СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: «Сейсен Мұқтарұлының әдеби мұрасы және оны сыныптан тыс оқыту»
МАЗМҰНЫ
1 СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ . . .
ЖАНРЛЫҚ, ТАҚЫРЫПТЫҚ, ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Кез-келген әдебиетінің дамуында өлке, өңір әдебиетінің рөлін анықтау мәселесі күн тәртібінде тұрады. Осы тұрғыдан алғанда сыр өңірі әдебиетінің алар орны айрықша екені анық. Осы өңірде туып, өмір сүрген атақты өнер тарландары: Базар жырау, Бұдабай, Тұрмағанбет, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаулы Жүсіп тағы басқа атты мәшһүр болған.
Сейсен Мұқтарұлының өлке әдебиетіндегі орны, жетістігі арнайы зерттеу нысанына айналмай назардан тыс қалды десек те болады.
Сондықтан біз тақырып етіп алып отырған Сейсен дарынды қаламгер, талантты зерттеушінің шығармашылығын жан-жақты зерттеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Біз көтеріп отырған мәселе арнайы зерттелмегенмен жекелеген авторлар бірлі-жарым мақалалар жазып, сөз еткені болмаса көлемді зерттеулер жазылмаған,
Сейсен Мұқтарұлының өлке әдебиетіндегі орны, жетістігі арнайы зерттеу нысанына айналмай назардан тыс қалды десек те болады.
Сондықтан біз тақырып етіп алып отырған Сейсен дарынды қаламгер, талантты зерттеушінің шығармашылығын жан-жақты зерттеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың нысаны. Сейсен Мұқтарұлының баспадан жарық көрген өлеңдер мен поэмалар жинағы мен зерттеулері негіз етілді
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Сейсен Мұқтарұлы шығармаларының тақырыптық, идеялық, жанрлық ерекшелігі мен ақынның дара шеберлігін ашу бұл жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындайды.
Бұл зерттеуімізде Сейсен ақынның шығармалары толық қамтылып, жанрлық ерекшеліктеріне қарай зерделеу жұмыстың негізгі нысаны болмақ. Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі қаламгерлік нысанасын зерделеу. Өміріне жаңа уақыт талабымен баға беру.
Жұмысты орындауда қолданылатын әдістер. Салыстырмалы-типологиялық, талдау, жинақтау, сипаттау әдістері қолданылды. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді назарда ұстадық:
- ақындық өнерін тақырып, жанр, көркемдік жүйеде қарастыру;
- жанрлық тұрғыдан жүйелеп саралау;
- ақын ізденістері, көркемдік танымын зерделеу:
- ақын мұраты мен көзқарасын, қолтаңбасына мән беру.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Ұлттық әдебиеттану ғылымында өлке әдебиетінің орны мен рөліне баға беріледі. Осы орайда Сейсен Мұқтарұлының қаламгерлік шеберлігі айқындалады.
- Ақын шығармаларының тағлымдық сипаты анықталды;
- Сейсен Мұқтарұлы поэзиясына нақты ғылыми тұжырым жасалды;
- Қаламгер шығармаларына алғаш рет әдеби-теориялық талдау жасалды;
- Сейсен ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі айқындалды;
- Ақын шығармашылығы қазіргі уақыт талаптар тұрғысынан бағаланды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: С. Мұқтарұлының қазақ әдебиетіндегі өзіндік қолтаңбасы, көркемдік деңгейіне анықталды;
Көркем әдебиеттегі қаламгердің тың ізденістері ашылды;
С. Мұқтарұлының шығармашылық ізденістері жүйеленіп, жанрлық тұрғыдан сараланды;
Қазақ поэзиясына ақынның қосқан үлесі, көркемдік ойы мен дүниетанымы, сөз саптауы, шеберлігі анық көрсетілді.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, ИДЕЯЛЫҚ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 Сейсен Мұқтарұлының өмірі мен шығармашылық жолы
Поэзия-халықтың пайда болуы мен дамуы тарихындағы кезеңдерімен тұтаса дамыған рухани қазына. Адамдардың мінез-құлық қасиеттері қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді қызметі ақындар шығармаларында жырланады. Жеке шығармашылық тұлғалардың туындылары халық арасындағы сан алуан көркемдік-эстетикалық сапаларды иеленеді. Осылайша әуелі жеке адамдардың туындылары болып дүниеге келгенімен, халыққа танымал болған ақындардың туындылары әдебиеттің көркемдік дәстүр жолындағы дамуын жалғастырды. Ақындар-ұлттық сөз өнері мұраларын жасаушылар және өздерінен кейінгі әдеби даму жолына үлестіруші сақтаушылар.
Поэзия қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Өлеңнің бір тармағында яки бір шумағында ел тағдырына қатысты қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан.
«Ақын-рухтың ең мейірбаны күре тамыры, әлемнің ең сүйіктісі, табиғаттың құпиясы, сезім мен сезінудің ең биік жұлдызы, адам тіршілігінің ойы мен тілі», - деген ғой Белинский. Сөз арқауына алынған Сейсен Мұқтарұлы шығармашылығына көз салсаң, өз басының тіршілігімен, өзі арқылы туған елінің, халқының өмірімен сол негізде бүкіл адамзаттың арман-мүддесімен біте қайнасып жатыр. Ақын ойлары мен қуанышы, оның жүрегін жайлаған мұңды сары жеке басын күйттеуден тумайды, бүгінгі дәуірдегі күллі адамға, адамзатқа тән шындықтан туады. Осылардың бәрін өлеңіне сыйғыза отырып, ақын заман үнін бүгінгі оқырманға, келешекке ұрпаққа жеткізеді. Өмір поэзиясының өрімін саралай таратқанда өнердің ең тамыр ұстар басты қайнар тұнығы сезім мөлдірлігі десек, ол қашанда нәзіктікпен астасып жатады. Халық мұрасының қайнары-фольклорлық нұсқалардың өзіндегі толқымалы тұстарда да адам жанының пәктігі өмір поэзиясымен ұштасып, жүректі шымырлатады.
Жарын сағынған, арманына жете алмаған Төлегеннің өз алдына-ғажайып дүние көрінісі «әуеден ұшқан алты қаз» болып елестейді. Соның барлығы тек политикалық образ ретінде ғана бағалы емес, әйел жанының, махабаттың, оның асыл қасиеттерінің бейнесі. Ақын адамның дүниесі жомарт әрі кірпияз. Сан қилы сезім толқыныстары оның жүрегі арқылы өтеді. Сондықтан да қолына қалам алып, жыр толғаған ақынның рухани байлығы, ой-қиялының болмыс-бітімі, тереңге тамыр жайып, барынша толық шешек атады. Асыл махабатты оятқан өмір сыйлаған, бақыт отын тұтатқан әйелден асқан қасиетті ұғым жоқ. Ал ақын әйел-болмыстың ерекше сыйы. Қадым заманнан тек политикалық шығармалардың кейіпкері болып келсе, қазір олардың өзі көкірегінен жыр құсын ұшырып, қоғамдық іске белсене араласады. Ақыл-ой ағымының арнасына үлес қосады. Өмір құбылыстарының ішіндегі жұлдыздай жарқыраған жандардың жұлдыз қашанда жоғарыдан өзіне, ынтықтырары белгілі. Қазіргі ғылыми-техникалық заманда адамның мүмкіндігіне шек қойылмайды. Интелектуалдық өрісі биік, жол қуаты жігерлі, әр құбылысқа зер салып, бағалайтын да ақын, Олай болса біз сөз еткелі отырған Сейсен Мұқтарұлы шығармашылығы ерекше, олай дейтініміз ақын өмірге ерекше қарап, әсермен қабылдай білген жан.
Заман, қоғам, бүгінгі күн тынысын дәл танып, жырға қосқан ол политикалық әлемнің қуатын жүрек толқынымен жырлай білген. Өлеңге бейнелі суретпен өрнек салған, өзіндік даралығымен көрінген Сейсен Мұқтарұлы біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы болып отыр.
Оның лирикалық кейіпкерлерінің жан дүниесі толғаныстары азаматтық биіктен көрінеді. Абай, Шәкәрім, Мағжан тағы да басқа ұлттық поэзияны биікке көтерген десек, С. Мұқан, Ә. Тәжібаев, С. Мауленов, М. Әлімбаев, Ф. Оңғарсынова, Қ. Мырзәлі, М. Шаханов, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Естаулетов тағы да басқа поэзияның ұлтқа рухани нәр сыйлады.
Осы ақындардан үлгі алған Сейсен Мұқтарұлы өлең деген өнердің бел ортасында жүріп, өзіндік өрнек, нәзік лирика, терең тебіреніс толғамдармен ой түйген ақын заман, уақыт талаптарына сай атамекен, туған жер адам әлемін шебер жырлады.
Біздіңше, Сейсен Мұқтарұлының ақындық өнер-талант қуаты мен, шынайы да бейнелілігімен дараланған сияқты. Оның шығармаларын оқыған сайын ізденіс үстіндегі ақынды байқайсың. Үнемі ізденісте жүрген ақынның көркемдік танымы, көзқарасы, дүниетанымы өсу үстінде болған.
Оның шығармаларында ұлттық сипат, ұлттық мінезбен бірге көркемдік сипат айқын. Шығармалары өзіндік үнімен, өзіндік бояумен ерекшеленетін Сырда туып, саңлақ аталған Сейсен Мұқтарұлы - қазақ сөз өнерінде қолтаңбасы бар қаламгер. Оның шығармашылық жолы сан қырлы, жазушы, журналист, ақын, зерттеуші өзінің өмір сүрген дәуіріне баға бере білген. Ол-өлке әдебиетінде ғана емес, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан жан. Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы бар, ізденіске жаны құштар, жүрегі жырға толы талантты тұлға 1946 жылы Қаратау бөктеріндегі Жаңақорған ауданы Кейден елді мекенінде дүниеге келген. Көркем сөзге қабілеті ерте оянған Сейсен мектепте оқып жүргенде-ақ ақын жігіт атанған. Өз өмірінен алынған «Ана туралы баллада » атты өлеңінде: Бір зират бар қарапайым, шет жағында ауылдың.
Сағынышпен барған сайын, өзекті өртер ауыр мұң, -деп басталатын өлеңі оқырман сүйіспеншілігіне бөленген. Ақын көңіл-күйінен туған өлеңде азаматтық әуен басым. Өлең соңында моладағы анасының мына сөзімен аяқтайды.
Анам десең, сүйсең мені,
Қара жерді сүй мына.
Ақ анам деп білсең мені,
Анаң сенің жер мына
Арна саған бар жігерді,
Анам ғой деп танысын, - деп ой түйеді. [1, 15 б. ]
Оқушы кезінен мазмұнды да мәнді өлеңдерімен танымал болған Сейсен ақын бала атана бастайды. Оның балалық шағы туралы жазушы Жақсылық Рахыматоллаев: «Ол өлең жазуды тым ерте бастады. Сейсеннің мектепке келер сәтін күтіп тұратынбыз. Ентігіп жеткендегі әңгімесі «Бір өлең жаздым» болатын. Табан астында сонысын оқыпта беретін. », - деп еске алады. [2, 4 б. ]
Мектепті Қызылорда қаласында бітіреді. «Қазақстан пионері» газетінде бірнеше өлеңдері жарияланады. Белгілі ғалым Алма Қыраубаева: «Сейсен Мұқтарұлының дарындылығын университетке түскен сәтте байқағанмын. Оқуға түскенде шығарманы өлеңмен жазған» [8, 3 б. ], - дейді.
Сейсен Мұқтарұлының екінші он жылдық белесі Алматыда ҚАЗҰУ-дің журналистика факультеті одан әрі Ресейдің Байкал көлі маңында әскери борышын өтеумен өтеді, ақындыққа бет бұрады. 1967 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Бүлдіршін» деген атпен жарияланған.
«Жазушы», «Өнер» баспасында және Қазақ Совет энциклопедиясында қызмет атқарады. Өмірінің соңғы жылдарында Түркістандағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде аға оқытушы болып қызмет жасаған. Оның қаламынан бірнеше өлеңдер жинағы мен тарихи зерттеулер туды.
- «Бүлдіршін» 1967 жылы.
- «Құм кешкен керуен» 1971 жылы. -нәзік лирика
- «Саптағы сарбаз» 1974 жылы. -өлеңдер мен поэма
- «Тағы бір көктем» 1978 жылы. - өлеңдер, поэма
- «Нұрлы жүрек» 1983 жылы. -лирика
- «Нұр тоғысы» 1982 жылы. -өлеңдер, поэмалар, толғаулар
- «Күн желкен» 1990 жылы, - «Қорқыт ата дастаны»
- «Атамекен» 1985 жылы. -тарихи ғұмырнамалық хикаят.
- «Қорқыт ата» 1997 жылы. -зерттеу еңбек
- Шоқан және өнер 1985 жылы. -зерттеу еңбек
- Бес жүз сұраққа жауап-зерттеулер
- Кәмпеске 1997 жылы. -анықтамалық басылым
- С. Мұқтарұлы «Қара тауым-ақ отауым» 2009 жылы
Ақын осылайша поэзия деген әлемге енеді. Өлеңге, өнерге деген құштарлық оны алға жетелейді. Студент кезінде қиялына қанат бітіп, өлең-жырға ғашық болған жас ақын өлең деп оянып, өлең деп тербеледі. Осы кезде жазған «Серт» өлеңінде:
Серт бетімді қурар ұятпысың,
Тасқа тисе таймайтын, тағалаған тұяқпысың.
Әйтеуір маған
Емірене бауырына басатын,
Анам сияқтысың [3, 4 б. ] .
Бір кезде осылай армандап, сертке тұруды мақсат еткен ақын жырдан өз еншісін алды. Ақын еңбекқорлығы мен табанды қаламгер атанды. Ақындар Х. Ерғалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжмидинов тағы да басқа «Сырлы сезімді, сұлу тілді ақын», поэзиясы өзіндік үнмен ерекшеленеді, екі қатарын оқып-ақ кеңінен тани бересің, -деп оң баға берген.
Сан-салалы қызметте жүрсе де Сейсен ақын жыр кестесін төгумен болды. Оған дәлел жыр жинақтары бірінен соң бірі жарық көріп, оқырман тауып жатты. Ол жыр жарысында өз тұлпарын тауып, сұңқарын биік көкке самғатты. Ол нәзік, сезімтал, ұшқыр қиял, парасат, шеберлік, шабыт сияқты табиғи талант иесі бола білді. Осы ойымызды академик З. Қабдоловтың мына пікірімен ұштастыруға болады. «Суреткер бітімін, талант табиғатын оның рухани жан-дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүниетанымы мен қоғамдық қызметін, білім мен мәдениетін ескермеуге тіпті болмайды», -деп түйін жасаған.
Сейсен Мұқтарұлының шығармашылық өнерінде тағы бір назар аударатын жағы-оның жанр жаңалықтары. Бұрын халық поэзиясында бар толғау, арнаулар мен қатар баллада, поэма, деректі-тарихи анықтама, ғылыми-публицистикалық еңбек, тарихи-ғұмырнамалық хикаятты ұлттық әдебиетіміздің қорына қосты. Сондықтан ақын ізденістері арқылы әр жанрды дамыта жазған.
Қазақ сөз өнерінде А. Байтұрсынов «Көркем шығарма-қара сөз(жалаң сөз), өлең сөз (поэзия) -деп екіге бөлген [6, 210 б. ] . Әдебиет зерттеушісі ғалым Қ. Жұмалиев сөз өнерінің тектерін поэзия, проза, драматургия деп үшке бөлсе, академик З. Қабдолов көркемдік шығарманы үш жанрда - өлең сөз (поэзия), жайын сөз (проза) , сауық сөз (драма) -деп саралайды. »Осы пікірге орай, біз Сейсен Мұқтарұлының шығармаларын сөз өнерінің тектері мен түрлеріне, жанрына қарай топтастырып қарастыруды жөн көрдік.
Ақын шығармашылығының көпшілігі лирика. Ол - ғажайып лирик ақын. Лирикалары назды, сазды болуымен қатар мәні терең өте әсерлі болып келеді. «Сүйіктім», «Аңсау», «Қайта туған махаббат», «Еске алу», «Қыз бейнесі», «Қайың», «Сырдария» тағы да басқа.
Толғаулар, арнаулар. Нақыл толғау, сезімге құрылған толғау. Шешендік сөздердің негізгі түрі - арнауларда ғибраттық ойлар айтылған. Поэмалар, баллада. «Ана туралы баллада», «Махаббат антологиясы», «Атым Саурық», «Екі хикая», «Замана», «Қарақұм», «Бекзат», «Қорқыт Ата» дастаны т. б. Деректі тарихи анықтама «Шоқан және өнер», «Кәмпеске».
Ғылыми публицистика, ғұмырнамалық хикаят. «Ата мекен». Міне, Сейсен Мұқтарұлы осындай даралықтың жарқын көрінісі екені анық.
Пікірімізді дәйектей отыру үшін мысалдарға жүгінеміз. Ақын жырларын жанрлық, тақырыптық, идеялық тұрғыдан саралайтын болсақ адам әлемінің сырларын, өмірді, еңбек пен табиғат, махаббат сияқты алуан түрлі құбылыстарда көркем суреттермен бейнелеп береді.
1. 2 Ақын лирикаларының тақырыптары
Ақын лирикаларының ішінде азаматтық көңіл-күй лирикалары мол. Дүниетаным, ұлттық рух, отаншылдық мәселесін алға қояды. Туған жерге, ағайын-туғанға деген кіршіксіз махаббат, бейбіт өмірге қанағат жасау әр өлеңнен көрініс береді. Сейсен ақын туған ауылы Жаңақорғанға, өскен жері Кейден елді мекеніне арнап жазған өлеңдері ерекше шабытпен жазылған. Мәселен мына бір өлеңнің әр шумағында, әр жолында ақынның жүрек сағынышы сезіліп тұр. Оның өлеңдеріндегі бір үздігі туған жер болса ақын үнемі ыстық ықыласпен суреттейді.
Келін сүйген тамағыңа, ерніңе тиіспейін,
Елден келген баласың ғой, маңдайыңнан иіскейін.
Татып келдің туған жердің тұз-дәмін,
Құшып келдің қызғалдағын-қыздарым.
Көріп келдің әруақтай шалдарын,
Көріп келдің періштедей балдарын.
Туған жердің табы қалсын сенде,
Тым болмаса шаңы қалсын менде,
Келші, кәне маңдайынан иіскейін [3, 124 б. ] .
Өлеңде ақынның туған жер тарихы, атамекенге деген құрмет, сағыныш бәріде әдемі үйлесіп тұр. Сейсен Мұқтарұлының туған жер тақырыбындағы өлеңдерінде атамекеннің небір ғажап сұлулығы, табиғаты әсем суреттеледі.
Бақыттымын
Қара жердің
Ду-дабырын көргенде
Манаураған қырат белдің
Жусан иісі келгенде [4, 113 б. ] .
Ақынның кіндік қаны тамған жерге деген зор сүйіспеншілігіне риза боласың.
Топырағын иіскелеп,
Өзім туған жерімнің
Қара жерге тілек етіп,
Ұлы болсын елімнің
Туған жердің топырағы
Суық тартып кеткенбе,
Маған тағдыр шексіз сезім,
Шын сүюді беріпті [3, 15 6. ] .
Барлық адамға бала кезі, туған ауылы, ыстық, туған жерге деген сағыныш, құрмет ақын жырларынан көрініс береді. Туған жердің топырағын шексіз сүйемін деп, перзенттік сезімін шынайы береді.
Табиғат оның тылсым сырлары әдемі суреткерлікпен жырлайды, оны туған жермен байланысты беруді мұрат тұтқан. Лирикалық кейіпкердің ішкі жан әлемі, көңіл-күйі өлең өрісімен өрілген. Сейсен Мұқтарұлының өлеңдеріндегі оның өзіне тән сөз қолданысына, образдылық, бейнелік құпиясына сөз зергерлері жоғары бағалап, құнды тұжырымдар жасаған.
Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамит Ерғалиев: «Аламан бәйгеге шабатын арғымақтың сипатын ешбір анық біле бермейді. Шын тұлпар сырт көзге көріксіз келеді. Сейсен-сырын ішіне бүккен аламан бәйгеге қосатын арғымақ» [17, 3 б. ], -деген.
Көрнекті ақын Жұмекен Нәжімединов:«Сейсен поэзиясы өзіндік үнімен ерекшеленеді, екі қатарын оқығаннан ақ енінен тани беремін» [17, 3 б. ] , -дейді.
Суреткерлердің айтқан бұл сөзінен Сейсен Мұқтарұлы поэзиясының бағасы айқындалып тұрғаны көрінеді. Осы пікірлерді, тұжырымдарды ескере келіп біз ақын тіліндегі адамның жан сезімін селт еткізер халық тілінен алынған сөз тізбектерінің молдығын аңғардық.
Табиғат лирикаларында ақын адамның көңіл-күйіндегі қуаныш пен құлазу, серпілу мен тұнжырау, шаттану мен мұңаю сияқты сезімдер мен пейзаждық картина жасайды.
Сап сарғалдақ айнала желек еді,
Сол бір көктем айрықша бөлек еді.
Күз боп кетті, салдарлы қыз боп кеттің,
Сол көктеммен қалуымыз керек еді [14, 2 6. ] .
Лирикалық қаһарман жай-күйі табиғатпен қатар суреттеліп, тіршілік шындығын айқын елестетеді. Адам табиғаттың бөлшегі сондықтан табиғат құбылыстары адам өмірімен үндес болуы да сөзсіз. Біздіңше, оның өлеңдері қазақи ұлттық болмыспен қарапайымдылық қасиеттерді аңғартады. Өзінің әрбір өлеңі арқылы дархан елдің тәлім-тәрбиесін алғандығын танытады. Бүгін мен кешегі өмірге сараптама жасай отырып, өмірі мен іңкәр сезімі үшін күресе алатындығын дәлелдейді.
Ақын Сейсен Мұқтарұлы шығармаларындағы басты тақырып-атамекен, ел-жер мұраттары, достық пен жастық жырлары болып келеді. Оның ізденісі мен көзқарасы өлеңдерінде кеңінен көрініс береді. Әсіресе, ұлт мұраты, тәлім тағлымы, адам мен оның еңбегін бағалау сипаттары айқын. Алайда, бүгінгі күнге дейін оның шығармалары арнайы зерттеу нысанына айналған жоқ. Сол себепті де біз осы мәселені терең талдап, бағасын беруге ұмтылдық. Сейсен жырлаған тақырып жанрлық ерекшелігі жағынан әр алуан. Ол қазақ даласындағы ұлттық идеяны, бүгінгі заман тақырыбын жырлайды.
Толғаныстары мен сезім иірімдерін адамгершілікпен ұлтжандылықты өлеңдерінің өзекті тақырыбы етеді. Әр кез жаңа идеяны насихаттап, адам өмірін үлгі етеді. Туған жерін өз қолдаушысы деп ұққан ол өзіне күшті де туған жерден алады.
Туған жердің басып келдің топырағын,
Шаңдағын,
Қыр қыдырып қызғалдақтар таңдадың
Туған жердің табы қалсын сен де де
Тым болмаса шаңы қалсын менде де [5, 124 б. ] .
Өз жүрегін, өз жанын туған жермен ажырамас бірлікте сезінген ақын ойын осылай өлеңмен өрнектеген.
Махаббат-сүйіспеншілік тақырыбы. Ол жүрек сезімін жыр жолдарына айналдырып, сезімге толы кеудені жыр көгершіні етіп ұшырады. Циклдік топтама етіп «Махаббат соқпағы, ғашықтық ғимараты, махаббат баспалдағы» деп топтастырған.
Сенемін ғой, сеніміңнің борышы,
Сүйіктіме қалай ғана сенбеспін.
Саған, жаным, қалай ғана сенбеспін?!
Сен секілді іздемес те,
Сағынбас та күнде ешкім [5, 8 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz