Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

1Кәсіби-қолданбалы жоба

Жол-көлік оқиғаларын тергеу техникасы

Орындаған:

Алматы, 2020

Кіріспе

Көліктердің түрлерінің ішіндегі ең қауіптісі болып автомобиль көлігі танылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларының статистикасы дәлел бола алады. Әр жол-көлік оқиғасы кездейсоқ факторлардың нәтижесінде, болжамды түрде қатаң заңдылықтарға негізделді. Қазақстан Республикасының халқының жаппай автокөліктерге отыра бастауы, жол-көлік оқиғалары салдарынан, мыңдаған адам қайтыс болуда және жарақат алуда. Көптеген жылдар бойы елімізде бірқатар жол-көлік оқиғалары орын алды. Әлеуметтік және эконмикалық шығындардың көлемі, бірқатар жағымсыз құбылыстарға алып келуде, бірақ бұл мемлекеттің құқық қолдану қызметінің өзекті мәселелеріне арналған. Мәні бойынша, қоғам қылмыстылықтың өзіндік ерекшеліктерінің түрі бойынша сараланады. Жол-көлік оқиғалары апаты, қатысушылардың жалпы әлеуметтік құбылыстарының тарапынан, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің арасында орын алады. Мемлекет тарапынан кері пікір айтылады. Тиісінше, мемлекет пен қоғам тарапынан құқыққа қайшы стратегиясы енгізіледі.

Апаттың деңгейін азайтудың негізгі міндеттері құқық қорғау органдарына жүктелген, ең алдымен жазалаушы құзыреттері бар полицияға жүктеледі. Жол-көлік оқиғасы ережелерін қылмыстық құқық бұзушылық елеулі тарайтындығымен және қоғамға қауптілігімен сақталады. Жол көлік оқиғасын жетістікпен тергеу, алдын-ала тергеу органдарының қызметін жетілдіру, жол қозғалысы ережесін бұзумен байланысты қарастырылады. Қауіпсіздік ережесін бұзумен қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары болып, жол-көлік оқиғасына едәуір көмекті жол-көлік оқиғасының криминалистік сипаттамасы болып танылады. Сонымен, жол-көлік оқиғасын тергеу, жол-көлік қозғалысы қаупісіздігін арттыруда негізгі элементтерінің жұмысының элменттерінің бірі болып танылады.

Зерттеу объектісі мен нысаны. Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы криминалистика пәні бойынша тергеу тәжірибесінде аяқ пен аяқ киімнің іздерін трассологиялық шарттар әдіснамасын жетілдірудің мәселелері мен маңызы.

Зерттеу нысаны ретінде тәжірибеде алынған аяқ пен аяқ киімнің үлгісін зерттеу және зерделеу.

Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері. Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты болып жол-көлік әдістемелерін тергеуді талдау болып танылады.

Бұл мақсатқа зерттеудің келесі негізгі міндеттер шешіледі:

1. Жол-көлік оқиғаларының криминалистік сипаттамасын талдау;

2. Жол-көлік оқиғалары орын алуы барысында тергеу амалдарының тактикасын қарастыру;

3. Жекелеген жол-көлік оқиғаларын тергеудің және алдын-алудың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу;

4. Жол-көлік оқиғаларын ұйымдастыру, бекіту әдістерін, фотоға түсіру, хаттамада сипаттауды және алу әдістерін көрсету болып танылады;

5. Тәжірибеде алынған жол-көлік оқиғаларының дәлеледмелерін зерттеу.

Зерттеу тақырыбының ғылыми әзірлену дәрежесі. . Аталған тақырып ҚР құқық қорғау органдарының тәжірибесінде және сот сараптама ұйымдарында зерттелген.

Әдіснамалық және теориялық негіз. Зерттеудің негізгі әдісі - эмпирикалық әдіс. Зерттеу нысаны сот-тергеу органдарының тәжірибелік материалдары болып табылады.

ерттеудің практикалық маңыздылығы. Тақырып аса қызығушылық туғызады және бүгінгі күні өзекті болып табылатындығымен қазіргі таңда өте пайдалы болып танылады.

Дипломдық жоба құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады

1 Жол-көлік оқиғаларының қылмыстық-құқықтық және криминалистік шарттары

Жол-көлік оқиғаларын жетістікпен тергеу, алдын-ала тергеу органдарының қызметін жетілдірумен байланысты, нақты типтік жағдайларда жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты орын алады. Бұл жерде едәуір көмекті жол-көлік қозғалысы, жол-көлік қозғалысы ережесі қылмыстық-құқық бұзушылықтың салдарынан криминалистік сипаттамасы үлкен көмек бере алады. Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережесіне сай, жол-көлік оқиғасы - көлік құралы саласындағы жол-көлік қозғалысы үдерісінде туындатын оқиғалар ретінде адамның жарақат алуы немесе қайтыс болуы, көлік құралының бұзылуы, ғимараттардың қирауы немесе материалдық шығын келтіруден көрінеді. Жол-көлік оқиғасын оқиғаға жатқызу үшін кем дегенде үш шарттан тұрады:

1) көлік құралы қозғалып отыруы шарт;

2) оқиға көлік құралымен тығыз байланысты болуы тиіс;

3) оқиғаның салдары жоғарыда келітірлген анықтамаларға сәйкес болуы шарт.

Көлік құралында жүргізушінің немесе жолаушының оқыстан қайтыс болуы жол-көлік оқиғасына жатқызылмайды, өйткені бұл оқиға жол қозғалысы оқиғасымен тікелей байланысты емес. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасына бұзылып тұрған автокөлікті жөндеу барысында жарақат алуды жатқызуға болады, Жол-көлік оқиғасына қарағанда, жол-көлік қылмыстары - қылмыстық заңнамамен көзделінген зарлап туындатқан автооқиға ретінде қарастыруға болады. Жол-көлік қозғалысы қарсы және көлікті пайдалану қылмыстарына көлік құралдарының көпжақты түрлерін жатқызуға болады (темір-жол, әуе, су, автомобиль, механикалық, электротранспорт, трактор және өздігінен жүретін машиналар), жол-көлік қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу; жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету; көлік құралдарын сапасыз жөндеу және техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығару; көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын жарамсыздыққа келтіру; көліктің қаупісзідгін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу. Бұл құрамдар ауырлық зардабына байланысты жалпы белгілері бойынша біріктірілген. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қозғау мәселелерін шешу барысында, қылмыстық-процестік құқықтың белгілі бір ережелері мен институттары әрекет етеді. Қылмыстық істі қозғау үшін қылмыстың фактісі туралы мәліметтердің болуы жеткілікті. Жол-көлік оқиғалары істері бойынша автокөлік оқиғалары орнын қарастыру барысында алынған материалдарда, жүргізушілердің, куәгерлердің, жәбірленушілердің берген жауаптарынан білуге болады.

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмысы неғұрлым кеңінен тараған көлік қылмыстық құқық бұзушылығы болып танылады. Қылмыстық құқық бұзушылық тікелей объектісі болып, қозғалыс қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдлану танылады. Қосымша объектісі болып - азаматтрдың өмірі және объектісі танылады.

Қылмыстық құқықбұзушылықтың заты болып - көліктер, трамвайлар және басқа да механикалық құралдар жатады. Автокөлік деген түсінікке көлік құралдарының мынадай түрлері, жолаушы және жүк көлігі, соның ішінде автобустар, арнайы мақсаттағы көліктер (өрт, санитарлы машиналар), қалалық көліктің түрі ретінде трамвай жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан үш әрекеттен тұрады: 1) жол қозғалысы ережелерін бұзу және көлік құралдарын пайдалану, 2) денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бір немесе бірнеше адамға өлім келтіру, 3) бұзылған факт мен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуын.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны арқылы жүзеге асырылады. Менмендікпен және немқұрайдылықпен жүзеге асады.

Жол-көлік және пайдалану ережесін бұзумен байланысты қылмыстарды автокөлікті пайдалана отырып қасақаналықпен қылмыс жасаудан ажырата білу қажет. Егер де автотранспорт қылмыстың заты ретінде пайдаланылған жағдайда (жәбірленушіні қасақана басып кету, басқа көлікті қасақана соғу және т. б) қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің басқа баптарымен жеке адамға қарсы қылымстар ретінде саралануы тиісті.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып көлік құралдарын басқаруға құқығы бар он алты жасқа толған тұлға танылады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығынан асып кету, басып озу және жүріп өту ережелерін бұзу, аялдау және тұру ережелерін бұзу, жол қиылыстарынан, теміржол өткелдерінен өту, жолда дұрыс маневр жасамау болуы мүмкін.

Қылмыс іс-әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Жол қозғалысы ережелерін бұзу жылдамдықтан асып кету, бағдаршам сигналдарына және реттеушінің қимылдарына бағынбау, жол қиылыстарынан өту кезегін сақтамау, дұрыс басып озу, жол белгілерін елемеу және т. б. көрінуі мүмкін.

Кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе жол қозғалысы ережелерінің нақты тармағына сілтеме жасай отырып, көлікті пайдалану фактісін анықтау қажет, өйткені бір көлік құралы кейбір жағдайларда жол қозғалысы ережелерін бұзудың объектісі болуы мүмкін, ал басқаларында жоқ. Мысалы, далада ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде комбайнер ұқыпсыздық танытып, комбайн жұмысшыға барып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді. Бұл жағдайда жол қозғалысы ережелерін бұзу байқалмайды, өйткені олар өрісте қарастырылмаған және комбайнер абайсызда жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірумен байланысты қылмыс үшін жауап беруі мүмкін. Басқа жағдайда, комбайн басқа шабындыққа көшу мақсатында жол бойымен қозғалса және жол ережесін бұзса, жәбірленушіні жол жиегіне қағып, денсаулығына ауыр зиян келтірсе, ол басқа бап бойынша жауап береді. [3; 167 б] .

Механизмнің қарапайымдылығы мен біркелкілігіне және апат жағдайларына қарамастан, көптеген жағдайларда олардың нақты себебін анықтау оңай емес. Бұл олардың көбінесе бір мезгілде бірнеше себептердің (жүргізуші мен жаяу жүргінші, жолаушы жол берген бұзушылықтар; көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты адамдар және жүргізуші жасаған бұзушылықтар және т. б. ) нәтижесі болып табылатындығымен түсіндіріледі. Сондықтан осы себептердің ықтимал байланысын анықтау және зерттеу қажет.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері қылмыстық істерін тергеу барысында келесідей мән-жайларды анықтау қажет:

1) Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу барысында кінәлінің әрекетінен қоғамға қауіпті зардап келтіріледі. Машинаның жекелеген салаларын пайдалану кезінде (ерекше жағдайларда) автомобиль қызметіне байланысты арнайы нұсқаулықтар жасалынады;

2) Жол-көлік оқиғасы қандай жағдайларда кіммен және қалай жасалынды деп;

3) Жол-көлік оқиғасы жағдайында қандай зардаптар туындады (өлім келді, денсаулыққа зиян келді, келтірілген шығынның сипаты мен мөлшері) ;

4) Жол-көлік қозғалысын бұзу мен көлікті пайдаланудың арасындағы себепті-салдарлы байланыстың болуы;

5) Әр қатысушының кінәсінің нысаны қандай (қылмыстық менмендік, қылмыстық немқұрайдылық немесе қасақаналық) ;

6) Жол-көлік қозғалысы және көлікті пайдалауда бұзудағы қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кім кінәлі;

7) Жол-көлік қозғалысын жасауға қандай мән-жайлар әсер етті. Себептерді және әсер ететін жағдайларды анықтауға не әсер етті. Себептерді анықтауда және жағдайларды белгілеуде тергеуші істі тергеуді анықтайтын шараларды қабылдауы қажет.

Жоғарыда айтылған мән-жайлардан қылмыстық істі тергеу барысында басқа да мән-жайлар жатқызылуы мүмкін.

1. 2 Жол-көлік оқиғаларын жіктеу, тіркеу және себептері

Ішкі істер органдары тарапынан жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережесіне сай, қызмет көрсету орнында жол-көлік оқиғаларын тіркеу жүргізіледі.

Әр жол-көлік оқиғасына мемлекеттік тіркеу қосылады, онда ол мемлекеттік статистикалық есептіліке енгізіліп толтырылады. Карточка нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен белгіленеді.

Қайтыс болған немесе жарақаттанған, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама алған ішкі істер органы белгіленген тәртіпте мүдделі тұлғаға ақпарат береді. Қалалардың және аудандардың жол-көлік қозғалысы бас инспекторлары жол-көлік қозғалысы оқиғасында қайтыс болғандар немесе жараланғандар жайлы ақпараттарды медициналық мекемелердің мекемелерімен бірге тексере отырып қарастырады.

Көлік құралдарының иелері ішкі істер органына, оқиға орын алған жағдайда өзінің көлігінің қай жерде тұрғандығын инспекторға бірден хабарлауы тиісті.

Автомобилді жолдарды басқаратын мемлекеттік органдар, ведомстволық және жеке жолдардың иеленушілері, өздерінің қарамағында жасалынған жол-көлік оқиғаларын ескеруі қажет. [4; 173-178 бб] .

Меншік нысанына қарамастан медицналық ұйымдар жол-көлік оқтғамында жараланғандар туралы мәліметті беруі тиісті.

Қазақстанда және басқа да шем мемлекеттерде мынадай даусыз тұжырым бар, жол-көлік оқиғаларының себептері мен мәселелері «адам» - автомобиль - жол» жүйесі элементтерінен туындайды деген. Ең алдымен осы элементтер жүйені қозғалысқа келтіреді және негізгі болып танылады. Бірақта жол-көлік оқиғаларын терең тергеу барысында жүйенің неғұрлым кең екенін «жүргізуші-автомобиль-жол-жаяу жүргінші» екенін байқаймыз. Осы элементтердің қосындысы әртүрлі деңгейде жол-көлік оқиғасының динамикасын құрайды.

Жол-көлік оқиғасын есепке алудың ережесіне сай жол-көлік оқиғасы термині, көлік қозғалысы барысында жолдағы қозғалыста туындайтын немесе оның қатысуымен адамдар қайтыс болған немесе жарақаттанған, көлік құралдарының, жүктердің, ғимараттардың бұзылуын айтамыз.

Бірақта тергеуші (анықтамашы) кез келген жол-көлік оқиғасын жол-көлік қылмыстары деп сараламайды. Тек қана Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделінген қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар әрекетті ғана саралауы қажет.

Жол-көлік оқиғаларының себептері объективті және субъективті деп бөлінеді.

Жол-көлік оқиғаларының субъективті факторларына мыналар жатады: жол-көлік қозғалысы ережесін бұзу, қозғалыс қаупсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ержелерін бұзу, жол-көлік қозғалысына қатысушының оқиға орынын тастап кетуі: жүргңзушң, жаяу жүргінші, жолаушы, тағы да басқа жол қозғалысы ережесіне қатысушылар.

Құқықтық әдебиет және тәжірибе жол-көлік қозғалысының кең тараған субъективті себептеріне мыналарды жатқызады: бекітілген қозғалыс жылдамдығын асыру, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіз қашықтығын сақтамау, келе жатқан машина бірден тоқтаған жағдайдың өзінде соқтығысудан қашып құтыла алмайды. Шектеулі көру аймағында, әсіресе көтерулерде, түсірулерде, оның ішінде реттелмейтін қиылыстарда (екінші дәрежелі жолдың (жолдардың) басты жолға жанасуы) басып озу қағидаларын бұзу, екінші дәрежелі жол бойынша жүріп келе жатқан жүргізушіде жол айырмашылығы (еңісі) кезінде жеткілікті көру аймағы жоқ және оның басып озылатын автомобильді "шолуға" мүмкіндігі жоқ; қарсы қозғалыс жолағына шығу; автокөлік құралын мас күйінде басқару; Жол жүру кезегін сақтамау; орын ауыстыру, бұрылу немесе кері бұрылу қағидаларын бұзу; басқа стандартты емес себептер (кенеттен тежеу, маневрдің Жарық нұсқағыштарының берілмеуі (қайта құру, бұрылу, бұрылу), тыйым салу белгілерін елемеу және т. б. ) . [5; 42 б] .

Объективті себептерге мыналар жатады: көшелерді және автожолдарды жоспарлаудағы кемшіліктер, қараңғы уақытта өтпелі жерднгі жол қаптамасының жағдайы, соның ішінде автокөліктің жол белгілері, тежегіштері, басқа да бөлшектері.

Жол-көлік оқиғасына әсер ететін факторлар, шарттар және оларды жүйелеу, талдау мен анықтау аса маңызды. Осылардың арасындағы өзара байланыс жалған емес, нақты болуы қажет.

Тергеуші (анықтамашы) жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін және келтірілеттін қылмыстық зардаптарын нақты білуіміз қажет.

Егер де жол-көлік оқиғасын күрделі құбылыс ретінде қарастырсақ, ол жол-көлік оқиғасына шарттары мен себептеріне қатысты, жүргізушілердің және қозғалысқа қатысушылардың әректтері ретінде, көлік құралдары мен жол жағдайына да байланысты шешімін табады.

Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы мына көрсеткіштерді және себептерді жатқызады. Оларға мыналар жатады: көлік құралының жағдайы, жолдың жай-күйі, жол қозғалысын реттеу құралының болуы және басқа да жағдайлар, жол қозғалысы Ережесін бұзу.

Жол-көлік оқиғасының неғұрлым кең тараған формалді себептеріне көлік құралдарының жүргізушілерінің әрекеттері жатқызылады. Оларға мыналар жатады: қауіпті жағдайларда жылдамдықты асыру, кері қозғалыс жолағына шығып кету, қашықтықты сақтамау, көлікті мас күйінде басқару және т. б жатады. [6; 34 б] .

Көлік құралдарының жай-күйіне қатысты себептерге, - жөнделмеген тежегіш пен рөлдік басқару, жөнделмеген немесе реттелмеген фаралар және басқа да жарықтық приборлары, шинаның өзгертілген протекторы және т. б. Бұл себептер жол-көлік оқиғасының 3% құрайды.

Жолмен (жол жағдайлары мен жол құрылғылары) байланысты факторлар мен себептерге, статистикаға сәйкес 8% жол-көлік оқиғасының орын алуына әсер етеді.

Жол-көлік оқиғасының негізгі субъективті себептеріне жол қозғалысы ережесінің бұзылуы жатады.

Ең алдымен жол-көлік оқиғасының жіктелуін нақты білуіміз қажет, олар деті немесе тоғыз түрге бөлінеді.

Соқтығысу - қозғалып келе жатқан көлік құралы өзара соқтығысады немес жылжымалы темір жолмен соқтығысады. Осы түрге бірден тоқтаған көлік құралының соқтығысуы (шамшырақтың алдында соқтығысу немесе техникалық жарамсыздық) және жылжымалы темір жол құрамының соқтығысуы, көлік құралдарының соқтығысуы. [7; 33 б] .

Аударылып қалу - жылжып келе жатқан көлік құралының аударылып қалу оқиғасы. Осы түрге оқиғаға қатысты аударылып қалған жағдайлар жатқызылады.

Тұрып қалған көлік құралын соғу - жүріп келе жатқан көлік құралы тоқтап тұрған көлік құралына соқтығысады, сондай-ақ тіркеме және жартылай тіркеме де соқтығысады.

Кедергіге соғу - көлік құралы жылжымайтын затқа (көпірдің арқауына, қарағайға, ағашқа, мачтаға, құрылыс материалдарына, қоршауға) соғылуы.

Жүргіншіні қағып кету - көлік құралы адамды қағады немесе адамның өзі көлік құралына соқтығысады. Осыған көлік құралдарымен тасымалданып келе жатқан жүктерден және заттардан адамдардың жапа шегуі.

Велосипед жүргізушіні қағып кету - көлік құралы велосипед жүргізуіщіні қағып кету немесе оның өзі көлік құралына соқтығысады.

Малды тасып келе жатқан көліккке соқтығысу - көлік құралы малды тасып келе жатқан жүк көлігіне соқтығысуды жатқызамыз.

Жануаларды қағып кету - көлік құралы құстарды, жабайы және үй жануарларын қағып кету және жануарлар мен құстар өз бетімен көлікке соқтығысады.

Басқа да оқиғалар - жоғарыда айтылған түрлерге жатпайтын оқиғалар. Оқиғалардың осы түріне мыналар жатады: трамвайдың рельстен шығып кетуі (оқиғаны немесе аударылып кеуді туындатады) ; тасымалданып келе жатқан жүктің құлап кетуі; көлік қозғалысы қатыспайтын адамдарды басып кету, қозғалып келе жатқан көліктен жолаушылардың құлауы немесе жылдамдықтың немесе тракторияның өзгеруі. [8; 71-73 бб] .

Осылайша, бірінші тарауда біз жол-көлік оқиғасы ұғымын аштық, апаттың қылмыстық-құқықтық және криминалистік сипаттамасын бердік, апаттың негізгі түрлері мен себептерін қарастырдық.

Жол-көлік оқиғасын тергеу кезінде кез келген жол-көлік оқиғасының күрделілігін есте сақтау қажет. Осылайша, айқын қарапайымдылыққа (соқтығысу, аударылу, соқтығысу және т. б. ) қарамастан, әрбір жол-көлік оқиғасы нақты мән-жайлардың сипаты бойынша да, жиынтығы бойынша да, оны тудырған себептердің кешені бойынша да, сондай-ақ іс-әрекет (әрекетсіздік) пен туындаған теріс салдар арасындағы тікелей себептік байланыс болып табылады.

Кез-келген факторды (субъективті, объективті), сондай-ақ оларды тергеу кезінде апаттың механизмін білу алдын-ала анықтаушы мәнге ие болуы мүмкін. Мысалы, жүргізушінің қозғалыс жылдамдығынан айқын және айтарлықтай асып кетуі мүмкін:

а) жүргізушінің жол белгілерімен шектелген қозғалыс жылдамдығын қасақана және (немесе) өрескел асырып жіберуі (тиісті белгілерді елемеу) туралы;

ә) байқаусызда жылдамдықты жоғарылату туралы (белгіні байқамадым) ;

в) жүргізушінің мас күйінде болуы туралы.

ЖКО тек бір ғана объективті факторларға байланысты болуы мүмкін: рульдік басқарудың кенеттен істен шығуы, кенеттен мас күйінде жаяу жүргінші жолға шығып кетті және т. б.

Басқаша айтқанда, тергеуші зиянды салдардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың жиынтығын, факторларды, олардың пайда болу реттілігін, көлік құралының техникалық жағдайын, жүргізушінің (жүргізушілердің), жәбірленушінің және т. б. әрекеттерін ескере отырып, жол-көлік оқиғасының өзіне дұрыс құқықтық біліктілік беруі керек.

2. Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау

Шұғыл тергеу амалдарына және жедел-іздестіру шараларына: оқиға болған жерді қарау, жол-көлік оқиғасы болған орындағы көлік құралын қарау, мәйітті қарау, жүргізушіден алынған құжатты қарау, жүргізушіні және куәландыруды медициналық куәландыру (алкоголді және есірткілік мас күйде болғандығын анықтау үшін), жәбірленушінің киімін алу және қарау, куәгерлерден, басқа да кәлерден, жүргізушіден жауап алу жатады.

Оқиға болған орынды қарау әрқашанда тергеу амалдарын туғызады және аталған санаттағы істер бойынша дәлелдемені жинаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
Пассажир авто 2
«Сезікті мен айыпталушының процесуалдық жағдайы»
Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
Автокөлік апаттары
Сот сараптамасы бойынша есептер
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Автокөлік апаттары туралы
Әлеуметік қамсыздандырудың түсінігі
Сот химиялық сараптама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz