Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Төлеген Айбергенов поэзиясындағы туған жер тақырыбы, оны орта мектепте оқыту

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
5
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1 ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ-ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫМЕН ҰЛТТЫҚ РУХАНИ МҰРАМЫЗДЫ БАЙЫТҚАН АҚЫН ... ... ...

11
1.1 Сәуле ғұмыр ақынның шығармашылық өмір жолы ... ... ... ... ..
20
1.2 Т. Айбергенов поэзиясының алтын діңгегі-туған жер ... ... ... ..
24
1.3 Т. Айбергенов лирикаларындағы Алматы көрінісі және Атамекен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

28
2 Т.АЙБЕРГЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК.
32
2.1 Т.Айбергенов поэзиясының көркемдік кестесі ... ... ... ... ... ... ..
33
2.2 Т.Айбергенов поэзиясының ұлттық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ..
38
3 ОРТА МЕКТЕПТЕ Т.АЙБЕРГЕНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
61

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақ поэзиясында Төлеген ақынның туған жерге арнаған өлеңдеріне жаңаша көзқарас тұрғысында талдау жасалына отырып,қаламгердің өзіне тән суреткерлік қолтаңбасы айқындалады.
Т.Айбергеновтің шығармашылық лабараториясына зер салу-оның туған жер тақырыбын қандай деңгейде көрсете алғандығын сараптау құнды болып табылады.Қаламгердің туған жер тақырыбындағы өлеңдерінде тосын идея мен көркемдік құндылықтар ерекше.
Т.Айбергеновтің поэзиясында әлі де болса ашылмай жатқан құнды деректерді саралап таныту,ғылыми бағасын беру,тұжырым жасау осы жұмыстың зәрулігін,өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу деңгейін анықтарлық барша мәліметтерді жинақтау,саралау,ғылыми негіздеу.
Т.Айбергенов жырларындағы туған жер тақырыбының көрінісін дәйектемелермен ашу.Тілдік табиғатына сипаттама беру,сөз өнеріндегі орнын көрсету.
Ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігін,сезімін әрбір адам нақ айқындау қажет.Көтеріліп отырған тақырып әдебиеттану ғылымы үшін де құнды болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойдым:
- Т. Айбергенов туралы зерттеулерге шолу жасау;
- Ақын поэзиясындағы туған жер тақырыбын саралау;
- Туған жерді жырлаудағы ақынның ой-танымын саралау;
- Ақынға бүгінгі көзқараспен баға беру,қазақ поэзиясындағы орнын белгілеу.
Зерттеу объектісі. Т.Айбергеновтің баспадан жарық көрген өлеңдер жинағы мен зерттеуші ғалымдардың мақалалары негіз етілді.
Зeрттеу әдістері. Салыстырмалы талдау,жүйелі сипаттамалық және жинақтау әдісі қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері . Қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбы жайлы деректер,зерттеуші ғалымдардың еңбектері,кітапханадағы құжат дерек көздері негізінде жүйелі өріс алды.
Диплом жұмысында М.Дүйсенов, З.Қабдолов, М.Базарбаев,Т.Тебегенов т б ғалым-жазушылардың пікірлерін басты назарға алдық.Т.Айбергеновтің әр жылдарда шыққан өлеңдер жинағы жұмыс барысында пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта,арнайы мектептердегі оқулықтарға,оқу құралдарын жасауда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Т.Айбергенов туралы зерттеуші ғалымдардың мақалалары тұңғыш рет ғылыми тұрғыда негізделді.Арнайы туған жер тақырыбы зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Суреткерлік танымы, қаламгерлік ұстанымы зерделенді.Aқынның өзіндік ерекшелігі,жаңалығы көркемдік деңгейде анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспе,негізгі бөлім және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Т.Айбергенов-туған жер тақырыбымен ұлттық рухани мұрамызды
байытқан ақын

Көркемөнердегі мәңгілік тақырыптардың бірі-туған жер,атамекен,ата жұрт тақырыбы.Тақырып мәселесі сөз болғанда елдің елдігін,ұлттың ұлттығын танытатын,ұлттық тарихпен тамырлас қазақ поэзиясында қанша ғасырлар өтсе де қадір-қасиетін жоймайтын,бүкіл рухани әлемге сәулесін төгіп,ерекше нұрландырып тұратын тақырыптар бар екенін айта өткен жөн.Мұндай тақырыптардың болуын жалпы әлемдік әдебиетке,жер жүзі көркемөнеріне тән заңдылық десек те болады.Өйткені бұл тақырып-мәңгілік тақырып,себебі ол-адамзат үшін ең бір қасиетті ұғымдардың бірі.Адамзат баласы ақыл-ойының жауһарларынан,жер жүзі әдебиетінің алтын қорынан бұл тақырыптың әр кезеңде,әр дәуірде сан түрлі бейнеленуін,сан қырынан жырлануын,сан нақышпен өрнектелуін көреміз.Және бұл нақыштар өзіндік бояумен түрлене келіп,тақырыптың ашылуында өрнектер байлығын жасайды.
Жалпы көркем әдебиеттегі,оның ішіндегі поэзиядағы туған жер,атамекен тақырыбы мәселесін қозғағанда бұл мәселе қоғам,ел өмірімен бірлікте қаралады,себебі,қоғамның дамуы,ел өміріндегі өзгерістер көркем әдебиетке қалай әсер етсе,туған жер,атамекен,атажұрт тақырыбының көтерілуі,жырлануы да өзгеріске түсері анық.Мұны заманның,уақыттың сұранысы деп те,ақын мен қоғам байланысы деп те қабылдауымызға болады.Мәселен,күні өткен кешегі кеңес дәуірінде де бұл тақырып айрықша көзге түседі,бірақ оның астарында да бәрі бір кеңестік идеология,кеңестік саясат,социалистік реализм әдісінің талаптары жатқандығы белгілі.Ал,өңір,өлке әдебиеттерінде бұл жәйт тіпті ерекшелене түседі.Бұл тұста ақын талантын,оның қарым-қабілетін де жоққа шығара алмайсың.Өйткені ол барынша ашыла,жарқырай көрінеді.
Әр ұлттың,әр халықтың әдебиетін алсақ та оның өзіндік ерекшелігі бар екені анық.Бұл көбінесе сол ұлт пен халықтың әдет-ғұрпынан,дәстүр-салтынан,тыныс -тіршілігінен,өмірлік таным-түсінігінен,болмыс-бітімінен туындап жататыны белгілі.Алайда осы сөз өнеріне қатысты ұқсас тұстар,ортақ сипаттар да барлығы анық.Солардың бірі-әр елдегі аймақтық,өлкелік әдеби даму жайы.Елдің елдігін танытатын,өз ұлтының тарихымен тамырлас қазақ поэзиясына,қанша ғасырлар өтсе де қадір-қасиетін жоймайтын қазақ өлеңі атты шалқар дарияға тұс-тұстан құяр арналар сынды өңір,өлке жырларының барлығы кім-кімге де аян.Иә,бұл әлем әдебиетіне тән сипат.Себебі,бүкіл қаламгерді,ақын,жазушы,драматург атаулыны бір қалаға,не бір ауылға жинап қоя алмасыңыз белгілі ғой.Міне,осы аталған жәйт кез-келген ұлт әдебиетінің дамуындағы өлке,өңір әдебиеттерінің рөлін анықтау мәселесін күн тәртібіне қояды.
Халқымыздың бай мұралары болып саналатын халық ауыз әдебиетінен бастап қазақ әдебиетінің барлық кезеңдерінде Туған жер,Атамекен,Атажұрт тақырыбы жырланып отырған.Ежелгі дәуір әдебиетіндегі "Орхон жазбаларында" "ел-жұрт,туған жер","атамекен" туралы айтылғаны белгілі.
Мәселен;Күллі түркі халқы былай депті:

Елді халық едім,
Елім қазір қайда?
Кімге ел-жұрт іздермін,-деуі атажұртты бүкіл түркі еліне ұғындыра айтқанын аңғару қиын емес.Қарт данышпан Тоныкөк монологында айтылатын ақыл-өсиет тен де туған жер қадірін аңғарамыз.
Күлтегіннің кіші жазуында түрік жерінің кеңдігін суреттеген.
"Қорқыт ата"жырларындағы Оразбектің:
Қара таулар аман болса- ел жайлар,
Қан құйылған сулар есен болса-жерге береке кірер[2, 262 б.].
Әл-Фарабидың "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары"еңбегінде біршама атамекен мәселесі сөз болған.
Ж.Баласағұн "Құтты білікте"
Елі гүлдеп,Байыбектің бағына
Даңқы тарап,өссе халық саны да! [3, 213 б.].
Сол сияқты батырлар жырындағы атажұрт,атамекен,туған жер тақырыбының көрінісі кең орын алған.
"Қобыланды батыр"жырында:
Ел иесіз дедің бе?
Көл иесіз дедің бе?
Жер иесіз дедің бе? [4, 73 б.]
Жыраулар поэзиясындағы елдік,ерлік,туған жерді сақтап қалу үшін айтылған толғауларда көрініс табуы әр қилы.Біздің ата -бабаларымыз бұл мәселеге соқпай кетпеген.Бірде табиғат көріністерін пейзажбен қос қабат өрсе,кейде жыл мезгілдерімен,кейде көңіл-күй сезімімен тұтастыра жырлаған.
"Туған жер,атамекен,атажұрт"-деген ұғымдар бір-біріне жақын болғанмен,өзіндік ерекшеліктері де бар.Көркем әдебиетте осы үш ұғымды кейде біріктіріп жібереді.
Жалпы атамекен,туған жерді-кең дала ұғымында алып,атажұртты-Отан деп қараған жөн.
Көркемөнердегі атамекен,атажұрт,атақоныс,туған жер мәселелерін сөз еткенде кейде бұл ұғымдардың тұтасып,бірінің орнына екіншісі жұмсалатыны да жасырын емес екеніне назар аударта өтуіміз қажет.Т.Айбергенов поэзиясындағы туған жер,атамекен тақырыбы деген мәселені зерттеуде біз ең алдымен оған дейінгі осы үлгідегі көркем дүниелерге,яғни Т.Айбергенов поэзиясына дейінгі атамекен,туған жерді жырлаған қазақ поэзиясы туралы айтпай өте алмасымыз анық.Олай болса,қазақ поэзиясындағы атамекен,ата жұрт,туған жер тақырыбы өз бастауын халық ауыз әдебиетінен,сонан соң ежелгі жалпы түркілік кезеңнен алары белгілі.Бұл-заңды құбылыс және оған ешкімнің қарсы болмасы анық.
Адам баласы туған жермен,атамекенмен бірлікте,байланыста екені де ақиқат.Біз көтеріп отырған мәселені зерттеу арқауы етуді "Орхон -Енисей"жазулары заманынан,не одан да бергі Хакім Ата (ХІІ ғ), Ғали (ХІІ ғ) Дүрбек пен Сейф Сарайи (ІҮ ғ) еңбектерінен де бастауға болады.Иә,бұл тақырып ХҮ ғасырға дейін де жырланды.Алайда осы тұсқа дейінгі көркем құндылықтар қазіргі Орта Азияны мекен еткен көптеген халықтарға ортақ және бұл мәселе өте кең,ауқымды.Ал,тек ХҮ ғасырдан бергі кезеңдегі,бес,алты ғасырдағы барлық көркем дүниені біз көтеріп отырған мәселеге қатысты айтып шығудың өзі көптеген зерттеулерге жүк болатындықтан тек негізгі мәселелерді ғана сөз желісі,әңгіме арқауы еткенді жөн санадық.
Сонымен қатар,ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы,ХІХ ғасырдағы,ХХ ғасыр басындағы әдеби кезеңдермен байланыста қаралатын мәселе шетелдік қазақтар поэзиясындағы,кейін шетелдік болған қазақ ақындары шығармаларындағы туған жер,атамекен тақырыбымен тұтаса 1960 жылдардан кейінгі М.Мақатаев, Қ.Мырза лиев,Т.Айбергенов шығармаларымен салыстыра қаралғанда ғана атамекен,туған жер тақырыбын аша алатынымыз анық,сол арқылы бүкіл қазақ поэзиясындағы атамекен,туған жер тақырыбы туралы ой қорыта аламыз.
Қазақ ұлтының,қазақ елінің алтын діңгегі,ішкі тірегіндей болып келе жатқан әдебиеті туралы әңгімені ел,ұлт тарихынан да бөле қарай алмасымыз белгілі.Сонау ХҮ ғасырдан кешегі кеңес дәуіріне,одан бүгінгі тәуелсіздік жылдарына елмен бірге жасап,елмен бірге сан заманды,сан кезеңді,не бір өткелікті басынан өткере жеткен қазақ жырын туған жер,атамекен тақырыбынсыз елестету мүмкін де емес.
Бұл біз арнайы әңгіме айтып отырған Айбергенов шығармашылығынан да анық аңғарылады.Халқымыз басынан не күй кешсе де,ол сөз өнерінен,әдебиетінен көрінеді.Ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен атамекен,туған жерді қорғаған қазақ елінің бүкіл жүріп өткен жолы,тәуелсіздік үшін,туған жер,атамекен,атажұрт үшін күреспен әліптелгендей болып көрінеді.Осы күрес қазақ жырларының ең басты тақырыбы ла болған және бола да бермек.
Бұл-өмір заңы,сонымен қатар көп ұлттардың қолынан келе бермеген ерлік,көп кездесе бермейтін елдік болмыс,рухы күштілік.Бұл жәйт халық ауыз әдебиетінен бастап осы кезге дейінгі қазақ әдебиетіне де алтын арқау болып отыр.Туған жер,атамекен,атажұрт тақырыбының әдебиеттігі көрінісі деген мәселеге қатысты қазақ әдебиетінде мұның түрліше жағдайын айтуымыз керек.Ол ерекшеліктер негізінен мына жәйттерге қатысты ғой деп топшылаймыз.1)Ел үшін,жер үшін күрес,2)Ел егемендігі,тәуелсіздігі үшін күрес,3)Ел,халық,ұлт басындағы қиын-қыстау кезеңдер,4)Жекелеген шығармашыл адамдар (ақындар,жыраулар,әншілер,сазгерлер ,күйшілер және т.с.с)басындағы хал-жағдайлар,5)Ел өміріндегі жетістікті,белесті тұстар,6)Көркем шығармашылықтың даму деңгейі,кезеңдер әдебиеті,7)Заман туралы түсінік және т.б,8)Салт-дәстүрге қатысты жәйттер,9)Билік және ақын,ақын және қоғам,ақын және халық арасы және т.б.
Бұл ерекшеліктерді санамалағанда осымен барлық ерекшелік толық қамтылды екен деп ойламауымыз қажет,өйткені біздің бұлай бөлуіміз тек шартты түрде ғана екенін еске саламыз.Оның үстіне бұл бізге тек жалпы бағдар үшін ғана қызмет атқармақ.Негізгі қуатын,қайнар бастауын қазақ халық ауыз әдебиетінен алатын поэзиядағы туған жер,атамекен,атажұрт тақырыбы ғасырлар мен жылдар бедерінде толыға,байи біздің заманымызға да жетіп отыр.
Біз мұның барлығын диплом жұмысы көлемінде қамти алмасымыз белгілі және мақсатымыз да ол емес.Аталған мәселенің өзгешелеу көрінетін тұсы,ерекшелігі мол аңғарылатын КЕЗЕҢІ-ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.Бір зерттеушілер "Хандық дәуір әдебиеті"деп,екінші бір зерттеушілер "Жыраулық поэзия"атандырып жүрген бұл кезең анау-мынау емес,400 жылды қамтитын болғандықтан бұлай болуы түсінікті де.Туған жер,атамекен,атажұрт тақырыбы бұл кезеңде түрлі қырынан көрінеді.Мәселен,Асан қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы шығармашылығына назар салайық.
Қазақ поэзиясында өзіндік өлең өрнегімен ерекшеленер тұлға 1361-1370 жылдар аралығында Еділ бойында туса керек.Елі үшін атқа қонып,етігімен су кешкен ақын,жырау туралы аңыздың айтуынша,ол Сарыарқада-Ұлытауда 1465 жылдардан кейін дүние салыпты.Оның шығармашылығында атамекен,туған жер тақырыбы күрес,ел үшін,жер үшін күрес мәселесімен тұтасып жатады.Тіпті ақын-азаматтар тірлігіне,өз тірлігіне көңілі толмағанда да мәтін астарынан жоғарыда біз айтып өткен жәйтті анық аңғаруға болады.Пікірімізді мысалдармен дәйектей отырады.
..Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің,
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің...[5, 23 б.]
Жырау осылайша ішкі запыранды төгіп-төгіп алады да,хан ісіне көңілі толмағандығын,туған жерден,атамекеннен ығысып бара жатқанына қатысты ойын жырмен көмкеріп,
...Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген,
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың.
Кеңестің түбі нараду,...
. Нәлет біздің жүріске,
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!...-дейді. [5, 23 б.].
Бұл жолдардан аңғарарымыз туған жер,атамекен мәселесі ақыл,кеңестік мақсаттағы оймен қабаттаса өрілген.Туған жердің қадірі ой астарында беріледі.Туған жер,атамекен мәселесі билік басындағыларға реніш астарынан да байқалып,"көз жасындай Ойыл еді,онда да кеңес қылмадың,қырында киік жайлаған,суында балық ойнаған Жемде кеңес қылмадың"дей келіп,ақын өздерінің сабылған жүрістеріне нағылет айтады.Өлең астарынан туған жерге,атамекенге деген ыстық ықылас сезіледі.Толғау шумақсыз болғанмен,жыр мазмұны оның екі үлкен ойды жеткізіп тұрғанын көрсетеді.Ал,ХҮ ғасырда өмір сүрген Қазтуған жырау Сүйінішұлы толғауларында бұл мәселе қимастық сезімімен тұтасып кетеді.Мысалдарға жүгінелік:
Алаң да алаң,алаң жұрт
Ақ ала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт...:
Жоғарыда айтып өткеніміздей толғау шумақсыз өлең түрінде,яғни тирада түрінде болғанмен ұйқастар ерекшелігі анық көрінеді.Бірінші ұйқасы "жұрт"сөзін негізгі тірек етіп алса,екіншісі- "жер"сөзі.Бұл да біздің атажұрт,туған жер деген ұғымдардың тұтасып та кететін тұстары болады деген пікірімізді тиянақтай түседі.Мұндай мысалдарды біз Доспанбет,Шалкиіз,Жиембет және т.б жыраулар жырларынан да көптеп кездестіреміз.Бұл із,бұл дәстүр кешегі ХХ ғасырға да жалғасты.Мәселен,ақын Т.Айбергеновтің "Кегейлі дәптерінен" атты өлеңін алалық.
...Жонында әкем жорға атпен
Жортып бір өткен Кегейлі,
Атаның жолын жалғап мен
Елтіп бір жеткен Кегейлі.
Қырында анам қыз күнін
Қыздырып өткен Кегейлі.
Келем деп қайтып,түз гүлін
Үздіріп кеткен Кегейлі!
Су алған сайда әжемнің
Сырғасы қалған Кегейлі.
Сырласы қалған Кегейлі,
Мұңдасы қалған Кегейлі... [6, 78 б.].
Көзі қарақты оқырманның біздің түсінік беруімсіз-ақ,үзіндінің Шалкиіз жырау толғауларымен де,ХҮ ғасырда өмір сүрген Қазтуған жырау Сүйінішұлы жырларымен де үндес екенін бірдең аңғарары хақ.Бұл туған жер,атамекен туралы жырлардың өміршеңдігін және қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығын көрсетері анық.
Қазақ поэзиясындағы туған жер туралы жырлар бірде тау,бірде өзен,бірде қырат,бірде теңіз және т.с.с. болып өріледі.Мұны ықылым замандардан бері келе жатқан дәстүр ретінде қарауымыз қажет.Қазақ жырларында да бұл әлі жалғасуда,бұған шекараң да,мемлекеттерің де және т.с.с. кедергі бола алмайды.Тіпті бұл дәстүрдің Қытайлық ақын О.Айтанұлы поэзиясымен байланыстылығын аңғару қиын емес.
Мәселен, Күдері қожа:
...Бесқазылық,Ойтүндік,
Көрінер жерің бір күндік.
Күншілік жерден көрінген
Көрінсе көңілім сүйінген,
Баянаулы Қазылы
...Басымнан малым кетпеген,
Үстімнен боран өтпеген,
Күңіреніп дәурен сүрген тау.
Құтты,құтты,құтты тау,
Құт сан қара біткен тау.
Өмір бойы іздесем
Табылмас сендей сүтті тау...[5, 296-297 б.]-десе,ақын О.Айтанұлында жоғарыдағы ой "Осы таулар-менің тауларым"атты өлеңінде тіпті шеберлікпен беріледі.
Атамыздан қалған ақ сауыттай
Осы таулар-менің тауларым.
Жантайып жатамын кейде
Жатқандай бір жолаушы
Басына жастап
Алтын-күміс асыл қазыналарын.
Ұз мұнаралары мұз кристалдармен
Шоқшиып тұрғанында
Айтпаймын ешкімге
Нендей сыр жатқанын
Терең сай,адыр,қырларында...[7, 182 б.]
Жоғарыдағы пікірімізді дәйектеуге осы үзіндінің өзі жетіп жатыр десек те,тағы да мысалдармен ойды тиянақтай түселік,
Таулар,өзімнің тауларым
Өлшеймін мен осы таулармен
Өлеңімнің салмағын
Жер қыртысы қатып,
Планета дәл осындай мүсінделгенде
Маңдайыма біткен
Осы таулар-менің тауларым [7, 185 б.].
Кеді бірде ақын туған жер,атамекен туралы ойын сол өзі кіндік кескен жеріндегі екі өзен Жәйір және Майлымен байланыста суреттеп,өлең өрнегін салады.Мәтін астарынан туған жерге деген сағыныш,мақтаныш сезімдері тұтаса көрініп,қазақ тірлігінің аясында ашылады.

...Май аққан күреңселі бетегесі,
Бейне бір ырысты елдің етенесі.
Болғанда Майлы ағасы,Жәйір іні,
Секілді Теректі оның тетелесі...[7, 6 б.]
Ақын алдыңғы шумақтағы ойды еселей күшейтеді,тіпті,бетегесінен де май ағып тұр деп суреттейді.Біз бұл тұстағы "бетегеден май ағу" тіркесін ұлғайту,әсірелеу деп емес,теңеу ретінде қабылдауымыз керек.Себебі,тілдік қолданыста және қазақ табиғатында "түгін тартсаң май шығады", "шөбі бал татиды" және т.б тіркестер болған,бұл қолданыстар ежелден шаруашылық,кәсіпке,тұрмысқа байланысты өмірге еніп кеткендіктен,мұны,тіпті,өлеңнің ұлттық сипатын ашар қолданыс ретінде де қарауға болады.
...Тас бастау,бал бұлағы-бал шырындай
Таза су-табиғаттың ар-сырындай.
Арман не ақын болмай,малшы болсаң
Осында жыр тұнығын аршы ұдай [7, 6 б.]-деп жырлайды туған жер,атамекен туралы ақын 1952жылы жазылған "Майлы-Жәйір"өлеңінде.Бұл үн Төлеген жырларында да бар.Бұл үн-екі салада,теңіз және Сыр мен Әму болып төгіледі ақын шумақтарында.
Шараңа суың сыймастан,
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.[6, 13 б.]-дейді Т.Айбергенов.
Ақынның теңіз,Арал теңізі туралы жырларында тереңнен маржан теріп, кеудедегі ыстық сезімін:
Сезімге селің от өріп,
Кеудемде ыстық толды ағын.
Мен тұрмын зорға көтеріп,
Толқыған ойдың салмағын.[6, 52 б.]
Теңіздей толқыған ақынға туған жердің табиғаты,тауы мен тасы,өзен-көлі,теңізі бәрі-бәрі оның жанын тербетіп,шабытына қуат беретіндей әсер етеді.Т.Айбергенов-туған жер тақырыбымен ұлттық рухани мұрамызды байытқан ақын.
Міне,біздің жұмысымыздың арқауы болып отырған Төлеген Айбергенов поэзиясында туған жер ақын жырларын өмірге әкелгендігінің көрінісі болса керек.Ақын поэзиясынан осыны ұғып,оның асқақ шабытын сезесің.Төлеген жырларының бастау бұлағы туған жерден басталып,шығармашылық өсу жолында бір сәт те алыстаған емес.Ақынның өлең өнеріне келуі, өсу, толысу, тұлғалану жылдарында туған жер,атамекен,ата жұрт оның поэзиясының негізгі тірегіне айналғанын аңғарамыз.
Өлең деген өнерге осындай өзіндік әлемімен келген оның толқыған жүрегі,жыр өзегін туған жермен тербеді.Ол туған жер өзіне қуат,күш беруші,қолдаушысы деп біледі.Мұны ақынның Кегейлі дәптері атты өлеңінен байқаймыз.
Төлеген ақын барлық өмір құбылыстарын өлеңге арқау еткен десек те,ерекше ден қойып шабыттана жырлаған тақырыбы-туған жер,атамекен тақырыбы.
Өлең деген өнерге өзіндік әлемімен келген Төлеген қай тақырыпты жырласа да,өзіндік серпін,жаңа леп әкелген."Ақын болу оңай емес,қарағым"деп өзі айтқандай кез-келген дүниенің есігін ашып,оны елге таныту-бұл үлкен жауапты да сынды көтеретін жұмыс.Әрбір ақын ұлтының мұңын,туған жердің қадірін өз жүрегінен өткізбейінше ақын бола алмас.Төлеген ақын айналадағы өмір құбылыстары мен ел,жер,туған жер,ата жұрт,атамекенді өз жүрегімен қабылдап,таным-талғамымен барлық оқиғасын өз жүрегінен өткізген.Сағынышқа толы кеудемен,ақындық тілмен жырлап,қайталанбас өлең өрнектеген ақын.
Жыр әлемінде қайталанбас,өзіндік өрнек салған Т.Айбергеновтің 70-80 жылдық жыр кештері өтіп жатты .Биыл дарынды да,талантты ақын 85-жасқа толып отыр.
Жыраулық пен ақындықты ұштастырған қазақ поэзиясында Төлеген ақын орны ерекше,ақындықты асқақтықпен жоғары сатыға көтерген.
Туған жерге деген сүйіспеншілік,жақсы көру сезімі,сағынуы өте асқақ болған.Бүгінде оның поэзиясын оқи отырып,бүкіл поэзиясының лейтмотивті туған жерге деген ынтықтық,махаббатының асқақтығын байқаймыз.Балалық шағы өткен Кегейлі,Ташкентте өткен студенттік жылдары,Шымкент,Алматыда өткен ақындық өмірі бәрі-бәрінде туған жер тақырыбын бір сәт естен шығармайды.Ата-бабадан келе жатқан елдік,ерлік,туған жерді қорғау,сүю,қадірін асқақтату дәстүріне өзіндік үнмен келіп,өрек салды.
"Арман сапары"атты Сарыағашта жазылған тұңғыш жинағында:
О,менің атамекен, нық тұрағым,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын.
Мен сенің ақ түсіңе шаңқай түссе,
Көлеңкең түспесін деп тік тұрамын,- деп керемет образды бейнелеп береді,яғни поэзия құдіретін тыңдарманға ұқтырады.
Ақындық адамға берілетін табиғи дарындылық,тума талант десек,ақын болып өмір кешу де оңай емес.Оның ақындық ғұмыры да оңай болмағанда ұқсайды.Өзі өмір сүрген кезең,уақыт тынысын дөп басып айта алу да оңайға соқпаған,соның бәрін жыр арқылы сездірген.
Төлеген Айбергенов поэзиясында қызбалық басым,ой жай қызбалық емес,өмірлік өзекті мәселеге бой ұрады,соны жеткізуге ұмтылады.Тіпті өз өлеңдерін оқығанда да ерекше серпіліс береді.Жыр әлемінде ерекше үнімен,табиғи шынайылығымен келген ақынды оқырмандары сағынады.
Осы тұста заңғар жазушы Ә.Кекілбаевтың:"Төлеген сөз жоқ,талант,дара талант,сара талант.Т.Айбергенов шығармашылығы өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры"[ 8, 13 б.],-деген пікірі бізге де ой салады.
Ақындық ана сүтімен,әке қанымен дариды десек,Төлегенге ақындық қайдан келген?,-деген сұрақ туады.Бұл сұрақтың жауабын да оның өмір деректерінен іздестірдік.
Төлегеннің ғалым,әдебиеттанушы қызы Салтанат Айбергенова естеліктер мен сұхбат беріп,әкесі жайлы мол мағлұматтар беріп отырады.Телехабардағы бір сұхбатында:"Менің әкеме ақындық Жібек анасынан дарыған.Ол ел ішінде өлеңді жадынан шығаратын суырып салма ақын,жоқтаушы болған.Жас кезінде Өтепберген дейтін байға тоқалдыққа шығыпты.Сонда елін сағынып жоқтау айтып жылайды екен.Өтепберген қайтыс болады да,Ақтөбеден Маңғыстауға көшіп барып,қайнағасы Айбергенге күйеуге шығады.Содан ұл туады,оның атын Төлеген қояды да,баласы жоқ Ақсұлу бәйбішенің бауырына салады".Туған жерге деген махаббат қанында Жібек әжемізден берілген болар,"Кегелі"жерін сағыну,үлкен сағынышпен туған жеріне ынтықтық болса керек,осы тақырыпқа әжем қайта-қайта оралумен өткен",деп еске алады.Ал менің әкем Төлеген Айбергеновке ақындық қасиет-анасы Жібектен,танымдылығы көрегендігі,алысты болжай алатыны әкесі Айбергеннен дарыған болуы керек",-дейді [9, 285 б.]

1.1 Сәуле ғұмыр ақынның шығармашылық өмір жолы

Сегізінші наурыз-қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні.Небәрі отыз жасқа да толмай пәни дүниеден өткен біртуар ақынның жырларынан төгілген сағыныш күйі әлі күнге шейін оқырманды мөлдір шықтай тазалығымен баурайды.Биыл дүлдүл ақын 85жасқа толады.
Дүниеге өзінің аппақ,тап-таза пейілімен келіп,сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 1937-ші жылы 3-ші наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған.1959-1962жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім,1962-1965жж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор,1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді.Өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды.Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961жылы шыққан "Жас дәурен"атты ұжымдық жинақта басылды.Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ,тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары:"Арман сапары"(1963),"Өмірге саяхат"(1965),"Құмдағы мұнаралар"(1968),"Мен саған ғашық едім"(1970),"Аманат"(1975),"Бір тойым бар"(1981),балаларға арналған "Бақшаға саяхат"сурет-кітапшасы (1985ж)жарық көрді.Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездия"(1987)деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды."Ақерке Жайық","Жаңғырған Маңғыстау","Қазақстан","Сені ойладым","Мені ойла","Ақ қайыңдар","Бір тойым бар",т.б өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974жылы болғаннан кейін).1997 жылы ақынның "Таңдамалы өлеңдер"жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен"атты естелік кітап,2001 жылы "Бір тойым бар" атты жыр кітабы жарық көрді.Жастарға Т.Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.
Поэзияда оны Мұхтар Шаханов,Фариза Оңғарсынова,Жарасхан Әбдірашев,Есенғали Раушан,Тынышбай Рахым т.б жас ақындар ұстаз тұтты.
Дүниеге ынтызарлығыңды тірілтіп,өмірге құштарлығыңды оятатын ақын жырларының әр жолынан Табиғат-Ананың аялы алақанындай мейірімділікті сезініп,сағыныш оты жүрегіңізді шарпиды."Сағындым жаным мен сені"деп басталатын өлеңнің алғашқы жолдары-ақ,әу дегеннен сізді елең еткізіп,шынайылығымен,кір шалмаған сәбидің жүрегіндей пәктігімен сезіміңізді баурайды.
Үмітке толы,армандай толы әр жерде бір түп қарағай,
Сағынбай жүрсе,қалады-ау мүмкін жарысуға жарамай.
Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған.
Сені мен менің ғасырлар күткен сағынышымнан оянған.
Бабалар бізді сағынған,жаным,арманның аңсап биігін,
Әжелер бізді сағынған,жаным,талдырып асқарлығын.
Көкірегінде сағыныш барда мұрат та сенде бар,жаным,
Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей жатқан ар жағын.
Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,
Алдыңнан орман кес-кестеп шықса,сағынышыңмен көктеп өт.
Мен мұны саған жазып отырмын арманымды орап сезімге,
Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде
-,ақын өлеңдерінен Төлеген жүрегін өртеген Отанға, анаға,жарына,апасына,балаларына бір сөзбен айтқанда мына жарық әлемге деген шексіз сағынышын көресіз.Даладай шексіз сағыныштың ақынның жұдырықтай жүрегіне қалайша сиып кеткеніне қайран қаласыз:
Ей,адамдар айналайын туғандар,
Жалғыз минут тыңдаңдар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім.
Қазі ртүгел көкірегім өрт менің!
Шартарапқа жүрегіммен жүз аттап,
Бұрын мұндай көрмеп едім ұзақтап.
Бір сағыныш мәңгі-бақи дос еткен
Қазір менІ жұлып алды төсектен.
Өлеңде ерекше қуат бар,әр шумағында сағыныш сазы еседі.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезіледі.Туған жер,атамекен-ақын поэзиясының алтын діңгегі.
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясының 60-жылдарының өкілі.Оның сүрген өмірі қандай қысқа болса,қазақ поэзиясына еткен еңбегі де сондай қысқа.
Дегенмен,оның осыншама аз ғұмырында қазақ поэзиясында қалдырған елеулі еңбегі ерекше зор.Осы орайда профессор Т.Кәкішовтің Төлеген сияқты аз ғұмыр кешкен,С.Ерубаевтың шығармашылығына арнап айтқан мынадай келелі пікірі ойға оралады.
"Дүние жүзі әдебиет тарихында шығармашылық сапары тым қысқа болғанымен,келешек ұрпаққа асыл мұра тастап кеткен ақын,жазушылар аз емес.Олардың бәрі де "Өмір дегенде өксігін баса алмай өнерінің барлық гүлін аша алмай"(С.Е) өткен арманды таланттар еді"-деген еді [6, 11 б.]. Ал мұндай таланттың шығармашылығына оралып соғудан қазақ әдебиетінің академигі З.Қабдоловтың "Сөз өнері"деген монографиясындағы мына сөз:"Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар мен дәуірлерге қараңыз!Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл мен ой аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған қалған.Олар кімдер?Хан ба?Патша ма?,Жоқ білім мен өнер иелері-ғалымдар,жазушылар,ақындар.. ."деген сөз еске түседі [11, 14 б.]
Әдебиетке өзімен бірге келген замандастарының ішінде көптің бірі болып шаң қауып қалмай олардың ішінен жеке дара көзге түсіп және әдебиетке араласқан аз жыл ішінде соңынан басқалар өзінен үлгі алатындай,көңілге нанымды мұра қалдырып кеткен Төлеген Айбергеновтің еңбегі ерекше деп ойлаймын.Менің бұлай деп кесіп айтуыма ақын мұрасын оқып,зерттей жүріп,өз жүрегіммен сезінген жәйттарға қоса ақынның "Арман сапарына"аттаған алғашқы өлеңдер жинағына қазақ әдебиетінің белгілі сыншысы,академик жазушы М.Қаратаев:"Жақсы өлеңді оқығанда жан семіреді".Жас ақын Т.Айбергеновтің көп өлеңдері өзінің сыршылдығымен,сөзінің жылылығымен өлеңнің жатықтығымен жағымды деп бағалайды [12, 170 б.].
Ал,филология ғылымдарының докторы,профессор Е.Смайылов "Бізде жыр жазатын жастар аз емес,ал Т.Айбергенов соның ішінде алғашқы қадамын сәтті бастауымен көзге түскен талапкер.Оның жылы,тартымды лирикалары болашақ өрісін байқатқандай жастарға сезімді,өмірге құштарлықты жырлаған қанатты поэзияның лебі еседі [13, 126 б.], - деп ақынның алғашқы қадамынан-ақ,келешекте үлкен ақын шығатынына сенім білдірді.
Ақын Т.Айбергенов әдебиет зерттеушілерінің бұл пікірлерін өзінің саналы өмірі арқылы,соңына қалдырған отты жырлары арқылы дәлелдеп шықты.Олай болса мұндай дәрежеге қалай жетті деген заңды сұрақ туады.Осы орайда ұлы Абай атамыздың "Ақынды замана тудырады"деген ұлағатты сөзін еске аламыз.
Өлеңнің әр шумағынан сағыныштың сазы есетін Төлеген Айбергеновтің поэзиясында ерекше бір қуат бар.Ол басқа түскен қайғыға мойымайтын,қайта онымен тірескенде бел омыртқасын морт сындырып жіберетін-күрескерлік қуат.Ол адамды жеңіп,жігерін құм қылғысы келетін қасіретпен арпалысып,қолын қайырып,мойын бұрап тастаймын-батырлық қуат.Мысалы,ақынның "Апаларым" өлеңінде Төлеген Айбергеновтың күрескерлік және батырлық қуаты мейлінше шынайы кестелеген.
Мен ұл ем.Сендер ең үш тамаша елік,
Төртеуміз бір әкенің баласы едік.
Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын
Өстік біз бір омыраудан таласа еміп,
Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,
Қалдым мен қоштасар да бір-ақтанып.
Таралып шартарапқа жолдар шықты
Сендердің бұрымдарың сияқтанып.
Кеттіңдер біздің үйден ұзатылып
Қатігез қимастықтық ызаты қып.
Сан түндер сағынышым көз ілдірмей,
Жүгіріп сыртқа шықтым жүз атылып.
Қазақ әдебиетіндегі жауһар жырлардың бірі болып саналатын бұл лирикалық шығармада қайғыға мүжілмейтін тағдырдың тепкісін көрген сайын жігерлене түсетін Төлегеннің ақындық рухы мен мінезі сайрап жатыр.Өлеңді оқып шыққаннан кейін Төлегеннің ақындық болмысының сағыныштан жаратылғанына сенбеске амалыңыз қалмайды.
Төлеген Айбергенов лирикасы-өмір шындығын сол бір табиғи қалпында бейнелейтін көркем шежіре.Оның өлеңдері өмірдің өзінен алынған көркем туындылар деп қарау әбден орынды болар еді.Төлеген Айбергенов-өзін толғандырған тақырыбының ішіне бойлай еніп,шеберлікпен бейнелей беретін сезімтал ақын.Оның лирикасының басты тақырыптары-өз заманының әуендері,халқымыздың ерлік істері мен еңбек адамдарының сыр-сипаты,туған жерге деген сағыныш,сүйіспеншілік,халықтар достығы,махаббат,ана тақырыбы,ұлы тұлғалар жайлы толғаныстар.
Ақын қай тақырыпқа барса да,салғырт қарамаған,бар жан-тәнімен ақтарыла айтқан.Кішігірім дүниенің өзінен үлкен-үлкен ойлар түйіп,оны шын ақындық шеберлікпен,бейнелі тілмен,сезімтал жүрекпен бейнелей берген.Оның өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та,өмірдің алуан-алуан сырларымен қабысып жатқан нәзік лирика басым түсіп жатады.Өлеңдерінде өз басының тіршілігімен,өзі арқылы бүкіл елдің,халқының өмірімен,сол сияқты бүкіл адамзаттың арман-мүддесімен біте қайнасып жатады.Ақын бойындағы бар қасиеттер,қуаныш,сағыныш,махаббат,д остық,мұң,өмірге деген құштарлық,бәрі де ақынның жеке басын күйретуден тумайды.Бүгінгі дәуірдегі жалпы адамға,адамзатқа тән шындықтан туады.Осылардың бәрін өлеңіне сыйғыза отырып,ақын заман үнін,жырын бүгінге арнайды,келешек жүрген бір жұмбақ әлемге кетіп қалғысы келеді де тұрады.
Төлеген Айбергенов өз шығармаларында өмір шындығына терең зер сала отырып,содан өз өлеңдеріне өзек боларлық сыршыл сезім,туған жерге деген сүйіспеншілік,заман тынысы,махаббат иірімдерін көңіліне тоқып,ақындық шабытпен жырлап,терең өрнектей білді.Сондықтан да ақын лирикасы өмір шындығын нақты бейнелейтін көркем туындығы айналып,оқырман жүрегіне жол таба алды.
О,адамдар,біргемін мен сендермен,
Ықыласың аешнәрсені теңгермен.
Сендер менің бақытымның бұлағы
Сендер менің дарыныма жел берген,
-деп өзі жырлағандай, туған халқының шаттығы мен қасіретін,өз замандастарының ұлылығы мен кішілігін,асыл арманы мен таза махаббатын,күш-жігері мен ерен еңбектерін ғана жырлауды мақсат еткен,соны өзіне бақыт санаған гуманист,нәзік жанды сыршыл ақын екендігін оныңкез-келген өлеңдерінен көруімізге болады.
Туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік-Төлеген Айбергенов лирикасының өн бойында жалғасып отыратын үзілмейтін желі.Ақынның шоқтығын биік көтеретін келелі де келісті арна-туған жер,туған ел,туған халқы алдындағы үлкен жауапкершілік,ар-ұждан,перзенттік парыз.Ақын туған елден жырақта жүріп,туған өлкені,оның әрбір тау-тасын,қаласын да,даласын да аңсаумен,кеудесінде шемен боп қатқан сағыныш толқындарын тебірене төгеді.Төлеген Айбергеновтің туған жер тақырыбындағы өлеңдерінің идеялық қуаты күшті,сыршылдығы мол,патриоттық сезімге толы."Туған жер","Түркістан дәптерінен","Қаратау","Аттану","Қаз ақстан көктемдері","Ақ ерке-Ақ жайық","Маңғыстау саздары","Семей",т.б. өлеңдеріндегі туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі оқушыға жан толқытарлықтай әсер етеді.

1.2 Т.Айбергенов поэзиясының алтын діңгегі-туған жер.

Табиғат, жыл мезгілдері, ауыл, дала, теңіз, көлге деген сағыныш, махаббат, шаттық сезімдерінен туған,жер,атамекен ұғымдарымен бірлікте жырлайды.Ақынның ән мәтініне жазылған өлеңдері бар.
Ақынның тағы бір топ өлеңдері-халықтар достығы тақырыбы.Бұл тақырып ақын өлеңдерінде көрнекті орын алады және көркемдік шешімін тапқан.Ақын өзге елдерде жүріп,талай адамдармен,талай ұлт өкілдерімен араласып,дәмдес болып, достасып, солардан алған әсерлерін жыр қылып ақ қағазға өрнектеп түсіріп отырған.Атап айтатын болсақ, "Россия", "Ей, менің ақын бауырым","Кегейлі дәптерінен","Әму жағасында","Мәрияш қарындасқа",т.б.
...Әртүрлі гүлзарлармен,даланың самалымен,жусанның иісі,таудың бұлағымен-өзі мен өзі тыныш жатқан поэзиясының қалғымалы тірлігіне кенет көтерілген мұхиттың жал-жал толқындарындай асау ағысты екпінімен әсер еткен Айбергенов поэзиясы қазақ өлеңінің өресін биікке көтерді,-деп еске алады Фариза Оңғарсынова.
Осындай замандастарының естеліктеріне қарап отырып,ақынның туа бітті табиғатынан елгезек,елпілдек,сергек те сезімтал,ақылды да адал,қарапайым да кішіпейіл,мейірімді жан екенін білеміз.Осы қасиеттердің бәрі де ақынның өлеңдерінде көрініс береді.Оның лирикасы шыншыл,сол шыншылдығымен сыршыл.Ол нені жырласа да азаматтық ар тұрғысынан жырлайды.Сондықтан да оның жырлары соншалықты өтімді,әсерлі болып,жалпы оқушы қауымға етене жақын,ыстық боп көрінеді.Ақын лирикасының басты көркемдік ерекшеліктерінің бірі осы өлеңдерінің өмірмен өзектестігінде.Төлеген Айбергенов лирикасы-адамды бей-жай қалдырмайтын,қайта ойландырып,толғандырып,жүрегіне қозғау сап,әсерлендіретін отты лирика.
Отызға да толмай опат болған ақынды қыршын кетті деп айтуға да обалсынады екенсің.Алайда дәм-тұзының тым ерте таусылғанына қарамастан оның поэзиясында өзге ақындардың ешқайсысында да кездеспейтін дүниеге деген ерекше бір сағыныш бар.
Ақын Төлеген Айбергенов ең құрығанда отыз жасқа толмай қыршыннан қиылды.Қамшының сабындай қысқа ғұмыр сүргеніне қарамастан оның артында мәңгі өлмейтін жырлары қалды.Ол отыз жыл ғұмыр кешіп,том-том етіп өлеңдер жазған жоқ,оның бар өлеңін жинағанда бір кітаптан аспайды.Дегенмен,оның әрбір өлеңі бір томға татиды.Себебі,оның әрбір өлеңінен оқырман қауым өз сырын,өз сөзін,өз сезімін,тебіренісін,өмірге деген құштарлығын сезінді.
Біз әңгімелеп отырған жәйт-өте күрделі екені бәрімізге аян,сондықтан Т.Айбергенов шығармашылығы үлкен зерттеулер нысанына айналуы керек.Біздің мақсат-ақынның туған жер,атамекен тақырыбы деген мәселені тарата айтайық.
Ақын поэзиясы туған жермен бірге,туған жер ақын жырларын өмірге әкелгеАқын поэзиясы туған жермен бірге,туған жер ақын жырларын өмірге әкелген.Оның алғашқы жырларынан-ақ туған жерге деген махаббаты сезіліп тұр.Шығармашылық өсу жолында туған жермен толысып отырды.Өлең өнеріне келуінде туған жерін ту ете ұстап,туған жерін аралап кете барады.Жыр өзегінде туған жер деп ұққан ақын өзіне қуат берушісі де елі мен жері,атамекені деп ұғады.
Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана-бауыр дүние,
Сен маған ақ жүрегіңмен қымбатсың.
Өмірде ұзақ жасауың үшін болғаныңменен қайғың қас,
Туған жер,сен деп қайғыра алмасам,тағдыр да мені бай қылмас [15, 24 б.]
Төлеген өзін толқытқан, тебіренткен, сезімге бөлеген өмір құбылыстарын, өзі түйген ойларын осылай береді.
Иә,кез-келген ақынды рухани әлемге жетелейтін,шығармашылығын нұрландырып тұратын тақырыптар болады.Оның себебі де бар,адамзат үшін қасиетті ұғымдардың бірі-туған жер болса,мәңгілік тақырып екені де дау тудырмайды.
Сан ғасырлар бойы ел өміріндегі өзгерістерді жазар болсаң,әрине,бірінші туған жер, атамекен, атажұрт тақырыбының көтерілуі,жырлануы да өзгеріске түсіп отырған.
T.Айбергенов өмір сүрген кешегі кеңес дәуірі тұсында қазақ поэзиясында кеңінен жырланды,десек те,кеңестік идеология мен саясат болғанын аңғару қиын емес.
Біздіңше, Т.Айбергеновтің туған жер тақырыбындағы жырларына берілген бұрынғы зерттеулер мен пікірлер қайта зерделеуді қажет етіп отыр.
Көркем әдебиеттегі туған жер тақырыбын заман,уақыт тұрғысынан баға беру керектігін айтып өткен жөн сияқты.
Ақын поэзиясы туған жермен бірге,туған жер-ақын жырларын өмірге әкелуші.Өзін қолдаушы да,күш беретін де туған жер екенін бір сәт естен шығармаған.
Мәселен,"Туған жер"өлеңінде:

О менің байтақ мекенім,
Жанымның қаршығасы сен.
Шырқағым келіп кетеді,
Жазбаған ән шығарсың сен.
Қызығың тербеуде мені,
Тарқамас той шығарсың сен.
Тулаған тар кеудемдегі,
Тумаған ой шығарсың сен [13, 45 б.], - деп туған жер мәселесі ақыл, кеңестік оймен қабаттаса өрген.Өз жүрегін,өз жанын туған жермен ажырамас бірлікте екенін өлеңімен жеткізеді. Сол сияқты ақынның "Кегейлі дәптерінен" атты өлеңінде:
Жонынды әкем жорға атпен,
Жорытып бір өткен Кегейлі ,
Атаның жолын жалғап,мені
Елітіп бір жеткен Кегейлі
Қырында анам қыз,күнін
Қыздырып өткен Кегейлі,
Келем деп қайтып,түз гүлін.
Үздіріп кеткен Кегейлі
Дидактикалық сарында жазылған жырлары поэзия дәстүрі арқылы екі нәрсені салыстыра суреттеген.
Ақын туған жерін,атамекен туралы ойын сол өзі кіндік кескен жерінде Кегейлімен байланыста суреттеп,өлең өрнегіне салады.Мәтін астарынан туған жерге деген сағыныш,мақтаныш сезімдері тұтаса көрініп тұр.Өлең қазақ тірлігінің аясында ашылады.Ақын ойын еселей күшейтіп,тіпті,"Елітіп бір жеткен Кегейлі"тіркесін ұлғайтып "Үздіріп кеткен Кегейлі"деп әсірелейді.
Теңіз және Сыр мен Әму болып төгілетін өлеңінде ақын:
Шар ауа суың симастан,
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің,-дейді [14, 13 б.].
Т.Айбергенов Арал теңізі жөнінде жыр маржанын төгіп,толқын болып тербеледі.Ақын поэзиясы туған жермен бірге,туған жер-ақын жырларын өмірге әкелуші.
Т.Айбергенов поэзиясынан осыны ұғасың.Алғашқы өлеңдерінен-ақ туған жерге деген махаббаты сезіліп тұратын Төлеген ақынның шығармашылық өсу жолында одан,туған жер тақырыбы бір сәтте алыстаған емес.
Өлең өрнегіндегі осылайша өз жолымен келген Т.Айбергенов туған жерін ту ете жыр әлемін,жыр бағын аралап кете барады.Өзінің қолдаушысы да,күш берушісі де туған жер деп ұққан ақын туған жер тақырыбын ерекше қозғайды.
Т.Айбергенов жырлаған туған жер,атамекен тақырыбына қазіргі заман,бүгінгі уақыт тұрғысынан баға беруіміз керек.
Бүгінгі біз зерттеп отырған мәселе қаламгер шығармашылығынан тыс қалғандай десе болғандай.Осы мәселеге аз болса да үлес қосу мкқсатында "Туған жер","Қаратау","Аттану",Түркістан дәптерінен","Кегейлі дәптерінен","Ақ ерке-Ақ жайық",Маңғыстау саздары" т.б өлеңдерінде өлке,туған жер.Отан ұғымдарын жыр өзегі екенін саралағандай болдық.
Ақын "Мұнаралар" атты өлеңінде:
Кезім менің!
Жатырсың жырақта ашып,
Қызыл гүлді барады қыр ап қашып.
Жиырмасыншы ғасыр жүр Маңғыстауда,
Мұнаралар басына шырақ толып,- деп заман жасампаздығына сүйсінген ақын өз жүрегі,өз жаны туған жермен бірлікте екенін өлеңмен жеткізеді.Маңғыстау бейнесі,картинасы ақын сезімі арқылы жыр болып өрілген.
Туған жер тақырыбы көбінесе дала ұғымымен бірлікте жырлаған.
Келтірілген үзіндіде ақын тілдің көркемдегіш құрамдарын қолдана отырып,көркем жеткізе білген "қызыл гүлді" (әпитет) "шырақ" метонимия арқылы ішкі үндестікті ұтымды қолданған.
Теңіздің теңіз екенін
Тануда үлкен қасиет деп қойны толы байлық болғанмен,адамға сырын ашпайтын теңізді аз сөзбен түйіндеген.
Оның өлеңдерінде ешкімге ұқсамайтын қолтаңба бар,өзнді беті ашық,ерекшелігімен дараланады.Ақын өлеңінің бір ерекшелігі сол-өзгенің ауызына түсе бермейтін тың теңеулер мен ойлы образдардың көп кездесуі.
Құм басқан меңіреу шөлдерде,
Атылып қалан ар маңдай (137 бет)
Ақын теңеуге айрықша назар аударған,бұл бағыттағы ізденістерінің ұшқын"Атылып қалған армандай"-деп берілген
...Бұрауы түспей шертілеп,
Үзіліп кеткен шектердей.
...Келеді мені сілтілеп,
Домалақ шардың жолдары(139 бет) (эпитет) Ал мұндай теңеулер қазақ әдебиетіндегі көптеген ақындарда кездесе бермейтін Т.Айбергеновтың өзінің қолтаңбасы ерекше көрініп бағаланатын жыр жолдары демекпін.Бұл өлеңді оқып отырғанда ақын Ә.Тәжібаев айтқандай "бұл Төлеген ақын ғой"-деп жаңылмай табарымыз сөзсіз.
Заман жайлы,кезең мен азаматтық ер жүрек ұрпағының қуаты жайлы Төлегенге дейін мұндай екпін,мұндай теңеумен ешкім жырлаған жоқ."Қызыл гүлді барады қырлар ап қашып"деп қуатты да батыл ақын айта алады.Ақын өзінің ешкімге ұқсамайтындығымен ақын.Төлеген қазақ поэзиясына жаңа ырғақ,тегеурінді екпін,жанына тыным бермеген ағыл-тегіл сезімнің иірімдерін әкелді.
60-жылдары қазақ поэзиясында туған жер,атамекен,ата жұрт тақырыбы айрықша жырланады десек,олар туған жер болашағына түңіле қарады.Ал Т.Айбергенов жырларында атамекен қоныс аудармау,елді,жерді қайта табу мәселесі тиянақталған.
Тау,теңіз,дала,жыл мезгілдері, аспан,көк,ай,күн, Қазақстан,жусан, шөбі,құмы бәрі-бәрі туған жерді,Отанды жырлауға арналған.
Барлық өлеңдерінде қазақтың тектілігі мен мәдениеті тұтас жермен бірлікте екенін дәлелдеген.
"Ақ жаңбырлар тоңдырған тау сияқты,Мен өлемін өзімнің биігімде!"деп ақынның өзі жырлағандай,ол әлі де сол өз биігінде тұр.

1.3 Төлеген лирикаларындағы Алматы көрінісі және атамекен тақырыбы

Төлеген лирикаларындағы ерекше назар аударатын тақырып-туған жер,атамекен десек,Алматыны жырлау арқылы осы тақырыпты аша түскені байқалады.
Алматының сұлулығы,онда тұратын небір жайсаңдар мен жақсылар,әдебиет сүйер қауым,өнер адамдары туралы тебірене жырлайды.Өз заманында арман қалаға айналған Алматыға деген сағынышы мен үкілі үміті осы жерде өткенін ерекше сезіммен суреттейді.
Алматыны ақынның туған жер тақырыбынан бөліп қарауға болмайды."Алматыға"деп аталатын циклдық өлеңдерінде атамекен,туған жер қаншама ақынға шабыт берді,үмітін жақты,армандарға жетеледі деп ой түйеді.
Жапырақтардан тіл бітіп бала құстарға,
Көктемде келді тағы да Қазақстанға.
Медеудің мынау үкілі басы бұрқырап,
Сапарынтарттысабылып саз алыстарға [15, 67 б.].
Өлеңде ақын"Жапырақтардан тіл бітіп бала құстарға"-деп Алматыға келген жас ақындарды айтып тұр.Олардың сезімі мен шабытына қуат берген қасиетті жер Алматы- алтын бесік туған жер деп тебіренген.
Сен-менің шабытымның астанасы,
Сен-менің дарынымның бастамасы.
Сен-менің үмітімнің жас қаласы,
Сен-менің арманымның астанасы [15 б.].
Келтірілген үзіндіде ақын Алматы шабыты тулаған ақынға рух,күш берген,дарынды жанға бастау болған,үміттің,арманның мекені деп толғанады.Туған жер,атамекен тақырыбын ел,халық,ақын ұғымдарымен тұтастықта ашады.Атамекен,туған жер тақырыбын Алматы,астана ұғымымен бірлікте жырлаған.
Шабыт,дарын,қиял,үміт,арман шабытты жанды қиял арманға жетелеп, Алматығы әкеледі. Алматы - атамекен,туған жер деп,тіршілікке құштарлық мәселесімен бірлікте ашады. "Алматыға" деген өлеңінде:

Беу,Алматым,тұра алам ба сүйеалмай,
Келемін мен,келемін мен қиялдай.
Жас қаламым дірілдейді қиналып,
Сен жайлы жыр Ақ қағазға құя алмай [15, 180 б.].
Кішігірім шумақта "жас қалам","ақ қағаз"сияқты эпитеттер өлеңге ерекше ажар беріп тұр.Оның қай өлеңін алсаңыз да,тек көңіл-күй мезетінен хабар беріп қана қоймайды,сол кезге,сол сәтке баға береді.Оқырманды ойлануға,ой түюге жетелейді.Өлеңде осылайша сыр ашқан сырлы сезімді,сұлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Төлеген Айбергенов туындыларындағы лиризм
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
Төлеген Айбергенов
Көш атты өлеңінде
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві
Ақын Мұхтар Шаханов
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты
Пәндер