Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы


Пән: Н. Ә. Назарбаевтың ұлтаралық келісімінің Қазақстандық моделі
Құрастырушылар: саяси ғылымдарының докторы, профессор Симтиков Ж. Қ. тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Г. В.
Дәріс 1 «Н. Ә. Назарбаевтың ұлтаралық келісімінің Қазақстандық моделі» пән ретінде
1. «Н. Ә. Назарбаевтың ұлтаралық келісімінің Қазақстандық моделі » пәні, мақсаты мен міндеттері
2. «Толеранттылық», «келісім» түсініктері, категориясы, ұғымы.
- «Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделі» пәні, мақсаты мен міндеттері
Егеменді елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізіп, соның нәтижесінде Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстауға қабілетті, жан-жақты, парасатты, ақылды, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу көзделіп отыр. Тәуелсіз Қазақстан жерінде өсіп өнген қоғам жастары туған жерін, елін, Отанын құрметтей білуге міндетті. Ұрпақ тәрбиесі-Қазақстанда жүріп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық дамудың алғы шарттарының бірі. Сонтықтан да Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделі пәні қоғамда қалыптасқан төзімділікпен қоғамдық келісімнің дамуын жетілдіре отырып қарастыруды көздейді. Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол - елдің тыныштығы, бірлігінің нығаюы сол халықтың бейнесін танытады. Сол бейнені қалыптастырудың бастауы - елдік сана мен мемлекеттік сапаны қалыптастыру, барды баянды ету.
Толеранттылық туралы Декларация 1995 жылы ЮНЕСКО-ның конференциясында бекітілді. Содан бері 16 қараша дүнижүзілік толеранттылық күні болып аталып келді.
Декларацияда төзімділік (толеранттылық) «біздің әлеміміздің аса бай көптүрлі мәдениетіне, өз-өзін таныту формаларына және адамның жеке даралығын көрсету әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс түсіну» мағынасында көрсетілді. Декларацияға сәйкес, «адамдар табиғатынан сыртқы келбеттерімен, беделімен, сөйлеу мәдениетімен, тәртібімен, құндылықтарымен ерекшеленеді және бейбітшілікте өмір сүру, өзінің даралығын сақтап қалу құқығына ие». Ал толеранттылық (лат. tolerantia - төзімділік, көнбістік) - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық - қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейі. Ол латын тілінде - шыдамдылық, өзге көзкарастарға, мінез -құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіредіФранцуз тілінде - басқаға оң қарым-қатынас Орыс тілінде -төзімділік, шыдамдылық. Араб тілінде -сабырлылық, шыдамдылылық, рақымшылдық. Қытай тілінде -өзгелермен көркем қарым -қатынас. Ағылшын тілінде -шыдамды деген мағыналарды білдіреді. Қарапайым түсінікпен қарасақ, басқа саяси көзқарастағы адамдардың пікіріне шыдамдылық көрсету, олардың ой- пікірін сыйлау, ғылыми мектептер мен сан алуан көзқарастағы теорияларға, басқа пікірлерге төзімділік таныту, ашусыз, қысымсыз басқара білу біліктілігі, білім алушылардың түрлі мінез - құлықтық ерекшеліктеріне шыдамдылық таныта білу, олардың кемшіліктері мен қателіктерін түсіну, кешіре білу. Толеранттылық - бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл - халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.
Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы - біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық - үлкен құндылық. Толеранттылыққа қарама - қарсы қайшылықтардың (интолеранттық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас.
Интолеранттық тұлға - шыдамсыз
, үрейлі адам, кінәні өзінен емес, басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтыны дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Сондықтан да адамдар арасындағы өзара түсіністікті іздеу, қайырымдылыққа және жақыныңа көмектесуге шақыру өте маңызды.
Этникааралық толеранттылық бағытында тәрбие беруді мынадай мақсат, міндеттерді әске асырады:
-тұлғааралық үйлесім;
-ұжымның бірлігі мен беріктігі;
-этникалық, жеке адамдар арасындағы қарама-қарсы көзқарастардың азаюы;
-дау-дамайдың бәсеңдеуі;
-тәуелсіз сананың дамуы;
-әр адам топпен бірлесе жұмыс атқаруға дайын болуын қалыптастырады.
2. «Толеранттылық», «келісім» түсініктері, категориясы, ұғымы.
Негізінен төзімділік, яғни «толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде «бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау» деген түсініктеме беріледі.
«Төзімділік» ұғымы алғаш рет 1953 жылы медицина саласында пайда болған. ХХ ғ. 80-ші жылдардың аяғында саяси термин ретінде ресімделген, ол «толеранттылық» ұғымының синонимі болып табылады. Аталған ұғымды талдау нәтижесінде әлемдегі мәдениеттердің түрлі әралуандылығын қабылдау мен түсіну мағынасындағы «құрметтеу» ұғымы, адам даралығын білдіру әдістері мен өз өзін білдіру нысандары «төзімділік» ұғымының басты мағынасы мен негізі болып табылатындығы анықталды.
«Төзімділік» ұғымының мәні қазақ тілінде өте терең; ол шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, келісімді табу деген мағыналарды білдіреді. Төзімділікке, яғни толеранттылыққа қарсы «интолеранттылық» деген үғым бар; ол адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге байланысты ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсызық, кейістілік, менмендік, оспадарлық, парықсыздық деген мағыналар пайдалынылады. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде кеп кездескен. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан «біз қазақ деген мал баққан елміз» - деп басталып, «достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз» деген сөздер өзара сыйластыққа шақырады.
Төзімділік, толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді, күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, барлық адамға шынайы жана шырлықпен, түсінік жүмыстарын жүргізе отырып, шешімді табуды талап етеді.
Төзімділіктің шарты плюрализм, яғни түрлі ойлар мен пікірлердің бар болуы. Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі - өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады. Төзімділіктің негізінде плюрализмнің бар болуына құрмет көрсету орын алады, осыған байланысты «төзімділік» ұғымы демок ратия қағидаттарының бірі ретінде танылады. «Төзімділік» ұғымы алғашында әлеуметтік ой саласында философиялық категория ретінде пайда болып, қатынас ретінде түсіндірілетін. ХХ ғ. бастап ол тәжірибе - саяси қызмет, технология ретінде көрініс табады, осыған байланысты ол жеке дара саяси ұғым ретінде танылады.
Төзімділіктің негізгі ережелері мен қағидаттары БҰҰ мен Біріккен Ұлттардың білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының UNESCO - ның құжаттарында әзірленген, ал оның онан әрі талдау ғылыми және ғылыми және ғылыми - танымалды ақпарат көздерінде жүзеге асырыл ған. Аталған құжаттарды төменде атап өтілетін үш топқа бөлуге болады.
Біріншіден, төзімділіктің негіздері түсіндірілетін жарияланымдар (саяси мәдениет, адамның құқықтары мен бостандықтары, өзара түсінушілік, тілектестік және т. б. ), оның дүниетанымды негіздері мен саяси басымдылық тарын анықтау, нормативтік - құқықтық базаны дамыту, мәдени - білім беру бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, ағартушылық және насихаттаушы лық акцияларды жүргізу жөніндегі іс - әрекеттер орын алады;
- жалпы адамдық құндылықтарды, төзімділік мәдениетінің қайнар көздерін анықтау арқылы төзімділікті тұжырымдамалық негіздеу мақсатын көздейтін мақалалар;
- зерттеу тақырыбына сәйкес келетін немесе зерттеу тақырыбына ұқсас тақырыптар бойынша жазылған кандидаттық және докторлық диссерта циялар. Негізінен төзімділік мәселесіне қатысты зерттеулер өте аз. Қазақстандық саясаттанушылық ғылымның дамуына Г. О. Насимованың докторлық диссертациясы елеулі үлес қосқан, алайда ол жанжалды пара дигма шеңберінде жазылған, еңбекте төзімділік мәселесіне қатысты деректер аз.
Екіншіден, төзімділік мәселесінің кез келген аспектілері бар: діни, тарихи, философиялық, мәдениеттанушылық, педагогикалық, психологиялық, сасат танушылық, құқықтық, әлеуметтанушылық және т. б., олардың әзірлеушілік деңгейлері де әртүрлі. Төзімділік мәселесі саясаттанушылық шеңберінде өте аз зерттелген.
Төзімділік мәселесі теориялары шынайы классикалық теориялар болып табылатын Ағарту дәуірінде өмір сүрген ойшылдардың еңбектерінде зерт телген. Төзімділік ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардың Дж. Локк, Ф. М. А. Вольтер, Ж. Ж. Руссо, И. Кант сынды ұлы либералды ойшылардың азаматтық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі ретінде қарастырылған. ХІХ ғ. Дж. Ст. Милль төзімділік идеясын еркіндіктің басты шарты ретінде қарастырады, М. Вебер дінге еріктілік идеяларын қорғайды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары «бейтарап либерализмнің» теорияшылы Дж. Роулс төзімділікті әлеуметтік әділдіктің негізі ретінде қарастырады. Барлық атап өтілген еңбектерде төзімділік идеясы ой еркіндігі мен ар - намыс еркіндігі қағидаларының шиеленісуі ретінде қарастырылады, алайда онымен қоса соғыс пен бейбітшілік мәселесі мен де ұштастырыла бастады. А. А. Алиев, М. С. Стецкевич, В. М. Золотухин, В. В. Шалин, Б. Г. Капустин және т. б. діни төзімділік туралы ойлардың қалып тасу мен дамуының талдауына арналған монографиялық еңбектер мен жеке леген мақалалар жазған.
Саяси төзімділік жеке феномен ретінде оның саяси жүйеде қызмет етуі саяси тәртіпге (режимге) байланысты болғандықтан зерттелмеген. Саяси төзімділіктің талдауы азаматтық қоғам теорияларының ережелеріне негіз деледі (қазақстандық ғалымдардан төзімділік туралы Р. К. Қадыржанов, К. Г. Габдуллина, К. Ж. Нұғыманова жазған) .
Әдеби көздерді талдау қазіргі заманға сай ғылыми әдебиетте негізінен саяси төзімділіктік тек белгілі бір тұстары мен көріністерінің зерттеулері қана кездесетіндігін көрсетті. Төзімділіктің анықтамалары саясаттанушылық энциклопедиялық сөздіктерде кездеседі, төзімділік мәселесінің кейбір аспек тілері ұжымдық монографияларда кездеседі. Қазақстандық саяси ғылымда саяси төзімділік теориясына арналған теориялық - әдіснамалық жұмыстар мүлде жоқ деуге де болады.
Қазіргі заманға сәйкес келетін демократиялық әлеуметтік - саяси ахуал жанжалды парадигмадан негізінде төзімділік қаланған парадигмаға көшуді талап етеді.
«Төзімділік» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдау ұғымын білдіреді.
Төзімділік қазіргі ғылымда әр түрлі аспектілерде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық, т. б. Осылардың ішінен біздің зерттеу пәнімізге байланысты этникалық толеранттылықты жеке бөліп қарастырайық. Этникалық толеранттылықтың философиялық негізі - басқаның, өзі нен айырмашылығы бардың өмір сүру фактісінің өзі болып табылады. Ал оның түпкі мәніне жету үшін ең алдымен «этникалық» түсінігіне тоқталып өткен жөн. «Этнос» терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю. В. Бромлейдің анықтамасын негізге алады. Оның айтуынша «этнос - бұл белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түсінетін адамдардың тұрақты жиынтығы». Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Л. Н. Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс ретінде қарастырды. Оның түсінігінде этнос - «бұл өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз - біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе) ». Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж. Ж. Наурызбай «этнос» ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт ұғымдарын жалпылаушы термин ретінде қолданады. Сонымен, «этникалық» сөзінің мәні адамның белгілі бір этнос мүшесі ретінде сол этносқа тиістілігін, сәйкестілігін сезінуі деген қорытынды жасауға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда «этникалық толеранттылық» басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін қабылдай алу қабілеті ретінде көрінеді. Әрине, оның шегі өзара сыйластық, ынтымақтастық деңгейінде болуы тиіс.
Дәріс 2
Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, этника аралық қарым - қатынас әлемдік тәртіп контекстінде-
1. Ұлтаралық қарым - қатынастың әлемдік даму тарихы
2. Қазіргі әлемдегі этникааралық және қоғамдық келісім мәселесінің ғылыми зерттелуі.
3. Қазақстандағы ұлттық, конфессиялық және мәдени көптүрлілігі
1. Ұлтаралық қарым - қатынастың әлемдік даму тарихы
Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар - сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т. б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады.
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т. б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т. б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы - мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі, және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.
- Қазіргі әлемдегі этникааралық және қоғамдық келісім мәселесінің ғылыми зерттелуі.
Е кінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" - Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқгалып өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп - ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суи бастайды. Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т. б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе - планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т. т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т. б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді.
Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz