МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Еңбек тәрбиесінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Отбасында мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ тарау. Еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының еңбек дәстүрлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыра отырып және оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу, адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын қарастыратын боламыз. Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдас-тыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы бала-лар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4 -- 5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсы-рылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекші-ліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тап-қырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді. Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі -- оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып - біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс - әрекетінің ерекшелігі -- мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айна-луда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбие-леудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбие-шілердің міндеті . Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, Трамвай ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. Пароход ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды. Мектепке дейінгі жас -- негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады. Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балабақша баласының еңбекке деген талпынысын ояту, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. [1]
І ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі - өмір кілті,бақыттың тұтқасы. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп саналады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды,оның ойын дамытып, мінез құлқын қалыптастырады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс - тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып табылады. Еңбек - жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді.
Еңбек тәрбиесі - қоғам мүшесі болып табылатын оқушының жалпы тәрбиесі барысының саласы. Мұның мақсаты - еңбекке орынды қатынасты дамыту, қоғам байлығына үнемі қамқорлық сезіміне тәрбиелеу, еңбек тәртібін бекіту. Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен біртұтас жүзеге асырылады. Еңбек барысында қоғамдық борышты саналы тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен қарау, ұжымшылдық және тәртіптілік сияқты құлықтық қасиеттер дамиды. Жасөспірімді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау, оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек мәдениеті дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту. Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып,олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек - оқушының еңбек қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады.Оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаттары:
- баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып,жетілдіру,еңбекті сүюге баулу;
- баланы еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру;
- еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету,еңбекке қызығуын арттыру;
- баланың бойындағы талант пен дарынын зерттеу және дамыту;
- білім мен тәжірибе негізінде еңбекті өнімді,жемісті етіп жасауға және кәсіби нңбек түрі мен өнертануға баулу;
- оқытудың негізгі ұстанымдарын анықтау және басшылыққа алу;
- балаға білім алуы үшін әртүрлі жағдай туғызу;
- баланы жалқаулықтан сақтау;
- бала еңбегін ынталандыру және насихаттау;
- еңбектің нәтижелілігін арттыру;
- балаға бақылау жасау;
- жұмыс орнында гигиеналық тазалықты сақтау;
- әр оқушыға жеке әдіс пен тәсілді қолдану;
- мұғалім мен оқушының арақатынасын неғұрлым жақсы жолға қойып,өзара сенім туғызу;
Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі:тамақты пісіру,киімді пішу,тігу,тоқу,қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру. Еңбек - тәрбиесінін мақсаты -- балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
-- оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
-- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
-- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
-- жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
-- оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту. [2]
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек. Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек. Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет. Оқу - өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды. Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Адамды - адам еткен еңбек. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп - жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей - дегендей жерге дән сеуіп, оны күтіп баптап өсіреді. Базарға апарып сатып, ақшасына тамақ, киім алады. Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.Мысалы: 2 - 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог, А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс - әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай - ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі. [3]
1.2. ОТБАСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ЕҢБЕГІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Бала тәрбиесі қай уақытта болса да өзекті мәселе болып келе жатыр. Нұр Отан партиясының XIII съезінде ел басымыз президент Н.Ә.Назарбаев Баланың бас ұстазы ата-ана дей келе бала тәрбиені ең алдымен ата мен анадан алатынын нұсқады. Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес. Баланы дұрыс тәрбиелеуде еңбектің орны ерекше. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбек тәрбиесі және оған ықпал ететін негізгі факторлар туралы айтқан пікірлерін талдай келе, төмендегі мазмұнда кестені бере аламын. Ерте замандардан бері адамның жеке тұлға болып қалыптасуына еңбектің маңыздылығы белгілі болатын. Еңбектің басқа тәрбие түрлерімен байланысты дұрыс үйретілуі, оның балаға шынайы әсерін арттыра түседі. Еңбек ету барысында баланың бойында ерекше қасиеттер қалыптасады, олар: белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну, өз көзқарасын қорғау т.б. Ата-аналар баласын еңбеу етуге тәрбиелеуде мыналарға мән беру керек: еңбек ету барысында бір заттың басқа затқа айналуы, ал оған бала тікелей себепші болуы мүмкін. Бұл жиналыс практикалық маңызға ие болып баланың бойында тәрбие қалыптастырады бала еңбек ету барысында күшін қолданып қана қоймай, ақылды да қолданылады. Сондықтан ол қоғамдық пайдалы жұмыс ретінде бағаланады. Еңбек ету барысында балаларды айналасындағылармен тығыз қарым-қатынас, өзін-өзі күту, жан-жағын қорғау сияқты нәрселерге тәрбиелеу маңызды. Еңбек ету, көп қырлы еңбек ету барысында бала шынығады, ақыл-ойы дамиды, іскерлік, дағдылар қалыптасады. Тәрбиелеушілік маңызында, балаға өз еңбегінің пайда келтіретінін, еңбектен ләззат алуды, оның қажеттілігін үйрету керек. Кіші мектеп жасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеу оның жас ерекшелігіне сай жүргізілуі тиіс. Баланың еліктеушілігі үлкен маңызға ие болады. Сонымен бірге әр нәрсені білуге құштарлық, тынымсыз қозғалыс еңбек әрекетін қалыптастыруда көмегін тигізеді. Еңбек ету балаға ойын ойнаған сияқты әсер қалдырады. Оның себебі, еңбектену барысында бала бір нәрседен басқа нәрсе жасап шығарады, өз мүмкіндігінше жоспарлап, құрастырып, әрекет етеді, заттармен адамдармен тығыз қарым - қатынаста болады. Кіші мектеп жасындағы балалар кез-келген жұмысты, үлкендердің тапсырмаларын барлық ынтасымен орындайды, үй жұмысына көмектеседі, бірақ олардың еңбек әрекетінің өзгешелігі, басқаларды өзіне назар аударту. Сондықтан балаларға әр түрлі жұмыстар тапсыру керек, олардың мазмұнын өзгертіп отыру қажет,жетістіктерге қол жеткізу үшін сенімдірек қолдап, мадақтап отырған жөн. Міне, сол себепті де ата-аналар балаларды жай ғана еңбек етуге емес сапалы еңбектенуге, оның пайдасын түсінуге үйреткені дұрыс. Бір нәрседен жетістікке қол жеткізген бала оны тағы қайталағысы келеді. Еңбек етуге үйретудің келесі себептері болады үлгі-өнеге, қызығу және парыз. Кіші мектеп жасындағы бала үшін үлгі мен қызығудың маңызы зор. Ал парыз, ол үлгі мен қызығудан туындайды, бала бойында өзгеше эмоционалдық құбылыс туғызады. Парыз- бала бойында өзін-өзі бақылау, өзі қаламаған жұмыстарды атқару сияқты іс-әрекеттерге жетелеп, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға негіз болады. Мысалы. Үй жинау, ыдыс жуу, әсіресе өз киімдерін уақытылы күтіп ұстауға, бала назарын аудару - бұл басты міндет. Себебі: келешектегі баланың еңбекпен айналысуы - бұл жанұяда басталады. Үйде еңбекпен айналысудың басты мақсаты, ол баланы еңбекке баулу, келешекке даярлау болып табылады. Ата-аналар балаларын еңбекке үйреткен кезде оның маңызын құрал ретінде пайдаланбауы керек. Мысалы. Егер еденді сыпырып, стол үстін тазаласаң ғана, серуендеуге барасың деп талап қою орынсыз. Бұндай талап қоюлар да арасында керек-ақ. Бірақ үлкендер тәрбиелеу кезінде жақсы әрекет - сыпайылық, жаман әрекет - жазалау деп үнемі біржақты әрекетке бармаған жөн. Бұндай жолмен олар балаларын еңбектен алшақтата түседі, еңбек олар үшін тек қолдану құралға айналады. Кейде үлкендер мақсатындағы: Мен уәдені үйіп төгіп берсем, балалар соғырлұм еңбектенуге құштар болады, сөйтсем еңбексүйгіштік қасиеті дамиды - дейді. Бірақ бұдан бала басында еңбекке деген қажеттілік қалыптаспайды, бала үшін еңбек өзінің сүйкімділігін жояды, амалсыздан істеу деген маңызға ие болады. [4] Балаңыздың еңбек ету барысында өзін көрсете білуге, өзінің шеберлігін, шыдамдылығын, жігерін, талапшылдығын көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Балаңыз күш жұмсайтын, ақыл-ойын қолданатын еңбектен қанағаттану сезімін алатын болса, бұл өте пайдалы болғаны. Еңбек етуден рахаттану, оның қажеттілігін қалыптастырады. Егер балаңыз уақытында тұрғаннан рахаттанатын болса, онда бұрын болмаған басқа талабына жалғастық табуына көмектесуге тырысыңыз. Көбінесе ата-аналар өз ойымен әрекеттерін баласының қайталағанын талап етіп жатады. Үлкендер өздері қаламайтын істерді балаларына да сондай көзқарастарын жұқтырады. Мысалы. Ыдыс жуу, аяқ киім тазалау. Бірақ мүмкін балаға ыдыстар қалай су тиісімен жарқырап шыға келетіні қызық шығар. Үлкендер үшін ешқандай қызығы жоқ іске баланың қызығушылығы туындап, мен өзім істейінші деген атақты қызығушылығы қалыптасып келе жатқанда, біз оны су сепкендей етіп жатамыз. Балаларды тым өбектеп еркелетіп жіберу, олардың еңбекке деген талабын жояды. Сондықтан оларға көмектесе отырып, еңбектенуге үйретіңіз. Алдымен әр жерде шашылған ойыншықтарды жинаудан басталған еңбек әрекеті, сөмкені әкелуге апарады. Осылайша еңбек ету өз-өзіне қызмет етуден басталады. Жуынуға, сүртінуге, түймелерді тағуға ойыншықтарын жинауға аса төзімділікпен үйрету арқылы, өз бетінше осыларды орындау әдеті қалыптасқанша көмектесуіміз керек. Жасы өскен сайын бұл әрекеттер жиынтығы молая береді. Сонымен қатар ұлыңызға немесе қызыңызға кез - келген үй жұмысты орындау қадірлі іс екені туралы ой қалыптастыруымыз керек. Тұрмыстағы міндеттерін орындауға үйрету арқылы балаға ата-аналар еңбек ету, жақындарын бағуға байланысты әдеттерді қалыптастырамыз. Баланың үнемі атқаратын міндеті болуы тиіс. Сонда ғана еңбек тәрбиесі маңызға ие болады. Үнемі атқаратын міндеттер жауапкершілікті туғызады. Әрбір адамның міндет бөлінісі бар отбасында еңбексүйгіштікке тәрбиелеу өз жемісін береді. Үй жұмыстарына ер баланы тартуға үлкен мән берген жөн. Үй жұмысына араласу олардың өз бетімен өмір сүруіне дайындығын қалыптастырады. Еңбекке тәрбиелеуде өнегенің маңызы зор. Анасы жұмыстан орала салысымен, барлық уақытын асханада өткізетін,ал әкесі газет оқып немесе теледидар қарайтын отбасында жетістікке жету өте қиын. Еңбексүйгіштік баланың өміріндегі әртүрлі тапсырмаларды шығармашылықпен шешуге қабілетін шыңдайды. Бұл қабілет қалай қалыптасады? Еңбек етуге әдеттену үлкен жігермен орындалады. Балаңыздың болады, қажет, болмайды деген ұғымдарды ажырата білуге үйрету маңызды. Осы мақсатта оған осы кезде оның қалағанын орындатуға емес, қажет нәрсені орындатуға үйреткеніңіз жөн. Ұлыңызға не қызыңызға шартты тапсырма беріңіз. Сен өз бөлмеңді жинаған соң барып теледидар көресің Ата-аналар өз айтқандарын аса төзімділікпен орындатуға тырысқаны жөн, сонда ғана бала алдымен қажетті жасайды, содан соң қалағанын орындайтын болады. Болмайды деген сөзге үйрету арқылы, олардың өз бетімен кетуін, қалағанын орындауын шектейміз, яғни өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға үйретеміз, бұл жеке тұлғаның жігер, қасиетін қалыптастыруда үлкен маңызға ие болады. Сонымен еңбек сүйгіштік- еңбекке дұрыс қатынас. Бұл ұйымдастырушылыққа тәрбиелеуде бір-бірімен байланысты. Бала кезден бастап баланы жоспарлауға жинақы, бірқалыпты еңбектенуге үйрету керек. Ата-аналар кейде бала ыдыс-аяқты жуу, ойыншықты жинау т.б жұмыстарын орындауды қай жастан бастағаны жөн деп күдіктенеді. Бір жақты жауап жоқ. Ол балаңыздың қабілеті мен қызығушылығына байланысты. Баланың үлкендердің ескертуінсіз-ақ міндетерін орындауға қалыптасуы- жетістік. Әрине, сол баланың әлі келетіндей болғаны дұрыс. Сондай-ақ баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасының негізгі қағидалары:
- өзін - өзі қызмет ету арқылы еңбекке үйрету;
- өзіне - өзі қызметтен бірте-бірте басқа да еңбекке ауысу;
- міндеттерді бірте - бірте көбейту, оларды күрделендіріп отыру;
- тапсырылған жұмыстың сапасының дұрыс, әрі уақытында орындалуын бақылауда ұстау;
- еңбек әрекетін орындауда қалай жасау керектігін үйрету;
- тапсырылған жұмысты орындаудың маңыздылығына баланың сенімін қалыптастыру;
- балаға жұмысты тапсырғанда оның ерекшелігін, баланың сол жұмысқа икемділігін ескеріп отыру;
- жақсы орындалған жұмыстарды, өз бетінше жасалған баланың талабын мадақтап отыру;
- кіші мектеп жасындағы бала үшін еңбек пен демалысты, сондай - ақ әр түрлі жұмыс түрлерін кезектестіріп отыру.
Қорыта келгенде ата-ана балаларға көмектесіп, үйретіп отыруы керек. [5]
ІІ ТАРАУ. ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕҢБЕК ДӘСТҮРЛЕРІ
2.1. ПЕДАГОГТАР, КӨРНЕКТІ АДАМДАР ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz