Ағылшын тілінен Сыныптан тыс жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ МКҚК
Курстық жұмыс
Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ғаламтор желісін қолдану арқылы ұйымдастыру проблемалары
Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Тобы: БШ 18-9-2
Орындаған: Муслим Б.
Жетекшісі: Оспанова Р.А.
Курстық жұмыс қорғауға жіберілсін:
Қазақ, орыс, ағылшын тілі және әдебиеті пәндік
комиссиясының төрағасы:________ Сапарбай А.М.
2021-2022 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Сыныптан тыс жұмыстар 6
1.1.Сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын орны 6
1.2 Ағылшын тілі пәнін оқытқан Сыныптан тыс білім берудің маңызы 9
2 Ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ғаламтор желісін қолдану арқылы ұйымдастыру проблемалары. 17
2.1 Ағылшын тілі сабағында ғаламтор желісін қолдана отырып сыныптан тыс жұмыстар жүргізу 17
2.2 Ағылшын тілінен Сыныптан тыс жұмыстар 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
Пайдаланған әдебиеттер 34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білімін жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазіргі кезде 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғасырдың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуда.
Қазіргі кездегі шет тілдерге оқытудың жағдайы және жинақталған білімдер оқушыларды коммуникативті сөйлеуге үйретудің маңызы зор екендігін көрсетеді. Жаңа ғасырда Қазақстандағы ағылшын тілін үйренудің әлеуметтік мәдени контектісі өзгерді. Олардың мектептегі, оқу орындарындағы өзін тудырушы қызметтері, еңбек нарығындағы жалпы кәсіби мәнділігі артты, бұл халықаралық қарым-қатынастағы тілдерді меңгерудегі құлшыныстың күшеюіне алып келді. Ағылшын тілі, осылайша, коммуникативті оқытудың жағдайларында танымның құралы бола отырып, сонымен бірге әлеуметтік мәдени білімнің құралына айналды. Ағылшын тілі сабағында оқушыларды коммуникативті сөйлеуге үйрету олардағы тілдік, ауызша, практикалық, әлеуметтік лингвистикалық және ойлау қабілеттерін дамытуды білдіреді, бұл кезде оқушы ағылшын тілін тілдік ойлау қызметінің құралы ретінде қолдануға дайын.
Өкінішке орай, тілдік қызметті үйретуге мүмкіндік беретін барлық заңдылықтар танылған және қалыптасқан деп айтуға болмайды, бірақ біреуін сенімділікпен айтуға болады: заманауи сабақтың әдістемелік негізі коммуникативтілік болуы қажет.
Ағылшын тілін үйретуде коммуникативті оқыту тәсілін тәжірибеге енгізу қарқынды хабарламалармен алмасуға, ғылым мен техника саласындағы жаңа ойлар мен пікірлерді қарастыруға, мәдениет саласындағы үлкен жетістіктермен алмасуға әкеледі. Әр түрлі іс-әрекет өрісіндегі мамандармен алмасу қарқыны өседі.
Осы жолдардың бірі бойынша, тіл үйренушілер қарым-қатынас жүргізуде белгілі коммуникативті міндеттерді орындау арқылы аталған тәсіл аясында оқытылады. Бұған қоса оқытушының түсіндіруі немесе әдеттегі практикалық жаттығулар барынша ықшамдалады.
Мемлекеттік тіл қазақ, орыс тілі, ағылшын тілінен білімге негізделген лингвистикалық білім моделін құру болашақ мақсатымыз. Ел Президентінің Жолдауында көрсеткеніндей, шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Ағылшын тілін білу-өмір талабы. Әлемдік білім кеңістігінде еркін самғау үшін дүниежүзі халықтарының өзара түсінісу тілі-ағылшын тілін білу алдағы уақытта қажеттілік ретінде манызды рөлге ие болады. Шәкірттеріміз қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білуі қажет. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу-өскелең ұрпаққа қойылып отырған өмірдің талабы. Осы тұрғыдан қарағанда, оқушыларға үш тілде білім беру тәжірибесіде өзінің жаңашыл талабы құнды деп ойлаймын. Себебі бұл арада көптілділік басты назарға алынған.
Ел экономикасы мен өндірісін, тұрмысын көтеру мәселелері де бүгінгі таңда шетелдік жаңа технологияларға байланысты, осы ретте де ағылшын тілін білу қажеттігі айқын байқалады. Оқушылардың сабақ беру процесінде пайдаланып жүрген компьютерлерін игеру де ағылшын тілін жақсы білуді талап ететіні белгілі. Сондықтан мектеп тәжірибесінде үш тілде оқыту сынағының қойылуы өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдау керек.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым - қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің қазіргі кездегі міндетіміз.Ағылшын тілін тереңдетіп,жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің жаму жолына түсүі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;
Зерттеу мақсаты. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін арттыру оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.
Зерттеу міндеттері:
Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабақтарында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге ;
Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға;
Ойын әдісі арқылы оқыту олардың,пәнге деген қызығуын арттырамыз,өз ойын,пікірін,көзқарасын білдіруге,екінші бір адамның жауабын тыңдап,оны толықтыруға,жетістіктері мен кемщіліктерін айта білуге жаттығады;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мұғалім жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.
Зерттеу объектісі: ағылшын тілін оқыту әдістемесі.
Зерттеу әдіснамалық және теориялық негізі. Мәдениеттану қағидалары, қоғамдық орта мен жеке тұлғаның даму заңдылықтарының байланыстылығы теориясы, жалпы адамзаттық құндылықтар теориясы, жеке тұлға іс-әрекеті теориясы, музыкалық бейім, қабілет жайлы психологиялық, педагогикалық тұжырымдар.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 Сыныптан тыс жұмыстар
1.1.Сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын орны
Егеменді ел болып, етек - жеңіміді жинап, болған қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр.
Заманымыздың өздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. Нағыз білім-өз бетінше оқып алған білім деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес,оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып саналатын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мұмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру- басшылық ролі әбден қажет.
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сыныптан тыс уақытта да іздене жұріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттырудыестен шығармаған жөн.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Шетел тілін оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жұйесі оқушының дамуын қамтамасыз етуі керек деген. Осы тұста ойлау қабілеттерін дамыту мәселелерінің шешімін дұрыс табуда оларға тек сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс уақытта да қосымша жұмыстар жұргізу арқылы білім беру керек болып табылады. Соның арқасында оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, яғни сөйлеу дағдылары қалыптасады.Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы күшті : оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады, оларды өз бетінше жаттығулар жасауға, сөйлеуге, ойлауға баулыйды. Қазіргі таңда көптеген жұмыстардың жұргізілмеуі салдарынан, олар ағылшын тілі сабақтары бойынша көптеген мәселелерді тұсінбей, пәнді оқымайды. Осындай қайшылықтардышешудің тиімді жолы- сыныптан тыс уақытта жұмыстар ұйымдастыру болып табылады. Оқу процесінде Сыныптан тыс жұмыстардың ролі.
Сыныптан тыс жұмыс - сыныптан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы - мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, Сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар Сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, Сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты Сыныптан тыс жұмыс ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада - оқудан тыс жұмыс және сыныптан тыс жұмыс терминдері қолданылады. Сыныптан тыс жұмыс - мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сыныптан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс - мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, Сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс - оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын Сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты - баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам
қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер Сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.
Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары: Тарих кеші - бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Тарихтан викторина - бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сыныптан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе Сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек. Іскер ойындары - зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар - келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар бағалы болып келеді. Іскерлік ойындар оқушылардың психофизиологиялық ерешеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады: - ірі ауқымды (бірнеше сынып) және ұзақ (бірнеше айға) созылатын іскерлік ойындар; - нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; - бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік ойындар.Тарихтан диспут - өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы - өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына тарихтан өткен материалды қайталау мақсаты қойылады.
1.2 Ағылшын тілі пәнін оқытқан Сыныптан тыс білім берудің маңызы
Ағылшын тілі - қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі.Әлемді ғаламдандырудың өткізгіші,ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімдібайланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі - Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілді білуі қажет екендігін тілгі тиек етті.
Бұл жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет - ақ. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деп атап көрсетті.
. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан - жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.
Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың Оқытудың бұрынғы әдіс - тәсілдері - бүгінгі әдістеріміздің ата - анасы дегеніндей, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш Сыныптан бастап үйретуге назар аударуы - дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
1. Ауызша әдіс - теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады
2. Көрнекі әдісті - бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады
3. Практикалық әдіс - практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады
4. Іздену әдісі - өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
5. Индуктивтік әдіс - қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады
6. Өзіндік жұмыс әдісі - оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады
7. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім - біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.
Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі
Тапсырмалары
1.Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;
2.Мазмұнын түсіну;
3.Тірек - сызба сөздері арқылы баяндау;
4.Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу;
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі.
Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.
Тақырыптар түрі сан алуан: Бүгінгі күннің ең қызықты сәті.
Қазір мен не ойлап отырмын
Мен білетін адам.
Менің хоббиім.
Мен ұнататын нәрсе.
Мен ұнататын аң.
Келесі жаттығу түрі Find the words деп аталады. Нұсқау бойынша балалар сөзді табу тиіс.
Bread
E - is exactly in the middle.
D - is at the end.
B - is one of the letters before e.
R - is between b and e.
A - is between e and b.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі - Brainstroming әдісі, яғни суреттеліп берілгенбелгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.
Шет тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту тілүйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Соныменқатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқубелсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
* Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
* Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
* Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
* Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға.
* Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі;
* Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
* Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын, көзқарасы, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға бірғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.
* Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Мысалы: ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел тілінде ән үйрету. Ән үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптасады. Мысалы өз сабағымда тақырыпқа сай шетел тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда, оны мұқият таңдап аламын. Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалады. Сан есім. The numerals тақырыбына сай таңдалған әнді айтамыз:
One little, two little, three little Indians
Four little, five little, six little Indians
Seven little, eight little, nine little Indians
Ten little Indian boys.
Ten little, nine little, eight little Indians
Seven little, six little, five little Indians
Four little, three little, two little Indians
One little Indian boy.
Ал интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
:: лексиканы оқып үйретеді;
:: сөйлеу ырғағын;
:: диалог, монолог және рөлдік ойындарды (A visit to the doctor, "At the taxi", "Farmer" )
:: хат жазуға үйретеді; ("Letters in the mail" тақырыбы бойынша электронды есептеу машинасының операторы тобынасабақ)
:: грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістер өте көп. Оларды уақытылы тиімді пайдаланудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру - мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты.

Қазір мен не ойлап отырмын?

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі - Brainstroming әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.
Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру - мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: алфавитті және лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:
Let's draw a Rainbow!ойыны.
Мақсаты: түстерді үйрету.
Ойынға қажет құралдар:түрлі - түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.
Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.
Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It's beautiful. Let's draw a rainbow!
Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.
Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
2. At the Zoo ойыны.
Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.
Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар.
Ойын барысы: оқушылардың біреуі - экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can't fly.
Келушілер: Can it hop?
Экскурсовод:No, it can't.
Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
3. Жазуға үйрету ойыны.
Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.
4. Whose birthday is today? ойыны.Мұғалім оқушыларға "One of you has a birthday today. Guess who she is".
Оқушылар: What colour is her hear?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? - деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады:
оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;
қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады;
оқушы белсенділігі артады;
материалды меңгеруге түрткі болады.
Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісінжеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.
Ағылшын тіліндегі оқулықтарда жоқ материалдар іздейді. Тапсырма бойынша оқушы газеттерден, кітаптардан, интернеттен керек мәліметтерді іздеп, тауып,жазып әкеледі,қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді. Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл мен үшін пайдалы материал болса, олар үшін шығармашылық жұмыс.
2 Ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ғаламтор желісін қолдану арқылы ұйымдастыру проблемалары.
2.1 Ағылшын тілі сабағында ғаламтор желісін қолдана отырып сыныптан тыс жұмыстар жүргізу
Қазақстан Республикасының Білім туралызаңының 8-бабында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Бұл ауызекі сөйлеу,яғни коммуникативтік мәдениетінің теориялық негіздері қарастырылады.Мақсаты,мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру,оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін жасау. Ұсынылатын негізгі әдістер:
- Ағылшын тілі сабағында мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;
- Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;
-Оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда, белсенді әдіс ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі және диалогті оқыту технологиясы, интерактивті әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади технологияларының маңыздылығы айқындалды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды.Оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды.
Сұрақ-жауап
Диалог
Сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс
Байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары
Берілген сауалға өз ойларын білдіруге үйрету
Мәтінмен жұмыс
Монолог түрінде сөйлеуді дамыту
Ең бірінші сұрақ-жауап арқылы іске асады., мұғалім сұрақ қояды, өзі жауап береді,сұрақ оқушыға қойылады, екінші кезеңде оқушы жауап береді, сұрақ-жауап күнделікті сабақтарда жиі қайталанып отырады, яғни оқушылардың алғашқы сөйлеу дағдысы сұраққа жауап беру арқылы іске аса бастайды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады.
T: Good morning, children!
Ch: Good, morning, teacher!
T: How are you?
Ch Fine, thanks. And you?
T I' m fine, thanks you. I'm glad to see you. And you?
Ch: We, too.
T: Sit down, please.
Мысалы: ағылшын тілін алғаш оқыған кездерде оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек. Және диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Оқушылар аты-жөнін, жасын немесе қай сыныпта оқитынын айтуға дағдыланады, еркін айта алатын дәрежеге жетеді.
T: What's your name?
P: My name's Ann.
T: How old are you?
P: I'm 11.
T: Which class are you in?
P: I'm in class 5b.
Келесі кезекте Where ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz