Ағылшын тілінде оқыту құралдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
«ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Курстық жұмыс
Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Ағылшын тілінде дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыруда оқыту құралдарын пайдалану
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Тобы: БШ 18-9-2
Орындаған: Зайнитдинова Н.
Жетекшісі: Оспанова Р. А.
Курстық жұмыс қорғауға жіберілсін:
«Қазақ, орыс, ағылшын тілі және әдебиеті» пәндік
комиссиясының төрағасы: Сапарбай А. М.
2021-2022 оқу жыл
Мазмұны
Кіріспе3
1. Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі5
1. 1 Ағылшын тілін үйрету әдіс тәсілдері5
1. 2 Ойын элементтері арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту19
2. Ағылшын тілінде дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру да оқыту құралдарын пайдаланудың әдістемесі22
2. 1 Шетел тілінде дұрыс дыбыстау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру22
2. 2 Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі23
Қорытынды28
Әдебиеттер тізімі30
Зерттеу өзектілігі. Шетел тілінің айтылуын үйреткенде сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілкті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанменде олар айқын көрінбейді, ал жергілікті диалектінің адамдардың бірін бірі түсінуне қиыншылық әкелмейді. Қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктерінің өте аз болу себебі қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, сондықтан халықтың барлығы бір тілде, бір тілдік бірліктерді және дыбыстарды қолданған.
Ал, қазақ тілінде оқитын оқушыларға ағылшын тіліндегі айтылуды үйреткенде біраз қиыншылықтармен кездесеміз. Ол қиыншылықтар ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың туған тілдегі дыбыстардан қатты айырмашылығы болуынан.
Құрылымдық лингвистика мен лингводидактиканың өкілдері Л. Ельмсиев, Л. Блумфилд, Ч. Фриз, Р. Ладо өз жұмыстарында былай деп танытқан: «…Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктету жаттығуларымен үйрету керек».
Л. Блумфилдтің айтуы бойынша шетел тілінің айтылуын шетел тілі мен туған тілдегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе, Ч. Фриздің айтуынша сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп бір-біріне қарама-қарсы қойып салыстыра үйрету керек деген, мәселен: nais-naiz, pleis-pleiz. Ч. Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген.
Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде кейбір дыбыстарды айтқанда өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады.
Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар: физиологиялық фонетика және фонология.
Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді.
Фонология, ол тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді.
Фонология - функционалды фонетика. Ол үш функцияны қарастырады:
1. Конститутивтік (құрастырушы)
2. Дистинктивтік (айырмашылықты білдіретін)
3. Рекогнитивтік (тану)
Конститутивтік функция, ол қандай да сөйлем тіпті ол бір буынды сөзден тұрса да, ол дыбыстардан құралады. Мысалы: I [ai] - мен, бұл сөз белгілі бір буыннан тұрады, бір екпін бар және белгілі бір тонмен (төменгі немесе жоғарғы) айтылады. Дыбысты немесе сөздің құрамындағы дыбысты айтқанда сөйлеуші немесе дауыстап оқып отырған адам бұл сөзді немесе фразаны басқа дыбыстардан тұратын сөздерден шектетіп айтады.
Рекогнитивтік жаттығулар дыбыстарды және олардың тәртібін ажырату қабілеттерін дамыту үшін арналған. Есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ауызша естіп тану әдістерін қолдануы керек. Мұғалім бірнеше сөздерді айтады, ал оқушылар жаңа дыбысты естігенде қолдарын көтереді.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер , мұғалім оқушыларының дыбыстарды ажырата алатынын білсе, немесе мұғалім екі сөзді айтады да олардың қайсысы етістік екенін оқушылар ажырата алатынындығын білу үшін, олардан етістікті естігенде қолдарын көтеруін сұрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - ағылшын тілінің қазіргі кездегі фонетикасын оқытуды үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- фонетика пәні мен объектісін, бұл пәннің басқа қоғамдық ғылымдарда алатын орнын;
- жалпы және жеке фонетика жайлы, тарихи және сипаттама фонетика жайлы, салыстырмалы және қолданбалы фонетика және оның дыбыс айтылуына үйрету барысында алатын рөлі жайлы;
- шетел тіліндегі дыбысталудығы жаңа бағыттардың дамуын;
- тілдің дыбыстық құрылымдарын зерттеу әдістерін;
- фонология ұғымы жайлы негізгі түсініктемелер және фонологиялық мектептер жайлы;
- артикуляциялық база ерекшеліктері және олардың басқа тілді айтуға үйретумен байланысы жөнінде;
- сөйлеу интонациясы ұғымы және оның компоненттері мен қызметтері жайлы анықтау;
Зерттеу обьектісі: ағылшын тілінің қазіргі кездегі фонетикасын оқытуды үйрету.
Зерттеу пәні: ағылшын тілі
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негіздері: Балаларға қол жетімді деңгейде шет тілінде сәтті қарым - қатынас жасау шарттарының бірі-шет тілін оқыту мазмұнының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын сапалы қалыптасқан лексикалық дағдылар.
Курстық жұмыстың зерттеу әдәстері: Курстық жұмысты жазу барысында сипаттама, жинақтау, тұжырымдау, жүйелілік әдістері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды бөлімдерінен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі 1. 1 Ағылшын тілін оқыту құралдарыОқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал -жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан, қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Оқыту құралдарын топқа бөлу . Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
- Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
- Оқушыға немесе мұғалімге арналған
- Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
- Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық, мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка,, көрнекіліктер жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату материалдары, ойыншықтар, т. б. заттар жатады.
1. Бағдарлама - бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып, оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал - мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі - оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық - ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 -сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4. Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа ) . Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
1. Оқулық
2. Оқуға арналған кітап
3. Оқытуды тыңдау-көру құралдары - сурет жинағы, диафильм, аппликация, диапозитив, кинофрагмент,
үн таспа, лингофондық практикум, дыбысты үй тапсырмасы
(2-3сыныптар), үлестірмелі материал(2, 3-сыныптар)
1. Бағдарлама
2. Оқулық
Әдістемелік әдебиеті: «Шет тілі орта мектеп»
журналы
Латын әліпбиінде орыс әліпбиімен бірдей ортақ әріптер көп, мысалы, А, С с, Е е, В, К, М, Р р, О о, Х х, ағылшын тілін енді үйрене бастағандар үшін тіптен жаңа әріптер: F f, h, L l, G, S, W, V, Z, J. Оқушыларға олар көп әріптерді жаза алатынын көрсету қажет. Өкінішке орай, графикаға үйрену тәжірибесінде, ережеге сәйкес, ыңғайластырылған әдістеме жоқ. Оқушыны әрбір әріпті жазуға үйретеді және графикалық тұрғыдан қарағанда ол әріп жаңа ма жоқ па оған қарамастан, одан жаңа әріптің бір-екі жолын үйде жазып келуді талап етеді. Осының нәтижесінде, оқушыда ағылшын әліпбиіндегі әріптерді жазуға ыңғайластырылған әдістеме дағдыланбайды. Ал осындай әдістеме қажет болып табылады.
Графиканы меңгерудегі ыңғайластырылған әдістеме пәнаралық байланыстарды (орыс тілі- ағылшын) қалыптастыруға мүмкіндік береді және оқушыға ең аз дегенде, оның әріптерді біліп жаза алатынын айтып, ағылшын тілін үйренуге деген оң икемін жасау керек. Бұл кезде балалар әріпті айтпай, тек оның нөмірін атау керек. Балаларға осындай тапсырма ұнайды, олардың қолдарынан келеді, оны орындау алдыңғы тәжірибемен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар ол балаларды проблемалы жағдайда қалдырады: оны шешімін табу үшін ағылшын тілі білімін қолдану.
Ыңғайластырылған әдістеме шынында да жаңа әріптерді, мысалы: J, R, G, L, N, S, W, V жазуды меңгеру үшін оқушылардың жігерін жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Орфографияны меңгеру кезінде оқушылар егер сөздер ереже бойынша жазылса, ережеге сүйене білуі тиіс. Бұл ережелер оқу кезінде оқушыларға түйіндік сөздер ретінде беріледі.
Балалар меңгеруге тиіс басқа тәсіл, бұл жазылуы бойынша ортақ ағылшын сөздерінің бірігуі, мысалы: lightright сияқты, brightright сияқтынемесеbrought, thought, bought және тағы сол сияқты, дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасына байланысты ажыратылатын, яғни жазылған сөздің мағынасымен анықталатын сөздерді «көбейту». Бастапқы кезеңде бұндай сөздерге: two - too, write - right, I - eye, see - sea жатқызылады.
Ана тілде тұрмыста қолданылатын, ағылшын тіліндегі сөздерді жазу кезінде оқушыларды орыс тіліндегі алынған дағдыларды пайдалануды үйретуқажет.
Мысалы, sport, port, doctor, farmer, student, radio, lamp, hospital және басқалары; графикалық белгілерге, сөздерге деген олардың жітілігін жетілдіру, алған білімдерінің орыс тілінен ағылшын тіліне тасымал қабілеттілігін дамыту, осының арқасында ағылшын тілін меңгеруді жеңілдету. Орфографикалық қиын сөздерді кездестіргенде, ал олар көрсетілген бойынша көп, есте сақтауды жеңілдететін арнайы тәсілдер бірталай пайдаланылуы тиіс. Сондай тәсілдердің бірі - сөздерді әріп бойынша оқу. Дыбыстық нұсқада білім жақсы болса да, графикалық нұсқаны есте сақтауда көмегі тимейтіндігі белгілі, керісінше болуы мүмкін, ол екеуінің арасында қарама-қайшылық болуы ықтимал (know - no) . Сөзді әріп бойынша оқуәрбір әріп оқылып және буынға біріккенде, есте сақтауға көмектеседі, мысалы, language lan-gu-age сияқты, beautiful beau-ti-ful сияқты, daughter dau-ghter сияқты. Сөзді осы тәрізді есте сақтау орфографияны игеруге де, сонымен қатар оны оқыған кезде тануға көмектеседі. Оқу үшін сөздің графикалық нұсқасын ойында сақтау талап етіледі, ал бұл нұсқа өзге емес, сөздің әріптік құрамы: сөздің ұзындығын анықтайтын әріптер саны және олардың орналасу жүйелігі болып табылады. Мысалы: Wednesday деген ағылшын тіліндегі сөзде үш буын (Wed-nes-day) , ал айтылуында [`wenzdı] - екі буын болады. Айтқандай, балалар орыс тіліндегі орфографияны (лестница, солнце, синего, смеяться - хотя так не произносят бірақ айтылуы басқа болады) меңгеру кезінде де пайдаланады. [1]
Сөйлеуге оқытудың табыстылығын анықтайтын факторлар
Сөйлеуге оқытудың тасбыстылығы оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне (оларда оқу себептерінің, назары мен қызығушылығының, ауызша қарым-қатыныстың стратегиясын пайдалану икемінің болуы, бастапқы сөз тәжірибесіне сүйену және т. б. ), мәтіннің лингвистикалық және дискурсивтік сипатына, соңында оқу жағдайына (оқудың техникалық құралдарыныңболуы, жағдай мен проблемалы жаттығулармен қамтамасыз ету, сабақты жұптық-топтық ұйымдастыруға және басқалары) байланысты.
Оқудың орта кезеңіндегі оқушылардың жеке-жас ерекшеліктері орта жас үшін (5-7 сыныптар) әртүрлі формадағы көрінетін «есею» элементтері тән, дербестікке ұмтылып, көмектен бас тарту, жұмыстың орындалуын бақылауда қанағаттанбауы байқалады. Ересектерде ақылдың даму өзгерістері болады. Ол логикалық сипатқа ие болады. Материалды меңгеру мен сөз икемін дамытуда мақсаттық бақылауға зор мән беріледі, ең бастысын табуға талпыну, еске сақтау мен еске түсіруді жеңілдететін демеу пунктерін айқындау. [2]
Бұл жастағы оқушылар жоғары қарым-қатынаспен ерекшеленеді, осы арқылы топтық және коммуникативтік ойындар өткізу кезінде жұптық қарым-қатынасты ұйымдастыру кезінде оң әсерін береді.
Бұл жастағы топ әлемнің бейнесін ғана салып қоймайды, білгені мен көргенінің барлығына жеке қатынас тудырады. Оның ақыл-ой қызметінде ойды, пайымдауға бейімділікті, сезімді, әсерді, белгілі бір тілдік және мәдени қауымдастыққа жататын өзін тұлға ретінде сезінетін сезімді, талдайтын селективтлік (таңдау, іріктеу) үйлеседі. Аталған топтағы оқушылардың қызығушылықтары ең тұрақты сипатқа ие болады. Дәл осы жастан бастап профессионалдық бағыт пайда болады, ол жоғары сыныптарда біржолата анықталады.
Сөйлеуге оқытудың мақсаттары: сөйлеуге оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың әртүрлі әлеуметтік детермирленген (анықталған) жағдайларда ауызша сөз қарым-қатынасын жасау қабілетін жүзеге асыру болып табылады.
Кез келген типтегі мектепті бітірген оқушылардың міндеті:
а) тікелей байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау, яғни сала аясында, тақырыбы мен ахуалы, белгілі бір типтегі мектептерге қарастырылған бағдарлама бойынша өз серігінің (партнер) (соның ішінде зерттейтін тілдің тасымалдаушысының) айтылған пікірін түсіну және жауап беру
б) өзі туралы, қоршаған орта туралы айту, естігені мен оқығаны жайында немесе алынған ақпаратқа деген қатынасын білдіріп пікір айту
Тілді меңгеруге деңгейлік сипат тән, сондықтан әртүрлі мектеп оқушыларында сөйлеу шеберліктері мүлтіксіздік дәрежесі, бекемдік қалыптасуы, салаларды, тақырыптар мен қарым-қатынас жағдайларын қамтуға байланымты ерекшеленеді. Мысалы, базалық курсты бітірген шәкірттер күндегі болып тұратын жағдайларда қарым-қатынас жасау керек. Шәкірттер өз сөздерінде коммуникацияны бұзбайтын қателіктер жіберіледі [3]
Оқудың орта кезеңі (5-7 сыныптар)
Тақырып сипаты: диалог-сұрау, диалог - бұйрық, диалог - ақпаратпен алмасу. Монолог - сипаттама, мәлімдеме, баяндама, мінездеме
Сөз шеберлігі:
- Коммуникативтік мүддеге сәйкес ақпарат сұрау немесе хабарлау
- Логикалық және дәйекті түрде пікір айту
- Көзқарасын/ жеке ойын дәлелдеу
- Айтылғанды нақтылау / толықтыру
- Әртүрлі коммуникативтік мүддені білдіру
- Кең түрде мәлімдеме құру
- Әңгімені басқа тақырыпқа ауыстыру
- Эмоциялық- экспрессивтік құралдарды және басқаларын қолдану
- Стратегиялық (құзыретті) шеберлік
- Ым мен ишараны қолдану
- Әңгімелесуші адамнан көмек сұрау
- Көрінетін көрнекілік құралдарына сүйену
Тыңдап үйренудің қысқаша психологиялық сипаты - ойлық-мимикалық қиын рецептивті қызметі болып табылады, ол қабылдауға, түсінуге және ауызша жеткізетін ақпаратты белсенді жазуға байланысты болады. Аудирование яғни тыңдау үйретуге арнап жүргізілген біршама зерртеулерге және құрамына фоножазбалар, диа- және кинофильмдер, сондай-ақ басқа техникалық құралдар кіретін орта мектептердегі оқыту комплекстеріне қарамастан, ауызша қарым-қатынастың аталған формасы әзірге әлі де жеткілікті дамымаған болып есептеледі, бұл екі себепке байланысты: бірінші себеп тыңдау осы күнге дейін сөйлеудің жанама азығы деп қарастырылады, осыған сәйкес сабақтарда дәлме-дәлдіктен тым алшақ эпизодтар мен жағдайларда қолданылады. Екінші себеп - мұғалімдердің психологиялық және лингвистикалық қиын тыңдауға қарағанда, қабылдау деңгейі мен оларды анықтау тәсілдерінен нашар хабардар болуы. Байланыс (контактық) және қашықтық (дистанттық) тыңдау болып бөлінеді. Контактық тыңдаған кезде ол шын мәнісінде ауызша интерактивтік қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады, қашықтан, тікелей емес тыңдау (мысалы, радио, теледидар, фоножазбалар және басқалары) бұл ауызша қарым-қатынастың өз ерекшеліктері бар дербескоммуникацияның формасы болып табылады.
Тілдік қабілет деп аталатын бірқатар шетелдік жұмыстардыңарнаулы зеррттеулерінде шет тілін табысты оқудыңнегізгі бір шартына сөзді есту жатады [4] . Ауызша хабарламаларды қабылдау кезінде, ең алдымен, пікір айтудың коммуникативтік жоспары танылады, дауыс ырғағы негізгі бір құрылым белгісі болып табылады, осы арқылы сөйлемнің коммуникативтік типтері: хабарлы, сұрақ, лепті, бұйрықажыратылады [5] Шетелдік тілдерге үйрену кезінде сөз бен музыкалық бейімнің арасындағы корелляциялық байланысы анықталған зерттеулердің маңызы зор. Атап айтқанда, музыкалық бейім (сөздік бейім тәрізді) 9 жасқа дейін біршама қарқынды дамитыны анықталды. Қыздар балаларға қарағанда бір-бір жарым жасқа озады, дегенмен әрі қарай 11-12 жаста бұл айырмашылық теңеледі. Осы зерттеулердің қорытындасына қарап, шет тілдік мұғалімдер мен ән-күй мүғалімдері, әсіресе бастауыш сыныптарда оқудың орта кезеңінде тығыз өзара әрекет етулері тиіс.
Тыңдап оқуға сөздің паралингвистикалық элементтерін жатқызуға болады, олардың көмегімен шамамен ақпараттың 60 % беріледі. Әдетте бұл құралдарды үш топқа классификациялайды: а) акустикалық элементтер (одағай, ритм, дауыстың төмендеуі, жоғарылауы, үзілістер және т. б. ) б) көзбен шолу (ым, ишара, сөйлеушілердің тұрысы және т. б. ) в) тактильдік (қол алысу, иығын көтеру, итеру, ұстап қалу және т. б. ) . Соңғы екі топты Дж. Фаст көрнекті түрде «body language» деп атады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz