Ауру және ауруға күдікті мал


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі

Әр түрлі мал түрлерінің ет ұшаларын ветеринариялық санитариялық сараптау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В120200 - Ветеринариялық санитария

Алматы, 20__

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«Ветеринария» факультеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Алматы өңірлік филиалы «РВЗ» жағдайында жылқы етін ветеринариялық санитариялық сараптау»

Беттер саны 44

Сызбалар 8

Көрнекі материалдар саны 8

Қосымшалар 4

Орындаған: 5В120200- ветеринариялық санитария мамандығының күндізгі оқу бөлімінің топ студенті

Кафедра меңгерушісі, PhD

Жетекші, б. ғ. к, қауым. профессор

Норма бақылау, в. ғ. к., қауым. профессор

Алматы 20__ ж.

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Әдебиетке шолу . . .

3

5

Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:

1. 1 Сойыс малдары, оларды тасымалдау, сояр алдындағы күтімі және сою . . .

1. 2 Малды қабылдау және оны союға дайындау . . .

1. 3 Сойыс малдарын тасымалау, сойыс алдындағы малды тексерудің ет сапасына тигізетін әсері . . .

1. 4 Әр түлік мал етінің химиялық құрамы мен ет өнімдеріндегі негізгі тағамдық құнды заттар . . .

1. 5 Еттің сапасына әсерін тигізетін факторлар . . .

1. 6 Ұшаның қоңдылығы мен категориясына қарай еттің жіктелуі . . .

2. Өзіндік зерттеулер . . .

2. 1 Зерттеу әдістері мен материалдары . . .

2. 2 Жұмыс орындалған нысанның сипаттамасы . . .

2. 3 Еттің сапасын сезімдік көрсеткіштері арқылы зерттеу . . .

2. 4 Етті физико-химиялық тексеру нәтижелері . . .

2. 5 Етті биохимиялық тексеру . . .

2. 6 Етті зертханалық зерттеу нәтижелері . . .

3. Өзiндiк зeрттeулeрдiң нәтижeлeрiн тaлдaу . . .

Қорытынды . . .

Тәжірибелік ұсыныстар . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Нормативтік сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .

Қысқартулар . . .

35:

5

8

13

16

22

28

32

32

36

37

43

46

48

53

56

57

58

59

60

62

Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:
Кіріспе . . .1. Әдебиетке шолу . . .:
35:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі еліміздің негізгі экономикалық даму бағытында ауыл шаруашылық, соның ішінде мал шаруашылығы көшбасшы орынды иеленуде. Ежелден-ақ ет қазақтың негізгі ас рационы болып келген. Қазіргі таңда, елімізде төрт түліктің еті мен ет өнімдерін тұтыну, оның өндіру көлемін ұлғайту, экспортқа шығару, етті бағытта асыл тұқымды малдарды өсіру, ет және ет өнімдерін өндіру барысында үлкен және шағын бизнесті қолдау, тағам қауіпсіздігі өзекті мәселе болып отыр.

Біздің елімізде халық қажеттілігін орындауға және ет өндіруді арттыруға басты назар аударылады.

Республикамызда фермалар мен шағын мал шаруашылығында және құс фабрикаларында жоғары сапалы ет өндіруді шұғыл арттыруға қажетті жағдайлар жеткілікті.

Алайда республикада ет өндіруді арттыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған. Фермалар мен шағын мал шаруашылықтардың мал дәрігері мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану, мал бордақылау және тағы да басқа маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән бермей келеді.

Сойылған малдан алынған ұшаның иә болмаса жартылай ұшаның құрамына кіретін ұлпалардың жиынтығын ет деп атайды. Ет - малды сойып және алғашқы өңдеуден кейін алынатын және әртүрлі ұлпалар жиынтығынан тұратын ұша немесе ұша бөлігі. Бұл жоғары құндылықты тамақтанудағы маңызды өнім. Ет - адам ағзасының ұлпаларын құру үшін, зат алмасу мен синтезі үшін қажет жануар текті толық құнды ақуыздардың көзі, жүйке ұлпасы, В тобының дәрумендері мен микроэлементтердің физиологиялық функциясында қатысатын фосфор көзі. Ет - сіңімділігі жоғары өнім, тез өңделеді. Етті ірі қара малды, қой, ешкі, шошқаларды, жылқы, құс және басқа да жануарларды сою арқылы алады. Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0, 5-49% май, 0, 4-0, 8% көмірсулар, 2, 5-3% экстрактивті заттар, 0, 7-1, 3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және т. б. кіреді.

Еттің тағамдық құндылығы ақуыздардың, майлардың, дәрумендер- дің, минералды заттардың мөлшерімен, қатынасымен және олардың адам ағзасына сіңу дәрежесімен сипатталады, ол сонымен қатар еттің энергетикалық мөлшері мен дәмдік қасиетіне негізделген. Ақуыз бен май мөлшерінде болатын ет жақсы сіңеді және жоғарғы дәмдік қасиетке ие болады.

Ет өндірісі- еліміздегі ауыл шаруашылығының ең негізгі және басым бағыты болып табылады. Өткен ғасырдың 80-жылдардың аяғында жақсы нәтиже көрсекен, ет өндіру жылына 1, 5 млн тонна құрап және де жалпы одақтық тұтыну 66 кг болса, кейіннен ол 86 кг-ға дейін артқан. Осының себебінен елімізде ет өңдеу орындарын салу арта бастады, оның ішінде ет комбинаттары, сойыс цехтары, шұжық цехтары ғимараттары салынған.

2014 жылдың 05 қыркүйегіне сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумның орындалу мониторингі нәтижесінде салқындатылған сиыр етінің экспорттаушылары (986, 5 тонн тонна) ретінде Қостанай облысының қосып отқан үлесі - 196, 9 тонна (экспорттаушы "Қамысты Инвест» ЖШС - 90, 0 тонна, «Қарасу-Ет» ЖШС - 84, 7 тонна, «Исмағұлов» М. Ж. жеке кәсіпкер - 3, 8 тонна, Беккер Р. Ю. Ш/Қ - 7, 8 тонна, «Порхоменко А. Г. » жеке кәсіпкер - 8, 6 тонна және «Альтенгоф» жеке кәсіпкер, «РЭВ-1» ЖШС, «Тобольское» ЖШС, «Агро-Қостанай» ЖШС - 1, 92 тонна) екені анықталды. «Қарасу-Ет» ЖШС - 84, 7 тонна

Қазіргі таңда еліміздің экономикасының алдына қойған мақсаты- отандық ет өндірісінің қарқынды дамуын, көлемін ұлғайтып және де бәсекелеске сәйкес өндірісте шикізатты өндіріп, сонымен қоса ет өнімдерімен халықты қамтамасыз ету болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Әр түрлі мал түрлерінің ет ұшаларын ветеринарлық санитарлық сараптау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Базар жағдайында әр түрлі мал түрлерінің ет ұшаларын сезімдік тексеру;

- ұшалардан алынған еттерді биохимиялық тексеру;

- әр түрлі мал ұшаларынан алынған ет сынамаларын зертханалық тексеру жүргізу.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1. Сойыс малдары, оларды тасымалдау, сояр алдындағы күтімі және сою

Сойыс малының жалпы сипаттамасы. Ет өндірісінде, ең бірінші етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет өндірісіне қолданады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарында түсетін малды «сойыс малы» деп атайды. Бізде сойыс малына ірі қара, жылқы, түйе, шошқа, қой, ешкі, бұғы, қоян және үй құстарының бәрін жатқызады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдерді сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өсіру, бордақылау) ұжымшар, кеңшарлардың арнайы фермаларында, бордақылау кешендерінде, кооператив мекемелерінде, құс фабрикаларында т. б орындарда жүргізіледі.

Қазіргі кездегі фермерлік, жеке шаруашылықтардың өркендеуіне байланысты, келешекте ет өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз етуде, олардың үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының біршама кемуіне қарамастан Қазақстанда ет және де басқа мал өнімдерін өндірудің мүмкіншілігі зор.

Мал өнімдерін арттыруға мал азығының жетіспеуі және әр түрлі аурулар үлкен зиян келтіруде. Тек қана мал өнімін азайту, мал өнімдерін көбейтуде үлкен табыс көзі болатынын төмендегі мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 196 мың ірі қара, 39 мың жылқы, 2886 мың қой-ешкі өлім-жітімге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 207, 41, 3126 мың бас болды. [1, 80бет]

Ірі қара. Ет өндіруде ірі қараның маңызы зор. Әсіресе ірі қараның етті тұқымдары тез жетілумен, етінің дәмділігімен ерекшеленеді. Қоңдылығы жоғары ірі қарадан орта есеппен 65% (55-70%) ет алынады. Ет шығымы деп, мал ұшасы массасының, малдың тірілей массасына, процентпен есептегендегі қатынасын атайды. Мал ұшасының массасы дегеніміз, толық өңдеуден өткізілген (ішкі ағза, бас-сирақсыз) ұшаның массасы. Қазақстанда және ТМД одағында ірі қараның етті тұқымдарының ең көп тарағаны қазақтың ақбас сиыры мен қалмақ сиыры. Сонымен қатар шет елдерден әкелінген етті тұқымды ірі қара да өсіріледі. Олар Санта гертруда, Галловей, Герефорд тұқымдары және олардың будандастары. Отандық тұқымдар біздің жер жағдайымызға, ауа райына бейімделген. Олар әсіресе жайылымды пайдалануда шет елдік тұқымдардан әлдеқайда тиімді. Ал ет шығымы және азықты өтеу жағынан да отандық тұқымдар шет елдік тұқымнан кем емес. Оны 1988 жылы Бүкілодақтық ет өндіру ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерінің Оңтүстік Оралда жүргізген тәжірибесі көрсетті. Тұқымды тексеру үшін жүргізілген тәжірибе, бір малды 18 ай өсіргенде жұмсалған шығын 2928-3235 азықтық бірлік шамасында болды. Бұл кезде Герефорд рынікі - 589, 4, қалмақ тұқымынікі - 561, шортгорн - 566, абердин-ангус тұқымының массасы - 521 кг жетті. 8-18 ай аралығында әр тәуліктегі қосылған массасы тиісінше - 1191, 1181, 1078, 1084 және 991 г болды.

Бұл көрсеткіштің ең жоғары нәтижесі (1217-1352г) 12-15 ай аралығына келеді. Герефорд тұқымының жекелеген басы 18 айлығында - 695 кг; қазақтың ақбас тұқымы - 657; қалмақ - 625, абердин-ангусс - 610 және шортгорн - 606 кг жетті. Шет елдік тұқымдарды сатып алу, аса қымдарынан ет шығымы жөнінен кем емес, ал жергілікті ортаға бейімделуі жөнінен артықшылығы бар екнін көруге болады. Қазақстанда сиырдың етті және етті-сүтті бағыттағы мынадай тұқымдары өсіріледі. [1, 87бет]

Қой мен ешкі. Қазақстандағы ет өндірісінде қой етінің үлес салмағы 50% шамасында. Қой етінің сапасы және шығымы қой тұқымына көп байланысты. Жүнді қойлардың ішкі ағзалары, терісі және сүйегі жақсы дамыған. Етінің сапасы және шығымдылығы жағынан құйрықты, етті-жүнді және елтірі қойлары айрықша орын алады. Етті-майлы қойлар Қазақстанда Орта Азия республикаларында және Каспий маңында өсіріледі. Бұл қойлар өте тез жетіледі, тірілей салмағы жоғары және өте жақсы жетілген құйрығымен ерекшеленеді. Бұл тұқымдарға Еділбай, Гиссар, Сараджин т. б. қойлары жатады. [2, 61бет]

Қазақ қойларының ішіндегі ең ірісі болыр табылатын Еділбай қойы. Қошқарларының тірілей салмағы 100-105 кг, қойы 70-75 кг. Қозыларының салмағы 4-5 айлығында 40-42 кг. Етінің шығымы 52-58%, құйрығының салмағы 16-18 кг.

Қазақстанда өсірілетін қаракөл қойларының тірілей салмағы, қошқарлары 50-75 кг, ұрғашы қойлары 34-50 кг. Етінің шығымдылығы 42-47%. Бұл тұқымдас қойлардың еті қатты, талшықтары жуан, сапасы жағынан етті, майлы тұқымды қойлардан төмен.

Қазақстанда жақында шығарылған қой тұқымы жүнді, етті, майлы Дегерес қойы. Оның жартыла биязы жүнді және жартылай қылшықты жүнді екі тобы өсіріліп келеді. Қошқарларының салмағы 110 кг, ал саулықтары 90 кг дейін жетеді. Сонымен қатар Қазақстанда қой тұқымдарынан Цигай, Архар-меринос, Оңтүстік мериносы, Кеңес мериносы, Қазақ биязы жүнді қойлары т. б өсіріледі. Бұл тұқымдардың қошқарларының тірілей салмағы 80-130 кг, саулықтары 50-80 кг шамасында. Етінің шығымдылығы 53-87%. [2, 68бет]

Ешкі. Республикадағы ешкілердің көршілігі сүт, жүн, түбіт өнімдерінің беретін тұқымдарға жатады. Сүтті ешкі тұқымдарына қарағанда жүнді, түбітті ешкілердің еті сапалы. Қазақ ешкілері ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін көптеген ешкі тұқымдарының аралас келген түріне жатады. Текелерінің тірілей салмағы 65-70 кг, ұрғашылары 38-43 кг, етінің шығымдылығы 42-45%. Ешкі етінің жалпы ет өндірісіндегі үлес салмағы өте аз болғандықтан оны қой етімен бірге есептейді.

Жылқы. Аса дәмді де құнды және арзан ет алуға болатынына қарамастан, жылқыны өсіруге республикамызда айтарлықтай көңіл бөлінбей келеді. Етінің шығымдылығы жөнінен қазақ жылқысының жабы тұқымының орны ерекше. Олар ауа райының қандай жағдайына болса да төзімді жемшөп талғамайды, үнемі далада тебінде, жайылымда өсіп жетіледі. Жақсы жайылымда тері астындағы және ағзалардың айналасындағы майы 40 кг дейін жетеді. Жасы 18 айға толған жылқының салмағы 300 кг асса, сақа жылқылар 430-490 кг тартады. Етінің шығымдылығы 52-58%. Бұл тұқымнан басқа Қазақстанда Адай, Көшім, Қостанай, Ақалтеке, Буденный т. б тұқымдар өсіріледі. Қазақстанда жылқы етінің үлес салмағы 3-7% шамасында. [3, 71бет]

Түйе. Шөл және шөлейт аймақтарда түйенің шаруашылықта маңызы ерекше. Ол тұзды суды, басқа мал жемейтін өсімдіктерді қанағат тұтады. Сондықтан оны басқа мал түліктерімен бірге, оларға тиімсіз өсімдіктерді пайдалана отырып өсіруге болады.

Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе) . Қос өркештінің таза қандысын - дромедор , нардың таза қандысын - бактрион деп атайды. Қазақ түйелерінің салмағы ұрғашылары 500-600 кг, еркек түйелердікі 660-700 кг. Етінің шығымы 52-56%, түйенің өркешіне 40 кг дейін май жиналады. Түйе еті жуан талшықты, өзіндік дәмі бар.

Шошқа. Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқаның маңызы зор. Ол өте тез өсімталдығымен, азықты жақсы өтеуімен ерекшеленеді. Әр шошқа бір жылда 18-20 және одан да көп торай әкеледі, ал бордақыланған торай 6-7 айлығында 90-100 кг және одан да жоғары салмаққа жетеді. Шошқа етінде амин қышқылдары, ал майында қанықпаған май қышқылдары көп. Сондықтан ол өте сіңімді келеді. Өнім түріне қарай шошқа тұқымдары негізгі үш түрге бөлінеді - етті, майлы және беконды. Етті-майлы шошқа тұқымдарының салмағы 8-9 айлығында 120 кг дейін жетеді. Етінің шығымдылығыт 60-70%. Бұл тұқымдарға ірі ақ, Украинның далалық ақ, Ақсайдың қара-ала т. б шошқалары жатады. Беконды шошқа тұқымдарына Эстонның беконды және ландрасы жатады. Шошқаларының салмағы 250-260 кг, торайлары өте тез жетіледі. 6-6, 5 айлығында тірілей салмағы 100 кг шамасында, етінің шығымы 70-75%. Бұл тұқымдар республикамызда негізінен басқа тұқымдармен будандастыру үшін пайдаланады. [3, 72бет]

Малдың қоңдылығын анықтау. Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы - сойыс малының сапасының негізгі көрсеткіштері. Малдың семізділігімен одан алынатын еттің тағамдық бағасы тығыз байланысты. Малдың күйін, оның етінің жетілуі және тері астына жиылған май мөлшеріне қарап анықтайды. Ол ұшін малдың сыртқы пішініне, арқасының тегістілігіне, ішіне, сан, жауырын еттерінің толықтығына назар аударады және тері астындағы май жиналған жерлерін ұстап көреді. Астына май жиналған жердің терісі оңай қозғалады. Күйлі малдың денесі жұмыр, арқасы тегіс. Мал күйінің жоғарылауына қарай тері астына май алдымен құйымышақ, соңғы қабырғаларына жиналады, сонан соң алдыңғы жағына тарайды. Аса семіз малда май жауырын және алдыңғы қабырғалар шамасына қалыптасады. Жас малда май тері астына қарағанда, еттің арасына, ал кәрі малда ішкі ағзаларда және тері астына көбірек жиналады.

Жылқының қоңдылығын етінің жетілуімен қатар арқасындағы, кеудесіндегу, беліндегі және жалындағы майды ұстап көру арқылы анықтайды.

Түйенің семіздігін оның өркешіне жиналған майға қарап ажыратады. Қой мен ешкіде олардың жүнінің тығыздығына және ұзындығына байланысты сыртқы пішініне қарай оның семіздігін ажырату қиын. Тері астындағы майды арқасын сипап анықтайды. Сонымен қатар құйрықты қойлардың құйрығына жиналған майдың шамасын байқайды.

Шошқаның қоңдылығын оның 6-7 кеуде омыртқаларының үстіне жиналған майдың қалыңдығына қарап ажыратады.

Тауықтың семіздігін анықтағанда оны қанатынан, басын өзіне қарата ұстап төс еттерінің жетілуін байқайды және сан етіне жиналған қоңдылығын анықтауда, оның тірілей салмағын білудің маңызы зор.

Малдың тірілей салмағын таразыға тарту немесе кейбір өлшемдер арқылы анықтауға болады. Мал салмағы оны азықтандырудан немесе суарғаннан кейін 2-3 сағаттан соң өлшенеді. Ішек-қарындағы заттар үшін табылған салмақтың 3% кемітіледі. Егер өлшеу үш сағаттан кейін жүргізілген болса әр сағатқа салмақты кеміту 0, 5% азайтылады, ал таразыға тарту малды азықтандырудан 6 сағат кейін жүргізілсе ішек-қарындағы заттарға салмағын кемітпейді. Сонымен қатар малдың тірілей салмағы бойынша қабылдағанда терісінің тазалығына, буаздылығына және малдың салмағын арттыру мақсатында артық жем, су берілмеуін қадағалау қажет. [4, 44бет]

1. 2. Малды қабылдау және оны союға дайындау

Малды ет өндіру орындарында қабылдау. Мал және құсты, мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тірілей салмағы бойынша, ал негізінен еттің шығымы және сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілілетін мал, шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорындарға жіберер алдында мал дәрігерлік байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы (бәрінің немесе мал дәрігерінің (фельдшердің) қалауы бойынша ішінара) өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.

Мал өңдеу кәсіпорындарына бруцеллез, туберкулез ауруларының клиникалық белгілері бар, диагнозы анықталмаған, температурасы қалыптан жоғары немесе төмен малды және орнитоз, грипп, Ньюкасл ауруы бар құсты жіберуге болмайды.

Емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілген малды, дәрінің ветеринарияда қолдану туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге дейін союға жіберуге рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды “ малды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы өңдеуге ұсынылған химиялық заттардың тізімінде ” көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар малға балық және қалдықтарын, балық ұнын жегізгеннен кейін 30, ал құс 10 күнге дейін, мал өңдеу кәсіпорындарына жіберілмейді. Союға жібірілетін әр малға, мал дәрігерлік заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәлік (анықтама) толтырылады. Онда куәлікте көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір шаруашылықтан (фермадан) жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады. [4, 45бет]

Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге оң реакция беретін құс, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек қана облыстың мал дәрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі. Ондай малды тапсыру ет комбинатымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі, ал малды тасымалдау және сою осы ауруларға қарсы жүргізілетін шаралар туралы нұсқау бойынша жүргізіледі. Ауру малды ет комбинаттарына айдауға болмайды.

Малды автокөлікпен немесе айдап келген уақыты, ал темір, су жолдарымен тасымалдаған уақытта вагонның немесе баржаның малды түсіруге әкелінген уақыты, малдың ет өңдеу кәсіпорнына түскен уақыты болып есептеледі. Темір және су жолымен тасымалданған мал кестеге сәйкес тәуліктің кез келген уақытында (демалыс күндерінде де) ал автокөлікпен және айдап келінген мал ет комбинатына жұмыс уақытының бітуіне бір сағат қалғанша әкелінсе қабылдануға тиіс. Егер мал кестеде көрсетілген уақыттан кеш әкелінсе оған шаруашылықтың кінәсі жоқ болса (темір жолдың кінәсі, көліктің ақауы т. б) мал сол күнгі қабылдау нормасына сәйкес қабылданады. Ал себепсіз кешіккен және кестеден тыс немесе келісілген мал басынан артық әкелінген малды ет комбинаты орынмен және сумен қамтамасыз етуге тиіс, ал жеп-шөпті мал тапсырушы шаруашылықтың келісімі бойынша жүргізіледі.

Қабылдаушы немесе тапсырушы жақтың бірі тірілей салмақтан кеміту проценттеріне келіспесе, қабылдау тәртібі бұзылған жағдайда, малды бір тәулікке қалыпты азықтандыру, суару жүйесінде демалдырады. Сонан соң таразыға тартып, (соңғы азықтандырудан кемінде үш сағат өткен соң) одан 3% кемітіледі.

Әрине, малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы арқылы қабылдау көп жағдайда екі жақтың (қабылдаушы мен тапсырушы) келіспеушілігін туғызады. Бұл әсіресе малдың қоңдылығын ажыратуда және тірілей салмағын кеміту кездерінде көп кездеседі. Шындығында да мұндай тәсілмен ет шығымын, оның сапасын дәл анықтау қиын. Тіпті мал салмағын анықтауда (таразыға тарту) еттің шығымын дәл көрсете алмайды. Себебі еттің шығымы мал тұқымына, жасына, жынысына, қоңдылығына, азықтандыру жүйесіне, ішек-қарындағы жын мөлшеріне т. с. с көптеген жағдайларға байланысты. Ал осы факторлардың әр малға қаншалықты әсері барын дәл айыру өте күрделі шаруа. Сондықтан қазіргі кезле малды тірі салмағына және қоңдылығына қарай қабылдау өте сирек қолданылады. Бұлай қабылдау негізінен жеке меншік, малды тұтынушылар кооперациясы немесе бордақылау шаруашылықтары пайдаланады. Ал мал өңдеу кәсіпорындарындарында мал негізінен еттің шығымы, сапасы бойынша қабылданады. [4, 46бет]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңқа ауруы
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Маңқаны балау, дауалау шаралары
Жұқпалы аурулардың емі
Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру
Маңқа ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пастереллез
Жылқылардың маңқа ауруы
Ауру мал етін ветеринариялық санитариялық сараптау
Сүйелді дерматитпен күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz