Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ МКҚК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Шет тілінде монологтық сөйлеуді үйретуде тірек-схемаларды
қолданудың маңызы
Мамандығы 0105000 Бастауыш білім беру

Тобы: БШ 18-9-2

Орындаған: ___________ Қарабай Д

Жетекші: ____________ Оспанова Р

Курстық жұмыс қорғауға жіберілсін:

Қазақ, орыс, ағылшын тілі және әдебиеті
пәндік

комиссиясының төрағасы:________
Сапарбай А.М.

2021-2022 оқу
жылы

Мазмұны

Кіріспе____________________________ ___________________________3-4

І бөлім. Ағылшын тілін бастауыш сыныптар аралығында меңгерту
1.1. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге
үйрету жолдары____________________________ _____________5-8
1.2. Ағылшын тілін тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлетуге
дағдыландыру_______________________ ___________________________9-15

ІІ бөлім. Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде
сөйлеу қабілетін қалыптастыру
2.1. Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін тез үйрену
қабілетін қалыптастыру ___________________________________ _____________15-
22

2.2. Оқушылардың диалогтық сөйлеу мәдениетінің қалыптастырудың
маңызы_____________________________ __________________________23-27
Қорытынды__________________________ _______________________27-28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _________________________________ 29

Кіріспе

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын,
оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және
дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша
айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның
деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие
процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын
тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін
осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген
орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай?
Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе - мектеп
оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті
қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру. Бұл
әңгімелесушіні тыңдай білу, тілдесуге кірісу, оны қолдау және т.б.
білдіреді. Екіншіден, шет тілін үйрену оқушылардың кітаппен, анықтамалық
әдебиеттермен жұмыс істей білу және т.б. тәрізді оқу дағдылары мен
икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосады.
Тақырыптың өзектілігі - жалпы білім беретін мектепте шет тілдерін оқытуда
бүкіл оқу процесін анықтайтын коммуникативтік мақсаттың негізгі және
жетекші мақсат екенідігінде болып табылады. Тілдік қатынастың негізгі
формаларының бірі - диалог сөз. Пайдаланылатын тілдік үлгілердің
саналуандығы мен сапасына, сондай-ақ өзге де бірқатар себептерге байланысты
және ауызекі сөйлесуді оқытудағы жүйелілігі тұрғысынан таразылай келе,
диалог сөздің монолог сөзден күрделірек екендігіне қарамастан, артықшылықты
бәрібір диалог сөзге беру қажет. Өйткені, кейіннен монолог сөзде
пайдаланылатын жекелеген тілдік үлгілер, мақсатты құрылымдар нақ осы диалог
арқылы меңгеріліп, есте сақталады.
Курстық жұмысымның тақырыбы: Шет тілінде монологтық сөйлеуді үйретуде
тірек-схемаларды қолданудың маңызы
Курстық жұмысымның мақсаты монолог сөз бен диалог сөздің өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде
монолог және диалог сөзді оқыту әдістемесін зерделеу болып табылады.
Зерттеу міндеті:
• монолог және диалог сөздің дағдыларын меңгеруге ұсынылған
жаттығулардың көмегімен тілдік дағдыларды (дұрыс айту, лексикалық және
грамматикалық) қалыптастыруға оқыту;
• Ағылшын тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйретудің тиімділігін қарастыру;
• Бейнеүзінділер арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің
жаңа нұсқаларын ұсыну болып табылады.
 Зерттеудің мақсаты – Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін меңгертуде
қолданылатын диолог – монолог сөздерді зерттеу, саралау.
Зерттеу міндеттері:
1. Диолог және монолог сөздерді ажыратуға үйрету;
2. Ағылшын тіліндегі диолог- монолог сөздерді сөйлеуге дағдыландыру.
Зерттеу объектісі: 1-4 сыныптар арасындағы ағылшын тілі
Зерттеу пәні : Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
Ағылшын тілі әдістемелік нұсқаулықтарды зерттеу, бақылау әдісі,
әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық - психологиялық тәжірибе.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Ағылшын тілін бастауыш сыныптар аралығында меңгерту
1.1. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге
үйрету жолдары
Қазақстан Республикасының  тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің
даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте
жастан оқыту қолға алынып отыр.
Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды
жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды
шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс
түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша
сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып
қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің
ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Линвистикалық негізгі  обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу
тілі. Сөйлеу – адамзаттың іс – әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың
ойлауымен және басқа да психикалық процестерімен тығыз байланысты.
Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс – әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің
үлесі емес, бұл басқа да ғылымның мәселен, психологияның, физиологияның,
логопедияның т.б зерттеп қарастыратын облыстілі.
Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі
сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін осы қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы
адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информатика береді.
Сөйлеудің екі  жағы бар: сөйлеу процесінің  нақ өзі және сол сөйлеу іс
– әрекеті процесінде жасалынған нәтиже яғни сөйлемдер, мәтіндер т. б.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып
жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым –
қатынасты атқарады. Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша
сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу
шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе 
дауыс жететіндеу алшақтығы  болуы мүмкін.
Сөйлеуге үйрету манолог және диалог түрінде іске асырылады. Манолог
және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас
әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау
сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын
білдіру үшін жеке  тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа
көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер
жасайды.
Диалог – оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып,
құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап
білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге
дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы,
түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.
Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер
арасындағы бір – біріне деген ықпалда жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар
көрсете отырып, олар бір – бірінің іс – әрекет қылықтарын үйлестіруге не
өзгертуге тырысады.
Ауызша сөйлеуді жүзеге жарғанда өзгеше лингвистикалық та,
лингвистикалық емес те құралдар үлкен роль атқарады. Өзгеше лингвистикалық
құралға арнайы таңбаланған  лексикалық бірліктерді,кейбір грамматиканы  
жатқызуға болады. Ал, лингвистикалық емес құралдарға ауызша сөйлеуге тиісті
құралдардың  барлығы – оқушының тұрысы, ымдауы, ишарат білдіреді, көз
қысуы, жымиуы, күлкісі, жылауы және т.б. жатады. Бұл эксромингвистикалық
бөліктер ауыз екі тілде сөйлеуді айтарлықтай толықтырып тұрады.
Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым –
қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты
байланыстың  болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және
тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен
жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған
адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік
береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі
үндестірілуіне мүмкіншілік береді.
Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен  және
мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне
үйрету керектігін анықтау қажет. Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша
әңгімелеп жеткізудің  3 түрлі формасы бар: монологты, диологты және
полилогты.
Ауыз екі тілде сөйлеу психологиялық жобада да белгілі  бір
қызығушылықты ұсынады. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиясында кибернетика
саласындағы ойдың әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс
табанды түрде танылуда. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу.
Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан – жақты меңгеріп алғысы келеді және де
шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес
көмегін  көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу
әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу.
Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай
сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің
монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді;
2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл
ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге
арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту
құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде
ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе
диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық
торабымен тығыз байланысты.
Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және
монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс
формада сөйлеу білуге үйрету.
Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты
түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр
адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік
беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.
Ауызша сөйлеуге үйретудің біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты
түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан
да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының
өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін
материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланыстың болуы.
Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек. Әдетте оқып
болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың
әдістерімен қорытындыланады. әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын,
тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі.

1.2. Ағылшын тілін тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлетуге
дағдыландыру
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген
заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты
мәселелердің бірі болып отыр.
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің
рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір- бірін түсінеді, өз ойларын
айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл- күй қатынасын
білдіреді. Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу.
Оқушылардың басты мақсаты тілдік тіректер арқылы ағылшын тілін
оқытуда оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту. Фонетика және лексико-
грамматикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуге, өздігінен
сөйлемдер құрай білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта
отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп,
өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде
сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық
қызығушылықтары, мәтінмен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары
қалыптасып қана қоймайды, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттығады.
Қазіргі уақытта оқушылардың басым бөлігі ағылшын тілінде жүйелі және еркін
сөйлей алмайды, себебі оларға монолог түрінде сөйлеудің тиімді жолы
ұсынылмаған.
Оқушыларды монолог түріндегі сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің
маңызы өте зор. Ағылшын тілдерін оқыту әдістемелерінде тірек ұғымы
әртүрлі түсіндіреледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол стимул, әрекет жасауға
түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат оқушылардың ойлауына түрткі бола
алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген
мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп
жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі
бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола
алады.
Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн
керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог-
сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар
ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек.
Тілдік тіректер оқушылардың дайындалған монолог түрінде сөйлеуіне көп
септігін тигізеді. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің, сөзден мәтінге
дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1) материалдарды көрсету негізінде;
• тілдік- кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, ұран,
мағыналық сөздер, мақал- мәтелдер;
• бейнелеуші – кинофильм, диафильм, түрлі бейнефильмдер, суреттер, кесте,
сызба, белгі, плакат, карикатура.
2) Сөз әрекетін басқару негізінде;
• Мазмұндық тіректер (кім? не? қашан? қайда? қалай? және тағы басқа
сұрақтар);
• Мағыналық тіректер (неге? не мақсатпен? және ттағы басқа сұрақтар).
Енді сөз тіректерінің төмендегідей классификациясын ұсынуға болады:
1) Монологқа тән логикалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін,
дәйектілігін көрсетіп, ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға
және лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистикалық өрнектелуіне
бағытталады.
2) Логика- мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздерінің бірізділігі сақталады.
Мысала: Who? Where? When?
3) Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтаксистік
құрылымына және морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.
4) Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.
5) Сөзді бастауға және аяқтауға байланысты тілдік тіректер.
Жоғарыда айтылған тірек түрлерінің барлығы да айтпақшы сөздің жалпы
бағытын сонымен бірге мазмұнын, жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді. Олар
айтылатын сөздің логикалық құрылымын, сапалық және сандық толықтығын
қамтамасыз етеді.
Белсенді оқыту әдістемесінің жақтастары тірек- сөйлемдерді үлгі- мәтін
болмаған жағдайда, мағыналық жоспар ретінде пайдалануды ұсынады. Ал
структуралық- функционалдық бағыттың өкілдері структуралық сызбаларды ойды
бір сөйлем деңгейінде айтуда, әрі қарай толық мәтіннің композициясын
анықтайтын логикалық- мағыналық сызба түрінде пайдалануды ұсынады. Осыған
орай алгоритмдерді де қолдануға болатынын көрсетеді. Олардың мақсаты-
оқыған мәтін негізінде өз ойын айту, өзгерту, ықшамдау, өмірлік
тәжірибесіне байланысты мағлұматты өндеу іскерліктерін дамытуға үйрету
болып табылады.
Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу іскерліктерін
дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану өте тиімді болып отыр, себебі
ол объектіге және оның компоненттеріне жан- жақты қарауға, бірден зейін
аударуға мүмкіндік береді. Коллажды әсіресе елтану мәтіндерімен жұмыс
істегенде қолданған тартымды, қызықты және тиімді. Коллаж мазмұны және түрі
жағынан көзбен көру көрнекілігінен жатады, ол сызба, сурет, фотоматериал,
диаграмма, тақырып, сөздер және сөйлемдер ақпарат оқушылардың бойында
ассоциация топтамасын туғызады. Негізгі түйін және оның компоненттерінің
арасындағы байланыс бағыттаушы сызықтармен, түстермен және сандармен
белгіленеді. Коллаж мәтін мазмұнын айтып беруде, болып жатқан уақиғаның
даму желісін көрсетуде, қысқаша мазмұндық тірек бола алады, ал мұндағы
суреттер, тілдік, графикалық сызбалар және тағы басқа оқушылардың тақырыпқа
терең үңілуіне, ойдың шығармашылықпен дамуына жағдай жасайды. Коллаждағы
түстер мазмұндық компоненттерінің маңызырақ екенін көрсетеді. Бұл әдісті
жүзеге асыру барысында, оқушылар түрлі тілдік тіректер жасауды үйренеді,
соның негізінде алған білімдерін, өз ойларын ұтымды және жүйелі түсіндіре
алады, ағылшын тілінде сөйлейді, тілдік тіректер бойынша дидактикалық
материалдар жасалады. Тілдік тіректерді негізге алып, монолог түрінде
оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін анықтау, оқушылардың
тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс қабылдауын қадағалай отырып,
оларды монолог түрінде сөйлеуге үйрету, оқушылардың танымдық
қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуда әдістің тиімділігін
дәлелдеу.
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді
ескере, төмендегідей талаптарға сай құрылуы тиіс:
• Біріншіден өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;
• Екіншіден тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс.
Тілдік тіректер оқу процесін жандандырып, оқушылардың монолог түрінде
сөйлеу іскердліктерін қалыптастырып, дамытады. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық
шартттары:
■ Тілдерді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;
■ Тілдерді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану;
■ Тілдерді оқытуда мәтіннің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік
саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.
Кез келген сөйлеу іскерліктерін дамыту процесінде екі кезеңді, яғни
сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет. Сөйлеуге дайындық
кезеңінде алдымен фонетикалық және лексика- грамматикалық дағдылар
қалыптастырылып, оқушылардың өз ойларын монолог сөз түрінде айтуы
жаттықтырылады. Монологтың структурасын, композициясын және архитектуралық
жағын үйретуде үлгі- мәтінді пайдалану керек.
Мәтінмен жұмыс төрт сатыдан тұрады:
1) Мәтінге дейінгі;
2) Тікелей мәтінмен жұмыс;
3) Аналитикалық;
4) Мәтіннен кейінгі;
Мәтінге дейінгі саты оқушыларды үлгі- мәтіндегі кездесетін
қиындықтарды шешу жолдарына бағыттайды. Тікелей мәтінмен жұмыс үлгі-
мәтінді оқуға және мәтіннен кейін берілген тапсырмаларды орындауға
бағытталған. Мұнда оқушылардың мәтін мазмұнын қалай түсінгені тексеріледі.
Аналитикалық сатының мақсаты- мәтінді құрылымдық, мазмұндық
компоненттеріне қарай топтау болып табылады. Мәтіннен кейінгі сатының
мақсаты- оқушылардың үлгі- мәтін айтып беруі.
Сөйлеу кезеңінде оқушылардың монолог түрінде сөйлеу іскерліктері
қалыптастырылады. Мұнда оқушылар өз бетінше мәтінде көтерілген мәселеге
байланысты өз ойларын айтып жеткізуге тырысады. Бұл жерде үлгі- мәтін
афоризмге, мақал- мәтелге, тақырыпқа, ұранға және тағы басқа ықшамдалады.
Тақырыпты оқудың алдына оқушыларды коллажбен таныстыруды ұсынамыз. Бұл үшін
коллаждың фрагментіне кірген негізгі түсініктермен тақырыптың мағыналық
белгілерін талдау керек. Коллаж ауызша сөйлеудің тірегі болып саналады яғни
негізгі сөзден басқа коллажға түрлі суреттер, жинақталып жүйеленген
суреттер тағы басқа жатады. Аталған негізгі сөздерден бөлек коллаж
фрагментіне тірек сөздер енгізілген.
Мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеуді дамыту 7 жаттығудан тұрады:
1. жаттығу – мәтінді оқып және сұрақтарға жауап беру;
2. жаттығу – дұрыс және қате сөйлемдерді табу;
3. жаттығу – мәтінді абзацтарға бөлу және оларға ат қою;
4. жаттығу – берілген сұрақтардың ішінен 3-4 сөйлеммен айтып беру;
5. жаттығу – мәтінді қысқаша мазмұндау;
6. жаттығу – оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен толықтыру;
7. жаттығу – өз қиялымен жазушы ретінде мәтінге өзгеріс енгізу.
Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен мәтін негізінде монолог түрінде
сөйлеуді дамытуды анықтау үшін мектепте диплом алды іс тәжірбиеден өткен
кезде 4 ә сыныбының арасында тәжірибелік- эксперимент жұмысын жүргіздім.

Кесте 1 - анықтау экспериментіне дейінгі көрсеткіші оқушы санымен есептелді
Тәжірибелік- эксперимент жұмысыма 15 оқушы қатысты. Тәжірибелік-
эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруды анықтау кезеңінде зерттеу жұмыстары:
диолог, монолог, ойын элементтері, бейне- диктант, сұхбат, сауалнама, сұрақ-
жауап, әңгіме, бақылау, тағы басқа әдістерді қолдану жүзеге асырылды.

Кесте 2 анықтау экспериментінің кейінгі көрсеткіші оқушы санымен есептелді
Эксперимент зерттеуге дейін орташа оқушы саны 9,1% болды,
эксперименттен кейін 11,7 %- ға жоғарлады. Эксперименттен кейін
айтарлықтай өзгерістер бар. Оқушылардың тілдік тіректер арқылы монолог
түрінде ағылшын тілінде сөйлеуге даму деңгейі көрсетілді.
Бұл әдісті жүзеге асыру барысында, оқушылар түрлі тілдік тіректер
жасауды үйренді, соның негізінде алған білімдерін, өз ойларын ұтымды және
жүйелі түсіндіре алды, ағылшын тілінде сөйледі, тілдік тіректер бойынша
дидактикалық материалдар жасалды.

ІІ бөлім. Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде
сөйлеу қабілетін қалыптастыру
2.1. Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін

тез үйрену қабілетін қалыптастыру

Шет тілін оқыту жүйесін жасау негізінде жатқан түсініктердің араласып кетуі
болып табылады. Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және
диалог сөзді оқыту проблемасы - ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең
басты проблемалардың бірі. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс, ал
сұрақ-жауап жаттығулары – оқытудың барабар құралы болып саналмайды.
Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік
функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы
бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе
білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог - сөз, кез -
келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті
ретінде қарастырылады. Бұл кез - келген монолог сөздің өзінің табиғаты
жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-
қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті
адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып
айтылатындығын білдіреді.
Бұдан өзге, диалог пен монологтың араласу қаупі айқын көрініп отыр. Мұның
себебі олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінің негізгі компоненттері
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен сөйлеуге үйрету дағдылары
Шет тілі сабағының түрлері
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Диалогтық сөйлеуді оқыту әдістері
Сөйлеу тілін түсіну
Шетел тілін оқытуда музыканың ролі және оны қолдану әдістері
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
«Шет тілін оқыту әдістемесіндегі мәселелер»
Шетел тілдеріне оқыту әдістері
Пәндер