Сот талқылауының тікелейлігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\admin\Desktop\ОБЩАЯ ПАПКА\Лого ЮКГУ новый.jpg

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Мемлекет жәнне құқық теория» кафедрасы

№9 БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

Тобы: ТП-18-2к1

Қабылдаған: Жаманқараева Ғалия Сейткаримовна

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
  • Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары
  • Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
  • Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары

ІІІ. Дереккөздер

І. Кіріспе

Іс жүргізу құқығы - бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады - азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы.

ІІ. Негізгі бөлім

Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс - бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады,

Қылмыстық процестің екі мақсаты бар: Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары

Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар - заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:

  • Қылмыстық процестегі жариялылық - мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.
  • Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.

Істің мән-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.

  • Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
  • Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».

Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары :

  • Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді:
  • Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі.
  • Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін құқықтық нормалар жүйесі. Ол қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура жене соттың қызметін және үкімнің орындалуының іс жүргізу мәселелерін реттейді

Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.

Материалдық құқық - құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.

Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар - материалдық құқықтың объектілері.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.

Императивтік (императив - «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң - таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттік билік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.

Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.

Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.

Өйткені, әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен) жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына - заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.

Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады және құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғады.

Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

  • Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін білуге болады.
  • Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.
  • Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.

Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізуі
Іс жүргізу құқығы
Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама
Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы
Қылмыстық процесс
Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жаза
Азаматтық іс-жүргізу
Азаматық іс жүргізу құқығы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz