Кедендік бақылау зертханалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Кедендік бақылау зертханаларында метрологиялық жабдықтарды тексеру сапасын жетілдіру»
6В07525 - «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) ББ
Орындаған: Жарқыншаева Е. Ә
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. м., аға оқытушы Туреханова Г. И
Нұр-Сұлтан, 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Қр Ст Исо/Мэк 17025-2018 "Сынау Және Калибрлеу Зертханаларының Құзыреттілігіне Қойылатын Жалпы Талаптар"
- Рк 50. 2. 2-2002 "Оценка Состояния Измерений В Аналитических, Испытательных И Измерительных Лабораториях "
- Қр Ст 2. 15-2018 «Мемлекеттік Метрологиялық Бақылау. Негізгі Ережелер»
- Ми 2500-98 Государственная Система Обеспечения Единства Измерений
- Еаэо Кеден Кодексінің 14-Бабы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік Реттеу Туралы»
- Ст Рк 3. 16-2008 «Межлабораторные Сравнительные Испытания. Организация И Порядок Их Проведения»
- Iso 45001:2018 «Системы Менеджмента Охраны Здоровья И Безопасности Труда.
- Ст Рк Исо/Мэк 65-2001 «Общие Требования К Органам По Сертификации Продукции»
- Қр Ст 1634-2007 « Менеджмент Жүйелері Саласында Қызметкерлерді Сертификаттау»
- Гост Р Исо/Мэк 17024-2011 « Общие Требования К Органам, Проводящим Сертификацию Персонала»
- Ст Рк Исо/Мэк 17011-2006 «Оценка Соответствия. Общие Требования К Органам По Аккредитации, Аккредитующим Органам По Оценке Соответствия»
- Тр Тс 005/2011 Технический Регламент Таможенного Союза "О Безопасности Упаковки" От 16. 08. 2011 Г. № 769
- Тр Тс 029/2012 Технический Регламент Таможенного Союза "Требования Без-Опасности Пищевых Добавок, Ароматизаторов И Технологических Вспомогательных Средств" От 20 Июля 2012 Г. № 58.
- Ст Рк 1179-2003 Системы Качества. Управление Качеством Пищевых
- Продуктов На Основе Принципов Насср. Общие Требования
- Ст Рк Исо 22000-2006 «Система Менеджмента Безопасности Пищевых
- Продуктов. Требования Ко Всем Организациям В Цели Производства и Потребления Пищевых Продуктов»;
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Метрология - өлшеулер, олардың бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым.
Заңнамалық метрология - өзара байланысқан және өзара шартталған жалпы ережелердің жиынтықтары.
Өлшеу - техникалық шараны қолдану бойынша қолдануға неғұрлым жайлы формада осы шаманың мәнін алу мақсатында(немесе ол туралы ақпарат) өлшенетін шаманың бірлігі мен өлшеу шаманы салыстыруға (ашықтан-ашық және ашықтан-ашық емес) негізделген шаманың физикалық бірлігін сақтаушы операциялар жиынтығы.
Метрологиялық өлшеулер - жұмысшы өлшеу тәсілдеріне физикалық шамалардың бірліктерінің өлшемдерін беру үшін оларды жаңғырту мақсатында эталондар мен үлгілі өлшеу тәсілдері көмегімен өтетін өлшеулер.
Физикалық шама - көптеген физикалық шамаларға сапалық қатынаста жалпы, бірақ сандық қатынаста әр объект үшін жеке физикалық объект (физикалық жүйенің, құбылыс немесе процестің) сипаттамаларының қасиеттерінің бірі.
Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын. орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Калибрлеу - өлшем қүралдарын салыстырып тексеру әдісі.
Аккредиттеу - бұл объектінің заңмен белгіленген нормаларға, талаптарға және негізгі жіктемелерге сәйкестігі анықталатын рәсім.
Классификация - бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы.
Шикізат - бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар. Шикізат - бұл дүниежүзілік тауар биржаларында сатылатын және сатылатын тауарлар.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі- тамақ өнімдерін пайдалану кезінде оның адам денсаулығына теріс әсерін толығымен болдырмайтын жай-күйі.
БЕЛГІЛЕНУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
- ҚР - Қазақстан Республикасы
- ҚР СТ - Қазақстан Республикасының стандарты
- ISO- International Organization for Standardization
- МЕМСТ- Мемлекеттік стандарт
- ЕАЭО - Еуразиялық экономикалық одақ
- ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
- ММҚ - Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
- ҰАО - Ұлттық аккредиттеу орталығы
- МЭК - Международная электротехническая комиссия
- ӨТХК - өлшемдер мен таразылардың халықаралық комитетімен
- ӨТКБ - Өткірлік тереңдігі бейнеленетін кеңістікті
- КЖ - Калибрлеу жүйесі
- ТСР - Технические средства реабилитации
- HS - гармонизированная система описания и кодирования товаров.
- ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнім
- ЗМХҮ - Заңдылық метрологияның халықаралық ұйымы
- ӨӨБ - Өзін өзі басқару
- ММБ - мемлекеттік метрологиялық бақылау
- БҒЗИ - Бүкіл ғылыми- зерттеу институты
- МҚЕ - Метрологиялық қамтамасыз ету
- ГСИ - Государственная система обеспечения единства измерений
КІРІСПЕ
Стандарттау, метрология және сертификаттау көпжақты сауда қызметінің маңызды аспектісі - өнім, жұмыс және қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Сапа проблемасы нарықтық экономикасының қаншалықты жетілгеніне қарамастан барлық елдерге көкейтесті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қираған Жапония мен Германияның өнім сапасын қамтамасыз етуге және бұл елдердегі экономиканың жаңа бастамасын беруге ықпал жасаған стандарттау және метрология әдістерін ұтымды пайдалануын еске алсақ та жеткілікті.
Бүгінде дайындаушы және оның саудалық делдалы сауда белгісінің беделін өсіруге, бәсекелестік күресте жеңуге, әлемдік нарыққа шығу мен стандарттың міндетті және ұсынылатын талаптарын орындауға қызығушылық танытуда. Бұл мағынада стандарттау осы заманғы кәсіпкерлік стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады. Оның әсері және талаптары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Осылайша өзара тиімді мәміле жасау үшін өндіріс және сауда мамандары білуі және орындауы тиіс «ойын ережелерінен» тұрады. Осыдан шығатыны стандарттау бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар дайындаушының, тапсырыс берушінің және саудагердің барлық басқару деңгейіндегі әсерлі серіктестігі.
Бүгін жеткізушіге прогрессивті стандарттардың қатаң талаптарын орындау жеткіліксіз, тауар шығарылымын, қауіпсіздік және сапа сертификаттарымен қызмет көрсетуді жетілдіру қажет. Тапсырыс берушілер мен тұтынушылар арасындағы көпшілік сенімді сапа жүйесіндегі сертификат тудырады. Ол сапаның тұрақтылығына, шындалған сапа көрсеткіштерінің шынайылығы мен дәлдігіне сенімділік туғызады, өнім өндіру процесіндегі және қызмет көрсетудегі жоғары мәдениеттілікті айғақтайды.
Келешекте тауар және қызмет көрсету қатары бойынша бекітілген талаптардың сәйкестігін растау тек сертификациямен ғана емес сонымен бірге өнім өндірушінің өзімен және қызмет көрсетуді орындаушымен бірге, яғни бірінші жақпен іске асырылады. Бұл жағдайларда ұйым басшыларының персоналмен стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін ұқыпты қолдануында жауапкершілігі және ролі арта түседі.
Коммерциялық қызметтің әртүрлі салаларында (саудада, банк қызметтерінде және т. б. ) және өндірісте метрология ережелерін ұстану анықталмаған өлшем нәтижелерінен болатын материалды шығындарды минимумға әкелуге өз септігін тигізеді.
Отандық стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерінің халықаралық ережелермен үйлесімділігі алаңдатуда, себебі бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне маңызды шарт болып табылады және бұл еліміздің осы ұйым шеңберіндегі одан арғы Қ, қызметі. Үйлесімділік проблемасы осы уақытта техникалық заңнама облысындағы заңдарды қабылдау жолымен шешілуде.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 9 қараша 2004 жылғы №603-II Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу» заңына қол қойды. Оның қабылдануы стандарттау және сертификациялау жүйесінің қайта ұйымдастырылуына бастау болды. Ол Қазақстанның ДСҰ кіруіне және саудада техникалық кедергілерді болдырмауға қажет.
Сонымен өзіндік бәсекелестігі бар еліміздің нарықтық экономикаға өтуі, тұтынушылар сенімін иеленудегі күрес коммерция мамандарының тауарлардың, жұмыс және қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуі үшін стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін және әдістерін өз тәжірибелік қызметтерінде кеңірек қолдануларына әкеледі.
«Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәнін оқытудағы мақсат сауда қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген аумақтардағы студенттердің білімін, ептілігін және дағдыларын қалыптастыру.
1. Әдебиетке шолу
1. 1 Метрология туралы ұғым
Метрология - МӨЖ ғылыми негізі. Метрология - өлшеулер, олардың бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. «Метро» - өлшем (греч. ), «логос» - үйрету (греч. ) .
Қазіргі метрологияның үш түрі болады:
а) заңнамалық метрология;
б) фундаменталдық (ғылыми) метрология;
в) тәжірибелік (қолданбалы) метрология.
Заңнамалық метрология - өзара байланысқан және өзара шартталған жалпы ережелердің жиынтықтары, сондай-ақ мемлекет жағынан өлшеулер бірлігі мен өлшеу құралдарының бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған, тәртіпке келтіруді, бақылауды қажетсінетін және басқа да мәселелері кіретін метрология тарауы.
Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрология қызметі (ММҚ) және мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдармен, заңнамалық ережелермен метрологиялық әрекетті мемлекеттік реттейтін тәсіл ретінде қызмет атқарады.
Заңнамалық метрология саласына өлшеу құралдарының (ӨҚ) түрін сынау және бекіту, МӨЖ метрологиялық бақылау және қадағалау, сондай-ақ өлшеу бірлігін нақты қамтамасыз ету бойынша шаралар жатады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Бұл мәселе негіз болатын екі шарттарды сақтаған кезде шешіледі:
- заңдандырылған бірегей бірліктерде өлшеу нәтижелерін көрсету;
- өлшеулер мен шектеулер нәтижелерінің жіберілетін қателерін берілген ықтималдықтан аспайтындай бекіту.
Өлшеу бірлігі - өлшеу жағдайы, сондай-ақ олардың нәтижелері заңдандырылған бірліктердегі көрінісі, ал қателері берілген ықтималдықпен белгілі және бекітілген шектерден аспайды.
Өлшеу бірлігі әртүрлі орында және түрлі уақытта әртүрлі өлшеу құрылғыларымен орындалатын өлшемдердің нәтижелерін салыстыруға қажет және де өлшеу бірлігін сақтау қалай еліміздің ішінде қарым-қатынаста маңызды болса, солай елдер арасында өзара қарым-қатынаста маңызды болып табылады.
1993 жылы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды.
1993 жылға дейін метрология саласындағы құқықтық нормалар өкімет қаулысымен бекітілген. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы - метрологиялық әрекеттің терминологиясынан лицензиялауға дейін талай жаңа енгізулерді бекітті.
Заңның негізгі баптары белгілейді:
а) мемлекеттік басқармасын өлшеу бірлігімен қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық құрылымын;
б) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды;
в) шамалар бірлігі мен шамалар бірлігінің мемлекеттік үлгілерін;
г) өлшеу құралдары мен әдістерін.
Фундаменталдық және тәжірибелік метрология көне дәуірде пайда болған. Ежелгі Ресейде өлшем жүйесінің негізі Көне Греция мен Римде өзара байланысқан көне египеттік өлшеулер бірліктері болған. Бірліктер атауы мен олардың мөлшері арнайы құрылғыға келмей тұрып, «қолмен» өлшеу тәсілімен сәйкесті жүзеге асырылған. Сөйтіп, әртүрлі уақытта Ресейде ұзындық бірлігі:
- шынтақ (қол шынтағы қайырылғаннан бастап ортаңғы саусағы аяқталғанға дейін) ;
- қарыс (үлкен адамның үлкен сұқ саусағы арасындағы ара қашықтық) ;
- аршын, кез (оның пайда болуы қарыстың жойылуын еліктірді - ¼ кез) ;
- сажын ( орыс өлшемі = 3 шынтақтан = 152 см) ;
- кере құлаш = 248 см.
Петр 1 Жарғысымен ұзындық өлшемін орыстар ағылшындармен келісімге келді:
- дюйм («саусақ» = 2, 54 см) ;
- ағылшын футы = 12 дюйм = 30, 48 см.
Алғашқы метрлік өлшем жүйесі 1840 жылы Францияда енгізілді. Оның маңыздылығын Д. И. Менделеев «халықтың келешекте үміт еткен жақындасуы» ретінде көңіл аударған.
Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшемдер бірлігі талап етілді, ол фундаменталдық және қолданбалы метрологияның дамуына себеп болды. Алғашқы өлшем бірлігінің прототипін макрообъектілерді және олардың қозғалысын зерттей отырып, табиғаттан іздеген. Сөйтіп, секунда - Жердің өз осін айналатын кезеңінің бір бөлігі. Ізденістер атомдық және атом ішілік деңгейге біртіндеп ауысты. Енді секунд - сыртқы өрістер жағынан ауытқу жоқ болған кезде Цезий-133 атомының негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейі арасында өтетін сәйкесті сәуле шығару 9192631770 периодтар ұзақтығы.
Сөйтіп, метрология ғылым ретінде динамикалық дамып отыр.
Фундаменталдық метрологияның келешектік дамуын ФШ қабылданған бірлігі табиғи пайда болғаны туралы ұғымды беретін физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесінде (СИ жүйесінде) қабылданған физикалық бірлігін анықтағанын растайды. Физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі - бұл физикалық шамалардың негізгі және туынды бірліктер жиынтығы.
1954 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша Генералдық конференция (ӨСГК) халықаралық қатынастарда қолдану үшін алты ФШ анықтады: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы, шам.
1960 жылы ХI ӨСГК физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесін (СИ жүйесін) бекітті. Оны барлық ірі метрология бойынша халықаралық ұйымдар қабылдады. КСРО бұл жүйені 1963 жылы қабылдады. СИ жүйесіндегі негізгі физикалық шамалар:
а) ұзындық бірлігі - метр - жарық вакуумда 1/299792458 секунд бөлшегінде өтетін жол ұзындығы;
б) салмақ бірлігі - килограмм - килограммның халықаралық прототипінің массасына тең масса;
в) уақыт бірлігі - секунд - (анықтамасы №1 дәрісте жоғарырақ келтірілген) ;
г)
электрлік ток күші бірлігі
-
ампер
- айнымас тоқтың күші, ол бір - бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан және сымның айналмалы қимасы соншалық кіші болса, екі параллель шексіз ұзындығы бар өткізгіштіктерден өткен кезде, сол өткізгіштіктердің әрбір метр ұзындықта
Н күші пайда болуы керек;
д) термодинамикалық температура бірлігі - Кельвин градусы - судың үштік нүкте термодинамикалық температурасының 1/273, 16 бөлігі (Цельсий шкаласын пайдалануы мүмкін) ;
е) зат мөлшері бірлігі - моль - жүйенің зат мөлшері, ол жүйенің құрылымдық элементтері болғаны сонша, қанша атомдар массасы 0, 012 кг көміртегі 12 нуклидинде;
ж)
жарық күші бірлігі
-
кандела
- көздің берілген бағытта жарық күші, ол көздің монохроматикалық сәуле шығару жиілігі
Гц, осы бағыттағы энергетикалық күші 1/683 Вт/
. Стерадиан -
- денелік бұрышын өлшеу бірлігі.
1. 2 Метрологиялық қамтамасыз ету
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды іске асыру үшін (салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіріс, жөндеу, сынақтар, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау, метрологиялық тексеру және басқалар) мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтерді құрайды.
Өз әрекетінде метрологиялық қызметтер:
- Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының заңды және нормативті құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлігін қамтамсыз ету бойынша;
- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган (әрі қарай уәкілетті мемлекеттік орган) бұйрықтарын;
- осы ұсыныстар негізінде дайындалған метрологиялық қызмет туралы Ережені;
- мемлекеттік басқарма органы және заңды тұлға бұйрықтарын және жарлықтарын басшылыққа алады.
Метрологиялық қызметтер, олардың бағынушылығына және меншік түрлеріне тәуелсіз, ереже бойынша, құрылымдық ішкі бөлімшелер түрінде пайда болады және басшы метрологтармен басқарылады. Негізгі міндеттері қызметтер және құқықтарды анықтау үшін метрологиялық қызметтер мемлекеттік басқарма органы, құрамында жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты деректер болуы қажет және метрологилық қызметтердің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және құқықтарын анықтайтын метрологиялық қызмет туралы ереже дайындайды
Метрологиялық қызметтер әрекеттерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын ҚР СТ 2. 2 және ҚР ЕР 50. 2. 24 белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелер іске асырады.
Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне:
- өлшемнің талап етілетін дәлдігін және бірлігін қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулердің, өндіріс тиімділігінің, өнімдердің, жұмыс және қызмет көрсетудің техникалық деңгейін және сапасын көтеруге бағытталған өлшем құралдарын және қазіргі заманғы әдістерді практикаға енгізу;
- әрекеттің негізгі бағыттарын анықтауды, және зерттеулерді, дайындауларды, өндірісті, сынақтарнды, өнімді пайдалануды және басқа әрекет салаларын метрологилық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар орындау;
- әрекеттегі заң бойынша белгіленген метрологиялық ережелерді сақтау және өз уақытында енгізу;
- ҚР СТ 2. 15 талаптарына сәйкес метрологиялық бақылаудың іске асуы жатады.
- метеорологиялық қамтамасыздандыруды дамытудағы негізгі бағыттар мен осы облыстағы ғылыми және техникалық жетістіктерді барынша эффективті пайдалану жолдарын анықтау;
- метеорологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми-әдістемелік техника-экономикалық, құқықтық және ұйымдық негіздерін халықтық шаруашылықты басқарудың барлық сатысында жасап шығару;
- физикалық константа мәндерін анықтау мен өлшемнің жоғары дәлдігін құру мақсатында жаңа физикалық эффектерді пайдалану және іргелі ғылыми-зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;
- елде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, метеорологиялық қамтамасыздандырудың негізгі шарттары, ережелері, талаптары мен нормаларын стандартизациялау, ГСН-ді дамыту;
- физикалық өлшем бірліктерін пайдалануда жіберілуі мүмкін қателіктерді құру;
- физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттер эталондарының жүйесін құру, бекіту және сақтау;
- физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондардан өлшеудің барлық түріне бір ретті жіберілуін құру;
- метеорологиялық қамтамасыздандырудың салааралық бағдарламасын жасап шығару және олардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- ауыл шаруашылығы салаларында метеорологиялық қамтамасыздандырудың кешенді бағдарламаларын жасаудың ғылыми-әдістемелік басқармасы;
- жоғары дәлдіктегі өлшеудің үлгілі заттарын және жұмысшы эталондарын құру және жүзеге асыру, кешенді тексеру құрылғылары мен зертханаларды жасап шығаруда жоспарлау және координациялау;
- өлшем заттарының метеорологиялық сипаттамаларына бірлік талаптарын құру;
- өлшемдердің сериялық және массалық өндіріске және олардың партиялар мен шекарадан енгізуге арналған мемлекеттік сынамаларының реті;
- жоспарлануы және жүргізілуі;
- құрылғыларының мемлекеттік тексерілуі;
- заттар мен материалдардың қасиеттері мен құралының стандарттық үлгісінің жалпы талаптарын құру;
- стандарттық анықтамалық мәліметтердің, заттар мен материалдардың стандартты үлгілерінің, уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтің басқаруды жүзеге асыру және олардың дамуына қолдау көрсету;
- өлшем құралдарының өндірісі, жағдайы, қолдануға және жөндеуіне және метрологиялық ережелері талаптар мен нормалардың сақталуына, сондай-ақ ведомствалық метрологиялық қызметтің іс-әрекеттеріне мемлекеттік бақылау жүргізу;
- ерекше дәл өлшемдерді ұйымдастыру және орындау;
- метрология облысында кадрларды дайындауды және квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- метрология облысында халықаралық әріптестік бойынша жұмыстар ұйымдастыру халықаралық сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық әріптестіктер үшін қажетті өлшемдердің бірлігі мен талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету;
- метрологиялық қамтамасыздандыру жұмыстарын ел қорғанысының қажеттіліктерімен байланыстыру;
- метрологиялық қамтамасыздандыру облысында ғылыми-техникалық ақпараттарды ұйымдастыру және жүзеге асыру және сериялық немесе массалық өндіріспен шекарадан партиялар мен шығаруға арналған өлшем құралдарын тұрақты көрмелерде экспонирлеу.
Метрологиялық облыстарда негізгі мәселелерді шешуді салалық дәрежеде министрлік жүзеге асырады:
Осы мәселе арасында екі топты бөлуге болады; өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мәселелері және метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша келесі төмендегілер жататын қосымша, арнайы мәселелері:
- өлшеу, сынау және бақылау кезіндегі бағалауға жататын материалдар, бұйымдар және процестер параметрлерінің номенклатураларын таңдау;
- өлшеу, сынау және бақылау нәтижелерінің дәлдік көрсеткішінің сандық мәні мен номенклатурасын, мәселенің оптималді шешімін қамтамасыз етіп олардың көрсету формасын таңдау;
- екі жоғарыдағы мәселелерінің шешімдерінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы консултивті және технологиялық құжаттардың метеорологиялық экспертизациялау;
- өлшеу, сынау және бақылау процестерінің жоспарлау, өлшеу, сынау және бақылау әдістемелерін жасап шығару;
- өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдарға сәйкестендіріп қамтамасыз ету;
- техникалық құралдарға метеорологиялық түзу жағдайда ұстау;
- өлшеу, сынау және бақылау процестерін орындау нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда) ;
Өлшеу бірліктерін қамтамасыздандыру мәселелерінен басқа жағдайларды метрологиялық қызмет органдарында мамандар, өндірістік бөлімшелердің, колективтердің түрлі категориялары шешеді: Олар төмендегілерді қамтиды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz