Абай поэзиясының тілі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: «М. Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері, әдеби тіл нормаларын оқыту»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның іргетасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми - теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.
Артына қалдырған мол мұрасын арнайы зерттеуді лайық ететін біртуар ғалымның бірі - филология ғылымының докторы, профессор М. Балақаев (1907-1995ж. ) қазақ ғалымдарының ішіндегі қазақ тіл білімінде үздіксіз жұмыс істеген тілші - ғалым, профессор.
Тіл біліміндегі әдеби тіл, тіл мәдениеті, синтаксис салаларының бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін танып білуде профессор М. Балақаевтың ғылыми тұжырымдарын, атап айтқанда тілсіз әдеби тілдің болмауы, сөйлем мүшелері түрлерін ажырату критерийлері, сөз қолданудың негізгі принциптерін көрсету жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор.
Профессор М. Балақаевтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де ғылыми мәнін жоймаған, бағдарламалық мәні бар, игі пікір мен зерттеуге лайық, көптеген ғылыми еңбектерге жолбасшы болатын дүние деп танимыз. Ғалымның тіл білімі жөніндені көзқарастарының кейінгі ғылыми және теориялық тұжырымдарға негіз болғанын көрсету, оның ғылыми мұрасын бүгінгі күнгі теориялық тұжырымдармен салыстыра отырып жан-жақты талдау жұмыстың өзектілігін танытады.
Жұмыстың нысаны. М. Балақаевтың қазақ тілінің синтаксис, әдеби тіл, тіл мәдениеті, әдістеме теориясына қатысты ғылыми мұралары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Профессор М. Балақаевтың синтаксис, әдеби тіл, тіл мәдениеті әдістеме теориясына қатысты еңбектерін талдап, бүгінгі теориялық тұжырымдар тұрғысынан айқындау.
Сонымен қатар тіл білімі теориясының өзекті мәселелеріне қатысты лингвистикада қалыптасқан ғылымға дейінгі және кейінгі ғылыми ой-пікірлерді салыстырып, қазіргі қазақ тіл біліміндегі теорияның қалыптасу жолын түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде ғылымның алатын орнын анықтау.
- әдеби тілдің теориялық мәні бар өзекті мәселелерін анықтау;
- әдеби тілдің қалыптасу тарихы мен даму арналарын саралау;
- тіл мәдениеті саласының қалыптасу жолын, даму сатысын айқындау;
- тілдік нормалардың негіздерін, даму жолдарын анықтау;
Жұмыстың әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста әдіснамалық негіздерді басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне орай талдау, жинақтау, баяндау, сипаттау, саралау, салыстыру, қорыту, конспектілік талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың дереккөздері. М. Балақаевтың синтаксис, әдеби тіл, тіл мәдениеті, әдістемеге қатысты еңбектері, қазақ тіл біліміндегі талданып отырған мәселелерге қатысты жарық көрген материалдар пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ тіл білімінде синтаксис, әдеби тіл, тіл мәдениеті әдістеме салаларының мәелелерінің ғылыми негізін қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан профессор М. Балақаевтың қазақ тілінің өзекті проблемаларын қозғаған ой-пікірлері қазақ тіл білімінде, жалпы түркологияда күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір қалыптасқан пікірлерге басқаша қырынан қарап, терең зерттеп, толықтыруға өзіндік үлесін қосады. Жоғары оқу орындарында филология факультеті мамандарын даярлауда оқытатын «Синтаксис», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Тіл мәдениеті», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» сияқты бағдарламалық пәндерде, М. Балақаевтың зерттеу материалдары, оның негізгі тұжырымдары жоғары оқу орындарында арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткізуге септігін тигізеді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. М. Балақаевтың ғылыми мұрасы қазақ тіл біліміндегі синтаксис, әдеби тіл, тіл мәдениеті теориясының ғылыми-теориялық негізін қалыптастыруда, бүгінгі дамуы мен өзекті мәселелерін шешуде ғылыми теориялық құндылығын жоймаған зерттеулер және негізін салушылардың бірі екендігі;
- әдеби тілдің теориялық мәселелерін енгізуі;
- М. Балақаевтың жазба тілді әдеби тілдің ең жоғары формасы ретінде қарастыруы;
- тіл мәдениетінің негізгі критерийлерін енгізуі;
- тілдік нормалардың негіздерін танудағы, оның негізгі пікірлерін, белгілерін берілу тәсілдерін көрсетудегі құнды пікірлері. Жалпы қазақ тіл біліміндегі ғылым мұраларының алатын орны өте зор.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
- Профессор М. Балақаев және әдеби тіл
Ұстаздардың ұстазы М. Балақаев әдеби тіл, тіл мәдениеті, тілдік норма сияқты өзекті, өмірлік мәселелер төңірегінде тынбай ізденіп, тыңғылықты, тындырымды еңбектер қалдырды.
Әдеби тілге қатысты түрлі көзқарас, пікірлер болғанына қарамастан «Әдеби тіл дегеніміз-ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік тармақтары сараланған, халық тілінің жоғарғы формасы» екендігін айтады[1, 29 б. ] .
Халықпен бірге жасасып, халықты тағдыр талайының сын-тезінен барын жоғалтпай, асылын аздыртпай сақтап келе жатқан қасиетті бір нәрсе болса соның өзі, екеуі болса, сыңары - тілі. Ал тілдің сыры мен қырын тереңнен түсініп, толғай-толғай толағай пікір айтатын ғалымдар тілшілер екені белгілі. Сол халықтың қасиетті тілінің жоқ-жітігін түгендеп, барын аялай білетін тілші ғалымдардың арасында М. Балақаев есімі ерекше естіледі, ол қалдырған зерттеулердің шоқтығы биік саналады.
Әр ұрпақтың, әр замандағы ғалымдар шоғырының маңдайына жазылған талайы әрқилы болады. М. Балақаев қазақ тіл білімінің біраз күрмеулі мәселелерінің көтерілуіне мүрындық болып, көп нәрсенің теориялық негізін салып кетуімен, ғылыми ойларын жасқанбай айта білуімен айрықшаланады.
Ғалым өз сөзін: «Әдеби тіл - қоғамдық категория ретінде жазба әдебиет арқылы жасалады», - деп атап көрсетеді[1, 5 б. ] . Яғни әдеби тілдің кіндігі жазумен бір екендігін алғашқы сөйлемінен-ақ аңғартады. Ары қарай осы еңбегі жазылғанға дейінгі әдеби тіл туралы жазылған мақала, монография, ғылыми еңбектердің бәріне де тоқталып өтеді. Құр тоқталып қана қоймайды, кейде уытты сын, кейде әжуа, кейде ирониямен фактілер келтіре отырып ғалымдардың еңбегіне талдау жасайды, келіспейтін тұстарын ашып, анық айтады, жетістігін көрсете сөйлейді. Өйткені, нағыз ғалым үшін академик те, мүше-корреспондент те, басшы да - ғылыми ой, пікір айтушы - ғалым. Әдеби тілдің жалпыхалық тілі негізінде пайда болғандығын кешегі өткендер де, бүгінгі ғалымдар да қапысыз мойындайды. Сонымен бірге «әдеби тілдің негізін белгілі қалам қайраткерлері қалады, әдеби тілді сол «біреу» жасады дегеннің дұрыс еместігін» айта келіп, ғалым әрі қарай былайша қаузайды: «Әдеби тілді жеке адам жасамайды, ол қоғамдық құбылыс. Қоғамдық болмыстың негізі халық тілінде болады да, сол негізде іс-әрекеттері арқылы жасалады». Ал классиктеріміздің әдеби тілге қосатын үлесі қандай деген заңды сұрақ туындаса, оның жауабын былайша береді: «Жеке ақын, жазушы не қоғам қайраткері тілге бұрынғының негізінде жаңа өнегелі, озық өрнектер енгізеді». Міне, ақынның да, жазушының да халықтың әдеби тілі жолында атқаратын қызметі қандай екенін осыдан-ақ тани беруге болады!
Әдеби тіл - жазба әдебиет арқылы қоғамдық категория ретінде сол қоғамның ілгері даму сатысының жоғарылаған кезеңінде біртіндеп жасалады. Әдеби тілдің жалпыхалық тіл негізінде пайда болғандықтан, ғалымдар оған бірден назар аудара қоймайды. Оның халық тілінің байлықтарын әдеби тіл қаншалықты дәрежеде бойына сіңіргенін қандай тіл екенін, тарихын айқындаудың қиын екеніндігі оның құрамы, халық тілінің байлықтарын әдеби тіл қаншалақты дәрежеде бойына сіңіргенін айқындау қиын.
Осындай қиын жұмыстардың өз тарихы бар. Қазақ әдеби тілінің зерттелуі - қазақ тілі білімінде зерттеуді талап ететін сала. Орыс және басқа тілдерде әдеби тіл көп жылдық тарихты бастан кешірген болса, тіл білімінде енді қатарға қосылған сала. Біріншіден, тіл мәселелерінің бүгінгі керек дегендері жаңа заманның іс - әрекетіне айналды. Сол кезде орфография, терминология, грамматика, фонетика, лексика, лексикография мәселелері қолға алынды. Солардың бәрі әдеби тілге тікелей қатысы болғаны болмаса, арнайы әдеби тілдің теориялық проблемалары көпке дейін тіл мамандарының назарынан тыс қалып отырды.
Осы тұрғыдан жаңа әдеби тілді демократиялық бағытта қалыптастыруға өнегелі еңбек сіңірген қалам қайраткерлері, атақты Абай және Ыбырайдың әдеби мұраларының тілін зерттеуге, солар жайында мақала, кітаптар, диссертациялық еңбек жазуға ерекше көңіл бөлінді. Абайдың ғылыми мұраларын зерттеуге, солар жайында Қ. Жұбанов, М. Әуезов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, Р. Сыздықовалардың мақалаларынан басқа Қ. Жұмалиевтің “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі” (1960), Р. Сыздықованың “Абай шығармаларының тілі” (1968), “Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы” (1971) деген кітаптары филологиялық тұрғыдан, тіл ғылымы мен әдебиеттану ғылыми тұрғысынан жазылған елеулі еңбектер болды. М. Әуезов “Әдебиет шығармаларының тілін сөз ету ғылымдық дәрежеге жетпей келеді”, - дей келіп, филологияның екі саласының ( тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы) басын қосқан нағыз ғылыми зерттеулер әлі жоқ, қазіргі зерттеудегі басым қағида көркем шығарма екенін айтады. Ақын - жазушы тілін тіл маманын зерттесе, лингвистикалық тұрғыдан қарайды да, ал әдебиетші әдебиеттік ізденумен тынады. Шындығында көркем әдебиет, ақын - жазушы тілін филологиялық тұрғыдан тілші де, әдебиетші де зерттеуге тиіс [2, 103 б. ] .
Әдеби тіл жайында көптеген мақала жариялады. Осыдан кейін 1951 жылы “Қазақтың әдеби тілі туралы” (әдебиет және искусство, 1951, №4), “Қазақ әдебиет тілінің кейбір мәселелері”атты мақалалары жарық көрді. Осы мақалаларында М. О. Әуезов әдеби тілдің аса маңызды мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтады. Ол әдеби тілінің жазумен, процеспен, тікелей байланыста дамитынын, басты кезеңдерін баяндап, оның халық тілінің жоғары формасы екенін анық көрсетеді. “Ал, әдеби тіл деген тілді алсақ, - дейді М. О. Әуезов, - ол халықтың әдебиетке түсіп қалыптасқан тілі”[2, 95] . Әдеби тілдің басты белгісі тілдің әдебиет арқылы қалыптасуы (нормалануы) болса, тағы бір белгісі тіл байлығының молдығы, халық тілін жете біліп, мол пайдалану деп танитындығы.
М. О. Әуезов: “Ыбырай, Абайлар халық тілін әдебиеттік жаңа сапаға өсіре тусушілер болды” деуден бұрын, “Әдеби тілдің негізін салушылар Абай, Ыбырай деген пікірлердің келеңсіз жағын айта кеткен дұрыс”, -дейді [2, 97 б. ] .
Бір кезде әдеби тілдің жасалуын жеке-дара дарынды, атақтылардың аттарымен байланыстыру дағдыға айналған кезде Абай, Ыбырайларды мақтаудың реті осы деген тұрғыдан олар “әдеби тілді жасаушылар”, “әдеби тілді қалаушылар” деген пікір үстем болатын. Ал М. О. Әуезов “негізін қалаушы” дегенге қарсы болғанда, Абай, Ыбырайлардан да бұрын әдеби мұралар болып еді ғой, соларды ескеру керек дегенді айтады: “ . . . Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді, мол эпостарындағы ұзынды-қысқалы салттық дәстүрді ұмытуға бола ма?” ХVІІІ ғасырда Бұхар тудырған жырлар, ХІХ ғасыр басында Махамбеттің асыл, әсем, бай тілмен халықтық асқақ, ескек жырларында қазақтың әдебиеттік тілінің үлгі-өнегелері жоқ деуге бола ма? [2, 95 б. ] .
Әуезов әдеби тілге солар негіз болып еді ғой дегенді аңғартады. Сол тұрғыдан егер әдеби тілдің межелі жігін жазба әдебиет үлгілері тілі деп білсек, ХІХ ғасырдың басындағы жазба әдебиет тілі әдеби тіл тарихында, оның көркем әдебиет стиліне тән бастама, әдеби тілге берік бет бұру арнасы деп бағалауға тиіспіз. М. Әуезов айтып отырған эпостың, “салттық, тарихтық жырлардың” тіл шеберліктерін әдеби тіл арнасына құйылатын бұлақ деп танимыз.
Н. Т. Сауранбаевты әдеби тілдің табиғатын дұрыс түсініп, оның жай-күйін зерттеудің мәні зор екенін жақсы білген, әдеби тіл проблемаларына көп көңіл бөлген тіл маманы ретінде атауға болады. Ол әдеби тілдің табиғатын дұрыс түсініп, оның жай-күйін зерттеудің мәні зор екендігін атап көрсеткен.
Әдеби тілді XIX ғасырда пайда болған жазба әдеби тілдің даму нәтижесі деп қарайды Н. Т. Сауранбаев[ 3, 211 б. ] . Әдеби тілдің негізін қалаушылар Абай мен Ыбырай екенін атап көрсетеді. Сол жайында М. Әуезовтың ескертпелерін ескерсек әдеби тіл тек көркем әдебиеттен, тек поэзияның өзінен ғана құралмайтынын, әдеби тілдің негізі халық тілі екенін, олардан бұрын да әдеби тіл болғанын ескерсек, әрине, Н. Сауранбаевтың да І. Кеңесбаевтың да сол жақсы ниетпен айтқандарында үйлесімсіздік бар, бірақ екеуі де әдеби тілді жаңа бағытта дамыта түсуде Абайдың айрықша еңбек еткенін атап көрсетеді.
Тіл мамандары мен әдебиеттану ғалымдарының көбі әдеби тіл және оның тарихы жайында жазғандарында «Әдеби тіл» деген не, оның мәселелері қалай болуға тиіс? деген сұрақтарға анықтама айтпайды. Осы мәселе Н. Т. Сауранбаевқа да қажет болған болуы керек, «Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» деген мақаласында әдеби тілді қалай түсінетіндігі айтылған. «Кейбіреулер орыстың ескі лингвистикалық әдебиетіндегі дәстүр бойынша тек жазба әдебиет тіл ғана әдеби тіл болып саналады деп есептейді», - дей келіп, «Қазіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысында ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпайды», - дейді [4, 113 б. ] . А. М. Горкийдің қарапайым халық тілі мен әдеби тілдің айырмашылығы жөнінде айтқандарына сүйеніп: «Әдеби тіл халықтық тіл, бірақ оның шеберлер арқылы сұрыпталған түрі» деген цитата келтіреді. Осыны Н. Сауранбаев қарапайым сөйлеу тілінің құрылысы «Олпы-солпы, жадағай-жалпақ», «сүреңсіз», «әсерсіз» болатынына мысал келтіріп, көркем әдебиеттен, Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлкесінен» үзінді алады. Оның ойының «бір тұтас жүйелі», «әсерленіп суреттелетінін», жеке сөздерде өз орындарында тұратынын, «Сөйлем құрылысы жетік, орамды болып тұрғаны» әдеби тіл мен сөйлеу тілінің елеулі айырмашылығы деп түсіндіріледі. Содан кейін әдеби тілдің бір белгісі деп сөздердің айтылу, жазылу нормаларына бірнеше мысал келтіреді де: «Дыбыстық норма деп сөздердің әдеби тілде бір қалыпта айтылып, бір қалыпта қолдануын айтамыз» деген анықтама береді, Әдеби тілде синтаксистік, лексикалық нормалар болатынын атайды. Соның өзінде Н. Сауранбаевтың әдеби тілдің негізгі белгілерін сол кезде (1960 жылы) дұрыс көрсетуі құптарлық. Соны қомсынған ба, әлде Н. Сауранбаевтың әдеби тілдің толық анықтамасын бермегенін ескерді ме, Н. Сауранбаевтың таңдамалы шығармаларының алдындағы кіріспе мақалада Ә. Құрышжанов : «Орыс әдебиетінде болсын, дүние жүзілік әдебиеттермен түркологияда болсын әдеби тілдің анықтамасы теориялық жағынан біркелкі сияқты» дейді де мына анықтаманы көрсетеді: «Ол - жазба әдебиет арқылы стильдік тармақтары сараланған, халық тілі байлықтарының негізінде қалыптасқан жалпы халықтық тілдің жоғары, әлеуметтік қызметі әр алуан қатынас құралы; Ал әдеби тілдің табиғатын жан-жақты дұрыс қамтитын анықтамада «жазба әдебиет арқылы» жасалатынын бірінші орынға қойып, соны құптай отырып, ауыз әдебиетінің тілін де әдеби тіл деп танығанына таңданбасқа болмайды. «Ауыз әдеби тілі - дербес сала», - дейді[5, 19] . Олай болса, оның сыр-сипаты, анықтамасы, даму кезеңдерін қамтитын тарихы айтылмайды. Тегінде, жазусыз-ақ әдеби тілдің екі формасының (фольклорлық және ауызша) пайда болады дегенді қолдаушылар қатты қателеседі. Сол жайында кеңес тіл ғылымының аса көрнекті ғалымы Ф. П. Филин әдеби тіл туралы: «Әдеби тіл мен жазу тілі дегендер бір категория емес. Бірақ, бұл - жазу категориясын әдеби тілдің қажетті бір белгісінің бірі бола алмайды деген сөз емес». Осыдан кейін жазу арқылы тілдің әдеби қалыпқа түсіп, елеулі өзгеріске ұшырайтынын дәлелдей келіп, автор жазу - әдеби тілдің жалғыз, бірден-бір белгісі болмағанмен, ол қажетті де маңызды белгілерінің бірі болып танылуға тиіс екенін айтады[6, 183] .
Н. Т. Сауранбаев қазақ халқының төл әдеби тілін ауызша ауыз әдебиеті тілі, жазбаша - жазба әдебиет тілі деп қарастырмайды. Бірақ жазусыз да әдеби тіл болатындығын айтып өтеді. Ал қазақ әдеби тілін таптастырғанда, «жазба әдеби тілді» түгендеп, үш дәуірге бөліп қарастырады: 1) ХІХ ғасырдың 2- жартысына дейінгі дәуір; 2) ХІХ ғасырдың 2-жартысынан ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі дәуір; 3) Кеңестік дәуір[4, 119] . Абай, Ыбырайлар қазақ әдеби тілін жасаушылар, негізін қалаушылар дегенпозицияны дұрыс деп қарау маңыздырақ екенін атап көрсетеді. Ғ. Мұсабаев та әдеби тілді негізінен үш кезеңге бөледі:
а) Абай заманына дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың 2- жартысына дейін - көне әдеби тіл; ә) ХІХ ғасырдың 2- жартысынан Октябрь революциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі - жаңа әдеби тіл; б) Одан бергі жерде, қазіргі әдеби тіл. Ғ. Мұсабаев әдеби тілді «көне», «жаңа», «қазіргі» деп үшке бөлгенде, оның біріншісі қай ғасырдан басталатындығын, ал тағы бірде ол үйсін мемлекеті құрылған шамада екінші ғасырдан басталатындығын меңзейді [7, 62 б. ] .
Б. Кенжебаев төл әдеби тілді «ру - ұлыстық», «ұлыстық», «халықтық», «ұлттық» деп төрт қоғам құрылыс қамтитын топқа бөлуді жөн көреді: 1) қазақтың Х ғасырға дейінгі ру-ұлыстық, ру-ұлыстық әдеби тіл мен түрік текті халықтарымен ортақ әдебиеті; 2) Қазақтың Х-ХV ғасырларындағы ұлыстық, түрік текті халықтармен ортақ әдебиетті, ұлыстық әдеби тіл; 3) халықтық әдеби тіл, қазақтың қазақ хандығы тұсындағы ХV- ХVІІІ ғасырдағы өзіндік әдебиеті; 4) Қазақтың ХІХ-ХХ ғасыр басындағы жаңа, сыншыл реалистік әдебиеті, ұлттық әдеби тіл деп бөледі[8, 2] .
І. Кеңесбаев әдеби тіл мәселелерін зерттеуге ерекше назар аударып, бірнеше мақала жариялап, ауызекі тіл мен ауыз әдебиеті тілінің әдеби тілге қатысын кезінде былай болжайды: Абай, Ыбырайлар “негізін қалаған әдеби тілдің 3 түрлі даму арнасы болған: 1) халықтың ауызекі сөйлеу тілі, 2) ауыз әдебиетінің тілі, 3) сол кезде жаңа ғана қалыптаса бастаған жазба әдебиеттің тілі деп айқындайды” [9, 33 б. ] .
Әдеби тілді, оны мәдени өрлеудің, қоғамның барлық іс-әрекетінің, ғылымның, экономиканың, техниканың, саясаттың, оқу-ағарту, мәдени жұмыстардың құралды шыңдап, дамыта, жетілдіре түсу үшін оны халық тілінің жоғары формасы деп бөліп алып қарастырамыз, жастарды сол әдеби тіл дәстүрінде тәрбиелеуде ерекше тілдік категория деп қарастырамыз.
Т. Қордабаев мақалаларында әдеби тілдің басы Октябрьден кейінгі дәуір дей келе, әдеби тілге тән төрт белгі (жазу, норма, стиль, қызметі) өткен ғасырда дәл бүгінгідей болмағандығын атап көрсетеді. Бұл дәуір-әдеби тілдің кемеліне келіп, әдеби тілдің тарихын сол кемелденген кезінен бастағанды жөн көреді [10, 33 б. ] .
Әдеби тілімізді, оның халықтық сипаты, әдебиеттік белгілерінің желісі қай кезден бастау алады? - дегенге дұрыс жауап берсек, сол кезең әдеби тілдің алғашқы кезеңі болуға тиіс.
Қазақ әдеби тілін зерттеуге арналған еңбектерде қарама-қарсы екі түрлі пікір айтылғанын байқаймыз. Ғалымдардың көбі әдеби тіл халық тілі негізінде анықталса, ал С. Аманжолов әдеби тіл бір диалект негізінде, яғни қазақ тілінің “солтүстік-шығыс (орта жүз) диалектісі” негізінде пайда болғандығын атап көрсетеді [11, 8 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz