жүйелі түрде өз бетімен білім алудың, мамандығын көтерудің және қайта даярлаудың іргетасы болып табылады. Құзірет, құзіреттілік дегеніміз не? Бұл ұғымдар 12 жылдық білім беру жүйесін де бастауыш білім беру сатысында дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда қандай роль атқарады? Алдымен осы сұрақтардың жауабын тауып көрелік.
Құзірет термині соңғы кездерде ғылымның әр түрлі саласында қолданыс табуда.Қолдану мүмкіндігіне қарай кұзірет, құзіреттілік, құзіретті ұғымдары дифференцияланады.

Курстық жұмысымның тақырыбы: Ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету арқылы қарым-қатынас жасау құзыреттілігін қалыптастыру
Зерттеу пәні: Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу мақсаты: Орта мектептерде бастауыш сыныпта шет тілін оқытып-үйретудегі пәндік құзыреттілікті дамытудың жолдары, маңыздылығы, мақсаты, яғни оқушылардың шет тілін меңгеріп, түсініп, еркін қарым-қатынас жасауды оқып- үйренудің жолдары қарастырылады.
Зерттеу міндеті:Ағылшын тілі сабағында коммуникативтік құзыреттілікті пайдалану арқылы балалардың білімін шыңдау, ақыл-ойын күшейту.
Зерттеу әдістері:
* Ғылыми жобалар
* Жаңа жобалар
* Ғылыми әдістемелік әдебиеттер
* Баспасөз материалдары
* Жаңа технологиялар
Курстық жұмысымның мазмұны: Менің курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Ағылшын тілін оқытудағы мұғалімнің пәндік құзіреттілігін қалыптастыру
Құзірет - тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сырттқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды құзіреттіліктер (іс-әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер құндылыктар, жатады. Мұны былай көрсетуге болады:
Құзірет
Білім, білік (әрекет), дағды әрекет
Құзіреттіліктер (игерілген іс-әрекет тәілдері)
Өзін-өзі басақару
Тұлға
С. И. Ожеговтың сөздігінде құзіреттілік сөзіне төмендегідей анықтама берілген: құзіреттілік- біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы.
Құзіреттілікті ауқымды жоспарда қарастыру Ю. Н. Емельяновтың еңбектерінен байқалады. Құзіреттілік -- дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен стаусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.
Бүгінгі қоғамда оқушының академиялық-энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіретгіліктерінің қалыптаспағанын айғақтайды. ҚР 12 жыддық жалпы орта білімінің мемлекетгік жалпыға міндетгі білім беру стандартының жобасыңда құзіреттілік-әрекетінің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі деп көрсетілген. Әрине, бұл жердегі әрекет танымдық әрекет.
Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші.
Оқушының қызығуы жәрдемімен оқып - үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Танымдық қызығуы оқыту және тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педогогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.
Біріншісі - оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде колданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта және технологияларды қолдану, соның ішінде дамыта оқыту технологиясын қолдану, сабақта қолданылатын техникалық жэне көрнекті құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойымдар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру.
Үшіншісі - мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым қатынаста сыйластық болуын қамтамасыз ету.
Танымдық іс-әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оку және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басынын белсенділігімен, ракымдық іс-әрекет релімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі іс.
Коммуникативтікқұзыреттілік:
oo нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
-- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
-- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
-- нәтижелі өзара іс -- әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
-- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді. Мұнда да оқушы бойына коммуникативтік құзыреттіліктің материалдарының бағыттары арқылы яғни, лексикалық бағыттағы жұмыстар арқылы қалыптастыруға болады.

1.2 Коммуникативтік құзыреттіліктің шет тілін оқып үйренудегі рөлі
Шет тілін оқып-үйрену қазіргі таңда қолжетімді мәселе және мемлекет тарабынан қолдау тауып отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани, күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту делінген . Оқушылардың шет тіліне, әлемдік және ұлттық мәдениетке дұрыс бағыттағы көзқарастарын дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтау,білім алуға мүмкіндік жасау- білім жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелер және оларды шешу міндеті жүктеледі. Қоғамның даму кезеңінде еліміздің жоғарғы және орта мектептерінде білім беру мазмұнын коммуникативтік бағытта дамытуға күш сала отырып, білім беруді жаңашаландырудың жоғарғы деңгейдегі бағыттарының бірі ретінде білім жүйесінде ақпараттық және әлеуметтік-экономикалық пәндермен қатар шет тілін оқытуды жалпылай ақпараттандыруға қажетті жағдайлар жасалуы керек. Орта мектептерде шет тілін оқытудың мақсаты - оқушыларға шетелдік білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың жоғарғы деңгейіне жету жетістіктері, яғни оқушылардың шетелдік және өзге тіл өкілдерімен түсінісіп, еркін қарым-қатынас жасай алуы болып табылады [2]. Шет тілін еркін меңгеру, тіпті шектеулі дәрежеде сөйлей білу - қыр- сыры көп аспектілердің бірі десек, ал қажырлы оқудың нәтижесі - коммуникативтік құзыреттілік - өте күрделі, көп компонентті құбылыс болғандықтан, шет тілін оқытудың мақсатына,яғни күрделі интеграциялық тұтастықты көрсете отырып, мәдени аралық құзыреттілікке алып келеді Бұдан мәдени аралық мотивация, коммуникативтік қатынасқа түсетін екі немесе одан да көп қатысушылардың, әртүрлі әлеументтік лингвоэтномәдени өкілдерінің байланыстарының туатынын білеміз. Ендеше, мәдени аралық мотивацияға алып келетін коммуникативік құзыреттілікті төмендегідей деңгейде игеру керек: шет тілінің жүйелі білімін және тілдік құралдарды тілдік қатынас кезінде пайдалана білу; коммуникативтік икемділік, яғни түсіне білу, оны жеткізе білу (белгілі бір сферада, тақырыпта, ситуацияда) ауызша және жазбаша түрде байланыс жасай білу, түрлі көлемдегі мәліметтерді хабарлай білу, мәнді-мағыналы, жүйелі жауап қайтара білу, ойын жеткізе білу, мағлұмат ала білу, қатынас жасаушының ойын түсіне білу; түрлі мәліметтерді дыбысталған немесе жазылған мәтіндерден әртүрлі тәсілдермен ала білуде қолдана білу және талдау. Шет тілін оқып-үйрену процесі кезінде коммуникативтік құзыреттіліктің мынандай компоненттерін дамытуға аса мән бергеніміз жөн.
1. Сөйлеу құзыреттілігі - оқушылардың сөйлей алуы (диалогтық және монологтық сөйлеу), оқу және жазу; Шет тілін оқытуда қойылған мақсатқа жету үшін оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану көзделген.
2.Оқу құралдарына оқытуды ұйымдастыруда, оқыту-тәрбие процесін жүргізуде қолданылатын барлық материалдар жатады. Әр оқу құралдарын тиімді пайдалану оқытушыға байланысты. Соған орай, ол қажетті нәтижеге қол жеткізе алады. Сөйлеу құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей оқу құралдарын пайдалану қажет: оқулық - оқытудың ең басты және негізгі құралы, ол оқытудың барлық әрекетін қамтитын оқу материалдарынан тұрады; оқуға арналған кітап - ол әр оқушының қолында болуы тиіс.
3.Әр түрлі тақырыптардағы мәтіндерді оқу практикалық, тәрбиелік, білімділік, дамытушылық мақсаттарды жүзеге асырады.
Оқу құралы - жеке және өзіндік жұмысқа, практикалық сабаққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған. Мұндай оқу құралдарын түгелдей немесе жартылай сол оқу орындарының мұғалімдері жасап шығаруы мүмкін; аудио- және видеожазбалар - ағылшын тілін оқытуда маңызды рөл атқарады. Ол балаларға ағылшын тілінде нақты ағылшынша сөйлеуді, яғни, ағылшынның сөйлеу мәнерін тыңдауға мүмкіндік береді, ол оқушылардың сөздерді дұрыс айту сапасын арттырады, тыңдау қабілетін дамытады; компьютерлік программа, интернет жүйесі - оқушылардың функционалды компьютерлік сауатын қамтамасыз етеді. Өз бетінше және қашықтықтан білім алуына мүмкіндік береді. Оқушылардың ең осал тұстары, жазбаша коммуникативтік икемділіктерін дамытады.
1. Тілдік құзыреттілік - сөйлеудің айтылу, лексикалық, грамматикалық жақтарын меңгеруді қамтиды, графика мен орфография. Тілдік құзыреттілікті дамытудың негізгі оқыту құралдары: жұмыс дәптері - үйде өздік жұмысты орындау үшін қажет, ағылшын тілінің графикасы мен орфографиясын меңгеруге, лексикалық грамматикалық материалдарды әр сабақта тапсырмаларды орындау кезінде игеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеруге, түзетуге, бағалауға үйретеді; таблицалар, схемалар, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті суреттер - мүмкіндігінше сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерудегі қабілеттілігін дамыту мен қалыптастыру процесінде белсенді болуы мен даралануына мүмкіндік береді және де оқушылардың тілдік және сөйлеу бірліктерінің жинақталу процесін дамытады; оқулық; аудиоматериалдар; компьютерлік программа, интернет.
2. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік - оқып жатқан тілде сөйлейтін елдер туралы әлеуметтік-мәдени білімін жинақтауға (мінез-құлық, әдеп) және оны қарым-қатынаста қолдана білуге, сондай-ақ өз елін және оның мәдениетін өзгелерге жеткізе білуге үйрету. Қазіргі жаhандану заманында шет тілін оқытудағы әлеуметтік-мәдени компонентін дамыту - маңызды мәселелердің бірі. Тіл үйренушінің өзге ортада әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін келесідей құралдар арқылы дамытуға болады: таспаға жазылған мәтіндер (нақты шетелдік азаматтардың және тіл тасушылардың оқыған мәтіндер жазбасы); видеоматериалдар - олар кезіндегі және қазір де белгілі құралдар (олар сол елдің мәдениетін беруші беделді құрал); виртуалды ену - оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы. Бұл виртуальды кеңістік интернет, басқа да компьютерлік технологиялармен бірге қолданылады
3. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті дамытудың ең тиімді құралы, әрине, сол тілде сөйлейтін елдерде болып қайту. Ондай елдерге барып қайтқан оқытушылар оқушылар үшін көрнекті құрал тәріздес, себебі, олардың сол ел туралы көрген-білгендері көп.
4. Компенсаторлық құзыреттілік - ақпаратты алуда және беруге тілдік құралдардың жетіспеу жағдайында қиындықтан шыға білу. Бұл құзыреттілік келесідей құралдар арқылы дамытылады: оқулық; интернет; сол тілде сөйлейтін елде болып қайту.
5. Оқу-танымдық құзыреттілік - жалпы және арнайы оқу, тілді өз бетінше үйренудің әдіс-тәсілдері, соның ішінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Оқу-танымдық құзыреттілікті дамытуға жататын құралдар: әртүрлі сөздіктер (ағылшынша-орысша, орысша-ағылшынша, түсіндірме). Оқушыларға жаттығуларды орындауда көп көмегі тиеді, білуге құмарлығын, тілге қызығушылығын арттырады ; оқулық; оқуға арналған кітап; оқу құралдары; компьютерлік программалар, интернет.
Шет тілін оқытуда оқушылардың тілдік икемділігін одан ары дамытуды, ана тілінде, шет тілінде сөйлейтін елдердің жалпы мәдениетін, оның ұқсастығы мен айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстыра отырып, түсіне білуге үйрену қабілеттерін дамыту қажет. Шет тілін оқыту процесінде оқушылардың сол ел туралы жеке көзқарастарын қалыптастыра отырып, осы тілде сөйлейтін өзге де елдің мәдени және рухани ерекшеліктері мен мәдени аралық қарым-қатынасқа қол жеткізу тәсілдерін талдап, тани білуге үйрете отырып, өз ана тілдерінің тіл мәдениеті мен өз елдерінің рухани құндылығын, мәдениетін шет тілде сөйлейтін елдермен салыстыруға, синтез жасай білуге мүмкіндік беру керек. Сын көзбен қарай отырып, өзге елдің өмір сүру дағдылары мен мәдениеті арқылы өздерінің дүниетанымын, білімін, ой- санасын дамыту көзделуі тиіс. Жоғарыда айтылған педогогикалық және прагматикалық аспектілердің бәрі ескеріле отырып, шет тілін оқытудың ең маңызды екі мақсаты негізделеді:
1. когнитивті коммуникативтік мақсат
2. когнитивті дамытушы мақсат.
Когнитивті коммуникативтік мақсат ең алдымен оқушыларға аутенттік мәтіндерді оқыту арқылы беріледі және оған коммуникативтік іскерліктердің барлық түрлерін (оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу) бірікіре оқыту арқылы шетелдік аутенттік мәтіндерді оқудағы өзгерістерді оқып-үйрену жатады. Негізгі ерекшеліктерді игере отырып, оқушы практикада, өмірлік жағдайда пайдалануға мүмкіндік алады. Екінші мақсат - когнитивті дамытушы - ол бірінші мақсатпен тікелей байланысты және аутенттік мәтендерді оқыту процесінде қалыптасады. Шет тілін оқытудағы когнитивті дамытушы мақсат оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерімен бірге ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда тілдік формаларға мән бере отырып, лингвистикалық қызығушылыққа қол жеткізеді, демек, басты мақсатымыз когнитивті коммуникативтік мақсатқа алып келеді. Қорыта келе, бұл мақсаттарға жету үшін оқыту этаптарынан өту керек. Көптеген түрлі тапсырмалар орындалуға тиіс. Сабақтардың сан алуан түрлерін өту - қажетті деңгейде еңбектенуді қажет етеді. Демек, оқытудың барлық кезеңінде жүйелі оқыту барысында ғана қол жеткізуге болады Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың тиімділігі, қарым-қатынас кезіндегі маңыздылығы - оқушылардың тілді меңгеру жетістігі екеніне көз жеткіземіз.

ІІ бөлім. Ағылшын тілін меңгеруде тиімді әдістерді пайдалану
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың құзырлылығын дамыту
Коммуникативтік құзыреттілік сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды. Коммуникативтік әдісті қолдану негізінде қарым -- қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Коммуникативтік құзыреттілік - оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым -- қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категория-ларға тән белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым -- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекеттің барлық түрінде қалыптасады - тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.
Коммуникативтік құзыреттілік: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу - ауызша өзара қатынас пен жазбаша өзара қатынас біркелкі және бір уақытта дамиды. Бұдан коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым -- қатынас жасаушылардың бір -- бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Мектептерде ағылшын тілін оқытудың басты мақсаттары - оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалып-тастырып, шет тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы өткен дипломалды іс тәжірибемізде коммуникативтік құзыреттілікті көп қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс -- шаралардан көруге болады. Мысалы сын есімнің шырайларына өткізген сабақ жоспардың үлгісі;
The degrees of comparison
(Conclusive lesson)
Aims of the lesson:
1. practical: to read and learn new texts, new words, to consolidate The degrees of comparison, to enable students to exploit the material during doing the exercises.
2. developing: to develop students' logical thinking, imagination, reading, speaking, listening and writing skills.
3. educative: to build students' humanity, to encourage being industrious, love the mother tongue and respect foreign languages.
Type of the lesson: mixed.
Visual aids: a projector, a blackboard, chalk, slides, a textbook, cards, handouts.
Methods: question - answer, games, grouping.
Procedure of thе lesson.
1. Organization moment.
2. Warm up. Brainstorm.
Pupils, imagine that you are going to a desert island for a month. Each group can take only 5 things apart from basic food and clothing. (3 min)
Aim of this game is to create an English -- speaking atmosphere.
# Introduction of a new material.
Aims: to read new words, to practice the degrees of comparison,to do exercises.
New words:
Difficult [difikәlt] Successful [sksesful]
Interesting [interestin] Funny [fni]
Important [impo:tәnt]
The degrees of comparison
Comparative and Superlative form of adjective
Жай шырай
Positive
Салыстырмалы шырай
Comparative
Күшейтпелі шырай
Superlative
Nice
Hot
Long
Nicer
Hotter
Longer
The nicest
The hottest
The longest
Easy
Dirty
Easier
Dirtier
Theeasiest
Thedirtiest
Interesting
Beautiful
More interesting
More beautiful
The most interesting
The most beautiful
Ережеге бағынбайтын сын есімдер
Good
Bad
Far
Little
Manymuch
Better
Worse
Farther
Less
More
The best
The worst
The farthest
The least
The most
Doing exercises:
Translate the given ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Шет тілін оқытудың принциптері
Шет тілдерін оқыту әдістемелік ғылым ретінде
Пәндер